ҒЫЛЫМ МЕН ДІН


ҒЫЛЫМ МЕН ДІН
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Ғылым мен дін ұғымының мәнді ұғымдары
2 Ғылым мен діннің тууы және даму кезеңдері
3 Қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағдай
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан -баптистердің 378 қауымы болса, 222 -сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар - 28 %, католиктер - 1 %, протестантар - 0, 5 %, басқалары - 0, 01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр. Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан тәуелсіздік алғалы бері, мұсылмандармен индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60 жылдан бері 10 мыңдаған адам қаза тапты. Таяу Шығыста араптар мен еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни келіспеушілік жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік жаһандық мәселелердің қатарында.
1 Ғылым мен дін ұғымының мәнді ұғымдары
Көп мәнді «ғылым» ұғымының мазмұнын анықтау үшін оны құратын мәнді белгілерін ашып көрсету қажет.
Ғылым дегеніміз ең алдымен білім, білімдер жиынтығы. Екіншіден, ол білімдерді тұжырымдауға, "өндіруге" бағытталған іс-әрекет, яғни дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып білу қызметі. Қазіргі заманғы ғылым сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы, түрліше ғылыми мекемелер жүйесін қамтитын әлеуметтік институттар, маман кадрлар даярлау жүйесі және, XX ғысырдың екінші жартысынан бастап, қоғамның тікелей өндіргіш күші деп түсініледі. Ғылым ұғымын аталған белгілері бойынша түсіндіру арқылы оның алғашқы бастамасы да анықталады. Ғылым кадрлар даярлаудың және қайта даярлаудың кәсіптік жүйесі ретінде XIX ғасырдың алғашқы жартысында Германияда қалыптасты. Ғылым әлеуметтік институт ретінде Жаңа заман дәуірінде туғанымен, бірақ мұндай мазмунға шын мәнінде XIX ғасырдың ортасында немесе екінші жартысында ие болды, ол тікелей өндіргіш күшке айналуы XX ғасырдың екінші жартысында өнеркәсібі дамыған елдерде ғана іске асты. Егер ғылым деп қоғамның тарихи қалыптаскан рухани өмірінің, қоғамдық санасының бір формасын түсінетін болсақ, яғни белгілі бір гносеологиялық стандартқа (үлгіге) сүйенетін форма ретінде түсінетін болсақ, онда мәселе ол үлгілердің шартты белгі түрінде қалыптасуына келіп тіреледі. Ал мұндай стандартты үлгі ретінде ақыл-ой арқылы негіздеу, дәлелдеу теориясын түсінетін болсақ, онда ғылым антик заманындағы Грецияда туды деп мойындауға тура келеді, өйткені ондай ақыл-ой стандарттары алғашында ертедегі Грецияда тұжырымдалды.
Ғылымның қызмет, іс-әрекет ретіндегі түсінігі қызметтің өзі қай мағынада түсінілетіндігіне қарай анықталады. Егер оны әлеуметтік турғыдан бслгілснгсн кәсіптік жұмыс ретінде түсінсе, онда ол ғылымды әлеумсттік институт мағынасында түсінумен тепе-тең. Ал егер оны жаңа білім өндіру мақсатын көздейтін белсенді танымдык әрекет дсп түсінсс, онда ол мәселенің шешімі «білім» ұғымының мазмұнын гносеологиилық тұрғыдан түсіндіруге байланысты болады. Түптеп келгенде, сгср ғылымның шығуын білім алу тұрғысында карастырса, ғылымды қандай білім алумсн байланыстыру керек дсгсн сұракқа келіп тіреледі, ал бұған ғылым кәсіптік біліммсн байланысты деген жауап қайыруға тура келеді.
Сонымен, ғылым дегсніміз білім, бірақ білімнің бәрі бірдей ғылымға жатпайды. Білімді тұжырымдауға бағытталған кызметтің нәтижесі болып табылатын білім ғана ғылымға жатады. Демек, ғылымды анықтап беретін басты бір белгісі - білім өндіру мақсатында іскс асатын айрықша іс-әрекет, ягни жаңа білім тұжырымдау бағытында іске асатын арнайы таным процесі. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, бұл қызмет адамдардың белгілі бір тобын материалдык өндіріс процесінен босатудың нәтижесінде пайда болған бос уақытты рухани ондірісті дамытуға жұмсаудың нәтижесінде ғана іске аса алады.
Демек, ғылым шын мәнінде ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен бөлінгеннен кейін ғана пайда болуы мүмкін еді. Жаңа білім алу үшін мақсатты кызметті іске асырушы адамдар тобымсн (зерттеушілермен т. б. ) қатар материалдық жәнс методикалық база (приборлар, құрал-саймандар, оқыту, үйрету құралдары т. б. ), сондай-ақ зерттеу нәтижелерін жазып алатын жазу тілі қажст. Мұндай жағдайлары жоқ қоғамда әринс ғылым да жоқ.
Күнделікті тәжірибелік мәсслслсрді шешуді көздейтін жеке-дара білімдердің жай қосындысы ғылымды құра алмайды. Ғылыми білім заттар мен құбылыстарды зерттегенде, оларды жеке-дара кездейсоқ, мәнсіз белгі лерден "тазартып", жалпы, мәнді белгілерін теориялық тұрғыдан жалпылап, қажетті де дәлелді түрде қорытып шығарудың ретке келтірілген жүйссі болып табылады.
Білім ғылыми болу үшін табиғаттан тыс құдіретті күшке сенуге негіздслген діни сснімдерден, мифологиялық аңыз, ертегілерден таза, адамның ғылыми ақыл-ойының теориялық дәделдемесіне негізделген болуы тиіс.
Ғылым ұғымына тән мәнді бслгілердің жалпылама болғандағы гносеологилық модслі (құрылысы) міне осындай. Бірақ бұлардың ішінде ең бастапқы, негізгі белгілері алғашқы екеуі, яғни білім және іс-әрекет болып табылады, өйткені адамды адам еткен практикалык іс-әрскст, оның ішінде қоғамдық еңбек қызметі шындық дүнис заттары мен құбылыстары туралы нақты білімнің, акыл-ой жұмысының болуын міндстті түрде талап стсді. Дсмск, практикалык іс-әрекет әрдайым біліммен табиғи бірлікте болып, бірліктс дамиды және, керісінше, шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсатына сәйкес өндеу, өзгерту барысында олар жөніндс жаңа білімдср туып, тереңдей түссді.
Білімнің қоғам мен адам өміріндегі маңызын түсіну үшін оның көптеген түрлері бар екендігін, олардың маңызы мен атқаратын ролі де түрліше екенін білу керек.
Ең жалпы мағынада алғанда, білім ұғымы шындық дүние жайлы ой-пікірлер жиынтығын білдіреді. Көп мағыналы бұл терминнің мынадай үш мағынасын атап көрсетуге болады. Бұл тсрмин, біріншіден, адамның бірдеңені істей алу, бір затты жасай білу кабілетін білдіреді, яғни практикалық дағдыға айналған іскерлігі мағынасында қолданылады. Өйткені ондай практикалық іс-әрекет қисынды мәні бар күнделікті тәжірибеге негізделген белгілі бір білімдерге сүйснеді. Екіншіден, "білім" деген сөз көп жағдайларда ғылыми білім мағынасында колданылады. Мұндай білімдерге тән манызды бір сипаттама - әрбір ғалым өз зерттеу жұмысында басшылықка алатын негізгі мақсат - объективтік ақикатты ашу. Шынында ксз келген ғылыми зерттеудің басты максаты сыртқы дүние туралы барған сайын жаңа, ақиқат білімдер іздсу болып табылады. Міне осы мақсатқа сәйкес ғылымда зерттеулердің белгілі бір нормалары мен критерилері (аныктауышы), әдіс-тәсілдері белгіленеді.
Ал кейде білім деп, үшіншіден, белгілі бір субъективтік факторды (мақсат-мүддені) іске асыруда шешуші рол атқаратын пікірлерді, сенім-нанымдарды айтады. Жеке субъектінің шындыққа деген қатынасын (мүддесін) білдеретін мұндай пікірлер шындыққа қайшы келуі, жалған болуы, қияли т. б. болуы мүмкін. Мысалы, жоққа сендіруші діни пікірлер сондайларға жатады.
Білім ұғымы қай мағынада қолданылмасын, ол ұғымды таным ұғымынан айыра білу қажет, өйткені «білім» ұғымы шындық дүниені танып білудің (зерттеудің) нәтижесін білдірсе, ал "таным" ұғымы білімді іздеу процесі, шындық дүниені зерттеу процесі болып табылады. Бұл айырмашылық әсіресе ғылыми таным процесімен айналысатын ғылымда айқын көрінсді, өйткені ғылым дүние танудың күнделікті қарапайым тәжірибелік формаларымен шсктелмсйді. Ғылымда таным процесінің нәтижелері ғылыми ұғымдар, гипотсзалар, заңдылықтар мсн теориялар түрінде арқылы тұжырымдалады және сонымсн бірге бұларды ғылыми тұрғыдан зсрттсу процесінің барысы карастырылады. Егср таным процесінің нәтижссін (білімді) талдау, классификациялау, сөйтіп, бір жүйегс кслтіру үшін логикалық тәсілдср колданылса, таным процесінің өзін зсрттсу үшін көбінесе методологиялық жәнс эвристикалық (яғни зерттеушілік) әдіс-тәсілдер іздеугс тура келеді.
Түрліше білім түрлерін зерттеумсн антик дәуірінің философтары айналыса бастаған еді, алайда олар әлі эскперимент жургізуді білмегендіктен, ертедегі грек ғылымы құбылыстарды жай сипаттаумен ғана шектелді. XVII ғасырда эксперименттік жаратылыстанудың шығуы ең алдымен бұрынғы натурфилософиялық жәнс схоластикалық-діни көзқарастардың, қисынсыздығын сынауды бірінші кезектегі міндетке айналдырды, өйткені олар табиғаттың объективтік заңдарын танып біліп, қоғамның практикалық мүддесіне пайдалану ісіне кедергі жасады. Тек математикаға ғана емес, сондай-ақ эксперименттік әдіске сүйенген ғылым ғана нағыз акиқат білім бсреді дсген көзкарас дәл осы жаңа заманда пайда болды. "Білім дегеніміз күш" (Ф. Бэкон) және "Табиғат зандары математика тілінде жазылған" (Г. Галилей) деген сияқты қанатты сөздердің Батыс Еуропаға кеңінен жайылуы және жалпы классикалық жаратылыстанудың тууы ғылыми білімді турліше ғылыми смес білімдерден айыра білу қажеіттігін көрсстті.
2 Ғылым мен діннің тууы және даму кезеңдері
Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі ксзеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А. Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең, ұзаққа созылған үлкен озсннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-караңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласын, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктсрге келіп тірелесің.
Орыс зерттеушісі В. И. Ильин "Ғылым бастамасы" ұғымының айқынсыздығы мен релятивистігі бұл проблсманың шсшімін аса қиынға соқтыратынын атап көрсетеді. Осы қиындықтардың нәтижесі ғылымның бастамасын сыртқы және ішкідсгі бөлугс мәжбүр етеді. Сыртқы бастама - ғылымға дейінгі санадан ғылымның белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы - ғылым тарихының алғашқы адымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын қарастыру деген сөз, оның алғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай шыққанын, калыптасу динамикасын айқындау болып табылалы. Ал ішкі бастамада - тарихи ксңістікте дамыған ғылым бслгілерін көрсету.
Екінші бір орыс зерттеушісі Г. И. Рузавин да ғылымның тууы мен дамуында екі кезеңді атап көрсетеді: бірінші кезсңін оның туу кезеңі немесе бастапқы гылым кезеңі деп атаса, ал скінші кезеңін шын мәніндегі ғылым немесе дамыған ғылым кезеңі деп атайды. Ғалымдардың әрқайсысы әртүрлі атағанымен, ғылым тарихы үлкен екі кезеңге бөлінетінін бәрі де мойындайды.
Ғылымның шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында мифтік өтудің аяқталуымсн байланысты болды. Бұл кезде таяу және Киыр шығыс слдсріндс, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заман адамдар колданып жүрген логикалык құрылысы калыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан біртс-бірте кол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық дами бастады. Оған түрлі жағдайлар пәрменді әссрін тигізді: ең алдымсн мифтік ойлау "логикасынан" үзілді-кссілді бас тарту себсп болды: мифтік сана затты оның бсйнесімен тепе-тсң қарастырды, дүниедсгінің бәрі біртұтас жәнс бір-бірінс айналады деп түсінді. Мифологияда табиғат псн мәдениет, адам мен табиғат бір-бірінен ажыратылмай бір тұтас дсп түсінілді адам өзін табиғаттан бөліп көрсете алмады. Қыскасы, мифологияда адам бейнесі айналадағы табиғат заттары мен кұбылыстарға қолданып, дүниедегінің бәрінің жаны бар деп карастырылды. Мұндай түсінік ересек адам санасын жас баланың санасына ұқсатады.
Ғылымның ішкі және сыртқы бастамаларын қарастыра отырып, біз ғылым қашан, қалай және қайда пайда болды дегсн сұрақтарға жауап бере аламыз. Ғылымның бастауын анықтау үшін көп мәнді "ғылым" ұғымның қазіргі заманғы мазмұнын ашып көрсету міндетті. Жоғарыда атап корссткендей, ғылым, ең алдымен, білім және ол білімді алуға бағытталған іс-әрекет, қоғамдық сананың айрықша формасы, әлеуметтік институт (XIX ғ. екінші жартысында пайда болған арнайы ұйымдар мен мекемелер жүйесі), XX ғасырдың екінші жартысынан бастап коғамның тікслсй өндіргіш күші т. б. Бұл сұрақтың елдің бәрі мойындайтын жалпы жауабы болмағанымсн, бірақ Г. Спенсердің ғылымның бастауы "есейгсн "жабайы адамның" акыл-ойы деген білімдер-пайдакерлік, ал практика- технологиялық сипатта болды.
Тарихшылардың, археологтар мен этнографтардың және басқа ғылым зерттеушілерінің мәліметтері алғашкы кауымдық тайпалар сан дегенді білмегенін көрсетеді: малдардың табындары мсн үйірлерін, аң аулағанда олардың тобырларын салыстырғанда өздері ойлап тапқан басқа амалдарды қолданған, мәселен, бір үйірдегі әрбір малдың сырт белгісіне басқа үйірдегі малдың сондай сырт белгісі сәйкес келуі тиіс, ал сгср бұлай салыстыруға бір үйірдегі жануарлар жиыны жстпесе, онда бұл үйір екіншісінен аз болғаны т. т. дсп түсінді.
Өркениеттің бастапқы сатыларында мұндай салыстыру немесе "санау" амалы ретінде қолдың және аяқтың саусақтарын пайдаланған, ал саусақтардың саны жстпесе, онда ұсақ тастарды және басқа нәрселерді натуралдық сандардың шартты белгісі ретінде пайдаланған. Нақты заттар мен нәрселерді абстрактылы шартты белгілері ретінде натурал сандарды ойлап тапқанша, бәлкім, мыңдаған жылдар өткен болар. Адамдар абстракциялық сандарды пайдалану үшін нақты заттардың бейнесінен дерексіздену әдіс-тәсілдерін ойлап табуға үйренуі қажет болды.
Ертедегі Шығыс елдерінің жеке-дара, бытыраңқы білімдері ұрпақтан ұрпаққа беріліп жинақталды. Жеке-дара бытыраңқы білімдер қанша көп болғанымен, бірақ олар әлі ғылымды құра алмады. Ғылым жеке-дара білімдерді жалпылап, мақсатты түрде бір жүйеге келтірген жерде ғана пайда болады. Ал Шығыс елдерінде білім негізіне тікелей қабылдауда жиналған жеке-дара мәліметтерді жай индукциялық жолмен қорыту арқылы жинақталды және нәсілдік кәсіп түрінде беріліп отырды. Білімді ұрпақтан ұрпаққа берілуі отбасында балаларды ересектерден, негізінен әке, ағаларынан үйрену арқылы іске асты. Білім жаратушы құдайдың адамға жіберген кәсіптік қамқорлығы дсп саналып, кәсіптік кауымдастықтарға
беріліп отырды. Білімдер сын көзбсн қарамай, стихиялық түрдс озгсріссіз берілді. Мұның бәрі өндіргіш күштердің дамымағандығының, білімінің діни абыздар мен билік басындағылардың үстемдік күшіне айналған дәстүрлергс толық бағыныштылығының салдары сді. Мысалы, ертедегі мысырлықтарға бүтін сан ұғымы жақсы таныс болғанымен, бірақ бөлшек санды түсінуі өте қиынға соқты. Ертедегі вавилондықтар арифметиканы және теңдеулерді шешудің алгебралық әдістерін тамаша білгенімен, бірақ ертедегі грек математикасының теориялық деңгейіне көтеріле алмады. Оларға гсометриялық білімдерді меңгеру одан да гөрі қиын болды. Ертедегі гректердің пікірінше, геометрия қолданбалы ғылым ретінде түңғыш рет Мысырда пайда болды. Аристотель геометрияның пайда болуын діни абыздардың қолы бос уақытының молдығымен байланыстырды. Геродот геометрияның практикалық кажеттігін былай түсіндірді: Ніл тасығанда өңделген егістіктерді жуып кетіп отырды, салық салу тұрғысынан карағанда қанша өңделгсн егістіктен айырылғанды анықтау керек болды - ал кейіннен Грецияға ауысқан бұл геометрияның бастамасын салды. "Геометрия" деген грек сөзінің өзі қазақша "жср өлшсу" дегснді білдіреді.
Мысырды зерттеуші орыс ғалымы И. Шмелев көптеген эмпириялық заңдарды тұжырымдаған ертедегі гректер емес, кейінгілер қайтадан ашқан сырды олардан мыңдаған жыл бұрын Ертедегі Мысырдың абыздары зерттеп білген деп анық айта аламыз дейді.
Ертедегі Мысырда мемлекетті басқару фараондық деспотизм формасында іске асты. Мұнда діни абыздар ерекше орын алды. Абыздардың кеңесі өз ғылымын ерекше қорғап, ақиқаттың мәнін қара бұқараға білдірмеді. Фараондар жай адам емес, Күннің «перзенті» деп саналды, сондықтан олар о дүниеге белгісіз жай адам ретінде бармай, аспандағы Күннің жердсгі перзенті ретінде бару үшін, оларды жерлеу рәсімі белгіленіп, олар үшін орасан зәулім пирамидалар салынды. Ертедегі Мысырда салынған үлкенді-кішілі 80 пирамида бар. Пирамидалар ең алдымен елді абыздық психотехника амалдарының көмегімен басқарудың жан-жақты ойластырылған программасын іске асыруға арналған құралдың рөлін атқарды деген пікір бар. Не дегенмен, биік те зәулім құрылыстарды салу мыс металлургиясын, ағаш және тас өңдеу шеберлігін дамытуға алып келді. Дж. Бернал айтқандай, алғашқы Мысыр шеберлері жасаған столдар мен орындықтары сол кездегі түрін олі өзгертксн жоқ: орындықтың арқалығын торлап, ал аяқтарын иігі жасау 4500 жыл бұрын белгілі еді. Таразы, желкен, керамикалық бұйымдар, папирус т. б. коптеген заттар да сол кезде ойлап табылған болатын.
Анатомия мен емдеу саласында көптеген білімдер пайда болды: тіс және көз дәрігерлігі, хирургтер шықты, қан айналымы жүйесінің қызмстін білді алам денесі қызметтерінің орталығы рстінде мидың жұмысы зерттелді.
Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалык іс-әрекеті деуге болады. Мәдениеттің тарихында адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із калдырған, терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты екеніне күмән келтіруге болмады.
Санау системасының негізіне оннан басқа санды да алуға болады және сондай-ақ бір системадан екінші системаға көшуге де болады. Ертедегі вавилондық астрономдар санау негізі үшін, мәселен, алпыстық системаны қолданған. Сағаттың және бұрыштық градустың алпыс минутқа бөлінуі де осымен байланысты. Скандинав түбегіндегі елдердің (Швеция мен Норвегияның) тілінде бестік система ізінің күштілігі байқалады. Санау системасының негізінде жиырмалық системаның ізі француз, ағылшын, тілдерінде сақталғаны байқалады.
Әліге дейін тек екілік системаны ғана (мысалы, бір мен екіні) қолданатын халықтар бар екен. Мысалы, Австралия мен Полинезиядағы көптеген тайпалардың санауға қолданылатын барлық сандары "бір" және «екі" ғана. Осы екі санды бір-бірімен үйлестіріп, олар "үшті", «төртті» «бесті», "алтыны" т. б. құрастырып атайды екен. "Торрес бұғазындағы аралдарды мекендейтін тайпалар, мәселен, бірді "урапун", екіні "оказа" дейді екен. Сөйтіп, олар 3 деу үшін «оказа-урапун» деп, 4 деу үшін "оказа-оказа", 5 деу үшін «оказа-оказа-урапун», 6 деу үшін "оказа-оказа-оказа" дейді екен. Ал алтыдан артық сандарды «көп» немесе "сан жетпес" дейтін корінеді".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz