Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ұлттық шоттар жүйесінің мәні экономика салаларының ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі сатыларындағы дамуының жинақтап қорытылған көрсеткіштерін есептеп шығаруға және осы көрсеткіштердің бір-бірімен өзара үйлесуіне саяды. Ұдайы өндірістің әрбір сатысына арнаулы шот немесе шоттар тобы сәйкес келеді. Осылайша, өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының қозғалысын, сондай- ақ өндіруден пайдалануға дейінгі қосылған құнды бақылап отыру мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 1990- 2007 жылдардағы өндіріс, табыстардың құрылу, заттай табыстарды бастапқы, қайталама бөлу және қайта бөлу, табыстарды пайдалану, капиталмен жасалатын операциялар және тауарлар мен қызметтер шоттарын есептеу жүзеге асырылған.

Тауарлар мен қызметтердің шоты өзіндік жиынтық кесте болып табылады. Ол басқа да барлық шоттар сияқты екі бөліктен тұрады: «ресурстар» бөлігінде тауарлар мен қызметтердің шығарылымы және импорты, өнімдерге және импортқа салынған салықтар, өнімдерге арналған субсидиялар, ал «пайдалану» бөлігінде - тұтынуға (аралық және түпкілікті) арналған тауарлар мен қызметтердің пайдалану көлемі, негізгі және айналым капиталының қорланымы, экспорт көрсетіледі.

Өндіріс шоты тікелей өндіру процесіне қатысты операцияларды қамтып көрсетеді. Бұл шотта экономика дамуының жинақтап қорытылған аса маңызды көрсеткіштерін - жалпы ішкі өнімді есептеп шығарудың негізін құрайтын қосылған құн анықталады.

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т. с. с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды. Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т. б. ) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

  1. барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
  2. өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

Жалпы ұлттық өнім - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

Біз жалпы ұлттық өнімнің жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін сипаттайтын, яғни екі жақты айналым сызбасында көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші - бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Жалпы ұлттық өнім есеп-шоттың есептеудің мақсаты мынада:

  1. қоғам экономикасының жай күйін бақылау;
  2. экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
  3. мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
  1. Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) шоттар жүйесінің сипаттамасыБіріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесінің түсінігі

Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесі микро және макро деңгейде экономикалық саясатты жүргізу және құрау салсында еші қабылдау үшін мемлекеттік органдар және мемлекет аралық басқаруда ақпараттық қызмет етуге бағытталған нарықтық экономиканың статистикалық моделі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ҰШЖ бірінші нұсқасы 1952 жылы әзірленді. 1953 жылы «Ұлттық шоттар және қосымша кестелер жүйесі» атты құжат қабылданды, 1993 - қазіргі заманғы ҰШЖ халықаралық стандарды қабылданды.

Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік банк, Еуростат және басқадармен ҰШЖ 150 ден астам елде қолданылады. ҰШЖ инвестициялау, сыртқы экономкалық байланыстарды дамыту, халықараық стандарттармен экономикалық дамуды болжау және салыстыру ақсатында макроэкономикалық ортаны бағалау үшін қолданылады [1, 14 б] .

ҰШЖ құрудың негізінде экономикалық санаттар жатады, олардың негізін өндіріс, тұтыну, жалпы өнім құрайды. ҰШЖ бухгалтерлік есептің түсініктері мен деректері қолданылады.

ҰШЖ да алты институционалдық секторларды бөледі: қарылық емес кәсіпорын, қаржылық мекеме, мемлекеттік мекеме, үй шаруашылығына қызмет көрсететен комерциялық емес ұйым, үй шаруашылықы және қалған әлем.

Мысалы, «қаржылық емес кәсіпорындар» негізгі қызметі табыс табуға мүмкіндік беретін бағада сату үшін тауарларды және қаржылық емес қызметтерді өндіру секілді инститционалдық бірліктерді қамтиды. Ал «қаржылық мекеме» секторы меншік нысанына қарамастан комерциялық негіздегі операциялармен және сақтандыу бойына операциялармен байланысты институционалдық бірліктер кіреді. «Қалған әлем» секторының шоттары елдің ұлттық экономикасының «Қалған әлеммен» байланыстыратын экономиклаық қатынастардың жинақталған шолуын қамтамасыз етеді.

ҰШЖ да басты қолданылатын топтама экономикалық операцияларды жіктеу болып табылады.

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды [2, 57 б] .

ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады: Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады - қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты - қор, оның табысы мен шығыны - ағын. Жұмыссыздар саны - қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны - ағын. Мемлекетгік қарыз - қор, бюджет тапшылығы - ағын. Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады.

Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардан экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.

ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

- Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.

- Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. ЖҰӨ тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтыныска түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т. б. ) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің максаты мынада: а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;

ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;

б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың (с1 амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласынын таза өнімін (v+m) және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс (m) - енгізіледі:

ЖҮӨ = с1 + (v+m) + m

ЖҰӨ-нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-ші жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т. б. ) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол енбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын өндірмейді. Қайталанған есеп-шоттың өнбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді [3, 33 б]

. Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.

Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.

ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған - наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т. б. жатқызамыз.

ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына коршаған ортаның жай-күйі, қылмыстың аукымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп-шотын есептеу де бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» көрсеткіші қолданылады.

Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:

ТЭӘ = ЖҰӨ + КЭ + ӨҚҚ+ Д - Э

мүндағы ТЭӘ - таза экономикалық әл-ауқаттылық,

ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім,

КЭ - көлеңкелі экономика,

ӨҚК - өзіне-өзі қызмет көрсету,

Д - демалыс,

Э - экология.

Жоғарыда көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды

Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру «табыстар ағымы».

Экономистердің көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. Жалпы ұлттық өнім құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлінеді:

  1. Тұтыну (С), тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік т. б) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары.
  2. Инвестициялар (І), Станок, гимарат, үй құрылысы және тағы басқаларды алу үшін
  3. Мемлекеттік сатып алу (G), тауар және қызметі (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар және т. б) және транспорттың төлемдерге ( зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т. б төлеуге) кететін шығындар.
  4. Таза экспорті (Xn), экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.

Y = C + I + G + X n

Жалпы ұлттық өнім - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, жалпы ұлттық өнім құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл тендік өрнек болуы - осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен тендік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.

Тұтыну - бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;
  2. Ұзақ мерзімді қоолданылатын тауарлар;
  3. Көрсетілген қызмет.

Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мәселен, киім және азық-түлік тауарлары, т. б. жатады.

Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т. б. жатады.

Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет т. б. жатады.

Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік фактор инвестициясы жатады) ;
  2. Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
  3. Қор инвестициясы.

Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы - бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.

Инвестиция қоры - бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады)

Мемлекеттік шығындар - үкімет тарапынан сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады. Мұнда трансфертті төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кірмейді. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар жалпы ұлттық өнім құрамына енгізілмейді.

Соңғы топ - бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерін көрсететін таза экспорт. Таза экспорт тауарлар мен көрсетілген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда жалпы ұлттық өнім ішкі шығындар жиынтығына тең болады. Бірақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда жалпы ұлттық өнім ішкі шығын көлемін жоғарылатады. Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады.

Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнім қолданылады, одан кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады.

Таза ұлттық өнімді алу үші, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз.

Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмалардағы жанама салық сомасына жүргізіледі. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, басқа көрсеткіш аламыз. Оның атауы - ұлттық табыс. Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы 5 санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:

  1. Еңбекақы (73%) . Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.
  2. Жеке меншік табыстар (70%) . Кішігірім дүкендер, фермалар, т. б.
  3. Ренталық табыс (2%) . Жылжымайтын мүлік иелерінің алатын пайдасы, оған қоса өздері өзіне «төлемейді» деп есептелінген жалдау ақысы жатады.
  4. Корпорация пайдасы (11%) . Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.
  5. Таза пайыз (7%) . Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең.

Қайталап есептеуді болдырмау үшін, жалпы ұлттық өнімге кірмейтіндер:

  1. Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады.
  2. Төлемдер ( әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
  3. Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар.
  4. Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
  5. Ұсталған заттарды сатып алу

Жалпы ұлттық өнім көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т. б. қамтиды. Жалпы ұлттық өнімді «сол елдің өндіре алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәлірек сипаттайтын өлшем ретінде батыс экономистері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды»:

  1. Аралық өнім және қосымша қосылған құн әдісі. Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеніңдегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықтағанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.
  2. Табыстар мен шығындар ағымы әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.

Екі әдістің екеуі де бірдей бағалы. Дегенмен АҚШ-тың Сауда министрлігінің экономикалық талдау бюросы жүргізетін жалпы ұлттық өнімді есептеу статистикасы ең жетілген деп айтсақ қателеспейміз. Мұнда жалпы ұлттық өнім оқшауланбай, қайта ұлттық есептеу жүйесінің шеңберінде есептеледі, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстан басқа, тамақ пен күрделі қаржының салааралық балансын, финанс ағыстарының балансын, ұлттық байлық пен еңбек ресурстарының балансын қамтиды. АҚШ-тың жалпы ұлттық өнімі түпкі тауарлар мен қызмет көрсеуді есепке алады, яғни жалпы ұлттық өнімге жеке және қоғамдық тұтынуға түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем қайтып оралмайтын немесе еңбек құралдары ретінде өндіріс саласына қайтып оралатын өнім түрлері жатады. Жалпы ұлттық өнім АҚШ-тың басқа елдермен сыртқы сауда жұмыстарының қалдығын қамтиды. Баланс беру үшін жалпы ұлттық өнімге АҚШ азаматтарының өз елінен тыс жерлерде өндірген өнімдерінің бір бөлігі кіреді, ал АҚШ-та американдық емес азаматтардың өнімдері есепке алынбайды. Осыдан басқа жалпы ұлттық өнімге шетелдегі капиталдың пайда, дивиденттер, проценттер, ренталық төлемдер таза табыс ретінде енеді. АҚШ-та алғашқыда жалпы ұлттық өнім нақты, ағымдағы бағалармен есептелді, алайда ол бағаға ықпал ететін инфляциялық құбыластармен байланысты өндіріс көлемін өлшеуде дұрыс болмады. Өндіріс динамикасын таза күйінде, базистік жылдың тұрақты бағасымен есептеу жалпы ұлттық өнімді көрсетеді. тұрақты бағадағы жалпы ұлттық өнім көрсеткіші ағымдағы бағамен салыстырғанда баяу өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шоттары
Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Біріккен ұлттар ұйымы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz