БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ 2
1. Су көлігіндегі кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу 2
2. Теміржолдарда өткізілетін кеден бақылауы 7
3 Әуе көлігіндегі кедендік бақылаудың жүзеге асуы 11
4. Автокөлік тасымалын кедендік бақылау 14
5 Кеден бақылауының сараптамасы 18
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21

БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ

1. Су көлігіндегі кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу

Кедендік заңнама ережелеріне сәйкес тауарлар мен көлік құралдары
кедендік бақылауда, оның басталуынан аяқталуына дейін, нақты бір кедендік
режим қолдануға рұқсат етілгенге дейін, болады.
Әкелу кезінде кедендік бақылаудың басталу сәті болып, кедендік
шекарадан іс жүзінде өтуі саналады. Оған алдын-ала аумаққа тауарлар мен
көлік құралдарын әкелетіндігі жөнінде ескерту себепші болады. Сонымен,
шетелдік және отандық кемелер аумақтық суға енген бетте кедендік бақылауда
деп есептеледі. Кедендік бақылау кеме кедендік шекараны кесіп өткеннен
бастап, басталды деп және тауарлар мен көлік құралдарын жіберуге
рәсімдегенде аяқталды деп, есептелінеді.
Кедендер және кедендік бекеттер өз қызметтерін ұйымдастырғанда,
порттардың капитандары, басшыларымен тығыз байланыста болады. Сонымен
қатар, порттар орналасқан жергілікті жерлердегі әкімшілік қызметшілердің,
шекара қызметінің бөлімше және бөлімдерімен, ІІМ органдары, медициналық
санитарлық, фитосанитарлық, ветеринарлық, экологиялы бақылау, мәдени
құндылықтарды шығарылуын бақылайтын мамандардың көмегімен халықаралық теңіз
және өзіндік порттарда кеден органдары өз қызметін тиімді жүзеге асырады.
Тауарларды әкелгендігі жөнінде ескертіп болғаннан кейін, маңызды құжат
болып бақылаудың технологиялық схемасы – кедендік-шекаралық рәсімдердің
жасалғандығы жазбаша және графиктік құжатты, саналады.
Рәсімдеудің технологиялық схемалары:
1. саудалық, жолаушылық, балық аулау, отандық шетелдік кемелер шетелге
жүзгенде – келгенде және кеткенде;
2. экспорттық-импорттық тауарларды бақылауды рәсімдегенде, қайта өңдегенде;
3. жеке тұлғаларды және олардың өткізетін тауарларын бақылап және
рәсімдеген кезде қолданылады.
Әрбір шекаралық бекеттегі ерекшеліктерге байланысты құжаттарды рәсімдеу
процесіне әртүрлі технологияылқ схемалар өндіру қажеттілігі туды. Кедендік
бекетте Әскери Теңіздік Плотпен шекаралық әскерлерді қоспағанда, шетелдік
жүзудегі барлық кемелер қарасты болып келеді.
Кемелерді кедендік рәсімдеу порттардың жағасында ішкі және сыртқы
рейдтерде жүзеге асады. Теңіздерде, өзендерде қажетті қорғауды қамтамасыз
ету үшін кедендік рәсімдеу, бақылау кезінде күштердің кешені қолданылады.
Оларға: қызметтік жануарлар, кедендік бақылаудың техникалық құрал-
жабдықтары, режимдік шаралар кіреді. Порт аумағына жүк әкелу үшін рұқсат
ететін ордер немесе накладной болуы қажет. Қабылданбаған жүктер порттан
әкелінген кезеңдегі құжаттарымен шығарылады. Бірақ ол құжатта жүктің
қайтарудың себебін жазған лауазымды тұлғаның белгісі болуы керек. Шетелдік
жүзуден келген жолаушылардың және шетелдік теңізшілердің жүктері кеденнің
рұқсаты негізінде ғана порттан шығарылады.
Жолаушының кемелерді кедендік рәсімдеу, әдетте теңіздік жолаушылық
вокзалдарда жүзеге асады. Халықаралық теңіздік жолаушылық желістерде, көп
айлық жүзуден кейін көп жолаушы сиғызған жолаушылық кеме "ашық шекарада"
кедендік рәсімдеуді өтеді. Яғни, жолаушылар, кеме командалары кедендік
рәсімделіп болғаннан кейін, кемелер міндетті кедендік-шекаралық кешенді
тексеріске түседі. Оны кеден қызметкерлері, шекарашылар кеме командасының
мүшелері тексереді. Тексеріс біткеннен кейін бұл кемелерден кедендік-
шекаралық бақылау алынып тасталады.
Кеден органдары шетелдік жүзудегі кемелерді және олардағы тауарларды
кедендік бақылау кезінде:
1. Кемелік құжаттарды тексерумен;
2. Кемедегі өткізілгелі тұрған тауарларға қатысты құжаттарды тексереді;
3. Кеменің тұрғылықты және тұрғылықты емес бөлмелерін, тауарларды,
жүктерді, жолаушылардың жүктерімен қол заттарын тексерумен;
4. Кеме экипажының мүшелерінің жеке заттарын тексерумен;
5. Тиым салынған заттарды әкелуге және әкетуге, тауарларды еркін өткізуге,
валюталармен валюталық құндылықтарды еркін өткізуге кедергі болу үшін,
кеме мүлкін және дүниесін тексерумен айналысады.
Шетелдік жүзудегі кемелер "келгенде" және "кеткенде" кемелерге арнаулы
порттарда, кедендік мекеме және шекаралық-әскери бөлімшелері бар ашық
орындарда кедендік рәсімдеуден өтеді.
Кеменің кедендік-шекаралық рәсімдеу уақытында тұратын орнын, жүкті тиеу-
түсіру операцияларын, жолаушыларды түсіру және отырғызуды кеденнің және
шекара-әскерінің бақылап-өткізетін пунктінің келісімімен порттың билігі
бекітеді.
Шетелдік жүзудегі, жүктерді түсіруге және қабылдауға келген кемелер,
кеме портта тұрған мерзімде кеден бақылауында болады. Жолаушылық кемелер
тізбексіз (очередке тұрмай) рәсімделеді. Әрбір шетелдік кемеге, кеденде
пароходтық іс жүргізіледі. Портқа келеген бұл кемелердің істері жеке
журналға тіркеліп, кеденде сақталып жатады.
Кемелерді, кеме командасын жасаушыларды және тауарларды кедендік
рәсімдеу үшін, шетелдік жүзудегі кемелерге келесі құжаттар қажет:
1. Жалпы декларация – кеме жайында мәліметі бар, негізгі құжат. Онда: кеме
атауы, кеменің қай ұлттың меншігі екендігі, кеменің капитанының аты-жөні,
кемелік агенттің мекен-жайы, аты-жөні, тауарларға қысқаша сипаттамасы,
жолаушылар саны жазылады. Жалпы декларация басқа да негізгі құжаттар
сияқты кемелік мөрмен бекітіліп, кеменің капитаны немесе оның орынбасары
қол қояды.
2. Жүктік декларация – тауарлар жайлы мәліметі бар негізгі құжат. Ол
тауарлар кеме жарақтарының декларациясына енбеген болу керек. Бұл құжатта
сонымен қатар тауарларға коносаменттер нөмерлері, тауарлар түсіретін
порттар, тауарлар тиелген порттар атауы жазылады.
3. Кемелердің жарақтары жайлы декларация – кемедегі азық-түлік тауарларын,
жанар-жағармай майлары, кеме қажетіне техникалық қамтамасыз ететін
материалдық - техникалық заттар.
4. Кемелік руль – экипаж тізімі. Экипаж туралы барлық мәліметтер.
5. Жолаушылар тізімі – кеме бортындағы жолаушылар жөнінде мәліметі бар
негізгі құжат.
6. Қару-жарақ тізімі – кеме бортында бар, қару-жарақтар тізімі және саны
туралы мәліметі бар құжат.
7. Нашалар және құрамында наша бар мед. жабдықтар тізімі – кеме бортында
наша бары жайлы мәліметі бар құжат.
8. Кемедегі валюталар және валюталық құндылықтардың тізімі. Ерекше рольді
коносаментттер атқарады – бағалы қағаздардың әртүрлілігі, көлік
фирмасының агентінің қолжазбасы.
9. Жүктік манифест – коносаменттер тізімі. Кеме бортындағы барлық жүктер
жөнінде мәліметтері бар құжат.
Жоғарыда айтылған барлық құжаттар, егер оларға капитан немесе құзыретті
тұлға қол қойған кезде немесе кеме мөрімен бекітілген кезде ғана күші бар,
яғни жарамды. Ол құжаттар кеден бақылауы және рәсімдеуі үшін, кеден
органының лауазымды тұлғасына ұсынылады.
Жолаушылар және кеме командасының заттарын қарау, жеке олардың
иелерінің қатысуымен жүзеге асады, немесе олардың өкілдері болуы қажет.
Тексеріс ранайы жабдықталған дәліздерде және өтпелі порттардың тексеріс
бөлмелерінде жүзеге асады.

2. Теміржолдарда өткізілетін кеден бақылауы

Ішкі кеден органдары мен шекарашылар теміржол байланыстары желістерінде
мына орындарда кеден бақылауын жүзеге асырады:
1. Теміржол станцияларында;
2. Тікелей шекарада орналасқан, бақылау бекеттерінде;
3. Мемлекеттік шекара және шекаралық теміржол станциялары арасындағы
аралықтарда;
4. Шекара және шекаралық станция арасындағы аралықтарда;
Жеке тұлғаларды кедендік рәсімдеу былай жүзеге асады:
- жолаушылар поезында тікелей вагондарда,
- шекаралық теміржол станцияларында вокзалдарда.
Технологиялық кешенді бақылауға, рәсімдеу және бақылауға қатысушы
тұлғаларды шақырады. Кедендік бақылау желісіне қол жүгін тексерген кезде
қажет болғанда, өсімдік және жануарлық өнімдер болған кезде, малдәрігерлік
және фитосанитарлық бақылаудың қызметкерлері шақыртылады1.
Елімізге келген кезде бақылау кешеніне мыналар кіреді:
- шекаралық бақылау желісі;
- жүкті және қол жүгін алу желісі;
- фитосанитарлық және мал дәрігерлік желістермен сәйкес келетін кедендік
бақылау желісі.
Мемлекеттік органдардың қызметтерінің өзара байланыстылығын
ұйымдастыратын сұрақтарының шешімін, кедендік шекара қорғау үшін, кеденнің
бастығы айқындайды.
Жеке тұлғаларды, тауарларды және көлік құралдарын шекаралық рәсімдеу
жұмысын ұйымдасытруды, кедендік, шекаралық, дәрігерлік-санитарлық,
фитосанитарлық, мал дәрігерлік және теміржол шекаралық станцияларының
бастықтарының белсенді қатысуымен өндірілген технологиялық схема бойынша
жүзеге асырады. Өзара келісіп болғаннан кейін, схеманы шекаралық теміржол
станциясының бастығы, кеден бекетінің бастығы, шекара бекетінің бастығы,
дәрігерлік-санитарлық пункттің, мал дәрігерлік бақылаудың, милиция
жетекшілері бекітеді.
Мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық теміржол пункттерінде,
тұрғылықты ережелерді ескере отырып, теміржол станциясының шекаралық
жетекшілері, кеден және шекарашылармен бірге кедендік бақылаудың барлық
түрін өткізу үшін аумақтар, арнайы жолдар, алаңдар, бөлмелер бөліп береді.
Жабық орындарға тұлғаларды жібермеу, шекарадан заңсыз өткізбеу үшін
және де контрабандалық әрекеттер, құққа қарсы
валюталық операциялар және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін
кеден және шекарашылар қосымша режимдік шектеулер жасайды.
Халықаралық байланыс поездарын шекаралық-кедендік тексеріп жатқан
кезде, тұлғаларға поезда кіруге тиым салынады. Аттанар кезде кедендік және
төлқұжаттық тексерістен өтпеген тұлғаларды шығарып салып тұрған немсе қарсы
алып тұрған тұлғалармен мемкеме, бөлмеге кіруге тиым салынады. Шекаралық
теміржол станцияларында жолаушыларды мінгізу және түсіру, халықаралық
байланыстағы пошта, жүктер және басқа да мүліктерді түсіру тек шекаралық
және кедендік билік органдарының рұқсатымен жүзеге асады.
Шекара арқылы өткізтеін бкеттерде, өткізу режимі болады. кедендік
рәсімдеу және бақылау аймақтарына, кеден органының берген рұқсат қағазымен
ғана кіруге болады.
Бақылау бекетімен теміржол санкциясының арасының қашықтығы әртүрлі
болады. бақылау бекеті шекаралық және теміржол станциясының аумағымен
беттесіп жатуы мүмкін және ұзақтығы ондаған километрлерге жетеді. Сол
себепті шекаралық және кедендік құжат тексеру, поездармен еріп жүруді
бақылап тексеру жергілікті жағдаймен ескеріле отырылып жасалады.
1. Бақылау бекетіндегі қызметті ұйымдастыру. Теміржол станциясының
бақылау бекеті - ұзындығы (50х60) болатын поезды 1-2, 1-4 теміржол
жолдарында тексеру үшін берілген алаңдағы инженерлік құрылымды
айтамыз.
Бақылау бекетінің негізгі қызметі – жолаушылар поездың сырттай
тексеру қажет деп тапса жүктік поездарды ішкі және сыртқы жағын тексеру.
Жүк поездары мейлінше тиеліп тұрса да, келгенде де, кеткенде де
тексеріледі.
Жүк поездарын бақылау жасайтын кеден органдарының, шекара бақылауының
бөлімшелері кедендік және шекаралық бақылау үшін, пломбаланған жүк
вагондарын ашуға құқықтары бар. Вагоннан пломбаны алған кезде теміржол
станциясының өкілі қатысуы керек. Ашу актісі рәсімделіп, оған теміржол
станциясының бастығы, кеден және шекараның өткізу бекетінің бастығы қол
қояды.
Көлік-құралдары – жолаушылық және жүктік поездар, арнайы бақылау
бекеттерінде рәсімделіп, шекара арқылы өтетін көлік құралдарының арнайы
кітапшаларында тіркеуге алынады.
2. Вокзалдардағы және станциялардағы қызметтер.
Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтетін тұлғалар, тауарлар және
көлік құралдарын бақылау үшін, вокзалдарда, станция ғимараттарында, кеден
органдары, шекара әскерлері және басқа да ұйымдарға арнайы қызметтік
бөлмелер беріледі.
Шекара арқылы өтетін тұлғаларға жеке тексеріс жасау бөлмесі, ҚР
аумағына келген және кеткен кезінде кедендік рәсімдеу жасау бөлмесі,
төлқұжаттық-кедендік шекаралық басқа да технологиялық тексерістер өткізу
үшін арнайы дәліздер жабдықтандырылады.
Шетелден келуші немесе шетелге шығушы тұлғалар шекаралық бақылауды
және кедендік рәсімдерді жоғарыда айтылған дәліздерде өтеді, ал қалғандары
тікелей поезда жүзеге асады.
3. Тауарлық поездарды кедендік бақылау. Тауарлық поездар және
олардағы тауарлар, көлік құралдары, жүктер мемлекеттен шыққанда
және еліміздің аумағына әкелінгенде басқа да тауарлар сияқты
кедендік бақылауға түседі. Локомотивтер және қозғалушы құрамдар,
көлік құралы ретінде тек теміржол станцияларында рәсімделеді, ал
тасымалданатын тауарлар ішкі кеденде және шекарада да рәсімделе
береді.

3 Әуе көлігіндегі кедендік бақылаудың жүзеге асуы

Әуе тасымалына кедендік бақылау халықаралық әуежайларда мына
әрекеттерді жүзеге асыру арқылы өтеді:
- халықаралық жолаушылық байланыстарда тасымалданатын тауарларға бақылау;
- көлік құралдарын (әуе кемелерін) бақылау;
- әуежай аймағын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау
Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше нысандары ретінде
Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі
Карантиндік тексеру
Кедендік тексермелеу техникалық құралдары
Тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеру
Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқаруы
Өсімдік карантині жайлы
Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
Контрабанданың түрлері
Пәндер