Мемлекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Мемтекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық
негіздері , мақсаттары және міндеттері
1.2 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылым
2 Қазақстан Республикасының экономикалық қызметтің дамуы
2.1 Қазақстандағы экономиканың дамуы
2.2 2000 – 2008 жылдардағы экономикалық дамудың үрдістері
3 Қазақстан Республикасының экономикалық перспективалары
3.1 Теңгерімді экономикалық өсудің мақсаттары мен міндеттері
3.2 Экономиканың 2009-2013жылдарға арналған өсу көрсеткіштері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда,
бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына,
өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық
прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері
қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық
қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға
жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын
жеңу.
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс.
Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс
тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық
сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың
рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған
түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.

1 Мемтекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық
негіздері , мақсаттары және міндеттері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық
жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені
өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар
мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық,
атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін,
яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және
әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы
елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру,
капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі
елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының
белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық
күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар
салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды.
Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының
бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык
саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына
әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап
етеді.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы
нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық
доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік
реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік
араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде
қарастыра бастады. А. Смит өзінің Табиғат және халықтың баюының себептері
туралы зерттеу еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын
алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке
мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл
мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік
реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея
болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық
еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз
етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық
тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы
әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең
маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда
бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық
анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы
өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды
сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты.
Кейнсиан революциясы барысында алға қойылған идеялар, экономикалық
құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат
экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен
жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін
қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады.
Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты
пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға
көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің ) объективті
мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен
капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс
қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы
өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық
құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі
тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр
сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен
анықталады.
ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс
келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда
болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары,
салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы -
әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін
қажетті.
ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін,
секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын;
жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын;
бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз
етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы
экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу
саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке
сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады.
Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік
шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы,
импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың
күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға
мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндетті
- экономиканың қызып кетуіне жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық
өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың
күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл
атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы
жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай
қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық
бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың
ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін
көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық
ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының
дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға
кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау болып
табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен
құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы
тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты
қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін
экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын
қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар
ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс
өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез
төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық
түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік
нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар:
инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта
бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық дәлізді анықтау),
халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның
серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол
баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық
валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен,
салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты
айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің
мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше
құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық
саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы
экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және
әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды
нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген
нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді
тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық
құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған.
Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және
экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық
ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты
емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге
негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым
салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты).
Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте
жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы
арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы
елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған
ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен
шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табыстарды реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясаты;
- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша - кредит қаржылары
мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік
міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
монополияға қарсы реттеу;
макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және
мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық
агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын
белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік
қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және
мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті
актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық
қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне
қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің
белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу
және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа
жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында
қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға
қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда
әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі
мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.

1.2 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылым

Инфрақұрылым терминi экономикалық әдебиетте ХХ ғасырдың 40-жылдар
аяғында пайда болды. Өзiнiң экономикалық және басқарушылық мазмұны бойынша
салалардың, iрi объектiлердiң, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму
негiзiн құрайтын, сондай-ақ табыстың көбеюiне негiзделген және материалды
заттық құндылықтар өндiрiлетiн iрi өнеркәсiптiк, және ауыл шаруашылық
өнеркәсiптерiнiң дұрыс жұмыс iстеуiне мүмкiндiк туғызатын халық шаруашылық
салалардың жұмысын қамтамасыз ететiн қызмет түрлерiнiң жиынтығы.
Инфрақұрылымның экономикалық потенциалы дегенiмiз-мемлекеттегi оның
қызмет iстеуiне және дамуына бөлетiн еңбек, материал және қаржы
ресурстарының жиынтығы. Инфрақұрылымның экономикалық әлеуетiнiң даму
процестерi өз бейнелерiн инвестициялар бағдарламасының тұжырымдамалық
қалыптасу және таралу принциптержиынтығын көрестетiн инвестициялық
саясаттан табады.
Жұмыс iстеу өрiсiне байланысты инфрақұрылымды экономикалық,
әлеуметтiк, өндiрiстiк және рыноктық деп классификациялауға болады. Соңғысы
маңызды шарттарының бiрi және басқарудың рыноктық жүйесiнiң қалыптасуын
негiзгi атрибуты болып табылады.
Инфрақұрылым-бұл кез келген бiртұтас экономикалық жүйенiң қажеттi
бөлiсi.
Бизнеске сәйкес инфрақұрылым iскерлiк қатынастардың қозғалысын
жанамалайтын осы қатынастардың әр түрлiлiгiне және әр түрлi субъектiлiгiне
қарамастан бiртұтас байланыстарын ұйымдық-құқықтық формалардың жиынтығын
көрсетедi.
Кәсiпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар арасындағы өзара
қатынастар осы қатынастарды орнатып және сол арқылы аталған субъектiлердiң
өз әскерлiк қызығушлықтарын iске асыруға көмектесетiн көптеген аралық
формаларға байланысты. Қазiргi рыноктық экономикада осындай формалар
(бизнес инфрақұрылым элементтерi) мыналар:
. - несиелiк жүйе және коммерциялық банктер;
. - эммисиялық жүйе және эммисиялық банктер;
- тауарлық, шикiзаттық, фондық және валюта биржаларында ұйымдық
жасалған делдалдық;
. - аукциондар, жәрмеңкелер, т.б. ұйымдық-делдалдық түрлерi;
- халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу жүйесi және жұмыспен қамтамасыз
етiлуiне көмектесу (еңбек биржалары) орталықтары (мемлекеттiк және
мемлекеттiк емес);
- арнайы жарнамалық агенттерi, ақпараттық агенттер және бұқаралық
ақпарат құралдары;
. - сауда палаттары;
. - кедендiкжүйе;
. - жалданып жұмыс iстейтiндердiң кәсiподақтары;
. - коммерциялық көтерме кешендерi;
. - орта және жоғары экономикалықбiлiм жүйесi;
. - консультациялық (консалтингтiк) компаниялар;
. - аудиторлық компаниялар;
. - еркiн кәсiпкерлiктiң арнайы зоналары (аймақтары).
Осы аталған инфрақұрылым элементтерi арқасында, бизнес адам
арасындағы қатынастық мәдениет түрi болып табылады. Ерекше маңызы бар
нәрсе, ол инфрақұрылым элементтерiнiң бизнесмендерге сырттан байланысты
болмағаны, олар iскерлiк қатынастардан шыққан нәтиже.
Инфрақұрылым бiрқатар маңызды функцияларды атқарады:
. - iскерлiк қатынастардың ұйымдық құжатталуы;
- iскерлiк қатынастардың қатысушыларына өз мақсаттарының iске
асырылуына жеңiлдiк жасау;
- әр түрлi экономикалық субъектiлердiң мамандануы, олардың
жұмысының жылдамдығын және тиiмдiлiгiн жоғарлату;
- бақылаудың заңдық және экономикалық түрлерiн жеңiлдету.
Елдiң бәсеке қабiлеттiлiк концепциясы экономикалық даму теориясының маңызды
бөлiгi болып табылады. Қазақстан республикасының бәсеке қабiлеттiлiгiн ең
басты индикаторы- мемлекеттiң тұрақтылығы, заңдардың қадағаланылуы,
азаматтардың өмiр сүру деңгейi мен сапасын көтеру болып табылады. Сондықтан
тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi қаншалықты жоғары болса,
елдiң де бәсеке қабiлеттiлiгi, сонымен қатар ресурстарды пайдалану
тиiмдiлiгi мен халықтың өмiр сүру деңгейi де соншалықты жоғары болатындығы
анық.
Тауардың, тауар өндiрушi мен салалық бәсеке қабiлеттiлiктi
бiрiктiретiн және әлемдiк нарықтағы елдiң ахуалын көрсететiн көрсеткiш-ол
елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi болып табылады. Жалпы, елдiң бәсеке
қабiлеттiлiгiн еркiн бәсеке жағдайында әлемдiк нарықтың талаптарын
қамтамасыз ете алатын тауар шығару, қызмет көрсету қабiлеттiлiгi бойынша
анықтауға болады.
Ұлттық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгi-бұл iшкi және сыртқы рынокта
шетелдiк тауарлар мен қызметтермен өте ұтымды бәсекеге түсетiн тауарлар мен
қазмет көрсетуде жүзеге асырылатын маркетингтiк ұйымдастырушылық-басқару,
ғылыми-техникалық, экономикалық, өндiрiстiк және басқа да мүмкiндiктердiң
жиынтығы.
Батыс елдерiнiң ұлттық шаруашылығының бәсеке қабiлеттiлiктi бағалау
мәселесiмен көптеген ғылыми-зерттеу ұйымдары, яғни аумақтық (мысалы,
Басқарудың мәселелерi бойынша Еуропалық форум орталығы Женевада) және
халықаралық (Женевада штаб-пәтерi бар бүкiләлемдiк экономикалық форум,
Лозаннадағы Даму мен менеджменттiң Халықаралық институты) ұйымдар
айналысады. Соған қарамастан бәсеке қабiлеттiлiк ұғымы бәсекелестерiнiң
тауарларына қарағанда тұтынушылары үшiн анағұрлым тартымды болу ол тауарлар
шығаруда фирманың нақты және әлеуеттi жағдайына байланысты.
М.Портер өз еңбегiнде бәсекеге қабiлеттiлiктiң ең негiзгi төрт
сатысын көрсетедi. Олар өндiрiс, инвестициялар, жаңалықтар, байлық. Оның үш
алғашқы сатысында ұлттық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгiнiң өсуi жүзеге
асады, яғни ол халықтың жағдайының жақсаруымен түсiндiрiледi. Төртiншi
сатыда өсiм баяулап, құлдырайды. Бұл сатылар экономиканың қалай дамып
жатқандылығын, онда қалай шешiмi табылмай тұрған мәселелердiң бар
екендiгiн, сонымен қатар экономиканың өсуiн қандай күштер қамтамасыз етiп
жатқандығын байқауға мүмкiндiкбередi.
?Ұлттық экономиканың бәсекелестiкке қабiлеттiлiк белгiсi жүйенiң
макро және елiмiздiң макроэкономикалық ортасына, оның технологиялық және
институционалды дамуына байланысты болса, онда микроэкономикалық амал
жағынан ұлттық компаниялардың қызметi мен стратегиялары және ұлттық бизнес
орталықтарының сапасы бағаланады.
Бәсекеге қабiлеттi өндiрiс пен техникалық өрлеудiң дамуы жоғары
деңгейлi факторлар, ең алдымен елдiң инфрақұрылымы, оның ғылымим әлеуетi,
бiлiм деңгейi арқылы анықталады.
Қазiргi таңда инфрақұрылымның дамуы басқалармен саластырғанда маңызды
өндiрiс факторларының бiрiне жатады. Ол ұлттық шаруашылықтың бәсекелiк
артықшылықтарына әсер ете отырып, оның қабiлеттiлiгiн арттыруға ықпал
етедi. Инфрақұрылым оған оның әрбiр сатысында елеулi әсер.
Сонымен, инфрақұрылым шаруашылық объектiрлерге ұтымды әрi тиiмдi
жұмыс iстеуге мүмкiндiк бере отырып, негiзгi жүйенiң қызметiн орындайды.
Әсiресе, инфрақұрылымның негiзгi өндiрiс арасындағы өзара байланыс пен
өзара әрекеттестiгi күшейедi.
Инфрақұрылым салаларының қызмет көрсетi нарығында қызмет көрсетушi
кәсiпорындарда бәсекеге қабiлеттi жұмыс iстеу үшiн олардың тұтынушылары
тарапынан бiрқатар сұрақтар тұындайды. Мұндай мәселелердiң бiрi
инфрақұрылым салаларының қызмет көрсету сапасының жалпы қолданыстағы
стандарттардан және нормалардан ауытқуы. Қызмет көрсетушi кәсiпорындар
белгiлi кiшiгiрiм тұтынушылық орынға ие болған жағдайда, тұтынушыларды
тарту сатысындағыдай, қызмет сапасына да аса назар аудармайды. Мұндай
мәселе инфрақұрылым салаларының барлық қызмет түрлерiне тән және бұл
мейрамхана мен сауда бизнесiн ұйымдастыру, көлiк, туристiк, медициналық,
бiлiм беру және тұрмыстық қызметтер барысында ерекше байқалады.
Инфрақұрылым салаларының iшiнде маңызды құрамдас бөлiктерiнiң бiрi
көлiк және коммуникация салаларының экономиканың бәсекелестiкке
қабiлеттiлiгiн арттырудағы маңызы зор.
Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң
қатарына қосулу Стратегиясындағы Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшiн
үлкен жетiстiктi қамтамасыз ету артықшылығында Президент Н.Ә.Назарбаев:Iрi
көлiк инфрақұрылымдық объектiлердiң айналасына шағын және орташа жобалар
арқылы икемдi, жоғары технологиялық қалпына келтiрiлген объектiлердi құру
жән дамыту қажет. Осылайша Орталық Азиядағы бiздiң көшбасшы бағыттарын
қамтамасыз ету үшiн аймақтық нарыққа бәсекелес көлiк көлiк желiсiн ендiрудi
ұйымдастыруға мүмкiн болады,-деп баса атап көрсеттi.
Осыған байланысты, көлiк-коммуникациялық кешен Қазақстан
Республикасындағы басым сапалы көлiк-коммуникация қызметтерiне деген
сұраныстарды толық қанағаттандырумен тығыз байланысты.
Көлiк инфрақұрылымы-қоғамның экономикалық және әлеуметтiк дамуының
маңызды факторы. ?Көлiк инфрақұрылымның рөлi, ең алдымен, оның жан-жақты
дамуы Қазақстан экономикасында қызмет көрсететiн шаруашылық құрылымдарының
нәтижелiгiн арттырады.
Қазақстан Республикасында экономикалық жағдайларды тұрақтандыруда,
әлеуметтiк мәселелердi шешуде, ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабiлеттiлiгiн
қамтамасыз етуде және тағы басқаларда көлiкке ерекше көңiл бөлуде.
Қазақстан-2030 даму Стартегиясының маңызды мәселелерiнiң бiрi
әлемдiк нарықта отандық көлiк-коммуникациялық кешеннiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету және елiмiздiң аумағы арқылы сауда ағымдардың
арттыру болып табылады. Осыған байланысты көлiк-коммуникациялық кешендi
дамытудың мақсаты сапалы көлiктiк қызмет көрсетуде халықтың және
экономиканың сұраныстарын толық қанағаттандырумен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасында көлiктiң даму басымдылығы Еуропалық және
Азия континенттерiнiң торабындағы геосаяси жағдаймен анықтадады. Бұл
өнiмдердi кеңiнен экспортқа шығару, импорттаужәнебасқа елдердiң жүктерiмен
және жолаушыларын өткiзуденболатын экономикалық пайдаларды қолдану үшiн
көлiк мүмкiндiктерiнiң жоғарлауына ықпал етедi.
Ккөлiк-коммуникация инфрақұрылым қызщметтерi бәсекеге қабiлеттi болу
үшiн, ең алдымен, осы салалрдағы маркетингi дамыту және жетiлдiру қажет.
Негiзiнен маркетинг қызметi жүктердi және саласында кешендi өндiрiстi,-
өткiзу жүйесiн қарастыра отырып, жүктердi тасымалдауда тапсырыстарды
ұйымдастыру және көлiк қызметтерiнiң үнемi өзгерiп отыратын сұраныстарын
толығымен қанағаттандыруға негiзделген көлiк өнiмдерiн өткiзу және осының
негiзiнде бәсекелiк артықшылықтар мен тұрақты пайда алуды көздейдi.
Көлiктiң тұрақты дамуы экономикалық кеңiстiктiң бiрлiгiнде,
тауарлардың еркiн қозғаласынажәне қызметтердiң еркiн көрсетiлуiне,
экономикалық, қызметтiңбәсекелесуiне және еркiндiгiне, Қазақстанның
тұтастығынжәне оның ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, халықтың тұрмыс
жағдайы мен деңгейiн жақсартуға кепiлдiк бередi.
Экономиканың дамуында барлық көлiк түрлерi ауадай қажет екенi мәлiм.
қоғамыздың кезделген сапасында көлiктiң қатысы бар. Қайсы бiр тұрғыдан
алсақ та- экономикалық-саясижәне әлеуметтiк-оның қоғамдағы ең маңызды
салалардың бiрi екендiгi сөзсiз. Көлiк экономикалық қарым-қатынастардың
барлық түрлерiне дерлiк қызмет етедi.
Қазақстан Республикасыынңбәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруда
инфрақұрылымның коммуникация саласының рөлi де айтарлықтай. Қазақстанның
телекомуникациясы-ұлттық қауiпсiздiктi, саяси тұрақтылықты нығайтуға,
экономикалық өсуге ықпал ететiн қазаұқстан 2030 Стратегиялық
бағдарламаның ұзақ мерзiмдi артықшылықтарының бiрi.Телекомуникацияны
дамытуда ауқымды әлемдiк үрдiстер қазақстанда қолданыстағы желiлрдi
жаңартуды жедел жүзеге асыруға, жаңа қызметтердi енiруге, қайта
құрылымдауды жүргiзуге жетелейдi.
Телекоммуникация нарығындағы бәсекелестiк шаруашылықтың нарықтық
жүйесiнiң сипатты белгiсi, экономиканы толығымен, оның жеке салаларын және
өндiрiстi дамытушы қозғалыс күшi болып табылады. Әкiмшiлiктi-басқару
қызметiнде ақпараттық технологияларды пайдалану арқасында еңбектiң
өнiмдiлiгi 2-6 есе артады. Кредиттiк-қаржы саласында есептегiш техникаларды
пайдалану банктiк операцияларды жүргiзу уақытын жүз есе қысқартуға
мүмкiндiк бередi.
Коммуникация жүйесiнiң әрекетiнсiз мемлекеттiк және коммерциялық
құрылымдарда саяси, қоғамдық мәселелердi шешу, өнеркәсiп, ғылым, бiлiм,
медицина және мәдениет мекемелерiнде тиiмдi және сенiмдi автоматтандыру
процестерiн жүргiзуiнде қуатты кабельдiк, радиолейлiк магистральдардың
болуы, жергiлiктi автомат телефон станцияларының тармағы қоғамдық еңбектi
үнемдеумен қамтамассыз етiп, елдiң экономикасын басқарудың тиiмдiлiгiн
көтередi. Қызмет көрсету тармағының өсуi тұрғындар өмiрiне өзгерiстер
әкелуiмен әлеуметтiк-экономикалық сипатта екi жақты ақпарат алмасудың
қазiргi уақыттағы техникалық құралының болуы байланыс ролiнiң артуына
әкеледi. Байланыс қызметтерiн пайдалану адамдардың араласу мүмкiндiктерiн
кеңейтiп, қоғамның ақпараттануы мен өмiрлiк қолайлы жағдайларымен
қамтамасыз етедi. комуникация нарығында ұсынылатын қызметтердiң бәсекеге
қабiлеттiк мәселелерiнiң белгiлi мәнi бар. Телекоммуникациялық қызмет соңғы
ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiне дәл ықпал етедi.
Телекоммуникация (байланыс) саласындағы ғылыми-техникалық прогресс
өндiрiстiк үрдiстердi кезектi санау, автоматтау негiзiнде байланыс
желiлерiнiң және құралдарының сапалы параметрлерiн маңызды арттырумен
түсiндiрiледi. Сандық және ғарыштық байланыс жүйелерiн,жылжымалы
объектiлерi бар радиобайланыс жүйелерiн, талшықты-оптикалық байланыс
жолдарын қолдану түрiндегi техниикалық дамудың мұндай басым бағыттары
ұсынылатын қызметтердiң көлемi мен сапасын арттыруға, жоғары сапалы жаңа
қызмет түрлерiн жүргiзуге, кезектi дамуды инвестициялауға қажеттi қосымша
кiрiстердi алуға мүмкiндiк бередi.
Байланыс қызметтерiндегi нарықщ сұраныстарының сипаты басқаруды
автоматтандыруды, жаңа байланыс түрлерiн ендiрудi талап етедi. Мысалы,
биржалық операциялардың, қаржы және сауда мәмiлелерiнiң жылдамдығы байланыс
қызметiнiң нарығын дамытумен шектеледi. қазiргi уақытта байланыс
қызметтерiн сату, нарықтық коньюнктурасына байланысты тарифтердi қатал
реттеу, сұраныс пен ұсыныс қатынастарына белсендi әсер ету мәселесi
қозғалуда. Сауда қызметi өндiрiстiң көлемiн арттыруды ғана емес, сонлай-ақ,
оның сапалы сипаттамаларын арттыруды алдын ала болжайды Осыған байланысты
қызметтiң және өнiмнiң сапасын арттыру, ассортиментiн жақсарту үшiн жаңа
жабдықты, ЭЕМ, байланыс құралдардың ендiру нгiзгi өндiрiстiк үрдiстердiң
қалыпты жұмыс iстеуiне, халықтың тұрмыс тiршiлiгiн жақсартуға және
сұраныстарын қанағаттандыруға қажеттi ақпараттар ығымының таратылуын
қамтамасыз етедi. Олай болса, инфрақұрылымды қамтамасыз ету, ондағы
салалардың, соның iшiнде әлеуметтiк сала қызметтерiн iске асыру тиiмдiлiгi
ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруда маңызды факторлар
ретiнде әрекет отырып, экономикалық бизнестiң кеңеюiне, қоғамдық өндiрiстiң
нәтижелерiн жетiлдiруге ықпал етедi. Мұның барлығы қоғамның барлық
мүшелерiнiң қоғамдық сұраныстарын одан әрi толық, жан-жақты
қанағаттандыруда. Сондықтан елiмiздiң экономикасының дамыту және бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыруда инфрақұрылым салаларының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi
және оны дамыту экономиканы дамытудың басты негiзi.

2 Қазақстан Республикасының экономикалық қызметтің дамуы

2.1 Қазақстандағы экономиканың дамуы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдап, 2006
жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті
міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның
экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің
өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге
қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының
алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі
өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің
жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық –
1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы бұл
көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан
басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға
айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен,
Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия,
Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы
қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.
Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі
қорлардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Сарапшылардың
деректері бойынша, экономикалық өсудегі капитал факторының үлесі өнімділік
өсімінің үлесінен екі есе дерлік артық. Экономикадағы негізгі қорлардың
қатты тозғанын ескерсек, дамудың осы кезеңінде бұл оң жағдай болып
табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық өнімділігінің
артуы болуы керек.
Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап
мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі
экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша
түбегейлі шаралар қабылданды.
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін
институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Нәтижесінде жан
басына шаққандағы игерілген тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастаушыға айналды. Тұтастай алғанда
тәуелсіздік жылдарында 40 млрд. АҚШ долларына жуық шетел инвестициялары
тартылды. Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері
15,4 млрд. долларды құрайды. Халықаралық “Муудис” рейтинг агенттігі
тарапынан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалар ішінде
Қазақстанға  инвестициялық сыныптағы елдік рейтинг берілді.
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың
орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі
депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе
өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің,
дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-
ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30%-ға
ұлғайтылды. 2007 жылы кезекті ұлғайту жоспарлануда. Мұндай ұлғайту жеке
секторда нақты жалақының және тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар
жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден
кейін ең жоғарылардың бірі екенін және 2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай
бойынша 282 АҚШ долларын құрағанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш
Қырғызстанда – 64, Тәжікстанда – 32, Ресейде – 322, Беларусьте – 231,
Украинада – 166, Әзірбайжанда – 126, Молдовада – 110, Арменияда – 111 АҚШ
доллары.
Бізде бірнеше жылдан бері тек қана ТМД елдерінің арасында ғана емес,
жалпы үздіктердің бірі деп танылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс
істейді. Зейнетақы жүйесін реформалау 2000 жылға қарай зейнетақылар мен
әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жиналған берешектің барлығын өтеуге
мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы
жүйесін одан әрі дамыту зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін
жасауға бағытталған. Егер осы шаралар қабылданғанға дейін Қазақстан ең
төменгі зейнетақы мөлшері бойынша ТМД елдерінің бәрінен алда, зейнетақының
орташа мөлшері бойынша Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен
деңгейлес болса, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақымен қамтамасыз ету
деңгейі бойынша Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістіктегі елдер ішінде ең
жоғары орынға шықты. Базалық зейнетақы төлемімен қоса алғанда ең төменгі
зейнетақы мөлшері бүгінде 70 АҚШ долларын құрайды, ал зейнетақының орташа
мөлшері 90 АҚШ долларынан артық.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның  даму
банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен
инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары
құрылған. Бүгінде оларды жалпы капиталдандыру 1 миллиард АҚШ долларынан
асады. Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру
көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске
асырылды. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру экономиканың жылына
9%-дан кем емес өсу қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру жөніндегі
Қазақстанның басым міндеттерінің бірі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру болып
табылады. БСҰ-ға кіру бойынша келіссөз үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр.
Республиканың сыртқы сауда режімін реттейтін заңдарының 80%-ы дерлік БСҰ
нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. БСҰ-ға
кіру отандық тауар өндірушілердің бизнес жүргізудің халықаралық
стандарттарына көшуіне қуатты ынталандырғыш болады.
Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге
тиіс проблемалар баршылық. Қазіргі кезде кедейшілікпен күрес және елдегі
жұмыссыздықты азайту өзекті мәселеге айналды. Бұл саладағы негізгі мақсат
экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму  есебінен
экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек
рыногындағы белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы
түрде ірку, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне
қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік көмектің атаулылығын, мемлекеттік
басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Одан әрі даму үшін біз жоғары технологиялар мен білімге, сондай-ақ
жеке сектордың жаңашыл бастамаларына негізделетін инновациялық жолды
таңдадық. Негіз ретінде кластерлік әдіс алынды. Бірінші кезеңде біз өзіміз
үшін мұнай-газ мәшинелерін жасау, тағам және тоқыма өндірісі, көліктік-
логистикалық қызметтер көрсету, металлургия және құрылыс материалдары,
туризм сияқты салаларды айқындадық. Ел экономикасының шикізаттық емес
салалардағы ұзақ мерзімді мамандандырылуын осылар айқындайды. Осыған
байланысты Мемлекет басшысы  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында бірінші басымдық ретінде
Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беруді атады. Бұл
ретте салықтардың жиналуына, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар
санын шектеуге, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген
ставкасын енгізу және бизнес мүддесі үшін Салық кодексін жеңілдету
мүмкіндігіне баса назар аударылды.
Салық саясатын жүзеге асыруда болжам жасаудың жеткіліксіз деңгейін
көрсететін белгілі бір кемшіліктер орын алуда. Бұл айтылғандарға соңғы
жылдары  салық түсімдерінің параметрлерін негізсіз төмендету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Аудиторлық қызметтің негіздер
Мамандықтың пәндер каталогы
Инновациялық және инвестициялық қызметтер
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Пәндер