Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. Дүниежүзінің металлургия кешені

2. 1. Қара металлургия кешені

  1. Түсті металлургия кешені
  1. Дүниежүзінің машина жасау кешеніАвтомобиль жасау кешеніЭлектронды техника өндіріс кешені
  2. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың тақырыбы «Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені».

Мақсаты: металлургия мен машина жасау кешендеріне әлемдік деңгейде сипатама беру.

Курстық жұмыс «металлургия дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беруден басталады. Кейін металлургияның негізгі түрлері қарастырылады да оларға толық түде сипатама беріледі. Яғни, түсті мен қара металлургияның салалары, олардың құрамындағы негізгі металдардың топтасуы және т. б. жатады. Сонымен қатар әр бір кешеннің қазіргі дүниежүзі бойынша ең көп таралған металдарға сипатама берілген.

Келесі негізгі бөлімнің тағы да бір бөлімшесінде машина жасау кешені туралы айтылады. Машина жасау кешенінің барлық салаларына сипатама берілген. Бірақ, тағы қосымша ретінде машина жасау кешенінің қазіргі дүниежүзіндегі екі негізгі кешеніне толық түрде жазылған.

Жоғарыда айтылған негізгі бөлімдерінің компонентеріне, яғни металлургия мен машина жасау кешендерінің географиялық орналасуы, қазіргі кездегі географиялық жылжуы, әлемдік энергетикалық дағдарыстан кейінгі жағдайы қарастырылады. Әр бір саланың өзінің кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Осыған орай кез-келген өндіріс орнын орналастырған кезде оның сол кешенге лайықты элементтерді қарастырған жөн. Осы және тағы да басқа сұрақтарға жауапты сіздер мына курстық жұмыста таба аласыздар.

Сонымен қатар дүниежүзінің саяси картасындағы барлық мемлекеттердің осы кешеннің пайыздық үлестері жазылған. Әр кешеннің, саланың экспорты мен импорты, алғашқы өндіруші ондық елдері, сол саланың даму тарихы туралы мәліметтер диаграмма немесе кесте түрінде берілген. Және де әр бір кешеннің даму перспективасы мен болашақтағы дамуы туралы мәліметтер таба аласыздар.

Әлемдегі мемлекеттер үшін металлургия мен машина жасау кешендерінің экономикадағы орны қарастырылады. Кез келген мемлекет немесе аймақ үшін оның экономикалық негізі металлургия немесе машина жасау кешені болуы мүмкін. Себебі бұл салалар ең ежелгі және ең жас болып саналады. ҒТР-дың әлемдік нарықтағы жасаған жаңалығы нәтижесінде машина жасау кешенінде жаңа салалардың пайда болуына әкелді. Қазіргі кездегі олардың дамуы үлкен қарқынмен жүріп жатыр.

II.

Металлургия (грек. Metallurgeo- металл өндеймін) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай- ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургияға кендерден металдарды ажыратып алуға дайындау мақсатымен кентастарды өндеу процестері (уату, байыту, кесектеу, т. б. ) ; кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту; металдар мен қорытпалар өндіру, металдарды химиялық- термиялық және термомеханикалық өндеу, металл бұйымдардың беттеріне басқа металлдар мен бейметалдарды диффузияға енгізу жатады. Түсті және қара металлургия, галламды, өте жоғары температурада (2000-3000К) өтетін плазмалы және лазермен өнделетін металлургия болып ажыратылады.

Орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Қара металлургия- металлургияның ғылым мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т. б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы.

Түсті металлургия- кен шикізаттарын өндіру мен өндеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металлдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды.

Галламды металлургия- су ерітінділерінен галламдарды (галийдің электірлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді.

Металлдардың бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония және т. б. ) патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологияда, термо- ядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т. б қолданылады. Плазма металлургиясында қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары- түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары температурада (1-2К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді. Қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады.

2. 1. Қара металлургия - өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі және минералды шикізатты өндеудегі негізгі сала. Оның мәні құрылыста және өнеркәсіпте қажет құрастыру жабдықтарының басты көзі болып табылатын болат прокаты арқылы анықталады.

XXғ. 70ж. ортасына дейін болат өндіру өсу үстінде болды. Дүние жүзінде болат өндіру 100млн. т-дан 200млн. т өсу үшін (1927-1950ж) 23 жыл қажет болды. Ал 200млн. т-дан 300млн. т жету үшін 8 жыл кетті (1950-1958ж) . 1964ж. дүние жүзінде 400млн. т болат өндірілді. 1968ж. дүниежүзінде 500млн. т жетті, 1970ж. дүниежүзінде 600млн. т болат өндірілді.

Дүние жүзіндегі болатты өндіру динамикасы

XXғ. бойында болатты өндіру динамикасы жылдан жылға көбейіп келді. Оны біз жоғары көрсетілген диаграммада көре аламыз. Бірақ, ғылыми техникалық прогрестің болуына және 1995ж. болған дағдарысқа байланысты болатты өндіру біршама азайды. Сонымен қатар қара металлургия кешенінің дамыған елдерден дамушы мемлекеттерге миграция жасап, бұл саланың географиялық жылжуын байқаймыз. 1950ж. дамушы мемлекеттер(әсіресе Қытай) 6 млн. т болат өндірген болатын, ол дүниежүзінің 3% алады. 1970ж. бұл көрсеткіш 56 млн. т (10%), 1980ж. -122 млн. т (17 %), 1990ж. -201 млн. т (26%), 2000ж. -315 млн. т (38%) өсті. Яғни, Батыс Еуропаның дамыған елдерінің үлесі 2000ж. 47% қысқарды, ал кешегі социалистік мемлекеттердің көрсеткіші 15%-ға дейін өсті. Бұл географиялық жылжудың себебі өте көп. Соның бірі индустрияландыру үдерісінің жүруі. Яғни, эканомикалық жағынан индустриялы дамыған мемлекеттер Азия, Африка және Латын Америкасы елдері жатады. Бірақ осы жылжуға қарамастан оның көптеген мәселелері бар. Біріншіден, қара металлургияның негізгі орталығы дамыған мемлекеттерде пайда болды және дамушы мемлекеттерде әлі де болса негізгі өндеу орталықтары жоқ. Екіншіден, дамушы мемлекеттер күнделікті тұтынуға ие болған металлдарды ғана өндіреді, ал болаттың сапасы әлі де болса нашар күйде. Үшіншіден, қара металлургияның өндру қуатылығы дамушы мемлекеттерде 95-100% болса, дамыған мемлекеттерде 80-85%, яғни дамыған мемлекеттер болашақ резервіге сақтап қалады. Жоғарыда келтірілген географиялық жылжудың салдарынан дүние жүзінде болат өндіруден нақты бір аймақтар ерекше көзге түседі.

Дүние жүзіндегі болатты балқытудың басты аймақтары

Аймақ: Аймақ
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %
Аймақ: 1950ж.
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 1970ж.
1980ж.
1990ж.
2000ж.
Аймақ: ТМД
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 14, 4
19, 5
21, 1
20, 1
11, 8
Аймақ: Шетелдік Еуропа
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 31, 1
33, 7
28, 0
26, 3
22, 9
Аймақ: Шетелдік Азия
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 4, 2
20, 5
25, 7
32, 5
42, 4
Аймақ: Африка
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 0, 4
0, 9
1, 8
1, 7
1, 4
Аймақ: Солтүстік Америка
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 49, 0
22, 6
17, 2
14, 6
14, 1
Аймақ: Латын Америкасы
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 0, 4
1, 6
5, 0
3, 8
6, 5
Аймақ: Австралия және мұхиттық аралдар
Дүние жүзінің балқыту мөлшері, %: 0, 5
1, 2
1, 2
1, 0
0, 9

Қазіргі уақыта дүние жүзінде болатты балқытудан жылына 200 млн. т жетеді. Үлкен үлесін ЕО елдері алады. Олар болатты 90 млн. т-ға дейін экспорттайды, келесі орында ТМД елдері 30 млн. т, 25 млн. т жуығын Жапонияның өзі экспортайды және 15 млн. т-ны Шығыс Еуропа мен Корея Республикасы шет елдерге шығарады. Ал дүниежүзіндегі ең ірі импортаушы болып АҚШ қала береді (35 млн. т) . Шойынның халықаралық нарықтағы айналымы анағұрлым аз, жылына 8-10 млн. т ғана.

Болат балқытудан алғашқы ондық елдер

1950ж.: 1950ж.
1970ж.: 1970ж.
1990ж.: 1990ж.
2003ж.: 2003ж.
1950ж.: мемлекет
1970ж.: балқыту, млн. т
1990ж.: мемлекет
2003ж.: Балқыту млн. т
мемлекет
Балқыту млн. т
мемлекет
Балқыту млн. т
1950ж.: АҚШ
1970ж.: 88
1990ж.: АҚШ
2003ж.: 122
КСРО
153
Қытай
220
1950ж.: КСРО
1970ж.: 27
1990ж.: КСРО
2003ж.: 116
Жапония
111
Жапония
111
1950ж.: Ұлыбритания
1970ж.: 17
1990ж.: Жапония
2003ж.: 93
АҚШ
90
АҚШ
91
1950ж.: Германия
1970ж.: 14
1990ж.: Германия
2003ж.: 45
Қытай
66
Ресей
63
1950ж.: Франция
1970ж.: 9
1990ж.: Ұлыбритания
2003ж.: 28
Германия
44
Корея Республикасы
46
1950ж.: Жапония
1970ж.: 5
1990ж.: Франция
2003ж.: 24
Италия
26
Германия
45
1950ж.: Бельгия
1970ж.: 4
1990ж.: Қытай
2003ж.: 18
Корея Республикасы
23
Украина
37
1950ж.: Канада
1970ж.: 3
1990ж.: Италия
2003ж.: 17
Бразилия
21
Үндістан
32
1950ж.: Люксембург
1970ж.: 3
1990ж.: Бельгия
2003ж.: 13
Франция
19
Бразилия
31
1950ж.: Италия
1970ж.: 2
1990ж.: Польша
2003ж.: 12
Ұлыбритания
18
Италия
27

Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес 1950ж. болатты балқытудан алғашқы ондық елдер қатарына Еуропа, КСРО, АҚШ, Жапония және Канада мемлекеттері құрса, 1970ж. осы қатарға Қытай елі де кірді, Ал 1990ж. Корея Республикасы мен Бразилия және 2003ж. Үндістан да енген болатын. Бірақ, 2003ж. мәліметтерді қарайтын болсақ бұл ондық елдердің қатарында Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Польша сияқты елдер төмен түсіп, кірмей қалды.

2000-2001жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзінде оң тенденциялар байқала бастады. Дүние жүзінің экономикасының көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі әсіресе барлық металдарды қажетсінетін:

  1. Қытай- 2003ж. оның экономикасының өсуі 9%, ал болатты тұтыну 34%
  2. Үндістан және т. б. Азия елдерінде металл салалары үшін болат пен шикізатқа дүние жүзіндегі бағаның өсуіне әкелді.

Сонымен қатар металл бағасының өсуінің тағы бір себебі теңіз тасымалдар тарихының қарқынды өсу нәтижесінде жетекші дүние жүзіндегі экспорттаушылардың темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды.

Жалпы сипатама: Барлық өндіріс орындарда болат 80% құрайды. 1972ж. болған әлемдік энергетикалық кризис салдарынан қара металлургияға ол экономикалық, электр энергияны көп тұтынатын салаға өз кері әсерін тигізді. Осыған орай 1974-1978жж. электр энергияны үнемдеу бағдарламасы құрылған. Міне осы салдарынан қара металлургияны қызмет көрсететін салалар құрамына енгізіп жіберді. АҚШ үшін қара металлургияны жабу мәселелері де қарастырылып жатты.

АҚШ. Үлкен дағдарыстардан кейін АҚШ шикізатты реструктуризация жүргізген болатын. Осыған орай экономикалық және техникалық нашар зауыттарды жауып, 70 млрд. т доллар қосып кішігірім зауыттар құрды. Оларды мини- зауыттар немесе мини- металлургия деп атайды. Қазіргі кезде бұл зауыттар өте жақсы жұмыс істеп келеді. Мысалы: «Ньюнкар» мини- зауыты даму үстінде. Ол дүниежүзі бойынша жылына 1 млрд. т тауар шығарады.

Жапония. Қазіргі кезде Жапонияда қара металлургия тоқырау кезеңде. Себебі, бұл лас, экологиялық нашар сала мемлекеттік құрылымға ене алмай жатыр. Жапония үшін қара металлургия ешбір қажетті жоқ, бірақ ол дүние жүзінің ең күштісі болып келеді.

Қытай және Үндістан. Бұл жаңа толқын. Қытай үшін өткен жылда болат өндіру 28%, яғни 270-350 млн. т. Егер КСРО- мен салыстыратын болсақ, онда сол кезде онда max160-163 млн. т болған. Үндістан болса жылына 70 млн. т өндіреді.

Шикізат мәселесі. Металлургияда үнемі шикізатпен проблемалар туындайтын. Басты шикізат экспортаушылар: Бразилия, Австралия, Үндістан, Ресей.

Болжам. Қара металлургия үшін 1996-2000жж. көрсеткіштері бойынша ондағы өндіру баллансы тұрақты болады деп есептелген. Жылына 770-790 млн. т. Бірақ, 2004ж. ешкім күтпеген жағдай болды. Өндіру жылына 1 млрд. т жеткен еді. Егер де бұрын тек Азия мемлекетіне көп үлес тисе, енді дамыған мемлекеттерге де тиеді.

Темір рудалары - тау кен өндірісінің негізгі саласы. Бірақ, осыған қарамастан бұл сала қара металлургияға да жатады. Әлемдік сұранысқа байланысты темір рудаларын өндіреді.

Әлемдік темір рудасын өндіру динамикасы, млн. т

Жоғарыда көрсетілген диаграммадан біз XXғ. бойында әлемдік сауда нарығында темір рудасын өндіруден үнемі өзгеріп отыратынын көре аламыз. 1980ж. дүние жүзін билеген энергетикалық және шикізат дағдарысына байланысты темірге деген сұраныс азайып, ал 1990ж. біраз мөлшерге өскенін көреміз. 1995ж. алғаш рет бұл көрсеткіш 1 млрд. т жеткен болатын.

Тек темір рудасын ғана қарастырмай, құрамында темірі бар жоғары сапалы шикізатты да қарастырған жөн. Құрамында темірі бар рудаларда ең көбі 40-60% құрса, Либерияда бұл көрсеткіш 67% тең.

Темір рудаларының географиясында соңғы жылдары көптеген өзгерістер болып жатыр. 1950-60ж. қара металлургиясы дамыған мемлекеттер үшін темір рудасын өндіру әсіресе Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Канада және КСРО болды. Уақыт өте келе бұл сала біртіндеп дамыған мемлекеттерден дамушы мемлекеттерге миграция жасап, көшкен болатын.

1990-2000жж. аралығындағы әлемдік саудадағы темір рудаларын өндірудің басты аймақтары

Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер
Өндіру, млн. т.: Өндіру, млн. т.
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: 1990ж.
Өндіру, млн. т.: 2000ж.
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Бүкіл әлем
Өндіру, млн. т.: 965
1060
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: ТМД
Өндіру, млн. т.: 235
180
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде:
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Ресей
Өндіру, млн. т.: 107
87
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Украина
Өндіру, млн. т.: 105
77
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Қазақстан
Өндіру, млн. т.: 24
16
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Шетелдік Еуропа
Өндіру, млн. т.: 50
22
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде Швеция
Өндіру, млн. т.: 20
21
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Шетелдік Азия
Өндіру, млн. т.: 240
310
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде:
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Қытай
Өндіру, млн. т.: 180
224
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Үндістан
Өндіру, млн. т.: 55
75
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Африка
Өндіру, млн. т.: 45
50
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде:
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: ОАР
Өндіру, млн. т.: 30
34
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Солтүстік Америка
Өндіру, млн. т.: 90
98
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде:
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: АҚШ
Өндіру, млн. т.: 55
63
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Канада
Өндіру, млн. т.: 35
35
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Латын Америкасы
Өндіру, млн. т.: 190
235
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде:
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Бразилия
Өндіру, млн. т.: 150
195
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Венесуэла
Өндіру, млн. т.: 20
20
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Австралия және мұхиттық аралдар
Өндіру, млн. т.: 115
170
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Оның ішінде:
Дүние жүзі, аймақтар, мемлекеттер: Австралия
Өндіру, млн. т.: 110
168

Жоғарыда келтірілген кестеден мынандай географиялық сипатамалар жасауға болады: біріншіден, қазіргі кезде жүние жүзінің 43 мемлекеті темір рудаларын өндіреді, бірақ осыған қарамастан 9/10 бөлігі 12 мемлекет үлестеріне тиеді: Қытай, Бразилия, Австралия, Үндістан, Ресей, АҚШ, Украина, Канада, ОАР, Швеция, Венесуэла, Қазақстан. Екіншіден, эканомикалық дағдарыстың салдарынан әлем шаруашылығына өз ықпалын тигізді, соның ішінде 1990ж. дүниежүзіндегі жалпы өндірістен, ТМД елдерінің өндіру үлестері кеміді. Соңғы жылдары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, Норвегияда, Испанияда, Португалияда, Финляндияда, Австрияда темір рудалардың өндірісі тоқтап қалды. Үшіншіден, АҚШ пен Канада елдерінде темір рудаларын өндіру көрсеткіштері анағұрлым тұрақтанды. Төртіншіден, басқа дамушы аймақтарда жылдан- жылға темір рудасын өндіру мөлшері өсіп келеді. Әсіресе, Азия, Латын Америкасы мен Австралия мемлекеттері. XXIғ. Басына болжам жасайтын болсақ Австралия, Бразилия, Үндістан, Венесуэла сияқты мемлекеттерде темір рудасының негізгі орталығына айналмақ.

Осындай жағдайға тап болуына байланысты әлемдік сауда нарығында құрамында темірі бар шикізаттың орналасу географиясы да өзгерді. Батыс Еуропа елдерінде осы сала бойынша экспорт көлемі 1993ж. 400 млн. т құрса, 1990ж. соңында 450 млн. т өсті.

Дүниежүзіндегі темір рудасын экспорттайтын және импорттайтын негізгі елдер

Экспорт-елдері: Экспорт-елдері
Экспорт, млн. т: Экспорт, млн. т
Импорт-елдері: Импорт-елдері
Импорт, млн. т: Импорт, млн. т
Экспорт-елдері: Австралия
Экспорт, млн. т: 165
Импорт-елдері: Жапония
Импорт, млн. т: 130
Экспорт-елдері: Бразилия
Экспорт, млн. т: 160
Импорт-елдері: Қытай
Импорт, млн. т: 65
Экспорт-елдері: Үндістан
Экспорт, млн. т: 33
Импорт-елдері: Германия
Импорт, млн. т: 45
Экспорт-елдері: Канада
Экспорт, млн. т: 26
Импорт-елдері: Корея Республикасы
Импорт, млн. т: 40
Экспорт-елдері: ОАР
Экспорт, млн. т: 22
Импорт-елдері: Ұлыбритания
Импорт, млн. т: 21
Экспорт-елдері: Украина
Экспорт, млн. т: 20
Импорт-елдері: Франция
Импорт, млн. т: 20
Экспорт-елдері: Швеция
Экспорт, млн. т: 17
Импорт-елдері: АҚШ
Импорт, млн. т: 16
Экспорт-елдері: Мавритания
Экспорт, млн. т: 11
Импорт-елдері: Италия
Импорт, млн. т: 16
Экспорт-елдері: Венесуэла
Экспорт, млн. т: 10
Импорт-елдері: Бельгия мен Люксембург
Импорт, млн. т: 14
Экспорт-елдері: Ресей
Экспорт, млн. т: 8
Импорт-елдері: Польша
Импорт, млн. т: 9

Қазіргі кезде құрамында темір қоспасы бар шикізаттың экспорты мен импортының 90% жуығы теңіз көлік кешені арқылы жүзеге асады. Осыған орай негізгі он бір қуатты және тұрақты көпірлер салынған. Олар:

Австралия- Шығыс Азия

Австралия- Батыс Еуропа

Бразилия- Шығыс Азия

Бразилия- АҚШ

АҚШ- Батыс Еуропа

ОАР- Шығыс Азия

ОАР- Батыс Еуропа

Үндістан- Шығыс Азия

Үндістан- Батыс Еуропа

Венесуэла- АҚШ

Ресейде темір рудасын өндіруден ең максималды көрсеткіші 1988ж. - 109 млн. т тіркелген. Бірақ, қазіргі кездегі көрсеткіштері азайды. Оның себебтері қара металлургия кешенінің металл балқуының азаюы, экспорт көлемі азайды.

2. 2. Түсті металлургия - әр бір сала сияқты ішкі күрделі құрылымды болады. Ол түсмті металлдар кенін өндіру және өндеу, әр түрлі металлдардың балқуы, шикізат және олардың прокат бұйымдары кіреді. Бұл сала құрылымының күрделілігі сондай, ол тіптен 70 металмен жұмыс істейді. Олардың ішінде ең ірісі: алюминий, мыс, қорғасын, мырыш.

Түсті металлургия қара металлургия тәріздес өте ерте кезде пайда болды. XXғ. даму этпатарынның өзін үшке бөліп көрсетуге болады:

  1. Бірінші кезеңде түсті металлургия саласы ауыр металдарды (мыс, қорғасын, мырыш, қалайы) өндеуге кіріскен.
  2. Екінші кезең 1950-1970жж. қамтиды. Бұл кезед жеңіл металдың (алюминий, магний, титан және т. б) балқуын дамытқан. Осыған орай алюминий барлық өндірісті арта қалдырып бірінші орынға шықты.
  3. Үшінші кезең 1970ж. ортасында басталған еді. Ол дүниежүзінің энергетика және шикізат кризисімен байланысты болып келеді. Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөліне бастады да «XXғ. металлдары» атты жаңа кен орындары пайда бола бастады. Олар: вольфрам, молибден, ванадий, тантал, ниобий, висмут, кобальт, германий, селен, цирконий.

Бірақ осыған қарамастан дәстүрлі металлдарға да сұраныс азайған жоқ. Олардың қатарына алтын, күміс, платина кіреді. Осыған орай 1990ж. дүние жүзінде 1/5 қалайы, 1/4 -1/3 алюминий мен мырыш, 2/5 мы, ½ қорғасын шикізат өндірістері өсе бастады.

1990ж. түсті металлургия кешені өте жоғары деңгейде дамыған еді. Алюминий 23-24 млн. т, мыс 14 млн. т, қорғасын мен мырыш 6-8 млн. т.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Машина жасау өндірісінің салалары
Машина жасау өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі туралы
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢНЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕГІ ЕЛДЕР
Нанотехнология медиицна мен физикада
Туркия. Мемлекеттің тарихы
ТМД Елдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz