Кеден Органдарының мақсаттары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Қазақстан Республикасы Кеден Органдарының мақсаттары2

Кеден Органдарының мақсаттары2

2. Кеден бекеттерінің негізгі міндеттері:3

3. Кеден органдарының ішкі, сыртқы және аралас міндеттері. 3

Пайдаланған әдебиеттер10

Қазақстан Республикасы Кеден Органдарының мақсаттары

Кеден Органдарының мақсаттары

Қазақстан республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының экономикалық егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жай - күйі және олардың кеден ісі саласындағы міндеттерін сақтауы үшін азаматтар мен мемлекет алдына жауап береді.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметкерлері азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда осы құқықтарды қалпына келтіруге және кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етуге міндетті.

Қызмет немесе еңбек міндеттерін атқару үстінде адамдар мен олардың мүлкіне Қазақстан Республикасының кеден органдары өздерінің заңсыз шешімдері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі салдарынан келтірілген шығындар немесе әрекетсіздігі салдарынан келтірілген шығындар немесе зиян үшін жауап береді. Шығындар немесе зиян Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жалпы негіздерде өтеледі.

Кеден мақсаттары:

  • ҚР кеден саясатын жүзеге асыру;
  • орындалуы органдарына жүктелген ҚР Заңдылықтарының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету;
  • өз құзыры шегінде ҚР экономикалық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • кеден органы кадрларын дайындау, талғау, іріктеу және орналастыру;
  • кедендік бақылау арқылы ақша қаржыларын төлетуді қамтамасыз ету;
  • кеден органдарын ұстау мен дамытудың материалдық және ақшалай қаржыларын тиімді пайдалану.

Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, әдістерін және құралдарын оңтайландыру;

азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру

2. Кеден бекеттерінің негізгі міндеттері:

Кеден органдарының бірегей жүйесін кіретін бастапқы буын ол кеден бекеттері. Кедендік бекет құрамына еніп оған бағынатын кедендер басшылығымен өз жұмысын атқарады. Кеден бекетінің құлылуын, қайта құрылуын және жойылуын кеден басқармасы жүзеге асырады.

- кеден саясатын жүзеге асыру;

- өз құзыры шегінде елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау;

- кедендік бақылауды жүргізуден ақша қаржыларын төлетуді қамтамасыз ету.

Заңды тұлға мәртебесіне ие кедендік бекет сол бекетті ұстаумен дамытудың материалдық және ақшалай қаржыларын тиімді, пайдалануды қамтамасыз етеді. Міне осылардан, кеден органдары жүйесінде кеден бекетінің алатын орнымен байланысты кеденмен салыстырғанда. Кеден бекетінің міндеттері едәуір тарырақ екендігін байқауға болады.

3. Кеден органдарының ішкі, сыртқы және аралас міндеттері.

1) Ішкі міндеттері:

  1. Кеден баждарын, алымдарын, салықтарын өндіріп алу;
  2. Республика кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты белгілі бір тарифтік емес саясат шараларын анықтауға және әзірлеуге қатысу;
  3. Республикакеден шекарасы арқылы өтетін тауар айналымын жеделдетуге көмегін тигізетін кедендік бақылау мен тауарлар рәсімдеуді жүзеге асыру және оларды жетілдіру.
  4. Еліміздің кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар бойынша кеден статистикасын жүргізу;
  5. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номеклатурасын жүргізу;
  6. Республика үшін стратегиялық және т. б. өмірлік маңызы бар материалдардың Қазақстан Республикасынан шығарылуына бақылауды қамтамасыз ету;
  7. Қазақстан түрғындары - тауар тұтынушыларының мүддесін қорғау үшін мемлекеттік қауіпсіздігі сақтауға көмектесу;
  8. ҚР шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының белгіленген тәртіп бойынша өтуін қамтамасыз ету;
  9. Кеден ісінің мәселелері бойынша консультациялар мен зерттеулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  10. Мемлекеттік мекемелер үшін кеден ісі бойынша қажетті мамандарды оқытып дайындау;
  11. Мемлекеттік өкімет органдарына, ұйымдар мен азаматтарға кеден мәселелері бойынша заңдарына белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар беру.

2) Сыртқы міндеттер:

  1. өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету;
  2. кеден ісі саласындағы контрабандамен қылмыстарға, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ережелерін және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес;
  3. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы шекарасы арқылы есірткі заттырдың, психикаға әсер ететін заттардың, қару - жарақтың ҚР мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игілігі бұйымдарының, интелектуалдық меншік объектілерінің, жойылып кету қауәпә бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің т. б. тауарлардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу;
  4. Халықаралық терроризмге қарсы күрес жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы әуежайларына халықаралық азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу;
  5. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының, сондай - ақ ұйымдар мен азаматтардың осындай байланыстар шегіндегі қызметінің дамуына ықпал жасау;
  6. өз құзыры шегінде валюта бақылаудың жүзеге асыру;
  7. кеден ісіне қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  8. кеден ісіне байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу және шет мемлекеттердің кеден және т. б. кеден ісі мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтыжүзеге асыру.

3) аралас міндеттері:

Қазақстан Республикасы кеден органдары міндеттерінің әрі ішкі, әрі сыртқы жақтарын қамтуын аралас міндеттері деп айтуға болады.

Бұларға жататындар:

  1. /Қазақстан Республикасы сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын кеден саясатын жасауға және жүргізуге қатысу;
  2. /кеден ісі саласындағы заңдардың сақталуын, кеден ісін жүзеге асыру кезінде отандық және шетелдік азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  3. /сауда - экономикалық қатынастарды кедендік реттеу құралдарын қолдану.

4) Кеденші тиіс:

Отанына берілген және қызметтік міндеттіне жауапкершілікпен қарауы тиіс;

құқық және заң тарапынан қоғамдық өмірдің жағдайлары мен құбылыстарын бағалау қабілетіне ие болуы керек;

азаматтық ержүректіке ие, әділеті және шын берілген болуы тиіс;

Қазақстан Республикасының Конституциясы және қазақстан заңдарының нормаларын нақты, бұлжытпай орындауы керек;

Қазақстан Республикасы территориясындағы көлік ағымы мен халықаралық көлік ағымы туралы түсінігі болу;

- тауар сапасын сараптау түрлері мен әдістері түралы түсінігі болу;

- адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білуі керек, оларды кәсіби қызметін атқарғанда ескере білуі керек;

- ғылымның өркениеттің дамуындағы рөлін түсінуі керек, ғылым мен техника арақатынасы проблемасын және оларды күнделікті өмірде пайдалану мәселесін түсіне білуі керек;

- адамның қалыптасуында идеалдық пен материалдыктың, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қарым-қатынасын түсіне білуі керек;

- мәдениет феноменін түсінуі керек және оны түсіндіре алатындай болуы керек, оның адам өміріндегі орнын білуге тиіс, әлеуметтік тәжірибені, мәдениеттің базистік құндылықтарын иелену, сақтау және беру әдістерін білуге тиіс;

- тұлғаны игерудегі әлеуметтік жол түралы, мінез-құлықты реттеудің негізгі
заңдылықтары мен формалары туралы, әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың шығу тегі туралы, әлеуметтік үрдістердің пайда болуы туралы ғылыми негізде түсінігі болуы керек;

- билік пен саяси өмірдің пәні түралы, саяси қатынастар мен үрдістер туралы, саясат субъектілері туралы, саяси жүйелер мен саяси режимдердің қоғам өмірінде алатын орны, ролі туралы, халықаралық саяси өмір үрдістері туралы, республикадағы геосаяси жағдай, саяси үрдістер туралы, оның заманаға әлемдегі орны мен мәртебесі туралы түсінігі болуы керек;

- тұлғаның қалыптасу жағдайларын, оның бостандықтарын және өмірінің сақталуына жауапкершілікті, зорлық-зомбылыктың тарихтағы және адам мінез-құлқығындағы ролін, адамнын басқаларға және өз-өзіне қатынастығы адамгершілік міндеттерін білуі керек;

- мәдениеттің нысандары мен түрлерін, әлемнің басты мәдени-тарихи орталықтары мен аймақтарын, олардың дамуы мен әрекет етуінің заңдылықтарын білуге тиіс, Казақстан Республикасының мәдениетінің тарихын, әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі оның алатын орнын білуі керек;

- жаппай бұқаралық әлеуметтік қозғалыстардың типологиясын, пайда болуы мен дамуының негізгі қайнар көздерш, әлеуметтік өзара қарым-қатынас формаларын, әлеуметтік даму факторларын, әлеуметтік ұйымдардың типтері мен құрылымдарын білуі керек және оларға талдау жүргізе білуі керек;

- экономикалық теория негіздерін білу керек, макропропорциялардың қажеттігін және олардың ерекшелігін, макроэкономикалық деңгейдегі жағдайда, фискалдық, ақша-несиелік, әлеуметтік, инвестициялық саясаттың мәнін білу керек;

- саясаттану ілімінің теориялық және қолданбалы, аксиологиялық және инструменталдық компоненттерін білуі және ажырата алуы керек, қоғамдық саяси өмірге тұлғаның үлесін қамтамасыз етуде саяси шешімдерді дайындау және негіздеу барысында олардың алатын орны мен атқаратын қызметі жөнінде түсінігі болуы керек;

- мәдениет жетістіктерін олардың пайда болуынын тарихи контекстін білу негізінде бағалай алуы керек, мәдениетке және қоғамға қатынасының әдісі ретінде диалогқа қабілетті болуы керек, өнірдін, аймақтың мәдениетін игеру тәжірибесіне ие болуға тиіс;

- тарихи өткеніне құндылықтың қатынасы жөніндегі сұрақтар бойынша өз көзқарасын айта және негіздей білуі керек;

- табиғатты қорғау және табиғатты рационалды пайдалану қағидаларын білуі керек;

- жаратылыстану дамуының негізгі сатыларын, заманагой жаратылыстану ерекшеліктерін білуі керек, физикалық, химиялық, биологиялық және географиялық үрдістердің өзара қарым-қатынастары түралы түсінікке ие болуы керек;

адамдағы биологиялық және рухани бастамалардың өзара байланыстылығы жөнінде білуі керек;

- мемлекет пен құқық жөніндегі заманагой ілімнің негізгі ережелерін, қоғамның құқықтық өмірінің жалпы заңдылықтары мен заңдарын, оның ұйымдастырылу қағидалары мен формаларын, мемлекеттік құқықтық шындықтың тарихи үрдісінің тенденциялары мен реформаларын білуі қажет;

- қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық формада реттеу мазмұнын білуге тиіс; азаматтық құқықтық және шаруашылық дауларды шешу тәртібін білу керек;

- халықаралық құқық қағидаларын, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі және кедендік ынтымақтыстық сұрақтары бойынша маңызды халықаралық құқықтық құжаттардың мазмұнын білуге тиіс;

- халықаралық жеке құқықтың маңызды нормаларын, шетел элементі бар азаматтық құқықтық катынастарды білуі керек;

- әр түрлі аймақтың шаруашылығының аумықтық-экономикалық құрылымының заңдылықтарын білуі тиіс;

- қаржы-қаражаттық және несиелік жүйені білу керек; мемлекеттік бюджет пен оның қалыптасу қағидаларын білуге тиіс;

- тауарларды кодтау, саралау және шыққан елін анықтау қағидаларын білуі қажет;

- халықаралық көлікпен тасымалдау мәселелері мен ережелерін білуі керек;

- Қазақстанның кеден саясатын және жаңа кеден зандарын, оны қолдану практикасын білуі керек;

- ағымдағы халықаралық және Қазақстан Республикасының стандарттарын білу керек, сертификация стандарттарын білу керек;

- тұтынылушы тауарларды стандарттау, метрологиялау ережелерін білуі керек;

- кеден инфрақұрылымының негізгі буындарын және оның даму заңдылықтарын білу;

- кеден қызметі саласындағы салықтар мен салық салу ережелерін білу;

- кез келген көлік құралы түрінің техникалык құрылымын білу, алған білімін көлік құралдарын кедендік қарау барысында қолдана білу;

- жүк тасымалдау ережелерін білу;

- кеден шекарасынан өткізілетін өнімдер мен тауарлардың нарықтық атрибутикасы мен химико-биологиялық касиеттерін білу;

- статистика көрсеткіштерінің жүйесін білуі керек;

- Қазақстан Республикасының ортақ кеден саясатын іске асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және қүқықтық механизмдерінің іс жүзінде қолданылуын дайындай және қамтамасыз ете білуі керек;

- өз еңбегін ғылыми негізде үйымдастыра білуі керек;

- мемлекеттік тілде кәсіби құжаттарды дұрыс жасай алуы керек;

- өз қызметінде кәсіби лексиканы дұрыс пайдалана білуі керек;

- елдегі және шетелдердегі негізгі экономикалық оқиғаларға жалпылама талдау жасай білуі керек, экономиканың ағымдағы негізгі мәселелерінде бағыт-бағдар алу үшін қажет болатын ақпараттарды таба білуі және пайдалана білуі қажет;

- шетел тілінде әңгіме, жалпы сипаттағы және мамандығы бойынша диалог жүргізе алатын болуға тиіс, сөйлесу этикетінің ережелерін пайдалана алуы керек, мамандығы бойынша әдебиеттерде ақпарат іздеу мақсатымен, сөздік қолданбай-ақ оқы алатын болуға тиіс, мәтіндерді сөздікпен аудара алатын, шетел тілінде аннотациялар, рефераттар және іскерлік хаттар жаза алатын болуға тиіс;

- әлеуметтік талдау негіздерін игерген болу керек;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен ресми қарымқатынас тілін білу қажет;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
Кеден органдарының Қазақстанның даму стратегиясының міндеттерін жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру
Кеден әкімшілігін жүргізу
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Тауарлық кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Кедендік әкімшілігін жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz