Еңбек ақы түрлері


Тақырыбы: «Еңбек ақы түрлері»
Орындаған:
Қабылдаған:
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Еңбек және еңбекақы есебі
1. 1. Еңбек ақы мен еңбекті есепке алу
1. 2. Жұмыс уақыты есепке алу
ІІ. Еңбекақының түрлері
2. 1. Мерзімдік еңбекақыны есептеу
2. 2. Кесімді еңбекақыны есептеу
2. 3. Қосымша еңбекақыны есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс- түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты- жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демаласы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім- шарты бойынша тараптардың жауапкершідігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім- шартқа «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7, 8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егерде ата- анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім- шартына мыналар қарастырылады:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі мерзімге;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Занда келісім- шарттың максимальды және минимальды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім - шартына мерзімі айтылма, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қол қояды.
Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім- шартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім- шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден (қызметкерден) еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім- шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім- шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен (өкімімен) » құжаттайды, кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың (өкімнің) жобасы қажетті жағдайларда келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшілерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы (мастері) оны жұмысқа қабылдауға болатынлығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық (өкім) жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі.
Осындай сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс жағдайларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижнлері, техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер үлгінің сырт жағына соғылады (немесе жазылады) .
І. Еңбек және еңбекақы есебі
1. 1. Еңбек ақы мен еңбекті есепке алу
Жұмысқа алу туралы бұйрықтың (өкімнің) жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол қойған бұйрық (өкім) қызметтерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде жеке карточкасын толтыралы, жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның ішінде жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандарға және училищелерді, кәсіптік- техникалық білім беретін мектептерді т. б. бітірген жас жұмысшыларға да «Жеке карточка» толтырылады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылуы туралы бұйырықтың (өкімнің) негізінде еңбек кітапшасына еңгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.
Еңбек кітапшасы жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде сақталуы мүмкін.
Жеке еңбек келісім- шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайыңғы және басқа түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім) » қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы (мастері) мен кәсіпорын басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде кадрлар бөлімі қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгелтерия демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы- бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сйылық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек төлеу туралы» ережесін дербес әзірлеу алады, сондай- ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілеу алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім- шартын жасау үшін ғана емес, сондай- ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгілегең жалақысының деңгейі заңда белгілеген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмау керек.
Іс жүзінде ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады- кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу) .
Мерзімді еңбек ақысы деп , нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлере есептелетін жалақының нысаның атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны да- мерзімділік және сыйақылы- мерзімділік бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы- мерзімділік төлем болып табылады.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.
Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік- мамандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандырылған анықтама(МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық- мамандырылған топтарындағы қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік- мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.
Тарифтік- мамандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.
Ал мамандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының қүрделілігін, мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.
Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселесін ұжымдық келісім- шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Ал тарифтік- мамандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.
Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын- ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың бірлігіне есептейді (дана, ткм, килограмм т. б. ) . Кесімді еңбек нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:
Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір бірлігі бойынша бағасын қою (кесу) арқылы белгіленеді;
Кесімді- сыйлық- бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Кесімді- прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдалынады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;
Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем- ақысына шаққанда процентімен анықталады;
Еңбек ақы төлемінің аккордық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндңрңм нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастану орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценкасы) бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтармен есептелген бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыру жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда - онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға (расценок) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.
Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтарының жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараланудың кемуі кесімді жүйенің қолданыс аясын қысқарады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімділік- ұжымдылық және мерзімділік- сыйақылық жүйелеріне алмастыркы мүмкін.
Мысал. Еңбек ақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде жалақы есептеудің жолдарын қарастырып көрсетейік.
- Мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі. Кәсіпорында 200 адам жұмыс істейді делік, оның 150-і жұмысшы, 50-і қызметкер. Кәсіпорынның қырықтай еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен істеген, өйткені олардың атқаратын міндеттемесі мен машықтығы (квалификациясы) соған сәйкес келген:
Айлық жалақысын есептеу үшін әртүрлі разрыдтар бойынша мына формуланы пайдаланады:
Айлық
жалақысы
(оклады)
Ұйымның 1 разрядқа
Белгіленген мөлшерлемесі
1-ші разрядтың мөлшерлемесін ұжымдық келісім- шартта 15000 теңге мөлшерінде бекіткен. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның бес күнін жұмыс күні етіп белгілеген (ағымдағы айда 21 күн жұмыс күні болған) . Кәсіпорынның 14- ші разряды бар үш маманы ағымдағы айда 18- ақ күн жұмыс істеген.
Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын есептеп көрейік:
2. Кесімді - прогрессивтік төлем ақысының жүйесі. Сату бөлімінің он жұмыскеріне (еңбеккеріне) келесі еңбек ақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 теңгеден төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін, үш жұмыскері - 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері- 160 тауар бірлігін сатқан.
Енді біз осы ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан еңбеккерлердің жалақысын есептейміз.
230 тауар бірлігін сатқан.
3. Тікелей кесімді төлем ақысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлердге (100 адам) тікелей кесімді төлем ақысы бойынша әрбір әзірленген 100 өнім бірлігіне 850 теңгеден жалақы есептелген. Әзірленген өнім бірлігінің есебі әрбір еңбеккер бойынша жеке жүргізілген және солардың әрқайсысына жеке жалақы есептелген. Ағымдағы айда еңбеккерлер 3 өнім бірлігін әзірлеген, олардың жалпы жалақысы: 3 / 100 х 850 = 2 550 000 теңге құраған.
Сонымен, негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысының жиынтығы - 2 550 00 теңге құраған.
4. Аккордты төлем жүйесі. Жөндеу цехында (көмекші өндіріс цехында) жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбек ақы төленген.
Íåãiçãi ¼íäiðiñi öåõûíû» æàëàºûñû 3 òå»ãå º½ðà¹àí, æ¼íäåóäi îðûíäàó¹à æ½ìñàë¹àí óàºûòû 140 àäàì/ ñà¹àòòû áîë¹àí, îíû» iøiíäå: 40 àäàì/ ñà¹àòû- åêi à¹àø ½ñòàñûíà; 30 àäàì* ñà¹àòû- áåñ ä¸íåêåðëåóøiãå, 10 àäàì/ ñà¹àòû- ¾ø ýíåðãåòèêêå; 50 àäàì/ ñà¹àòû- æèûðìà áåñ ñûëàºøû- ìàéëàóøû¹à: 10 àäàì/ ñà¹àòû- áåñ ñëåñàðü¹à êåòêåí. Òîïòà¹û æ½ìûñøûëàðäû» ¸ðºàéñûñû áiðäåé æ½ìûñ óàºûòûí æ½ìñà¹àí äåï øàðòòû ò¾ðäå àëàìûç.
2. 1. Жұмыс уақыты есепке алу.
Жұмыс істелінген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлерлің еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген нормасын орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің баланысын жасауға қолданылады. Жұмыс істелінген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің категорияларына сай табельде алфавит бойынша реттік нөмір санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойнша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.
Үлгілі түрі №12 табель- еңбекақы жайлы есептік мәліметтерді есептегіш машиналарға санауға арналған.
Үлгілі түрі №13 табель- тек қана жұмыс істеген уақытты есептеп санауға арналған.
Үлгілі түрі №14 табель- тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлердің жұміс істеген уақытын есептеуге арналған.
ІІ. Еңбекақының түрлері
2. 1. Мерзімдік еңбекақыны есептеу
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығын басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің екі түрі қолданылады. Шаруашылық субъектілерінде барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және есептеу үшін еңбекақының: мерзімді және кесімді түрлері қолданылады.
Мерзімді еңбекақы- жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы инженерлік- техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген. Өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
- Жай мерзімді;
- Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
... жалғасыМерзімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болы табылады.
Мерзімді еңбекақы деп еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы- жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақымен анықталады. Бюджеттік сфера қызметкерлеріне тарифтік ставка немесе тиісті қызметақы таңайындалғанда төменгі еңбекақы мөлшері мен бірыңғай тарифтік сетка қолданылады.
Бірыңғай тарифтік сетка еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделіп, әр разряд бойынша өзіндік тарифтік коэффициент белгіленген.
Жалақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа) . Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеленіде. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады.
Номиналды жалақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл- ауқаты жайлы мүмкін емес.
Шынайы жалақы- алған ақшаға сатып алукға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлердің есеп айыру есебінің негізгі міндеттері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz