Өтініш, келісім, түйін түрлері


Өтініш, келісім, түйін түрлері
Жұмысқа қабылдану кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады.
Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, квалификациясы мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.
Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге) ; авторы, автордың мекен-жайы; құжаттың түрі (өтініш) ; мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.
Өтініште «кімнен» деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ «Сізден өтініп сұраймын», «алдын ала рахмет айтамын», «соған қоса» және т. б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағазға толтырылады.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш мынадай үлгіде болады:
ӨТІНІШ
Мені тасымалдау бөліміне ЭВМ операторы қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.
00. 00. 00 Қолы (анық болсын)
Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат (мінездеме) ; анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білімі немесе кәсіби квалификациясы туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі (ЕтЗК) мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады.
Кейінгі кездері кейбір фирмалар жұмысқа алуда аталған қызметке алынатын үміткер туралы объективті мәліметтер берілген түйін (резюме) талап етуде.
Түйіннің құрамына төмендегідей деректер кіреді: құжаттың аты (түйін) ; туған жылы; отбасылық жағдайы; үйінің мекен-жайы; үйінің телефоны; жұмыстағы телефоны; білімі (нені, қашан бітірген, мамандығы) ; жұмыс орны мен мамандануы; бұрынғы жұмыс тәжірибесі; шет тілдерін білу дәрежесі; оргтехникамен жұмыс істей білуі; жеке сапалық қасиеттері; неге әуестігі; қабылдануы мүмкін қызметі. Барлық деректер табулятордың нөлдік деңгейінен басталып азат жолсыз жазылады, бірақ әр дерек жеке жолдан басталады.
Жеке карточкасы қалыпты пішімде (т2 пішімі) болады және оған барлық талап етілген мәліметтерді енгізу қажет.
Басқа қызметке ауысу туралы өтініш өзгеше толтырылады. Оның қалыпты пішімі МЕСТ талаптарына сәйкес сол мекемеде жасалады.
Ондай өтініштің үлгісі:
Алматы электротехникалық зауыты
Өтініш
00. 00. 00.
0273060
Зауыт директоры Шварц А. С. мырзаға
Өткізу бөлімінің технигі
Н. Сағындықұлынан
Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруіме байланысты мені өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.
Жеке қолы
Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынанан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас. Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т. б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оку орнынан анықтама, аурулық қағазы және т. б. ) бар екендігі көрсетіледі. Бүл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.
Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініші бойынша шешіледі.
Нарықтық қатынастарға көшу өмірге еңбек қатынасының жаңа түрін - келісім (еңбек келісімін, еңбек шартын) толтыруды әкелді. Келісімнің жұмысқа алу туралы өтініштен негізгі өзгешелігі, келісімде заң алдында тең екі жақтың келісілген міндеттері мен құқықтары, жалдау ережелері және еңбек дауын шешудің тәртібі көрсетіледі.
Келісім төмендегідей міндетті деректемелерден тұрады: құжаттың аты (келісім, еңбек келісім т. б. ) ; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісім әр жаққа бір-бірден екі түпнүсқада жасалады. Еңбек келісімінің үлгі ретіндегі пішімі:
КЕЛІСІМ 00. 00. 00.
№
Алматы қаласы
Бір жағынан: фирма (атауы), оның Жарғы негізінде әрекет етуші директоры (тегі, аты-жөні), бұдан әрі «Жалдаушы»; екінші жақтан: өз атынан әрекет етуші азамат (тегі, аты-жөні), бұдан әрі «Жұмысшы» төмендегідей мәселелер бойынша келісім жасасты:
1. Келісім заты. 2. Еңбек шарты. 3. Еңбек ақысы. 4. Еңбек тәртібі. 5. Демалыс шарты. 6. Әлеуметтік қауіпсіздендіру мен қамтамасыздандыру. 7. Келісім мерзімі және келісімді бұзудың тәртібі. 8. Басқа шарттар. 9. Екі жақтың заңды мекен-жайы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz