Дәрумендерге жалпы сипаттама


Дәрумендер
Жоспар
1. Кіріспе. Дәрумендерге жалпы сипаттама.
2. Дәрумендердің жіктелуі
а) «В» тобы
ә) «С» тобы
б) «Р» тобы
в) «А» тобы
г) «Д» тобы
ғ) «Е» тобы
3. Қорытынды
Дәрумендерге жалпы сипаттама
Бірқалыпты тіршілік ету барысында адамзат баласы кейде өзін енжар, селқос, әлжуаз, жалпы дені сау күйіндегіге қарағанда белгілі бір дәрежеде өзгешелеу, тіпті мазасыздау сезінуі мүмкін. Бұл көп жағыдайда, экологиялық әсерлерді ескермегенде, адам ағзасына қоректік заттармен енетін дәрумендер деп аталатын заттардың жетіспеушілігінен туындайды.
Дәрумендер - ағза бойындағы биохимиялық және физологиялық өзгерістердің қалыпты жүруіне ықпал ететін тіршілік үшін мағызы зор шағын молекулалы (низкомолекулярные) органикалық қосылыстар.
Адамзат ағзасы мен жануарлар бойында дәрумендер синтезделінбейді және энергия көзі болып та табылмайды.
Дәрумендер - өсімдіктер, көкеністер, жеміс жидектер бойында түзіледі.
Адам балачсы үшін дәрумендер қоректік заттар мен еніп, негізінен ішек бойында жайғасады. Адам ағзасының қоректік заттар бойындағы дәрумендермен қамтамассыз етілуіне қарай үшт жағдайды ерекше атауға болады.
- Авитоминоз - ұзақ мерзім ішінде ағза бойында белгілі бір дәруменнің жетіспеуі немесе мүлдем болмауы. Бірнеше дәруменнің жетіспеуі - поли авитаминоз деп аталады.
- 2. Гиповитаминоз - ағзаның дәрумен жетіспеушілігінен әлжуаз күйге көшуі. Қоректік заттар бойында дәрумендердің аз болып, осының әсерінен ағзада дәрумен жетіспеушілігінің туындауы экзогенді түріне жатады.
Кей жағдайларда дәрумендердің өзара сәйкес келмеуінен, олардың өздері бір-бірінің ағза бойына сіңірілуін тежейді. Мұндай жағдайды бір авторлар гиповитаминоздың бір түрі деп қабылдаса, екінші бір авторлар - дисвитаминоз деген атауды пайдалануды ұсынады.
- Гипервитаминоз - ағза бойына ұзақ уақыт мерзімінде артық мөлшерде ендірілген дәрумен әсерінен биохимиялық және патофизиологиялық өзгерістердің туындауы.
Жалпы, дәрумендер - ферменттердің простетикалық топшасы мен коферменттері түзілуі үшін бастапқы қажетті материал да болып табылады. Міне, осы қасиетінің негізінде биохимиялық және физиологиялық өзгерістердің қалыпты өтуінде, дәрумендерғ ерекше маңызы ие болады. Кейбір дәрумендер биохимиялық өзгерістерді реттеу қасиетіне ие. Мысалы, мембраналар бойынан кейбір катиондардың өтуін реттеуге дәрумендердің қатынасатындығы белгілі.
Дәрумендердің ағза бойындағы әсерін тежеп, төмендететін, тіпті мүлде жойп жіберетінзаттар « дәрумен уы» немесе антивитаминдер деп аталады. Дәрумен улары құрамы жағынан дәрумендерге өте ұқсас болады., сондықтан да ферменттер құрамына еркін ене алады. Дәрумен улары жұқпалы аурулар кезінде антибактериялық зат ретінде пайдаланылады. Микробтардың өсуі мен дамуы үшін дәрумендер қажет, ал осы жағдайда «антивитаминдер» енгізілсе микробтар тіршілігін тежейді, яғни жояды.
Дәрумендердің аталуы мен жіктелуі
1956 жылы қабылданған Халықаралық Одақтық биохимиялық саласы бойынша дәрумендер ерігіштігі бойынша үлкен екі топқа бөлінеді.
1. Суда ерімтал дәрумендер
2. Май бойында ерімтал дәрумендер
Су бойында ерімтал дәрумендердің өзі шартты түрде «В тобына жататын» және «В тобына жатпайтын» дәрумендер болып екіге бөлінеді. «В»
деген белгілеулердің өзі дәрумендердің алғашқы кезде латын әләпбиі бойынша тоқталуын білдіреді. Дәрумендердің алғашқы кезде А, В, С, Д, Е болып топталулары, олардың химиялық құрам-құрылымынан немесе биологиялық белсенділігінен ешқандай мәлімет бермейді. Ал, қазіргі кезде де дәрумендерді сол әріптермен таңбалайды және олардың биологиялық маңызын сипаттайтын әсерлері қатар жазылады. Сонымен қатар, дәрумен жетіспеу әсерінен туындаған ауруларға қарсы қолданылатын дәрумендерді атауда, сол ауру атауының алдында «анти» тіркесі сөз алдында қосылып жазылады.
Дәрумендер атаулары мен ерігіштігіне қарай топталулары төменде келтірілген.
«В» тобының дәрумендері
Аталған топқа молекула құрамында азот атомы бар гертеросақиналы қосылыстар жатады. «в» тобына жататын дәрумендер ферменттердің коферменттерін түзуге қатынасатындықтан, зат алмасу, яғни метобализм процесінде ерекше маңызға ие болады.
«В» тобының дәрумендері дәнді-дақылдар ( бидай, арпа, сұлы, т. б. ) дәнінің қабығында, бұршақ соя дәндерінде, ашытқыларда ұшырасады.
B9- жапырақтарында, аз мөлшерде бауыр, бүйрек, жұмыртқа тағамдарында кездестіруге болады.
B5, B12 - дәрумені азық ретінде пайдаланылатын жануарлардың ет, өкпе, бауыр, бүйрек, көк бауырдан дайындалған тағам құрамында ұщырасады.
B1- дәрумені немесе тиамин, аневрин
B1- дәруменінің құрылымы пиримидин және тиазол сақиналарынан тұрады да жануарлар ұлпасында тиаминпирофосфат коферменті түрінде ұшырасады:
Тиамин
Тиаминпирофосфат
Тиаминнің судағы ерітіндісі қышқылдық ортада қыздырғанда ол биологиялық белсенділігін төмендетпейді. Осы ерітіндіні бейтарап, не сілтілік ортада қыздырса B1 дәрумені оңай ыдырайды. Міне, сондықтан да, сода не аммоний карбонаты қатысында ашытылған қамырдан нан немесе тоқаш, өзге тағамдар дайындағанда B1 дәрумені ыдырап кетеді.
Сонымен қатар B1 дәрумені жарық және ауадағы оттек әсерінен тұрақчсыз, ультракүлгін сәуле әсерінен ыдырайды. B1 -дәруменәнәі биологиялық белсенділік танытатын қосылысы, оның пирофосфор эфирі- тиаминпирофосфат.
Тиаминпирофосфат жануарлар ағзасымен ашатқылар құрамында кездесетин тиаминкиназа ферменті қатысында магний иондары және аденозинтрифасфаттың өзгеріске ұшырау нәтежесінде түзіледі.
Адам ағзасына қажетті тәуліктік тиамин мөлшері 1, 3-1, 9 мг шамасын құрайды. Бұл дәрумен әсіресе әйел балалары емізулі және жүкті кезеңдерде аса қажет.
B1- дәрумені Кребе циклында кетоқышқылдарқың тотығу барысында олардың декарбоксилденуі жүргізілетіен фермент комплексінің құрамына кіреді. Тиаминпирофосфат - тиазол сақинасы арқылы өзіне байланысқан « активті ацетальдегид топшасын» тасымалдайтын кофермент қызметін атқарады.
Осы айтқанымды түсіну үшін төмендегі
α-, яғни «активті ацетальдегид топшасын» тасымалдайтын аралық өнімге назар аударыныз.
α-
Түзілген аралық өнімнен гидроксиэтил топша « активті ацетальдегид»
топшасы түрінде коферменттер бөлініп шығады.
Адам ағзасында «» дәруменінің жетіспеуі «бери-бери» ауруына шалдықтырады. Аталған ауру кезінде науқастың қарын бұлшық еттерінің қатты ауруына байланысты аяғының ұшымен жүруі қой жүрісіне ұқсайды. «Бери-бери» хинди тілінде - «қой» мағынасын білдіреді.
B1 дәруменінің жетіспеушілігі ағзадағы зат алмасуын бұзады. Көмірсулардың тотығу процесінің тежелуі мидағы және жүйке жүйесіндегі ұлпаларда зат алмасу процесін бұзып. Полиневрит ауруына, онан соң параличке ұласады.
С-дәрумені - аскорбин қышқылы
С-дәрумені құрылысы жөнінен 1-глюкозаға жақын лактон болып табылады.
Мұндағы Дегидрокорбин қышқылы да С дәруменінің қасиетіне ие.
С-дәрумені жарық, жылу әсеріне өте сезімтал, ауадағы оттек әсерінен тотығып, дәрумендік қасиетің жояды.
С-дәруменінің жетіспеуі салдарынан әлсіздік, демігу, жүрек түсында ауырсыну, жүрек соғуының жиілеуі байқалады.
С-дәрумені жетіспеушілігінен «цинга» немесе «скорбут» аурулары туындайды.
Цинга науұасында қан тасымалдайтын түтікшелер зақымданады, түтікшелер серпімділік әсерін жоғалтып, селкеуленіп, морт күйге кешеді. Түтікшелер бойынан қан оның сыртынада өтіп, тері асты, ішкі ағзалар бойына қан құйылу орын алады.
Сонымен қатар С-гиповитаминозы кезінде ауыз қуысындағы қызыл иектің қанауы, тістің босап, сынуы және түсуі жиіленеді.
С-дәруменінің аздаған жетіспеушілігі адам көңіл күйін аздырып, ми және дененің іс қимыл жүйесін нашарлатады. Ас қорыту жүйесінің бұзылып, инфекция мен суық тиуге ағзаның қарсылық көрсетуін төмендетеді.
С-дәрумені-көкеніс капуста, көк пияз, аскөк, болгар бұрышы мен жеміс-жидек өнімдері қарақат, итмұрын, жаңғақ, цирусжемістері, картоп бойында кездеседі. Сонымен қатар С-дәрумені бауырда қара қарақаттың, қылқан жапырақты ағаштарының жапырақтарында ұшырасады.
Адам ағзасына С-дәруменіне тәуліктік қажеттілік 50-100 мг шамасын құрайды.
Тамақ дайындау барысында аскорбин қышқылын тотықтырудан сақтандырі үшін көкеніс, жеміс өнімдерін аздаған уақыт ішінде су буымен булап алуы қажет. Осы жағдайда аскорботоксидоза ферменті белсенділігін жояды да, аскорбин қышқылы тотығуға ұшырамайды. Аскорбин қышқылы кампот, маринадтар бойында өз дәрумендік қасиетің сақтайды.
С-дәрумені ағза бойында фоль қышқылын тетрафоль қышқылына тотықсыздандырады, картикостереоидтердің, кооллагеннің синтезделуіне, қан түзілу процесіне, ароматты амин қышқылдарының түрленуіне, олардан нейромедиатор түзілуіне қатынасады.
Р-дәрумені
Р-дәрумені биофлавиноидтар деп те аталады. Биофлавиноидтар фенолды қосылыстар туындысына жатады және өсімдіктер бойында 2000 жуық түрлері ұшырасады.
Мысалы, рутин:
Ағза бойында Р-дәруменінің жетіспеушілігінен ұлпа бойындағы қан тасымалдаушы түтікшелер қатайып, морттанады, селкеулетіп қткізгіштік қасиеті артады. Адам тез шаршайды, әлжуазз күйге көшеді.
Р-дәруменінің қасиетіне ие полифенолды қосылыстар өсімдіктер бойында, жеміс-жидектер құрамында ұшырасады.
Мысалы, қара қарақат, қымыздық, шабдалы, алмұрт, жүзім, алма, грейфрут жемістерінде Р-дәрумені қасиетіне ие заттар мол.
Күнделікті тәуліктік қажеттілік 25-50мг шамасын құрайды.
А-дәрумені
А-дәрумені ретинол деген атпенде танымал және оның А1, А2 және цис-А1 витамерлер бар.
Химиялық және молекулалық құрылымы ұқсас дәрумендік қасиеті бірдей заттар өзара витамерлер болып табылады.
Химиялық тұрғыдан дәрумен А1 жиырма көміртек атомынан тқратын циклогексен сақинасы бар бүйір тізбекті қанықпаған спирттерпен көмірсутектердің туындысы болып табылады. Төменде дәрумен а-ның ретинол және дегидроретинол түрінде құрылым формуласы келтірілген.
ретинол
Дегидроретинол
Дәрумен А2-нің А1-ге қарағанда негізгі айырмашылығы β-ионон сақинасында қосымша қос байланыстар бар.
А-тобының дірумендері әртүрлі стериоизомерлер түрінде ұшырасады және түрліше биологиялық активтілік көрсетеді.
Адам және жануар ағзасында а-дәрумені ферменттер қатысында ретинильдік цис-, транс- альдегидтерін түзеді.
Дәрумен А-сірке және пальметил қышқылдарының эфирлері түрінде бауыр бойында жиналады.
А-дәруменінің жетңспеуінен, ағзанынің әлсәзденуә, өсудің тежелуі, терінің құрғауы, кілегейлі қабаттардың құрғауы, ксерофтальмия, кешке қарай көрмеу туындайды.
Дәрумен а ет, балық, сарымай, жұмыртқа сарысы және жануарлар бауыры құрамында ұшырасады.
Өсімдіктер бойында А дәрумені кездеспейді, алайда фермантативті гидролиз барысында А дәрумені түзілетін қосылыстар-каротинойдтар бар. Каротиноидтар алғаш рет сәбіз құрамынан бөлініп алынды,
Биологиялық активтілігі жоғары β-каротин фермент каротиназа қатысында гидролизге ұшырап екі молекула А-дәруменің түзеді.
Ал α-және γ-каратиндер фермантативті ыдырағанда бір-бір молекуладан А дәрумендері түзіледі. А дәруменіне тәуліктік қажеттілік 1-2, 5 мг, β-каротинге қажеттілік 2, 8 мг шамасын құрайды.
А дәрумені бар заттардан тамақ дайындағанда, олардың жарық жіне ауадағы оттекке өте сезімтал екендігі есте болғаны жөн.
Дәрумен А және каротиндерге бай заттардан тағам пісіргенде олардың майларда ерімталдығын ескеріп, тамақ дайындауды өсімдік майларында жүргізген жөн.
Сонымен қатар, ағза бойында А дәрумені көп сіңірілсе адам гипервитаминозға шалдығады. Осының әсерінен ересек адамдардың бас сүйегі, буындары қатты ауырады, шашы түсіп, аузының дәм сезуі төмендейді, ұйқысы қашып, мазасызданады. Бауыр және көк бауырының көлемі ұлғайып, терісінде өзгерістер орын алады. Жалпы дәрумендерді көп өабылдау зиян. . Осы себепті А дірумніне бай балық майын балаларға ішкізгенде, осы жағында ескерген жөн.
Д-дәрумендері
Д-дәрумендері кальциферол деген атпен рахитке қарсы қолданылатын дәрумен ретінде де танымал.
Д- дәрумендер тобынын Д1-ден Д7-ге дейін аралықта витамерлері белгілі. Витамерлер боладын Д-дәрумендер тобына да биологиялық активтілігі және құрылымымен ерекшелінетін әртүрлі қосылыстар кіреді.
Адамзат және жануарлар үшін белсенділік танытатын -Д2 эргокальцифенол және Д 3 -холекальцифенол түрлері белгілі. Ал, өсімдіктер бойында Д-витаминдері алынатын бастапқы қосылыстар - фитостериндер бар. Фитостериндерге жататын-метиленциклоартенол, кампестерин, ситостерин, стигма стериндер ультракүлгін сәулелері әсерінен Д-дәруменге айналады.
Д-дәрумендерінің эргокальцифенол және холекальциферол құрылым формулалары төменде келтірілген.
Эргокальциферол
Холекальциферол
Д-дәрумені жарық әсерінен адам терісінде түзіледі, яғни холестеариннен -дегидрохолестеарин, ал соңғы зат ультракүлгін сәуле әсерінен холекальциферолға айналады.
Д-дәруменінің жетіспеушілігі балалардын рахит ауруына шалдығуына, яғни ағзадаға фосфор-кальций алмасуының бұзылып, сұйектің жұмсаруына, оның пішінінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Емізулі сәбилердің тіс жаруы кешеуілденуі де аталған аурудың белгісінің бірі болып саналады. Ересек адамдарда Д-дәруменінің жетіспеушілігі ұйқының бұзылып, тәбеттің нашарлауына, сүйектің морттанып жиі сынуына, тістің мүжілуіне, мінездің шыдамсыз күйгелек күйге көшуіне соқтырады.
Д-дәруменіне сары май, жұмыртқаның сарысы, бауыр, ашытқы, ішмай және балық майлары бай.
Д-дәруменінің тәуліктік қажеттік балалар үшін 12-55мкг шамасын құрайды.
Ал, күнделікті күн сәулесінен ультракүлгін сәулелер жеткілікті қабылдау нәтежесінде ағза бойында Д-дәруменінің мөлшері реттеліп отырады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz