КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты
барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы
өмірге келе бастады. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге
коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш.
Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет
етеді.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді,
дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып,
мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көдейді.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайы: біріншіден,
коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге;
екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық
танытуға, ғылыми-техникалық прогресске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні оның нарықтық экономикаға
икемділік сипат беріп халықтың қаржылық және өндірістік ресурстарын тартуға
көмектесетіндігінен арта түседі; монополияға қарсы мүмкіндікке
(потенциалға) ие; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттары бойынша
алғышарттар жасайды; көпшілік жағдайда жұмыспен қамту проблемаларын және
нарықтық шаруашылықтың басқа да әлеуметтік проблемаларын шешеді.
Экономиканың неғұрлым жаңа салалары және әлеуметтік қабаттарды қамти
отырып, кәсіпкерлік жаңа күш алып келеді. Оның табысты дамуы жеке меншік
экономикалық еркіндігі сияқты қажетті жағдайлар болған кезде дамиды.
Елдегі кәсіпкерлік динамикасы мен оның экономикалық нәтижелері көп жағдайда
соған сәйкес алғышарттармен: құқықтық базамен, институционалдық кәсіпкерлік
ортаны құрумен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдау деңгейімен
анықталады.
Республикада кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғышарттары жасалуда.
Меншікті жекешелендіру бойынша үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды, соның
нәтижесінде кәсіпкерлікті дамыту үшін берік экономикалық негіз қалануда.
Соған қарамастан, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту проблемасы
әлі толығымен шешілді деп айта алмаймыз.
Әйткенмен, кәсіпкерліктің дамуы-Қазақстан Республикасындағы инновциялық
дамудың қозғаушы күші болып табылады. Себебі мемлекетімізде неғұрлым
кәсіорындар саны көбірек болган сайын олардың арасында белсенді бәсеке
туындайды. Ал бәсеке бар жерде әр кәсіпкер бәсекеден ұту жолдарын іздестіре
бастайды. Ұтымды бизнеске жетудің басты амалы ретінде инновациялық
технологияларды қолдану екені кез-келген кәсіпкерге мәлім. Ал инновациялық
технологиялардың мемлекетімізге тартылуы Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады.
1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1.1 Шағын кәсіпорындардың экономикалық мәні мен қалыптасуы
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі – орта
таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі,
жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы
шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін
жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге, қоғамымызда меншік
иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы,
негізінен орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын
жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның
бірі – шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын
дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде
және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын
қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық
мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес
шешуші фактор ретінде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске
қарағанда нарыққа тез бейімделеді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді,
жаңаадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын бизнестің мәні мен мағынасын тереңірек ашуымыз үшін, ең алдымен
сол шағын бизнесті алып жүруші субъект – кәсіпкерлік және кәсіпкер
терминіне тоқталып өтелік.
Кәсіпкерлік қызмет – жеке тұлғаның өз күш қабілетін танытуының, белгілі
бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай-ақ, адамдардың
өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Экономикалық мағынада
кәсіпкер ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Шағын
бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам ұызметінің экономикалық
танымында жатыр. Кәсіпкердің іс- әрекеті өзінің еңбек шығындарына немесе
жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделеді. Шағын бизнесті жүргізушілер
экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар, оған қатысушылар міндетті
шарт жасасып, ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрі – ұжымдық деп есептеледі.
Жеке кәсіпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
көптеген мәселелерді шеше алады. Кісіпкерліктің потенциалдық
мүмкіндіектерін болық бағалау үшін олврдың субъектілерін нолминалды және
нарықты деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен
айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбір
азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда, оны жүзеге асыру
қоғам мүшелерінің кез келгенің қолынан келе бермейді. Сондықтан
кәсіпкерліктің шын, нақты субъектісі – бұған деген алғышарттары бар, ең
бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Міне, осы адамдар
экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің
соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы -
әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы
себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсіпорынының пайдасын
барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал,
кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Қызметінін бастапқы кезеңінде кәсіпкер катаң бәсеке жағдайында нарықтан
шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді,
яғни бүл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндектерді іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау
шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту,
тауарлар мен кызметтердің жаңа түрлерін шығару максатында ұйымдастыру
құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар олар жаңарту және өркендету. Мұндай
өзгерістердің түрлері әр-алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі
кәсіпорындарды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін ұйымдастыру немесе
ескілерін жою, модификациялау әдістеріне байлпнысты. Демек нақты өмірде
кәсіпкерліктің объектісі – новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс
және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын жүйелеу болып табылады.
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары
басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меңшігі бірте-бірте жеке
меншікке ауысты. Олар: әр түрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ретінде
қайта құрылды.
Елдің шағын кәсіпорындарды дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек.
Қазақстан республикасындағы қалыптаса бастаған кәсіпкерлік қызметті төрт
түрге бөліп қарастыруға болады. Олар:
1. Өндірістік – оның ішінде иновациялық, ғылыми-техникалық
жаңалықтарға сай тауар өндіру, қызмет көрсету және басқалар.
2. Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлері, тауар
биржалыры жіне т.б.
3. Қаржылық – банктік, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік қор
биржалары және т.б.
4. Кеңес – берушілік және басқармалық, әкімшілік, маркетингтік,
ақпараттық, кадрлар дайындау жіне т.б.
Біздің республикамызда каржылык кәсіпкерліктің банктік түрімен тек қана
банктер айналысады. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсенді
қатысушылары шағын бизнес субъектілері – кәсіпкерлер, жеке адамдар,
бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын және орта бизнестің
дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивті түрде жасалуда. Ал, оларға жекеше
тоқталсақ , меншікті жекешелендіру бағдарламасының жүруі, ол өз кезегінде
шағын бизнес дамуының нағыз экономикалық негізі екенің есімізге алайық.
Кәсіпкер шағын бизнес субъектісі ретінде оның іс-әрекеті әр кезде белгілі
бағытта ұйымдастырылады және оның нақты нысандары бар. Кәсіпкерліктің
шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның
ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі.
Олардың дербестігі нарық механизімінің әрекетің қамтамасыз ететің тәртіп
қалыптастырады. Кәсіпкерлердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауы бойынша қызметпен тауар өндіру процесін
ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсіпкерлердің ойлағаныңдай өткізе алу
құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталдарының иелері бұларды
өз қалауынша пайдалана алады. әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен
айналысуға құқығы бар. Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат – шаруашылық
жүргізудегі тәуекелге бел бууы, іске кірісер алдыңда болашақ құлдыр
қиялдарды болжап білу және оны шеше алу. Шаруашылықтың қауіп-қатері
тәуеклдің негізгі мүмкін болатын және шың мәнінде шығындар мен нәтижелердің
арақатнасы жатады.
Шағын бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы мен дамуы
тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен
байланыстыруға болады. әрине мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі,
нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлікпен, шағын және орта
бизнеспен айналысуға міндет етеді. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай
бизнес 1995-1996 жылдары делдалдық қызмет ретіңде жүзеге асты. Ал одан
кейін 5-6 жылдар ішінде қолынан іс келетің азаматтар, заңды тұлғалар
әлемдік тәжірибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кілті - өндіріс екенің
түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай, жер ауқымы
кең болғандақтан, ауылшаруашылығында шаруашылық қожалықтарды құру, төл
өсіру, сүт тағымдарының көптеген түрлерін молынан нарыққа шығару соңғы
кезде кең дамып келеді.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес халықтың әл ауқатының
төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған
кезінде де өмршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті
қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиындықтары,
экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан бюджет тапшылығы, қаржылық
ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең
көлемде қарқын алуна кедергі етуде. Мемлекет өз тарапынан шағын бизнесті
дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық нормативтік актілерді жолға қоюы,
шетелдік және отандық инвесторларды шағын және орта бизнесті дамыту жолында
капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту
бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.
Субъективті негіздегі қиындықтарды, негізінен былайша түсіндіруге болады.
Қоғамның сана-сезімінде калыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу
әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. Кәсіпкерлер
тарапнан да нарықта тез өзгеру козғалысына жылдам әрі тиімді реакциясы
толық әдетке еңбеген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларың кыры мен
сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындардың жүмысының тиімділігі - өнім
өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында.
Мүндай өндірістер шектеулі тауар ассортиментін шығарып, кажет болған
жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкін. Шағын бизнестің дамуы транспорттын
шығындар мен өнімдердің құрып қалуы каупін төмендетеді. Сонымен, шағын
кәсіпорындар - негізінде алып инфрақүрылымдық бөлімдердің (коймалық,
арнаулы коммуникациялар, көліктік шаруашылықтар, тазалау құрылғылары)
құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндірістің аздаған көлемі бойынша
тауарларды сату, айналымға жіберу, материалды техникалық жабдықтауларды
өнім дайын болған кезінде реализациялау тез жүреді.
Алғашкы 1992-1994 жылдардағы Қазакстан Республикасындағы кәсіпкерлікті
колдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау республиканың
экономикасын дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық - басқару
құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялары,
және шауашылыктын басқа да субъектілері сияқты мемлекеттік секторларды
коммерциялауды және монополизациясыздандыруды жүргізу жолымен жеке
кәсіпкерліктің негізін калауға мүмкіншілік берілді. Бұл кезеңде шағын
кәсіпорындар жұмысының алғашкы үш жылында салықтардан босатылу сиякты
салыктық жеңілдіктерге ие болды. Бұл еліміздегі шағын бизнесті дамытуға ең
үлкен колдау болды. Кәсіпкерліктің дамытуын қаржылык камтамасыз ету үшін
меншік формасына қарамастан шаруашылык субъектілердің табысының 1 пайызын
аудару есебінен кәсіпкерлікке колдау көрсетуге Республикалық қор құрылды.
Бұл кабылданылған шараның арқасында халықтың кажеттілігін канағаттандыратын
тауарлар мен азык-түліктердің және нарықтың тапшылығының деңгейін
төмендететін жеке кәсіпкерліктін субъектілерінің санынын тез өсуіне алып
келді.
Екінші 1994-1996 жылдардағы Қазакстан Республикасының кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты жеке
кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын
қалыптастыруға кажетті тиімді құқықтық, әлеуметтік-экономнкалық, каржылық
және ұйымдық жағдайларды құру болып табылды. Республиканың экономикасында
нақты бәсекелестік ортаның пайда болуы жеке кәсіпкердіктің 150 мыңдай
шамасындағы суъектілердің қалыптасуын талап етті. Мемлекеттік басқару
органдарының және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара іс-әрекеттерімен
қамтамасыз етуін және бағдарламалар жасаудың негізгі механизмі
республиканың барлық аудандарында шағын бизнестін орталығын құрумен
негізделеді.Бірақ, бұл кезең республикадағы әлеуметік-экономикалық
жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты кәсіпкерліктің дамуына қайшы
факторлардың пайда болуымен сипатталынады. Яғни, шағын кәсіпорындардың
барлық жеңілдіктері алынып тасталынды, Республикалық кор кәсіпкерлікті
қолдау мүмкіншілігінен айырылды, әр түрлі басқарушы органдар тарапынан
куштеулер көрсетіле баслалды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін әр түрлі
алымдар тағайындалынды, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар
еңгізілді. Сонымен қатар, бағдарламаның аудандық орталықтарды құру деген
негізгі мақсаты жүзеге асырылмады. Осның барлығы кәсіпкерлік бизнестің
қарқынын төмендетуге алып келді, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
санының тез кысқаруына және 1996 жылы өсу қарқынының 82 пайызға төмендеуіне
алып келді (1 -кестеде көрсетілген).
1998 жылдың желтоксанында үшінші 1999-2000 жылдардағы Қазакстан
Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы қабылданылды, негізгі максаттары шағын кәсіпкерліктің
тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларында шағын
кәсіпкерліктің үлес салмағын өсіру, жаңа жұмыс орындарының санын өсіру,
нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылды. Бұл кезеңде шағын
кәсіпкерлікті дамыту аясында көптеген өзгерістер болды. Мемлекеттік
органдардың бақылаушылық және кадағалаушылық кызметтерін реттейтін
нормативтік құқықтық актілері кабылданылды. Шағын кәсіпорын субъектілерінің
іс-әрекеттеріне заңсыз араласуға жол бермеу және жібермеу мақсатында
бақылаушылық және қадағалаушылыө органдар кезекті тексерулерін жүргізер
алдында олардың прокуратура органдарынан тіркеуден өту ережелері жасалынды
және бекіттілінді. Шағын кәсіпорын бойынша іс-әрекетті ақпараттық және
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталынған Республикалық ақпараттық-
жәрмеңкелік орталық құрылды. Бұл бағдарламада шағын кәсіпкерліктің
субъектілерінің мүдделерін қорғауда кәсіпкерлерді біріктіретін Шағын
кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау Заңына толықты-рулар мен өзгертулер
еңгізілді. Қазақстан Республикасының өкіметінде шағын кәсіпорындарды дамыту
бойынша кеңес-жиналыс органының есебінде комиссия құрылды, оның негізгі
мақсаты кәсіпкерлердің заңды құқықтарын корғау, мүдделерін ұсыну және
өкіметтін қабылдайтын жобаларында олардың пікірлерін ескеру, шағын
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша бағдарламалар мен жобаларды жасау
және өңдеуге қатысу, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының мүдделерін қолдау
болып табылады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен
қатар кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарыда кірді. Нәтижесінде бұл
бағдарламада кабылданылған шаралар азаматтардың кәсіпкерлік қарқындылығының
жетілдірілді, яғни 1-кестеде көрсетілгендей 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің
өсу қарқыны 203 пайызға тез өсуіне алып келді.
Төртінші қабылданылған 2001-2002 жылдардағы Қазакстан
Республикасының шағын кәсіпорындарды қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасыда өзінің өзгерістерің алып келді. 2002 жылдың мамырында
мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау шараларының жоспары еңгізілді және
кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік
әрекеттерді лицензиялау, лицензиялау сұрақтары бойынша орталық және
жергілікті атқарушы органдардың лауазымдары және процедуралары бекітілді.
Шағын бизнесті салалық қолдауды жүзеге асыратын шаралар кабылданды.
Кәсіпкерлік сүрақтарға қатысты барлық нормативтік құқыктық актілерді
жалпылама эксперттеу максатында әрбір мемлекеттік органда эксперттік одақты
құру ұсынысы өңделді. Шағын кәсіпорынды дамытудың республикалық корының
несилік ресурстары өсті. 2002 жылдыд 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының
өкіметінің №716 жарлығына сәйкес Қордың жарғылық капиталын өсіруге
22716100 АҚШ долларына бағаланған сомма бөлінді. Шағын кәсіпорындардың
республикалық акпараттық-жәрмеңкелік орталығында web-сайт ашу және шағын
кәсіпорынның сқрақтары бойынша акпараттық мәліметтер базасын құру жүмыстары
атқарылуда. Бұл жылдары шағын кәсіпорынның өсу қарқыны 2001 жылы 116
пайызды және 2002 жылы 113 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).
2003-2004 жылдардағы Қазакстан Республикасының шағын бизнесті қолдаудың
және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудың механизмі және
негізгі бағыттары шағын және орта кәсіпкерлік үшін салық салу жүйесін
жетілдіру, инвестициялық қолдаудың және қаржылық-несиелік жүйелерді дамыту,
шағын және орта кәсіпкерліктердің көшіру формаларын дамыту,
инфраструктураны дамытуды одан ары қарай жалғастыру, акпаратпық камтамасыз
ету, сонымен қатар кәсіпксрлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын
жүйелеу және жүйелендіру болып табылды.
Кәсіпкерлік үдерісін қозғалысқа келтіретін ілгері күштерге бірінші кезекте,
фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі,
бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
1-сурет .Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері
Тағы да ескерілетін маңызды фактор, ол – кәсіпорынның болжамсыздықпен,
қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір
сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс – бұл технологиядағы, маркетингтегі,
менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және
қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді итеративті іздестіру
процесі.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы
күштерінің ішінде кәсіпкерлік негізгі орын алады. Венчурлық кәсіпкерлермен
өте тәжірибелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықтайтын бес
аса маңызды факторларды түгендеп беруді сұрағанда олар мұны тағы да
растады. Олар: төрт рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң
барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер – бастамашыл
негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын
және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды
түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті
командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда
бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі
анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба
алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік
күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды
дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті
мамандар тобын айтамыз.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясын бөліп
көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және
кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік процеске өздерінің түсініктемелерін береді.
Оларға жататындар:
1. Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі.
2. Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
3. Кәсіпкерліктің классикалық мектебі.
4. Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі.
6. Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
7. Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі.
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың даму деңгейі.
Шағын кәсіпорынды дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен
бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары
мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.
Кәсіпорынды қаржылай қолдау саясаты қызметтің басқа түрлерін ұзақ
мерзімді және орта мерзімді несиелеу үлесін ұлғайтуға, аймақтық
деңгейінде кепілдік қорлар мен несие серіктестерін құруға бағытталады.
Бүгінгі күнге, коммерциялық банктерден шағын кәсіпорындарға берілетін
несиелер бойынша пайыздық ставкалар мөлшері валютада 16-18% және теңгеде
20-24 %-ға дейін құрайды. Алынған несие ресуртсарын игерудің орташа
мерзімі шамамен 11-12 ай. Ұлттық банк пен Үкіметке шағын кәсіпорын
секторын дамытудың арзан халықаралық бағдарламалық заңдарына қызмет
көрсету кезінде банк маржасының төмен ставкаларын белгілейтін шараларды,
екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден несиелеу ставкаларын
тмендетуге ынталандыру жөніндегі шаралар қолданған.
Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдаудың негізгіәбағыттарының бірі
қолайлы жағдай жасаудың, онда кеден бажын төлеудің жеңілдікті режимі де
қамтылады, құқықтық режимін белгілеу болып табылады.
Бұл саладағы негізгі шара сыртқы экономикалық операциялар бойынша
құжаттарды хаттау процедураларын оңайлату мен мерзімдерін қысқарту, шағын
кәсіпорын субъектілері үшін кеден тарифтерінің жеңілдікті жүйесі
жөніндегі ұұыныстарды талдап-жасау болып табылады.
Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау орташа топтың іргетасын
құрайтын жекелеген әлеуметтік топтар өкілдері қызметінің әлеуметтік-
құқықтық және экономикалық жақтарын заңдық тұрғыда реттеу арқылы да
қамтамасыз етіледі. Заңдардың бұл шоғырына Шаруа қожалығы туралы, Жеке
кәсіпкерлік туралы заңдарды және Қазақстан Республикасының
Президентінің Өндірістік кооператив туралы заң күші бар жарлығына
жатқызуға болады.
Шағын кәсіпорынды қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын
қалыптастыру ыңғайында тану болашақта шағын кәсіпорындарды дамыту қорының
жұмысын қайта құру көзделген.
Қазір қор қажетті инфрақұрылымдар мен аймақтардағы өкімет
органдарының өзара ықпалдастығы болмауы себепті шағын кәсіпкерлердің
қолы жетпес ұйымға айналып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік өкіметтің
жергілікті орындарын қор қызметіне кеңінен тарту жоспарланған.
Қор қарыз алушылар мен банктер арасындағы делдал қызметін өзіне
алады. Бұл тапсырылған жобаларды қарау мен мақұлдау тәртібін жеделдетеді,
берекесіздікті жолды, кәсіпкерлердің шығындарын едәуір азайтады.
Шағын кәсіпорынды ойдағыдай дамыту үшін аймақтарда инфрақұрылымның
барлық элементтерін құруды жүзеге асыру белгіленгенне кейін олар біртұтас
ұйымдық-технологиялық жүйеге біріктіреді.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпорындарды дамыту саласында жедел және
қаржы лизингі операциялары іс-жүзінде дами алмай отыр.Мұндай жағдайға
лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы себеп болып табылады.
Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын
мемлекеттік қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдау қажет.Франчайзинг
шағын кәсіпорын өнімдерінің ірі бизнеспен қарым- қатынасының мейлінше
тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор әлеуетті мүмкіндіктеріне ие.
Қазақстанда франчайзинг ассоциациясы-кеңестік орталығын құруға жәрдемдесу
қажет.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпорындар өзінің құқықтық мәртебесі жағынан
жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды, бұл әсіресе шағын
кәсіпорындарға қатысты. Шағын кәсіпорынның ортақ мүдделерін және әр
субъектінің мүдделерін қорғау, мемлекеттік емес ұйымдардың ролін күшейту
мақсатында Жемқорлықпен күрес туралы заңды жүзеге асыру үшін шағын
кәсіпорын субъектілерінің құқығын заңды тұрғыда тиянақтау, тұтынушылар
құқығын қорғау қоғамы үлгісі бойынша мамандандырылған ассоциацияларға
бірігу көзделеді. ҚР Президенті, Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар
жанынан шағын кәсіпорынды дамытудың қоғамдық-сарапшы кеңестері құрылған.
қазіргі уақытта республикада 390 мыңнан астам шағын кәсіпорын
нысандары бар болса, оларда 1 млн-ға жуық адам еңбек етеді. Саланың ЖҰӨ
өндірісіндегі үлесі 1998 жылға қарағанда екі еседен астамға өсіп, 2006
жылы 47,2% құраған.
Өнеркәсіптегі шағын кәсіпорын субъектілер өндірілген өнім
үлесінің жалпы өндіріс көлемінің 3%-ын, ал ауыл шаруашылығында 73%-ынғана
құрады. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындардың бөлшек саудадағы үлес
салмағы 75%-ды құрап отыр.
1.3 Шағын кәсіпорындарды дамыту мәселелері.
Кәсіпорын қызметтің табыс критерийіне болып кәсіпорынның жеткілікті
пайда және табыс табу қабілеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып
қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда
кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етіп, өмір
сүру үшін күресуіне тура келеді.
Қазіргі таңда елімізде кәсіпорынның көптеген мәселелері бар. Мысалы
ретінде, жер алу, лизензия, несие және тағы басқа. Өз кәсібін ашқысы
келетін кәсіпкер ең алдымен жері және лицензиясы бол керек. Сол себепті
лицензия алу ұзақ уақытқа созылады, яғни 2 айдан жоғару болуы мүмкін.
Сонымен бірге,несие алу процесіде ұзаққа созылады және пайыздық ставкасы
жоғары деңгейде болады. Барлық кәсіпкерлер тәуекелділікке барғысы келмейді.
Сондықтан олар ең алдымен нарықта сұранысы бар тауарлар ғана шығару керек
және бәсекеге қабілетті болуы қажет.
Әлемдік тәжірбиеде көрсетіп отырғандай, кәсіпкердің көбісі мұндай
жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы
кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша
алғашқы жылдар ағымында 23,7 %, алғашқы 4 жыл ішінде-51,7%, алғашқы 6 жыл
ішінде-62,7%, банкротқа ұшырағандығын крсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың
негізгі себептері мыналар:
▪ экономикалық факторлар-47,4%;
▪ қаржылық қиыншылықтар-38,4%;
▪ кәсіпкерлік тәжірбиенің болмауы-7,1%;
▪ кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы-3,4%;
▪ басқалар-3,7%.
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы
мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, пайыз
мөлшерлемеснің өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, инфляция, жаңа
бәсекелестіктің пайда болуы, саладағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс
материалдары мен құрылыс өндірісі технологияның пайда болуын жатқызуға
болады. Іс-жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ
кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе
алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып
кететін көптеген себептер тиімсіз менеджетпен байланысты және оларды үш
бағытта топтауға болады:
- стратегиялық сипаттағы қателіктер;
- жалпы менеджмент проблемалары;
- қаржы есептік жүйе мен тәжірбиедегі кемшіліктері;
Қазіргі зеттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл
түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа
ұшыраумен байланыстырады.Басқалар банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның
бірігуі, басқа компания тарапынан сатып алушы сияқты себептерден кәсіпорын
қызметінің тоқталуын да қосады.
Егер форма тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылардың,
жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда
ол сәтсіз фирмалар қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер
кәсіпорын қызметінің тоқталуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастыруды
қалайды:
✓ Банкротқа ұшыраумен байланысты;
✓ Алдағы залалдардың алдын алу мақсатымен;
✓ Қажетті нәтижені алдын ала алмау себебіне байланысты , мысалы,
салынған капиталдың пайдалылық пайызының төмен болуы;
✓ Зейнеткерлік жасқа жетуге немесе денсаулық жағдайына байланысты
кету, пайда табу мақсатында немесе басқа бизнесті бастау мақсатында
бизнесті сату сияқты себептерге қатысты.
Австриялық ғалымдармен жүргізілген зерттеулер бойынша бизнестегі
сәтсіздіктер пайызының жоғары болуы туралы әр түрлі пікірге қарамастан,
банкротқа ұшырағандардың үлесі-3,4% ғана, ондағы болатын залалдардан
құтылу мақсатында 8% ғана өз қызметін тоқтатады екен.
Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуі ең басынан жаңа
кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және жеке бизнеспен айналысуға ұмтылу
сипатына ие болды.Бірақ бүгін сол құрылған фирмалардың азы ғана пайдалы
және құрылыс бизнесіне әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті
өндіріс көлеміне шыға алғанын айта кету керек.
Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:
➢ әлеуметтік-экономикалық;
➢ саяси;
➢ құқықтық;
➢ психологиялық;
➢ кадрлық;
➢ ұйымдастырушылық.
Әлеуметтік-экономикалық факторларға демонополиялау қарқынының
төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық
инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздері мен коммерциялық тәуекелдерді
сақтандыру жүйесінің болмайы сияқты факторлар жатады.
Саяси факторларға кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдаудың
жетіспеушілігін бюрократиялық ақпарат кедергісін жатқызуға болады.
Әлеуметтік сауалнама бойынша кәсіпкерлердің көпшілігі, реформаны
республикалық министрліктер мен жергілікті билік органдары ұстап отыр деп
есептейді. Құқық мазмұнындағы факторларға бірінші кезекте салық жүйесінің
жетілмегендігі және нормативті-құқықтық базадағы қарама-қайшылықтар
жатады. Заң базасында жиі болатын өзгерістер ертеңгі күнге деген
сенімсіздікті тудырады, осыдан барып ұзақ мерзімдік болашақ емес, бір
күндік пайдаға бағдарланушылық орын алады. Өткір бәсекелестік к.үресте
артықшылыққа құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа кәсіпорындардың салаға
кіруіне тосқауыл болып отыр.
Психологиялық факторларда үлкен мәнге ие, оларға халыққың теріс
көзқараста болуы, қоғамға қажетті тауар мен қызмет көрсетулер осылардың
қыруар жұмыстарының арқасында пайда болып жатқандығын түсінбеулері,
кәсіпкерлік қызметін бағалаудың жаңа тәсілі мен кәсіпкерлік құрылымдарын
оң қоғамдық пікірлердің болмауы жатады. Экономикасы дамыған елдерде
халықтың көбісі, материалдық иігіліктер мен қызметтер кәсіпкерлердің күні
қуаты мен ынтасының арқасында жасалып жатқандығына сенімді , оның үстіне
АҚШ-та, мысалы, ұлттық алтын қоры дәл осы он мыңдаған нақты
кәсіпкерлердің арқасында құралады деп есептеледі.
Нарықтық қатынастарға өту тағы да бір проблеманы нарыққа шығарды: ол
біліктілігі жоғары кадр-менеджерлердің жетіспеушілігі кәсіпкерлік қызметте
білім мен тәжірбиенің болмауы.
Айырықша коньюктура бойынша табыс табуға болатын кезде, нарықтың
алғашқы толқыны құлдырай түсті. Нарықтың инфрақұрылымының пайда болуына
және қоғамның соған сәйкес психологиялық бейімделуіне байланысты арнайы
оқытылған маман менеджерлер қажет етіле бастады.
Ұйымдастырушылық реттегі факторларға жаңа фирманы тіркеу мен
кезіндегі бюрократиялық кесірлерді жатқызуға болады. Жаңа кәсіпорынды
тіркеу мен банкіден шот ашу үшін,4-тен 6 аптаға дейін уақыт және 40 000-
нан 60 000 теңгеге дейін қаржы керек. Сонымен қатар саны шексіз мекемелер
мен ұйымдардан анықтама алмау машақаты тағы бар. Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорынды түрлі мемлекеттік органдар тарапынан тексеру қосымша уақыт пен
шығынды талап етеді. Бұл аталғандар Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу
кезеңінде кезігетін проблемалардың толық емес тізімі.
Осыған байланысты көптеген кәсіпорындардың жабылып қалуы кездейсоқтық
емес, ал қалғандардың үлкен бөлігі халықтан келіп түсетін пайда
тапсырыстармен айналысуда. Жалпы, Қазақстандағы жеке бизнес әзірге
шетелдегідей ЖҰӨ-нің қомақты үлесін өндірмейді.
2. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРАҒАНДЫ АЙМАҒЫНДА ДАМУЫН
ТАЛДАУ
2.1. Қарағанды аймағындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін
талдау
Шағын кәсіпорынды дамыта отырып шағын жеке кәсіпкерліктерді ұлғайтуға
және тауарлар мен қызметтер нарығында ізін-ізі қамтамасыз етуге қажеттілік
туады. Шағын кәсіпорындардың субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты,
нақты тұтынушылардың тапсырыстары бойынша тауарлар індіреді және ұлкен
кәсіпорынға қарағанда олар кіп адамдарға қызмет етуіне құралдар береді.
Шағын бизнес-бұл азаматтық, жанұялық, халықтық бизнес. Бұл орта
кластың келешегі. Бүгінгі таңда ҚР-да шағын және орта бизнеспен 5,5 млн
адам айналысады, яғни халықтың үштен бірі. Экономикның бұл секторы
мемлекеттік бюджетке 125 млрд теңге ақша сомасы түседі.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік қалыптасу кезеңінде деп айтуға болады.
Кәсіпкер шаруашылық субъектісі ретінде жаңа кәсіпорын құруда немесе жаңа
коммерциялық енгізу, тауар идеяны қызметтер түрімен байланысты
тәуекелділікке баратын адам, Мак Бер Энд компаниясы халықаралық даму
бойынша Американдық агенствасының (ЮСАИД) қолдауымен және АҚШ-тың халықтық
ғылыми қоры жеткшілігімен кәсіпкерлің профилі атты жоба ұйымдастырды.
Нидерланды мемлекетінде кәсіпкерлікті қаржыландыру (2000-7000
долларға дейін) жайлы шағын жобалар мен бағдамалар бар.
Қазіргі таңда кәсіпкерліктің даму деңгейі отра деңгейде деп атауға
болады. Басқа да шетелдің дамыған мемлекеттерінде және орта бизнес жоғары
деңгейде. Сол себепті сол елдердің тәжірбиелерін қолдану қажет.
Бізге экономикалық ісу мен бәсекеге қабілеттің іңірлік орталықтарын
айқындап алып, олардың дамуы тұтастай алғанда еліміз экономикасының
мүдделеріне бағындыру керек.
Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын,
жаңа экспорттық тауарларды игеруге жәрдемдесетін жаңа, соның ішінде
жоағры технологиялық жаңа індірістерді дамыту.
Елімізде Атамекен кәсіпкерлер одағы құрылған. Сонымен бірге бизнес-
инкубаторлардың саны жылдан- жылға артып келеді. Яғни бизнес-инкубаторлар
кәсіпкерлерге кеңес және бизнес-жоспар жасауға, несие алудағы
жеңілдіктерде көмектеседі.
Өнеркәсіптік өндірісінің көлемі.
Қарағанды облысында 2003 жылы шағын бизнесте жұмыс істейтіндер саны-
140 мыңнан астам адамды, ШКС саны-31000 бірлікті, шығарылатын інімнің
кілемі -50,6 млрд теңгені; бюджетке тілемдер кілемі-5,3 млрд теңгені,
берілген несиелер кілемі 17 млрд теңгеден асады.
Әлемдік нарықта металға баға тербелісіне тәуелдірек тұрақты
экономиканы құруға ықпал ететін іңдеуші інеркәсіптің құрылымын
жақсартылады. Өңдеуші өнеркәсіп көлемінде машина жасау мен химия
өнеркәсібінің үлесі 2006 жылы 4%-ға дейін өссе, 2015 жылы 10%- ға дейін
өседі деп күтілуде.
Кәсіпкерлікті дамытуға шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту
мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа нарыққа
бағытталған тетіктерін ұсына отырып, мемлекет салық режимін индустриялық
саясаттын ескерген жін. Бәсекелесті дамыту кәсіпкерлікті дамыту ұшін
басымдыққа айналуы тиіс.
Қазақстандаөіндірістің шоғырландыру деңгейі жоғары. Қазіргі кезде
республика экономикасында 16 000 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 1,6% бүкіл
Қазақстан кәсіпорындары інімінің 77,4%-н індіреді. Ал Испат-Кармет
корпорациясы елдің ЖІІ-ң 7-10%-н береді.
2. . Шағын кәсіпкерлік субъектісі ретіндегі Арман - Құрылыс ЖШС
қызметінің жалпы сипаттамасы.
Арман - Құрылыс ЖШС заңды тұлға болып табылады, жарғы негізінде
әрекет етеді және жеке мүлігі, балансы, есептік шоты бар.
Жарғылық капитал көлемі 10000 долларға тең және оны жалғыз ғана
құрылтайшы қаржыландырады. Берілген кәсіпорынның жарғылық капиталында
шетелдік капитал жоқ.
Ұйым басқарылымының ең жоғарғы органы болып мүшелер жиналысы саналады.
Ол мүшелерден не олардың өкілдерінен тұрады. Қатысушылар өкілдерін
қатысушылардың өкілдері белгілі бір мерзімге тағайындайды. Мүшелер
жиналысындағы дауыстар көлемі олардың жарғылық капиталға қосқан үлестері
арқылы анықталады.
Арман - Құрылыс ЖШС Астана қаласында орналасқан. Кәсіпорынның негізі
жұмысы – құрылыстар салу. Оның есеп шотына келесідегідей қаржы түседі:
жалға берілген кеңселер төлемі, сатылған учаскелер мен өзге кәсіпорындардан
түсетін ақша аударылымдары.
Өз кезегінде одан шоттар, банктің есепті-кассалық қызметі мен бюджетке
аударулар әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына ақша төлемдері алынады.
Кәсіпорындағы орташа тізімдік санақ 10 адамды құрайды.
Тұтастай алғанда кәсіпорындағы кадрлық саясат қызметкерлердің тұрақты
өсуімен сиптталады.
Сөйтіп тәжірибеден өтуші бағытталған экономика бөлімінде берілген
уақытта 10 қызметкер жұмыс істейді: коммерциялық директор, диспечер, 2
бухгалтер, бас бухгалтер және заңгер, бас заңгер, прораб пен өзге де
жұмыскерлер.
Кәсіпорынның экономика ресурстары – шаруашылыққарекеті субъектілерінің
қолында болып, қаржылық міндеттемелер кең мәндегі кәсіпшілік пен
жұмысшыларды қуаттандыруға қажетті ақша көлемі. Шынында бұл кәсіпорын
активіне салынған қаражат. Олар көптеген көздерден құралады:
Кәсіпорынның жарғылық капиталы кәсіпорынның түріне байланысты
реттеледі. Нарық шартында жарғылық капитал – кәсіпорынды жан-жақты
қамтамасыз ететін құрылтайшылардың салым сомалары жарғылық капиталы 10000
долларды құрайды және қатысушылардың салымдарына ақшалай түрде ұсынылған
мүліктің құнын қайта бағалау нәтижесінде пайда болатын, кәсіпорынның жеке
капиталына түсетін түсімдер соманың қосымша капиталы болып табылады.
Арман - Құрылыс ЖШС қосымша капиталы 26 000 теңгені құрайды.
Өткізілген тауардан түскен пайда осы өндірілген өніммен байланысты
болып табылатын, шығындардан бөлек болып келетін өткізілген тауардан түскен
түсімдерден құралады. Барлық салықтар осы түскен пайдадан төленеді және
кәсіпорынның таза пайдасы қалады. Бұл таза пайда жинақтау қорына бағытталуы
мүмкін немесе құрылғыларды сатып алуға негіз болады, ол 6397 мың теңгені
құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы табыс өсті, өйткені өткен жылы
жалпы табыс 0 тең болған.
Несиелер – төлену, қайтару, жеделдету сияқты міндеттерді қамтитын
шартқа отыру арқылы реттеледі.
Арман - Құрылыс ЖШС кейбір міндеттерді орындауы тиіс. Соңғы алынған
несиенің сомасы 22 000 000 теңгені құрайды. Бұл оның активтерінің 43%
баланс бағасына сәйкес келеді. 22 000 000 теңгені құрайтын несиенің мерзімі
үш жыл. Бұл несие ай сайын 20% жылдық мөлшерлемемен қайтарылып отырады. Ай
сайын төленетін сома 1 700 000 теңге. Несие біртұтас қолдануға айналымдағы
қаражатты толықтыруға арналған.
Кәсіпорынның айналымдағы қаражаты жалақыға, шығындарға, коммуналдық
төлемдерге, салықтарға жұмсалады. Сонымен қатар 1 500 000 сомалық несие,
оның жылдық мөлшерлемесі 15%. Ай сайын төленетін сома 125 000 теңге.
Арман - Құрылыс ЖШС несиелер ай сайын уақытында төленеді.
2. Негізгі өндірісті ұйымдастыру. Негізгі өндіріс –кәсіпорынның тауар
өнімін (бұйымдар, тауар) өндіруді (жеткізу мен өткізу үшін қызметтер
көрсетуді) қамтитын өндірістік қызметінің бір бөлігі. Оның құрамы
кәсіпорында пайдаланылатын шикізат ресурстарының, орындалатын жұмыстар мен
шығарылатын өнімнің сипатына, технологиялық процестің ерекшеліктеріне,
өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуы деңгейіне, басқа да
факторларға байланысты. Атап айтқанда, кәсіпорын дайындауға
мамандандырылған өнімді шығаратын өндірістер, цехтар негізгі өндіріске
жатады.
3. Материалдық – техникалық базасы. Материалдық – техникалық қамтамасыз ету
– материалдық өндіріс аясы мен бейөндірістік қызмет аясында пайдалану үшін
кәсіпорындардың қажеттерін еңбек құралдарымен және еңбек заттарымен
қамтамасыз ету процесі.
Бұл бөлімде екі кезең уақыты бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz