Ауыл шаруашылығындағы қарқынды дамыту жұмыстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл
шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-
түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл
шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық,
әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл
шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін
анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп
болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп
секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының
жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста.
Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы
еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып
есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады.
2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді.
Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық
бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың
негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу
үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді.
Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда
үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар
кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру
ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына
келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл
дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің,
дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау
саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша
байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа
концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл
мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған
қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы
ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды.
Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен
нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі
төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан
қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты
халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген
концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе
кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында
зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен
тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті
туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде
тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Өтпелі
кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз
болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу
жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті
көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және
атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені
белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының
әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге
көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын
анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға
басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап
етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің
келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп
түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың
қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық
қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық
қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу
заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып,
азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл
шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің
нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы
және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың
өзектілігін анықтайды.

І – тарау. Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту

1.1.Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру
Ауыл шаруашылығы саласында ең алдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді
интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы
потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп
жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп
келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияның аграрлық саясаты ауыл
шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның дамуында
елеулі қиыншылықтар туғызды. Көп укладты экономика талаптарына сай,
экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды
(мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі
қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс
шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардың бас кезінде
республиканың аграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа
нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық
қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз
қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік
жасалды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін
әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер,
экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктің күшеюі,
агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың
орнына ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші
кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінің
ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық
қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің
негізгі бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша
тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.
Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде
келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-
індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық
реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен
реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін
өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету
шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде
қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері
республиканың күн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Көп укладты экономика
талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар
мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп
пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан
бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада
жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы
қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда
жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соның арқасында
тауар өндірушілердің қаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады,
базардың құрылуы және дамуы қиындай түсті.
Осы тарауға қорытынды жасасақ – Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен терең өзгерістер әкелді. Кеңес
экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік
монополизмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі
қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын
арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң
әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді
жүйесімен ауыстырылды [15, 156-б.]. Мемлекет ішінде демократия мен жариялық
біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы
қозғалыстар бола қоймады. Оның үстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала
бастады, олар нағыз шығынға ұласты.

1.2. Ауыл шаруашылығындағы қарқынды дамыту жұмыстары
Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі және
еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттегі қоғамдық-саяси
тұрақтылық та осы саланың дамуымен тікелей байланысты. Әлемдік азық-түлік
рыногында туындаған дағдарыс пен оның салдары азық-түлік мәселесінің
өзектілігін бұрынғыдан да салмақтап, дүниежүзілік экономикалық саясаттың
алдыңғы қатарына шығарды. Азық-түлік тапшылығы қаупін сезініп-түйсінген
әлемнің барлық елдері, қазір өздерінің аграрлық саясатын шұғыл қайта қарап,
тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Әсіресе өндіріс көлемін арттыру мен ішкі
азық-түлік рыногын тұрақтандыру мақсатындағы мемлекеттің реттеу және қолдау
көрсету рөлін күшейтуге ерекше мән беріліп отыр.
Әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде дүниежүзілік азық-түлік
рыногындағы жағдай Қазақстан экономикасына да ықпал етіп, ішкі азық-түлік
рыногында көрініс тапты. Бұл негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт
қымбаттауы мен сыртқы рынокқа жаппай экспортталуы нәтижесінде ішкі қордың
күрт азаюынан байқалды. Уақытында алдын алу шараларын қолданып, біз жалпы
ішкі азық-түлік рыногының тұрақтылығын сақтап қалдық. Дегенмен, осы жағдай
біздің аграрлық саланың “әлсіздігін”, әлемде орын алатын қауіпті
құбылыстарға төтеп беретін ешқандай мүм­кіншілігінің жоқтығын тағы бір рет
ашып көрсетті. Біздің ел үшін әлемдік дағдарыстың әсерін дәл болжаған
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында
аграрлық саланы одан әрі дамыту қажеттігіне ерекше назар аударып, еліміздің
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Әлемдік азық-түлік рыногы қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан қазіргі
кезде, бұрын қалыптасып қалған стеротиптерді қайта қарап, бұл тапсырмаларды
орындау үшін мәселенің жаңа қырынан қарау үшін саладағы қызметтің
стратегиялық бағыттарын заман талабына сай қайта өзгерту қажет. Дегенмен,
бұл қазіргі стратегиялық бағытымызды толықтай қайта өзгерту дегенді
білдірмейді, біз тек соңғы жағдайларға байланысты ішінара түзету енгізуіміз
керек. Сондықтан бұрын жасалып, қазір жүргізіліп жатқан мемлекеттік
аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны жағдай қалай өзгерген кезде де
еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен
толықтыруға тиіспіз.

Егін шаруашылығын интенсивтендіру
Егер жеке-жеке алсақ, егін шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары
көлемін әртараптандыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл арада біз бір
жағынан әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, сол
аймаққа ең тиімді деген дақылдарды таңдауымыз қажет, екіншіден, қазір ішкі
рыноктың сұранысы толық қамтамасыз етілмей отырған дақылдарды жеткілікті
мөлшерде өсіруді қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұны ынталандыру үшін
мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары пайдаланылуда. Атап айтқанда,
отандық өндіріс ішкі рыноктың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырған майлы
дақылдарды, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін, қант қызылшасы, күріш пен
жүзім өсіруге берілетін субсидия мөлшері елеулі ұлғайтылды. Бұл шаралар
қазірдің өзінде нәтижесін бере бастады. Тауар өндірушілер биылдың өзінде
майлы дақылдардың алқабын 191,7 мың гектарға немесе 28,5 %-ға, жеміс-жидек,
бақша және жүзім егу көлемін 4,7 мың гектарға немесе 10,3 %-ға, қант
қызылшасын егуді 5,6 мың гектарға немесе 40,9 %-ға көбейтті.
Егіншіліктің ең басты проблемаларының бірі топырақ құнарының азаюы
екенін ескере отырып, алдағы уақытта біз құнарлылықты қалпына келтіру мен
арттыруға ерекше мән беретін боламыз. Осы мақсатта келесі жылдан бастап
топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға ынталандыру шараларын
қолға алу, бұл үшін осы мәселені бөлек бюджеттік бағдарлама ету жоспарланып
отыр. Осы шара арқылы біз топырақты минералды тыңайтқыштар арқылы
құнарландыруды екі есеге арттырамыз. Бұл үшін отандық зауыттардың минералды
тыңайтқыштарды ішкі рынокқа қажетті мөлшерде өндіруі мен оны ауылдағы тауар
өндірушілерге жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда.
Ішкі рынокты бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі әлі де егін
шаруашылы­ғының ең осал тұсы болып қалып отыр. Бақша дақылдарын өндіру
көлемі тұтастай алғанда еліміздің қажеттілігін толық жабуға жететінін
сараптама көрсетіп берді. Бірақ, маусымаралық кезеңде аталған өнімдердің
тапшылығы туындап, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне, сол арқылы инфляция
көрсеткішінің артуына себеп болады. Біз бұл мәселені өнім сақтайтын
қоймаларды салу, бақша дақылдарын өсіретін жылыжайларды арттыру арқылы
шешуге болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір республика бойынша барлық
жылыжайлар қажеттіліктің 4,3 %-ын ғана құрайды, сонымен қатар, көкөніс-
жеміс сақтайтын қоймалардың тапшылығы да білініп отыр. Сондықтан
мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын дәл осы проблемаларды шешуге
бағыттау жоспарланған. Атап айтқанда, “ҚазАгро” ұлттық холдингі” АҚ жаңа
жылыжайлар мен бақша өнімдерін сақтайтын қоймаларды салу мен бұрынғыларын
қайта жөндеуге арналған және оларды арнайы құрал-жабдықтармен жабдықтауға
бағытталған бизнес-жобаларды жеңілдетілген шарттармен қаржыландыруда.
Шаруашылықтардың сұрауы бойынша бұл шара тікелей қаржыландыру әдісімен де,
техниканы лизингке беру әдісімен де іске асырылып жатыр. Қолға алынған осы
шаралар енді 5-6 жылда ішкі рынокты көкөніс өнімдерімен жыл бойы үздіксіз
қам­тамасыз етуге мүмкіндік бермек. Біз қазір дәл осындай шараларды жеміс-
жидек пен жүзім өсіру салаларында да қолдануды жоспарладық.
Ауылшаруашылық дақылдарын өндіруді дамытудың үлкен мүмкіндігі егін
егудің ылғал және қор сақтау технологияларына жаппай көшуінде жатыр. Қазір
егістік жерлердің 50 %-ға жуығы осы технологиялармен өңделеді. Ол үшін
бірінші кезекте лизингтік бағдарламаны одан әрі кеңейту арқылы
ауылшаруашылық құрылымдарының техникалық жарақтануын жақсартуға тиіспіз.
Сондай-ақ тыңайған жерлерді жаңадан игеру сияқты экстенсивті даму
факторлары да біздің үлкен резервіміз деуге болады. Қазақстандағы 5,5
миллион гектар тыңайған жердің 2,0-2,5 млн. гектарын немесе 36%-ын
айналымға қосуды қарастырып отырмыз.

Мал шаруашылығын интенсивтендіру
Сондай-ақ мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытында да ауқымды
жұмыстар тұр. Қазір бұл саланың бәсекелестік қабілеті өте төмен екенін
мойындауға тиіспіз. Бүгінде еліміздегі барлық мал басының 80%-ға жуығы
қосалқы шаруашылықтардың еншісінде, мал өнімдерін өндірудегі орта және ірі
тауарлы өндірістің үлесі өте төмен. Мысалға, республикадағы мал басының 5-7
%-ы ғана асыл тұқымды, бұл дамыған елдердегі көрсеткіштен 6 есе аз.
Сондықтан мал шаруашылығында біз бірінші кезекте өндірісті ірілендіру мен
малдың генетикалық әлеуетін арттыруға маңыз беруіміз қажет. Осы екі
мақсатқа ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру және ғылыми негізделген
сұрыптау-асылдандыру жұмысын жүйелі жүргізу арқылы қол жеткіземіз. Бұл
үдерісті жеделдету үшін шетелдерде селекциядан өткен жоғары өнімді асыл
тұқымды малдармен жабдықталған заманауи мал өсіру кешендерін салу жөніндегі
арнайы бағдарламалар іске асырылатын болады. Осындай 2 сүт кешені былтыр
салынып бітіп, тауар өндірушілерге лизингке берілген болатын. Биыл тағы
осындай 6 сүт кешені пайдалануға беріледі. Сөйтіп 2012 жылға дейін елімізде
салынатын заманауи сүт ке­­шендерінің саны 20-ға жетіп, оларға шетелдерде
селекциядан өткен 30 мың сиыр әке­лінеді. Бұл бірінші кезекте өңдеу
өнеркәсібіне сапалы шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін толық шешеді.
Екіншіден, қазір шетелдерден экспортталатын терең өңделген сүт өнімдерін
отандық тауарлармен ығыстырып шығаруға мүмкіндік береді.
Ет өндірісінде өнімін экспортқа шығаруға негізделген заманауи мал
бордақылау кешендерін салуға баса назар аударылады. Биыл осындай 2 кешенді
пайдалануға беру жоспарланса, келесі жылы тағы 3 кешен салынатын болады.
Бұл арада мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шаралары дәл
осындай жобаларды ынталандыруға негізделетінін атап өткен жөн. Біздің
есебіміз бойынша осы шаралардың арқасында 2012 жылға қарай асыл тұқымды
малдың үлесін екі есеге дейін көбейтіп, орта және ірі тауарлы фермаларда
өндірілетін мал өнімдерін жалпы өндірістің 30 %-на дейін жеткізу
мүмкіндігін көрсетіп отыр. Бұл қазақстандық ет өнімдерін әлемдік рынокқа
кеңінен шығаруға жағдай туғызады.
Мал шаруашылығын дамытудағы тағы бір түйінді мәселе бұл – еліміздің
эпизоотикалық және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесі. Біз сонау 2002 жылы құрылған қазіргі ветеринария жүйесі
еліміздегі эпизоотикалық жағдайды қалыпты ұстап тұруға оң әсер еткенін
айтуға тиіспіз. Дегенмен тез құбылып отырған жағдай бұл жүйені одан әрі
жетілдіруді қажет етіп отыр. Сондықтан біз ветеринария жүйесін халықаралық
нормалармен терең үйлестіруді қарастыратын заң жобасын дайындап, Парламент
қарауына енгіздік. Оның қабылдануы елімізде ветеринарияның екі деңгейлі
жүйесін енгізіп, өкілеттіктерді нақты бөлуге жағдай жасауы тиіс. Бұл бізде
жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа талаптарына да, ветеринарияға қатысты
халықаралық нормаларға да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары
Ауыл шаруашылығы бөлімі
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту
Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Ауыл шаруашылығының дамуы
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Пәндер