Нарықтық құнды қағаздар
Кіріспе
Құнды қағаздар нарығы (қор нарығы) – ол қаржы нарығының құрамдас бір
бөлігі. Құнды қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айырықша тауарыменен
ерекшеленеді. Ол ерекше тауар – құнды қағаздар. Олар біріншіден, меншік
белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқұғы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұл ерекше тауардың өз құны өте
аз болса да, оны өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Құнды
қағаздардың көрсетілген құны (номиналды) өте төмен болғанымен, мысалы ол
өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер
құнды қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның
бағасы көрсетілген құннан (номиналынанжоғары болады. ( керісінше де,
болуы мұмкін). Бұндай бағаның номиналдан ауытқуы, құнды қағаздардың жалған
капитал екенін көрсетеді.
Құнды қағаздар нарығының мақсаты – қаржы ресурстарын шоғырландыру және
оларды нарыққа қатысушылардың әртұрлі операциялары арқылы қайта бөлу,
яғни уақытша бос ақша қаражатының құнды қағаздардың инвесторларынан
әмитенттеріне ауысуына делдалдық ету.
Мемлекеттік құнды қағаздар кез - келген мемлекеттің құнды қағаздар
нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі, Құнды қағаздардың бұл
тұрі мемлекеттің әкономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады.
Оны атқару ұшін мемлекеттің қаржы жұйесі құрылады. Қаржы жұйесі бірін —
бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен - бюджеттік және несиелік жұйелерден
тұрады.
Құнды қағаздар - ең алдымен мұлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат
немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Құнды
қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі тұрлі болуы мұмкін: не заң
жұзінде бекітілген жеке құжат тұрі, не есепшотқа енгізілген жазу тұрі. Егер
басқа адамға иемденуге берілсе, құнды қағаздардың екінші тұрі бойынша
ерекше куәлік толтырлып беріледі.
Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының заңында әмиссиялық
құнды қағаздар - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері
болатын, осы шығарылым ұшін біріңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын
және айналысқа тұсетін құнды қағаздар деп көрсетілген. Әмитенттің құнды
қағазды шығару туралы шешімі тіркеуден өткізіледі. Құнды қағаздарды
мемлекеттік тіркеу деген құнды қағаздарға ұлттық бірдейлендіру номерін
беру. Ол - әмиссиялық құнды қағаздарды бірдейлендіру және есепке алуды
жұйелеу мақсатында оларға уәкілетті орган беретін әріптік - сандық код.
Қазақстанда мемлекеттік тіркеуді Орталық депозиторий жұргізеді.
Әмиссияланған құнды қағаздар ең алдымен алғашқы құнды қағаздар
нарығына орналастырылады. Онда құнды қағаздарды әмитент алғашқы
иемденушілерге, яғни инвесторларға береді. Демек, құнды қағаздардың
әмитенттері қаржыны инвесторлардан тек алғашқы құнды қағаздар нарығында
алады. Ал қайталама нарықта құнды қағаздар айналысқа тұседі, оларды
иемденушілер ұнемі өзгеріп отырады. Бұл қағаздарды қайталама нарықта
сатудан қаражат әмитенттерге емес, оларды сатушыларға (алғашқы
иемденушілерге) тұседі.
Ұлттық Банктен қарыз алу
Мемлекеттік құнды қағаздарды шығару -
және ақша белгілерін әмиссиялаумен салыстырғанда - бюджет кемшілігін
қаржыландырудың әкономикалық тиімді әдісі. Себебі нарықтық әкономика
жағдайында Ұлттық Банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын
реттеу мұмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша әмиссиялаумен жою
айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығару
мен бара - бар. Ол, әрине, инфляцияны туындатады.
2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 - II Қазақстан Республикасының Құнды
қағаздар нарығы туралы Заңы бекітілді. Осы заң әмиссиялық құнды
қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы,
айналыста болуы және өтелуі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды,
құнды қағаздар нарығы субъектілерінің құрылуы мен қызметіндегі
ерекшеліктерін реттейді, құнды қағаздар нарығының қауіпсіз, ашық түрде және
тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, инвесторлар мен құнды қағаздарды
ұстаушылардың құқықтарын, құнды қағаздар нарығына қатысушылардың адал
бәсекесін қорғау мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалау
тәртібін айқындайды.
Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары:
* капиталдың шоғырлануы мен орталықтандырылуы;
* нарықтың жалпыұлттықтылығы және ғаламдылығы;
* ұйымдастыру деңгейінің көтерілуі және мемлекетті бақылаудың
нығаюы;
* нарықтағы жаңа енгізулер;
* басқа қаржы нарықтармен араласуы.
Қазақстан республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшелігі мүлікті
кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын
өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын
қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан
жоқ. Дүниежүзілі тәжірибе дәлелдегендей банктер құнды қағаздар нарығында
жеке үстемдік (монополизация) роль атқарды. Дәл осы жағдай көпшілік
мемлекеттердің құнды қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп
соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік
бейімделген құнды қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық құнды
қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген
жөн.
1.Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде
1.1 Құнды қағаздар нарығының экономикадағы ролі мен алатын орны
Нарықтың көптеген сипаттамалары кездеседі. Мысалы, нарық сатып алушы мен
сатушы кездесетін орын, сатып алушы мен сатушының өзара әрекетіне немесе
қаржы активтерін алмастыруға қызмет ететін механизм, құнды қағаздарды
шығаруға және айналысқа түсіруге байланысты экономикалық қатынастар
жиынтығы және т.с.с. келтірілген анықтамалардың барлығы да капитал тартуды
қамтамасыз ететін экономикалық қатынастарды сипаттайды. Құнды қағаздар
нарығының басқа кез – келген нарықтан бір ғана айырмашылығы бар – ол ақша
капиталын қалыптастыруға қызмет етеді. Болашақта ол капитал нақты тауар
өндіру үшін немесе алғашқы капиталды өсіру үшін жұмсалуы мүмкін. Уақытша
бос ақша қаражатын тарту мерзіміне байланысты нарық ақша нарығы және
капитал нарығы немесе қаржы нарығы деп бөлінеді. Ақша нарығына, негізінен,
халықтан қысқа мерзімге (1 жылға дейін) уақытша бос қаражат тартылса, ал
қаржы нарығында құнды қағаздар (ақша нарығымен салыстырғанда) ұзақ уақыт
бойы айналыста жүреді.

бөлігі. Құнды қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен
ерекшеленеді. Ол ерекше тауар – құнды қағаздар. Олар, біріншіден, меншік
белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі пайда болады. Бұл ерекше тауардың өз
құны өте аз болса да, оны өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Құнды
қағаздардың көрсетілген құны (номиналды) өте төмен болғанымен, мысалы, ол
өндіріске жұмысқан нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер
құнды қағаздары нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның
бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де, болуы
мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, құнды қағаздарың
жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндіріс капиталдың
оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, қарыз капиталдары).
Құнды қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың
орнына жүретін символы болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те
атайды. Сонымен қатар, құнды қағаздар қор инструменті немесе құралы болып
та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол
жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады.
Сонымен құнды қағаздар нарығы – капитал нарығының, яғни ақша және басқа
материалдық құндылықтардың нақты қызметінің көрінісі.
Құнды қағаздар нарығының мақсаты - қаржы ресурстарын шоғырландыру және
оларды нарыққа қатысушылардың әртүрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни
уақытша бос ақша қаражатының құнды қағаздардың инвесторларынан
эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін құнды қағаздар
нарығы келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- инвестициялау үшін уақытша бос қаржы ресурстарын тарту;
- әлемдік стандартқа сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- екінші нарықты дамыту;
- маркетингтік зерттеулерді күшейту;
- мүліктік қатынастарды өзгерту;
- басқару жүйесін және нарықтық механизмды жетілдіру;
- мемлекеттік реттеу негізінде қор капиталын нақты бақылауды қамтамасыз
ету;
- инвестициялық қауіпті азайту;
- портфельдік стратегияны қалыптастыру;
- баға белгілеуді дамыту;
- дамудың бағытын болжамдау.
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда құнды қағаздар нарығы көптеген
қызметтерді атқарады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі, жалпы нарықтық, яғни кез келген нарыққа тән, екіншісі, ерекше,
осы нарықты басқа нарықтардан ажырататын қызметтер.
Жалпы нарықтық қызметтер:
- коммерциялық, яғни осы нарықтағы операциялардан пайда табу;
- баға белгілеу, яғни нарықтық бағаларды қалыптастыру және олардың
өзгеруін, қозғалысын қадағалау;
- ақпараттық, яғни нарыққа қатысушаларға қажетті ақпаратты жариялау;
- реттеу, яғни нарықтық сауда жүргізу, оған қатысу, қатысушылардың арасында
болған дауларды шешу туралы Ереже шығару және бақылау органдарын құру
қызметтері жатады.
Құнды қағаздар нарығының ерекше қызметтері:
- қайта бөлу, яғни бағалы қағаздардың айналысы арқылы кәсіпорындар,
мемлекет және халық, сонлай - ақ солалар мен аймақтар арасында ақша
қаражатын қайта бөлу. Бұл қызмет мемлекеттік және муниципалдық құнды
қағаздарды шығару және оларды орналыстыру есебінен мемлекттік, облыстық
және жергілікті бюджеттердің кемшілігін қаржыландыруда мемлекеттік
органдардың кәсіпорындар мен халықтың уақытша бос қаражатын қайта бөлу
арқылы жүзеге асырылады;
- баға және қаржы тәуекелдерін сақтандыру, яғни туында құнды қағаздары -
фьючерстік және опциондық шарттарды сақтандыру.
Құнды қағаздар нарығы - нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ
болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау
процесіне қатысты жүзеге асырылады. Капиталды инвестициялау – күрделі
қаржының капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған
уақытта сол саладан қайта алынуы.
Құнды қағаздар нарығының маңызы. Экономикасы дамыған мемлекеттерде
құнды қағаздардың көмегімен қосымша капитал тарту анағұрлым жеңіл, акция
және облигация сияқты негізгі құнды қағаздарды шығаруға және оларды
тіркеуге 2 апта, эмиссия проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың
оларды талкылауына 2 – 4 апта, оларды сатып алу – сатуға және есеп
айырысуға 2 – 3 апта уақыт кетеді. Қорытындысында, 1,5 – 2 ай ішінде
эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқығына ие
болады.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда
қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
2. Құнды қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы басқа да анықтамалармен тығыз
байланысты. Олардың экономикалық мәні бір - біріне сай келеді. Құнды
қағаздар деген – екінші нарықта белсенді түнде айналысқа түсетін қарыз
міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының басқа да сияқты арнаулы
құжаттық формасы болмайды. Олардың көбесі келісім құжатында (шартта) 1 – 2
бап ретінде көрсетіледі. Құнды қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді.
Тіркеу инвесторларға құнды қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға
көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын
дәл анықтауына мүмкіндік алады.
1. Кіріс төлеу жөнінен
қарызды және үлесті құнды қағаздар болады. Қарызды құнды қағаздар бойынша
кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың негізгі күрделі бөлігі келешекте
белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Ол үлесті құнды қағаз немесе оны акция
деп те атайды. Акция оны иемденушінің корпорация мүлігіндегі үлесін
көрсетеді және иемденушіге шексіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс
түсіреді. Ал құнды қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті
түрлерінен туындайды.
2. Құнды қағаздар
шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет,
жергілікті үкімет органдары, акционерлік қоғамдар, қаржы институттары және
тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті
және қарызды құнды қағаздар төмендегідей түрлерге бөлінеді.
Көптеген елдерде
құнды қағаздар түсіретін кірісіне, эмитенттеріне, айналыс жерінде
байланысты жіктеледі:
а) Қазынашылық - ол үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын құнды
қағаздар. Олар ең сенімді құнды қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін
(өтелуін) мемлекеттің бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл құнды
қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен облигациялар.
Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі құнды
қағаздарды шығарады;
ә) Жергілікті үкімет органдарының құнды қағаздары. Олардың төлемін
қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің
берген дотациясы;
б) Қаржы институттары мен акционерлік қоғамдардың акция және облигация
түріндегі құнды қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда жол қатынасы
кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және зеәнетақы
қорлары, инвестициялық компаниялар шығарады;
в)
Банктердің бағалы қағаздары – депозиттік сертификаттар салым құжаты чектер
және бұлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері;
г) Кәсіпкерлердің құнды қағаздар – олар коммерциялық вексельдер,
фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар;
3. Құнды қағаздар сатылу жерінде байланысты ақша және капитал
нарықтарындағы болып екіге бөлінеді.
Ақша нарығында қыска мерзімді құнды қағаздар сатылады
және сатылып алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығында
болады. Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және
басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі
топтарға жатса да, олардың барлығы қарызды құнды қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған құнды қағаздар
түседі. Олар үлесті де, қарызды да құнды қағаздар болуы мүмкін. Олардың
эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы орган, корпорациялар,
қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін жайт, құнды қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге, яғни
1 жылға дейін айналымда болса да (мысалы, еркін айналыстағы опциондар)
капитал нарығында жүреді.
Кез – келген құнды қағаздарды болтын кейбір белгілеріне (уақыт,
кеңістік, нарық) байланысты жіктеледі.
Кесте 1- Құнды қағаздардың жіктелуі.
Жіктелу нысандары: Құнды қағаздардың түрлері:
Қолдану мерзімі- мерзімді, мерзімсіз
Пайда болуы алғашқы нарық, екінші нарық
Қолдану формасы қағазды-құжатты; қағазсыз, құжатсыз
Ұлттық тиістілігі Отандық, шетелдік
Иемдену тәртібі ұсынушы, атаулы
Шығару формасы эмиссиялық, эмиссиялық емес
Меншік формасы мемлекеттік БҚ, мемлекеттік емес БҚ
Айналыс сипаты нарықтық, еркін айналыстағы,
нарықтық емес
Тәуекел деңгейі қауіпсіз, орта қауіпті, қауіпсіз
Табыстылығы табысты, табыссыз
Қаражат салу формасы қарызды, иеленушінікі, үлесті
Экономикалық мәні акция, облигация, вексель және т.б.
Пайдалану типі инвестициялық, инвестициялық емес
Қорыта айтқанда, құнды қағаздарды келтірілген суреттегідей жіктеу
қазіргі нарықта олардың сан алуан түрлерінің бар екенін білуге мүмкіндік
береді.
3. Мемлекеттік құнды қағаздар әлемдік тәжірибеде
Мемлекеттік құнды қағаздар – ол үкіметтің қарыз міндеттемесі. Ол – қарызды
құнды қағаз, оның эмитенті мемлекет. Өзінің экономикалық мәні жөнінен
мемлекеттік құнды қағаздардың бардығы қарызды құнды қағаздар болғанымен іс
жүзінде оларды бір-бірінен ажырататын біреуінің өз атауы болады. Әдетте,
облигация деген терминнен басқа қазынашылық вексель, займ және с.с
атаулар да қолданылады. Әрбір ел мемлекеттік құнды қағаздар шығарғанда
өзінің терминдерін пайдаланады.
Мемлекеттік құнды қағаздар кез- келген мемлекеттің құнды қағаздар нарығының
мағызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Құнды қағаздардың бұл түрі
мемлекеттің экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны
атқару үшін мемлекеттің қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі
бөлімнен- бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.
Қазіргі мемлекеттерге тапшылық бюджеті тән, яғни шығыны кірісінен артық.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын діл осы тарихи кезеңде осы мемлекеттің
даму ерекшеліктеріне байланысты қарастырған жөн. Егер бюджет тапшылығы
соғыс, экономиканы милитаризациялау және т.б. келеңсіз жағдайлардың
салдарынан, ұлттық өндіріс деңгейінің төмендеуінен туындаса, онда ол теріс
тапшылық. Егер бюджет тапшылығы ел экономикасының өрекендеуін көрсетсе,
онда ол жағымды тапшылық. Мұндай тапшылықты аздаған қиындықтарымен жоюға
болады. Ал кірісі мен шығыны бойынша балансталған бюджет- ұлттық
экономиканың пропорционалды түрақты дамуының көрсеткіші. Мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын елдің Орталық банкінен алған несиемен жоюға болады.
Егер несие алу мүмкіндігі болмаса, немесе ол жетіспесе, онда ақша
белгілерін эмиссиялауға болады ( әрине, ол қажетсіз, себебі ол инфляцияға
соқтыратын жағдай) немесе мемлекеттік қарыз міндеттемесін шығаруға болады.
Мемлекттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген зайымдары мен олар бойынша
төленбеген проценттердің жалпы сомасы. Займдарды орналастыру аясын
есептегенде мемлекттң орналастыру аясын есептегенде мемлекттік қарыз ішкі
және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттік қарыздардың түрлері: а) үкімет
алған несие; ә) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері; б)
мемлекеттің займдар, үкімет атынан эмиссияланған құнды қағаздар.
Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік өтеу мерзімі
келгенде займдар жойылыпб олар бойынша процент төленеді.
Мемлекттік құнды қағаздарды шығарудың мақсаты:
а) айналысқа қосымша ақша массасын шығармай- ақ белгілі бір күнтізбелік
датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда , бір айда
немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру
үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл
қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол
тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде ( жылдық
тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай
қаржыландыру;
ә) тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және
с.с. мемлекеттік маұсатты бағдарламаларды қаржыландыру;
б) айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын,
экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін
реттеу.
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің құжат түріндегі қарыз міндеттемесі
алғашқыда Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде пайда болған.
Қазіргі кезде әрбір елде өзінің мемлекеттік құнды қағаздар нарығы тарихи
қалыптасқан. Онда шығарылған мемлекеттік құнды қағаздардың түрлері,
шығарылым мерзімі, оларды шығарушылар, ұлттық мемлекеттік құнды қағаздар
нарығының масштабы, оған қатысушылар және с.с. жағдайлар көрініс табады( 2
кесте).
АҚШ- да құнды қағаздар нарығы қарқынды дамыған. Онда мемлекет ең ірі
қарыздар болып саналады. АҚШ- да мемлекеттік құнды қағаздар эмитентіне
қарай:
● Федералдық үкіметтің ( қазынашылық) құнды қағаздары;
● Үкіметтік мекемелерінің, агенттіктердің және т.б. құнды қағаздары
болып екіге бөлінеді.
Сондай-ақ мемлекеттік құнды қағаздар қор нарығында айналысқа түсу
қабілеттілігіне қарай бастапқы қалпына қайтымды және қайтымсыз құнды
қағаздар болып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар -олармен сауда - саттық қор
нарығының кез – келген бөлімінде жүргізілетін қағаздар. Олар - қазынашылық
вексельдер (мерзімі 3 айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді
облигациялар мерзімі 10 – 30 жылға дейінгі). Қайтымды құнды қағаздар,
әдетте, алдын - ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.
Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер
жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі. Қазынашылық
ұзақ мерзімді облигациялар – олар купонсыз немесе баланстағы кері
қайтарылатын облигациялар. Олар тек мерзімді аяқталған соң өтеледі.
Қайтымды құнды қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әртүрлі болады:
өзгермелі ставка бойынша ( олардың табыстық деңгейіне және инфляцияға
қарай), бекітілген купондық процент немесе дисконттық табыс формасында (
кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін). Мемлекеттік құнды
қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.
Қайтарымсыз қағаздар деген сатып алу- сатуға болмайтын мемлекеттік
құнды қағаздар. Олар бойынша тек алғашқы сатып алушы шығынның орны
толтырылады. Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін
қолдануға болмайды, әрі олардың саны ұдайы өсуде. Оларға ЕЕ және НН сериялы
жинақ облигациялары жатады.
ЕЕ сериялы облигациялардың бағасы 50 пайызға кемітіп сатылады да, ал
көрсетілген құнымен өтеледі. Көрсетілген құны мен көрсетілген бағасының
арасындағы айырма бүкіл айналыс мерзіміндегі жалпы пайыз сомасына тең.
Көрсетілген құны 50-10 мың доллар болатын, айналыс мерзімі 8 жыл болатын
облигациялар шығарылады. Алайда, оларды өтеуге бұрын да ( шығарылғаннан
кейін 6 айдан соң) ұсынуға болады. Облигациялар өтелуі ұлғаймалы шкаламен
шығарылады, яғни облигациялар бойынша пайыз инвесторлардың қолында болу
мерзіміне қарай ұлғаяды. 1982 жылдан бұл облигациялар бойынша пайыз
өзгермелі ставкамен төленеді. Ол соңғы 5 жылда шығарылған барлық
қазынашылық міндеттемелер бойынша орташа табыс көрсеткішіне тең.
Кесте 2- Дамыған елдердің мемлекеттік құрды қағаздар нарығының құрылымы
Эмитенттер Айналыс мерзімі
қысқа мерзімдіорта мерзімді ұзақ мерзімді
Америка Құрама Штаттары
Федералдық үкімет
органдары
Қазынашылық Қазынашылық Қазынашылық
Нарықтық құнды қағаздар вексельдер ноталар ( 2-10ж.) бондар
( 1 жылға) (20-30ж.)
Нарықтық емес құнды - Жинақ -
қағаздар облигациялары(
8-10ж.)
Муниципалдық үкімет Қысқы мерзімдіҚысқа және орта Ұзақ мерзімді
органдары вексельдер (1 мерзімді облигациялар (
жылға дейін) облигациялар 20 ж. артық)
(1-9ж.)
Үкімет ұйымдары - Фермерлерді несиелеу жүйесінің
Азия даму банкінің облигациялары
Германия
Федералдық үкімет
органдары
Нарықтық құнды қағаздар Қазынашылық Федералдық Германия
сертификаттар облигациялар ( облигациялары
( 6 айдан – 5ж.) ( 30 ж.дейін )
2ж. дейін)
Нарықтық емес құнды Қазынашылық
қағаздар міндеттемелер (1-2
ж.), Жинақ
облигациялары (6-7
ж.)
Муниципалдық үкімет Жердің, қалалардың қарыздық
органдары сертификаттары және облигациялары
(1-10 ж.)
Үкімет ұйымдары Федералдық почта және теміржол
қызметтерінің қарыздық
сертификаттары және облигациялары
Жапония
Орталық үкімет Қазынашылық Орта мерзімді Ұзақ мерзімді
вексельдер облигациялар (2-5 облигациялар
(3-6 ай) ж.) (10-20 ж.)
Муниципалдық үкімет Префектуралардың,
органдары қалалардың
облигациялары
Үкімет ұйымдары Үкімет
кәсіпорындары мен
ұйымдарының
облигациялары
НН сериялы облигациялар 10 жыл мерзімге шығарылып, шығарлалған кезде
көрсетілген құнымен сатылады. Ол 50 – 10 мың долларға тең. Олар бойынша
төленетін пайыздар нарықтық конъюнктураны есептен шығарып, алдын ала
хабарланып, жылына 2 рет төленеді. Облигациялар көрсетілген құнынан төмен
баға бойынша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін. Бұл сериялы облигациялар 1982
жылдың соңынан кейін емін – еркін сатылмайтын болғандықтан, оларды
минималды көрсетілген құны 500 доллар болатын ЕЕ сериялы облигацияларға
айырбастау арқылы ғана алуға.
Соңғы жылдары АҚШ – тағы мемлекеттік құнды қағаздардың саны әртүрлі
үкіметтік мекемелер (Атом энергиясы жөнінде агенттік, Экспорт - Импорт
банкі және т.б.) шығарған облигациялар есебінен ұлғаюда. Бұл құнды қағаздар
сенімді болғандықтан, оларды инвесторлар зор ынтамен алуда. Себебі олар осы
мекемелердің активтерімен ғана қамтамасыз етілетін, сондай - ақ оларды
ешқашан банкротқа ұшыратпайтын АҚШ үкіметі қамсыздандырады.
Германияда мемлекеттік құнды қағаздар нарығы өте жоғары деңгейде дамыған.
Мемлекеттік құнды қағаздарға федералдық үкіметтің зайымдары, федерацияның
облигациялары, федералдық теміржолдың, почтаның, жердің, коммуналар мен
қалалардың займдары жатады. Немістің қор нарығында мемлекеттік құнды
қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 пайызға
тең. Мемлекет ішкі қарыздың 50 пайызын қарыз міндеттемелерін шығару арқылы
өтейді. Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік пайдалы
қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан бұл елде
федералдық қарыз міндеттемелі де қарқынды шығарылуда. Мемлекеттік құнды
қағаздары орналастырумен Облигациялық банктік консорциумға кіретін
Бундесбанк шұғылданады. 1986 жылдан консорциумға шетел банктері де қатысуға
(олардың үлесі - эмиссиясының 20 пайызына дейін) рұқсат етілген.
Мемлекеттік құнды қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен
орналастырылады.
Германияда мемлекеттік құнды қағаздармен қатар нарықтық емес қағаздар да
шығарылады. Оларды А және Б сериялы қазынашылық сетрификаттар (А
сериялыларға пайыз жыл сайын төленеді, ал Б сериялыларға пайыздар
жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федералдық үкіметпен оның
мекемелерінің қысқа мерзімді 1- 2 жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық
міндеттемелер жатады. Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды және жеке
тұлғалар (банктер мен несие институттарынан басқа) сатып алуына болады.
Бұлар қор нарығының пайызсыз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен
сатылады).
Сондай - ақ мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясын экономикасы дамыған басқа
да мемлекеттер қен қонданылады. Мысалы, Жапонияда тұрғын үй және жол
құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай
- ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік
мекемелер.Ұлыбританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім
Қорыта айтқанда, әрбір елдің мемлекеттік құнды қағаздар нарығы, бір
жағынан, Отандық нарықтық нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан,
көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік құнды қағаздар нарығының жалпы
экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді.
1. Құнды қағаздар нарығының іске асырылу механизмі
1. Құнды қағаздар эмиссиясы
Құнды қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат

қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң
жүзіне бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер
басқа адамға иемденуге берілсе, құнды қағаздардың екінші түрі бойынша
ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқығын беретін құжатты
сертификат деп атайды.
Шығарылуы жөнінен құнды қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге
бөлінеді. Нарықтан тыс құнды қағаздар - әлеуметтік - нарықтық қатынастардың
ерекше дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ
облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік облигациялары
және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында
орналастырылады. Бұл құнды қағаздар қазіргі кезде АҚШ-да кең тараған.
Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары,
оларға, мысалы, АҚШ-да біреуге жалданбай – ақ өз алдына қызмет істейтін
адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік
облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып үш
түрге бөлінеді және тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл
ұйымдар шамалы болса да табыс әкеледі, бірақ салық төлеуден босатылған
өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Нарықтан тыс құнды қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде
шетел банктеріне және кәсіпорындарға, ұйымдарға салған капиталдан түскен
табысты иемденуші – заңды немесе жеке тұрғалар – оларды басқа иемденушіге
беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе
алмайды.
Сонымен қатар нарықтан тыс құнды қағаздар (мысалы, АҚШ және кейбір басқа
елдерде тараған) басқа мемлекеттің Орталық банктерінде орналастыру үшін
шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған
елдерде нарықтан тыс құнды қағаздар шығаруды кеңейту және олардың түрлері
мен санын көбейту тенденциялары байқалуды.
Ал айналысқа түсетін құнды қағаздарды нарықтық құнды қағаздар деп атайды.
Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастырушы - эмитент.
Кесте 3 – Құнды қағаздарды шығарушылар
Қазіргі әлемдік стандарттарға сәкес эмитенттер – негізінен коммерциялық
ұйымдар және мемлекеттік органдар. Олар құнды қағаздарды шығару және
орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. Құнды қағаздар эмиссия туралы
шешімді келесі мәліметтер көрсетіледі.
• шығарылым мөлшері;
• эмиссия проспектісін дайындау және оны ақпарат құралдарында жариялау;
• шығарылымды тіркеу;
• құнды қағаздар бланкін шығару;
• шығарылым туралы хабарландыру жариялау.
Акция шығарылымының мөлшері акционерлік қоғамның жарғылық капиталының
мөлшерімен және оны қосымша өсіруімен анықталады. Ол мөлшерді жарғылық
капиталдың немесе оны қосымша өсіру мөлшерін акцияның көрсетілген бағасына
бөлумен есептеп шығарады. Ал қарыз міндеттемелері шығарылымның мөлшері займ
сомасының облигацияның, сетртификаттың немесе вексельдің көрсетілген
бағасына бөлумен есептеп шығарылады.
Құнды қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге
(инвесторларға) сату мына турде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке немесе
заңды тұлға болуы мүмкін):
Біріншіден, коғам құрып олардың акцияларын құрылтайшылар арасында
орналастырғанда;
Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция
шығарып ұлғайтқанда;
Үшіншіден, заңды тұрғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік
органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы
міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар
арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына
жазылуға болмайды.
Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен құнды қағаздарды
алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір құнды қағаз орналастыру
тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектін алдын - ала шығаруы тиіс. Оны
ақпарат құралдарында жариялау міндетті.
Эмиссия проспектінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер,
яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық – құқықтық формасы және эмиссия
проспектінде деректерідің дұрыстығына жауапты адамның аты – жөні
көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәліметтер жарияланып, онда
инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе құнды
қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында
құнды қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтердің
арасында:
• кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капитал мөлшері;
• шығарылатын құнды қағаздардың түрі, номиналы, жазылу бағасы;
• құнды қағаздарды сатуды бастау және аяқтау күндері;
• бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген құнды қағаздардың саны;
• құнды қағаздарды сату (қолма - қол ақшаға немесе қолма - қол ақшасыз есеп
арқылы сату);
• кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;
• эмитенттің адресі мен телефоны көрсетіледі.
Эмиссия проспектінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы,
эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты – жөні және олардың коғамның
жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі
уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі кызмет орны, оның ішінде
басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер қорсетіледі. Бұдан
басқа проспектіні тіркеу кезінде болған (егер ондай болса) эмитент пен
оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп,
қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.
Ал қорытынды тарауларында құнды қағаздарды сатып алу шаралары,
иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызыөтыратын басқа да
хабарлар орын алады.
Қорыта айтқанда, эмиссия проспектін шығару эмитенттің сенімділігін,
инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сайып келгенде, құнды қағаздар нарығы
қызметін бақылауға көмектеседі.
Эмитент пен инвестициялық институттар, яғни құнды қағаздарды алғашқы
иемденушілерге сатушылар олардың бағасын барлық сатып алушыларға бірдей
белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған құнды
қағаздардың бағасы бірдей болуы шарт.
Құнды қағаздарды шығаруды мемлекеттік органдар қатаң бақылап отырады.
2. Құнды қағаздарды орналастыру және айналысқа түсіру
Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының заңында
эмиссиялық құнды қағаздар- бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен
реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде
орналастырылатын және айналысқа түсетін құнды қағаздар деп көрсетілген.
Эмитенттің құнды қағазды шығару туралы шешімі тіркеуден өткізіледі. Құнды
қағаздарды мемлекеттік тіркеу деген құнды қағаздарға ұлттық бірдейлендіру
номерін беру. Ол- эмиссиялық құнды қағаздарды бірдейлендіру және есепке
алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкілетті орган беретін әріптік – сандық
код. Қазақстанда мемлекеттік тіркеуді Орталық депозиторий жүргізеді.
Эмиссияланған құнды қағаздар ең алдымен алғашқы құнды қағаздар
нарығына орналастырылады. Онда құнды қағаздарды эмитент алғашқы
иемденушілерге, яғни инвесторларға береді.Демек, құнды қағаздардың
эмитенттері қаржыны инвесторлардан тк алғашқы құнды қағаздар нарығында
алады. Ал қайталама нарықта құнды қағаздар айналысқа түседі, оларды
иемденушілер үнемі өзгеріп отырады. Бұл қағаздарды қайталама нарықта
сатудан қаражат эмитенттерге емес, оларды сатушыларға (алғашқы
иемденушілерге) түседі.
Құнды қағаздарды орналастыру (андеррайтинг) деген құнды
қағаздар эмитенттен алғашқы иемденушіге өтетін айналыс аясындағы алғашқы
мәміліге келу процесі. Басқаша айтқанда, құнды қағаздарды орналастыру – ол
құнды қағаздарды эмитенттің иелігінен алып андеррайтердің оларды алғашқы
ұстаушыларға беруі. Андеррайтер деп – эмитент атынан немесе өз атынан,
бірақ эмитенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен алынған құнды
қағаздарды орналастыруға өзіне міндет алған жақты айтады. Эмиссияны
орналастырудың негізгі формалары келесідей:
● жазылғысы келген жақтардың ашық түрде жазылуы;
● тек акционерлік қоғамдардың мүшелері үшін жабық түрде
жазылу;
● аукционда сату;
● инвестициялық конкурс;
● акционерлерге бөліп беру.
Акционерлерлік қоғам құру шартына сәйкес қоғам құрған кезде
барлық акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылуы тиіс. Акцияларды
орналастырылғаннан кейінгі үш күн мерзімде құнды қағаздарды иемденушілердің
жеке арызы негізінде олар туралы мәліметтер тізімге енгізілуі керек.
Тізімді реестр ұстаушы жүргізеді. Егер акционерлерінің саны 500-ден аспаса,
реестрді акционерлік қоғамның өзі жүргізеді. Ал акционерлер саны 500-ден
асатын болса, онда реестрді маманданған ұйым жүргізуі тиіс. Реестр ұстаушы
тізімге енгізумен, онда үзінді көшірме және анықтама берумен, сондай – ақ
дивидент төлеу үшін және дауыс беру үшін акционерлер тізімін дайындаумен
шұғылданады.
Құнды қағаздардың айналысы оларды сатып алу – сатуды және заң жүзіне
олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады.
Әлемдік тәжірибеде нарықтың, оның ішінде құнды қағаздар нарығының,
біршама бергілеріне, айналысқа түсетін активтер түріне, сондай – ақ олардың
сатылу түрлеріне қарай көптеген түрлері кездеседі. Төменде әрқайсысының
мазмұны қарастырылады.
Нарық географиялық белгілеріне және қоғамдық танылуына қарай:
• халықаралық және ұлттық;
• жергілікті және аймақтық болып бөлінеді.
Сондай – ақ қолданылатын қаржы құралдарына байланысты нарық, мысалы, құнды
қағаздарының нақты түрінің (акция, облигация, және т.б.) немесе опциондар,
фьючерстер, валюта нарығы деп те бөлінеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде құнды қағаздарды сату тәсіліне қарай
төмендегідей құнды қағаздар нарығы дамуда:
• алғашқы және екінші нарық;
• ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
• биржалық және биржадан тыс;
• жай және қос аукциондық нарық;
• дәстүрлі және компьютерленген нарық;
• кассалық және мерзімді нарық.
Алғашқы нарықта құнды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz