Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және принциптері


1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және принциптері
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік мәдениет және әкімшілік - саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайтц және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады.
Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттігі пайда болды.
Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегісаяси және экономикалық жағдайларды жұмыс істей алатын қабілетті жаңңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзіретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік - құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекетттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б) қызметшілердің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылады. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналады.
Мұндай жағдай 1995 ж. дейін сақталып келді. ҚР - ның 1995 ж. Конституциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі. 1995 ж. Желтоқсанда ҚР -ның Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік - құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 ж. 23 - шілдеде қабылданған.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі даматылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемлекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаң мән - мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қзыметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.
4
Мемлекеттік саяси қызметші тағайындалуы, босатылуы жәе қызметті саяси - айқындашы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Саяси лауазымдарға:
- ҚР - ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
- ҚР - сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
- ҚР - сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
- Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметінің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
- Орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдарға жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің аусуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігің арттыру.
Мемлекеттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда «мемлекеттік қызмет» ұғымының анықтамасы берілген.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады.
Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауы мен одан бетер - олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану - алғы шепте тұратын жалпыұлтық міндет.
5
Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаруалар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен қзымет атқаружүйесіндег аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар мемлекеттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қзыметтің құқытық принциптернің болмауы зорлық зомбылыққа, ең жаман мағынадағы төрешілдікке, бытыраңқылыққа, заңсыздыққа, әділетсіздікке әкеп соғады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 3 - бабында мемлекеттік қызметтің төмендегідей принциптері белгіленген.
- Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқытарын қамтамасыз еткен кезде ҚР -сы Конституциясы мен заңдарының өзге норматитвік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді.
- Қазақстандық патриотизм принципі, (гректің отандас, отан дегені) - мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілін мен дінін дамытуға бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
- Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақатраны бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі.
- Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі.
- Республика азаматарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар принципі Конституцияның 33 - бабының 4 - тармағында бекітілген.
- Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі ҚР - сы Конституциясының 24 - бабының 1 тармағында бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.
- Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі мемлекеттің лауазымының бос орнына вакансияға кандидаты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер.
- Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі ҚР -сы Конституциясының 24 - бабының 2 - тармағында бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.
6
- Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдарды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік болып табылады.
- Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.
- Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі мемлкеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.
- Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлкеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшілердің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келістілігімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңетпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.
- Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді., еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.
- Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23-бабында қаралған.
- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайланғаны үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
7
1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және принциптері
1. 1. Мемлекеттік қызмет әкімшілік құқықтың құрамдас бөлігі
Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т. б. айналысуы мүмкін.
8
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т. б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті - қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс. Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т. б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.
9
1. 2. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы
7-бап . Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау
1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.
2. Саяси лауазымдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер;
4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарынын санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
8-бап . Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
10
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
9-бап . Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi
1. Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
12) мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;
11
13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi үлгi бiлiктiлiк талаптар негiзiнде айқындалады және тиiстi мемлекеттiк органдардың басшылары бекiтетiн қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.
10-бап . Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер
1. Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берілген өзге де мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиіс. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.
3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
12
3-1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк қызметке:
1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz