Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р:

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері:

а) Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі, түрлері және нысандары

ә) Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар

ІІІ. Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-бап 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы) .

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану, оған билік ету құқығы болып табылады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (азаматтық кодекстің 188-бабының 3-тармағы.

Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық -құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормсы арқылы да қорғалады.

Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстан құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден-әртүрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден- меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін-қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белігілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.

Меншікке қарсы қылмыс деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі-меншіктің нақты бір нысаны-мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып-азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп таныған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады.

Меншікке қарсы қылмысардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына-ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, атын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескрткіштері меншік затына жатпайды.

Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегіне айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алап қоюы арқылы сипатталады.

Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелегіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.

Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру құрамының кейбір тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың көпшіліге материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтік жағы заңда көрсетілген үш элементтен: құқыққа қайшы іс-әрекеттерден; қылмыстық құқықтық норма диспозицтясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.

Қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз засыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті заңда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеен уақыттан бастап, қылмыстың зрдабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.

Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.

Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып он төртке толған адамдар танылады. Бұған жататындар: ұрлық (175-бап), тонау (187-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену (185-баптың 2, 3, 4-тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3 -тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.

Ал он алтыға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап) ; алаяқтығы (177-бап), ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны (183-бап), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзғны (184-бап), жай автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай құқықтарды бұзғаны (186-бап) ; ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптрың 1-тармағы) ; бөтен адамның мүлкін абайсызда жойғаны немесе бүлдіргені (188-бап) ; қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.

Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімнің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанын немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді:

Талан-таражға-ұрлық (175-бап), тонау (178), қарақшылық (179-бап), алаяқтық (177-бап), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (176-бап) жатады.

Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап) ; қорқытып алушылық (181-бап) ; автомобильді немесе көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) ; интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап) ; алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап) ; жерге заттау құқықтарды бұзу (186-бап) жатады.

Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап) ; бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) құрамдар жатады

Бөтеннің мүлкін талан-таражға салуың түсінігі. Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта айыпиының бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе өзінің басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан Ресупбликасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінде арнайы көрсетілген.

Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.

Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақты нысандары, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.

Талан-тараждың заты болып адам еңбегі еңбегі арқылы істелген материалдық тұғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады.

Талан-тараждық объективтік жағының белгілеріне:1) мүлікті алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3) мүлікті тегін алу жатады.

Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүліктіменшік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тарждың тағы бір блгісі оның заңсыз істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға сәйкес қайшы негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (327-бап) немесе басқа қылмыс құрамын құрайды.

Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемй алу немесе болмашы құнын төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы-меншік иесіне немесе өзге де заңды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталғн деп танылады. Келтірілген заалдың мқөлшері талан-таражға ұшыраған мүліктің, заттың құнымен есептелінеді.

Талан-тарждың міндетті беліглерінің бірі-негізінен заңға қайшы іс-әрекетімен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.

Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлінің тікелей қасақаналық нысанымен сипатталады.

Субъективтік жақтың міндетт белгілеріне-пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен мақсаттың орын алмауы-іс-әрекетті талан-таражды қылмыс құрамына жатқызуға жол бермейді.

Талан-тарждың субъектісі он төртке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражға салуың субъектісі болып он алтыға толған арнаулы адам танылады.

Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке-нысаға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш қолданып немесе күш қодданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті тегін алудың осындай тәсілдері істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда талан-тараждың мынадай алты түрлі нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап ету.

Талан-тараждың осы көрсетліген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арылы нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Соныдқтан талан-траждың әрбір нысанына жатаиын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау рсы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.

Талан-тараждың нысандары. Ұрлық (175-бап) . Ұрлық дегеніміз бөтн мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.

Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұщтасады.

Бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі-объективтік және субъективтік белгілер бойынша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жасырын алуы-объективтік белгіге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алудамын деген сезімі және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі субъективтік белгіге, яғни кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді.

Осыған байланысты жәбірленуші үйде болмауы себепті оның пәтеріндегі заттарын алу, жәбірленушіге сездірмей оның қалтасына түсу, мас адамның, ұйықтап жатқан адамның немесе өте жастығына, психикалық аурулығына, басқадай аурулық жағдайларына байланысты олардың заттарын алу ұрлық болып табылады. Егер мұндай реттерде жәбірленуші немесе басқа адам бұл әрекеттерді көріп қалып, ол жағдайды кінәлі адам сезгенімен қылмысты іс-әрекетін одан әрі жалғастырса, онда оның әрекеті тонауға, ал қылмысты әрекетті кінәлі адам күш қолданумен немесе қолданбақшы болып жалғастырса қарақшылыққа ауысып кетуі мүмкін.

Заңдылық құрылысына қарай ұрлық материалдық құрамға жатады. Сондықтан да қылмыс құрамының объективтік жағының белгісі-қылмыстың қоғамға қауіпті зардабы-мүліктік залал келтіру болып табылады. Осыған байланысты кінәлінің бөтеннің мүлкін алуымен бірге, оған билік етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Мекеме, ұйым аумағынан немесе күзетілетін объектілерден мүлікті, затты жасырын алып шығу әрекеті ұрлық жасауға оқталғандық деп саналады. Осындай тәсілмен ұрланған заттарды күзетілген объектілердің аумағынан алып кетуге қасақана көмектескен күзетшілер осы қылмысқа қатысушылар ретінде танылады. Егер адам ұрлыққа дайындалу іс-әрекеттерін немесе ұрлық істеуге тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасырын түрде оған ұрлық затн күзетілетін объектіден, аумақтан шықпай тұрып, осы қылмысын ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі бола тұрса да оны істеуден өз еркімен бас тартып, ұрланған затты қайтарса онда кінәлінің аныкеті қылмыс істейден өз еркімен бас тарту деп танылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады (Қылмыстық кодекстің 26-бабы) .

Ұрлық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз, тгін алу арқылы меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалды келтіруді тілейді. Қылмыс пайдакүнемдік ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі болып-он төртке толған адамдар танылады.

Қылмыстық заңда ұрлықтың ауырлататын және өте ауырлататын құрамдары көрсетілген.

Олар мыналар:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық-ауырлататын, ал мындайды:

а) ұйымдасқан топ;

б) ірі мөлшерде;

в) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық-өте ауырлататын ұрлық құрамдары болып табылады.

Осы қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бүрын уағдаласқан екі немесе одан да көп адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала ұрлықты сөз байласып жасау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық деп (175-баптын 2-тармағының «а» тармақшасы) танылады.

Бірнеше рет жасалған ұрлық. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарды, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 248, 255, 260-баптарында көздлген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады. Бұрын істеген қылмысының аяқталғаны немесе қылмысқа кез келген рөлді атқаруға бірлесіп қатысуы да қылмысты бірнеше мәрте істегендік деп танылады. Созылмалы, жалғасқан қылмыстар бінеше рет жасалған қылмыс деп саналмайды.

Тұрғын, қызметік немесе өндірістік үй-жайларға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.

Тұрғын жай дегеніміз адамдардың тұрақты немесе уақытшатұруына арналған немесе олардың демалуға, мүлікті сақтауға, адамдардың басқа да мұқтаждықтарын өтеуге арналған құрылыстарды айтамыз. Адам тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп танылмайды. Қызметтік немесе өндірістік үй-жай дегніміз адамдарды немесе материалдық игіліктерді уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрлыстар болып табылады. Бұған жататындар завод, цех, магазин, театр, корабль, сақтық кассалары, музей, байланыс бөлімшелері, оқу орындары, спорт құрылыстары .

Қоймаға-тұрақты немесе уақытша материалдық игіліктерді сақтайтын, қоршалған немесе қоршалмаған күзетпен қамтамасызетілген, сондау-ақ осы мақсатқа қызмт ететін арнаулы (сейф, кассалық аппараттар, контейнерлер ) сияқты объектілер жатады.

Көрсетілген объектлірге заңсыз кіру деп тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатымен кіруді айтамыз. Бұл жерде бөтеннің мүлкін ұрлау мақсаты көрсетілген объектілерге заңсыз кірудің итермелеуші күші болуы керек. Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға өзінің қызмет бабына немесе атқаратын жұмысына, сол объектлерге яки біржолғы кіруге заңды негізі болуына байланысты кіріп, ұрлық жасау заңсыз кіру ретінде саналмайды.

Ұрлықтың аса ауырлататын түрі ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық болып табылады.

Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса,, ол ұйымдасқан топ жасаған ұрлық деп танылады(Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы) .

Қазақстан Республикасы оғарғы Соты пленумның 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтеннің мүлкін ұрлауды сараолаудың кейбір мәселелері туралы » № 9 қаулысында «Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе дан да көп адамнан тұратын тұрақты топ жатады, сонымен бірге олар қылмыс істеуге жоғарғы деңгейдегі ұйымшылдығымен, мұхият дайындығымен, қатысушылардың өзара рөльдерін бөлісуімен айрықшаланады» деп көрсетліген. Ұйымдасқан топ болып ұрлық жасағандардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 31-бабына сілтеме жасалмастан, тікелей қылмыстық кодекстің 175-бапы 3-тармағының «а» тармақшасымен сараланады.

Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі-ірі мөлшердегі ұрлық болып табылады. Ірі мөлшердегі ұрлықтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 2-тармағында арнайы берілген. Осыған орай осы 6-тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлщері танылады.

Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі-ұрылқ не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрылқ болап табылады.

Осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы Қылмыстық кодекстің басқа ьаптарындағы ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Қылмыстық кодекстің 175-187, 248, 255-260 баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыс үшін сотталған адам танылады (Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 4-тармағы) .

Алаяқтық (177-бап) . Нарықтық экономика жағдайы және кәіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байлаысты талн-тараждың ең көп тараған нысаны алыяқтық болып табылады.

Қылмыстық заңда «Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу», -деп көрсетілген

Алаяқтың заты бөтеннің мүлкін немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады.

Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу заңда көрсетілеген екі тәсіл арқылы : алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де заңды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан – таражыға салу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар және талан-тараж
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан-тараждың нысандары
Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz