Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1 тарау. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны.

  1. Кеден жүйесіндегі басқару туралы түсінік, оның нысаны мен субъектісі.
  2. Кеден жүйесіндегі басқарудың принциптері мен әдістері.

2 тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдарын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті) .

2. 1. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.

2. 2. Қазынагер іс - әрекетінің анализі.

2. 3. Құқық қорғау қызметін ұйымдастыру.

3 тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін ұйымдастыру мәселелері мен жетілдіру болашағы.

Қорытынды.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы кешенінде тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы саудасы ерекше орын алады. Әлемдік саяси және экономикалық үрдістерді көлемдендіру шарттарында халықаралық еңбек бөлісупроцесі тереңдетілуде, мемлекеттердің өзара бір - біріне тәуелділігі күшеюде; мемлекеттердің кеден аумақтарында және сырт аумақтарында тауарларды қайта өңдеу тәсілдері мен түрлері күрделенуде. Осындай жағдайда мемлекет іс - әрекетінің басты шарттары борлып екі фактор алынады - бәсекеге қабілеті өнім мен қызмет көрсетулерді өндіру қабілеттілігі, және сонымен қатар ұлттық мемлекеттердің өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді байдалану икемділігі. Тек қана сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту ұлттық экономикасының, ғылыми - техникалық прогресстің нығаюына, өнімнің, қызмет көрсету және тұрғындардың оңтайлы жұмыспен қамтылуының сапасы мен бәсекеге қабылетілігін жоғрлауына өз әсерін тегізеді.

«XXI ғасырдың сұрауларына төтеп бере алатын және ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған белсенді, жан-жақты және теңгерімді сыртқы саясат мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады». Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтасыз ету ісінде кеден қызметі басты роль атқарады. Ол экономиканың базалық институттарының бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын реттеуге және қазынагер қызметтін іске асыруға қатыса отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті үнемі молайтады және сол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге қатысады. Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуы - жана заңның шығарылуын талап етті. Елдің ұлттық қауыпсыздігімен байланысты құқық инфрақұрылымын қалыптастырылуы басымдық бағыттардың айқындалуына және сәйкес заң шаралардың қабылдануына негіз болды. Осы бағыттардың бірі кеден реттеу саласы болып табылады. Кеден саласы монополиалық мемлекеттік реттеу қажеттігі толық көлемді оның ішкі және сыртқы саясаттын - кеден саясатының бөлшектерін айқындау жолы арқылы, арнайы органдарды - кеден қызметін мақсаттарға жету құралы - кеден ісін құру арқылы оның жасалуына әкелді.

Кеден реттеуімен байланысты мемлекеттік реттеуінің салалары болып қорғау, ұлттық қауыпсыздік, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополиялар, экология, көлік және т. б.

Ойластырылған қолдау шаралары арқылы кеден қызметі ұлттық өндірісті қорғайды.

Жаңа нарықтық шарттарында Қазақстандық экономика «Ашық» мемлекеттік шекаралар «Ашық» және көптеген жерлерде «Айқын емес» болған жағдайда республиканың экономикалық қауыпсідігі мәселесі бұрыңғыға қарағанда әлдеқайда күрделене және ауқымдана түсті. Кеден қызметтінің жаупкершілік аймағы болып мемлекеттің сыртқы экономикалық қызмет саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өзінің күшттері мына міндеттерді шешуге бағыттады:

  • Кеден қызметінің алдына қойған басты міндетті орындауды қамтамасыз етуге қабылетті кеден инфроқұрылымын құру;
  • Егемендіктің экономикалық негізін және елдің мемлекеттік кауыпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін қорғау;
  • Баждарды, алымдарды және салықтардың кейбір түрлерін төлеттіру арқылы республикалық бюджетті молайту;
  • өздерінің тауарларын шетелге шығарғаны үшін қазақстандық экспорттаушыларына тиесілі төлемдердің өз уақытында толық репортриациялаудағы кеден - банктік валюталық бақылауды іске асыруға қатысу;
  • Қазақстанның сыртқы саудасының кеден статистикасының қалыптастыру, жүргізу және ұсыну (ресми жариялау) ;
  • Кеден қызметтін қамтамасыз ететін құқықтық заң базасын құру.

Соңғы уақыт ішінде кеден заңында көптеген өзгерістер енгізілді, кеден ісі үшін негіз болып саналатын нормативтік актілер - Кеден кодексі қабылданды. Кеден кодекссіндегі бар нормалармен ережелер кеден қызметтінің әлемдік нормаларына сәйкес келеді. Осыған орай Қазақстандық кеден қызметтінің іс-әрекеті үшін, сыртқы экономикалық іс-әрекетті іске асыру механизмдерін өндіру үшін, Қазақстанды әлемдік шаруашылыққа біріктіру үшін, оның халықаралық өндірістік кооперациаларды дамытуға қатыстыру үшін құқықтық негіз құрылды.

Қазақстанның кеден бақылау комитетінің ролі мемлекеттің кеден саясатын әзірлеуде белсенді қатысатын ведомства ретінде өсті. Кеден төлемдерін төлетудің және технологияларын енгізу, олардың мерзімді және дұрыс есептеуін қаммтамасыз ету, олардың республикалық бюджетке толық көлемде түсуін бақылау ұйымдастыру - осының барлығы экономикалық нәтежелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан кеден саясаты Қазақстандық нарықты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экономиканың, экспорттың және импорттың орнын басатын өңдірістің дамуын ынталандыруға, шетел инвесторларын тартуда жәрдемдесуге, сыртқы экономикалық, сауда және бюджеттік саясаттың міндеттерін шешуге өзінің тиімді септігін тигізді. Республиканың политикалық байланыстардың белсенді дамуына, мемлекеттің бюджетіндегі табыстардың көбеюіне, қызмет мүмкіндіктерінің жақсартылуына әсер етті.

Кеден құқық базасының әрі қарай жетілдірілуі кеден органдары құрылымының жетілуіне әкеледі, ал Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа белсенді енуі кеден органдарықызметін кеңейтеді. Бұл үрдістің белсенді жүріп жатқанын біз келесі нормативтік актілерде көреміз: «Шанхайлық ұйым ынтымақтастығының мүшелері болып табылатын мемлекеттер арасында есірткі заттардың, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы және оларды тасымалдаушыларға қарсы күрес жүргізудегі ынтымақтастық туралы келісім - шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. 16. 06. 2004 ж. бастап №1396 «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қатысушылары мен достастыққа енбейтік мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекараларданөткізу бекеттеріндегі шекара әскердің ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 29. 09. 1999 жылдан бастап №220; «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шектестік облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 20. 04. 1995 жыдлдан бастап №2213; «Қазақстан Республикасының Кеден Агенттігі мен «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ассациясының бірлескен заң тұлғаларының арасындағы ынтымақтастық туралы» мемарандум; 25. 02. 2003 жылдан бастап №НК-43 «салық бақылауындағы электрондық құралдарды қолдану саласындағы ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы» келісім; «Халықаралық және халықаралық қатынастардағы автокөлік арқылы тасымалдауды бақылауды Республикалық Автоматтандырылған жүйесін және Ақпараттық қамтамасыз етудіқұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қауылысы, 22. 05. 1997 жылдан бастап №861; 20. 05. 2003 жылдан бастап №229 «Тауарлар мен көлік құралдарынмағлұмдау туралы» келісім; 13. 06. 2000 жылдан бастап «Қзақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министірлігі мен Тәжікстан үкіметінің қарамағындағы кеден комитетінің арасындағы контробанла мен кеден ережелерінбұзуға қарсы, сонымен қатар қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі заттардың, психотроптық заттардың және прикурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу ынтымақтастығы туралы келісім»; 02. 09. 1999 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министірлігі мен Армения Республикасы үкіметінің қарамағындағы кеден комитетінің арасындағы контробанда және кеден ережелерін бұзуға қарсы, сонымен қатар қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттардың және прикурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізуынтымақтастығы туралы келісім»; 29. 04. 2000 жылдан бастап №01-10/13 «Ресей Федерациясынан Ресей федерациясына Қазақстан Республикасы арқылы және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы территориясы арқылы жүретін теміржол көлігі арқылы тасымалданатын тауарларды Ресейлік және Қазақстандық кеден органдарының кеден бақылауының технологиялық сызбасы». Көріп отырғанымыздай, кеден органдары сыртқы экономикалық байланыстарда және Қазақстан халқының құқықтарымен мүдделерін қорғау салаларында мемлекеттік саясаттыжүргізетін құрал ретінде көрінеді.

Осыған орай таңдалған тақырыптың өзектілігімен оның практикалық құндылығы айтарлықтай.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі тақырыптың оның мақсаттары мен міндеттерін айқындады.

Зерттеу мақсаты: кеден бақылау органдарының құқықтық базасын және арнайы оқу құралдарын зерттеу және практикалық материалдарды талдау негізінде Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметін әрі қарай жетілдірудің жолдарын айқындау.

Зерттеу мақсатына орай келесі міндеттерді орындау көзделіп отыр:

  • Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметінің құқықтық негіздерімен танысу;
  • Павлодар облысы бойынша кеден бақылау департаменті қызметінің нәтежелерін талдау;
  • Кеден органдары қызметінің мәселелерін айқындау және оларды шешу жолдарын табу.

Зерттеу нысаны: кеден органдары қызметін іске асыру үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Жұмыстың методологиялық негізі болып кеден органдар қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, шетел және отандық ғалымдардың монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары, зерттеу тақырыбына қатысты мерзімді басылымдардың жариялымдары.

Салыстырмалы талдау 2004 - 2005 жылғы Павлодар облысы бойынша кеден дік бақылау департаменттің материалдары негізінде жасалды.

1 тарау. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні және мазмұны.

  1. Кеден жүйесіндегі басқару туралы түсінік, оның нысаны мен субъектісі.

1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін, дербес мемлекеттің егемендігін және экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеден органдарын құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Президентті нің жарлығымен 1991 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының кеден комитеті құрылды.

Қысқа мерзім ішінде негізгі бағыттар құрылды. Қазақстан Республикасы сыртқы және ішкі саясаттың құрылымдық бөлігі болып саналатын біртұтас кеден саясаты жасалды. Кеден ісінің нормативтік базасы құрылды және дамытылыпжатыр, кадрлар құрамы қалыптастырылды, кеден органдарын басқарудың жүйесі қызмет етіп жатыр, кеден инфрақұрылымының қалыптасуы аяқталды, кеден құқық бұзуларға қарсы күрес жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының кеден қызметі құрылу сәтінен бастап әртүрлі құрылымдық өзгерістерді басынан кешірді: 1992 жылдың қараша айында Бас кеден басқармасы құрылды, кейін - Қазақстан Республикасының кеден комитеті (орталық орган мәртебесінде, Үкімет құрамында емес, бірақ оның қарамағында), 1997 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік Кіріс министірлігінің мемлекеттік кеден еомитеті.

2002 жылдың 28-тамызда мемлекеттік Кіріс министірлігі қайта ұйымдастырылды және кеден ісі саласындағы өз қызметін Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган ретінде саналатын Қазақстан Республикасының кеден комитетіне тапсырылды.

Қараша айында Қаржы министірлігінің құрамына кеден бақылау комитетін құру туралы шешім қабылданды.

Қайта ұйымдастыру және алғашқы жетекшілердің жиі ауысуы тәжіребелі қызметкерлердің жұмыстан шығуына, аппаратқа және кеден мекемелеріне жаңа кадрлардың жинақталуына себеп болды. Бұл Қазақстан Республикасы кеден органдарына жүктелген міндеттердің орныдалу сапасына теріс әсерін тигізді. Бұл кеден саласын мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқару қойылғанмақсаттарға жету үшін жоспарлау, ұйымдастыру, дәж ету және бақылау үрдістерін көздейді.

«Басқару» түсінігі көп қырлы және адам іс-әрекетінің көптеген салаларында қолданылады. Әртүрлі әлеуметтік, экономикалық жүйелерде (кеден қызметі де осыған жатады) «басқару» түсінігі түрліше айқындалады. Басқару саласындағы көптеген ресейлік ғалымдар былай деп есептейді: «біріктіру үрдісі арқылы кәсіби дайындалған мамандар мақсаттарды қою және оларды іске асыру тәсілдерін әзірлеу арқылы ұйымдарды және басқаруды қалыптастырады». Мысалға, кеден қызметінің теориясы мен тәжіребесінен алынған «басқару» терминін алайық. Мұндағы, «басқару дегеніміз практикалық шешімдерді қабылдау жолымен адамдардың ұйыдасқан ұжымына әсерін тигізетін және оларды сыртқы және ішкі жағдайларда мақсатқабағытталған мінез құлқысы қамтамасыз ететін ақпараттық үрдіс».

Ресей ғалымы А. Д. Ершовтың пікірі бойынша, «басқару дегеніміз - жүйенің бөлінбесқасиеті - құрылымды сақтауға, ішкі және сыртқы қатынастарды нығайтуға және шешімдердіқабылдау арқылы қойған мақсаттарды орындауға бағыталған әсер ету үрдісі».

Кеден жүйесін басқару дегеніміз - онымен тіл табыса білу, оның ішкі семантикалық тиісін түсіну және қолдану. Кеден жүйесіндегі басқаруды оның элементтер мен бөлшектерінің арасындағы байланыстарды, бүкіл жүйенің динамикалық әсерлесулері терең зерттеудің объектісі болған жағдайда жақсы түсінуге болады. Кеден жүйесіндегі басқарудың маңызды ұстанымдардың бірі - қызмет баспалдақтарын, жүйе салымдарын міндеттейтін біртұтастылық принципі: белгілі бір жүйелер басқа жүйелердің жүйешелеріболуы мүмкін, яғни жүйелер жүйешелерде құралады және басқа үлкен жүйенің құрамына енеді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамына енеді. Бұл ұстаным кеден ісінің құбылысын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен, кеден ісі - тұтас жиынтық, оның құрастырушы бөлшектері: кеден қадағалау орны, кедендер, бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын аймақтық кедендік бөлімшелер. Бұл құрастырушы бөлшектер жеке тұрғанда біртұтастықта болғандағы қасиеттерге ие бола алмайды, жүйенің біртұтастығында көрінетін қасиет құбылыстың реті болып табылады.

Осылайша, кеден жүйесінің мәні кеден ісінің ішкі мазмұнының берілудың біртұтастығында білінеді: өз кезегінде кеден ісінің ішкі мазмұнының негізгі қызметі арқылы көрінеді. Кеден жүйесінің негізгі қызметі халықаралық алмасу прцесін реттілікпен және үйлесімдіреттеу қабілеттілігі. Бұл кеден ісінің тағайындалуы болып саналады.

Кеден жүйесіндегі басқарудың екінші маңызды принципі - тәріздес принципі. Бұл принципті белгілі бір жүйелер санынан құралған күрделі кеден жүйесінің нақты үлгісінде қарастыруға болады. Кеден бекеті нақты аймақтық кеден бөлімшесінің құрамына енеді, ал бұл өз кезегінде қаржы министірлігінің қарамағындағы кеден бақылау комитет жүйесінің негізін құрайды. Осыған орай, кеден жүйесі бөлшектерінің орналасуы және әсерлесуі элементтердің, компанентердің қарым-қатынасын айқындауға мүмкіндік береді. Бұлар болмаса, қызмет етудің, тұрақтылық, үнемдеушілігін дәрежесінің және басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін т. б. сапалардың себептері туралы сөз етуге болмайды.

Қазіргі кеден комитеті мемлекеттік бюджетті молайтудың негізгі көзі болып табылады. Оларға мыналар жатады:

  • кеден ісі жөнінде өкілетті орган;
  • облыстар бойынша және республикалық мәндегі Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттар;
  • кедендер;
  • кеден бекеттері;
  • Қазақстан Республикасы кеден шекараларындағы бақылау-өткізу пунктары;
  • Арнайы кеден мекемелері.

Кеден ісіндегі міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы бойынша Астана және Алматы қалаларында арнайы кеден лабороториялар, кинологиялық, есептеу орталықтары және т. б. арнайы кеден мекемелері құрылды.

Кеден ісі жөніндегі өкілетті орган заңды тұлға болып саналады және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ережелер негізінде қызмет етеді.

Кеден ісі жөніндегі аймақтық органдар заңды тұлға болып саналады және кеден ісі жөніндегі өкілетті органның бекіткен ереженің негізінде қызмет етеді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кеден органдары 14 халықаралық мәндегі автожолдарды, 73 республикалық мәндегі автожолдарды, 17 темір дол тараптарды, 13 аэропорт (мұнда өткізу пунктары қызмет етеді) және 1 теңіз порты (Ақтау порты) .

Шектесетін мемлекеттермен шекаралардың ұзақтығы төмендегідегі:

  • Ресей Федерациясымен 6980 км. ;
  • Қытай халық республикасымен 1560 км. ;
  • Қырғыз Республикасымен 1070 км. ;
  • Өзбекстан Республикасымен 2310 км. ;
  • Түрікмен Республикасымен 450 км. .

Қазіргі таңда кеден органдарының құрылымы мен қызметін ашатын 2003 жылдың 1-мамырда күшке енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі қызмет етеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында кеден ісінің ұстанымдары мыналар:

  • заңдылық принципі;
  • құқықты қорғауға және заң алдында тең болуды, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы басқа кызметіндегі қатысушылардың құқықтарын сыйлауды және сақтауды қамтамасыз ету принципі;
  • жариялық принципі.

2005 жылдың 20-маусымнан астап Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне 103 өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

  1. Кеден жүйесіндегі басқарудың нысаны мен субъектісі түсінігі.

Нысандық - пракикалық іс-әрекетте және кеден ісін тануда «нысан» мен «субьект» түсініктерінің мәні ерекше. Бұл түсініктерін әуелде философиялық мәнде пайда болды да, кейін нақты ғылымдарда пайдалана бастады.

Философиялық тұрғыдан алғанда нысан (латынша - objectum - нысан, латынша objection - алдына тастаймын қарама-қарсы қоямын) - оның нысандық сипаттаманы - танымдық іс-әрекетте субьектіге қарама-қарсы тұруы. Нысан түсінігінің қазіргі сипаттамасы Р. Декарттан бастау алады. Мұнда нысан мен субьектінің бір-біріне қарама-қарсы тұруы танудың шығу орны, саның ішінде дұрыстық көз қарасы тұрғысынан білімнің негізінде көріді.

Субьект түсінігі (лаынша subjectus - астында жатқан, негізде орналасқан, sub - астында, jacio - негіз қалау) философиялық тұрғыдан алғанда нысандық сипаттамалы-танымдық іс-әрекеттің жеке тұлғаның немесе адамдар тобының, нысанға бағытталған белсенділіктің иесі.

Ресей ғалымы А. Д. Ершовтың көзқарасы бойынша, әр түрлі бөлімдер салаларында нысан мен субьект түсініктерінің өзінің айырымдық ерекшеліктері және сипаттамалары болады. Мысалы, экономикалық және құқықтық іс-әрекет күрделі астасын жатқан кеден ісінде бұл түсініктердің сипаттамасы, экономикалық-құқықтық реттеудің қай бөлігі әрекетке түсіп жатыр, соған тығыз байланысты (кеден операцияларын іске асырып жатқан сәтте) .

Кеден ісіндегі басқару нысаны дегеніміз - басқарудың субъектісі болып табылатын кеден органдарының тарапынан басқарушылық ықпалдар бағытталған құбылыстар. Басқарудың субъектісі кеден ісінде былай түсіндіріледі: белгілі бір мақсаттарға жету үшін алдын ала әзірленген бағдарламалар мен бағыттарға сәйкес белгілі кеден үрдістерін басшылық етудің іс-әрекетті.

Субъект дегеніміз - басқаруды ұйымдастырудың жиынтығы ретінде алынатын басқарушы жүйе. Ескертетін бір жайт, кеден жүйесіндегі басқару баспалдақтар ұстанымы негізінде құрылатындықтан, басқару субъектісі жоғары деңгейдегі кеден органдары үшін нысан болуы мүмкін.

Нысан мен субъектінің жиынтығын ресей ғалымы А. Д. Ершов төмендегідей сипаттайды:

  • басқарудың баспалдақтар (мақсатар, қызметтер, міндеттер, ұстанымдар, әдістер)
  • басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының жиынтығы (кеден органдарының түрлері; басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының түрлері) ;
  • кеден үрдістері басқарудың элементтерінің және құрылымдарының іс-әрекеттері және әрекеттесулері ретінде.

Кеден ісіндегі құқық нысаны дегініміз - кеден ісін іске асырған кезде мемлекеттің реттеу органдары (Қазақстан Республикасы қаржы министірлігінің кеден бақылау комитеті) тұрғысынан реттеу құқығы бекітуге және қорғауға тиісілі болған жағдайда пайда болатын қатынастар нормативтік құқықтық актілерде сыртқы экономикалық қызмет (кейін - СЭҚ) қатысушыларына және кеден шекарасын өтіп жатқан тұлғаларға тиіслі мінез - құқықты, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, мемлекет тараптарға мемлекет мүдделеріне жауап беретін қоғамдық мінез құлықты таңдауды ұсынады.

Кеден ісіндегі құқық субъектісі дегеніміз - заң бойынша құқықтар мен заң міндеттерін іске асыруға қабілетті тұлғалар (жеке тұлғалар немесе заң тұлғалары), яғни жеке немесе ұжымдық субъетілер. Кейбір ғалымдардың пікірінше, құқық субъекті мен құқық қатынас субъектісін анырата білу жөн.

Жүйелік қатынаудың негізгі принциптерінің бірі болып табылатын тәріздес принципі жүйе мен басқару нысанының сәйкестігін болжайды. Кеден ісіндегі басқару жүйесі көлеміне борабер болуы тиіс, сондықтан жүйе жұмысының төмен тиімділігін зерттеліп жатқан нысанның сипаттамалы таным дәрежесінде іздеу керек.

Жаңа әдебиеттерде кеден ісіндегі нысанды текке алудың қажеті жоқ деген пікірлер бар. Басқарудың нысаны адам іс-әрекеті түрлерінің үрдістері немесе процедуралары мен операциялары болып табылады деген пікірлер жиі кездеседі. Бірақ та мұндағы басқару нысаны ретіндегі үрдісті таңдау орнынды, егер сөз өндіріс үрдісі жөнінде жүріп жатса. «Басқару» терминінің өзі үрдіс болып саналады.

Кеден және экономикалық «әдебиеттерде кеденді басқару» «сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару» сияқты теминдер жиі қолданылады. Бірақ Қазақстандық ғалым С. Т. Алибекованың пікірі бойынша, бұл термин дұрыс емес, өйткені қозғалмалы мүлікті, ғимараттарды, жүру жолдарын және т. б. осы сияқтыларды қалай басқаруға болады. Кеден ісі көзқарасы тұрғысынан бұл олардың кеңістікте және уақытты орын ауысуы. Сондықтан мұнда кедендігі «Басқару» немесе кеден істерін басшылыққа алу айту орнынды.

Басқа да пікірлер бар, басқарудың объектісі ретінде іс-әрекеттің орныққан тізбектілігі сияқты іс-әрекет бағдарламасын санау жөн. Ресей ғалымы Н. И. Бондеретқа былай дейді: «әлеуметтік жүйеде басқару нысаны адам емес оның іс-әрекет бағдарламасы болып табылады». Дұрыстығына келгенде басқару нысаны ретінде бағдарламаны емес, іс-әрекет бағдарламасы нәтижесінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты санауға болады.

Кеден ісіндегі басқарудың күрделі нысандары өзінің көп қырлығығымен және үлкен кеңістік-уақыттық және экономикалық құқық толығуымен ерекшеленеді. Кеден ісіндегі басқару мәселелерін зерттеуді жүргізу үшін оған әсер ететін басқарыдың сипатына сәйкес «жүктеу» жүйесінің классификациясын жүргізу қажет.

Кеден жүйесіне кірудің «жүктеуін» келесі сызбада көрсетуге болады:

Кіруді жүктеу (басқару нысаны)

тауарлар көлік құралдары тұлғалар қызмет көрсетулер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Арнайы кедендік статистика
Қазақстан Республикасының салық органдарының қызметтері
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz