Заң мәтіндерін аударудағы әдістемелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1 бөлім. Заң мәтіндрі және олардың ерекшеліктері
1.1 Қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктері
1.2 Ағылшын тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктері

2 – бөлім Заң мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару
ерекшеліктері
2.1 Жалпы аудармадағы теориялық және әдістемелік негіздері
2.2 Заң мәтіндерін аударудағы әдістемелер

3 Заң терминдерін аударудағы трансформациялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Заң мәтіндрі және олардың ерекшеліктері

1.2 Қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктері

“Тіл туралы” Заңның 4-бабында “Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл
аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік
басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі”, – деп
жазылған. Бірақ осы қағиданы ойдағыдай жүзеге асыруда мемлекеттік
органдарда нақты әрекет тіпті жеткіліксіз.
Үкімет мыңдаған заң жобаларының бірде-біреуін мемлекеттік тілде ұсына
алмады. Республиканың мемлекеттік органдары мен ұйымдарында заң, ресми
құжаттар және барлық қаулы-қарарлар мемлекеттік жауапты адамдардың ойланып-
толғанып, тікелей араласуымен жазылмай, орыс тілінде дайындалады. Ресми
құжат дайындау ісіндегі мемлекеттік тілдің жай-күйіне нақтырақ тоқталайық.
Ресми құжаттарды әзірлеу ісінде кеңес дәуірінен қалған тәртіп, яғни
орыс тілінің үстемдігі бәз-баяғынша сақталып қалса да, енді оның қазақша
нұсқасының болуы міндетке айналды. Жалпы, тәуелсіздігіміздің тарихымен
есептесек, 90-шы жылдардың алғашқы жартысын ресми аударма дамуының бірінші
кезеңі деп айтуға болады. Құжаттың қазақша аудармасы бар ма, бар деген
ыңғайда оның сапасына онша мән берілмеуі, аудармашының авторлық стилін
ескеру осы кезеңге тән құбылыстар.
Уақыт өте ресми құжаттың, оның ішінде заңнаманың өзіне тән бұлжымас
ортақ стилі болатыны, құқық қолдану мәселесі құжат тілін әркімнің стиліне
салуды көтермейтіні анықтала түсті. Ресми аударманың көркем аудармадан
басты ерекшелігі де осында еді.
90-шы жылдардың одан кейінгі жартысын қамтыған екінші кезеңде
аударманың сапасы мен мағынасына мән беріле бастады. Терминкомның жұмысы
жанданып, терминологиялық қорымыз біршама байи түсті. Бұл кезеңнің бір
кемшілігі – мемлекеттік тілдегі құжаттар заң терминдері мен атау сөздердің
баламаларын сынап көретін эксперименттік алаңға айналды. Ол тәжірибені
ресми аударманың дамуында орын алған кемшілік десек те, бұл сол кездегі
қажеттіліктен туындап еді. Қоғамдық өмірдің сан саласында жоғары қарқынмен
жүргізілген реформалар нәтижесінде тілдік айналымға күн санап көптеп енген
жаңа сөз тіркестері мен сөз орамдары ғылыми-теориялық, заңгерлік
сараптамалық тұрғыдан жүйелі сараптаудың болмауы салдарынан аудармашыны
осылайша өз бетінше әрекет етуге мәжбүр етті. Заң нормаларының практикада
қолданы­луында қиындық туғызатын бұл жағдайдан әлі де толық арыла алмай
отырмыз.
Қазіргі кезеңді ресми аударма дамуының үшінші кезеңі деп айтуға болады.
Бұл терминдерді бір ізге түсіріп, бұрын жаңсақ қолданылғанын түзету,
олардың мағынасына көңіл бөлу кезеңі.
Осы жерде тағы бір тоқтала кететін маңызды мәселе: бізде ресми аударма
ісі, әйтеуір тілден хабары бар ғой деген ниетпен, негізінен журналистер мен
филологтарға жүктелген. Ал өз басым заңның мәтінімен жұмыс істейтін адам
міндетті түрде заңгер болуы керек, тым болмаса ол құқықтың әр саласынан
хабардар болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, майталман аудармашы-
журналистердің өзі заңның мәтінімен жұмыс істеуге келгенде, сол заңның
табиғатын түсіне алмай қиналады. Әрине, бұл олардың кінәсі емес. Бүгінгі
күнге дейін солай болып келді, қазір де солай. Сөздің мағынасын жете
түсініп, қазақи ұғымға сай сөйлем құрғанымен, әр заң мен құқықтық актіде
норма болатынын, әр сөздің болмаса да әрбір сөйлемнің норма жүгін арқалап
тұратындығын кез келген аудармашы түсіне бермейді. Ал оны аңдамаған адам
қазақшаға еркін аударып, немесе тігісін жатқызып редакциялап, бір қарағанда
әп-әдемі, бас-аяғы дұрыс сөйлем құрғанымен, орыс тілін­дегі түпнұсқамен
салыстырып, заң шығарушының не айтпақ болғанын зерделегенде, оның айтпақ
ойын, яғни норманы бұзып алатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан заң
мәтінімен жұмыс істейтін аудармашы да, редактор да оның табиғатын түсінетін
адам, яғни заңгер болуы керек.
Қоғамдық қатынастардың бір немесе бірнеше ұқсас саласын реттейтін
заңдық бір норманың мәтіндік, редакциялық жағынан өзгеріске ұшырамай,
қалыптасқан шаблон секілді қайталанып келуін тезаурус деуге болады.
Өкінішке қарай, біздің мемлекеттік тілдегі заң мәтініне тезаурус тән емес.
Тезаурусты былай қойғанда, мемлекеттік тілдегі заң мәтіндерінде
терминдер мен атау сөздердің жарыспалы баламаларынан аяқ алып жүре
алмайсыз. Тезаурус туралы терминдер бір ізге түсіп, әбден қалыптасып
болғанда ғана айтуға болады. Әзірше әңгіме оның алғышарты ретінде
терминология туралы болмақ.
Бұл мәселені қозғағанда біз терминдерді ұлттық заңнама терминологиясы
шеңберінде қарастыратынымызды бірден айтып өтуіміз керек. Өйткені, заңдар
қоғам өмірінің барлық саласын реттейтін жоғары құқықтық акт болып табылады.
Сондықтан заңнама терминдері қоғамның тіршілік-тынысының барлық саласын
қамтиды.
Ұлттық заңнама терминологиясында шешілмей жүрген бірқатар өзекті
проблемалар бар. Оның біріншісі – нормативтік-құқықтық актілердегі атау
сөздердің, терминдердің бірізділігі проблемасы. Нормативтік құқықтық
актілер жобаларының орыс тілінде әзірленуі, Парламентке келіп түскенше осы
жобалардың сол тілдегі мәтіні ғана пысықталып, ал қазақ тіліндегі аударма
нұсқасының назардан тыс қалуы, депутаттық жұмыс топтарында да жобамен
жұмыстың негізінен орыс тілінде жүргізілуі, жалпы алғанда ұлттық заңнама
тілінің, оның терминологиясының орыс тіліндегі нұсқаға байланып қалуы
ұлттық заңнаманың тілі мен терминдеріндегі бірізділіктің сақталмауына себеп
болып отыр. Тиісті сала маманының, заңгердің тезінен өтпеген ұлттық термин
алды-арты, кейінгі қолданылу жағдайы болжанбай, жалғыз аудармашының ой-
өресіне байланып, бір қайнауы ішінде, шала-шарпы күйінде кетіп жатады.
Мәселенің түйіні нормативтік құқықтық актілер жобаларын қазақ тілінде
әзірлеуде жатыр. Сонда ғана бірнеше сатыда алуан түрлі мамандар талқысынан
өткен әмбебап терминдер қалыптасар еді.
Кеңес өкіметі тұсында ұлттық терминологиямыз интернационалистік
принциппен дамыды. Түбірі сақталып, жалғауы орысшаға бейімделіп өзгертілген
халықаралық терминдер, атау сөздер біздің тілдік ортамызға сол күйінше еніп
кетті. Бірнеше ұрпақ сол терминдердің тілімен оқып, бұл сөздер әбден
құлаққа сіңісті болып қалды. Енді кеп біз оларды жаппай аударуға көштік.
Жөні келсе аударған дұрыс, әрине. Бірақ, өкінішке қарай, терминді, атау
сөзді аударған кезде көпшілік жағдайда оның кез келген сөз тіркесіндегі
әмбебап мағыналық принципі, яғни терминнің аудармасына деген академиялық
көзқарас сақталмады. Көпшілік жұрттың оны қалай қабылдайтыны, аударма
терминнің тілдік ортаға сіңісу мәселесі ескерілмеді. Содан келіп бір сөзді
бірнеше нұсқада аудару проблемасы пайда болды. Академиялық көзқарас соңғы
жылдары қаптап кеткен сөздіктерде де сақталмаған. Осыған байланысты
академик Ә. Қайдаровтың сонау 90-шы жылдардың басында айтқан: “Қазақ тілі
терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап
отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп
отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр.
Осының салдарынан әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны
ауыстыруы, алмастыруы тәрізді бейберекет әрекетке (анархия) жол беріле
бастады”, – деген сөзі бүгінгі күні күрделі проблемаға айналып, алдымыздан
шығып отыр.
Осы орайда Терминкомға мемлекеттік мәртебе берілсе, біздің жұртшылыққа
тарап, қоғамдық пікір туғызатын ресми құжаттарымыз бен баспа
басылымдарымызда бұрыннан екшеліп, електен өтіп, қалыптасқан сөздер мен
тіркестерді әркімнің өз бетінше бұрмалап жазуына, жаңа сөздердің баламасын
долбарлап жасай салуға да жол берілмес еді-ау деген ой келеді.
Тіліміздегі, оның ішінде ұлттық заңнамадағы терминдерді бір ізге
түсіруіміз қажет. Бұл – елдігімізге сын. Ол үшін терминдерді ретке келтіріп
алу керек. Содан соң халықаралық теорияның қазіргі принципіне сай
терминдерді стандарттау және өзара үйлестіру жұмысына көшуіміз қажет.
Себебі, біз халықаралық құқық теориясынан, оның терминологиясынан тыс қала
алмаймыз.
Үлкен қиындық туғызып жүрген проблеманың бірі – мемлекеттік тілдегі
терминдік қордың әлі жеткілікті деңгейде қалыптаспағаны. Еуропаны
айтпағанда бұрынғы ТМД елдерімен салыстырғанда да біз бұл жөнінен көп
кенжелеп қалғанбыз. Мысалы, Балтық жағалауы елдерінде мемлекеттік
терминология комитеттері бекіткен терминдер саны 200 мыңға таяу болса,
біздегі бекітілген терминдер одан шамамен он есеге жуық аз екен.
Терминология бүгінгі күні ең күрделі және проблемасы көп сала. Қазір
жарыса шығып жатқан жаңа сөздер көп. Сөздіктердің өзі ала-құла. Кәсіби,
салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әр түрлі жазылуы бәрімізді де
жаңылдырады. Заң, медицина, техника, экономика, әлеуметтану, саясаттану,
тағы басқа салалардың өзіне тән терминдері мен атау сөздерін бір ізге
түсіру де әлі басталмаған жұмыс.
М. Ізімұлының 1999 жылы шыққан “Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі”
деген еңбегінде “неустойка” сөзі “тұрақсыздық айыбы” (210-бет) деп алынған.
Алайда бұл сөз 2000 жылы шыққан 31 томдық сөздіктің “Юриспруденция –
Заңтану” атты 30-томында “айып төлеу” (261-бет) деп алынған. “Айып төлеу”
дегеніміз “оплата штрафа” емес пе? Ал енді 2009 жылы жарық көрген “Заңдарда
жиі қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің қазақша-орысша және орысша-
қазақша сөздігінде” аталған сөз “айып төлеу”, “айыпақы” және “тұрақсыздық
айыбы” деп үш түрлі аударылған (13, 299-беттер);
Соңғы қабылданған заңдарда “недоимка” сөзі “бересі” деп алынып жүрсе,
“Юриспруденция – Заңтану” сөздігінде “алашақ” (257-бет), ал Заңдарда жиі
қолданылатын терминдер сөздігінде екі түрлі, атап айтқанда, 37-бетте “сумма
недоимки – бересі сомасы”, ал 295-бетте “толық төленбеген төлем” деп
алынған.
М. Ізімұлының сөздігінде “доказательство” сөзі “дәлелдеме” деп алынған
(115-бет). Оны Терминком да солай бекіткен. Ал Заңдарда жиі қолданылатын
терминдер сөздігінде “айғақ” деп аударылған (12-б). “Айғақ” дегеніміз –
“показание”, мысалы, осы сөздіктің 325-бетінде “показание” – “айғақ” деп,
ал 249-бетінде “доказа­тельство” деген сөз “дәлелдеме” деп алынған. Ресми
құжат аудармашылары басшылыққа алатын бір сөздікте бұл сөздің осылайша екі
түрлі алынуы өкінішті-ақ.
Енді “осмотр”, “обследование”, “проверка”, “расследование” сөздері
жөнінде. “Юриспруденция – Заңтану” сөздігінде “осмотр” – “қарау” (273-бет),
“обследование” – “тексеру” (265-бет), “расследование” – “тергеу” (309-бет)
деп алынғанына қарамастан, заңдарда жиі қолданылатын терминдер сөздігінің
172 және 311-беттерінде “осмотр”, “обследование”, “проверка”,
“расследование” деген сөздер “тексеру” деген бір ғана сөзбен аудары­лыпты.
Мұндағы “тексеру” дегеніміздің өзі “проверка”. Аталған жағдай тәжірибесі
аз, жас аудармашыны шатасуға ұрындырады. Осындағы “осмотр” сөзін – “қарап
тексеру”, “обследованиені” – “зерттеп тексеру” деп бекіткен жөн болар,
“расследование” дегеніміз бұрыннан “тергеу” емес пе.
“Юриспруденция – Заңтану” сөздігінің 322-бетінде “соучастие” деген сөз
“қатысу” деп аударылған. Ал “қатысу” дегеніміз “участие”. Сонда
“участиенің” “соучастиеден” айырмашылығы болмағаны ма.
Ал “процесс” сөзінің, қарап отырсақ, кездеспейтін саласы жоқ.
Жаратылыстану ғылымында да, гуманитарлық салада да, құқық теориясы мен
практикасында да кездеседі. Мағыналық ауқымының кеңдігіне орай бұрын
“процесс” деп алынып жүрген осы сөзді Терминком таяуда ғана “үдеріс” деп
бекітті. Түбірі қазақ тіліндегі “үдеру” деген сөзден шығатын осы
“үдерістің” “процеске” мағыналық жағынан тура балама бола қоярына күмәніміз
бар. Жалпы, қандай сөзді алсақ та ол алдымен санада сәулеленеді, яғни
белгілі бір құбылыстың, нәрсенің бейнесін береді. Ал “үдеріс – үдеру” деген
сөз Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі “үдере көшу” тіркесінен
түсінетініміздей, жаппай әрі асығыс жасалып жатқан “үдере көшу” сияқты
қарбалас тірлікті көз алдымызға әкелмей ме. Орыс тілінде “процестен”
туындайтын “процессуальный” деген сөз бар. Егер “процесс” сөзі “үдеріс” деп
алынатын болса, соған сәйкес “процессуальный” дегеніміз “үдерістік” деп
аударылады. Сонда “Уголовный процессуальный кодекс” – “Қылмыстық үдерістік
кодекс” (үдеру кезеңіндегі кодекс), “процессуальное положение” –
“үдерістегі жағдай” (үдеру кезіндегі жағдай), “процессуальные документы” –
“үдерістік құжаттар” (үдеру кезіндегі құжаттар) деген тіркестердегі
“үдеріс” деген сөз “процестен” өзгеше, мүлдем басқа ұғымға жетелеп тұрған
жоқ па. “Процесс” сөзінің осы баламасы жөнінде әлі де жақсылап ойлану керек
секілді. Бұл сөз де ендігі жерде әр сөздікке әртүрлі формада кіріп,
жарыспалы терминдер қатарын көбейте ме деп қорқамыз.
Құрылыс саласындағы “строительство”, “сооружение”, “строение”,
“постройка” сөздері көбінесе “құрылыс” деген бір сөзбен алынып жүр.
“Сооружение” деген сөзді жеке кездессе “ғимарат” деп, ал осы сөздің тікелей
баламасы “здание” деген сөзбен қатар кездессе “құрылыс” деп, ал егер
“строительство”, “здание”, “сооружение”, “строение”, “постройка” деген
сөздер қатар кездессе, әркім әртүрлі амал жасап, өз бетінше аударып келеді.
Осы күнге дейінгі бірде-бір сөздікте аталған сөздерге жеке-жеке балама
тауып, бекіту әрекеті жасалған емес.
Мұндай жағдай заң мәтінінің аудармасы немесе терминдері жөнінде дау туа
қалса, ең алдымен сөздіктерге жүгінетін заң шығарушыны, яғни депутаттар
қауымын бір ұғымның бірнеше атауымен “қа­руландыруға” “көп көмегін” тигізіп
жүр.
Бұл жерде де Терминкомның рөлі жөнінде айтпай кете алмаймыз. Алдымен
осы органға мемлекеттік мәртебе берілуге тиіс. Өйткені, оның шешімдерінің
міндетті күші болуы қазір аса зәру мәселеге айналып отыр. Бұл туралы
тілдерді дамытудың қазір қолданылып жүрген бағдарламасында да, Мемлекеттік
хатшы терминология мәселесі жөнінде 2007 жылы өткізген жиынның хаттамалық
тапсырмаларында да айтылған. Бірақ әлі күнге нәтиже жоқ.
Екіншіден, мемлекеттік мәртебе алған Терминком сөздіктер мәселесін
мықтап қолға алуға тиіс. Қоғам өмірінің экономика, ғылым-білім, мәдениет
пен өнер сияқты секторлары өз кезегінде сала-салаға тарамдалып кететіні
белгілі. Міне, осы салалардың әрқайсысында басшылыққа алынатын бір ғана
сөздік болуға тиіс. Мейлі ол “үлкен сөздік” деп атала ма, мейлі 2-3
кітаптан тұра ма, бәрібір, алайда ол бір ғана сөздік болуға тиіс. Оған сол
салада шығып үлгерген барлық сөздіктердегі қамтылған сөздер екшеліп алынуы
керек. Сондықтан терминографиядағы осы істі, қанша қиын болса да, қолға
алатын уақытты өткізіп алмау керек. Заман ағымына ілесіп отыру үшін, көштен
қалып қоймау үшін бұл – аса қажет іс.
Ұлттық заңнама тілінің өзекті проблемалары деуге болатын жоғарыдағы
мәселелер жөнінде әлі де талай әңгіме айтуға болады. Алайда оның бәрі бір
іс тындырғанға жетпес еді.
Қазіргі уақытта заң терминдерінің басқа тілдерден қазақшаға дұрыс
аударылмауы қолданыстағы заңдарда жиі дау туғызып отыр. Көп жағдайда
халықаралық ортақ тіл терминдерін қазақшаға аударып босқа әуре болудамыз.
Мысалы, принцип, экстрадиция, патенттілік, коррупция, амнистия, рецидив,
т.б. сияқты терминдерді қазақшалаудың қажеті жоқ. Коррупция термині барлық
мемлекеттерде осылай қолданылады. Ол латын ті лінде берілген термин,
мағынасы лауазым адамдарының, қызметкерлердің сатылғыштығын білдіреді. Біз
бұл терминді заң жүзінде сыбайлас жемқорлық деп аудардық. Сөйтіп, коррупция
терминінің мәнінен шығып кеттік. Біріншіден, сыбайластық деген сөз бұл
тұрғыдағы қылмыс ұйымдасып істелетіндігін білдірсе, екіншіден, жемқорлық
деген терминді тауып алып, қылмыс субъектілеріне басқа атау бердік. Жалпы,
коррупция деген терминді аудармай-ақ, сол өз атымен беруіміз керек еді.
Мұның өзі біздің ел мен мемлекетімізде де осы құбылыспен пәрменді күрес
жүріп жатқанын бір ғана термин арқылы дүние жүзі білер еді. Сондай-ақ,
барлық елдердің қылмыстық заңдарында рецидив деген термин біркелкі
қолданылады. Қазақсан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13-бабының 1-
бөлімінде (орысша нұсқасында) Рецидивом преступлений признается
совер­шение умышленного преступления лицом, имеющим судимость за ранее
совершенное умышленное преступление деп көрсетілген. Осы баптың қазақша
аудармасында: Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның
қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады делінген. Сөйтіп,
рецидив деген халықаралық термин қазақшасында қайталану деп берілген. Ал,
осы қайталануды орыс тіліне аударсақ, ол повтор­ность деген мағына
береді. Осыған байланысты рецидив деген заң терминін аудармай-ақ, сол
күйінде берген дұрыс болар еді. Рецидив термині Қазақ КСР-нің 1959 жылғы
Қылмыстық кодексінде де қолданылған.
Қылмыстық кодекстің орысша нұсқасында деяние деген термин жиі
кездеседі. Мысалы, ҚК-тің 9-бабы 1-бөлімінде (орысша мәтінде):
Преступлением признается совершенное виновно общественно опасное деяние
(действие или бездействие), запрещенное настоящим Ко дексом под угрозой
наказания деген ұғым бар. Ал, осы ұғымның қазақшасы Осы Кодексте жазалау
қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады деп аударылған. Бұл жерде деяние деген
орыс тіліндегі термин әрекет болып, действие – іс-әрекет, бездействие –
әрекетсіздік болып аударылып отыр. Ал, оның анық аудармасы: деяние– іс-
әрекет, действие – әрекет, бездействие – әрекетсіздік болып аударылуы
керек. Өйткені, орыс тілінде деяние сөзі действие и бездействие деген
сөздердің жинағы. Осыған байланысты қазақ тілінде деяние – іс-әрекет деген
мағынаны білдіреді. Іс-әрекет деген сөз тұрған жерде қоғамға қауіпті
қылмыстық қолсұғушылық әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалатынын
білеміз. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде осылай берілген еді.
Осы себепті Әділет министрлігі еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық-атқару,
Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің мемлекеттік тілдегі мәтіндері мен орыс
тіліндегі мәтіндері арасындағы қайшылықтарды бір ізге келтіру жұмысын қолға
аламыз деп өткен жылы мәлімдеп еді, бірақ қозғалыс жоқ. Кодекстердің орыс
тіліндегі мәтіні дау туғызбайды. Өйткені, заң сол тілде жазылып
қабылданған, ал, қазақ тіліндегі аудармасында көптеген қателіктерге жол
берілген.
Енді әр кодекс бойынша орын алған қате аудармаларға тоқталып кетейік.
ҚР Қылмыстық кодексі бойынша оның 1-бабындағы алдын алу (предупреждение)
сөзі сақтандыру, 9-баптағы айыпты сөзі кінәлі (виновный) деп аударылуы
керек. Тағы осы баптағы әрекеттің деген сөзден кейін немесе әрекетсіздіктің
(или бездействие) сөзі жазылмай қалған, 10-баптағы қылмыс санаттары онша
ауыр емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Эквиваленсіз лексикалық аудармасы
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Заң саласындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Құрылыс саласындағы жобалау құжаттарының сипаттамасы
Беделді жарнама мәтіні
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару
Пәндер