Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері

Қазақстанда кеден ережелеріне сәйкес кеден шекарасы арқылы тауарлар және көлік құралдары өткізіледі

Бастапқыда атап өткендей, кеден ережесі (режимі) - бұл кеден мақсаты үшін Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының статусын айқындайтын ережелер жинағы.

Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңында тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимі түрлерінің жалпы тізімі көрсетілген. Атап айтқанда:

  1. Ерікті айналымға шығару.
  2. Реимпорт.
  3. Транзит.
  4. Кеден қоймасы.
  5. Бажсыз сауда дүкені.
  6. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу.
  7. Кедендік бақылау мен тауарларды қайта өңдеу.
  8. Уақытша әкелу.
  9. Уақытша әкету.
  10. Еркін кеден шекарасы.
  11. Еркін қойма.
  12. Кеден аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу.
  13. Экспорт.
  14. Реэкпорт.
  15. Тауарларды жою.
  16. Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту.
  17. Арнайы кедендік режим.

Кеден режимдері сауда, өнеркәсіпті және халықаралық тасымалдау мақсаты үшін орнатылады.

Кез-келген жүйеге шығу ұшін, кедендік- бағдарламалық операциялар жүргізу арқылы “жүкті ” өткізудің режімдік құрлымы болады. Кеден режимдеріне нақты анықтама беретін болсақ, ғылыми көз қараста “Режим” латын тілінен аударғанда (бағыттау, ереже) яғни ережеге сәйкес бағыттау дегенді білдіреді.

Әр елдің өзінің кеден режимі болады. Кез-келген жаңа, тиімді және басқару ісі тәсілдері мен нысандарының болуына маңызды көңіл бөледі.

Халықаралық сыртқы сауда операцияларының көпшілігінде сату (сатып алумен) және импорт (экпортпен) байланысты коммерциялық қызмет көрсетіледі. Мұндай операциялардың мәні, ең алдымен келесі екі фактормен анықталады:

а) қажетті құжаттар ұсынумен шетел контрагентімен контрактының жасалуымен;

б) кеден режиміне сәйкес импорт шығарушы елден кеден шекарасы арқылы тауарлар (қызметтер) өткізу.

Сыртқы сауда операцияларының мәмілелері объектісіне қарай келесідей бөлінеді: тауарларды сату-сатып алу, құрмет көрсету, интеллектуалды меншік түріндегі мәліметтер сырқы сауда оператцияларының арасында ең басты материалдық заттық түріндегі тауарларды сату-сатып алу мәмілелерін жасау жөніндегі шешім орын алады. Мұндай түрдегі мәмілелер әр алуан тотық тауарларға сәйкес топталады: шикізат саудасы, өндірістік тауарлармен сауда, көлік және құрал-жабдықтар саудасы, тұтұнушылар тағайындалған дайын өнім саудасы және т. б. экспорттық-импорттық операциялар үшін үзіліссіз өндірісті процесті қамтамасыз етудегі бір жүйеде шикізат тауарларын өндірудегі импорт шығарушыға тән сипатталады. Мұндай контрактілер ұзақ мерзімді сипат алады. Шикізат саудасының маңызды ерекшелігі бір түсті өнімнің қасиеті және өндірушілердің көп санымен, сондай- ақ, халықаралық нарық өнімінің болуымен анықталады.

Өндірістік тауарлардың саудасына мемлекет тарапынан ықпал етіледі. Бұл ықпал әртүрлі нысандарда болады. Олар: тарифтік және тарифтік емес импортты шектеу, субсидия, кредиттеу және экспорттық өзге де артықтығы, мемлекеттік және аралас компаниялар құру, үкімет аралық ұзақ мерзімді келісімдер жасау, өндірістік тауарлармен сыртқы саудаға монополия белгілеу және т. б.

Кеңінен тұтынуға қажетті халықаралық сауда тауарлары белгілі бір ерекшелік танытады. Бұлардың ерекшелігі, негізінде өндірілетін өнімді және әр алуан түрде өндірісте көрсететін қызметтер, дайын өнімді ауыстыру және тұтыну үлкен номенклатура (тізімде) жасалады.

Әр бір кеден режимінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардың әр қайсысына тоқталып өткеніміз жөн. Оның бірі тауарлар экспорты - бұл экспортқа тағайындалған тауарлар. Экспортты тауарларына қойылған талаптар ұғыну үшін, кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібін және экспорттық операцияларды жүргізуді білу керек.

Экспортты операциялар - сатуға және тауарларды шетел контрагентінің меншігіне беру үшін тауарларды шығаруға бағытталған қызмет түрі. Экспортты операцияларға қойылатын шарттың маңызы - сыртқы нарықта тауарларды пайдалануға қойылатын сұранымның болуы.

Экспорт шығарушы операцияларды жүзеге асыру мына келесідей шешімді қабылдау керек:

  • берілген тауардың нарықта орын алуын белгілеу;

- сауда-саяси, көлік құқықтық талаптарды айқындау. Сондай-ақ, үкімет аралық келісімдерді, импорт шығаратын елдегі сыртқы сауданың мемлекеттік реттелуін, тарифтік емес барьерлерді- тыйым салынған шектеулер, квотаны пайдалану және лицензия алу тәртібін, тауары сертификатына қойылған талаптар, темір жол тарифі және фрахтілі ставкілер, сақтандыру туралы заңдарды, сондай-ақ сатып алушының елінде шетел фирмаларының қызметін реттейтін заңдарды білу керек;

  • нарықтық фирмалық құрылысын білу;
  • нарықта әр алуан нысандағы және әдістердегі жұмысты анықтау;
  • жарнамалық (рекламалық) шаралар жүргізу;
  • (оферталар) сатып алушыға ұсыныс беру;
  • саудаға қатысу немесе заказ қабылдау және бекіту;
  • келіссөздер жүргізу және контрактіге қол қою.

Соңғы шешімді қабылдағаннан және контрактіге қол қойғаннан кейін экспорт шығарушы ұйымдық бақылауға және оның орындалуына көңіл бөледі. Кәдімгі экспорт операциялары кезінде тауардың дайындығына, өз уақытында шығуға дайын тауардың хабарлануына және импорт шығаруының мекен-жайына тауарларды жіберуге, одан төлемдер алуына және өнім тапсырушының есеп алуын, төленуін, импорт шығарушының тарапынан претензияны қанағаттандыру үшін бақылау жүргізу.

Өте күрделі экспорт операциялары қосымша кезеңнен тұрады:

  • алдын-ала келісілген техникалық және басқа өндіру талаптары;
  • экспорт өнімін дайындау үшін кезеңдік бақылау жасау. Содан соң экспорт шығарушы кәсіорын тауарды тасымалдау және оны құжатпен толтыру енгізіледі.

Экспорт операцияларының қағидалы тізбесі 1-суретте

ұсынылған.

Экспорт операцияларын жүзеге асыру жөніндегі алдын-ала жұмыс келесідей не өзіне енгізеді:

а) кәсіпорын туралы келесі құжаттарды экспорт шығарушының дайындауы:

  • кәсіпорынды тіркеу жөніндегі куәлік;
  • кәсіпорынның жарғысы;
  • кәсіпорынның банкідегі шоты жөніндегі анықтамасы (тенге және валюта түріндегі) ;
  • салық төлеушінің номері;
  • кәсіпорының коды;

б) тауарларға тиесілі келесі құжаттарды экспорт шығарушының дайындауы:

  • контракт;
  • фактура шоты;
  • ТН ВЭД - сыртқы экономика қызметіндегі тауарлар тізбегі бойынша тауарлардың коды;
  • Ветеринарлық анықтама (жануар тегі бойынша тауарлар
  • үшін) немесе фито анықтама (өсімдік тегі бойына тауарлар үшін) ;
  • Лицензия;
  • өзге министрлер мен ведомостволардың рұқсат қағазы;
  • мәміле жасау құжаты (банкіде рәсімделген) .

Тауарлар экспорты- шығарылатын кезде кеден баждарын және өзге де кеден төлемдерін төлеу, экономика саясатының шараларын қолдану және өзге де Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы және өзге де заң актілерінде көрсетілген талаптар бойынша жүзеге асырылады.

Экспорт операцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі 2-ші суретте ұсынылған.

2. Жүкті тағайындалған жерге апару

- Тауарлар мен көлік құралдарын әкелгене кейін 30

минуттан кешіктірмей апару орнына тасымалдаушы бұл

туралы кеден органына хабарлайды және оған барлық

құжаттарды ұсынады. Ал, жұмыс уақытынан тыс кезде келсе,

онда жұмыстың басталғанынан кейін 30 минуттан

кешіктірмеу керек;

- Тауарлар және көлік құралдары Қазақстан Республикасының

кеден органына ұсынған кезден бастап және оны шығарғанға

дейін немесе тиісті импорт кеден режиміне сәйкес билік

етуге құқығы бар тұлғаға ұсынғанға дейін кеден

бақылаудағы уақытша сақтауға қойылады.

3. УСҚ-на /уақытша сақтау қоймасы/ (СВХ) тауарларды қою және келесі құжаттардың ұсынылуы:

- СМR - көлік - құрал қыстырмасы (қосымша9) ;

- инвойс (фактура шоты) ;

- халықаралық тасымалдауға көлік-құралдарын жіберу туралы

куәлік;

- қауіпсіздік жүгінің сертификаты;

- жүкті алушының міндеттемелік кепілдігі;

- ВТТ процетурасы бойынша тауарларды апаруға бақылау

жасайтын (ДКД) құжатты рәсімдеу;

- гигиеналық сертификат (қосымша 10) ;

- контракт;

- ТН ВЭД бойынша тауарлардың коды;

- сәйкес келу сертификаты (қосымша 11) ;

- ветериналдық анықтама (қажет болған ретте) ;

- фито анықтама (қажет болған ретте) ;

- лицензия (қажет болған ретте) ;

- министрлер немесе басқа ведомствалардың рұқсат қағазы

(қажет болған ретте) (қосымша 12, 13) ;

- мәміле жасау құжаты (валюталық контрактыны жасау

кезіндегі) ;

- көлік құралдарының құжаттары;

- көлік құралдарын, тауарларды идентификациялайтын басқа

да құжаттар, соның ішінде шетел тіліндегі құжаттар;

УСҚ-на (уақытша сақтау қоймасы) тауарларды қою қысқа декларациямен рәсімделеді.

4. Кеден төлемдерін енгізу.

Кеден төлемдері Қазақстан Республикасының валютасы немесе

шетел валютасы түрінде төленеді. Кеден төлемдеріне мыналар жатады:

  • экспорт баждары;
  • кедендік рәсімдеудегі алымдар (мұнда тауарларды сақтауға және көлік құралдарын УСҚ-сы үшін салынған алымдар) ;

5. Кедендік рәсімдеу және бақылау бөліміне беру:

  • жүк декларациясы;
  • өз атынан жүк декларациясына декларантық өкілеттігін куәландыратын құжаттар;
  • көлік құжаттары (коносаменттар, қыстырмалар жол ұсынылатын вдомоствалар) ;
  • кеден құны декларациясы;
  • тауарларды апару үшін бақылау жасалынатын құжаттар (ДКД) ;
  • мәміле төлқұжатының көшірмесі (ПС) ;
  • лицензия;
  • шарт немесе оған қосымша;
  • кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуге өзге мемлекеттік органдардың рұқсат беру қағазы;
  • кеден төлемін төлегендігін куәләндыратын құжаттар;
  • жүк декларациясының магнитті электронды көшірмесі;
  • фактура-шоты;
  • акцизденген маркіні сатып алу туралы анықтама-арыз;
  • кеден органының аталуы, декларанттың аталуы мен мекен жайы, жүк орнының саны мазмұндалған нысанда құрылған жинақ туралы арыз;
  • әрбір жүк орнындағы тауар саны туралы, жинақталмаған тауар туралы марке және жинақтау тәсілі туралы мәліметтер;

Кеден мақсатындағы өзге де қажетті құжаттар (құрылтай құжаты, шарт оған тиесілі келісім, шот-фактура және банкідегі төлем құжаты мен несие шот-нысаны және бухгалтерлік құжаттар, кеден декларациясы, лицензия, тауардың сертификаты, саны туралы мәмілеге қатыстар 3 жақтармен жасалған контрактілер, 3 жақтың төлемі үшін шоттар комиссиялық және брокерлік қызметтердің шоты, бухгалтерлік құжат, фирмадағы дайындаушылардың бағалық прейскуранты, калькуляция, өзге де құжаттар) .

6. Қазақстан Республикасы аумағынан тауарларды шығаруға рұқсат ету қағазы. Ондағы құжаттар:

  • кедендік жүк декларациясы (ГТД-3 парақ) ;
  • кендендік рәсімдеуге қажетті құжаттардың көшірмесі.

кедендік рсімдеуге

- кедендік рәсімдеуге қажетті құжаттардың көшірмесі.

7. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы және кеден бекеті аумағынан тауарлардың өткізілуі. Бұл кезеңде келесі ұсынылады.

  • кеден органының белгілеуіндегі кеден жүк декларациясы мен декларанттың өкілеттігін куәландыратын құжаттар;
  • көлік құжаттары;
  • кеден төлемдерінің төленуін немесе олардың төленгендігін қамтамасыз етілуін анықтайтын құжаттар;
  • шекарадағы кеден бекеттерінің талап ететін өзге де құжаттары.

10. Тауарларды еркін айналымға шығару. Бұл режим импорт тауарлары үшін тағайындалған.

Импорт операцияларды сату, алумен және ішкі нарықты іске асыру үшін сатып алушының еліне шетел тауарларын әкелумен байланысты коммерциялық қызметті білдіреді. Әкелінетін тауар дайын өнім болу мүмкін, сондай-ақ шикізатпен қайта өңделетін өнімде болуы мүмкін. Импорт операцияларының маңызды қойылған талабы - импорт шығарушының төлеу қабілеттілігінің болуы.

Осы операцияларды импорт шығарушы жүзеге асыру үшін мыналарды білуі тиіс:

  • нарық жүйесін, соның ішінде тұтынушылардың талабы болуын анықтау;
  • нарықтың фирмалық құрылысын;
  • сатып алудың әр мақсаттағы әдісін анықтау;
  • өнім тапсырушыларға сұраныстар жіберуді және олардан ұсыным немесе белгілі бір түрде заказ қабылдаудыбілу қажет.

Содан соң, импорт шығарушы алдын ала келіссөздер жүргізу жолымен келісілген тауар импортына өнім тапсырушымен контірактіге отырып, қол қоюкерек. Импорт шығарушы контрактінің орындалуына бақылау ұйымдастыру керек. Кәдімгі импорт операциялары кезінде ол өз алдына экспорт шығарушыға аванс төлеуі, егер бұл жағдай контрактіде көрсетілсе, атқаруға дайын тауар туарлы хабарлауды жүргізеді, тауарларды көліктендіруді қамтамасыз етуге көлік ұйымының рұқсат етуіне өтініш жібереді.

Күрделі импорт операцияларында машина және құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде мынадай қосымша кеңдерден өтіледі, жабдықтарды қабылдау және дайындауға бақылау жүргізу үшін мамандарды іс-сапарландыру және мотаждарға бақылау жасауды жүзеге асыру кезеңінен тұрады.

Еркін айналымға шығару жөніндегі режимде тауарларды өткізуге қойылатын талаптар: тауарларға қатысты кедендік баж, салықтар төлеу және өзге де кедендік төлемдер енгізу;

- экономиа саясатының шараларын сақтау және өзгеде

шектеулер.

Салықтар, өзге де кедендік төлемдерді төлеумен қатарлас

төленеді.

Еркін айналымға шығару режиміне сәйкес акцизденген тауарларды әкелудің ерекшелігі арнайы бақылау шараларын қолдану болып табылады.

Оған мыналар жатады: міндетті түрде кеден органының депозитіне тән кедендік төлемдер енгізу, акциздік алымның маркісіндегі жекелеген акцизденген тауарлардың түрлерінің маркісі, сондай-ақ акцизденген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тек кедендік бекеттер мен өткізу пункті арқылы өткізу жатады.

Заңдарда тауарлардың жекелеген түрлерінің қосымша қойылған талаптары көрсетілген:

- лицензиялау;

- сапасының сертификаты және т. б.

Экспорт операция кезіндегі құжаттар тізімін ұсыну

  • ГТД (3-парақ) жүк декларациясы;
  • Кедендік рәсімдеу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі.

Транзиттік кеден режимі. Тікелей транзитті бір елден екінші елге аумақ немесе 3 елден әуе көлігі арқылы тауарлар тасымалдау. Оған экспор та, импорт та жасайды, ал тек көлік құралдарының түрлері, әкелінген жүктердің саны, жіберілген ел және тағайындау бойынша есептелінеді.

Жанама транзит басқа елге өңделмеген түрде тауарларды шығату мақсатымен елдегі кеден қоймаларына тауарларды қою.

Жалпы ереже бойынша тауарлар транзиті еркін таңдаулы жолмен бағытпен белгіленеді. Кеден органы көлік органдарының жабдықтары жағдайында транзит режимінде тауарларды өткізуге құқылы.

Тауарлар транзиті Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатымен жүргізіледі. Ол үшін кеден деларациясы ұсынылады.

Транзит арқылы тауарларды өткізудің мынадай 2 талабы бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Арнайы кедендік режим
Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі
Тауар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібі
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
ҚР-дағы кедендік режимдерді ұйымдастыру мен реттеудің ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz