XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар
тілі

XIX гасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін
отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген
жері Россия империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына
алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы "Сібір
қазақтары туралы Устав" шығарылды. Бүл Устав 1860 жылға дейін күшінде
болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін "Ел басқарудың дистанциялық
системасы" деген қүжат шығарылды.
үл кезенде қазақ даласында сот билігінің үш түрі болды.
1. Тәуке ханның "Жеті жарғысы" негізінде соттап, жазалайтын билер
соты.
2. Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот
системасы.
3. Шариғат жолымен сот билігін жүргізу.
Қазак, даласында ел билеу, әкімшілік — сот істеріне қатысты көптеген
жаңа атаулар пайда болды.
Хандар дәуірінде белгілі бір заңга сүйеніп салынатын мемлекеттік алым-
салық дейтін жоқ болатын. Ата-баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол-жора
түрлері болатын. XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына
мемлекетгік салық кедді.
Қазақ даласындағы мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын
қамтыды. Әлеуметгік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.
1822 жылғы Устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға
право берілді, Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи
бастады. Бұл кезде қазак, даласында баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза
қазақ тілінде кітап бастырып шығару ісі болмады.
Осы кезеңде қазақ тілінде жазылған іс қағаздары нұсқасының бірқатарын
төменде келтіріп отырмыз.
1. 1807 жылғы 12 наурыз. Жағалбайлы руының старшыны Т.Төлегеновтың
Верхнеуральск қаласының коменданты полковник М. Суховицкийге өзінің
егіншілікпен айналысуға рұксат ету туралы өтініші.
2. 1820 жыл. Старшын Қ. Байсынқараевтың отырықшылық қоныс үшін
қазақтарға қолайлы жер бөліп беру туралы Сібір генерал-губернаторының атына
жазған өтініші.
3. 1812 жылғы 14 желтоқсан. Кедей қазак, Б.Қаражігітовтың өз қызын
сату туралы Хорунжий И. Замятинмен жасасқан шарты.
4. 1806 жылғы 31 мамыр. Хан кеңесіне арнап Мемлекетгік сыртқы істер
коллегиясында әзірленген ережелер.
5. 1809 жылғы қараша. Айшуақ хан мен оның ұлдарының Жантөре ханның
өлтірілу жайын баяндап, Шерғазы Айшуақұлы Сұлтанды хан етіп тағайындау
туралы император I Александрға өтініші.
6. 1822 жылғы 22 шілде. "Сібір қырғыздары туралы Жарғыны" күшіне
енгізу туралы жарлық.
7. 1822 жылғы 22 маусым. Сібір қырғыздары туралы Жарғы.
8. 1825 жылғы 25 маусым. Қасым Абылайханов сұлтанның Орынбор әскери
губернаторына Көкшетау округтік приказын жабуды өтініп жазган хаты.
9. 1837 жылғы 11 маусым Беріш руы қазақтарының Орынбор генерал-
губернаторы В. Перовскийге өтініші.
10.1837 жылғы 5 қараша Подполковник Гекенің Орынбор әскери
губернаторына Исатай Тайманұлының көтерілісі туралы рапорты.
11.1837 жылғы 17 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлына қарсы
жазалау отрядының іс-қимылы туралы Орынбор әскери губернаторына рапорты.
12.Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хаты.
ІЗ.Жәңгір ханның "Түрлі рулардың кұрметті адамдары мен старшындарына
және бүкіл қара халыққа" әмірі.
14.1837 жыл 24 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлының
серіктері және Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысушыларға қарсы жазалау
қимылдары туралы Орынбор әскери губернаторына рапорты.
15.1838 жылғы 26 маусым. Орынбор әскери губернаторы В.Перовскийдің
Бөкей хандыгындағы котерілістің басшысы И.Тайманұлы туралы Сыртқы істер
министрлігінің басқарушысы К. Нессельродеге хаты.
16.1838 жылғы 20 наурыз. Сібір кедендік округі бастығының Кенесары
Қасымұлы сұлтанның сауда керуендеріне шабуыл жасағаны туралы және оған
қарсы батыл шаралар қолдану қажет ексні туралы Финанс министріне хабары.
17.1844 жылғы 14 маусым. Орынбор қазақтарын басқару туралы Ережеден.
18.1845 жылғы 13 қараша. Бөкей хандығының басқарушысы Бөкейханов
сұлтанның Жәңгір хан тұсында зекет және соғым жинаудың сомасы мен тәртібі
туралы Орынбор шекара комиссиясына хабары.
19.1847 жылғы 23 маусым. Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің сұлтан К.
Қасымұлына өздерінің көзқарасы туралы қаулысы.
20.1847 жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым
бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға
шабуылы туралы хаты.
XIX гасырдың бірінші жартысында қазақ тілін таныта-тын көркем әдебиет
үлгілерімен қатар ресми-эпистоляр-лык одебиет болды. Жогарыда келтірілген
қүжаттарды сол ресми-эпистолярлық әдебиет үлгілеріне жатқызуға бола-ды. Бүл
қүжаттар тіл тарихын зерттеуге, сол кезендегі сая-си-олеуметтік жагдайды
көрсетуге сеитігін тигізумен қатар, қазақ даласындағы XIX гасырдың бірінші
жартысында ресми іс қағаздар болгандыгын, қазақ әдебиетінде дәл қазіргідей
нормага түсе қоймаса да ресми стиль қалып-тасқандығының куосі бола алады.
XIX гасырдың бірінші жартысында Қазақстанның ба-тыс олкесіндегі халық
өмірінде болған елеулі оқига — Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар
көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдебиетте ғана емес, іс қағаздар тари-
хында да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісүлының МЛадищинскийге жазган хатынан,
Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы ел басқару системасы
мен әлеуметтік құрылысты білдіретін хан, ханзада, ханым, ханша, төре,
сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт
сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел,
халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданы-лады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден
мүлде бөлек. Егер даугер айып пен пұлды төлете алса теңдік алды деп, төлете
алмаған күнде теңдік бермеді дейтін болған, ягни, теңдік сөзінің ертедегі
мағынасы әділет, заңдылык, сөздерінің мағынасымен жуықтас.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қагаздар тіліндегі
лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктер XVIII ғасырдағы ресми
іс қағаздар тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздар тілінің
халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыган, нормалана түскен тіл болып
қалыптаса бастағанын байқауға болады.
Әрине, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші
жартысывда жазылган қүжатгар тілі жайында ғалымдар әр түрлі пікірлер айтып
келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілдерінде жазыдды деген пікір
басым.
"XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі деген еңбегінде" Б.
Әбілқасымов "Сөз жоқ, бұл документтердің тілінде түркі әдеби тілінің
дәстүрлі орфофафиясы, кейбір морфологиялық формалары, қалыптасқан сөз
тіркестері мен жекелеген лексемалары сақталды, бірақ олардың негізгі төсегі
- қазақтың байырғы сөздері мен дағдылы грамматикалық құрылысы еді.
Егер "кітаби тілді" түркі әдеби тілінің өзі емес, оның қазақ авторлары
қодданған түрі, қазақ топырағындағы көрінісі ретінде қарайтын болсақ, оның
да анықтауды қажет ететін жақтары баршылық" дей келе, өз ойын былай
қорытады: "... біздіңше XIX ғасырдың екінші жартысында Ыбырай мен Абай
негіздеген жаңа жазба әдеби тіл қалыптасқанга дейін қазақ қаламгерлерінің
пайдаланған тілін "кітаби" тіл деп атамай, көне қазақ жазба әдеби тілі деп
атаған дұрыс. Өйткені туыстас түркі халықтарының ешбірінде "кітаби тіл"
деген ұғым да, термин де жоқ, керісінше, қазіргі жазба әдеби тілдері
қалыптасқанға дейінгі жазба туындьшарын көне әдеби тілде жазылды дейді.
...Сөйтіп қазақ қаламгерлері XVI ғасырдан өткен ғасырдың екінші жарымына
дейін осы аталған қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын
жазды, өзара хат жазысты."

"XIX ғасырдын I жартысындагы ресми іс кагаздар тілі' тақырыбына
қосымша

1812 жылгы 14 желтоқсан - кедей қазақ Б.Қаражігітовтің өз
қызын сату туралы хорунжий И.Замятинмен жасасқан шартынан

1812 жылғы желтоқсанның 14-і күні, қыргыз-қайсақтардың Кіші ордадағы
Сыртқы редуты маңында көшіп жүрген Жағалбайлы руына жататын, старшын Байзақ
Арыстанғұловтың әміріндегі қыргыз Бөкенбаи Қаражігітов өзінің кедейлігіне
байланысты және асырауында жас балалар санының едәуір болуы себепті
солардың ішінен менің өз әйелім Тамарамен жалпы келісуім бойынша және өз
старшыным Арыстанғуловтың, сондай-ақ бүкіл ауылдағы жолдастарымның
рұқсатымен өзімнің алты жастағы туған қызым Әтікейді переселендердіқ Сыртқы
редутының хорунжийі Иван Замятинге оның біржола иеленуіне жарлық негізінде
оның есіміне бағасы 14 сомға саттым, бұл 1808 жылгы мамырдың 23-і күні
болды; 14 сом ақшаны түгел алдым, сол жөнінде өзімнің осындай таңбамды
саламын...
"ХVІІI-ХIХ ғасырлардағы қазақ-орыс
қатынастары ", құжаттар жинағы, 179-бет.

Жәңгір ханның Исатай Тайманүлына хатынан ...

"Әр түрлі адамдардан Сіз халықты тәртіп бұзуға және менің
бұйрықтарымды орындамауға айдап салып, сіздің үйретуіңізбен кейбіреулер
бүлік шығарып жатыр деген жайсыз хабарлар алып отырмын. Сіздің ақыл-
парасатыңызды білгендіктен мен Сізді өз сенімімнен айырғым келмейді, алайда
бүл жайында анығын білгім келіп, мен тікелей келіссөз жүргізу үшін Сіздің
маған келуіңізді талап етемін, бірақ Сіз мен өзіңізді осындай қылыгыңыз
ушін ашуымды білдіруге шақырып отыр деп ойламаңыз, егер мен Сізге ашулы
болсам, өзіме шақырмас едім. Егер Сіз, старшын, менің сөзіме сенбей, келмей
қалсаңыз, мен Сізді өз кінәңізді сезініп, Сіздің бұрын адал қызмет етуге
қабылдаған антыңызга қарсы шығып отыр деп ойлаймын. Әлбетте, мен сеніқ
тілегіңді білемін, бірақ сен ныспықның талап еткенін тыйып, сондықтан да
талап ететін өз тілектеріңнің орындалуын күтуге тиіссің, бірақ өзіңді
жолдас санап, өзіңмен терезесі тең адамға жауласқан кезде мейірімділік күту
деген не болмак,: бұл күту емес, қайта тек күштеп тартып алу ғана болады.
Мен мұны сенің қызметте көрсеткен ынта-ықыласыңды көбірек ойлап жазып
отырмын: әйтпесе бос ойларға салынып, сонан соң оларды жайып жіберетіндерге
жазбайтыныма еш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Жеделхат мәтіні
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар туралы ақпарат
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша заң жинақтары мен ерекшеліктері
Пәндер