Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

К I Р I С П Е2

1. Тарау Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi9

1. 1. Тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдаудағы өзге іс-әрекеттерi:10

1. 2. Кеден органдарының құқықтары мен өкiлеттiлiгi16

1. 3 Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері24

1. 4. Тауардың шығарылуы туралы сертификат беру шарттары33

1. 5 Халықаралық ұйымдардың кеден iсiмен қатынасы37

2 тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын еткізудегi алдын ала операциялар44

2. 1. Тауарлар мен көлiк құралдарын бақылаудағы қажеттi құралдарды және кедендiк режимдердi талдау44

2. 1. 1. Бажсыз сауда дүкенi47

2. 1. 2. Кедендiк транзит54

2. 1. 3. Кедендiк идентификация59

2. 1. 4. Уақытша сақтау62

2. 2. Тауарлардың кедендік режимдері87

Қ о р ы т ы н д ы95

К I Р I С П Е

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бакылаудың, кедендік режимдерді колданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы ерекше бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Рөспубликасының Конституциясына негізделеді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Кеден ісі саласында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы талаптарды бұза отырып еткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.

Жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының аумағында кедендік бақылаудағы тауарларды пайдалану мен оларға иелік ету құқығы бар тұлға; тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар; тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген шаралар; салықтар -тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз; кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету - осы Кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың осы Кодексте белгіленген әдістері; тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу - тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген әдіспен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету жөнінде іс-әрекеттер жасау; тасымалдаушы - тауарларды іс жүзінде өткізуші не келік құралын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға; тауарларды алушы - кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға; өткізу пункті - адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу үшін Қазақстан Республикасының үкіметі және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгілеген автомобиль, темір жол вокзалының, станциясының, әуежайдың, аэрадромның, теңіз, өзен портының не өзге де жабдықталған орынның шегіндегі аумақ (аумақтың бір белігі) ; мамандандырылған кеден мекемелері - кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер; электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы; кедендік әкімшілік жүргізу - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс- әрекеттер мен шаралар жиынтығы; кедендік декларация - тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат; кедендік инфрақұрылым - кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар; кедендік бақылау -Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы; кедендік рәсімдеу -тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы; көдендік операциялар - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер; жөнелтуші кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы; межелі кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы; кедендік баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкөткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі; кедендік рәсімдер - Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедөндік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы; көдендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, осы Кодексте белгіленгөн нормалардың жиынтығы; кедендік алымдар - Қазақстан Республикасының көден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері; кедендік алып жүру -Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі; кедендік тариф - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі; кеден терминалы -Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын; тауар -Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ көлік құралдары, бұған көлік құралдары кірмейді; кедендік бақылаудағы тауарлар - осы Кодекске сәйкес кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар; көлік құжаттары - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы тауарларды өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлік туралы заң актілеріндө және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге дө құжаттар; тауарларға ілеспе құжаттар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары; көлік құралы - халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру үшін қолданылатын және осы көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін техникалық паспортпен немесе техникалық формулярмен көзделген қосалқы бөлшектерді, керек- жарақтары мен жабдықтарды, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда, теңіз, ішкі су, әуе кемесі, механикалық көлік құралы; кеден ісі мәсөлелері женіндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында кеден ісіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; шартты түрде шығару - тауарлар мен көлік құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билік ету жөніндегі шарттарға орай шығару; сыртқы экономикалық қызметке қатысушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға; электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық - цифрлық нысанда берілген және электрондық - цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстьпын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

1. Тарау Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi

Қазақстан Республикасы кеден заңдарының басқа да арнаулы ұғымдары айқындалатын маңынада пайдаланылады. Қазақстан Республикасы заңдарының азаматтық және басқа да салаларының ұжымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңдарының бұл салаларында олар қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелері Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету құқығы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тән негіздерде құқығы бар. Қазақстан Республикасыныңзаң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасын кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан шекарасы арқылы өткізу тәртібі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады.

1. 1. Тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдаудағы өзге іс-әрекеттерi:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі) ;

2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;

3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шьғу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;

4) Қазақстан Рөспубликасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта женелтімдерін халықаралық почта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және сәйкес жүзеге асырылады.

Кедендік ресімдеу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік ресімделуге тиіс. Кедендік режимді таңдау және өзгерту .

1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.

2. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін түтас көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау. Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.

Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу көздөлмесе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге не тиісінше аталған аумаққа қайтарылуға жатады. Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам тасымалдауш жузеге асырды. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жібереді.

Тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгенге дейін оларды пайдалану мен оларға билік ету көзделген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгеннен кейін оларды пайдалану және оларға билік ету мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Шартты түрде жіберу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік телемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс. Шартты түрде жіберілген жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.

Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Кедендік бақылауды белгіленген тәртіп пен нысандарда Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының кеден органдары. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылымы мен қызметі Қазақстан Республикасының кеден органдары.

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Кеден органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары) :

1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;

2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері) ;

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан шекарасындағы бақылау- өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.

3. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақты белімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

5. Кеден бекеттері мен бақылау-еткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

6. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.

9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Кеден органдары қызметінің принциптері Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3) жариялылық принциптерінде құрылады.

Кеден органдарының міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6) Қазақстан сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Рөспубликасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеру
Кедендік операцияларды жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Астана жаңа қаласындағы кеден органында тауарларды ресімдеудің ерекшеліктері
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Экспорт және импорт тауарлары бойынша валюталық бақылау. Валюта заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz