Табиғат жағдайы және оған баға беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Территорияның табиғат жағдайы мен ресурстарына экономикалық географиялық
талдау жасау, баға беру, олардың шаруашылық пен адам өміріне әсері.

Атырау облысы

1 тарау. Табиғи-ресурстық потнециялы.

1.1 Табиғат жағдайы және оған баға беру.

Табиғат жағдайы деп -блгіл бір кезеңдегі өндіргіш күштерінің даму сатысында
адамның өмір сүруіне және тіршілік етуіне қажетті табиғат компоненттері мен
күштерін айтамыз. Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан,
1938 жылы негізі қаланған (1992 жылға дейін Гурьев облысы болып аталды).
Облыс аумағы 118,0 мың шаршы км жерді алып жатыр. Облыс халқының саны 2006
жылдың 1 желтоқсанына 479 984 мың адамды құрайды. Облыстағы орташа халық
саны (1 шаршы метр аумағына) 4,0 адамды құрайды. Атырау облысының әкімі
Рысқалиев Б.С. Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф
аумағы- көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі жағалауынан жоғары
көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған,
Қарақұм) құралған.Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі
ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). ҚазақстанРеспубликасының 2006 жылдың
басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тірелген, оның ішінде
Атырау облысының үлесіне 88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша
мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде
облысқа 2,5 млрд. тонна келеді.Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай,
олар: құрылыс өндіісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады);
калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0
млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0
млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0
мың. тонна); минералды сулардың қайнар көздері, натрий диоксиді, калции
хлориді, магний хлориді, магний сульфаты, олардың қорлары 898 млн.
куб.метрді құрайды.Жайық-Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының
ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре
тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық
пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. Атыраубалық АҚ ірі
уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий
теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы,
балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай
жасайды.Климаты қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не
жұқа қарлы), қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО,
шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында
ірі өзен – Жайық (жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі
ұзындығы – 1084 км), Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы
ірі көлдің бірі – Индер (110,5 шаршы .метр).Негізінен шөлдік-далалық
өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының
жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым.
Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін-Гурьев
қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан Астанаға
дейін – 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала, 188 селолық елді мекен, 10
поселке бар.

3. Тарау. Территорияның шаруашылық потнециялы.

3.1 Өнеркәсіп.
Атырау облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары
өнеркәсібін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 Қазақстан
Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары
өнеркәсібін  дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
туралы қаулысын орындау мақсатында әзірленген.Тұрғын үй құрылысы
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі
болып танылды және жалпы ұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі
болып табылады.Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен үймереттер
құрылысының сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік
стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын
қолдануды алдын - ала  айқындайды. Бірақ, құрылыс материалдарының
жергілікті өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық көлемде
қанағаттандырмай отыр, бұл оларды таяу және шет елдерден әкелудің
алғышартын құруда. Шаруашылық субъектілердің өз қаражаты есебінен
техникалық қайта жарақтандыру және құрылыс салу негізінен шағын кәсіпкерлік
саласында және кішігірім өндірістер шеңберінде іске асырылады. Соңғы
жылдары облыста қыш тас, көбікбетон, полиэтилен тұрбалар, жасанды мәрмәр,
металлжабынқыш, гипстік құрылыс материалдар, пластиктен жасалған терезелер,
есіктер мен әшекей әйнектер, ағаштан жасалған ұсталық бұйымдар мен басқада
өнімдер шығаратын жаңа өндірістер пайда болды. Бірақ, өңірдің құрылыс
базасында құрылған жаңа өндірістердің үлесі елеусіз, олар шығаратын өнімнің
номенклатурасы мен көлемі өңірдің құрылыс материалдарына деген негізгі
қажеттілігін қамтамасыз ету және импортты шектеу саласында өзгеріс енгізуге
жеткіліксіз. Құрылыс материалдар өнеркәсібінің даму болашағын бағалай
отырып, республикадағы өндірістік күштерді орналастырудың аумақтық
ерекшеліктері атап өтпеуге болмайды. Негізгі магистралдардың орналасуы мен
ұзындығы, тасымалдаудың жоғары көліктік және энергия ресурстарының
тарифтері шығыс және орталық өңірден жеткізілетін құрылыс материалдардың
бағасын көтеруде, бұл 1 шаршы метр тұрғын үйдің өзіндік құнын едәуір
көбейтеді.Облыстың ұзақ мерзімді даму перспективалары, өңірдің күрделі
құрылысына салынатын инвестициялардың тұрақты ағымы мен
өсімі және құрылыс өнімінің ірі рыногын құру құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың басымдығын
айқындайды.Облыстың таяу жылдардағы негізгі міндеті болып ішкі рынокты
қамтамасыз етуіне, импорттың қысқартылуына, экспорттық мүмкіндіктің
құрылуына және жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етуге мүмкіндік беретін
жаңа технологиялар мен озық техниканы игеру есебінен сапалы құрылыс
материалдар, бұйымдар мен құрастырмалар өндірісін ұйымдастыру үшін тікелей
отандық, шетел инвестицияларын тарту табылады.Осындай жағдайда өңірде осы
бағдарламаға сәйкес құрылыс материалдар, бұйымдар мен құрастырмалар
өндірісін дамыту үшін шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Тамақ
өнімдерін өндіру,сусындарды қосқанда Атырау облысы 2003 жылы 7тонна ет
және тағамдық қосымша өнімдерін өндірсе, одан кейін жөнді өндірмеген.
Сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру
Тілінген немесе жарылған бойлай, 6 мм және одан да қалың бөлікке бөлінген
немесе кесілген ағаш материалдары; ағаштан жасалған сіңдірілмеген темір жол
немесе трамвай шпалдары
мың текше метр
2003 2004 2005 2006
Атырау облысы 38,1 - - -




3.2 Ауыл шаруашылығы
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің басты мақсатыхалықты азық-түлікпен және
өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен тұрақты қамтамсыз ету. Ауыл
шаруашылығынан өндіретін өнімдер бөлшек сауданың төрттен үш бөлігін алады.
Оның жартысының көбі азық-түлік тауарлары. 2007 жылдың қаңтар-маусымда
облыс көлемінде толықтай бағалау бойынша, ағымдағы бағамен 4844,9 млн.
Теңгенің ауыл шаруашылық өнімін өндірді. Өндірген өнімнің нақты
көлеминдексі, 2006 ж сәйкес кезеңге 107,6 % құрады. 2007 жылдың 1 шілдедегі
жағдай бойынша, 2006
жылығы тиісті күнмен салыстырғанда, облыстың барлық шаруашылық санатарында
мүйізді ірі қара санының өсімі 56 %-ға, қой мен ешкі – 6,5%-ға, жылқы-5,7%-
ға, түйе-5,1%-ға жетеді. 2007 жылдың қаңтар-маусымында облыстың барлық
шаруашылық санаттарында 19,8 мың тонна ет, 28,2 мың тонна сиыр сүті, 840
мың мың дана жұмыртқа өндірілді. 2006 жылдың қаңтар-маусыммен салыстырғанда
ет өндірісі 6,9 %-ға, сүт 3,3 %-ға, жұмыртқа өндірілді.
Жерді пайдаланушылардың пайдалануындағы жерлер
Барлығы соның ішінде
барлық Серіктесакцио-нөндірішаруа өзге де ауыл
түрдегіті ерлік стік (фермер) шаруашылығы
мемлекектер қоғамдакооперқожалық-
ттік р ативтетары
шаруашы р
лықтар


2078 82 29 7 10 1996 31

Атырау облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бары
Жыл басына;

I.2 Табиғат ресурстары
Табиғат ресурстары деп өндіріс күштерінің белгілі бір даму саты сында
қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін материалдық өнімдерді өндіруге
пайдаланатын табиғат денелері мен күштерін, нақты айтқанда табиғат
ресурстарьтның өндіріс кұрал-жабдықтары мен тұтынатын өнім дерге айналуын
айтамыз. Қазақстан Республикасы жер койнауындагы пайдалы қазбалар байлығы
бойынша дүние жүзі елдерінің ішінде алдыңғы катарлы орынды алады. Кеңес
үкіметі кезенінде Қазакстанның аграрлык
индустриалдык елге айналуы, одақтық территориялық еңбек бөлінісіндегі
жетекші орын алуы. Ғалымдардың есептеуі бойынша, ҚазакстанРеспубликасы
дүние жүзінде табиғат ресурстары қоры бойынша 6-шы орын алады. Зерттелген
табиғат ресурстары қоры 10 трлн. АҚШ долл. шамасында бағаланып отыр.
Әлемдік мұнай-газ өнеркәсібінің даму тарихы 1889 ж. Пепсильва нияда (АҚШ)
ең алғашқы мұнай қондырғысының жұмыс жасауын басталады. Қазақстанда мұнай
өндіру өнеркәсібінің дамуын 1891 Қаршүңғыл (Атырау облысы) мұнай зерттеу
кезінде атылған мұнай фонтанынан бастау керек. 1911 ж. сәуір айында Доссор
мұнай кен орны ашылды. 1917жылға дейін бұл аймақта 117 мұнай өндіретін
және 166 зерттеу мұнай скважиналары жұмыс жасады. 1915 ж. Макат кен орнында
мұнай өндіру басталды. 1929 ж. Оңтүстік Мақат, Оңтүстік Байшунас,
Жаңабогатинск кен орындары ашылды. Осы жылдары Ембі мұнай-газ ауданының
тұзды-куполдық мұнай-газ құрылымы анықтала бастады. 30-шы жж. Сағыз,
Жақсымай, Шұбарқұдық, Құлсары, Қосшағыл т.б. кен орынында газ қоры
игеріліп, осы аймақта пайдаланыла бастады. 1939 ж. салынған Атырау-
Қандыағаш темір жол желісі Ембі мұнай-газ ауданын басқа өнеркәсіп
аудандармен, оның

ішінде мұнай өңдеу орталықтармен байланыс жасауға мүмкіндік берді. 1935
ж.ұзындығы 726 км Атырау-Орск мұнай құбыры салынып, Орск мұнай өңдеу
зауытында қазақстандық мұнайды өңдеуге мүмкіндік туды. 1940 мұ-най өндіру
700 мың т жетті. Соғыс жылдары (1941-1945) Ембі мұнай-газ ауданы үлкен роль
атқарады. Қазіргі уақытта Орал-Ембі мұнай-газ провинциясын қазақстандык
қара алтынның отаны, ал 1899 ж Қазақстанда мұнай өндірудің туған жылы
деп жүрміз. 1944-1945 жж Атырау мұнай өңдеу зауыты салынып, іске қосылды.
50—60-шы жж.геолгиялық барлау жұмыстары Каспий маңы ойпатында, Волга-Жайық
өзендерінің су айрықтарының батысында, Маңғыстау түбегінде жүргізілді.Соның
нәтижесінде бұл аймақтар мұнай мен газ қорына бай аудандарының қатарына
жатқызылды. Қаратон, Тереңөзек, Боранкөл, Прорва сияқты кен орындары
ашылды. Табиғат ресурстарының құнын есептегенде жан-жақты, яғни
экономикалык, рекреациялык, мәдени-эстетикальқ, эколо-гиялык, тарихтык т.б.
көзқараспен, қарау керек. Табиғат ресурстарыньң 6ip турін пайдаланғанда
екіншісіне зиян келтірмеу қажет. Қазакстан Республикасы территориясында
маңызы жағынан жер қойнау ресурстарын 4 топқа: локалдық, аймақтық,
мемлекеттік және халықаралық деп бөлуге болады.

I.2.1 Отын-энергетикалық ресурстар
Отын-энергетикалық кешен — күрделі салааралык жүйе, оның құрамына отын
өндіру, электр және жылу энергиясы, оларды тасымалдау тарату және тұтыну,
яғни көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанғыш тақта тас және электроэнергетика
өнеркәсіптері кіреді. Өндірістік инфрақұры лымға минералдық отынды өндіру,
сақтау, тасымалдау және тарату, жо ғарғы вольттык электроэнергия линиялары,
жылу беретін магистраль жүйесі, мұнай-газ құбырлары жатады. Атырау
облысында аса ірі Теңіз мұнай және газ конденсат кен орнын атау керек. Оны
игеру және басқару үшін Теңіз Шевройл бірі кен мұнай-газ компаниясы
құрылды. 1995 ж. 3 млн. т мұнай өндіріліс 2001 ж. 15 млн. т-ға дейін жетті
(елімізде барлық өндірілген мұнай 13 Атырау облысының 34), 2006 — 23
млн., 2010 ж. 32 млн. т мұнай өндіру жобаланып отыр. Өнімді әрі қарай
көбейту мұнайды тасымалдау мен тұтынуға байланысты шектеліп отыр. Кеңес
үкіметі кезеңінде Қазақстан мұнайын негізгі тұтынушы Ресей болды. Қазіргі
уақытта мұнайды құ быр арқылы халықаралық тұтынуға шығару үшін Қазакстан
шет елдері мен келісімдер жасап жатыр. 2006 жылы облыста 1226,0 млрд.
теңгеге өнеркәсіп өнімдері, ооның ішінде: 17,2 млн. Тонна шикі мұнай,
7027,3 млн текше метр табиғиғ газ,2,5 млрд. кВт. Сағат электр энергиясы
өндірілді
Атырау облысының отын-энергетикалық кешені
Мұнай,газ 16186,7 17189,3 17247,0 17210,8
конденсатын
қосқанда,мың тонна
Табиғи газ 6936,1 7302,5 7433,0 7027,3
Млн.текше м
Электр энергиясы, 2172 2316 2435 2552
млн.кВт.сағ.

ҚР аймақтары бойынша көмірсутегі ресурстарынын қоры және әр түрлі вариантта
пайдаланудың тиімділігі
Облыс Қоры I вариант II вариант ке-
шикізат түріндешенді өңдеу ар-
пайдалану кылы пайдалану
1 2 3 4
Атырау
Мұнай, млн. т 910,586 109320 364400

Газ, млн. текше м 490895,000 34370 235680


Конденсат, млн. т 188,013 15040 41360

тиімділігі, млн. долл.

Атырау облысының негізгі табиғи газ кен орындары бойынша газ өндіру болжамы
(млрд. текше м)

Кен орындарының аты 2005 2010 2015
Қарашығанақ 22-24 24-26 24-26
Теңіз 7,78-8,60 12,7-14,1 11,9-13,1
Қашаған 0,49-0,55 6,54-7,22 13,99-15,46
Өзен 1,38-1,52 1,47-1,63 1,5-1,66
Амангелді тобы 0,66-0,74 0,66-0,74 0,66-0,74
Құмкөл 0,38-0,42 0,48-0,52 0,57-0,63
Ұрықтау 0,38-0,42 0,48-0,52 0,57-0,63
Жаңажол 0,31-0,35 0,20-0,22 0,20-0,22
Жетібай 0,12-0,14 0,16-0,18 0,16-0,18

1.2.2. Минералдық-шикізат ресурстары

Қазақстан картасына қарасақ, жер қойнауында кездесетін барлық пайдалы
қазбаларды кездестіруге болады. Мұнда Менделеев кестесінің барлық
элементтері кездеседі. Республикада дүние жүзі хром рудасының 30% қоры, 26-
марганец, 10% темір рудасы орналасқан. Қазақстан минералдық тұздарға бай.
Каспий маңы ойпатының тұзды куполдарында 6 трлн.-ға жақын с және калий тұзы
бар. Атырау облысы, Индер көлінде ас тұзы, борат рудасы, гипс, глаубер тұзы
сияқты қорлар ұшырасады. Оларды өнеркәсіптік өңдеу арқылы тамаққа
пайдаланатын ас тұзы, сода, гипс, алебастр, карбид, калий тыңайтқыштары
т.б химия өнеркәсібінің салаларына шикізат ретінде қолданылады. Қыштан
құйылған отқа төзімсіз құрылыс кірпіштері, кремнеземдік тасты ұннан немесе
детатомитті топырақтан жасалған бұйымдардан басқа Атырау облысы 2003-ші
жылы 6,4 мың текше метр өндірсе, 2006-шы жылы 15,6 мың текше метр өндірген.
Бетоннан жасалған құрама құрылыс құрылымдарынан 2003 жылы 79,7 мың тонна
өндіріп, 2006 жылы 59,1 тонна ғана өндірген.2007 жылға қарай құрылыс
материалдары өнеркәсібінің негізгі түрлері бойынша өңірдің қажеттілігінің
15 % - дан  40 % - ға дейін көлемде өніммен қамтамасыз етілуін
арттыруға;құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары импортынан
облыстың тәуелділігін төмендетуге;прогрессивтік технологияларды енгізу
есебінен материалды қажетсінетін, энергияны қажетсінетін және еңбекті
қажетсінетін өндірісті қысқартуға және өнімнің өзіндік құнын
төмендетуге;саланың өндірістік әлеуетін одан әрі өсіру үшін база құруға; 
10000 астам жұмыс орнын құруға; нақты салықтың түсуін арттыруға; құрылыс
материалдары өнеркәсібінің өнімін таяу шетелдерге экспортқа шығару үшін
алғышарт құруға мүмкіндік береді.Мынадай жаңа өндірістік қуаттар құрылатын
болады:1. цемент бойынша - жылына 100 мың тонна;2. металлпрокат өндірісі
бойынша жылына 30,0 мың тонна;3. полиэтилен тұрба өндірісі бойынша - жылына
15 мың тоннаға дейін;4. қада өндірісі бойынша - тәулігіне 50 дана;5. көбік
бетон блоктар өндірісі бойынша - жылына 120,0 мың т.м.;6. құрғақ қоспалар
өндірісі жылына 10,0 мың тонна;7. гипскартон тақтайшалар өндірісі жылына
6,0 млн. ш. м.;Бұдан басқа, өңірде құрылыс материалдары өнеркәсібінің
базалық кәсіпорындарын құру аралас салаларда энергетикада, отын
өнеркәсібінде, металлургияда, сауда мен көлікте мультипликативтік
тиімділікке қол жеткізеді

I.2.3 Су ресурстары
Географиялық орнына және табиғат жағдайларына байланысты Қазақстан су
ресурстарына жетімсіз, оның ішінде ауыз суларына тапшы елдердің қатарына
жатамыз. ТМД елдерінің ішінде су ресурстарымен қамтамасыз ету жағынан
республика соңғы орындарды алады. Атырау облысының территориясы бойынша
ағып өтетін ірі өзендеріне:
Жайық (жалпы ұзындығы 2428 ш. Қазақстан бойынша 1082 ш),
Жем( 712ш);
Ойыл (800ш);
Сағыз (511 ш);
Облстың ірі көлі – Индер (110,5ш.ш);
Дүние жүзіндегі ең ірі көл — Каспий теңізі (акваториясының көлемі 374 мың
ш.ш, жағалаулық сызығының ұзындығы 6 мың ш) қазіргі уақытта экологиялық
қиын жағдайға ұшырап отыр. Бірегей су алқабында дүние жүзі көлдерінің суы
үлесінің 44%-ы тиеді,орташа ендігінің ұзындығы 310 ш, ең терең жері 1025 м.
Каспий теңізіне әлемнің 85 % осетралық (қызыл балық) балығын аулау, 90%
қара уылдырығын дайындау үлесі тиеді. Теңіздің басқада табиғи ресурстарына
байлығы (әсіресе қайраңның, мұнай мен газға), адамзаттың шаруашылық
әсерінен болатын экологиялық қолайсыз жағдайларды азайтуды керек етеді.
1974 ж. бастап Каспий теңізінің су деңгейі жылына 13-14 см-ден көтеріле
бастады. Қазіргі мерзімге дейін су деңгейі 2,5 м көторіліп, жағалауы 20-40
шақырымға дейін ұлғайды. Ғалымдардың айтуы бойынша, әлі 25-30 жыл бұл
процесс жалғаса береді.
Көптеген артезиан бассейндерінде термалдық су ресурстары Каспий маңайында
500-700 м тереңдікте кездеседі. Оларды коммуналдық мақсатқа ( жылу беруге )
және денсаулыққа қажетті минералдық су ретінде пайдалануға болады. Су
тұтыну облыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздері
Туристік - рекреациялық ресурстар туралы түсінік
Қарағанды-Теміртау өндіріс ауданының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы және дамуы
Қәсіпорынның экономикалық қорлары
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу
Пәндер