Компьютерлерді желілерге біріктіру туралы
ЖОСПАР
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР 2
Компьютерлерді желілерге біріктіру 2
Принтерлер 3
Мәліметтер қоймасы 4
Жергілікті желі 8
Жалпы желілер 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
Сіздер дербес компьютерлер желілері (торабы) туралы естіген де
шығарсыздар. Олардың жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінен де
хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Ethernet... 100-
мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал...
Интражелілер... " деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл
материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек
компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Компьютерлерді желілерге біріктіру
Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз
болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. "Қойы
жоқтың қорамен ісі жоқ" дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.
Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі
мәліметті екіншісінде беру керек болғанда желілік технология өте қажет-ақ.
Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер
береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат
берейік.
Жергілікті желілер бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді
біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе
қатар орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы
мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал
компьютерлік жалпы желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына
ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр
құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын жалпы
желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар
жасай алмайды. Жалпы желі жасау үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон
каналдары, Жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында информация тасымалдау
жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке
де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да ауылы алыс емес. Ал, жалпы желілер
жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон
каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400 – 57600
биттер аралығында болады.
Жалпы және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл
екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады,
сондықтан оларды мұқият оқып-үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.
Принтерлер
Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды жиі қағазға басуға
тура келеді. "Қағазсыз" технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына
қарамастан, қағазға басылып жатқан мәлімет көбеймесе, әзірге азайған жоқ.
Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар
сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт.
Тек ішкі қарапайым қағаздар үшін ғана бірнеше жүз доллар тұратын арзан
принтерді пайдалануға болады.
Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де
баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаныз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік
принтер алу керек болады, оның құны мың долларға жетіп артылады.
Әрине, әрбір компьютерге қосылатын қымбат лазерлік принтерлер ала
беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді
де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана
болады. Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болар
екен?
Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып
қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан
бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. Ал, егер компьютерлер бірнеше
бөлмелерде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат
тұратын бір принтерді ортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің
артықшылығы айтпаса да түсінікті шығар. Бірнеше принтер сатып алудың орнына
бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы керек кезінде кез келген компьютерге
ауыстырып қосқыш тетік арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей
пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы
қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алар.
Мәліметтер қоймасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер қоймасы бір компьютер дискісінің бір
немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс
істей береді. Ал егер мәліметтер қоймасы үлкен компания үшін құрылған болса
ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам қолдануына тура
келеді. Ал, ол компаниялардың филиалдары әр жерде және бір-бірінен қашық
орналасса ше? Мұндай мәліметтер қоймасын қажет еткендер уақтылы қалай
пайдалана алады? Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы тасымалдап отыруға
болатын шығар, оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта
қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер
қоймасын серверге (негізгі ЭЕМ) орналастыру қажет. Желінің жұмыс
станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, қажетті мәліметтерді керек
кезінде мәліметтер қоймасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап,
оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер қоймасының басқару жүйесі
орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс
станцияларына жіберіліп отырады.
Мұндайда қойма орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта
болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды.
Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ-дермен (яғни мәліметті
пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәлімет алмаса
алады.
28.3-сурет. Жұмыс станциялары.
Терминал (енгізу-шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер
тұрғандықтан сервер ресурстарын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді
қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеу
тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өнімділігін
арттыруға үлкен себебін тигізеді. Егер жұмыс станциясының операциялық
жүйесі ретінде Wіndows пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер қоймасынан
сұрайтын мәліметін Wіnword мәтінді форматында немесе Excel электрондық
кестесі форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап
алған соң, лазерлік принтерде (әрине желіге жалғанған болуы тиіс) әдейілеп
қағазға басып алуға болады. Мұның бәрін тек экран мен пернеліктен тұратын
жеке пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес компьютерлер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл
ұжым пайдаланатын мәліметтер қоймасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер
бір-бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе
алмаймыз.
Магниттік дискілердің жылдан жылға арзандауына қарамастан, оның көлемі
ешқашан да толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметкерге
көлемді бір файлдағы мәлімет қажет болып қалса, ол файлды желімен жұмыс
істеу барысында барлық компьютерге көшіру қажет емес.
Жергілікті желіге қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін (немесе бір-
екеуін) файл-сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондай компьютердің
дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс (жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб-қа да
жетуі мүмкін). Мұндай дискіні кез келген жұмыс станциясындағы компьютер өз
дискісіндей пайдалана береді.
Егер көпшілікке керекті мәлімет файл-сервер дискісіне жазылса, онда
желідегі барлық жұмыс станциялары (немесе аминистратор рұқсатына байланысты
олардың белгілі бір тобы ғана) сол мәліметтен жұмыс атқара алады. Осындай
тәсілмен файл-сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша тағы бір-екі
диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтің сыртқы ЭЕМ-нен
алынғанын адам байқамайды да.
Файл-сервердің сыртқы жады ретінде компакт дискіні оқитын құрылғыны
немесе мәліметті қайта жаза алатын магниттік-оптикалық дискілерді
пайдалануға да болады. Компакт дискіден мәлімет алу құрылғысы арзан тұрады,
сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станциясында бар.
Бірақ мұны да тек файл-серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз
қаржы үнемдей алады. Ал, магниттік оптикалық диск немесе жоғары көлемді
(бірнеше Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады, сондықтан оларды файл-
серверге орналастырған ыңғайлы екені белгілі шығар. Сонымен көлемді мәлімет
көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса пайдаланудың ең тиімді түрі –
компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру. Компьютерлер желіге
қосылмаған болса, онда мәліметтерді бұрынғыша дискеттер арқылы көшіруге
тура келеді.
Екі компьютерді бір-бірімен байланыстырудың тағы бір тәсілі –
мәліметтерді тізбекті түрде тасымалдау порты арқылы оларды кабельмен
(сыммен) біріктіру.
Бірақ мұндай байланыс өте жәй жұмыс істейді және оның басқа да
кемшіліктері бар.
Енді сізге өз дискіңізден басқа компьютер дискісіне 100 Мб мәлімет
көшіру қажет болсын делік. Бұл үшін қанша дискет және қанша уақыт керек
болады десеңізші?! Ал, компьютерлер желісі бар болса, онда мұндай мәлімет
файл-сервер дискісіне бір рет көшіріледі де, әрі қарай әркім сол дискіден
мәліметті керек кезінде ала береді немесе керектілерін сол файл-серверден
желі арқылы өз дискісіне оңай көшіріп алуына болады.
Жергілікті желі мәтіндік мәліметтерді жұмыс станциялары арасында
жылдам тарата алады. Ол үшін тізімнен керек адамды тауып, мәтінді
пернелерде теріп, сұхбат терезесіндегі ОК пернесін басу жеткілікті. Егер
сол станция іске қосылып тұрса, жіберілген мәтін экранға бірден шығып, оған
қоса мәлімет келгендігін білдіретін дыбыс та естіледі.
Мұнан гөрі ыңғайлылау тәсілге электрондық поштаны пайдалану жатады.
Оның жұмысы кәдімгі пошта қызметі сияқты: хатты жазып, конвертке салып,
адресін толтырып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан арғысы пошта
қызметкерлеріне байланысты. Электрондық пошта да осыған ұқсас — хат мәтінді
теріп, оны файлға жазасыз. Одан кейін арнаулы пошта программасын іске
қосып, оған хат адресі мен файлдың атын енгізесіз. Программа желі арқылы
хатыңызды барар жеріне дереу жеткізеді (әрине, онда айрықша "Электрондық
адрес" болуы тиіс, онда жергілікті желідегі тәрізді компьютер аты немесе
компьютер иесінің идентификаторы көрсетіледі).
Желідегі бір компьютер пошталық сервер рөлін атқарады. Ол хаттарды
қабылдап, оларды адресаттар "пошта жәшігіне" салады немесе әркімнің сұрауы
бойынша келген хат беріледі және де қабылдап алынған пошта басқа желілерге
жөнелтіледі.
Техникалық бүгешігесін айтпай-ақ, мұндай электрондық байланыстың әрбір
хат иесіне оған тиесілі поштаны ол кезекті демалыста жүрсе де жеткізе
алатынын айтқан жөн. Ол демалыстан жұмысқа шығып, компьютерін іске
қосқанда, өзіне хат келіп күтіп жатқаны жөнінде бірден хабардар болады.
Әртүрлі компьютерлер мен жергілікті желілерді телефон арқылы
байланыстыра отырып, электрондық поштаны жер шарының кез келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz