МЕДИЦИНАЛЫҚ ІС – ҚҰЖАТТАР ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МЕДИЦИНАЛЫҚ ІС – ҚҰЖАТТАР
ТҮРЛЕРІ.

Стационардары медициналық іс құжаттарының маңызды
формаларының бірі — ауру тарихы. Ол емдеу-профилактикалық мекемеде
барлық емдеу кезеңіндегі сырқаттық жан-күйін бақылау нәтижелерін жазуға
арналған. Ауру тарихы стационарда әрбір сыркатқа, оның емдеу мақсатына,
диагнозына, стационарда жату ұзақтырына байланыссыз жасалатын алғашқы
негізгі құжат.

Ауру тарихы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен форма
бойынша мұқаба бет пен қосымша бет қағаздан тұратын бірізге салынған
арнайы бланкаларға толтырылады. Ауру тарихы белгілі бірізділікпен
толтырылады: алдымен мұкаба бетте науқастың паспорт мәліметтері,
оньң диагнозы мен жіберген мекемесі, сырқаттын, түскен күні мен сағаты
жазылатын графалары толтырады. Қабылдау бөлімінің дәрігері сырқат түскен
кезде оның диагнозын қойып, өзінің сұрары мен зерттеу нәтижесі жөнінде ауру
тарихына қажеттілерін жазады. Бөлімшедегі емдейтін дәрігер сырқат анамнезін
(сырқат жайында жиналған мәлімет) ержей-тегжей сұрап, жазып алған соң күн
сайын күнделік жүргізеді, оған зерттеу нәтижелері, емдеу тәсілдері мен
зерттелген мәліметтер жазылады. Ауру тарихы эпикризбен (қорытынды пікірмен)
және мұқаба бетке соңғы койылған диагнозы, оперативті емдеу барысы
жөніндегі мағлұматтарды жазумен аяқталады. Сырқатты ауруханадан шырарғанда
дәрігерлік белгілеулер мен лабораториялық зерттеулер, температуралар
жазылған қағазбен бірге барлық толтырылған жазбалар ауру тарихы жазылған
қағаздарға желімденеді, одан кейін емдеген дәрігер мен бөлімше бастығы қол
қояды. Содан соң ауру тарихы архивке беріледі.

Ауру тарихындагы мағлұматтардың статистикалық емдеуін
жеңілдету үшін сырқатты ауруханадан үйіне шығарарда оның карточкасын
толтырады.
Ауру тарихы —аурухананың істеген жұмысын көрсететін бірден-бір
негізгі құжат, ал ол сондай-ақ заңдық құқығы бар құжат болып саналады. Ауру
тарихына жазылғандарды сызып, үстіне жазуға, өшіруге, қосып жазуға
болмайды. Егер сырқатты басқа бөлімшеге консультация алуға жіберсе, онда
оның ауру тарихын шығарып салатын мейірбике өзі алып жүреді. Оны
қызметкерлердің біріне, аурудың өзіне беруге еш жағдайда да болмайды.

Мейірбике әрбір түскен лабораториялық зерттеулер нәтижелерін
немесе сырқат жөніндегі мәліметтерді күнделіктерді ауру тарихына желімдеп
отыруы және онын дұрыс сақталуына жауап беруі тиіс. Ауру тарихы
мейірбикенің қызмет орнында аузы құлыпталатын жәшікте сақталуы керек және
ол науқас қолына түспеуі тиіс. Сырқат қолына оның ауру тарихын беруге, оның
ауруы туралы мәліметтерді немесе лабораториялык, зерттеулер нәтижелерін
айтуға болмайды. Бөлімшеден ауру тарихы жоғалуы қылмыстық іс деп саналып,
ол заң бойынша жазаланады, сондықтан мейірбике ауру тарихын мұқият сақтап,
оны ұқыпты ұстауы тиіс.

АМБУЛАТОРИЯЛЫК КАРТА.

Амбулаториялық карта — емханада емделетін сырқаттардың негізгі
құжаты, оған сырқаттар қабылданған бірінші күнінен бастап күй-жайы және
сырқаттың өмір бойы дәрігер шақырған күндері жазылады. Егер сырқат басқа
ауданға немесе қалаға кетсе, оның амбулаториялық картасы сол жаққа
жіберіледі.
Амбулаториялық карталардағы жазу ауру тарихынан қысқа, ал
бақылау кезеңі ұзақ. Мейірбике барлық нәтижесін лабораториялық картаға
ұқыпты желімдеп, диспансерлік есепте тұрған сырқаттарды, уақытында шақырып
тұруды қадағалауы қажет.
Біріктірілген аурухананың жұмыс жағдайында сырқат стационарға
түскенде оның амбулаториялық картасын емдейтін дәрігерге береді, ол сырқат
ауруханадан шығарда картаға аса маңызды зерттеулер нәтижелері бар эпикриз
жазып, оны емханаға қайтарады. Стационардағы әрбір сырқатқа диагнозы
көрсетілген анықтама беріледі: ал қажет болған жағдайда ауру тарихынан
егжей-тегжейлі көшірмелер жазылады, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Республикасының сертификаттау жүйесі
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Мүдектерге әлеуметтік қызмет көрсету
Сот-медицина сараптамасының іс жүргізу және ұйымдық негіздері
Ақпараттық технологиялардың базалық ішкі жүйелері
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Өндірістік корлар есебі және аудиті
Жәрдемақылардың әмбебап жүйелері
Пәндер