Кадрлар бөлімінің мәліметтер қорын құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

инфорМАТИКА ЖӘНЕ ЕТ кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Кадрлар бөлімінің мәліметтер қорын құру

Жетекші: Информатика
және ЕТ кафедрасының доценті,
п.ғ.к. Байбақтина А.Т.
Дайындаған: Информатика
мамандығының 3курс студенті
Темирбаева Г.В.

Ақтөбе, 2008

Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

1.1. Мәліметтер қоры, архитектурасы,
модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..6 1.2. МҚ
–басқару алгоритмін ұйымдастыру мүмкіндіктері ... ... ... 6

1.2.1. МҚ енгізу, өңдеу және
сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2.2. Құралымды сұранымдар тілі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..8

II.DELPHI ОБЪЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
2.1. Delphi ортасының мәліметтер қорын басқаруға арналған
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Database desktop
қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІІ. КАДРЛАР БӨЛІМІНІҢ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ
ҚОСЫМШАСЫ ТУРАЛЫ

2 Кадр мәліметтер қорының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3 Кадр қосымшасының функционалдық құрылымы

4 Программаның жұмысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 31 Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2

КІРІСПЕ

Ақпараттық технология қоғамның еңбек салаларында үлкен рөл атқарады,
үлкен ақпараттар жиынын автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып
табылады. Соның ішінде МҚ және оны БЖ құрудың маңызды орыны бар. Мәліметтер
қоры мәліметтермен жұмыс істеуді жеңілдетеді, әрі ыңғайлы және тез
меңгеріледі.

Әлемдегі мыңдаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың
көбісі Delphi-де қолданбалы программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық
және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар)
визуальды интерфейс көмегіне жүгінетін ісөәрекет бар: дыбыстық файлдар,
видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. түріндегі ақпараттарды
қолдану. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу
үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Сондықтан, курстық жұмыс Кадрлар бөлімінің мәліметтер қорын құру
тақырыбында беріліп, МҚ,МҚБЖ жобалауға меңгеруге бағыттайтын мақсат-
міндеттер айқындалды.

Курстық жұмыстың мақсаты – кадрлар бөлімінің мәліметтер қорын құру
негізінде МҚБЖ құру мүмкіндіктерін меңгерту, яғни құрылған мәліметтер қоры
бойынша ақпараттарды енгізу, жою, өзгерту, жаңарту алгортимін жүргізу.

Курстық жұмысты орындау үшін төмендегі міндеттер:

• МҚ модельдері, архитектурасы, құрылымы туралы теориялық
материалдар тереңдете меңгеріледі;

• Реляциялық мәліметтер қорының форматы, құрылу ортасының жұмысы
қарастырылады;

• Delphi мәліметтер қорын құруға арналған Кадрлар бөліміннің
қосымша құру.

Осы міндеттерді орындау нәтижесінде төмендегі құрылымды курстық жұмыс
орындалады:

Курстық жұмыс теориядан және практикалық бөлімнен тұрады. Теорияда
алғашқы 2 тарау мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер және Delphi
объектілі бағытталған программалау ортасы туралы ақпараттар беріледі.

Соңғы бөлімде Кадрлар бөлімінің мәліметтер қорын құру программасына
сипаттама беріледі.

I. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
1.1. Мәліметтер қоры, архитектурасы, модельдері
Мәліметтер қоры - (біз реляциялық мәліметтер қоры туралы айтамыз) бұл
кестелер жиыны деп айтуға болады, сонымен қатар мәліметтер қорына
процедуралар және басқа да объектілер кіретінін көреміз.
Кестені қарапайым екі өлшемді кесте ретінде қарауға болады. Кестенің
аты болады - ол идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатамыз.
Бағандар әр-түрлі мінездемелерге сәйкес келеді және әрбір алаң
сақталатын мәннің типімен және атымен сипатталады. Алаң аты - ол
идентификатор және ол әр түрлі программаларда манипуляция жасау үшін
қолданылады. Мұның аты латын әріптерімен жазылады да, алаң типі алаңда
сақталатын мәннің типімен сәйкес келеді және ол әріптер, сандар, булевті
мәндер, үлкен тексттер, суреттер т.б. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы бір объектіге сәйкес келеді және оны біз жазба деп
айтамыз.
Кестені құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа ұшырамас үшін кілт алаңын
кіргіземіз. Ол алаңның уникальдылығын қамтамасыз етеді және кілт алаңы
бірнешеу болуы мүмкін.
Алаң мәндерін қолданушы енгізеді, ол мәліметтер қорында сақталады және
мұндай алаңдардан басқа есептеуші алаңдарды да енгізуге болады. Мұндай
алаңдарға қолданушы мән енгізе алмайды, ал оның мәні басқа алаңдардың
көмегімен есептеледі.
Қолданушы кестемен жұмыс істегенде көрсеткіш жазба бойымен сырғып отырған
секілді әсер береді. Әрбір уақыт кезінде бір жазбамен жұмыс істеледі.
Жазбалар белгілі бір ретпен орналасуы да мүмкін. Бірақ ол қолданушыға
бергенде реттелуі керек. Реттеу үшін индекс түсінігі енеді. Индекс
қолданушыға қандай ретпен орналасу керектігін көрсетеді Ол қолданушы мен
кесте арасындағы делдал ретінде болады.Көрсеткіш индекспен сырғып отырады,
ал индекс белгілі бір жазбаны көрсетеді. Қолданушы үшін кесте реттелген
болып көрінеді, сонымен қатар ол индексті өзгерту арқылы қарап отырған
жазбалардың ретін өзгертуге болады, мұнан индекстер өзгереді яғни
жазбаларға сілтеме реті өзгереді.
Индекстер 1-ші ретті немесе 2-ші ретті болуы мүмкін. Мысалы 1-ші ретті
индекстерге мәліметтер қорының кілт ретінде құрылған алаң болуы мүмкін. Ал
2-ші ретті кілттер басқа алаңдардан құруға болады, я болмаса онымен
артынан жұмыс істеу барысында құрып алуға болады. Егер бірнеше алаң
индекстелген болса онда реттеу алғашқы құрылған индекс алаңынан басталады.
Мәліметтер қоры көптеген кестелерден тұруы мүмкін. Қолданбалы
программалар бөлек кестелермен жұмыс жасамайды. Олар кестелер жиынтығымен
жұмыс жасайды. Көбінде бір кесте ең басты кесте болады да, ал қалғандары
бағынышты болады. Басты және көмекші кестелер кілт арқылы байланысуы
мүмкін. Кілт ретінде екі кестеде де бар бірдей алаң болады.

1.2. SQL – сұранымдар тілі
Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының
амалдарына негізделген. Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language)
құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE
механизмін қодану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты
орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL
құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға
қолдануға болады.
Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін
басқару инструкциясы (циклдaр, тармақталу, басқа операторға өту) және
енгізу-шығару құралдары жоқ.
Microsift Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де
сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды,
мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға
сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді.
SQL программалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін
қамтымағанмен, ол мәліметтерге ену мүмкіндігіне арналған, және оны
программаны жасау құралына қосады. Және Delphi жүйесіне ендірілген.
Сонымен қатар, SQL командаларымен жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және
компоненттер бар. Delphi-де мұндай компоненттерге Query, SQLQuery және
ADOQuery мәліметтер жиыны жатады.
SQL тілінің функциялары
Статистикалық функциялар:
• AVG() – орташа мән;
• MAX() – ең үлкен мән;
• MIN() – ең кіші мән;
• SUM() – қосынды;
• COUNT() – мәндердің саны;
• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;
Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:
• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;
• LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;
• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;
• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі симводардан тұратын, n1
жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;
• CAST(Expression AS Type) – Expression өрнегін Type типіне
келтіру;
Дата және уақытпен жұмыс істейтін функция:
• EXTRACT(Элемент FROM Өрнек) – дата және уақыт мәндерінен тұратын
өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу; дата және уақыт
элементі ретінде YEAR, MONTH, MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге
болады.
Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады:
• жаңа кесте құру;
• кестені өшіру;
• кесте өрістерінің құрамын өзгерту;
• индексті құру және өшіру.
Бұл әрекеттер SQL тілінің инструкцияларының көмегімен орындалады.
Кестені құру және өшіру
Кестені құру үшін CREATE TABLE инструкциясы қолданылады:
CREATE TABLE Кесте аты
(Өріс аты мәлімет типі
. . .
Өріс аты мәлімет типі);
Файлдың кеңейтілуі бойынша кестенің форматы автоматты түрде, яғни .db
– Paradox кестесі үшін, .dbf dBase кестесі үшін анықталады. Кесте файлы МҚ
псевдонимі көрсетілген, МҚ каталогында орналастыру керек.
Paradox форматының кестелері
Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox
кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс
істегенде ыңғайлы болып табылады .
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік :
• деректердің тұтастығын
• әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
• енгізілген деректерді тексеруді
• кестенің парольдық қорғанысын
қамтамасыз етеді .

Тип Белгіленуі Мәннің мазмұны
Alpha A Символдар қатары. Ұзындығы
255 символ .
Number N Жүзбелі нүкте саны .
Money $ Ақшалық қосынды .
Short S Бүтін сан . Диапазон
-32768...32767
Longinteger I Бүтін сан . Диапазон -2 147 483 648...2
147 483 647
BCD # Екілік – ондық
жүйедегі сан .
Date D Күн
Time T Уақыт
Timestampt @ Күн мен уақыт
Memo M Символдар қатары. Ұзындығы
шенелмеген .
Formatted F Символдық қатар. Memo-дан айырмашылығы, қатар
құрамында форматталған текст болады.
Graphic G Графиктік көрініс.Форматтары
BMP,PCX,TIF,GIF.
OLE O OLE технологиясын қамтитын
деректер форматы.
Logical L Логикалық мән.
Autoincrement + Автоинкрементті өріс.
Binary B Байттар тізбегі. Ұзындығы
шенелмеген .
Bytes Y Байттық тізбек. Ұзындығы 255
символдан аспайды

Кесте1.1. Paradox7 кестесінің өрістік типі
тізімі

SQL тілінің мәліметтер типі және сәйкес Paradox-тың мәліметтер типтері
келесі кестеде көрсетілген.

SQL Paradox
SMALLINT Short
INTEGER Long Integer
DECIMALL BCD
NUMERIC(x,y) Number
FLOAT(x,y) Float(x,y)
CHARACTER(n) Alpha
VARCHAR(n) Alpha
DATE Date
BOOLEAN Logical
BLOB(n,1) Memo
BLOB(n,2) Binary
BLOB(n,3) Formatted
memo
BLOB(n,4) OLE
BLOB(n,5) Graphic
TIME Time
TIMESTAMP Timestamp
MONEY Money
AUTOINC Autoincrement
BYTES(n) Bytes

SQL тілінің көмегімен кесте құру мысалы:
CREATE TABLE Student.db
(Numer Integer
Name CHAR(15)
Datarogd DATE);
Paradox кестесі үшін PRIMARY KEY сипаттамасын және жақшаның ішіне оның
өрістерін көрсетіп, негізгі немесе алғашқы кілтті анықтауға болады. Кілттік
өріс өрістер тізімінде бірінші болып орналасуы керек. Негізгі кілтті
құрумен жаңа кестеге құруға мысал:

CREATE TABLE Personal.db
(Code AUTOINC
Name CHAR(15)
Post CHAR(15)
Oklad Numeric(10,2)
PRIMARY KEY(Code));
Кестені өшіру үшін келесі инструкция қолданылады:
DROP TABLE Кесте аты;
Мысалы DROP TABLE student; Дискіден student атты кестеге қатысы
бар барлық файлдар өшіріледі.
Кестеден мәліметтерді таңдау
Мәліметтерді таңдау берілген шарттарды қанағаттандыратын өрістерді
және жазбаларды алуды білдіреді. Мәліметтерді SELECT инструкциясының
көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден таңдауға болады.
SELECT инструкциясының жазылу форматы:
SELECT [DISTINCT] {* I өрістер тізімі}
FROM Кесте тізімі
[WHERE Таңдау шарты]
[ORDER BY Сұрыптау үшін өрістер тізімі]
[GROUP BY Топтастыру үшін өрістер тізімі]
[HAVING Топтау шарты]
[UNION ішкі инструкция SELECT]
SELECT инструкциясын қарастыруда SQL-сұранысы Query компонентінің
көмегімен терілген және орындалған деп ұйғарылады. Бұл жағдайда сұраныс
орындалуының нәтижесі мәліметтер қорының осы компонентіне сәйкес болып
табылады. Мұндай мәліметтер қорының нәтижесінде қайталанатын жазбалардың
(яғни барлық өрістердің бірдей мәндері болуы) болуы және болмауы мүмкін
болады. Бұл режиммен DISTINCT сипаттауышы басқарады. Егер ол болмаса, онда
мәліметтер жиынында қайталанатын жазбалар бола алады.
SELECT инструкциясы өрістер тізімі және FROM операндысынан міндетті
түрде тұрады, ал басқа операндылар болмауы да мүмкін болады.
WHERE операндысына мәліметтер жиынының нәтижесін таңдау шарты
(критерий) жазылады. Таңдау шарты сипатталатын өрнек логикалық болып
табылады. Оның элементтері өрістер аттары, салыстыру амалдары,
арифметикалық және логикалық амалдар, жақшалар, LIKE, NULL және басқа
арнайы функциялар болуы мүмкін.
ORDER BY операндысы мәліметтер жиынының нәтижесінде жазбаларды
сұрыптау ретін анықтайтын өрістер тізімінен тұрады. Келісім бойынша әр бір
өріс бойынша мәндерінің өсу ретімен орындалады. Егер өрістерді кему реті
бойынша сұрыптау керек болса, онда осы өрістің атынан соң DESC сипаттауышы
көрсетіледі.
GROUP BY мәліметтер жиынының нәтижесінде жазба тобын бөліп алуға
арналған. Топты бөліп алу жазбалармен орындалатын топтық амалдарды орындау
үшін керек болады. Мысалы, қоймадағы қандай да бір тауарлардың санын
анықтаға қолданылады.
HAVING операндысы GROUP BY операндысымен бірге қолданылады және
топтардың ішіндегі жазбаларды таңдап алу үшін пайдалынады.
SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің ішіне бірі
орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысы пайдалынады.
Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның WHERE операндысында берілген
таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.
Сонымен қатар SELECT инструкциясы басқа инструкцияның ішінде
қолданылады, мысалы, жазбаларды модификациялау инструкциясында, және оларды
орындау үшін жазбаларды таңдауды қажет етуді қамтамасыз етеді.
Бірнеше мысалдар қарастырайық.
1) Кестеден барлық жазбаларды таңдауға мысал:
SELECT * FROM keste.db

Бұл сұраныстың орындалу нәтижесінде keste кестесінен барлық өрістер
мен жазбалар мәліметтер жиынына таңдалады.
2) Кестеден өрістер тізімі бойынша таңдаған мысал:
SELECT num, rukov, tema
FROM keste.db
Бұл SQL-сұраныстың орындалу нәтижесі keste кестесінің num, rukov және
tema өрістері үшін барлық жазбалардан тұратын мәліметтер жиыны болады.
3) Жазбаларды таңдауда қарапайым өрнектерді пайдалануға
болады. Өрнектер өрістер атынан, функциялардан, тұрақтылардан, мәндерден,
амалдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кадрлар бөлімінің функциялары
Локальды мәліметтер қорлары
Деректер қорын ыңғайландыру
Қазіргі таңдағы кәсіпорындарды басқарудың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы
Кадрлар бөлімі
Дельфи тілінде берілгендерді өңдеу әдістері
Әкімшілік жүйесінің жобасы
«ВКТ Строитель» ЖШС-ндегі жүргізіліп отырған кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйесінің әзірлемесін ұсыну
Шымкент қаласы Тауке хан даңғылындағы компьтерлік қызмет көрсету орталығы
«Nur-ali trade» ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі
Пәндер