Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы


М А З М Ұ Н Ы :
Кіріспе3
Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы5
1. 1. Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері5
1. 2. Конституциядағы құқықтық мемлекет белгілері11
1. 3. Конституция бойынша билік бөлісу15
1. 4. Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары мәселелері19
Қорытынды23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:25
Кіріспе
Еліміздің Ата заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.
Ең жоғары заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы, Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқық жүйесінің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында» 1995 жылғы Конституцияның негізінде жаңа конституциялық құқық түзілді делінген[1] . Оған дәлел ретінде соңғы уақыттағы Республикамыз қол жеткізіп жатқан жетістіктерді мақтанышпен көрсете аламыз. Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы, алдыңғыларына қарағанда, адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығырақ бекітуімен ерекшеленеді. Конституция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді. Адам құқықтарының Жалпы декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт сияқты жалпы жұрт таныған актілерден бастау алған Конституцияның 2-бөлімі түбегейлі осы мақсаттарға қызмет етеді.
Менің осы тақырыпты таңдап алуымның бірнеше себебі бар. Яғни, Қазақстан Конституциясында көрсетілген демократиялық институттарды жүзеге асыруда қандай қиыншылықтарға кездесіп отыр, осы демократиялық идеялар, Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуына талдау жасау, мемлекеттік билікті бөлу теориясы өз деңгейіне жеткізу, адамның табиғи құқықтарының бостандығын қорғау, екі палаталы кәсіби парламент құру секілді шараларды жүзеге асыруда келешектегі жолдарын сипаттау үшін және де биліктің басқа да тармақтарына талдау жасау.
Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
1. 1. Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері
Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан үш Конституция негізінде дамыды. Ең алғашқы Конституция - 1978 жылғы 20 сәуірде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың Конституциясы еді. Ол 1993 жылға дейін көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілу арқылы іске асты. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тұңғыш рет дайындалып, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция бар жоғы 2 жыл 7 ай өмір сүріп, еліміздің қазіргі 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияға жол берді.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституииялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы Қазақ КСР Конституциясына Қазақ КСР-ының «Президенттін, қызмет орнын белгілеу туралы» 1990 жылдың 24 сәуірдегі заңымен өзгеріс енгізу кезенінен бастау алады[14] . Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердін қатарына жатпайды. Аталган заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің кызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты нығайту мақсатында белгіленеді. Одан кейінгі окиғалар көрсеткендей, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің президенттік басқару жүйесін қалыптастыру осы заңнан басталады.
1990 жылғы 25 казаңдағы Қазақ КСР-ының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Ол жай «көздеушілік Декларация» емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болды.
Декларацияда Қазақ КСР-ының басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. 1937 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы, КСРО-ының басқа да тең құқылы республикаларымен бірге, ерікті түрде бірікті делінді. Ал Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ы КСРО құрамындағы тең құқылы республика деп атап көрсетілді. Декларация Қазақстанның егемендігін ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар арасындағы шарттың кажеттігі туралы конституциялық идеяны да жариялады,
Сонымен бірге Декларацияда: «Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекеттікті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады» (2-бап) деп бірінші рет ұлттық мемлекеттілік туралы жария етілді, онда Қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тууы мен дамуы Қазақ КСР-ының мемлекеттілігінің ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді. Әрине, «ұлттык мемлекеттілік» және «Қазақ КСР-ының мемлекеттілігі» ұғымы - синонимдер емес. Бұл ұғым -Қазақстанда мемлекеттілік сипатына екі түрлі көзқарастын көрінісі. Оның негізінде көпұлтты Қазақстан жағдайыңда өзін-өзі саяси тану құқына деген әр түрлі түсінік жатты. Одан әрі көрінгендей, алдымен бірінші көзқарас, ал Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында екінші көзқарас конституцияланды.
Декларация - Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кенеске бүкіл билікті бекітті.
Заң шығару билігі Жогарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болып белгіленді және жоғары басқарушы-атқарушы билікті иеленді, яғни, атқарушы билік те Президенттің иелігінде болды. Жоғары Сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді.
Қазақ КСР-ы Декларациясында бұрын болмаған егемен құқық - республиканың егемен құқын және Конституциясын бұзатын заңдарды және Одақтың жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын өз аумағында тоқтату құқы орнықтырылды.
Сондай-ақ өз аумағындағы және ғылыми-техникалық. қуат Қазақ КСР-ының қатаң меншігінде екендігі жарияланды, яғни, Қазақстанның экономикасы, негізінен, КСРО экономикасынан бөлінді және енді КСРО-ның біртұтас халықшаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болмайтын болды.
Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін таптық тұрғыдан анықтайтын көзқарас жоқ. Қазақ КСР Конституциясының 1-бабындағы (19) тармақша) «жүмысшы», «шаруа», «интеллигенция» ұғымдары заңдардың нормаларынан шығып қалды[15] . Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің бастауы халық екендігі жарияланды. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында да орнықтырылды
Қазақ КСР-ы халықаралық қатынас субъектісі ретінде дербес құқықты иеленді. КСРО Конституциясы және Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан халықаралық қатынастың дербес субъектісі бола алған жоқ. Қазақ КСР-ында Сыртқы істер министрлігі болғанмен, Қазақстан халықаралық аренаға дербес шыға алмады, халықаралық. шарттарға отырған жок. Қазақ КСР Конституциясының 28-бабына сәйкес сыртқы саясат қызметінде республика КСРО Конституциясы белгілеген сыртқы саясаттағы мақсаттарды, міндеттер мен принциптерді басшылыққа алды.
Демек, Қазақстанда тәуелсіздікті жарияламастан бір жылдан астам бұрын КСРО Конституциясындағы негізгі нормалардың қолданылуын тоқтаткан және дербес, тәуелсіз дамудың алғашқы қадамын жасаған конституциялық сипаттағы актілер қабылданды. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. Ол - 1990 жылғы 20 қарашада қабылданған «Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы» заң. Конституцияға Президенттің атқарушы және басқарушы биліктің басшысы болып табылатындығы, Министрлер Кеңесінің Министрлер Кабинеті болып қайта құрылатыны, Премьер-министрдің қызмет орны бекітілетіндігі туралы қағидалар енгізілді. Министрлер Кабинетін құру құқығы Президентке берілді, оны Жоғарғы Кеңес бекітті. Конституция Қазақ КСР-ы КСРО-ның, оның барлык, жоғары өкімет органдарының иелігіндегі мәселелерді шешуге қатысатындығы туралы қағидалармен толықтырылды. Бұл Қазақ КСР-ының егемен құқын кеңейтуге жасалған тағы бір қадамы болды.
1991 жылдың 15 ақпанында қабылданған, соған сәйкес Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізілген «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ы халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Заңның маңызды конституциялық мәні бар. Онда жергілікті өзін-өзі баскару, оның жүйелері ұғымы бірінші рет берілді. Бұл мәселенің маңызы зор және 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда әр қырынан шешілді. Заң жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті Кеңестерін, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ жергілікті референдумды, жиналыстарды (жиындарды), азаматтардың конференцияларын қамтыды және іс жүзінде оларды таратып жіберуге дейін қолданылды.
Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған «Қазақтын Кеңестік Социалистік Республикасынын атауын өзгерту туралы» Заңнан басталады. Заң конституциялық деп аталмағанымен, Қазақ. КСР Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізгендіктен, ол іс жүзінде сондай заң болды. Бұл заңның мәні мынада, мемлекеттік ұйымдардың идеологиялык негізі Республика атауынан алынып тасталды.
Бұл заңның тағы бір мәні - бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы: Республиканың көпұлтты халқының «өзін-өзі тану принципіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт сүйгіш, құқықтық мемлекет құру талпынысына орай» Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы деп аталды. Мұнда ұлттың өзін-өзі тануы айтылмайды. Алайда, таңғаларлығы, бұл идея 1991 жылдың 16 желтоқсанында, яғни, бар болғаны алты күннен кейін қабылданған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңда ескерілгеи жок. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңда Жоғарғы Кенестің «Қазақстан халкының еркін білдіре, Қазақ ұлтының өзін-өзі тану құқын сендіре отырып. ., Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялайтыны» айтылды.
Осы конституциялық заңда тәуелсіздік бірінші рет жарияланды, онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас азаматтық, аумақтық дербестік, мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Сөйтіп, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінде енді.
Конституциялық заңның калыптасуының екінші кезеңдегі бір ерекшелігі, мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға кайшы келмегендіктен, Қазақ КСР-ы Коңституциясының нормалары, КСРО мен Қазақ КСР-ының заңдары одан әрі қолданылды.
Осы кезенде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. Айталық, 1991 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заң КСРО азаматтығын, сондай-ақ қос азаматтық институтын таныған жоқ. Ол Қазақстан азаматтығын алудың жаңа негізін белгіледі және азаматтық туралы заңның конституциялық мәртебесі Қазақстан Республикасынын 1993 жылғы Конституциясымен танылды. Бұл мән-жайды атап көрсеткен жөн, өйткені 1995 жылғы Конституция азаматтық туралы заңды енді конституциялық заңдардың қатарына жатқызбайды.
Мемлекеттік органдар жүйесіне 1992 жылғы 5 маусымдағы «Конституциялық сот туралы» Заң елеулі өзгерістер енгізді. Бұл органның тағдыры өте күрделі болды. Конституциялық сотты 1993 жылғы Конституция танығанымен, екі жылдан сәл ғана астам уақыт өмір сүріп, 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейін-ақ тарих қойнауына кетті.
Демек, бірінші және екінші кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары социалистік конституцияға - тәуелді мемлекеттік ұйымдардың Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолынен дамыды. Бұлар заң шығарушылардың қамтылмасты қамтимын деген нәтижесіз талпынысы еді. 1992 жылдың маусымына дейін Қазақ КСР Конституциясының 51-бабына өзгерістер енгізілді. Одақтық Конституцияга негізделген, мықтап идеяландырылған Конституцияны ешқандай өзгеріс пен толықтыру жақсарта да, лайықтандыра да алмас еді. Әрине, заң шығарушылар мұны түсінді, сондықтан 1991 жылдың өзінде жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу жөнінде Конституциялық комиссия және жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы каңтарда жана Конституцияны қабылдаудан басталады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем жаңаша белгілеген тарихи құқықтық акт болды. Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған конституциялық заңдардың көптеген құқықтық нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты, прокуратураны тану осының қатарына жатады.
Конституция 1978 жылғы Конституцияның кейбір қағидаларын қабылдады, айталық, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ енді бүкіл билікті иеленген орган ретінде танылған жоқ. Оның вкілеттік тізбесі конституциялық, тұрғыдан белгіленді. Бірақ, СОКП үстемдігі, біртұтас саяси партияның басшылығымен жұмыс істеу кезіндегі Жоғарғы Кеңестен ерекшелігі 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес заң тұрғысынан да, нақты істе де өзінің қызметін конституциялық құзыреті шеңберінде дербес жүргізе алатын болды. Жергілікті Кеңестер уәкілетті органдар ретінде сақталды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен бостандықтары негізінде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында жарияланған құқықтық қағидалар мен идеялар сақталды. Ол - барлық азаматтардың тең құқылығы, саяси құқық, еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, денсаулықты сақтау құқығы және басқалары. Азаматтардың тәуелсіз мемлекет кезеңіндегі негізгі жауапкершілігінің кеңестік кезендегі осындай жауапкершілігінен ешқандай ерекшелігі жоқ.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституииясына бірқатар жаңа қағидалар енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы «өзін-өзі таныған Қазақ ұлтының мемлекеттілік нысаны ретінде» жарияланды. Кіріспеде «Қазақ мемлекеттілік» формуласы қолданылды. Бұл тек Қазақ ұлтының өзін-өзі саяси танығандығын білдірді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік егемендік тек ұлттық егемендіктің жүзеге асуы ретінде танылды. Сонымен бірге Конституция «Қазақстан халқы Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатындығын» орнықтырды. Тиісінше, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттік егемендік негізіне ұлттық емес, халықтық егемендікті қабылдады. Бұл қайшылықты диалектикалық кайшылық деуге бола коймас. Ол, менің пікірімше, 1993 жылғы Конституция қабылданар карсаңда ойдағыдай шешімін таппаған көзқарастардың екі саяси-құқықтық жүйесінің әлі де жалғасып келе жатқан текетіресінің көрінісі.
Конституцияда «зиялы және біртұтас мемлекет» деген ұғым бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік зиялылық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуінен көрінеді. Конституция мемлекеттің қандай да болсын бір дінге немесе атеизмге артықшылық бермейтіндігін жариялады. Саяси партияларды діни негізде құруға жол берілмеді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттерді көздемеуі тиіс. Ақыр соңында, мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қызметіне заңсыз араласуға жол берілмеді. Мемлекеттік құрылым нысаны жағынан Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, демек, оның аумағында саяси да, сондай-ақ мәдени автономиялар құруға да мүмкіндік берілмейді. Бұл тарихи тұрғыдан белгіленген және саяси-құқықтық жағынан өзін ақтады.
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының «тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардын өзара қарым-қатынас жасайтыны» туралы қағиданы да жаңа қағида деп есептеуге болады. Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым салуға қатысты институттарын, Президенттің тыйым салуын еңсеруді, Президенттің кызметтен кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтас және оның әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен кетірілуін, Жоғарғы Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер Кабинетінің мүшесін лауазымынан алуды жатқызды. Бұдан көрінгендей, тежемелік және тепе-тендік құралдарының жиынтығы билікті бөлу принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес.
Конституция оның нормаларын тікелей қолдану туралы қағиданы орнықтырды. Конституция нормаларын тікелей қолданудың бірсыпыра қырлары бар. Ол, біріншіден, Парламенттен, Президенттен және Үкіметтен бастап жергілікті мемлекеттік органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң шығарушылық кызметіне ықпал ету. Мұндай ықпал заң шығарушылық өкілеттігін анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің конституциялық нормаларға сәйкестік талабын белгілеу жолымен де жүзеге асырылады. Екіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы оның нормаларының мемлекеттік органдар, ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылуын білдіреді. Конституцияда тура «Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін заңды қолдануға соттың құқы жоқ» деп жазылған. Үшіншіден, азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға және қорғауға құқылы. Тиісінше, Конституция адамдардың құқықтық санасын тікелей қалыптастырып, өмір салтына және қоғамдағы көңіл күйге осылайша ықпал етеді. Төртіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы институттық қайта құрылулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент, жергілікті өкілетті органдар сайлауларының, Президент сайлауының және басқа сайлаулардың Конституцияда қаралған мерзімде өткізілуі тиістігін білдіреді.
1993 жылғы Конституция Жоғарғы Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру институтын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жәй заңдық күші бар Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық заңдар шығару өкілеттігін бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттігін берді. Оны Конституциялық Сот өз қаулысында таныды. Сондықтан Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы Конституцияға заң шығару өкілеттігін беру туралы елеулі өзгеріс енгізді деуге болады[16] .
Конституциялық заңнын қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы қабылданған Конституциямен байланысты. Бұл кезең одан әрі жалғасуда. Осы Конституцияның біркатар елеулі жаңа қырларына тоқталайын. Онда КСРО-ның да, Қазақ КСР-ынын да не Конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Конституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан әрі қолданылатыны туралы айтылды. Бұл өте үлкен мәселе, өйткені Қазақ КСР-ының көптеген кодекстері әлі жаңартылған жоқ. Оларды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру - заң шығарушы органдардың міндеті. Президенттік басқару жүйесі орнықтырылды. Менің пікірімше, атқарушылық билікке жақын тұрғанымен Президент енді биліктің бірде-бір тармағына жатпайды. Қалыптасып үлгерген қоспалаталы Парламент орнықтырылды. Конституциялық Сот сот органы болып табылмайтын Конституицялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Құқық қорғау органдарын қайта құру қарастырылып, ол жүзеге асырылды. Осындай қайта құрулардың нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесіне тән жоғары және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.
2. 2. Конституциядағы құқықтық мемлекет белгілері
Конституциямызда «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»[17], деп жазылған. Құқықтық мемлекеттің шығарған заңдары, нормативтік актілері толық, анық, түсінікті, халықтың мүддесіне шығарылуы тиіс. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету - құқық қорғау органдарының міндеті. Олар үшін «қай жерде және кім не айтады?» дейтін сұрақ туындамауға тиіс, есесіне, «заңды бұзған екенсің - оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кезеңдегі «заң қалай бұрсаң солай бұрылатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз»[18], деп атап көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz