Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Ақмола облысыәкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсанандағы
№А-9578 қаулысымен бекітілген
Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
2009-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Кіріспе 3
1. Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігінің ағымдағы жай-күйін және
проблемасын талдау 3
2. Мақсаты, стратегиялық көрінісі және міндеттері 7
3. Адами капиталды алдын ала дамыту және бәсекеге қабілетті өмір сүру
жағдайын қалыптастыру 7
3.1. Халықтың денсаулығын жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету және денсаулықты
қорғау жөніндегі қызметті ұсыну сапасын арттыру 7
3.2. Білім беру жүйесін дамыту 12
3.3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жай-күйін жақсарту 16
4. Агроөнеркәсіптік секторды Ақмола облысының экспорттық жайғастырудың
негізгі бағыты ретінде дамыту 18
4.1. Ет-сүт өнімдерін қайта өңдеудің экспортқа бағытталған саласын дамыту
19
4.2. Бидайды қайта өңдеу деңгейін арттыру және осы өнімді экспорттау . 21
5. Аграрлық әлеуетті іске асыруға ықпал ететін инновацияларды жеделдетіп
дамыту 22
6. Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін көліктік инфрақұрылымды
дамыту 23
6.1. Автомобиль жолдары жай-күйінің сапасын арттыру және жол маңындағы
инфрақұрылымды дамыту 24
6.2. Автомобильмен жолаушыларды тасымалдауды қамту, сапасын,
қолжетімділігін және қауіпсіздігін арттыру 24
6.3. Теміржолда жолаушылар тасымалын және теміржол жүк тасымалының тиісті
инфрақұрылымын дамыту 25
6.4. Өңірлік және шағын авиацияны дамыту 25
7. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру 26
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Ақмола облысында едәуір әлеуметтік-
экономикалық прогресс байқалады. 1990 жылдардың бірінші жартысындағы
құлдыраудан кейінгі бастапқы кезеңде қолда бар ресурстарды, инфрақұрылымды
және өндірістік қуатты қолдауға негізделген қалпына келтіру кезеңі
басталды.
Қалпына келтіру кезеңі аяқталғаннан кейін облыстағы экономикалық
жағдай жалпы республикалық беталыспен ұласты. Құрылыс секторы экономикалық
дамудың негізгі генераторы болды, ол қаржы қаражатының маңызды ағынымен,
негізінен сыртқы көздерден қамтамасыз етілді. Бұл жағдайда жаңғырту мен
технологиялық дамуға жеткілікті назар аударылмады. Бұл беталыс ұзақ
мерзімді кезеңде тұрақты болуы мүмкін емес.
2007 жылдардың соңында әлемдік қаржы жүйесіндегі қалыптасқан жағымсыз
жағдай және нақты секторды дамытуда туындаған қиыншылықтар Ақмола облысының
дамуында жаңа тәсілдерді іздестіру қажеттілігін туындатты.
Осы қалыптасқан жағдайда бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған
экономикалық жүйе ғана ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ете алады.
Осы стратегия жаһандық және республикалық экономикадағы ауыспалы
жағдайды ескеріп, өңірдің бәсекеге қабілеттілік факторларын түбегейлі
талдау негізінде әзірленген. Ол Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігін
кешенді арттыру бағдарын белгілейді және халықтың өмір сүру сапасын
арттыруға бағытталған.

проблемасын талдау
Облыстың бәсекеге қабілеттілігін арттыру экономикалық дамудың жоғарғы
тұрақты қарқынына қол жеткізу қабілеттілігімен қорытындыланады және
халықтың өмір сүру сапасы стандарттарының өсуімен теңдестіріледі.
Дүниежүзілік экономикалық форум тәсіліне сәйкес бәсекеге қабілеттіліктің
негізгі факторлары нақты секторды, адами капиталды, инфрақұрылымды,
инновацияны дамыту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру
болып табылады.
Экономиканы дамыту және нақты сектордың бәсекеге қабілеттілік деңгейі.
Соңғы бес жылда Ақмола облысының экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша
өсу беталысымен сипатталады. Сонымен, жалпы өңірлік өнім мен инвестицияның
серпімді өсімі байқалады, ол өз кезегінде облыс тұрғындарының табысының
артуына әкелді. Бірақ, Ақмола облысының осы көрсеткіштері республикалық
орташа деңгейден төмен.
Ақмола облысы экономикасының қолданыстағы құрылымы Қазақстан
экономикасының құрылымынан едәуір ерекшеленеді. Жалпы өңірлік өнім
көлеміндегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіп үлесі 26% және 20% құрайды, ал
бұл уақытта республикада тиісінше - 6% және 28%. Осы факт өңірдің аграрлық-
индустриалдық бағыттылығын сипаттайды. Бұған қарамастан, облыстағы ауыл
шаруашылығының және өңдеу өнеркәсібінің өндіргіштік деңгейі Қазақстан
бойынша төмен, ол Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмен
екендігін айқындайды.
Инновацияны дамыту. Ақмола облысы ғылыми әлеуеті салыстырмалы төменгі
деңгейдегі өңірлердің тобына кіреді.
Ауыл шаруашылық және медициналық ғылымдар (9,0%) Ақмола облысындағы
ҒЗТКЖ-ның басымды салалары болып табылады.
Адами капиталды дамыту. 2008 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Ақмола
облысында 96 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Тұрақты
жұмыс істейтін (жылына 10 айдан артық жұмыс істейтін) мектепке дейінгі
ұйымдардың балалармен қамтылу коэффициенті 34,5% құрайды, ол Қазақстан
бойынша орташа көрсеткіштен сәл жоғары. Сонымен қатар, Целиноград 5,4%,
Еңбекшіл 9,9%, Астрахан - 14,7%, Сандықтау - 18%, Бұланды - 19,4%, және
Зеренді - 20,3% аудандарында мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
мекемелерінде балалармен қамтылу деңгейі төмен. Кадрлық проблема өзекті
мәселе болып қала береді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 1843
педагог жұмыс істейді. Педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі, төменгі
еңбекақы проблемасы қалыптасқан.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының алты ауданында: Егіндікөл,
Еңбекшілдер, Бұланды, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын аудандарында
техникалық және кәсіби білім ұйымдастырылған, ол ауылдық жерлерден жастар
үшін кәсіби білімге қолжетімділікті төмендетеді.
Денсаулық сақтау саласында ана мен бала өлімі, сондай-ақ туберкулезбен
ауыру медициналық көмек көрсету қолжетімділігі мен сапасының біріктірілген
көрсеткіштері болып қана қоймай, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын да
сипаттайды.
Облыс бойынша ана өлімі өсіп, 2005 жылы - 18,6; 2006 жылы- 35,3;
2007 жылы - 32,1 құрайды. Облыс бойынша бала өлімінің көрсеткіші (бір
жасқа дейінгі бала өлімі), 2005 жылы 1000 туған баланың 13,09 пайызын,
2006 жылы 11,84 пайызын және 2007 жылы 12,11 пайызын құрайды. Осы
көрсеткіштер оның тұрақсыздығын, ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі
жүйелі жұмыстың және сенімділіктің жоқтығын куәландырады.
Ақмола облысында туберкулезбен ауыру деңгейі 2007 жылы 100000 адамға
шаққанда 155.1 құрайды, ал Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 126.4
құрайды. 2002 жылмен салыстырғанда (220,6) оңтайлы серпімге қарамастан,
ауыратын адамдардың саны жоғарғы деңгейде қалып отыр және ол туберкулезге
қарсы күрестің жеткіліксіздігі туралы куәландырады.
Сонымен қатар, өңірде денсаулық сақтау саласында ресурстар тиімсіз
пайдаланылады. Облыста 10 000 адамның төсек-орынмен қамтамасыз етілуі
Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғарғы болып табылады және тиісінше 68,3-
ке қарсы 93,0 құрайды, ол амбулаториялық емдеу түрлерімен салыстырғанда
маңызды шығындарға әкеліп соғады. Облыста күшейтілген желі қуатына
байланысты қаржылық ресурстарды жоспарлау жалғасуда, ол төсек-орындардың
жыл сайын артуына әкеледі. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде
жұмыс нәтижесіне – аурудың сырқатынан айығуына қаржыландыру уәждемесі және
құштарлық жоқ. Облыстағы көптеген медициналық ұйымдар мемлекеттік
мекемелер болып табылады және соңғы нәтижеге бағыттаусыз бекітілген смета
бойынша жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінің басшылары денсаулық сақтау
саласының кәсіби әзірленген менеджерлері болып табылмайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту. Ақмола облысының ТКШ
саласындағы өзекті проблема инфрақұрылымның ескіруі, бірқатар жағдайларда
100%-ға дейін тозған. Осы проблеманы шешу үшін барлық тартылған
субъектілердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайды.
Облыстағы тұрғын үй қорының ағымдағы жай-күйі кезек күттірмейтін
шаралар қабылдауды талап етеді. 188 көп пәтерлі тұрғын үйлер апатты
жағдайда, олардың ішінде 112 үй Көкшетау қаласында орналасқан. Жергілікті
атқарушы органдардың есептеулері бойынша 1947 мың шаршы метр тұрғын үй
жөндеуді қажет етеді.
Ақмола облысында көп қабатты тұрғын үйлерде баллон газын пайдалану да
өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ол қабылданған қауіпсіздік
нормаларын бұзады. Облыс толығымен орталықтандырылған газбен қамтамасыз
етілмеген, қолданыстағы 323 газ бөлуші қондырғының 214 данасы ғана
жиынтықталған.
Ақмола облысының ғажайып табиғи ортасын қорғау қажеттілігіне
байланысты қалдықтарды шығару және пайдаға асыру, пайдаға асыру үшін
полигондармен қамтамасыз ету мәселесі де көкейтесті.
Көлік инфрақұрылымын дамыту. 2000-2007 жылдар кезеңінде жалпы
пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 7920 км-ден 7892-ге
дейін, яғни 28 км-ге немесе 0,35 пайызға қысқарды. Сондай-ақ
2000-2007 жылдары қатты жабынмен төселген жалпы пайдаланудағы
автожолдардың ұзақтығы 7890 км-ден 7853 км-ге, яғни 37 км-ге немесе 0,46%-
ға төмендеді.
Пайдалануға келмейтін автомобиль жолдарын ұстау және пайдалану
жөніндегі жұмыстар көлемінің төмендігі қатты жабынмен төселген жалпы
пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзақтығын қысқартудың негізгі себебі
болып табылады.
Сонымен қатар, өңірде жолдардың сапасы мен жай-күйі төмендеуде. Бұл
факт жолдардың көптеген бөлігінің 1960-1980 жылдары жобаланып, төселуіне
байланысты. Сонымен қатар, 1990 жылдары жолдар жөнделмеген.
Облыста бүгінгі таңда жолаушылар мен жүк автокөлігінің тозуы
жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау саласындағы проблемалардың
бірі болып табылады. Қала маңындағы және қаларалық бағдарларда жалпы
пайдаланудағы жолаушылар автокөлігінің тозуы 55%-ды құрайды, ал 80%
жылжымалы жүк автокөлігі 10 жылдан астам уақыт пайдаланылуда.
Ақмола облысының ауа көлігі саласы негізінен Көкшетау
авиакомпаниясы АҚ-ның үлесінде. Ол Көкшетау қаласының әуежайына иелік
етеді және пайдаланады, сондай-ақ жеке ауа көлігі паркімен ауа тасымалы
қызметін ұсынады. 2007 жылы Көкшетау әуежайы облыс бойынша 39,5 тонна жүк
тасымалдады немесе 2006 жылға 126,2% және 10,1 мың адам немесе
79,7%.
2. Мақсаты,стратегиялық көрінісі және міндеттері
Стратегия мақсаты – Ақмола облысы халықының өмір сүру сапасының
жоғарғы стандарттарын қалыптастыруға жеткізетін ұзақ мерзімді, тұрақты
бәсекеге қабілеттілік өсімін қамтамасыз ету.
Стратегиялық көрінісі: 2015 жыл қарсаңында Ақмола облысы халықтың ең
жоғарғы өмір сүру деңгейімен Қазақстанның бес облысының қатарына кіреді
және орталық-азия өңірінде аграрлық азық-түлік өнімдерін жеткізуші болып
табылады.
Ағымдағы жағдайды талдау нәтижесі бойынша және стратегия мақсаттарына
қол жеткізу үшін төмендегі негізгі стратегиялық міндеттер белгіленген:
І. Адами капиталды алдын ала дамыту және бәсекеге қабілетті өмір сүру
жағдайын қалыптастыру;
ІІ. Агроөнеркәсіптік секторды Ақмола облысының экспорттық
жайғастырудың негізгі бағыты ретінде дамыту;
ІІІ. Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін көлік
инфрақұрылымын дамыту;
ІҮ. Аграрлық әлеуетті іске асыруға ықпал ететін инновацияны
жеделдетіп дамыту;
Ү. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

жағдайын қалыптастыру
Әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі заманғы тенденциясы білім мен
ақыл-ойды бірінші орынға қояды, осыдан Адам ұзақ мерзімді бәсекеге
қабілеттіліктің дербес негізі болып табылады. Бұл жағдайда бүгінгі таңда
еңбектің төменгі бағалануына емес, инновациялық ойлау шеберлігіне,
біліктілігіне және қабілеттілігіне аса назар аударылады.
Облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсарту жөніндегі
негізгі стратегиялық бағыттар мыналар болып табылады:
1) Тұрғындар денсаулығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету және
денсаулық сақтау жүйесінің қызмет көрсету сапасын арттыру;
2) Білім беру жүйесін дамыту;
3) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жай-күйін жақсарту.
3.1. Тұрғындар денсаулығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету және
денсаулық сақтау жүйесінің қызмет көрсету сапасын арттыру
Денсаулық сақтау саласындағы саясат толығымен алғашқы медициналық-
санитарлық көмек жүйесінің тиімділігін арттыруға және салауатты өмір салтын
белсенді насихаттауға бағытталатын болады.
Денсаулық сақтау саласында үш негізгі бағыт бойынша әсер ету шаралары
көрсетілетін болады: ана мен баланы қорғау, туберкулезбен ауыруды төмендету
және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру. Осы бағыттар тек
эпидемиологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экономикалық көзқарас
бойынша көктейтесті болып табылады және жүйелі сипатқа ие.
Ана мен баланы қорғау
Бала туатын (фертильдік) жастағы әйелдер денсаулығының индексі, ана
мен бала өлімінің көрсеткіштері, балалар мен жасөспірімдер денсаулығының
көрсеткіштері ана мен баланы қорғау жай-күйінің ең маңызды индикаторларының
бірі болып табылады.
Ана мен баланы қорғаудың тиімді жүйесін құру бағытында негізгі
басымдықтар ретінде төмендегілер белгіленген.
Бірінші басымдық – бала туатын (фертильдік) жастағы әйелдер
денсаулығының деңгейін арттыру. Бұл 18-ден 49 жастағы әйелдерді кешенді
қарау іс-шараларын жүргізуді, оның ішінде дәрі-дәрмек құралдарымен тегін
қамтамасыз етуді көздейді.
Екінші басымдық – отбасын жоспарлау. Бұл әлеуметтік және медициналық
көрсеткіштер жағдайында орынсыз жүктіліктің алдын алуды көздейді.
Үшінші басымдық – Жүктілік пен туудың қауіпсіз технологиялары
бағдарламасының барлық қадамдарын енгізу. Жүктілікті анықтау мен жүргізу,
облыс аумағында акушерлік-геникологиялық көмекті өңірлендіру, тууға
көмектесетін персоналды бастапқы неонатальды кезеңде туу және баланы бағып-
күтудің халықаралық хаттамасымен дербестендіріп оқыту әдісімен жүзеге
асырылатын болады. Барабар аппараттық жарақтандыру және дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету болжанып отыр.
Төртінші басымдық – балалар ауруын біріктіріп емдеу жүйесін құру
(БАБЕЖ). Жас балалардың ішек қуысы ауруларымен және жіті тыныс алу жұқпалы
ауруларымен (ЖТЖ) ауырған кезде диагностика және емдеудің халықаралық
хаттамалары енгізілген.
Бесінші басымдық – балалар мен жасөспірімдер денсаулығының әлеуетін
арттыру. Жыл сайын медициналық бақылаулар өткізіледі, мектеп медицинасы
енгізіледі, денсаулық мәселелері бойынша гигиеналық дағдылар мен
құзыреттіліктер енгізіледі.
Туберкулез
Туберкулез проблемасы Қазақстан Республикасында көкейтесті мәселеге
айналып отыр. Осы ауру Жаһандық Бәсекеге қабілеттілік Индексі
индикаторларының бірі болып табылады, осыған сәйкес Қазақстан 94 орында
тұр. Туберкулез проблемасын шешу үшін кешенді тәсіл, әртүрлі министрліктер
мен ведомстволарды және қызметтерді тарту керек. Сонымен туберкулезге қарсы
күресте сектораралық тәсіл негізгі сәт болып табылады.
Бірінші басымдық – туберкулезбен ауыратындарды тиімді анықтау. Бұл
бағытқа туберкулездің бастапқы диагностикасында, көбінесе, бастапқы
бактериоскопиялық диагностика, сондай-ақ туберкулездің бастапқы белгілерін
ескеру жолымен АМСК ролін арттыру жатады.
Екінші басымдық – ауруларды тиімді емдеу. Облыстың туберкулезге қарсы
қызметінің маңызы зор. Облыстық туберкулезге қарсы диспансері ұйымдастыру-
әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді және барлық кезеңдерде
туберкулезбен ауыратындарды туберкулездің мультирезистенттік нысандарын
емдеу ерекшеліктерін ескеріп, DOTS-терапия қағидаттарын нақты және қатаң
сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
Үшінші басымдық – туберкулез эпидемиологиясы. Осы бағытқа тікелей
ведомстволар мен қызметтерді ғана емес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды,
бұқаралық ақпарат құралдарын, әкімдіктер мен азаматтық қоғамды қоса алғанда
сектор аралық өзара байланыс кешені жатады.
Туберкулез эпидемиологиясынан негізгі жұқтыру көздері ауруды
жұқтырған адамдар мен жануарлар екендігі белгілі. Бірқатар субъектілер
жұқтырудың алдын алу үшін осы көздерге әсер етуге міндетті. Мұндай
субъектілерге төмендегілерді жатқызуға болады:
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау – ошақты сауықтыру
және зарарсыздандыру (ағымдағы және қорытынды), туберкулезге қарсы
мекемелерде санитарлық-гигеналық нормаларды бақылау, жаңадан анықталған
жағдайларды зерттеу, балалар арасында туберкулезді жұқтырудың алдын алу.
туберкулезге қарсы қызмет – ауруларды емдеу және анықтау, АМСК және
СЭС іс-әрекетін үйлестіру, мәжбүрлеп емдеу, туберкулездің
мультирезистенттік нысандарын бақылау, аурулар арасында туберкулез туралы
ақпараттандыруды арттыру, АМСК қызметтерімен сабақтастықты сақтау;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек – туберкулезді ертерек анықтау,
вакцинация, амбулаториялық емдеу;
ветеринарлық қызмет – ірі мал фермаларын бақылау, ауыратын жануарларды
анықтау, малды сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру;
білім беру – тұрғындардың арасында туберкулез және оның пайда болуы
туралы білімін арттыру, халықты туберкулез проблемасына тарту;
ішкі істер министрлігі – мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына көмек, түрме
қызметтерінің жай-күйін бақылау және жақсарту, сотталғандарды емдеуді
ұйымдастыруға көмектесу, мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыруға көмек көрсету;
бұқаралық ақпарат құралдары – қоғамның назарын туберкулез проблемасына
аудару, ауруға қатысты стигманы төмендетуге көмек көрсету, халықты
құлақтандыруға қатысу, саяси және әкімшілік назарды аудару;
әлеуметтік қорғау – ауруларды әлеуметтік қолдау, аз қамсыздандырылған
ауруларға материалдық және психологиялық көмек көрсету. Өкінішке орай,
туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек мөлшерін және түрлерін анықтау
жөніндегі ереже жобасын көруге мүмкіндік болмады;
үкіметтік емес ұйымдар (ұлттық және халықаралық) – қоғамдық,
халықаралық және әкімшілік назарды туберкулез проблемасына тарту;
әкімдік – туберкулезге қарсы қызметке әкімшілік және саяси көмек,
басқа қызметтер мен ведомстволарды үйлестіру. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысына сәйкес туберкулезге
қарсы күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестер ұйымдастыру;
қоғам – мәдениеттілікті арттыру, туберкулезбен ауыратындар қатысында
теріс ұғымды төмендету.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
Саланың тиімділігін арттыру үшін басты кедергілердің бірі бюджет
желісінің қуатты (құрылымдық) көрсеткіштеріне тәуелділігі болып табылады.
Бұл қуатты негізсіз арттыру, емдеудің ресурс жинақтаушы технологияларын
және әдістерін енгізуге уәждемені төмендету тәрізді жағымсыз ынталандыруға
әкеліп соғады.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында мыналар
негізгі басымдықтар болып табылады:
Бірінші басымдық – нәтижеге бағытталған бюджеттеу енгізу. Денсаулық
сақтауда БОР басымдықтарды анықтау (АМСК, ана мен баланы қорғау,
туберкулез, медициналық технологиялар және т.б.) негізінде медициналық
қызметтерді жеткізушілердің нақты нәтижелеріне қол жеткізу үшін денсаулық
сақтау бюджетін қалыптастыруды көздейді.
Екінші басымдық – медициналық қызмет көрсететін жеткізушілердің
көпшілігін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға
ауыстыру, ол уәджемеленген тетікті енгізу үшін дербестілік және автономдық
беруге бағытталған.
Үшінші басымдық – мемлекеттік тапсырысты (КЗГ, ДКПН) орындауға
ынталандыру төлемақы әдістерін енгізу. Осы төлем жүргізу әдістері
медициналық қызметті жеткізушілерге клиникалық жағдайлардың сапасы мен
күрделілік көлеміне байланысты дифференциалды төлем жүргізуге мүмкіндік
береді.
Төртінші басымдық – мониторингілеу және бақылау (МИАЦ, компьютерлеу,
ЕИСЗ) жүйесінің тиімділігін арттыру. БОР және тиімді менеджментті енгізу
барабар ақпарат алуды және талдауды қамтамасыз етеді.
Бесінші басымдық – АМСК жүйесінің тиімділігін және жедел дамуын
арттыру. Қымбат стационарлық технологиялары бар ресурстарды амбулаториялық
деңгейге қайта бөлу АМСК-ны медициналық көмек көрсету бөлігінде ғана емес,
алдын алу іс-шараларын маңызды арттыруда басымды дамуын болжайды, ол
аурудың төмендеуіне әкеледі.
Алтыншы басымдық – денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу.
ПХВ мәртебесінде емдеу ұйымдарының жұмыс істеуі, медициналық қызмет
көрсетудің орнын толтыратын ынталандыру әдістерін енгізу, кәсіби оқыған
мамандардың – менеджерлердің болуын талап етеді.
Жетінші басымдық – тиімді медициналық технологияларды енгізу. Заманауи
және тиімді медициналық технологияларды (МРТ, КТ, эндо-бейне, АКШ және
т.б.) енгізу аурулардың стационарларда орташа болуын қысқартуға және емдеу
нәтижесін – емделушінің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер
Денсаулық сақтау саласында алдыға қойған мақсаттарды іске асыру үшін
төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
1) 2010 жылы жаңа туған нәрестелердің өлім үлесі 85%-ға, 2500
грамнан артық өлі туған нәрестелердің үлесі 75%-ға, сондай-
ақ орталық аудандық ауруханалар деңгейінде нәресте өлімінің
салыстырмалы салмағы 50%-ға және үйде 70%-ға төмендейді;
2) 2012 жылы өлім және туберкулезбен ауыру 1990 жылғы деңгейге
дейін (ауыру мың адамға шаққанда 64,5, өлім 7,8 адамға)
төмендейді;
3) 2010 жылы медициналық персонал толығымен халықаралық
қағидатпен оқытылады;
4) амбулаториялық көмекті пайдалану артады, қаражат тиімді
пайдаланылады, сондай-ақ жаңа медициналық технологиялар
енгізіледі;
5) КЗГ, ДКПН енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесін
қаржыландыру, бағдарламаларды шоғырландыру және бюджеттік-
қазынашылық тәртіптемелерді жеңілдету тиімділігі артады;
6) 2015 жылы денсаулық сақтау саласында сектораралық тәсіл
есебінен халықтың денсаулық сапасы артады - өмір сүрудің
орташа ұзақтығы 5 жылға, басқарылатын себептерден өлім 30%-
ға төмендейді, әйелдердің денсаулық индексін арттыру 50%-
дан төмен болмайды;
7) өңірлендіру қағидаттары есебінен халықтың мамандандырылған
медициналық көмекке қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
3.2. Білім беру жүйесін дамыту
Білім беру саласында екі негізгі бағыт бойынша ықпал ету шаралары
көрсетіледі:
1) Мектепке дейінгі білімді дамыту;
2) Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және жетілдіру.
Осы бағыттар адами капиталды дамыту, жақсы өмірді және сапалы білім
алуға кең ауқымды қолжетімділікті қамтамасыз ету саясатында, сондай-ақ осы
деңгейлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шегінде
көкейтесті болып табылады.
Мектепке дейінгі білімді дамыту
Мектепке дейінгі білімді дамыту бағытындағы негізгі басымдықтармен
төмендегілер белгіленеді:
Бірінші басымдық – тұрғындардың отбасының материалдық қамтамасыз
етілуіне, тұратын жеріне, ұлтына және денсаулық жағдайына қарамастан толық
мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Екінші басымдық – мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейін арттыру.
Үшінші басымдық – республика деңгейінде мысал ретінде кейінінен енгізу
үшін мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа модельдерін дамыту және саралау.
Мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы модельдерін дамыту үшін мынадай
нысандар енгізіледі:
1. Мектепке дейінгі шағын орталықтарды ұйымдастыру есебінен жалпы
білім беретін мектептің әлеуетін пайдаланумен мектепке дейінгі біліммен
қамтылатын болады. Шағын орталық – 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды
дамыту және олардың ата-аналарын баланы тәрбиелеуді және оқытуды
ұйымдастыруда, әлеуметтік бейімдеуде кеңес беру-әдістемелік қолдау көрсету
мақсатында құрылатын мектепке дейінгі мекемелердің баламалы нысаны.
2. Ауылда мектепке дейінгі жастағы балалар отбасылық түрдегі балалар
бақшасының жаңа моделін ұйымдастыру есебінен мектепке дейінгі біліммен
қамтылуы артатын болады. Осы модель ауылдық аудандарда мектепке дейінгі
білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, балаларды ынталандыру және ата-
аналарын ақпараттандыру үшін әзірленуде. Орталықтар жергілікті үйлердің 1-
2 бөлмесінде орналасады, оны отбасы онда мектепке дейінгі білім беру
орталығын ұйымдастыру үшін тапсырған; кейбір жағдайларда үй толығымен
тапсырылады.
3. Жеке меншік балалар бақшалары желісі дамитын болады. Балалармен
қамтылу деңгейі төмен елдердің қалалық жерлерінде мектепке дейінгі білімді
дамыту проблемасы үкіметтің жеке меншік секторын қолдау үшін жағдай жасау
есебінен шешіледі. Осы жүйенің арқасында мемлекет мектепке дейінгі білім
беруге қолжетімділікті кеңейтеді.
4. Ірі кәсіпорындар қаржыландыратын (бизнестің әлеуметтік
корпоративтік жауапкершілігі қағидатын қолданып) балалар бақшасы есебінен
қамтылатын болады.
Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және жетілдіру
Техникалық және қызмет көрсететін кадрларды дайындау тұрақты
экономикалық дамуды қамтамасыз ететін орта сыныпты қалыптастыру үшін негіз
болып табылады. Осыған байланысты облыстың техникалық және кәсіби білім
беру жүйесін жетілдіру еңбек нарығындағы ақпараттық технологиялар мен өсіп
келе жатқан бәсекеге қабілеттіліктің әсерімен білім экономикасына көшу және
жаһандану жағдайында облыстың индустриалды-инновациялық даму міндеттерін
шешумен байланысты техникалық және қызмет көрсететін кадрларды дайындауда
сапалы серпіліс қажеттілігін туындатады.
Техникалық және кәсіби даму басымдықтары мыналар болып табылады:
Бірінші басымдық – техникалық және кәсіби білім беру сапасын және
кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы бағыт бойынша негізгі күш-
жігер инженерлік-педагогикалық жұмыскерлерді дайындау, техникалық және
кәсіби білім беруді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, оның
ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және
білім беру сапасын бағалау мен басқарудың тәуелсіз жүйесін енгізу деңгейін
арттыруға бағытталған.
Екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz