Қол өнерінің тарихы мен дамуы


Кіріспе.
Ағаш- адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған материалдың бірі болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор, маңызды материал.
Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең-байтақ еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз ақсап жатқан болар еді.
Сондай-ақ қазақ жері де орман-тоғайға өте бай (Республикамыздың жалпы орман қоры 22 миллион гектар) .
Бағзы замандардан-ақ адам баласы ағаштың қасиетін жоғары бағалаған.
Дүние жүзінің көптеген халықтары ағашты киелі санап, ағашқа табынған. Африка елдерінде ағашты құлатпастан (жықпастан) бұрын ағаштың түбіне пальманың майын құяды екен.
Соңғы кездерге дейін тунгустар ағашты кескенде, ағаш ауырсынып жылайды деп сеніп келген.
Белорустарда ертеректе шетен ағашын қиған адам өледі, сықырлап тұрған ағашты қиюға болмайды, себебі онда адамның қиналып тұрған жаны бар, немесе сондай ағаштан қиған үйдің тұрғындары көкжөтелмен ауырады; безі бар ағашты қиған адамға жара шығады; өсіп тұрған ағаштың қабығын аршыса мал қырылады деген сенім болған.
Поляктар жай соққан ағашты, өзегі бар қарағайды құрылысқа пайдаланбайды. Әсіресе қураған бұтағының орны қуыс болып қалған ағаш өлім шақырады деп қатты қорқады.
Орыс шаруаларында жөке ағашын қиған адам орманда адасып кетеді деген сенім болған.
Ежелгі Римнің тарихшысы әрі жазушысы Танит: - «Байырғы германдықтардың емен мен қарағай киелі ағаш, оларда бүкіл тіршілік иелерінің жаны мекендейді», - деп сенгендігін жазады.
Сол сияқты қазақта да ағашты бей-берекет кесуге тыйым салатын көптеген ырымдар бар.
Егер науқастың беті бері қарамай, қатты қиналып жатса, қиналмай тез үзіліп кетсін деп, үйдің уығын немесе тамның арысын жонатын ырым бар. Тере берсек ағашты киелі санайтын осы тектес параллельдер барлық дүние жүзінің халықтарында кездеседі.
Осыдан барып ерте кезден-ақ адамзат санасында экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ұмтылушылық, табиғатты аялау, қорғау сияқты ізгі ниет болғандығын байқаймыз.
Ағаштың қасиетін ашатын мына бір жыр жолдарын келтіре кетуді жөн көрдік.
Бір күні Қашаған жырау Есқали деген сопының үйіне келсе, сопы оның домбырасын көріп: «Шайтанның қу ағашы бұл үйге қалай келді», - деп жақтырмаған сыңай білдіреді.
Сонда Күржіманұлы Қашаған домбырасын ала сап жырды төпей жөнеледі:
. . . Келе салып сопыеке
Домбырамды боқтадың.
Домбырамды боқтасаң,
Өзімді басқа соққаның.
Сопылығың қай жақта
Шын тентекке ұсадың
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Асылы емен қарағай,
Шыққан жері су ағаш.
Жаның сая табатын,
Орман болған бұл ағаш.
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл ағаш.
Бұтақтары бүгіліп,
Көктен төмен үңіліп,
Қарның ашып келгенде,
Жүрегіңді жалғауға,
Нәсіп болған бұл ағаш.
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Мұнаралы әр жерде,
Мешіт болған бұл ағаш.
Шеберлердің қолында
Кәсіп болған бұл ағаш.
Өзіңді халық сопы дейді
Боқтағаның қай ағаш?
Бұрынғы өткен заманда,
Болған екен көп ұрыс.
Көп ұрыстың кезінде,
Жәбірейіл жәннеттен
Алып келген төрт қылыш.
Төрт қылыштың атын айтатын:
Біреуінің аты- Хамхам,
Біреуінің аты- Сәмсам,
Біреуінің аты- Зұлқажжа,
Біреуінің аты- Зұлпықар.
Қынабына солардың,
Қап та болған бұл ағаш.
Аруақты ерлерге
Жақ та болған бұл ағаш.
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл ағаш.
Дариядан өткенде
Пырақ болған бұл ағаш.
Қараңғыда жарығы
Шырақ болған бұл ағаш.
Қаріп пенен қасірге,
Қуат болған бұл ағаш.
Жетім менен жесірге,
Суат болған бұ ағаш.
Өзіңді халық сопы дейді,
Боқтағаның қай ағаш?
Өздеріңдей сопыға,
Аса болған бұл ағаш.
Аңдып жүрген шайтанға,
Таса болған бұл ағаш.
Жаңа дәрет алғанда
Сәждеге басың салғанда,
Аузыңа салған мәсуек
Ағаш емей арқан ба?
Ағашты сондай боқтайсың,
Сопыеке-ау қалай айтасың
Ағузы менен алқамды?
Домбыраны күнә десеңіз,
Жиын менен тойдікі.
Ішегін күнә десеңіз,
Жұмақтан келген қойдікі.
Пернесін күнә десеңіз,
Есебі ол- пәннің он екі.
Хазіреті Біләлдің
Құлағы екен деседі.
Тиегін күнә десеңіз,
Шиеленген сырды шешеді.
Атамыз адам пайғамбар,
Жеті сазбен жерге кеп,
Күй шертіпті деген бар.
Ол күндегі о да саз,
Бұл күндегі бұ да саз.
Сазды күнә деп жүрген,
Молдеке сенің ақылың аз.
Домбыраның бізге күнәсі аз.
Үстіңе тіккен үйіңіз,
Шақырса бұған келмей ме,
Қазірет қалпе биіңіз.
Ас салып берер табағын,
Сусын ішер аяғың,
Ағаш емей немене,
Басыңда бар ма миыңыз?
Қанша сопы болсаңда,
Кеткен жоқ па сыйыңыз . . . - деп, сопының ит терісін басына қаптаған екен.
Мінеки, халқымыздың ағаштың әртүрлі қасиеттерін жоғары бағалап, одан тұрмыста тұтынатын әртүрлі бұйымдар жасап, «Әкеден мал қалғанша тал қалсын», «Бабын тап та бақ өсір» деген нақыл сөздерді бекер айтпаған.
- Бөлім. Жалпы бөлім.
1. 1. Қол өнерінің тарихы мен дамуы.
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталды. Оған Қазақстан жеріндебұрың-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежілгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлуқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркендестігінің айғағы.
Қазақ халқы - кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетініңтікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жанжақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтырдың, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынан бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ-ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтеріледі. Революция дейіңгі қолөнердің дамуына қазақ қаумының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процессі, бұрын ұстем болып келген тұйық шаруашылықтыңыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқакөптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатыпаларықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзіне колөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, колөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде, өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан, айталық: “Балаңа ер қосып берем” немесе “Сықырлауық жасап берем”, - деп қарызға мал алып, қажетіне жұмсады. Нәтижесінде, айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу жолында өмірлері өтетін-ді.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі.
Халық қолөнер дәстүрлерін мәпелеп сақтау және олардың сан алуан салаларын қазіргі жағдайда творчестволық түрде дамыту мәселесіне ұдайы көніл бөліп келеді. ҚР мәдениет министрлігі халытық көркемөнер кәсібін дамыту мәсілесіне арналған қаулылар қабылдады. Бұл қаулыларда халықтың күнделікті тұтыну заттарын өндіру ісін одан әрі арттыру, жергілікті жұртшылықтың ұлттық ерекушеліктерін ескеру, әсіресе, қолөнер кәсібінің өнімін молайтумен бірге оның түрлерін де мелінше көбейту мәселесін көтерді. Сондай-ақ, халықтық колөнердің ағаш, тас, керамика, металл түрлерін көркемдеп өңдеу, кілем тоқу, кесте тігу сияқты сан алуан дәстурлі түрлерін мұқият зерттеп, оны жаңа жағдайға ыңғайлап, дамыту шараларын белгілеп берді. Осы, жоғарда айтылған, көркемөнер кәсіпорындарының шығаратың өнімдерінде қазақтың дәстүрлі қолөнер туындыларының үлгілері мұқият ескеріледі.
Өмірдің қай саласында болмасын оның қазіргі қалпын жақсы түсінің үші откен тарихың, тегін тереңірек зерттеп білудің қажеттігі белгілі. Сондықтан, біздің бұл еңбегіңізде қазақтың халықтық қолөнер тарихи тұрғыда зерттеуде алдымызға негізгі мақсат етіп қойдық. Революцияға дейін қазақ қолөнерінің бірнеше салалары болды. Оның ішінде ағаш, металл, тас, сүйек, мүйіз, тері мен былғарыдан әр түрлі үй бұйымдарың шаруашылық құрал-саймандарын, сан алуан ескерткіштер жасауға байланысты қалыптасқан қолөнер түрлерін қарастыруды жөн көрдік. Оның да өзіндік себебтері бар. Жоғарда көрсетілген табиғи заттары өңдеп, одан әр түрлі бұйымдар жасаумен революцияға дейін негізінен ер адамдар айналысты. Мұндай қолөнер шеберлерінің көпшілігіннің күнделікті ісі олардың негізгі кәсібіне айналған. Дегенмен, әлі де болса, қазақ шеберлері жер өндеп, мал өсіруден үзілді - кесілді мүлде қол үзе қоймады.
Октябрь революциясының жеңісінен кейін әсіресе ауыл шаруашылығын коллективтендіруге байланысты, қазақ жұртшылығы түгелге жуық қоғамдық еңбекке белсене аралысты да, қолөнер кәсібі әсәресе, оның ер адамдар айналысатын түрлері күрт төмендеді, түпті, олар өндіретің бұйымдар жаңа жағдайда байланысты өзінің қажеттілігін жойды. Өйткені, оларды күнделікті халық тұрмысынан өндірістік товарлар оңай ығыстырды. Нәтижесінде ел арасында ер адамдар қолөнеріне байланысты карікеттер үй кәсібі болу мәнің жойды деуге әбден болады. Ал, киіз басу, тоқмашылық, тігіншілік, кесте тігу сияқты әйелдер үйлесіне тиген қолөнер түрлері, керісінше жаңа жағдайға байланысты жаңғыра даму үстінде. Сондықтан да, біз бұл жұмыста осы күні ел арасынан ізін жойып бара жатқан ер адамдар айналысатың қолөнер түрлерін тарихи тұрғыда зерттеуді қаладық. Еңбекте “үйші”, “ерші”, “зергер”, “ұста”, “көнші”, “ысшы”, “етікші”, “иіші”, “тамшы” сияқты халық шеберлерін өнеріне олардың қолынан шыққан сан алуан бұйымдардың жасалу тәсіліне, көркемдік сапасыны, зергелікті ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.
Революцияға дейіңгі жарық көрген көптеген этнографиялық жазба мұра ішінде тікелей қазақтың қолөнеріне әсіресе тек қана ер адамдар арналысатың шеберліік болмысына арналған жұмыстар мүлдем болған жоқ. Әр уақытта, әр түрлі жағдайға байланысты Қазақстанда болып, жалпы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетті тұралы жазған авторлар өз еңбектеріне жергілікті шеберлер жасаған бұйымдар тұралы жалпылама мағлуматтар беруімен ғана шектеледі. Бұл жазбаларда әсіресе ел арасында өте жиі кездесетің киіз басу, тоқымашылық, сырмақ сыру, ою-өрнек сияқты әйелдер өнеріне байланысты жайларды баяндауға көп көніл бөлінді. 1
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ш. Уәліханов, М. Шорманов, Мұхаммет-Салық Бабажанов, Қ. останаев сияқты қазақ авторлары халық өмірін этнографиялық тұрғыда қарастырып, бірқыдыру еңбңктер жазды. Оларда қазақ қолөнеріне байланысты біраз деректер берілді.
ХІХ ғасырдың соңында Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі қолөнер кәсіптерінің жалпы капиталисттік қатынастардың дамуына қажетсіз түрлерін мүлдем жою керектігін уағыздаушылар да (С. А. Давыдова) болды. Мұндай реакцияшыл пікірді атақты орыс ғалымы К. М. Обручев кезінде орынды сыңға алды. Ол жергілікті қолөнер кәсібінің маңызың Россия капитализмінің пайдасына қара емес, оның өнімінің, ең алдымен, жергілікті халықтың өз қажетіне сайлығымен байланысты қарастырудың керектігін дәлелдеді.
Қазақстан жеріндегі архитектуралық ескерткіштер зерттеуде соғыстан кеңгі жылдарда біраз жұмыстар жасалды. Атап айтқанда, Т. К. Байсейтовтың Батыс Қазақстандағы архитектуралық ескерткіштер тұралы жазған еңбектері мен М. М. Мендікұловтың Маңғышлақ пен Батыс Үстірттегі архитектуралық ескеткіштер тұралы жазған кітабінан тас өңдеу өнеріне байланысты құнды деректер табуға болады.
Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын, өткені мен бүгінгісін жүйелі түрде этнографиялық тұрғыда зерттеу Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында этнографиялық бөлімінің қалыптасыуна байланысты жүргізілді. Қазақстанның әр өңірінде мекендейтің қазақ жұртшылығын материалдық мәдениетін, шаруашылық мәселелерін, жалпы мәдениеті мен тұрмысын зерттеу негізінде И. В. Захаров, В. В. Востов, Р. Д. Ходжиева сияқты этнографдың бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұл жұмыстар қазақ қолөнеріне толық арналмағанымен, олардың әр кайсынан қолөнерге байланысты нақтылы деректер табуға болады. 1950 жылдардың соңында Қазақстанның солтүстік облыстарында мекендейтің қазақ жұртшылығының революцияға дейін кәсібін этнографиялық тұрғында зерттеуде Э. А. Масановтың кандидат дессертациясы арналған еді. Бірақ, бұл қол жазба жеке кітап болып шыққан жоқ, тек оның кей бір біріндері бойынша бірнеше жеке мақалалар ғана жарық көрді.
Оқушы қауымға ұсынылып отырған бұл еңбекте ағаш, металл, сүйек, мүйіз, тері, былғары, әр түрлі тастар мен шыныларды өңдеп, олардан сан алуан үй буйымдары мен мәдениет ескерткіштерін жасай білген қазақ шеерлерін ғажайып өнерін нақтылы деректер негізінде сипатталады.
1. 2. Ағаш өңдеу өнерінің өмір жолы мен дамуы.
Революцияға дейінгі қазақ халқының өмір жолы көшпелілік, жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өтті. Осыған орай, олардың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары (мебельдері) ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалды.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына столдар, төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш тоқпақ, саба аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және басқа да көптеген бұйымдар кірді. Қазақта бұл бұйымдардың әрқайсысын дербес жасайтын арнайы маманданған шеберлер болмаған. Олай болса, әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй бұйымдарының қайсысын болсын жасаған. Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын үй бұйымдарының беттеріне ою қойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі түсті тастармен, шынылармен көркемдей білген. Ендеше, мұндай ұсталар темір, мыс, жез, күміс ұстау ісін де меңгерген шынайы өнер иелері болған. Қазақ арасында оң саусағын өнер тамған қолөнердің сан-саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз болмаған. Кейде ағайынды жігіттердің бірі ағаш ісін меңгерсе, екіншісі темір, үшіншісі күміс ісін дегендей, қолөнердің бірнеше саласын игерудің нәтижесінде олар бірігіп, үй бұйымдарының сан алуан түрін аса көркем етіп шығарды, еңбектері де өнімді болды.
Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында бұрынғы Шымкент уезінде мекендеп, «Бес ұста» атанған ағайынды бес жігіт (Құлжан, Батырқұл, Байлар, Айдарқұл, Құрманқұл) әкелерінен жасатайынан жетім қалып, сол өңірдегі ұсталарға қол бала болып жүріп, өнер үйренеді. Батырқұлдың баласы 70 жасар Нартайдың айтуынша, «Бес ұста», негізінен, ағаш өңдеу, ұсталық, зергерлік өнерді түгел меңгерген адамдар. Бұлардың әрқайсысы өмір бойы, яғни 20 ғасырдың 20-30 жылдарына дейін ұсталықты кәсіп еткен. «Бес ұста»- отырықшы жағдайда тұрған шеберлер. Олардың әрқайсысы жылына 5-6 жас шәкірт ұстап, оларға өз өнерлерін үйретіп отырған. Шәкірттеріне ақы төлемеген, шәкірттер де ұстаздарына жалданбаған. Ұстазына көмектесе жүріп, іс үйренгені мен ішкен-жеген дәм тұзына риза болатын да бір жылдан соң өз алдына бөлініп, үйренген шеберлігі бойынша кәсіп етеді. Қолы жеткенде ғана ұстазын қонаққа шақырып, сый-сияпатын көрсетіп, батасын алады екен. «Бес ұстаның» әрқайсысынан бір-бір бала болған: Олар Құлжанқұлдан- Ахмет, Батырқұлдан- Нартай, Байлардан- Пердебек, Айдарқұлдан- Асылбек, Құрманқұлдан- Сейіт. Осылардың Сейіттен басқасы түгелдей әке жолын қуып, ағаш, темір және күміс зерлеу істерін меңгерген. Бұл өнерлі жандар 1930 жылдың басынан бастап колхоз құрылысына белсене араласып, пенсияға шыққанша қоғамдық еңбекпен шұғылданған, яки колхоз шеберханаларында, дүкендерінде ұсталық құрған.
Нартай ақсақалдың айтуынша, бес ұстаның өнерлі еңбегінің ақысы мардымсыз боса керек. Олардың ағаштан жасайтын үй іші жиһаздарының бір парасы- киіз үйдің сықырлауығы, шкаф, жүкаяқ, піспек, төсек ағаш, кебеже, адалбақаннан тұрды. Осы бұйымдардың бәріне бір ат немесе құлынды бие беретінді. Комплектінің мұндай құны ешбір әшекейсіз, тек ағаш ісіне ғана төленетін, ал әркім өз жағдайына қарай оюлы, сырлы немесе сүйектетіп, күмістетіп жасатам десе, ол үшін берілетін төлем молырақ болатын да, оны алдын-ала келісім бойынша орындайтын.
Шымкент өңірінде ну орман болмағандықтан үй бұйымдарын жасайтын ағаш табу: оңайға түспеген, сондықтан Батырқұл юастаған бес ағайынды ұстаз жігіттер қазіргі Алғабас ауданының «Алғабас» совхозына қарасты шағын бұлақ басына қоныстанып, тұрақты үй, шеберхана салған, айналасына әр түрлі ағаш еккен, ол Батырқұл бағы атанған. Сол бақтың жұрнағы осы күнге дейін сақталған. Айтулы бес шебердің бір жерде тұрып, бірігіп кәсіп етуінің нәтижесінде олардың барлығы бес ұста атанып, жасағна үй бұйымдары осы күнге дейін ел арасында көптеп сақталған. Бес ұста жасаған үй бұйымдарының жоғарыда көрсетілген комплекстісінен бізге кездескендері- асадал, кебеже, жүкаяқ, төсек ағаш және адалбақан. Бұлардың бәрінің ісі біркелкі. Негізінен түрлі-түсіт бояулармен өте жақсы өрнектелген нағыз өнер туындылары деуге әбден болады. Ол бұйымдарға сәл кейінірек жеке-жеке тоқталамыз.
Көпшілік жағдайда қазақ ұсталары бірікпей-ақ, әрқайсысы жеке-жеке кәсіп еткен. Кей жерлерде мекендейтін шағын рулар ішінде ұсталардың көп болуының нәтижесінде олар сол рудың атымен де аталған. Мәселен, Баянауыл төңірегінде мекендейтін Айдабол руының Қошетер деген атасынан шыққан көптеген ұсталарды «Қошетер ұсталары» дейді екен. Бұлар «бес ұста» сияқты бірігіп істемегенмен, қолөнердің сан алуан түрін жете меңгерген жандар еді. Олар ағаш, темір, күміс, сүйек өңдеу істерін меңгерген. Бұлардың ішінде аттары атырабқа жайылған өнерлі ұсталар қатарына Есалы (XX ғасырдың 20-жылдарында дүние салған), оның баласы Әбдікәрім (60-жылдарыдың ортасында 90-ға келіп дүние салған), сияқты айтулы шеберле де аз болмаған. Қолөнерді арнайы кәсіп етпей, бос уақытында өзі үшін үй бұйымдарының кейбір түрлерін ағаштан жасайтын әуесқой шеберлер де қазақ арасында жиі кездесті. Мәселен, Баянауыл төңірегінен Қақабай Мырзабекұлы (1861-1896 жылдары) ағаштан үй бұйымдарын жасауды өзінің қартайған шағында бастап, 1932-1946 жылдар арасында, өз балалары мен келіндері үшін ер қосу мен ыдыс-аяқ және домбыра жсауды машықтаған адам. Бұл кісінің жасаған бұйымдары атақты Мақат ерші мен Есалы ұстаның үлгісімен мінсіз шабылатын, ешбір қосымша әшекейсіз-ақ, қайын безінің өңін мұқият өңдеу, өсімдік майын бірнеше қайтара үстемелеп сіңіре жағу арқылы ғана ағаш бұйымының әдемілігін қамтамасыз етіпті. Арнайы шеберханасы болмаған екен, үйде отырып-ақ қарапайым, көліңге қонымды, көздің жауын алатын әдемі бұйымдарды асықпай, баппен істей білген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz