Келісімшарт - ресми құжат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

КЕЛІСІМШАРТ

Келісімшарт - жеке тұлғалардың және занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді жөне тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Шарттың (келісімшарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (Тараптар) немесе Тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мөмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу - сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісімшарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу - сату жөніндегі келісімшарт;

ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

4. Ақша қаражатын заемга алу - заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

Пәтерді сатып алу-сату туралы келісімшарт

Біз, азаматтар, Темірбек Нұрлыбекұлы және Назира Садықкызы, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзал көшесі, 137-үй, 12-пәтерде және Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 263-үй, 25-пәтерде тұратындар, жеке басының куәлігі N 112144 және N 232564, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:

1. Мен, азамат Темірбек Нұрлыбекұлы, мекенжайы: Тұрғыт Өзал көшесі, 137-үй, 12-пәтерді саттым, мен, азамат

Назира Садыққызы, Тұргыт Өзал көшесі, 137-үй, 12-пөтерді сатып алдым.

2. Көрсетілген пәтер:

- 1996 ж. 5 қаңтарда жасалған сату-сатып алу келісімшартының негізінде;

- келісімшарт N . . . тізбеде тіркеліп, Алматы қаласыньің N 7 нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырған;

- ТИБ-те тіркелген,

Жекеменшік құқығы бойынша азамат Темірбек Нұрлыбекұлына тиесілі; ол жалпы пайдалы аумағы 65 шаршы метр 2 бөлмеден тұрады.

Пәтердің инвентарьлық құны

ТИБ-тің 1994 жылғы 5 қаңтардағы N 17 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша 100. 000 теңге тұрады.

3. Мен, азамат Темірбек Нұрлыбекұлы, азамат Назира Садыққызына осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін үш жүз жетпіс бес мың (375000) теңгеге саттым.

(мәмілешарттың жасалған орны және айы, күні, жылы сөзбенжазылады)

4. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, салыққа берілген жоқ және дауталаста, тыйым салуда (тұтқында) болған жоқ.

5. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қарымқатынастары туралы" Заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Назира Садыққызы жүргізеді.

6. Сатылған пәтерді азамат Темірбек Нұрлыбекұлы беруі және оны азамат Назира Садыққызы қабылдап алуы екі жақ қол қоятын беру актісінің негізінде жүзеге асырыла-ды.

7. Қолданылып жүрген заңның . . . - бабының мазмұны түсіндірілді.

8. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Темірбек Нұрлыбекұлы төлейді.

9. Келісімшарт үш дана етіп жасалды, оның бір данасы нотариалдық кеңсенің N тізбесінде сақталады, тиісінше даналары келісімшартқа қатысушы тараптарға беріледі.

Тараптардың қолы Сатып алушы

Сатушы

1999 жылғы 15 наурызда осы келісімшартты мен, Алматы қаласы, N 7 нотариалдық кеңсесінің

(нотариалдық кеңесінің атауы, лицензия нөмірі толық көрсетіледі)

нотариусы

(аты-жөні)

куөландырдым

Келісімшартқа менің қатысуым кезінде қол қойылды, жақтардың жеке тұлғалары анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді, сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт

(мемлекеттік органның атауы)

тіркеуден өтуге тиіс.

№ . . тізбеде тіркелген

Тариф бойынша алынды

Нотариус

Абай атыңдағы Алматы мемлекеттік университеті қазақ филологиясы факультеті мен

арасындағы шығармашылық ынтымақтастық туралы

ШАРТ

Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру мақсатында Абай атындагы Алматы мемлекеттік университеті мен

(мекеменің аты)

мына мәселелер жөнінде келісті:

I. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1. Оқу жоспарына сәйкес

/мекеменің аты/

аударма белімінің студенттерін өндірістік практикаға жібереді.

2. Қазақ филологиясы факультеті практиканы жүргізу барысында жан-жақты рылыми-әдістемелік көмекті жүзеге

асырады.

3. Аударматану ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің студенттердің курс жұмыстарына жетекші, диплом жұмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.

4. Аударматану ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәл імгерлердің университеттің қазақ филологиясы факультетінде 0, 5 және 0, 25 жүктемелерімен қосымша жұмыс атқаруына мүмкіндік береді.

II. өзіне мынадай міндеттемелер

/мекеменің аты/

алады:

1. Өндірістік практиканың - маманданудың сапалы өтеуіне жағдай жасайды.

2. Практикаға жіберілген студенттерді білікті мамандар

мен тәлімгерлерге бекітіп береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжат мәтінінің түрлері
Ресми іс қағаздары термині
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу
Келісімшарт, жазылу үлгісі
Құқықтық іс-жүргізу
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Дипломатиялық хаттамалар
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі
Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні
Келісімшартты жасау, оның тәртібі мен сатылы құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz