Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
I – бөлім. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі.
Олардың талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша жүргізіледі.
Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне
тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек
етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен
ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекелеген немесе
бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып
саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың
тиіті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға
түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне
типтік ведомоствалық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз- бірі
қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар және тағы
басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның
түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың
тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың),
аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық
сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске
алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ
бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына
бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін,
сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға
берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға
арналған жеке техникалық сипатттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды
есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы
қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары
бойынша тіркелді.
Түгендеу карточкалары мен кітапшалары талдамалық есептің негізгі
түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі,
баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері,
зауыттық нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына
байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағы басқа
шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу
карточкаларының үлгілі түрі НҚ – 10 санды ведомствоаралық негізгі
құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып
отырылады.Мұндай төлқұжаттарда негізгі құралдардың техникалық сипаттамасы
және істейтін жұмыстарының түрлері және тағы да басқа деректер жазылуы
тиіс.
1.1.Негізгі құралдардың жіктелуі, түгенделуі және оларды бағалау
Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал – жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал
ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар)
және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс прцесінде
атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны
сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған
субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте
қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.Негізгі құралдар
материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да
ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары;
машиналар және құрал – жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және
құрал-жабдық); машиналар және жабдықтау; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғалар мен лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа
машиналар мен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал -сайман; өндірістік
мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп
жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын;
басқа да негізгі құралдар жатады.Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6
БЕС сәйкес ұйымдастырылады.Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің,
субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару
жүйесін анықтайды.Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі
болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі
құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып
табылады.Өндіріс прцесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал – жабдық, құрал – саймандар т.б.) әсер ету
жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын
жасайды (ғимараттар, құрал – жабдықтар, өткізгіш қондырғалар).Негізгі
өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық
көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір
өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді
көрсетеді.
Өндірістік емес негізі құрал – жабдықтар – тұтынуға арналған құрал –
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени – тұрмысты (ғимараттар, тұрғын – үй
коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ
мерзім бойы өтеуге арналған.Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және
жалға алынған болып бөлінеді.Меншік дегеніміз – субъектіге тиесілі және
оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт
бойынша басқа субъектіге алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар
болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы
001 – ші Жалға алынған негізгі құралдар баланстан тыс шотында есептейді.
Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы
кеғлісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121 – ші Жер, 122- ші
Үйлер мен ғимараттар, 123 Меншікжәне құрал – жабдықтар, өткізгіш
қондырғалар, 124 – ші Көлік құралдары, 125 – ші Басқада негізгі
құралдар шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған,істемей тұрған
(тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы
жұмыс істеп тұрған негізгі құралдыр, әрекет етіп тұрғандар болып
саналады.Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысты тоқтатылған немесе басқа
жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал –
жабдықтар.Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал – жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру тоқтатылған объектілер
есептеледі.
Заттық сипатына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып
бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшенуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер
учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б) жатады.Әрбір субъектіде негізгі
құралдар пайдалану мақсатында және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай
түрлерге (топтарға)бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер;

құрал - жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар
және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа машиналар мен құрал –
жабдық; көлік құралдары, құрал – сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;
шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар;
жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі
құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсынының құрамына енетіндер:
жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны.Жерге меншік
құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.Ондай актісі
берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті олып санадады;
үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік – мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті
– құрылыс объектілері.Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді
орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік –
құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль
жолы).Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып
табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны
өткізу қондырғалары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар).Электр желілері бойынша, мысалы, эдектр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор
жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар –күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы
машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің
бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті
болып саналады.Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор – машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға,
яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель – машиналары (тракторлар
мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар, іштей жану
двигательдері, электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтары – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек
затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал – жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш
кесетін аралар);
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар -
өлшенуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай –ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған
машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа
есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар –машиналар, аппараттар және басқа құрал –
жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш
машиналар);
көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын
қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал – сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б өңдеу
үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары).Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін заттар; еңбекті қорғауға
көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға
арналған сыйымды заттар; өндірістік арнамалы бар басқа да заттар.Басқа
мүліктік обектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда
мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар,
шкафтар, кілемдер).Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объекті бола
алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және жұмысқа
пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал –мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды
айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек
шошқалары мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.Әрбір ересек
мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер(жеміс және
жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза
плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын
өсімдіктер).Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс – жидек бере
бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық
мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын
жақсартудың шараларына жұмасалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер
учаскелерін жоспарлау, дерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан
тазарту);
басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да
салымдар.
Негізгі құрал –жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу
және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен
нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан
(мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы
т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу
шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:жер учаскелері
бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы актіде көрсетілген сатып алу
құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы , сатып алу-
сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді
мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау,
тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың
шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;құрастырады және орналастыруды
қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал –
жабдықтар бойынша – сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау
кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал –жабдықтардың пайдалануға
жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын
шығындар.Машиналар мен құрал – жабдықтарды құрастыру кезінде олардың
бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегенде жөндеу
құны.Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген
проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына
қосылады;үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде құрылыс
материалдарды , құрал – жабдықтар, құрылыс машиналар мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығыстың тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылыс салу
кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде
берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға
жұмсалған шығыстар, шығыстардың барлығы да бастапқы құжаттардың құны, т.б.
–құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға
қосылады;жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген
кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл
объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлермен ғимараттардың
пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі
шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер
ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға
(түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер
сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты
жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшгектеу барысында алынған құндылықтарды
сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны
есептелінеді;мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша –
объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал
–жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны
тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;құрылтайшылардың жарғылық
капиталына салынған негізгі құралдар -өздерінің келісілген бағасы
бойынша;субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған
негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы
бойынша , жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал –
жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын
қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;тегін
алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша –құжаттарда көрсетілген
құны алынады (құрал – жабдықтарды жеткізіп беру, оналастыруға кеткен
шығындарын қоса есептегенде);айырбас операциясы нәтижесінде алынған
оъектілердің – бастапқы
құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал
негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған
(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады.Айырбастауға бір
мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әр түрлі мақсатқа арналған объектілер
де жатады. Мсыалы, бір – біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторлар жүк
автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны
бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған
(түскен) сомасы ескеріледі;жас малдарды негізгі табынға аударған кезде –
малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;негізгі табынды қалыптастыру үшін
алынған ересек малдар бойынша - жеткізуге кеткен шығындарды қоса
есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа
да шыққан шығындар;жас өсімдіктер бойынша -өсімдіктерді еккен сәттен
пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп – баптау, көбейту, тазартуға кеткен
(алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі)
нақты шығындар;толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар бойынша- олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген
құны;жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша – жүргізілген
жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.Негізгі құралдардың бастапқы құны
өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі
құралдардың жарым – жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі
құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы
қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы құн – бұл негізігі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құн.
Баланстық құн – бұл бугалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандығы негізгі құралдардың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін – бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына
мүмкіндік беретін құн.
Жою құны- тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде
пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл
сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған
жоюқұндарының арасындағы айырмашылығы,ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі –бұл кезең ішінде негізгі құралдарды
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі- бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді;
Негізгі құралдың есебі 12- ші Негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай
мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 121- ші Жер,122-ші Ғимараттар
мен құрылғылар, 123- ші Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер, 124-
ші Көлік құралдары, 125 –ші басқа да негізгі құралдар.Сонымен бірге ,
126 – шы Аяқталмаған құрылыс шотында аяқталмаған күрделі салымдар,
көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және
бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.Негізгі құралдардың бухгалтерлік
есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын
және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы
көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы
мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген
амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі
құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың
жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың
сенімді есебін; негізгі құралдардың түгелдеуді және қайта бағалауды
мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі
құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтжелерін есепте нақты
көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.Бухгалтерлік есеп беру тәртібі (ережесі)
бойынша барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын
қамтамасыз ету үшін, сондай –ақ ұйымдағы негізгі құралдардың нақтылы бар-
жоқтығын анықтап және де олардың іске жарамдылығын бақылау мақсатында
жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет.
Ұйымдарда негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт
алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды
және тағы басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана
қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.Негізгі құралдарды жоғарыда
көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай
жағдайларда жүргізіледі:негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен
ауысқанда;негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;өрт немесе басқа да
кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты ұйым бір бағынышты
органнан екінші орган қарамағына ауыстырылған және тағы басқа жағдайларда.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін
тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп
алудары қажет:түгендеу (инвентарлық) карточкалардың, түгендеу кітапшалардың
, түгендеу тізімнің түгелдігін және олардың жағдайын немесе
жоқтығын;негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының
түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;жалға алынған немесе жалға
берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген, сондай-ақ уақытша
сақтауға алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының түгелдігін немесе
жоқтығын.Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті
түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын,
қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық
көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын және тағы да басқа керекті
мәліметтерді енгізіп жазулары керек.Түгендеу барысында кәсіпорынның
балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп тіркелімдерінде
сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген
негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы
жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек.Кәсіпорындарда
негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын
(тасымалдау құралдары, басқа жаққа күрделі жөндеуге жіберілген негізгі
құралдар және т.б.) объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала
тексеріп, түгендеу керек.Машиналар мен жабдықтар және күш беру
қондырғылары түгендеу тізіміне түгендеу нөмірі және зауыттық нөмірі тағы
басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.Кәсіпорынның бухгалтериясы негізгі
құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру
тізімдемесін жасайды.Мұндай тізімдеме түгендеу барысында анықталған
кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес
келмейтін бұрын есепке алынбаған, яғни артық шыққан немесе кем шыққан
негізгі құралдарға жасалады.Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұмысының
соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады.Бұл шешімді кәсіпорынның
басшысы бекітуі керек.Тугендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былайша
жазылады:Артық шыққан, яғни бұрын есепке алынбаған негізгі құралдардың
кіріске алынуына: Д-т: Негізгі құралдар шоттың тиістісі, К-т: Негізгі
емес қызметтен алынған басқадай кірістер шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы
жазылса,оларға анықталған тозу құнының сомасына: Д-т: Негізгі құралдың -
шоттың тиістісі, К-т: Негізгі құралдардың тозуы - шоттың тиістілері
түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
1.2.Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Субъектінің шаруашылық іс -әрекетінде бедгілеу бойынша пайдалану мақсатымен
алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып – сату мақсатымен
алынған негізгі қорлар – тауарлық – материалдық қорлар құрамында, ал
субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен
алынатын негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі
құралдарды есептесу үшін 12 Негізгі құралдар бөлімшесінің синетикалық
шоты қоладанылады.Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу
пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін. Неігізгі құралдарды қабылдау
– тапсыру актісімен (№НҚ – 1 ф.) ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет
ету мерзімін ( негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу
көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға
сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең) және жойылу құнын
(пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң
есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар,
қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.Бухгалтерия
да мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі
жүргізіледі.Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі.
Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік – сериялық
жүйе бойынша жасалады.Мысалы, үй үшін 0001 – ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал
ғимараттар үшін 0300 – ден 0399 – ға дейін және т.б нөмірлер
бөлінеді.Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісінде
келтіріледі және олш пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады,
ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін)
берілмейді.Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір
данада жүргізілетін Негізгі құралдарды есептесу мүлік түгендеу
карточкаларының тізімдемелерінде (№НҚ - 6). тіркеледі.Істен шыққан негізгі
құралдар бойынша категорияларды Архив картотекасы бөліміне қояды.Негізгі
құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті
шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды
төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу
келісім – шартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.),
жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін
проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға
келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы
баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал – жабдықтар алынады.Жер
учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын
мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу – сату шартын
ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын
салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін
шығындар (үйді бұзу үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б. ) кіреді;
сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның
ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін
жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен
ғимараттарды салғда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар,
еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың,
заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын
шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа
рұқсат алу үшін шығатын шығындар.Қажетті болып саналмайтын шығындар
(тасымал кезінде алынған
зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан
жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы
шығындар ретінде ескеріледі.Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады,
белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі
құралдар тәртібін іс жүзіндегі заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші
субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.Негізгі құрал объектілері
субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен
шығарылады:
• физикалық немесе сапалық тозу;
• шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
• басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде
беру;
• басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
• объектілерге ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
• кем шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші
субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданды.Негізгі құралдардың
жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және
тиімсіздігін анықтау үшін, сондай –ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы
ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты істейтін
комиссиялар құрылады.Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты
себептерін белгілейді, мерзімнен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды
табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық
құндылықтарды бағалайды.Есептен шығаруды Негізгі құралды есептен шығару
актісімен (№НҚ -4 ф.) екі данамен ресімделеді.Объектіні таратуға тек ұйым
басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.Жарамсыз болған және
заттай, сапалық жағынан тозу, апат, стихиялық апат, пайдаланудың нормативті
шарттардың бұзылуы, сондай-ақ құрылысқа, кеңеюге , қайта құруға және тағы
басқа себептер салдарынан жойылуға тиісті негізгі құрал – жабдықтарды
кәсіпорын балансынан есептен шығарылады.Негізгі құралдардың жарамсыздығын,
оның қалпына келтіретін жөндейдің мүмкін еместігін немесе экономикалық
тиімсіздігін субъект басшысы, бас бухгалтер, қызмет мамандары құрамына
кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия айқындайды.Кәсіпорында тұрақты
жұмыс істейтін комиссия жойылатын объектіні тікелей қарап, байқау өткізеді,
оларды есептен шығару себептерін және бұған кінәлі жауапкершілікке
тартылатын адамдарды анықтайды, кейбір тораптардың детальдардың,
материалдардың қолдануға мүмкіндігін айқындап, оларға бағалау
жүргізеді.Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс
істейтін комиссияның қызмет нәтижесі болып негізгі құрал –жабдықтарды
есептен шығару актіс (ф. № НҚ -4) табылады, оның негізінде бухгалтерияда
тиісті бухгалтерлік жазбалар жасалады.Актіде объектінің бастапқы бағасы,
бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы, объектіні бөлшектегенде
(демонтажда) алынған материалдық құндылықтарды құнын, тарату бойынша
шығындар (бөлшектеу, демонтаж және т.б.) мөлшерін, өткізудің ықтималдығы
мен таратудың жалпы қорытындысы бағасын көрсетер.Стихиялық апат пен апат
(авария) салдарынан таратылатын негізгі құрал – жабдықтар бойынша актіге
құзырлы органның стихиялық апат туралы анықтамасы, не болмаса себептері мен
айыптылары көрсетілген авария туралы актінің көшірмесі тіркелуі тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома, сондай-ақ бөлшектеуден
немесе түскен материалдар пайдалануы ықтимал бағамен кіріске алынды.
Сатудан түскен қаржы шаруашылық жүргізілетін субъектінің қарауында
қалады.Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық
жүргізуші объектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданды.
1.3.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен , жылдар мерзімінің әсерімен ,
табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде тозады. Тозудың екі түрі
болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай
келмеуі).Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)
пайда болды.Негізгі құраладардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық
прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып
келеді.Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі
құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді.Осыған орай,
пайдаланылудағы негізі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып,
құнчызданғандай болады.Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың
барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлрін, малдардың жаңа
немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі
құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып
қалады.Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар
арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі
машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық
процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын
өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал – жабдықтар
жарамсыз болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар
біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер
өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің
жекелегентүрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер
өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемнің қысқаруына әкеліп соғуы
мүмкін.Моральдық тозудың әсері нәтижесінде тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал – жабдықтар лбъектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы
(үнемді) түріне ауыстырылады.Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі
құрал – жабдықтар объектілерін қайта құрып, даңарту жұмыстарын
жүргізеді.Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары,
фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен
ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға
ұшырайды.Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық
көрінісін білдіреді.№6- шы Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп
стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация- активтің қызмет еткен мерзім бойына
амортизацияланған құнды тарату процесі.Амортизацияланған құн бастапқы құны
мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік
кезеңнің шығысы ретінде танылады.Жаңадан пайдалануға берілген негізгі
құралдар бойынша амортизация есептесу келіп түскен айдан кейінгі айдың
бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша –
шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.Толығымен
амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептесу
қорларының құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан
кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.Тоқтап тұрған негізгі құралдар
бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға
ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.Жалға алынған негізгі
құралдар бойынша амортизация есептесуді жалға беру шартының немесе шарт
талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.Одан басқа, мына
төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім
беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш
архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.Негізгі
құралдардың тозуын есептесу үшін 13 Негізгі құралдардың тозуы
бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 131 Үйлер мен ғимараттардың
тозуы, 132 Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы, 133
Көлік құралдарының тозуы, 134 Басқа негізгі құралдардың тозуы
пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың әрқайсына мнадай аралық
шоттар ашылуы мүмкін: 1 Меншікті негізгі құралдардың тозуы және 2 Ұзақ
мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы.Ұзақ мерзімге жалға
алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдарды жалға алушы
жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының есебін жүргізуші
126,935,946,821 шоттардың дебетінде және 13- ші бөлімшенің 131, 132, 133,
134 шоттарының 2- ші Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың
тозуы деп аталатын аралық шотының кредитінде көріністабады.Сатып алу құнын
төленгеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға
алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдардың тозуы 13- ші бөлімшенің 2- ші Ұзақ мерзімге жалға
алынған негізгі құралдардың тозуы деген аралық шотының дебеті бойынша
және 3- ші бөлімшенің 1- ші шотының кредиті бойынша көрсетіледі.Негізгі
құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар.Шаруашылық
жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда
, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша
жасалынады, олар;
- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорциональды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
- жеделдетіп есептен шығару;
- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятитік әдіс) есептен
шығару.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір
ғана тәсіл пайдаланады.Таңдап алған амортизацияны есептесу әдісі
субъектінің есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан
екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін.Егер де амортизацияны есептесу әдісі
өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.Ал бюджеттік мекемелер
бойынша тозудың есептесу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың
еншісінде болады.
Негізгі құралдың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты)
есептесу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде
өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі
құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып
келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
- қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген
объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты
болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының
оған тигізетін әсері т.б.)
- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялқ нормасының шегінде . Шаруашылық жүргізуші
субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан
аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100000 теңге,
5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 100000 теңгеге тең
болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы
амортизациялаушы құнның 20 % -ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге
сәйкес 18000 теңге болады.
Төменде негізгі құралдардың амортизациясы (тозуын) бірқалыпты (түзу
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz