ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ТУРИСТІК АТТРАКТИВТІЛІГІ БОЙЫНША
АУДАНДАСТЫРУ
1.1 Физикалық-географиялық аудандастырылуы
1.2 Аймақты тарихи-мәдени кешендердің шоғырлануы бойынша аудандастыру
2 ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Аймақтың туристік шаруашылық жағдайы
2.2 Тарихи-мәдени нысандары
2.3 Әлеуметтік-экономикалық нысандары
3 ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНА БАҒА БЕРУ
3.1 Табиғи жағдайына баға беру
3.2 Тарихи-мәдени ескерткіштерінің шоғырлануына баға беру
3.3 Әлеуметтік-экономикалық жағдайына баға беру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес,
тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге
келген жері болғандықтан Ұлытау атанған... деп Әбіш Кекілбайұлы атап
кеткендей Қарағанды облысының Ұлытау аймағының Қазақстанда орны ерекше.
Аймақ территориясында 1500 астам тарих пен мәдениет ескерткіштері
табылған. Әсіресе жиі кездесетін аудандар Сарысу, Сарыкеңгір мен Қаракеңгір
өзендерінің алыбында. Ұлытау аймағына туристік сапарлар жасау үшін
Жезқазған қаласы шығу нүктесі, ал Сәтпаев қаласы байланыстыратын қала,
сондай ақ Қарсақпай, Жезді серік қалалары және туристік қызығушылықтарды
тудыратын қалашықтар болғандықтан, жұмыс осы қалалармен байланыстырылады.
Жұмыс мақсаты. Рекреациялық табиғи ресурстарын бағалау. Аймақта бар,
туристердің қызығушылығын арттыратын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерді
және өндірістік нысандарды ашып, көрсету. Аймақ халқының тұруына қолайлы
ресурстарды анықтау.
Жүргізілген зерттеулер маңыздылығы. Туризм дамуы үшін жергілікті
халықты тарту маңызды орны алады. Бірақ, бұл үшін халық тұрмысы мен еңбегі
үшін қолайлы табиғи рекреациялық ресурстары бар территорияны анықтау қажет.
Табиғи-рекреациялық және тарихи мәдени орындарының қазіргі күйі мен оларға
байланысты бар мәселелерді анықтап оларды шешу маңызды орын алады.
Жұмыста Ұлытау аймағының географиялық орны мен табиғи-климаттық
ресурстары, аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы талданып, келешек
туристік потенциалына талдау жасалынды.
1 ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ТУРИСТІК АТТРАКТИВТІЛІГІ БОЙЫНША АУДАНДАСТЫРУ

Ауданда Ұлытаудан басқа Арғанаты (757 метр), Желдіадыр (629 метр),
Кішітау (793 метр), Майтөбе (628 метр), Суықтөбе (546 метр), Ақмола (601
метр), Қарауылшы (503 метр) және т.б. да таулар бар. Жалпы алғанда аудан
аумағының 65-70 пайызын қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр.
Қарсақбай қыраты – Ұлытау-Кішітау тау сілемдерінің жалғасы екеуінің
арасын Бұланты – Білеуті өзен аңғары бөліп тұр. Қыраттың орташа биіктігі –
500-600 метр, шыңдарының ішіндегі ең биігі – Қарамола тауы (644 метр).
Қырат батыс, шығыс, оңтүстік бағыттарда созыла келе бірте-бірте аласарып,
жазық далаға ұласады. Оның Торғай қолатына қосылатын батыс беті өзен
аңғарларымен көп тілімделген. Осы өңір аудан жеріндегі өзендер жүйесі
айтарлықтай дамыған аймақ болып табылады.
Ұлытау – Сарыарқа тауларының ішіндегі ең көнесі. Оның Едіге, Қыземшек,
Айыртау, Ақмешіт әулие сияқты шоқылары мыңдаған ғасырлар бойы толассыз
жүріп жатқан қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарының әсерінен әбден
қажалып, әр түрлі үгітілу процесіне бой алдырған. Тау шоқыларының тік
жарқабақтарының құлау бұрышы 20-25 градус арасында болғандықтан, олардың
арасындағы шатқалдардың ені тар.
Сарысу-Теңіз қыраты – Ұлытау ауданы территориясының шығысында жатыр .
Ол Теңіз ойпатының оңтүстік беткейдегі Сарысу алқабынан бөліп тұр. Қыраттың
жер бедері дөңес жазық болып келетіндігімен ерекшеленеді. Оның екі жағынан
құлап ағып жатқан өзендердің табандары кең әрі енді.
Бетпақдала үстірті – Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол
Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Оның шығыс бөлігі ұсақ
шоқылардан, аласа таулардан тұрады. Ұлытау ауданы жерінің құрамына
Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді. Екеуінің арасын бөліп тұрған жазық
Қоғашық деп аталады.
Қоғашықтан батысқа қарай кебір сазды, құмақты және тастақты
алқаптардан тұратын жазық дала басталады. Әр жерде сорла мен табақтай
дөңгеленген ойпаңдар басталады. Жай көзбен қарағанда әрең білінетін жал-жал
қырлардың мұхит деңгейінен ең жоғары тұрған жоталарының биіктігі 200-250
метрдей болып келеді.
Сарысу өзенін бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай
созылған құм сілемдерінің салыстырмалы биіктігі 15-20 метрге жуық. Олар
бұйрат-бұйрат төбелерден,жал-жал қырқалардан тұрады. Құм ішіндегі
ойпаңдарға жер асты суы жақын болғандықтан шөптесін өсімдіктер қаулап өседі
де, құм көшкініне тосқауыл болады.
Ұлытау ауданының оңтүстік-батысы Тұран ойпаты аумағына кіреді. Бұл
өңір сусымалы құмдармен ерекшеленеді. Арал маңы Қарақұмы шығыс бағытта
Арысқұм алқабымен қосылады. Құм шоқылар мен жалдардын дізбегінің ұзындығы
100-200 шақырымға дейін созылады. Үлкенқұм мен Жіңішкеқұмның ендері кейбір
жерлерде мардымсыз, бас-аяғы 3-5 шақырым болса,кей олар жалпақтанып 60-70
шақырымға ұлғаяды. Өңірдің оңтүстік –шығысында Жетіқоңыр және Қрақойын
құмды алқаптары бар.
Ұлытау ауданының аумағында солтүстіктен оңтүстікке қарай үш табиғат
зонасы – құрғақ дала, шөлейт және шөл қалыптасқан. Осы зоналардың
шекараларының ендіктер бойымен алғанда түзу емес екендігі байқалады. Бұл
құбылыстың Сарыарқаның ұсақ шоқыларының тізбегінің әсерінен екендігі
білінеді.
Құрғақ дала зонасы ауданның қиыр солтүстігіне ғана тән. Оған Арғанаты,
Ұлытау таулар, Қайдауыл және Жыланшық жазығы, Қаптадыр ұсақ шоқылары аймағы
кіреді. Зонаның жер бедері жазықты және қыратты болып келеді. Қайдауыл мен
Жыланшық жазықтары (500-600 метр) Торғай қолатына қарай бірте-бірте аласара
бастайды. Бұл жазықтардың бедері - өзен аңғарларымен тілімденген, жыралы-
сайлы. Көктемде қар еріген кездегі су тасқындарының әсерінен жер бедері
осылай қалыптасқан.

Ұлытау аймағы танымдық, белсенді туризм түрлерін дамытуға болады. Белсенді
туризм түрлерінен жазғы уақытта велосипед және жаяу сапарларды, ал қысқы
уақытта шаңғы туризмді ұйымдастыруға болады. Қыстқы уақытта қар
жамылғысының қалыңдығы 30 см, климаттық жағдайлар туристер үшін шаңғы
серуендерді өткізуге мүмкіндік береді.
Велосипед туризмнің ұзақтылығы 70 шақырымға созылатын маршрут
ұсынылады. Маршрут Қаракеңгір суқөоймасынан басталып, Сарыкеңгір кеншары
арқылы өтіп, Ұлытауға бағытталған. Келесі маршрут ұсынылады:
1) Жасұлан балалар сауықтыру лагері- Ұлытау кеншары
2) Жасұлан балалар сауықтыру лагері – Туристік алаң
3) Туристік алаң- Горелое шатқалы
4) Горелое шатқалы – Ұлытау шыңына шығу
5) Ұлытау тауларының бөктері – Ұлытау кеншары
Танымдық экскурсиялардан аймақтың өндірістік нышандарына және мәдени-
тарихи экскурсияларды өткізуге ұсынуға болады. Тарихи-мәдени кешендерді
тамашалау Жезқазған қаласының өлкетану мұражайынан басталады. Жезқазған
қаласынан шығып Сәтпаев қаласы арқылы өтіп Ұлытау тау бөктеріне, Кеңгір
өзеніне бағытталған маршрут бойынша қола дәуірінің тұрақтарын, түрік
кезеңінің, орта ғасырлар ескерткіштерін көріп тамашалауға бағытталған. Бұл
маршрут жазғы уақытта ұзақтылығы 3-5 күнге созылған.
Шетелден келген қонақтар үшін атпен экскурсияларды өткізуге болады.
Туризм индустриясының негізі инфрасқұрылым. Инфрақұрылым түсінігіне
отельдер, мейрамханалар, жоғары деңгейде дамыған туристерге қызмет көрсету
саласы, әсіресе шетел туристері үшін, себебі, олар үшін бұл қалыпты өмір
деңгейі болып табылады. Қонақ үй және мейрамханалар бизнесі салысы жетекші
орынға ие. Қонақ үйлер және мейрамханалар бойынша іскер адамдар мемлекет
ауқаттылық деңгейіне баға береді, ел қонақтары үшін бұл мемлекет
келбеті.Таббиғи қорықтар фондының нысандары
Қазіргі таңда аймақ бойынша тарихи-археологиялық ескерткіштер қайта
қалпына келтірілуде. Кейбір мысалдарды келтіріп кетейін. 11.12.2004 жылы
Қарағанды олысы бойынша облыстық маслихаттың Х сессиясында 2005-2007 жылдар
Мәдени мұра бағдарламасы қабылданған.
Ұлытау ауданында тарихи-мәдени ескерткіштер көп орналасқан. Солардың
ішінде Дүзен, Болғанана, Жошы хан т.б. мазарлар жаңғырту жұмыстарын қажет
етеді. Биыл осы Дүзен, Болған ана, Жошы хан мазарларына жаңғырту жұмыстары
жүргізілді.
Жошы хан мазарына “Байқоңыр” фирмасы Қарағанды облысының Мәдени мұра
департаментімен келісім шартқа отырып, Жошы хан мазарының қабырғаларының
жарылған қуыстарын бітеп, күмбезіне гидроизоляция жасаған. Алдындағы
жарылған кірпіштерін табиғи тастармен ауыстырған.
Дүзен мазарында жобалы сметалық құжатқа байланысты жаңғырту жұмыстары
жүргізілуде.
Мазардың маңайында, іші және сыртында қоқыстан тазалау жұмыстары
жүргізілуде, тақтайлардың көмегімен олқы тұрған қабырғаларды тұрғызу,
тазалау, қуыстарын бекіту және арнайы саз-балшықпен сылау, кірпіштен
жасалған еден және мәйіттің үстіңгі бетін жаңғырту, төбесіне гидроизоляция
жасау. Күмбездің жоғарғы жағын арнайы саз-балшықпен сылау жұмыстары
жүргізілуде. Күмбезге, қабырғаларға және т.б. әлсіз жерлеріне құлау
қаупінен сақтау жұмыстары жүргізілді. Айналасына құм төгу арқылы мазар
қабырғасынан ішіне қарай су кіргізбеу жұмыстары жүргізілді. Мазар алдына
плита тастарынан жол төселіп, бетондалуда. Сонымен қатар, айналасының
сыртқы көркі қалыпқа келтірілуде.
Болған ана мазарының маңайына қоқыс тазалау жұмыстары және ағаш,
өсімдіктері тазалау жұмыстары, сонымен қатар жаңғырту жұмыстарының бірінші
кезеңі жүргізілді. 2007 жылы “Күмбез” фирмасы жаңғырту жұмыстарын аяқтайды.
Ұлытау тарихи-табиғи қорығының аумағына Мемлекеттік Мәдени мұра
бағдарламасының аясында үш ескерткіш зерттелу үстінде. Зерттеуді ҚР Білім
және ғылым министірлігі,Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізуде (жетекшісі т.ғ.к.
Институтының бөлім меңгерушісі Ж.Құрманкұлов.). Зерттеуге Қазақстан ұлттық
Әл-Фараби атындағы және Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Евразия
университеттері, Италиядағы Рим, Болонья университеттері мен ғылыми
орталықтарының мамандары мен студенттері Жезқазған және Жезді мұражай
мамандары қатысты.
Мемлекеттік бағдарламаға енген тарихи мәні зор ескерткіштің бірі,
Талдысай ауылының маңында орналасқан тас дәуірінің Аяқбұлақ, Сарбұлақ,
Тоқтауыл, Талдысай I, II, III тұрақтары, үңгір, қола дәуірінің қонысы мен
қорымы, ерте темір ғасырының мұртты обасы, ортағасырлық Басқамыр қаласы
және Күзет мұнарасы. Мұнда атқарылып жатқан зерттеулердің мақсаты: Су шайып
жатқан қола дәуір металургтерінің мекені мен қорымын зерттеп, басқа да
ескерткіштермен қоса болашақта ірі туризм орталығына айналдыру.
Әзірге зерттеліп жатқаны Тас дәуірінің Тоқтауыл, Аяқбұлак тұрақтары
мен қола дәуірінің қонысы мен қорымы және де үңгірдің ауыз жағына шағын
қазба салынды.
Тоқтауыл мен Аяқбұлақтағы қазбалардан тас дәуірінің жаңа кезеңіне (
неолит) б.з.д. 40-30 мыңжылдыққа тән мыңдаған тас кұрал-сайман, қару-жарақ
табылды. Тоқтауыл казбасының төменгі мәдени қабаттарынан палеолит кезеңінің
(б.з.д.600-400мыңжыл) бірқатар кұралдары табылды, болашақ зерттеулер оны
толығырақ анықтамақ.Егер ол анықталса Ұлытау тарихы б.з.д.600-400 мыңжылға
дейін тереңдемек.
Қола дәуірінің (б.з.д 11—I мыңжылдық) қонысы қазіргі Жезқазған кенді
аймағында жақсы сақталған ескерткіш.Ертеден бері Жезқазған кенінің өз
басында болған көптеген мекен-жайлар жойылып кетті.Ұзақ жылдардан бері
(1992-ден) зерттеліп келе жатқан қоныс түрғындары тұңғыш металл (мыс)
балқытып, одан бұйым жасаған.Шетелдік ғалымдар қызығушылығын туғызып
отырған осы қоныстан аршылған ондаған мыс балқытқан көне пештерді зерттеу
нәтижесі тұңғыш металургтердің өндіріс процестерін қалпына келтіруге
мүмкіндік туғызады.Қазіргі зерттеу мен табылған еңбек құралдары
тұрғындардың шебер металлург болумен қатар, егін егіп, мал өсіргенін, аң-
аулап құрал -сайман жасағанын көрсетіп отыр.
Осы кезең қорымының материалдары бұл кез тұрғындары алғашқы
қауымдық кұрылыс сатысында болғанын көрсетті.Қорым ортасындағы үлкен және
күн бейнелі дөңгелек қоршау ішінде ру басы қойылыпты, оған жалғастырыла
салынған көп лахатты төртбұрышты және кіші дөңгелек қоршауларда қоғамның
қарапайым мүшелері жерленген.Алайда, әлі мүлік теңсіздігі байқалмайды.
Зерттелініп, болашақ аспан астындағы мұражайға айналдыруға
айналдырылмақ үшінші ескерткіш Айбас дарасы мавзолейі.Оны 1957 жылы
академик Ә.Х.Марғүлан тауып, оңтүстік бөлігін ашқан болатын.Сол жердегі
ортадан шетке қарай кеңейте орналасқан бөліктерден, құрбандыққа шалынған
мал сүйектері мен ғұрыптық сусындар құйылған 40-қа жуық әсем өрнектелген
қыш ыдыстар және ортасында тас жәшіктен алтын білезік табылған.
Қазір оның солтүстік бөлігі аршылып, б.з.д.ХІ-ІХғ.ғ.аралығында
салынған ғұрыптық-сәулет өнерінің туындысын халыққа көрсетілу шаралары
қарастырылуда.
Мавзолейдің шығыс жағында осы зәулім құрылысты салған құрылысшылар
мекені табылды . Сонымен қатар, өлген кісіге арналған құрбандық шалған орын
мен ас пісірген орын да ашылды.
Ұлытау тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайында 2500 экспонат,
мұражай-қорық кітапханасында 285 кітап жинақталған. Қорық-мұражай аумағында
680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның
ішінде 30 ескерткіш Республикалық, 160 ескерткіш облыстық, 490 ескерткіш
аудандық деңгейде тіркелген. Олардың ішінде Алашахан мазары, Домбауыл
мазары, Жошыхан мазары, Ерден мазары, Айрамбай мазары, Теректі әулие,
Ақмешіт әулие, Алтыншоқы, Хан ордасы ескерткіштерін атап өтуге болады.
Кесте 3 Ұлытау аймағы бойынша негізгі табиғи территориялар берілген. Көріп
отырғанымыздай аймақтағы табиғи территориялар ауданы өте аз. Аймақтың
экологиялық жағдайына байланысты қосымша қорғалатын табиғи территорияларды
құру қажеттілігі туындайды.
2005 жылдың 30 шілдеде Ұлытау – көшпенді өркениеттің ежелгі орталығы
атты көрме ашылды. Сонымен қатар, Жезқазған қаласының өлкетану музейі және
Қазақмыс корпорациясымен бірігіп қазақтардың этнографиясына арналған
көрмелер ұйымдастырылды.
- Ұлытау мен Кенесары хан;
- Ежелгі Түркістан және Ұлытау;
- Қ. Сәтпаев ежелгі Жезқазған аумағының Ұлытау тарихы мен археология
зерттеушісі;
-Әбунәсір әл-Фараби, Шыңғысхан және Темірланның балауыз фигураларын қойып
ежелгі Ұлытау тарихындағы Ұлы адамдар.
Қазақмыс корпорациясының музей-көрмелік кешенің қызметкерлерімен
бірлесіп зерттеу экспедициясын жүргізді және бұдан бұрынғы белгісіз тарих
және мәдениет ескерткіштері табылды.
Ұлытау кентінің жанынан мұртты қорғандарға (2 қорған) қазіргі уақыта
бақылау өлшемдері мен зерттеулері жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мәдени мұра
бағдарламасының шеңберінде және Ә.Х. Марғұланның 100-жылдығына орай Ә.Х.
Марғұланның іздері бойынша тақырыбында үш экспедиция өткізілді: Алашахан
мазарының құпиялары; Домбауыл мазары;
Жошыхан мазары; Айрамбай мазары
Жерұйық бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының телерадиокешені
Кітап баспасымен бірге талдау жұмыстарын өткізді. Ұлытау тарихи-мәдени
және табиғи қорық музейінің жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарына
(Подробности, Ұлытау Өңірі газеттерінде) жарияланды.
Тарихи ескерткіштерді насихаттау мақсатында қорық музейінің экскурсия
жүргізушілерімен Жезқазған және Сәтпаев қалаларындағы оқушылар үшін
экскурсия ұйымдастырылды. Тарихи Алашахан, Жошыхан, Домбауыл, Теректі
әулие, Ақмешіт әулие, Алтыншоқы, Хан ордасы ескерткіштерін келуші
туристердің жалпы саны 1500 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта Ұлытау - Жезқазған аумағындағы ескерткіштер жағдайы
туралы карта дайындалуда.
Кесте . Ұлытау аймағы бойынша орналасқан ерекше қорғалатын аудандарының
тізбесі [автордан]
Ерекше қорғалатын Физикалық –географиялық орналасуы
территория атауы
Ұлытау (зоологиялық) Шөлейт зонасы, Ұлытау даласы, таулы аймақ
Қызылқақ Шөлейт зонасы, батыс –Бетпақдала шөлі, жазық,
(палеонтологиялық) Төменгі сарысу аймағы
2.3 Экономикалық-әлеуметтік жағдайы
Ұлытау аймағында индустрияның қалыптасу мен дамуымен байланысты,
туристер үшін танымдық қызығушылықты тудыратын басқа да нышандар баршылық.
Туристер ірі түсті металлургияның, химия, электроэнергетика кәсіпорныдар
мен өндіріс мекемелері бар қалаларды тамашалауы мүмкін.
Қарсақпай елді – мекені Жезқазған қаласынан батысына қарай 97 шақырым
жерде, Қумола өзенінің жағасында, Қарсақпай – Аша шатқалында орналасқан,
1911 жылы Қазақстанның мыс өнеркәсібінің орталығы ретінде құрылды. Елді –
мекен тұрғындарының демалыс өткізудің сүйікті жерлері, 1929 жылы бақшашы
Зуб Г. П. талабы бойынша ұйымдастырылған, Мәдениет және демалу саябағы. Бұл
саябақта Зуб Г. П. арналған ескерткіш, 1969 жылы ұйымдастырылған
Қазақстанның алғашқы академигі Сәтпаев Қаныш Имантайұлының мұражай – үйі
орналасқан. Мұражайда академиктің жеке заттарының жинағы, геолого – зерттеу
жұмыстарында падаланылған құралдары көрсетілген.
Ұлы Отан соғысы кезеңдерінде Ұлытау аймағының маңызы арта түсті.
Әскери жағдай бұл аймақ өнеркәсібінің дамуына үлкен серпін берді. Әскери
өндіріс техникасы жоғарғы сапалы пъезокварцке қажеттілікте болды. Ақтас
елді – мекені Сәтпаев Қ. И. талабы бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында
өзгешелік кварц өндіру орны болды.
Жезқазған қаласынан солтүстік батысында 63 шақырым жерде орналасқан
Жезді елді – мекені облыс картасында марганец кендерінің ашылуына
байланысты 1942 жылы пайда болды. Мұнда 1994 жылы тау – кен және балқыту
ісінің тарихы мұражайы ашылды. Мұражай экспонаттары Жезқазған аймағының
палеолит дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейін металлургиясының дамуын
айқындайды. Бұл, мысал ретінде, көлемді экспонаттар, кен тастары, қазіргі
таңдағы істегі ежелгі мыс балқыту пеші, этнографияның, халықтың материалды
және мәдени өмірінің мыңдаған құнды және сирек кездесетін материалдары
жиналған. Қазақ мемлекеттілігің қалыптасуының документальды материалдары
жиналған. ҚР Президенті Назарбаев Н. Ә. мұражайды арнайы тамашалап, оның
рөлі мен маңызы жөнінде үлкен баға берді. Мұражай өзінің профилі бойынша
Қазақстандағы жалғыз орын. Қарсақпайда орналасқан Сәтпаев Қ. И. мұражай үйі
мен Жездіде орналасқан мұражай біртұтас тарихи – мәдени кешен.
Жезқазған қаласы 1954 жылы Кеңгір деген шағын тау – кеншілер елді –
мекенінің орнында пайда болған. Қазақстанның түсті металлургияның ірі
орталығы. Казкатзауыты (мыс пималарын дайындау), Жезқазғанредмет сияқты
кәсіпорындары тек елімізде ғана белгілі емес, сондай – ақ шетел елдеінде
де белгілі. Жезқазған мыс қорыту зауытын үлкендігіне қарай халық түсті
металлургияның Қазақстан Магниткасы деп құрметпен атайды. Жезқазған
қаласының маңында оған серіктес кенді елді – мекені және негізінен кеншілер
тұратын Сәтпаев қаласы бар.Туризм жағдайы негізінен орналастыру жағдайымен
сипатталады. Осы саланың дамуымен туристік ағымдар байланысты. 2000 жылғы
мәлімет бойынша Қазақстанда 365 қонақ үй тіркелген. Қарағанды облысында 18
қонақ үй, оның ішінде Жезқазған қаласында үш қонақ үйі тіркелген. Ең ірісі
Байқоңыр қонақ үйі, халықаралық стандарттарға жауап береді. Жоғарғы
қызмет көрсететін Самсунг медициналық кешені қала қонақтарын мен
туристерін қабылдайды.
Сондай-ақ туристік бизнестегі басты факторларының бірі туризм
саласының материалды базасы болып табылады, бірақ Ұлытау аймағында база өте
шектелген. Соңғы жылдары рекреациялық іс-әрекет құрылымында агро-
рекреацияның маңызы артты. Бұның себепшісі халықтың демалысты өндіріспен
және ауыл шаруашылығымен үйлестіру болып табылады. Дачалық-бақташылық іс-
әрекеттер де қысқа мерзімді демалысқа жатады.
Туристік рекреациялық ресурстары да маңызыды орын алады. ең басты
туристік нышаны Ұлытау зоологиялық заказнигі. Алып жатқан ауданы 54200 га
жер 1999 жылы құрылған. Негізінен Жезқазған-Сәтпаев өндірістік торабының
тұрғындарының демалатын орны. Қорғалатын аймаққа тарихи-мәдени кешендер
және табиғи кешендер де кіреді.
Туризм индустриясының негізі инфрақұрылым. Инфрақұрылым түсінігіне

ауқаттылық деңгейіне баға береді, ел қонақтары үшін бұл мемлекет келбеті.
Ұлытау өңірінің қалалары бойынша инфрақұрылымды құрайтын нышандарға
мынадай сипаттама беруге болады:
Жезқазған қаласында санаторий, балалар санаторийі, профилактори және
Қазақмыс корпорациясының спорт-сауықтыру лагері жұмыс істейді. Бірақ
халықтың көбісінде бұл мекемелердің қызметтерін пайдалануға мүмкіндігі жоқ.
Демалысқа өскен қажеттілік аймақ демалу мекемелерінің рекреациялық
сыйымдылығының нормасынан асып кетті. Жоғарғы рекреациялық қажеттіліктердің
бар болуы жөнінде соңғы жылдарда ұйымдастырылмаған туристердің санының өсуі
айқын көрінісі. Демалушылар табиғи ортаға зиян әкелуде, олар топырақ пен
өсімдік жамылғысының деградациясына ықпал етеді. Халық үшін туристік қызмет
көрсетулерді жақсарту мақсатында қысқа мерзімді рекреациялық мекемелер
жүйесін кеңейткен жөн (қымбат емес мотельдер, кемпингтер, туристік базалар,
кішігірім қонақ үйлер, демалыс күнгі шаралар мекемелері, саятшылық үйлері,
т.б.).
Аймақ аралық байланыстың дамуы дамыған магистралдарды талап етеді.
Аймақ территориясында көліктің, су көлігінен басқасы, барлық түрлері
дамыған деп айтуға болады. Темір жол желісі Жезқаған, Қарағанды, Балхаш ірі
өндірістік аудандарды байланыстырады. Қарағанды облысы бойынша темір жол
ұзындығы 1650 шақырым. Автокөлік жол ұзындығы 8,3 мың шақырым. Қызылорда
–Жезқазған жолы (420 шақырым) еліміздің оңтүстік аудандарымен байланысуға
мүмкіндік береді. Жезқазған-Жезді-Ұлытау-Арқалық жолы Ұлытау аймағына одан
Солтүстік Қазақстанға, Оңтүстік Оралға, Ресейдің Сібіріне Оңтүстік
Қазақстаннан көлік-туристік ағымдарды қамтамасыз етуде бас орын алады.

Ұлытау өңірінің гидрографиясының өзіндік ерекшелігі тұрақты ағыны бар
өзендер торының сиректігімен уақытша ағысы бар кіші өзендердің көпшілігімен
сипатталады.
Ұсақ шоқылы аласа таулы солтүстігінде өзен торы жиі, оңтүстігінде
жазық, шөлді бөлігінде өзендер торы сирек.
Сонымен жер беттік ағын қар жамылығысындағы су қорына тікелей тәуелді.
Қардағы су қоры Терісаққан мен Кеңгір өзендердің су айрығында 110 мм-ден
асады. Бірақ жер беттік ағын тек қана қар жамылғысына байланысты. олар;
еріген кездегі булану, инфильтрация, су жиналатын алқапта аккумуляциялануы,
т.б. Кей жылдары еріген судың буланып кетуі едәуір көп. Өңірдің өзендерінің
сипаттамасын алаптар бойынша беруге болады.
Сарысу өзенінің алабы өңірдің шығыс жартысын қамтиды. Суағарлардың
орналасу сипатына қарай одан тағы екі алаб асты бағыттарды көруге болады;
Кеңгір өзендері алабы және Қосөзен (Сарыкеңгір мен Қаракеңгір). Сарысу
өзенінің маңызды салалары Қосөзен Кеңгір, Сарыкеңгір, Жыланды және Жезді
өзендері болып табылады. Соңғы үшеуі кеңгір өзенінің маңызды салалары болып
табылады.
Кеңгір өзені негізгі саласы болып табылады және мүйіске 384 шақырым
бойлық арқылы келіп оң жағынан келіп құйылады. Ұлытау ауданы шетіндегі
басқа ад ағыстар ұзындығы 1-2 шақырым бірнеше оншақты шақырымға дейін
жететін құрғақ арналардан тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы Сарысу өзеніне
сол жағалаудан барып құятын Талдысай (52 шақырым) және Құмдыеспе (70
шақырым) болып табылады.
Кеңгір өзені зерттелген территорииясындағы ең суы көп өзендердің бірі
болып табылады. Ол Қосөзен, Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендердің
қосылысынан түзіледі. Кеңгір өзенінің ұзындығы Сарыкеңгірөзенінің сағасынан
Сарысу өзеніне құяр тұсқа дейін 138 шақырым, ал әлдеқайда алыс
гидрографиялық желіліердің ұшы 3000 шақырым құрайды. Ол Ұлытау тауының
оңтүстік шығцысында орналасқан қатпарлы далаларды кесіп өтеді. Өзеннің
жайылымдары екі ждақты, ені 0,5-1,0 шақырымды құрайды. Өзеннің жағалаулары
шалғындар мен бұтақтарға толы. Кейбір жерлерде бірыңғай итмұрындар, шоқ
талдар және басқа да өсімдіктер кездлеседі. Өзеннің негізгі салаларын –
Қаркеңгір, Сарыкеңгір, Жыланды және Жезді өзендері құрайды.
Ұлытау өңірінің жер бедері оңтүстік-батысқа қарай бірте-бірте аласара
бастайды. Аудан жерінің ең биік нүктесі – Ұлытаудағы Ақмешіт шыңы. Оның
биіктігі 1134 метр. Аудан аумағының ең төмен, ең аласа алқабы – Қарсақбай
қыратының оңтүстік беткейінде жатқан Мыңбұлақ ойысы. Оның өзі теңіз
деңгейінен 100 метр шамасында жоғары жатыр. Ойыстың сыртқы көрінісінде
ғажап ерекшеліктер көп. Оның айнала шекарасы биіктігі – 50-170 метр
аралығындағы тік жарқабақтармен қоршалған. Табан алқабында пішіні конусқа
ұқсас биік (15-20 метр) төмпешік төбелер жатыр. Олардың ұшар басынан бұлақ
суы атқылап тұрады. Мыңбұлақ атауы осы бұлақтардың көптігінен шыққанға
ұқсайды.
Аймақтың топырағы шөлді далалық сортаңданған қара топырақ және ашық
каштан топырақ. Топырақтың тоңдану тереңдігі шамамен130 см. Негізінен, қой
және түйе жайылымдарына қолайлы.
Экологиялық табиғи факторлар:
а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - тасты-қиыршық тасты топырақ,
ызаның кең таралуы, топырақ пен өсімдіктің аз бұзылуы, жергілікті су
арналарында көктемгі су тасуы.
ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - топырақтардың кешенділігі,
өсімдіктердің ала-құлалығы, жиі соғатын желдері, жауын-шашын мөлшерінің
аздығы, топырақтың құрғақтығы.
Қазіргі экологиялық жағдайы
Жезқазған өнеркәсіптік ауданының қоршаған ортаға үлкен әсері, ірі
өнеркәсіптік үйінділер мен карьерлер, жер беті сулары мен топырақтың
ластануы, экологиялық орнықсыздану деңгейі - шиеленіскен. Жезқазған
өнеркәсіптік ауданы мен Қаражал-Жәйрем өнеркәсіп торабы экологиялық
жағдайды нашартады. Кен өндіру өнеркәсібі мен түсті металлургияның өндіріс
орындары. Жергілікті су арналарындағы су шаруашылық құрылыстары. Малды
шектен тыс жаю салдарынан жайылым дигрессиясы байқалған.
Байқоңыр ғарыш айлағының космостық ракеталарының сатылары құлау
нәтижесінде жанбай қалған ракеталық жанармай-гептилмен (диметилгидразин)
топырақ, ызаның ластануы. Малды шектен тыс жаю салдарынан жайылымдар
дигрессиясы.
Экологиялық шиеленісу аймақтары
1. Жезқазған урбоөнеркәсіптік аймақ. Жезқазған, Сәтпаев қалаларын, кен
өндіру өнеркәсібі (полиметалл кендері) мен түсті металлургияның (Қазақ мыс
компаниясы) қуатты өндіріс орындарын біріктіреді. Экологиялық орнықсыздану
деңгейі – шиеленіскен АЛИ5 - 6,2 (1996 ж). Атмосфералық ауаның күкірт,
көміртегі тотықтарымен, шаңмен (4 ШРШ) ластануы. Топырақтың ауыр
металдармен (мыс, қорғасын, кадмий) ластануы. Жер асты кеніштері, бос тау
жыныстары үйінділері, ызаны жолдардың ретсіз салынуы. Су ресурстарының
тапшылығы, Кеңгір өзеніндегі Кеңгір бөгенінің (көлемі 319 млн м3)
өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластануы.
2. Қаражал-Жәйрем кен өндіру аймағы, Жәйрем КБК АҚ темір, марганец және
темір-марганец кендерін өнеркәсіптік тәсілмен өндіреді. Кен орнының қоры
590 млн.т. артық марганец кендері. Аз фосфорлы темір, марганец, және темір-
марганец кендерін ашық жолмен өндіру, оларды концентраттарға байыту.
Экологиялық жағдай деңгейі – шиеленіскен. Карьерлік-үйінділік жерлерге
рекультивация қажет.
3. Жезді кен өндіру аймағы: Жезді марганец кен орны (кендегі
марганецтің орташа мөлшері - 22%). Карьерлік-үйінділік ландшафттар, кен
өндіру үлескілерін рекультивациялау қажеттілігі. Экологиялық орнықсыздану
деңгейі шиеленіскен.
а) экологиялық шиеленісулерді тежейтін - тастықиыршық тасты топырақ,
топырақ-өсімдік жамылғысының аз бұзылуы, өзендердегі көктемгі су тасудың
биіктігі;
ә) экологиялық шиеленісулерді күшейтетін - пайдалы қазбаға бай кен
орындарын игеру, жер асты суларының тапшылығы, топырағының құнарсыздығы,
өсімдіктің сиректігі, жер беті су ресурсының шектеулілігі.
3.2 Аймақтың тарихи-мәдени ресусрстарын бағалау
Көшпенділердің үш мың жылдық рухын бойына сіңірген,аты аңызға
бөленген, ақындар жыр еткен,көп ғасыр адамды еліктіріп,өзіне тартқан бұл
өлке өзінің құпияларын әлі де ашып болған жоқ
Айрықша туристік құныдылықтар Ұлы жібек жолының Сарысу тармағы өткен
жолы бойында орналасқан археологиялық, архитектуралы-тарихи ескерткіштер
болып табылады. Бұл жол Орталық Қазақстанды Сырдария өзенінің бассейнінің
оңтүстік аймақтарының отырықшы оазистерімен байланыстырды.
Археологиялық зерттеулер, қазу жұмыстары барысында бізге дейін
сақталған ерте қыпшақ (VI-IX ғ.ғ.), монғол дейінгі кезең (X-XII ғ.ғ.) және
монғол кезеңінің (XIII-XV ғ.ғ.) ескерткіштері табылған. Отырықшы
мәдениетінен қалған маңыздысы Арғанаты тауындағы Домбауыл қалашығы.
Марғұлан Ә. Х. оны ортағасырлық, Дешті – Қыпшақты 30 жыл бойы билеген
Әбілхайыр ханның ордасы болған Орда - Базар қаласымен салыстырған, мұнда,
тіпті, өзінің теңгелерін басып шығарған. Мұнда бақтар, бақшалар,
егістіктер, суармалы жүйелер де сақталған. Ұлытау далаларында әлі күнге
дейін суармалы жүйе мен тоған, құдықтар түріндегі ирригациялы құрылыстар
кездестіруге боллады. Қыпшақтар егістіктерін тек қана өзендерден
жүргізілген су каналдарымен суарып қоймай, сондай-ақ су көтергіш
құрылғылары арқылы құдықтар мен көлдерден де каналдар жүргізгін. Ұлытау
тауынан ағып шығатын өзендердің бірі үлкен жазықтарды суаратын су көтергіш
құрылғылары – шығырлардың өзен жағасында орналасуына орай Шығырлы атқа ие
болды. Сондай – ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz