Қазақстан музейлерінің дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарықтық экономикадағы музей жұмысын
басқару, музей шығындарын азайту. Келушілерге тарихи-мәдени құндылықтарды
танытуда жаңа тәжирбелерді пайдалану, Бизнес жоспарлар немесе келелі
жоспарлар, ХХІ ғасыр музей басшысының қызметі.
Музей менеджменті, маркетингі әдістемесін пайдалана отырып музейдің
атмосферасында тың өзгерістер әкелу, зерттеу жұмысының өзектілігі болып
отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Музейдің нарықтық жағдайда өз
мүмкіншілігін пайдалана отырып, музейдің қызметіне жаңа серпін беру.
Әлемдік тәжирбедегі музейлер қызметін үйрену. Музейді басқару тұрғысында
менеджменттік , маркетингтік әдістемені пайдалану. Музейдің өзекті
мәселелерін шешуде жаңа мүмкіндіктер жолын қарастыру. Келушілерге тиімді
қызмет көрсету жолдарын жасау.
Бейхабар келушілерде қызығушылық әсерін оятуда,-қызығушылығы оянған
келушіні бір күндік келушіге айналдыру,-бір күндік келушіні тұрақты
келушіге ұштастыру,-тұрақты келушіні музейдің жанашырына айналдыру болып
табылады.
Жалпы Қазақстан музейлерінің дамуын жұмыстың мақсатты түрде жолға қою.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы Қазақстан музейлері үшін әлі де болса
тансық , нарықтық басқару жолдарын үйрену және отандық музейлерде қолдану.
Музейдің шығындарын азайтудың басқа көздерін қарастыру, келушілерге тиімді
қызмет көрсету жолдары.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Зерттеу жұмысына байланысты
монографиялар, ғылыми мақалалар және конференция материалдары.
Зерттеу жұмысының құрлымы Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. МУЗЕЙ МЕНЕДЖМЕНТІ, МАРКЕТИНГІ НЕГІЗГІ
ТҮСІНІКТЕРІ, КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Жаңа үшінші мыңжылдық ақпараттық революция дүмпулері мен
жаһанданудың буырқанған процесстеріне байланысты тұтас, іргелі
өзгерістермен басталды. Қазақстанда бұл өзгерістер саяси жүйенің қатаң
бақылауы әрі әлсіз демократиялық процесстермен жоспарлы экономикадан
нарықтық қатынастарға ауысты.
Бүкіл Европа секілді Қазақстан да постиндустриялды экономика жағына
жылжу басталды. Қазақстанның әлемдік рынокқа жақындасуының іске асыру
қадамдарына орай кейбір өндіріс түрлері өзінің бәсекелестігін жоғалтты.
Қосымша құн бұдан ары нақты тауарларды шығару санның өсуі мен
интелектуалды капиталды жұмылдыру арқылы қызметтерде қолдану басталды.
Өзгерістерге ілесе отырып, біздер жұбанышты көңіл толтыруды архитектура
артефактылерінен шеберлік және өткеннің әлеуметтік ғұрыптарынан табамыз.
Жоспарлы экономикада мемлекеттің мүддесі үшін шығындар маңызды болмады
мемлекеттік салалыранда тек мемлекеттің қаржысына тәуелді салалар
бар.Денсаулық сақтау, күштік құрылымдар, мәдениет саласы, т.б. тек
мемлекет қаржысына тәуелді.
Қытай халқында Сияо Пиннің мысығы керек пе? деген нақыл сөз бар,
яғни мысыққа біз өз қолымызбен тамақтандырып оны күтсек біз одан қандай
пайда табамыз? Сонда мысықты тек ермек үшін асыраймыз ба? Жоқ мысық та
халыққа пайда келтіру керек! Мысық қалай пайда келтіре алады ? Мысық өзі
тышқанды аулап жеуі керек, тышқандар мүмкін аурулар, вирустар т.б.
қауіпті, зиянды жақтары болуы мүмкін мысық ауру тышқандарды құрту арқылы
мемлекетке пайда келтіру керек [ 1].
Тек ақылмен басқарып өз потенциялын сауатты қолданатын музейлер осы
заман үшін көкейтестілігін сақтап дамуы әрі болашаққа шығармашылықпен келу
көзіне айналуда.
Музейдің жалпы адамға қандай қажеті бар ? В.Луначарскийдің тілімен
айтқанда Музей – адамзат баласының ғаламат естелік кітабы. Музейден біз
рухани байлығымызды аламыз. Музейде – адамзат баласының материалдық,
тарихи құндылығы ұлттық байлығы жинақталған. Музей – қоғам дамуындағы ең
құнды да қастерлі, тарихи құндылықтарды адамзат баласына рухани дамуына
мәдени мұраны сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, замандастар үшін көрсетіп,
насихаттап мұражайға келушінің адамгершілік рухани өсуіне әсер ету.
Қазіргі кезде тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғауда көптеген
кемшіліктер орын алып жатады.
- климаттық жағдайлар
- Вандализм
- Қараусыз қалу
- Апаттар
- Билік тарапынан ескерусіз қалу тарихи орындардың қирап қалуына әкеп
соғады.
Биліктің тарихи орындарға, музейлерге ең алдымен туристік мақсатта
қарауы бүгінгі күні мәдениет саласын қалай дамытсақ болады дегендей
музейлердің жұмысын қалай дұрыс жүргіземіз дегенде ең алдымен қаржы
көздеріне тәуелдіміз. Музейлерге мемлекет есебінен қаржы беріледі. Алайда
музейлердің жағдайы әртүрлі. Неге бір музей тек қана қалыпты жұмыс істейді
? Біреулері дамиды келесілері кері кетеді. Тарихи орындарды дұрыс
басқарудың кепілі бизнес план немесе менеджмент пен маркетинг жоспары
болып табылады. Музей менеджменті пен маркетингі әдістемесінің көмегі өте
мол және соған зәруміз.
Менеджмент түсінігі – (ағылшынның management- басқару, үйлестіру)
өндірісті интелектуалды, қаржы және басқа да ресурстарды басқарудың
жолдары мен формалары , принциптері мен әдістер жиынтығын білдіреді [2].
Музей менеджменті музейді басқаруда, үйлестіруде, музей дамуының жалпы
ұстанымын жасауға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық жүйелі қызметтерінен
тұрады [3].

Менеджменттің негізгі құралдарының бірі келелі жоспар немесе бизнес
план болып табылады. Оны өңдеу барысында ұмытылған мақсат нақты
қалыптастырылып, оларға жету жолы нақты белгіленеді [4].

Келелі жоспар музейдегі қалыптасқан жағдайды мұқият зерттеп, қаржы
бөлу, қызметтерді орналастыру тұрғысында басымдылықтарды анықтауға
мүмкіндік береді. Музей менеджменті саласының жетекші мамандарының бірі
Роджер Майзелдың анықтауына сәйкес жоспарлау кезінде ең шешуші сәтті
ескеру қажет. . [4]

- Кімге жоспар құрылып, жұмыстар жүргізіліп жатқан есепті анық білу
аудиторияны анықтау
- Музейдің неге ұмтылатындығына толық және айқын түсінігіне жету, яғни
мақсаттар мен міндеттер сатысын құрастыру
- Жобаны іске асыруды шектейтін факторларды талдау

Факторларды талдау дегеніміз- қолдағы бар музейдің қаржы, адам
ресурстарын (қажетті білім мен шеберлік) жабдықтар мен материалдық базасын
анықтау. (5)
Келелі жоспарды өңдегенде музей қызметкерлерінің қатысуы қажет, себебі
олар бағытталған ең маңызды аудиторияны құрастырады. Жоспар құруға музейге
– оның саясаты мен жұмыс стиліне қатысы бар басқа қызығушы топтар мен
адамдарды тартады. Олар қиын уақыттарда музейде сүйеу болып, көмек көрсете
алады. Олар басты қаржыландыру көзі болып, әрі жалпы сипатты оның саясатын
анықтайтын жергілікті билік пен орталық өкімет, жоғарғы басшылық органдар,
келушілер, зерттеушілер, демеушілер,музей достары.
Бұл топтар мен аудиториялардың әрқайсысы мұражайға әрқилы талаптар
қойып әрі оның жұмысын жан-жақты тұрғыдан бақылайды. Музей осы әртүрлі
қызығушылықтарды ескеріп, елеп, топтардың ешқайсысына да басымдық бермесе
табысқа жетеді [5].
Келелі жоспар жасалатын негізгі ақпарат көзі бұрынғы атқарылған
жұмыстар мен жеткен жетістіктер болып табылады. Маңыздылығы жағынан екінші
идея көзі бұл шығармашылық процесс тұрғысында ми шабулы онда музей
қызметкерлерінің шағын тобы қысқа уақытта 20-30 минут музей миссиясының
қалыпты атауы әрі өз қызметі арқылы қандай жағдайда табыс кіргізе
алатындығына жауап беруге тырысады. Алдымен идея бір қарағанда орын алуы
қиын утопия болып көрінуі мүмкін сонан соң топтың бір мүшесі жауаптарды
жіктеп шабуыл нәтижелеріне қайсыбір құрылымды лайықтайды. Бұл кезде жеке
идеяларға да баға беріледі. Топтың бір мүшесінің ұсынысына, әдеттегідей
басқа қатысушы одан әрі дамытып отырады. Келелі жоспардың барлық бөлігі
тұтастай келіспегенінше ұдайы өзгеріп түзетіп отырады.
Р.Майлздың әдістемесіне сәйкес келелі жоспарды тікелей өңдеу мынандай
кезеңдерден тұрады [5].

1. 1.Музей миссиясын қалыптастыру немесе мәнін, музей қызметі саласы мен
табиғатын анықтайтын мақсаттарды түсіну. Лондон жаратылыстану
музейінде ол мынандай мағынаны білдіреді :сақтауда қамтамасыз ету
және музей жинақтары одан әрі көбейту әрі оларды насихаттау арқылы
зерттеу, оны үнемді пайдалану мен сұлулығына сүйсіну арқылы айнала
қоршаған ортамен жете түсінугі ықпал ету.
2. Қазіргі болып жатқан жағдайды талдау. Бұл жерде музейдің әлсіз жақтары
мен мүмкіндіктері және дамуға кедергі келтіретін қиыншылықтар. Басқаша
сөзбен айтқанда музейдің маңызды мәселелерін шешуге ықпал ететін ішкі
және сыртқы факторлар талданады.
3. Дамудың жалпы бағытын анықтау. Осыған орай қалыптастырылған мақсаттар
алтын ережеге сай болуы қажет
- көкейтестілігі
- музейге қолдау көрсетуге ұмтылдыру үшін адамдарды ортақ
қызығушылықтарға тарту мүмкіндігі
- нақтылық, яғни қолдағы бар адам, қаржы және материалдық мүмкіндіктер
негізінде іске асырылуы
4. Алғашқы мақсаттарға жауап беретін стратегияны өңдеу. (Шешімі қалаған
мәселеге жетуге мүмкіндік беретін, нақтылы жазылған міндеттерді қоса)
5. Қаржы базасын қамтамасыз ету (бюджетті)
6. Мониторинг механизмін өңдеу және жұмыс тиімділігін бағалау
Музейдегі жағдайды бағалау үшін мамандар С.Э.Ә.Т. аббервиатурасының
шешілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық орта. Бұл
талдаудың мақсаты сыртқы жағдайларға қатысты мәселелерге орай музейдің
одан әрі даму мүмкіндіктерін талдау ең маңызды мүзей мәселелерін шешуге
ықпал ететін факторлар. Олар :
а) саяси факторлар үкіметте немесе олар жүргізетін саясатта, қазіргі
заңдылықтағы мүмкіндік өзгерістер музейлер үшін жаңа ұйымдастырушылық
құрылымның ендірілуі
ә) экономикалық факторлар – келушілер категориясы мен санына, тұрақты
келушілер табыс деңгейіне музей ұсынатын қызметтер саласына әсер ететін
жергілікті және ұлттық экономикадағы өзгерістер
б) технологиялық факторлар – музей жинақтары және байланыс құралдарын
беру стандарттарының жетілуіне орай келушілер жағынан талаптар мен
сұраныстар күшейеді , тәулік бойына ақпарат алуға мүмкіндік беретін кең
тараған компьютерлік жүйелер.
Жинақты талдау барысында музейдің әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қаупі
және артықшылығы қаралады. Музейдің дамуының ықпал ететін сыртқы және ішкі
факторлар салыстырылады.
Ішкі факторлар – келушілер саны, жинақтар, корме қызметі, келушілерге
қызмеи корсетулер, қаржыландыру, табыс бұл музейдің әлсіз жағы әрі
жетістігі болып есептеледі.
Сыртқа факторлар- саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық
ыңғайлы жағдай жасауымен қатар, музей өркендеуіне қауіп төндіруі мүмкін.
Сыртқы және ішкі факторлар салыстырмалы түрде талдау музейдің бұрынғы
жұмыстарының тиімділік дәрежесін, алдағы мәселелер мен оларды шешу
жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Музейдің басымдылық жағы.
Ол ірі провинциалы қалада орналасқан, халық шығармашылығы және матадан
жасалған тамаша жинақтары елге кеңінен танымал, музей тарихи ғимаратқа
орналасқан, оның өзін көрудің өзі ғажайып, оның директоры жоғары білікті
кәсіпқой іскер адам, ұжымды жұмылдыра біледі, музйдің жергілікті саяси
басшылармен байланысы жақсы.

Музейдің әлсіз жағы.
Музей орналасқан ауданға шетелдік туристер сирек келеді, елдің
экономикалық жағдайына байланысты шетел туристерінің келуі шұғыл
қысқарған, бюджеттік қаржыландыру тек қызметкерлер еңбекақысын төлеуге
ғана жетеді, уақытша көрмелер санының шұғыл қысқаруы жергілікті
тұрғындардың музейге қарай келуінің қысқаруына әкеп соққан, тұрақты
экспозиция моралі әбден ескірген, музейді қорғап сақтауға ақша жетпейді.
Мүмкіндіктер.
Музей жинағының экспонаттары шетелдерге көрмеге жіберуге мүмкіндігі
бар, демеушілер музейге көмек беруге дайын, жекелеген адамдар мен
ұжымдарға белгілі қоғамдастыққа арналған көрмелер ұйымдастырады. Музей
мектеп бағдарламасы көлемінде оқушылар үшін арнайы бағдарламалар өңдейді.
Музей және басқа да ұжымдардың ауласында театрландырылған қойылымдар мен
концерттер ұйымдастырады.
Қауіптер.
Елдегі экономикалық жағдай музей дамуына елеулі кедергі келтіреді,
қаржының ұдайы жетіспеуі қызметкерлерді күйзеліске ұшыратады, қорларды
сақтау нормативтерге толық сәйкес келмейді, шынайы музей аудиториясын
кеңейту мүмкіндігі жоқ себебі мәдени демалыс рыногындағы бәсекелес
мекемелер саны ұдайы өсуде.
Қорытынды.
Жинақты талдау музейге қызметтің басымдық бағытын анықтауға тиіс.
Музей өзінің басты басымдылығы табыс әкеліп, музей мәртебесін көтеретін
шетелге көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Түскен қаржы музейді
жергілікті қауымдастыққа одан әрі тартымды ету үшін экспозицияға қажетті
өзгерістерді ендіру үшін қажет болады [6].
Әртүрлі бағдарламаларды даярлау, ойдағы жобаларды іске асыру,
жинақтарды сақтаумен, ғылыми зерттеу және мәдени білім беру қызметімен
байланысты қарапайым күнделікті мәселелерді шешу үшін музейге тек бюджет
пен кіру билеттері табысына сүйенбей қаржыландыру көздерін кеңейту керек.
Нарықтық экономика заңдарымен енді ғана өмір сүре бастаған отандық
музейлер үшін өзін-өзі қаржыландыру мәселесі әлі де болса тансық,
шетелдік музейлер бұл салада біршама тәжирбелер жинақтаған.
ХХ ғ. Соңғы онжылдығында шетелдерде мемлекеттік , қоғамдық, жекеменшік
корпоратив коммерциялық емес қаржыландыру коздері кіретін көп арналы
музейлер бюджетін қалыптастыратын жүйе қалыптаса бастады. әр елдің бұл
бюджеттеріндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес қараушылардың
арақатынасы бірдей емес. әрі дәстүрлі демеушілік және меценаттық
мемлекеттік мәдени саясат , салық заңдылықтары және басқа да факторлармен
белгіленеді.
Музейде менеджмент түсінігімен бірге музей маркетингі түсінігі
қолданылады.
Маркетинг (ағыл. Marketing- нарықтағы сату және сатып алу актісі,
market- рынок, нарық) өнімді барынша тиімді өткізуге бағытталған шаралар
жүйесі, әрі товарды жарнамалау сұранысты зерттеу мен қалыптастыру
бойынша инфрақұрлым [7].
ИКОМ жарғысында музей коммерциялық емес мекеме деп анықтауына
қарамастан маркетинг технологиясы музей саласына кіру қарқынды дамуда.
Музей коммерциялық мекеме емес деп анықталғанмен, музейге табыс
табуға тиым салмайды, тек оған бірқатар шектеулер қояды. Музей өзінің
тапқан табысын тек музейдің өз дамуына жұмсауы керек. Ал коммерциялық емес
мәртебесі оған бірқатар жағдайлар салық жеңілдігін береді [8].
Музей жинақтарын көрсету өз білімімен жетілдіру мен қарым-қатынасқа
жағдай жасау, шығармашылық және демалыс ұйымдастыру, ақпарат беру, білім
беру және ағартушылық жұмысқа көмектесу, жарнама мен имидж қалыптастыру –
бұлар музей ұсынатын қызметтердің толық тізімі емес.
Олардың бірқатар бөлігін қажет ретінде тек музейге келушілер емес
басқа да тұтынушылар төлейді. Яғни музей өз қызметінен бөлек қосымша
қызметтер ұсынатын мекемелер мен байланысы.
Музей маркетингі тек анықтап, болжап, музей қызметін тұтынушылар
қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, бірқатар жағдайда бұл қажеттілік
қалыптастыруға тиімді әсер ететін, тіпті оларды тікелей қалыптастыратын
әрекет құралы болып табылады. Сауатты маркетинг тіпті музейде
қаржыландыратын ұйымдар мен потенциалды демеушілердің тұтынымына әсер
етіп, анықтап, қанағаттандыруға көмектеседі.
Қазіргі кезде көптеген табысты жұмыс істейтін музейлерде маркетинг
бөлімі бар, олардың міндеттеріне
- музейге келушілер санын көбейту
- музей аудиториясын кеңейту
- музейге келмейтіндерге ақпарат тарату т.б.
Маркетинг бойынша мамандар музйдің бизнес жоспарын құрастыру үшін
қажетті мәліметтерді береді, жекелеген музей шаралары барысында қысқа
мерзімдік маркетингтік компания өткізіп, бюджеттен тыс қаржыларды тартуға
қатысып және демеушілермен жұмыс істейді. Өз қызметінің кез-келген
бағытында олар өз жұмысын тек қана бір принципке құрады.
- зерттейді
- жоспарлайды
- жоспарды іске асырады
- нәтижелерді талдайды
қажетті түзетулер енгізеді . [8]

Коммерциялық мекемелердегі маркетингтен бөлек музей маркетингі
ресурстарды екі формада таратады :
- тікелей тұтынушыларға өз тауары мен қызметтерін сату арқылы
- аралық – сыртқы ресурстарды тарату арқылы
а) бюджеттік қаржылар
ә) гранттар
б) демеушілік көмек
в) жеке адамдар көмегі
Бұл қаржылар әлеуметтік маңызы бар мәдени жобалар мен бағдарламаларды
іске асыру үшін пайдаланады.
Коммерциялық емес маркетингтің екі формасы да тығыз байланысты
неғұрлым музейдің әлеуметтік маңызы мен оның бағдарламалары жобаларының
қоғамдық тартымдылығы жоғары болған сайын оның соғұрлым сыртқы
көздерден қаржы алу мүмкіндігі көп болмақ.
Тұтынушы мен төлеуші бір кісі болатын коммерциялық емес маркетингте
тұтынушы мен қаржы ресурстары ажыратылған, бірақ өзара байланысты : табыс
табу қоғам қызығушылығы мен мойындауын білдіреді. Сондықтан музей
маркетингінде екі стратегиялық бағыт бар :
- презентация
- музейдің қызметін ілгері жылжыту
презентация және нақтылы тауарлар мен қызметтерін көтермелеу [9].

ІІІ ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНДЕ МЕНЕДЖМЕНТТІК,
МАРКЕТИНГТІК ӘДІСТЕМЕНІ ПАЙДАЛАНУ

Музей менеджменті, маркетингі әдістемелерін Қазақстан музейлерінде
қолдануға қазіргі кезде өте зәруміз. Бүкіләлем секілді Қазақстан музейлері
де бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Елбасымыз, Түркі дүниесінің рухани
көсеміне айналған ұлт лидері Н.Ә.Назарбаев айтқандай Әлемдегі дамушы 50
елдің қатарына қосылуымыз керек [10].
Музей мемлекеттің қаржысына тәуелді. Бұл дәлелденген шындық. Алайда
мемлекет музейді өзіне ғана қаржы бөлсе, өз қызметкерлеріне төлейтін
қаржыны табуына болады. Бұл бос сөз деп айтуымыз мүмкін бірақ осы орайда
Айранға түскен бақа хикаясындағы біз шыға алмаймыз демей әрекет жасаса
бұл жолдан шығудың жолдарын табуымызға болады. Айранға түскен бақа ол
құмыраның ішінен шығу үшін ол қимылдай берді, айраннан май түзілетінін
білмеді, бірақ бақаның қимылы арқасында май түзіліп бақаның сыртқа шығуына
мүмкіндік болды емес пе. Сол секілді Қазақстан музейлері өз шығындарын
азайту үшін әрекет, ізденіс жасауымыз керек.
Голандия үкіметі өз елдеріндегі музейлерді аренлаға беру арқылы ,
яғыни музейді басқаруғды жекеменшікке береді. Бұл жерде музейдің байлығына
тиісуге басқарушылардың құқығы жоқ, тек олар музей экспонатттарын корсету
арқылы өз қызметкерлеріне музей тапқан табыстар арқылы болатындығын
дәлелдеген [11].
Музейдің шығындарды көп жұмсайтын саласы жәдігерлерді толтыру ,
сақтау саласы шығарса, экспозицияны көрсететін, қызмет ұсынатын салалары
табысты жұмыс істейді.
Жоспарлы экономика кезінде мемлекет музейге мәдениетті , тарихи
құндылықтарды сақтағаны, насихаттағаны үшін толесе, нарықтық экономикаға
өтуге байланысты мемлекет өз шығындарын азайтуға өте бастады. Мемлекет өзі
болып ізденіс,зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының тарихи музейлері
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің қалыптасуы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Музейлердің қор жұмысы
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Музей менеджменті
Пәндер