Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ5
1. 1. Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі5
1. 2. Кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын ұйымдастыру10
1. 3. Әкелу және әкетуге тыйым салумен шектеу16
1. 4 Кедендік режимдердің сипаттамасы21
ІІ. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ӘДІСІ28
2. 1 Кеден бақылауныңы нысандары28
2. 2 Кеден бақылауының аймағы32
2. 3 Тексеру кеден бақылауының және көлік құралын рәсімдеудің жеке этапы ретінде33
2. 4 Таңдамалы кедендік бақылау38
2. 5 Валюталық бақылауды өткізуге қатысты негізгі жұмыстар39
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУМЕН КЕДЕНДІК ТЕКСЕРІСКЕ АНАЛИЗ ЖАСАУ43
3. 1 Жеке тұлғалардың өткізетін тауарларын кедендік бақылау тәртібі43
3. 2 Жеке тұлғалардың өткізетін тауарларын және көлік құралдарын кедендік тексеру45
3. 4. Кедендік жеңілдіктермен қолданатын шетел тұлғаларының өткізетін тауарларын рәсімдеу және кедендік бақылау47
4 БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ49
4. 1. Су көлігіндегі кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу49
4. 2. Теміржолдарда өткізілетін кеден бақылауы53
4. 3 Әуе көлігіндегі кедендік бақылаудың жүзеге асуы56
4. 4. Автокөлік тасымалын кедендік бақылау59
4. 5 Кеден бақылауының сараптамасы62
ҚОРЫТЫНДЫ70
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ72
Кіріспе
Тәуелсіздікті алысымен біз жаңа мемлекет, жаңа нарықтық экономика, кеңес одағы кезінде өмір сүрген өмір салтынан гөрі жаңа демократиялық ел құруға кірістік.
Бүгінгі күні Қазақстанда мүлдем басқа саяси және экономикалық жүйе. Әрқашан өзгеріп тұратын аяда кәсіпорындар үшін нақты бір кедергілер бар. Оларды жеңу үшін кәсіпорындарды және өндірістік алып шығатын басты құрылым ұйылу қажет.
Төрт стратегияны бөліп көрсетуге болады:
- Қаржылық саясат. Түскен түсімді, жалақыны реттеу, ұсынысты ескере отырып бағалық саясатты қалыптастыру, артықшылық дәрежесін түсіру, экономия режимін белгілеу. Бірақ қаржылық жағдайы мемлекет үшін, кәсіпорындар үшін де байлықтың кілті болып табылмайды.
- Экспортты дамыту. Бұл қағида "баға қайшысы" және теңгенің төменгі бағамындағы жағдайда, өте қызықты болып табылады. Бұл жағдайда кез-келген мемлекет, мекеме, кәсіпорын қажетті базасы болмаса да сыртқы нарыққа шыққысы келеді. Ол үшін арнайы инвестициялық бағдарламалар жасайды, тікелей несие және шетелдік инвестиция тартудың әртүрлі әдістерін ойластырады.
- Диверсификация. Қызметте "пайда түсіретін орталықты" табу, олардың санын өсіріп, өндірістен құтылу.
- Құрылымдық өзгеріс. Ұйымдық құрылымда өзгерістер болса кәсіпорындарда көбінесе өзгерістер көрініп, тиімділік арта түседі.
Соңғы жылдары әлемдік сауда, әлемдік өндіріске қарағанда тез өсті. Сауда құрамындағы қызметтің үлесі өсуде, интеллектуалдық меншік объектілерін сатуда өсуде, мемлекеттер арасында капитал қозғалысы нысанында және несие нысанында ақша құралдарының ағымы күшеюде. Қоғамның ақпараттандырылуы, басты ақпарат жүйесін құру әлемдік экономикалық суретін ауқымды өзгертеді, әлемдік шаруашылықта құндылық қорын, валюта бағамын, ақша, қызмет және тауарлар қозғалысын толық біліп отыруға мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық байланыстар шартты объективті болып, экономикалық өсім факторының маңыздысына айналды. Көптеген елдерде дәл осылар ұлттық экономиканың жағдайын анықтайды және бұл бағыт болашақта күшейеді.
Айтылған алғысөздер дипломдық жұмыста, Қазақстандағы нарық қатынасының құрылу маңыздылығын, экономика тиімділігін арттыру үшін экономикалық реформалау жүргізу керектігін, сол арқылы жергілікті халықтың жағдайының жақсартылатындығына белгі береді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы, бізде сыртқы экономикалық қызметін реттеу механизмінің түрін өзгертуін шарттайды. Мемлекет монополиясы оған жоқ. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26 бабына сәйкес әрбір адам кәсіпкерлік еркіндігіне құқығы бар.
Дипломдық жұмыста кедендік бақылауға қатысты барлық сұрақтарға жауап іздестірілген. Сиясы кеуіп үлгермеген Кеден Кодексін негізге ала отырып, кеден бақылауының ұйымдастырылуын жан-жақты зерттеуге тырыстым.
Нақты дипломдық жұмысымның тематикасы "Кеден бақылауын ұйымдастыру және оны шыңдандыру". Бұл тақырыптың басты мақсаты ешкімге зиян келтірмей, тиісті қызмет процедурасын жүзеге асыру.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1. 1. Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі
Кеден Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту пункттерінде мемлекеттік кедендік бақылау тәртібі туралы ережелерде: "Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан жеке тұлғалардың заттар, тауарлар, валюталар өткізу кезінде".
Дипломатиялық қатынастар туралы Веналық Конвенцияны орындау мақсатында 1995 жылы 2 қарашада шығарған № 1440-дегі "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар және көлік құралдарын өткізу туралы" Үкімет қаулысында:
Кедендік бақылау аймақтары
Кедендік бақылау нысандары бекітілген
Кедендік бақылау мәнін толық білу үшін, дипломдық жұмыста кездесетін кейбір терминдерге тоқтала кетейік:
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы - Қазақстан Республикасының құрғақ аймағы, аумақтық және ішкі сулар, солардың үстінен тұратын ауа кеңістігі.
Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шегі және еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар периметрлері.
Тауарлар - валютаны, валюталық құндылықтар, электрлық жылу және энергия, көлік құралдарын қосып алғанда барлық қозғалатын мүлікті айтамыз. Бірақ оған халықаралық тасымалдаумен, жолаушыларды және тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын, контейнерлерді және басқа да көлік құрылғыларын жатқыза алмаймыз.
Көлік құралдары - контейнерлер және басқа да көлік жабдықтарын қоса алғанда, халықаралық жолаушылар мен тауарларды тасымалдайтын кез-келген көлік құралдарын айтамыз.
Кедендік делдал - Қазақстанның Кеден Комитетінен кедендік делдал ретінде қызмет жасауға лицензия алған, заңды тұлғаның құқығы бар, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған кәсіпорын.
Тасымалдаушы - шын мәнінде тауарды өткізіп тұрған немесе кеден делдалын қолданғаны үшін жауапты тұлға.
Тауарларды өткізуші тұлғалар - "Кеден Кодексіне" сәйкес тауарлармен өз атынан әрекет жасайтын тауар иелері, сатып алушылар немесе басқа тұлға ретіндегі тұлғалар.
Декларант - тауарларды және көлік құралдарын өз атынан ұсынушы және мәлімдеуші тұлға немесе кедендік брокер1.
Сыртқы экономикалық қызметтің арқасында мемлекеттің бюджетіне кіріс кіреді, қажетті жабдықтар, шикізат, материалдар, дамушы технологиялар және жергілікті халықтың экономикасын қалпына келтіруші басқа да тауарларды сатып алуға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар өз тауарларын сыртқа шығару және сыртқы саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сол себепті мемлекет СЭҚ заңға сәйкес тәртіпті жүзеге асуын қадағалады.
Кедендік режим - кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлармен көлік құралдарының мәртебесін белгілейтін ережелер жиынтығы.
Белгіленген тәртіп орындаса тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы кедергісіз өтеді.
-тауарлармен көлік құралдарын нақты бір кеден режиміне қойып өткізіп оны аяқтау, нақты бір кеден режимінің процедурасы.
Кеден органдарының мойнына жүктелген кешенді қызметтерді жүзеге асыру үшін, еліміздің кеден шекарасы арқылы СЭҚ мүшелерінің өткізетін тауарлары мен көлік құралдарына бақылауды күшейту қажет. Бұл функцияларды кеден органдарына жүктеу себебі, тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізген кезде бір жерде, бір органда жинап, тауарлардың өзін және олар туралы мәліметтер жинақтау еді. Тауарлардың құжаттағы және шын мәніндегі жағдайын теңестіріп, салыстыру, кездейсоқ немесе қасақана сәйкес емес тауарларды тіркеп, қателіктерді түзету, мемлекетке келетін залалдың алдын алу мақсатын көздейді.
Кеден бақылауының объектісі болып мыналар табылады:
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткізілетін тауарлар және көлік құралдары;
-оларға мәліметтер және құжаттар;
-кеден делдалы, кеден тасымалдаушысы ретіндегі тұлғалардың қызметі, кеден режимі және уақытша кеден қызметі шегіндегі қатынастар;
-тауарларды қолдануға және билік етуге қойылған шектеулердің орындалуы;
-кеден төлемдерін және салықтарын төлеу .
Кедендік бақылаудың субъектісі болып, Қазақстанның кеден органдарының жүйесі, олардың лауазымды тұлғалары, СЭҚ мүшелері және жеке заттары мен тауарларын кеден шекарасы арқылы өткізетін басқа тұлғалары табылады.
Кедендік бақылау субъектілерінің қызметіне, яғни кедендік бақылауға, бақылау объектілеріне қадағалау шараларының жиынтығы, кедендік нормалар және ережелердің іс жүзінде сақталуының тексерілуі, кеден шекарасы арқылы тауар өткізу қатынасындағы тұлғалардың құқықты және құқықсыз, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне әсер етуі кіреді.
Кеден органдарының ұйымдық-басқармалық шараларына мыналар жатады:
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау орны мен уақыты;
тауарды жеткізу мерзімін бекіту;
кедендік бақылаумен жеткізілген тауарларға теңдестіру белгілерін салу;
тауарларды сақтауға бергенде нақты бір режимге қою;
өткізілетін тауарлар туралы мәліметі бар құжаттарды және осыларға қатысы бар тұлғаларды тексеру;
тауарлар, көлік құралдарының өздерін, олардың ішіндегі кейбір санаттағы тұлғалардың заттарын, тексеру, жеке тексеріс, жеке тұлғалардың ішіндегі бөлек топтарды жеке тексерістен өткізу;
валюталық бақылау субъектілерін алынған нәтижелермен хабарландыру.
Сонымен қатар кедендік бақылаудың ұйымдық-басқару шаралары, құқық бұзушылықтарды ашатын, ескертетін, табатын, алдын алатын шараларды қамтамасыз ететін құқық қорғау қызметін қамтамасыз етеді. Және кеден ережелерінде бекітілген кеден төлемдерін жинауда фискалдық шараларды жүзеге асыруға ат салысады.
Кеден бақылауды жүргізу арқылы мынаны қамтамасыз етуге болады:
сыртқы экономикалық айналымын тездетуге жағдай жасайды;
кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізгенде тәртіптің болуы;
контрабандамен күресу, кеден ережелерін және салық заңнамасын бұзғызбау, кеден шекарасы арқылы нашақорлық заттар, қару-жарақтар, әскери жарақтар, тарихи және халықтың археологиялық байлықтарын заңсыз айналымға түспеуін бақылайды;
кеден баждарын, салықтарды және басқа кеден төлемдерін уақытында және толық өндіреді;
Қазақстанның арнайы кеден санағын және сыртқы сауданың кеден санағын жүргізеді;
кеден органдарының құзыретінің шегінде валюталық бақылау жүргізу;
сыртқы экономикалық қызметте тауарлық номенклатура жүргізу.
Кедендік бақылауды неғұрлым тиімді жүзеге асыру үшін кедендік рәсімдеудің маңызы зор. Тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеу заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. СЭҚ мүшелерінің тауарлары мен көлік құралдарын заң талабы бойынша міндетті түрде мәлімдеуден өткізу керек.
Кедендік бақылау және кедендік рәсімдеуге қажетті мәліметтер және басқа құжаттар ауызша, электрондық немесе жазбаша түрде мәлімденеді.
Тауарлар мен көлік құралдары кедендік рәсімдеуден өткенде мына әрекеттерді жүзеге асырады:
мәлімдеушіден ауызша жасаған арызын жазбаша алу, тіркелу, санаққа алу, құжаттарды тексеру электрондық көшірмесін алып, тауарлар мен көлік құралдарының параметрлерін кедендік мақсаты үшін кеден режиміне қою;
Кеден декларациясына және басқа да құжаттарға кеден режимінің нақты түріне қатысты мәлімет енгізу және оны кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен жеке мөрімен куәлендіреді;
жеткізілуіне бақылау жасау;
Уақытша сақату қоймасына тауарларды түсіру, қабылдауды және беруді рәсімдеу;
УСҚ-да тауарлар мен көлік құралдарын сақтаған кезде үлгілер және бір бөлігін алса құжат рәсімдеу;
Тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдегені және кедендік бақылағаны жөніндегі фактіні құжатта куәлендіру;
Кеден бақылауы және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеуі екі түрлі қызмет болғанымен өзара байланысты және параллель, кейде тіпті бірдей жүзеге асады.
1. 2. Кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын ұйымдастыру
Кеден бақылау және кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру дегеніміз тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органдарының кешенді шаралары. Ол кешенге кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу жүргізілетін орын, яғни кедендік және кеден жанындағы инфрақұрылым құру, сол арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тексеру орындарында кедендік органдар тексеруін жатқызуға болады.
Кедендік бақылау және кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру мына сұрақтарды шешуге тырысады:
-кедендік шекараны өту орны және уақыты;
-кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу орны және уақыты;
-СЭҚ мүшелерінің экспорттық немесе импорттық операция жасайтындығы жөнінде ескерту тәртібі;
-тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу әдісі, орны, уақыты және оларға берілген құжаттарын ұсынып кеден органына жеткізу.
-УСҚ-на тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау үшін орналастыру;
Сонымен кедендік бақылау және кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру күрделі және көп қырлы процесс болып табылатынын көріп отырмыз. Процесстің ерекшеліктеріне көп факторлар әсер етеді, соларға тоқтала кетелік.
Кеден шекарасынан өту уақыты және орны .
Кеден заңнамасымен және ведомостволық нормативтік актілермен, тауарлардың, көлік құралдарының кеден шекарасын өту уақыты, орны айқындалған және де кеден бақылауындағы тауарлардың уақыты белгіленген2.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізгенде, кеден органдарының белгілеген орнында және уақытында, сонымен қатар олардың қызмет уақытында өтуге тырысқан жөн.
Кеден бақылауы және кеден рәсімдеуі өтетін орын және уақыт.
Кеден шекарасынан өтетін жерде, тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына алынады. Егер кеден аумағынан алыс жерде болса, кеден шекарасынан өткен кезде ғана жүзеге асырады.
Тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткен кезде, мәлімдеушінің таңдаған кеден режимімен сәйкес өткізіледі. Режимді таңдау және қолдану құқығы мәлімдеушіге беріледі.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден органына мәлімдеу мақсатымен немесе нақты бір кеден режиміне қойып ұсынған тұлғаға беру үшін, кеден органдарының жасаған уақытша сақтау қоймасына қою - көлік құралдарын және тауарларды қою орны болып табылады.
Кеден аумағына келу және тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу, кеден заңнамасына сәйкес, тек уақытша сақтау қоймасында болуы тиіс. Бұл талаптар өткізу пункттеріндегі кедендік рәсімдеу жағдайына да тарайды. Сол себепті халықаралық байланыстар үшін, ашық аэропорттармен порттарда, жүк аулаларында, қоймаларда, теміржол станциялар алаңдарында кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын қабылдау, тиеу, түсіру үшін міндетті түрде уақытша сақтау қоймасы болуы тиіс.
Бұл талаптар өткізу пункттеріндегі кедендік рәсімдеу жағдайына да тарайды. Сол себепті халықаралық байланыстар үшін, ашық аэропорттар мен порттарда, жүк аулаларында, қоймаларда, теміржол станциялар алаңдарында кеден шекарасынан тауарлармен көлік құралдарын қабылдау, өткізу, тиеу, түсіру үшін міндетті түрде уақытша сақтау қоймасы болуы тиіс.
Тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыру, негізі кедендік рәсімдеуге әкелетін алдын-ала операцияға жатады. Ал негізгі кедендік рәсімдеуге келгенде тауарлар мен көлік құралдарын нақты бір кеден режиміне қойып, мәлімдейді.
Тауарлар мен көлік құралдары кеден органдары ұсынылған уақытынан бастап, автоматты түрде уақытша сақтау мәртебесіне ие болады. Тауарлар мен көлік құралдарын әкелген кезде ұсынылған болып, тасымалдаушы немесе оның өкілетті тұлғасының шекарадағы кеден органын ескертуі есептеледі. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарған кезде ұсыну болып, кеден органдарының жіберу кедендік декларациясы қабылдау немесе кеден органының нақты бір жүк жеткізу туралы ескерту алуы есептелінеді.
Көлік құралдары тауарларды таситын құрал болып есептелетіндіктен, тауарлар рәсімдеуден өткен жерде, рәсімдеуден бірге өтеді.
Кеден заңнамасына сәйкес, кеден шекарасынан өту және тауарлармен көлік құралдарын кедендік бақылаудан өткізу және кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асуы тиіс, ал тауарлар мен көлік құралдарын өткізіп тұрған тұлғалар, лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, басқа да мемлекеттік органдардың кедендік аймақтардың шектерінен өтуі кеден органдарының рұқсатымен және олардың бақылауымен жүзеге асады.
Алдын-ала операциялар
Негізгі рәсімдеуге әкелетін алдын-ала операциялар әрқырлы және негізгі кеден рәсімдеуі мақсаты үшін маңызы зор:
Олардың неғұрлым көп жүзеге асатыны:
тұлғалардың шаруашылық субъект ретінде кәсіпкерлік қызмет жасауы үшін кеден органдарының сәйкес құжаттары керек және міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс.
СЭҚ мүшелері сәйкес мемлекеттік органдардан лицензия және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуы керек, айталық мыналарды:
-мәмілелердің төлқұжаты;
-кеден төлемдерін төлегендегі немесе төлеудің кепілдігі жөнінде куәлендіретін құжаттар;
-кедендік бақылау мен тауарларды тасымалдауға көлік құралының жарамдылығы туралы куәліктер; тауарлық-көліктік және тауармен еріп жүру құжаттары;
-кеден органдарының жіктілік шешімдері;
-тауарлардың шыққандығы туралы сертификаттар;
-кеден мақсаты үшін басқа да құжаттар;
кеден органын, кеден шекарасынан өту немесе тауарлар мен көлік құралдарының кеден аумағынан тыс жерге шығатыны жөнінде ескерту;
-қажетті жағдайларда кеден органына кедендік төлемді төлеу туралы үшінші тұлғаның кепілдігі жөнінде немесе кеден органының депозитына қажетті сумманы аудару туралы ұсыныс жасау;
-жеткізу, тасымалдау, мәлімдеу және көліктік экспедиция туралы шартқа отыру;
-теңдестіру үшін тауарлардан үлгі және кескін алу;
-тауарларды уақытша сақтау қоймасына өткізу;
Демек, кедендік негізгі рәсімдеуге әкелетін алдын-ала операциялар, кедендік бақылау мақсатына жету үшін, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты барлық күштерді, шараларды нығайтады дегенді білдіреді. Алдын-ала рәсімдеуге қатысы бар алдын-ала операциялар, көліктік және экспедиторлық қызметпен байланысты, кедендік бақылаудағы тауарлар мен істерді мәлімдеуші немесе кедендік делдал арқылы ғана жүзеге асыра алады.
Кедендік заңнама бойынша, тауарды жеткізу үшін, жіберуші кеден органына, тағайындалған жерде қабылдаушы кеден органына дейінгі кедендік бақылаумен өту міндетті. Тауарларды әкелу және әкетуде олардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ол ерекшеліктерде кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты. Кеден шекарасынан өткеннен кейін, кеден аумағына әкелінгеннен және кеден бақылауына алынған соң, негізгі кедендік рәсімдеу үшін УСҚ-на әкелінеді.
Кеден бақылауымен жеткізу процедурасының мәні.
Тауарлармен көлік құралдарын, сәйкес түрде еріп жүретін кедендік рәсімдеу құжаты-жеткізу бақылау құжатымен (ЖБҚ) жеткізуді жүзеге асыру негізгі мәні болып табылады. Бұл құжаттың өзі негізгі тапсырмасын айқындап көрсетеді, яғни кедендік жіберу орнынан, кедендік қабылдау орнына дейін, бақылаумен және мәлімдеушімен тасымалдаушының кеден органының алдындағы жауапкершілігімен етіле отырып, кедендік төлемдерді төлеуді қоса алғанда, тауарларды жеткізуді көздейді.
Әкелінетін тауарларды жеткізу процедурасы, бірталай тапсырмалар кешенін қамтамасыз етуді қажет етеді. Олар кедендік бақылау мәнінен туындайды, оның ішінде негізгі кеден рәсімдеуіне кіретін тауарлардың төлем төлеуі жатады.
Кедендік төлемнің құрылымы, тауардың қай режимге қойылғандығына байланысты болады. Ол туралы кеден органының өзіне, мәлімдеу арқылы негізгі кедендік рәсімдеу кезеңінде ғана белгілі болады.
Кеден шекарасы арқылы өткелі тұрған тауарлардың құндылық сипаттамасы, тауарлық-көліктік жәек еріп жүретін құжаттарда көрсетілгенімен, кедендік құнды анықтауда ресми мәлімет ретінде ескерілмейді, сол себепті кеден шекарасын өтуге байланысты кеден органдары кеден төлемдері төленетін тауарлардың барлығна кедендік құн арқылы өндіру жасайды.
Негізгі кеден рәсімдеуі біткеннен кейін де тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен жеткізуге болады. Бірақ бұл жерде кеден бақылауымен жеткізу алдын-ала операциясына жатпайды, себебі жеткізілетін тауарларға негізгі кедендік рәсімдеу өтіп кеткен болып есептеледі. Сонымен қатар, алдын-ала операциясына, тауарларды Уақытша сақтау қоймасына жеткізу де жатпайды және олар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарылуға бағытталғандықтан кеден органдарының қатысуынсыз, кедендік бақылаусыз орналастырылады.
Кедендік бақылаумен жеткізілуге жататындар :
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін орында немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағының негізгі бөлігіне еркін кеден аймақ аумақтарынан және еркін қоймалардан әкелінетін орындағы қызметі бар регионда кеден органы нақты бір режимге қоймағандағы, әкелінетін тауарлар мен көлік құралдары;
Еркін айналымға шыққаннан кейін төленетін кеден төлемдерін кеден органдары өндіретін қатынасқа және еркін айналымға жіберу кеден режиміне сәйкес салықтарымен орналастырылған немесе басқа кеден баждарын төлейтін, шетелдік шығарылатын тауарлар және көлік құралдары;
Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылатын, шетелдің қайта өңдеу өнімдерінің тауарлары;
Қоймалардың арасына орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдары;
Жіберу және қабылдау кеден органдарының арасындағы тауарларды бақылау, тікелей олардың арасында осыған сәйкес құжаттар алмастырумен жүзеге асады, оларға:
-Жүктік Кедендік Декларациясының кітапшасының бір парағы;
-жеткізгендігін куәлендіретін куәлік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz