Музыканы оқытудың әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Музыка сабағы - өнер сабағы.
1. Мектептегі музыка сабағы – музыкалық білім берудің негізі.
2. Музыка пәнінің мұғалімі
3. Музыкалық тәрбиенің әдістері
4. Музыканы оқытудың әдістері.
1. Музыка сабағындағы әр түрлі іс-әрекеттердің түрлері және олардың
өзара байланысы
1. Музыканы таңдап қабылдау – мызыка сабағының негізгі іс-әрекеті
2. Хормен ән айту дағдыларын қалыптастыру
3. Музыкалық сауат – музыкалық білім берудің негізгі түрі

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта
және жоғары білім беру жүйесімен тығыз байланысты.
Сондықытан да орта білім беретін мектеп – халқымыздың толығып өсуінің,
рухани әрі мәдени дамуының тірегі және түп қазығы болып табылады.
Бүгінгі таңда еліміздің статегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің
бірі - білім беру. Осыған байланысыты қоғамдық өзгерістерге сәйкес және
ғылыми техникалық прогресстің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, өсіп
келе жатқан жас ұрпаққа саналы білім беруді мектеп және жоғарғы оқу орны
өз міндеттеріне алған. Мектептегі оқушылардың жалпы білімдері мен
музыкалық қабілеттерінің қалыптасуына оқу жоспарына енгізілген пәндердің,
музыкалық тәрбие, білім беру жұмыстарының алдына қойған мақсаттары
себебін тигізеді. Осы қойылған мақсаттарға жетуде мектеп мұғалімінің ролі
ерекше орын алады.
Оқушыларға музыкалық тәрбие, білім беру, олардың музыка өнеріне деген
сезімін ояту, таңдаулы халықтық, шетелдік классикалық музыкасын, соыет
композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдауға дағдыландырып, үйрету
негізінен музыка сабағында, мектеп үйірме жұмыстарында іске асырылады.
Оқушылардың музыкалық білімі мен ой-өрісін жан-жақты кеңейту үшін оларды
телехабарлардағы концерттерді көруге радиодан берілетін, магнитафонға
жазылып алынған туындыларды тыңдауға, жаңа музыкалық туындыларды өз
беттерінше талдап ұйренуге бағыттап отыру керек.
Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық ізденісте жүріп, өзінің музыкалық
қызғушылығы мен қабілеттерін жетілдіруге баулуы тиіс. Қазіргі заман
талабына сай бұл маман иелерінің алдына көптеген талаптар қойылуда.
Қойылған талаптарды орындауға әдістеме көмегін тигізеді.
Әдістеме пәнін құрайтын музыкалық білім берудің негізгі мәселелері
жайындағы материалдар осы оқулықта жинақталған.

Мектептегі музыка сабағы – музыкалық білім берудің негізі.

Мектептегі мақсатты бағытталған және жүйелі қойылған музыкалық білім
беру жұмыстары музыка сабағында іске асырылады. Пәннің аталуынан-ақ оның
басқа пәндерден айырмашылығы бар екендігін анықтауға болады.
Баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы мектепке дейінгі
кезеңде басталады. Ол теледидардан, балаларға арналған мультфильмдер мен
музыкалық хабарларды көріп эмоцияланады, әсер алады. Ол музыка тыңдай
отырып, ырғағына сәйкес қимылдар жасап қуанышқы бөленеді. Егерде бала
мектепке дейін бала-бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды
қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар
жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылар
дамиды.
Жалпы білім беретін мектептегі музыка сабағының мақсаты оқышылардың
музыкалық тыңдау қабілеттерін, мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі
күннің оқушысы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін
тыңдаушы.
Ғылыми-техникалық прогресстің жетілуі музыка тыңдаудың мүмкіндіктьерін
кеңейтуде. Қазіргі уақытта техникалық құрал-жабдықтарды қолдану арқылы
оқушыларға музыка тыңдауға жағдайлар жасалуда. Мектептегі музыкалық білім
беруді ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы. Музыка сабағының
құрамына: хормен ән айту, музыканы қабылдау, музыкалық сауат, музыкалы-
ырғақтық қимылдар, балаларға арналған музыкалық аспаптарда орындау сияқты
әртүрлі іс-әрекеттер кіреді.
Мектептегі музыка пәнінің басқа сабақтарға ұқсастығы мен өнер сабағы
ретінде айырмашылығы бар. Оның басқа пәндермен ұқсастығы мынада: оқу
жосапрына енгізілген барлық пәндердің негізгі мақсатындағыдай жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны тәрбиеленуінде, кез-келген сабақтың жосапарын
құрастырудағыдай психологиялық, педагогикалық заңдылықтарға сүйеніп,
балалардың жас ерекшеліктеріне тән олардың қабылдауы, ақыл-ойы, қиялы
ескерілуінде; оқытудың барлығы жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп
құрылуында; музыканың басқа пәндермен байланысында, әртүрлі іс-әрекеттерді
мақсатты қолданып сабақтың бүтін өтуінде; оқытудың негізгі әдістерін
қолдануында.
Музыка сабағының айырмашылығы оның өнер сабағы екендігінде. Музыка
өнері - өмір шындығын айрықша бейнелеп онда көңіл-күй, сезім негізгі қызмет
атқарады. Музыка арқылы оқыту процесінде тек ойлау арқылы түсініп қана
қоймай, сондай-ақ ақылмен көңіл-күйдің, сана мен сезімнің бірігуін талап
етеді. Әдебиет пен бейнелеу өнерлері музыкамен бірлесіп, адамның ішкі
дүниесін ашады. Ендігі бір айырмашылығы музыканың адамға комплексті түрде
әсер етуінде. Музыкадан әсер алуынан адамның тек әртүрлң сезімдері оянып
қана қоймай, адамның организмінде физиологиялық құбылыстардың да болуы
мүмкін. Басқа да өнерлермен музыканың байлынысы адамның сезімдерін
тереңдетіп, ақыл-ойын, білімдарлығын кеңейтеді.
Кез келген сабақтар сияқты музыка сабағы да қызықты өтілуі тиіс. Сол
себептен де музыка сабағында қолданылатын әрбір іс-әрекеттердің
эелементтері балалардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру үшін
бірлескен эмоционалды және саналы принциптерін алға қояды.
Музыка сабағының келесі айырмашылығы бірлескен көркемдік және
техникалық принципін қажет етуінде. Бұл не дегеніміз?
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның барлық компоненттерінің
көркем болуы талап етіледі. Ән салу мен тыңдауға арналған музыкалық
шығармалар ғана көркем болып қана қоймай, кез келген сабақтың құрамына
енгізілген элементтің, бір ғана дыбыстың орындалуының өзі көркемді болуы
тиіс. Шығарманың мәнерлі, көркемді орындалуы, оның техникасына байланысты.
Музыкалық шығармалардың сазгердің шығармашылығында өзіндік орын алып,
бейнеленуіне себеп болған тарихи кезеңдер мен әлеуметтік жағдайларды білу
қажет. Сонымен қатар тарихи жағдайларға да музыканың әсер етуін түсіну
қажет.
Музыка оқу пәнінің қажеттілігі жас ұрпақты эстетикалық тәрбиелеудегі
музыкалық өнердің алатын орнының мәнісінде. Музыка сабағында айрықша
эмоционалды атмосфераның орнауы қажет, себебі, музыка – сезім тілі.
Музыка балаларды толғңандырып, олардың көңіл күйіне белгілі әсерін
тигізеді. Музыкадан алған әсерлері мұғалімнің мәнерлеп орындап беруімен
қатар, түсіндіруін де, мимикасын да, қол қимылдарныда күшейтеді. Музыканың
орындалуына оқушылардың назарын аударып, қиялдарын дамытып, мұғалім олардың
музыкалық әлеміне енуіне, оның мәнерлігін айқын сезінуге көмектеседі. Әрбір
сабақтың өзіндік ерекшелігі мен қайталанбьас мәні оның мазмұнына да
байланысты болады. Оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен құрылысы, амал-
тәсілдері мен әдістерінің барлығы да дұрыс бағытта ойластырылған болуы
керек, әйтпесе жақсы жетістіктерге жете алмаймыз. Мұғалімнің сабаққа
дайындығы оның педагогикалық іскерлігіне, шеберлігіне байланысты болып,
берілетін млық материалдардың тәрбиелеушілік, білімділік, дамытушылық
міндеттерін жүзеге асырады.
Музыка сабағының мазмұнына әртүрлі көңіл күйдегі сипаттағы шығармалар
еніп, сабақтың бүтін енуіне жету үшін құрылысын анықтау қажет. Сабақтың
құрылысындағы бір іс әрекеттен келесі іс әрекетке өтуде, мұғалім қажетті
эмоционалды көңіл-күйді қолдай отырып, оқушылардың назарынаударудағы амал-
тәсілдерді табуға ұмтылады. Сабақты құрастыруда әрбір сыныптың жас
ерекшелігін, балалардың ақыл-ойы мен эмоционалды көңіл-күйіне түсетін
жүктің дәрежесін ескеру керек. Музыка пәнінің сабақ кестесіндегі орнына
көңіл бөлу қажет. Музыка пәнінің қандай пәннен кейін өтілуінде мәні бар.
Музыка сабағы алдын-ала құрастырылған жоспар бойынша өтіледі. Бірақ іс
жүзінде мұғалім мен оқушылардың тікелей қарым-қатынасы – тірі процесс
болғандықтан оның құрамындағы кейбір бөлшектерін болжау мүмкін емес. Кейбір
болжалмаған жағдайлардың кездесуіне байланысты сабақтың барысын өзгертуге
тура келеді. Осындай жағдайларда сасқалақтама, қажетті шешімдерді таба білу
мұғалімннің кәсіби тәжірибесіне байланысты. Қазіргі уақытта музыка
сабағының сапалылығы оқушылардың белсенділігіне де байланысты. Белсенділік
мәселелерді арттыруда тек сабақтың құрылысын қызықты құрастыруда,
оқушылардың қызығушылығын оятудағы әдіс – тәсілдерді қолдануда ғана шеше
алмаймыз. Себебі мұғалімнің әрбір оқушыға көңіл бөлуіне де байланысты.
Әрине бұл міндет мұғалім алдындағы қиын міндеттің бірі, себебі, мұғалім
оқушылармен аптасына бірақ рет музыка сабағында жүздеседі. Сол себептен де
мұғалім оқушыларын білуі керек. Олардың жақсы және нашар дамыған жақтарын
есінде сақтап, баланың әлеміне еніп, әрқайсысының жетістіктерін бағалай
білу керек.
Оқушылармен жеке жұмыс жасау музыкалық іс-әрекеттердің барлық
түрлерінде қолданылады. Әсіресе екі немесе үш дауысты щығармаларды
үйретуде, балаларға арналған музыкалық аспаптармен сүйемелдеуде, мұғалім
балалардың мүмкіншіліктеріне байланысты партиялар беріп, қадағалайды. Жеке
тапсырмалар баланың қызығушылығын арттырып, ал жақсы деңгейде орындалуы
оның музыкалық дамуына септігін тигізеді.
Қазіргі уақыттағы мектептегі музыка сабағы арнайы жабдықталған
дәрісханада өтіледі. Дәрісханалық эстетикалық талғамда безендірілуі музыка
сабағының өнер сабағы екендігіне байланыыситы атмосфералық көңіл-күйді
тудыратындай болуы тиіс. Сабақтың жақсы деңгейде өтуіне сабақта
қолданылатын техникалық құрал- жабдықтар мен көрнекілік
құралдардыңсапалылығына, мұғалімнің оларды іскерлік қолдануына да
байланысты. Соңғы жылдары музыка сабағының мұғалімдері күй табақтар, үн
баспаларына жазылған музыкалық материалдарды қолдануда. Музыка сабағында
қолданылатын техникалық құрал жабдықтардың құрамына: диапроекторлар, бейне
тасапалар кіреді. Олардың көмегі арқылы музыкалық эмоционалды әсер етуі
күшейе түседі.
Музыка сабағына әртүрлі көрнекілік құраладар, иллюстрациялар, сабақтың
тақырыбына, музыкалық шы,ғармашылық мазмұнына байланысты бейнелеу өнеріне
суреттер қолданылады. Әннің сөзі мен әуені жазылған көрнекілік құралды
пайдалану арқылы балалардың әнді жылдам үйренуіне көмегін тигізеді.
Музыка сабағында аталған техникалық құрал жабдықтар мен көрнекілік
құралдарды тиімді пайдалану, оған тиісті уақыт бөлу, оның сапасы музыкалық
тәрбиенің міндеттеріне шешуге, оқушылардың жалпы дамуына жағдай жасайды.
Музыка сабағындағы барлық іс-әрекеттерді қолдана отырып, бір музыкалық
материалдан келесі түріне өтуін қадағалау мұғалімнің іскерлігінің,
шеберлігінің ерекшелігіне де байланысыты. Музыка сабағына арналған
бағдарламаның тақырыптарының құрылысына байланысты келесі сабақтардың
түрлерін тереңдету сабағы, тақырыпты қорытындылау сабағы, жылдық қорытынды
сабақтары және соңғы сабақ – концерттерге арнайы орын беріледі.

Тақырыпқа кіріспе сабақтары

Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға әр тоқсан сайын бір-бірімен іштей
байланысып жатқан тақырыптардың мазмұнына бағыт-бағдар беріп, жалпылама
шолу жасау. Әрбір сыныптың әрбір тоқсанның бірінші сабағы тақырыпқа кіріспе
сабағы болып, оның мазмұны бағдарламаларда нақтылы анықталған.
Тақырыпқа кірісу процесі сабақта үш негізгі кезеңнен құрастырылады:
1. Оқушылардың жинақтаған өмірлік және музыкалық тәжірибесін, өтілген
тақырыптаррды, таныс музыкалық материалдарды меңгерулерін жаңа
тұрғыда белсендіру.
2. Тақырыпқа кірісу ізденіс жағдайын тудыру негізінде жасалып, оның
барысында оқушылар музыканы қабылдауға сүйеніп, мұғалімнің
көмегімен алдарына қойған міндетті шешуге кіріседі.
3. Алғашқыда жаңа білім туралы жалпылама түсініктері жаңа шығармаларды
қабылдау бырысында түсіндіріледі.
4. Әрбір тоқсанның тақырыбының мазмұны, бағдарламадағы оның орны,
құрылысы, жинақталған және болашақта алатын білімдерімен байланысы
ерекше, сол себептен де тақырыпқа кіріспе сабақтары да ерекше
болады.

Тақырыпты тереңдету сабағы

Тақырыпты тереңдету сабағы әрбір тоқсандардың кіріспе сабағын
жалғастырып, тоқсан бойы өтілетін жалпылама мағлұматтарды әрбір сабақта
жеке беріп, терең түсіндіру арқылы өтеді.
Тақырыпты тереңдету сабағының процесі үш негізгі кезеңнен құралады:
1. Оқушылардың қалыптасқан өмірлік және музыкалық тәжірибесін
белсендіру
2. Тақырыпты тереңдету әртүрлі шығармаларды және оқытудың тәсілдерін
қолдануда өтіледі. Әр уақытта тақырыпты түсіндіру процесі
оқушылардың белсенді қатысуларымен және музыканы қабылдауларымен
өтіледі.
3. Оқушылардың әртүрлі музыкалық шығармаларды қабылдау процесінде
тақырыпты жаңаша салада түсінуді бекіту.
Сабақтың барысында мұғалім оқушылардың апта бойына қандай музыкалық
шығармаларды тыңдығандары жайында сұрайды.
Б.Ғизатовтың Біз өмірдің гүліміз әнін орындауда әннің сипатына,
көңіл-күйіне мән беріліп, алда марш екпінінде екендігі айтылады. Бірақ оның
ән жанрымен біріккендігіне көңіл бөлінеді.
Сабақты қорытындылағанда мынандай сұрақтар қойылады:
1. Қандай жанрмен таныстық? (марш)
2. Марштың қандай түрлерімен таныстық? Жауабы мереклеік маршы, жорық
маршы, қуыршақ маршы, әскери марш. Мысал ретінде төртінші сыныптың
І тоқсанының тақырыбы Менің халқымның музыкасы, кіріспе сабағы
басында айтылады.
Екінші сабақтан бастап тақырып кеңінен талданып халық әндеріндегі
жанрлардың түрлеріне, халық аспаптарының түрлеріне, олардың дыбыс бояуының
ерекшеліктеріне кеңінен тоқатылп өтіледі.
Екінші сабақтың тақырыбы лирикалық және кең тыныстық әндер, үшінші
сабақтың тақырыбы Тақпақ сазды – речитативтік әндер терме, төртінші
сабақтың тақырыбы Тақпақ сазды – речитативтік әндер жыр, толғау, алтыншы
сабақтың тақырыбы Қазақ халқының аспаптық музыкасы - көне халық аспаптары:
тасмтауық, жетіген, шаңқобыз жетініші сабақтың тақырыбы Қобыз аспабының
түрлері қылқобыз және қобыз сегізінші сабақтың тақырыбы Құрманғазының
және Тәттімбеттің күй тарту дәстүрлері, тоғызыншы сабақ – тоқсанның
тақырыбын қорытындылау.

Тақырыпты қорытындылау сабағы

Сабақтың бұл түрі оқушылардың тоқсан бойы өтілге тақырыптарды әр түрлі
іс әрекеттерді қолдана отырып, меңгеруін, алған білімдерінің жинақталуын
үйренген музыкалық ұғымдарды дұрыс қолдану дәрежесін тексеруге бағытталған.

Тақырыпқа кіріспе және тақырыпты тереңдету сабақтарына қараағанда, бұл
сабақта бағдарлама бойынша музыкалық материал нақты берілмеген. Оқушылардың
тоқсан тақырыбын меңгеруіне байлангысты мұғалім музыкалық материалдарды өзі
таңдайды.
Қорытындылау смабағында тек өткен материалдармен алған білімдерін
бекітіп қоймай, оны жаңа музыкалық материалмен таныстыруда қорытындылауға
болады.
Тақырыпты қорытындылау сабағы оқушылардың өткен материалмен алған
білімдерін бекітіп қоймай оны жаңа музыкалық материалмен таныстыруда
қорытындылауға болады.
Оқу жылының тақырыптарын қорытындылау сабағы бағдарламада
көрсетілгендей тоқсанның тақырыбын қорытындылау сабағынан кейін өтіледі.
Мұндай сабақтарды ұйымдастыруда мұғалімнің алдында мынандай міндеттер
тұрады.
Біріншісі – оқушылардың оқу жылының тақырыптарын қаншалықты меңгеруін
тексеру.
Екіншісі – сыныптың, соңғы сабақ концертке дайындығы.
Сабақ концерттің негізгі мақсаты – жыл бойы өтілетін сабақтардың
жемісін, оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін көрсету. Бұл
сабақ салтанатты түрде өткізіледі.

Музыка пәнінің мұғалімі

Ке-келеген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болады. Музыка
мұғалімінің де өзіне тән ерекшелігі бар. Музыка мұғалімі әрдайым
шығармашылық ізденісте жүреді. Өйткені ол оқу тәрбиелік жұмыстарын жүргізе
отырып, балалардың көзқарастарын, сенім-нанымдарын, талғамдарын
қалыптастырады. Ол тек жан жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы меңгерген
маман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Музыка тыңдау сабағының әдістемесі
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Музыка сабағында мұғалімнің қолданатын шығармашылық әдістері
Шығармашыл оқытушы музыка сабағында
Музыкалық білім мамандығы
Пәндер