АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы
1.2 Аудиттің мәні және түрлері
1.3 Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы

2 СЫРТҚЫ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІ

2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Сыртқы аудитті ұйымдастыру
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және
тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз
қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске
асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан
ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың
аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды,
жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу
және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-
шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін
қолдана білу керек.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің
және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық
талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын
бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда
көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен
аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын
білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей,
керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау,кешенді құжаттық тексеру, балансты
немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің
ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында
аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының
рәсімдерін пайдаланады.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең,
өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді
ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты
оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да
әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның
ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің
жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субьектілердің
табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір
түрі ретінде анықтама беруге болады.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру. Ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты- аудиторға қаржылық қорытынды есепті
құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер
бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру
мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан ,
аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз
керек.

1. АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы

Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде
пайда болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын
басқарудан бөлуге әкелді және соның нәтижесинде шешімдерді қабылдаудың
күнделікті процесіне қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің акционер
мен директор бір адам болып табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын
субьектілерінен басқасының құқығын қорғау қажеттігі пайда болады.
Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері
ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене алмайды. Жиі болатын банкроттық
әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық салымдар тәуекелін елеулі
арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру және қаржылық есептемені
дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға
қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәуелсіздігі. Басқа жағынан
кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған шаруашылық операцияларын есепке алу ,
барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын бухгалтерлік есептемені ұсыну
міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін
тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру заңмен жүктелген салықтық органдар оны
қажет жағдайда өз құзыреті шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне
осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттілігі
пайда болады.
Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы
қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне
деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және
аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда
бола бастады.
Барлық елдер кәсіпорындар ме ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп
аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:
-салық заңын қамтитын заң;
-бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттары , кәсіби органдар білдіретін
пікірлер мен түсіндірмелер;
-қор биржасының талаптары.
Жалпы құқықтық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия
сияқты елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы
(АҚШ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.
Азамат кодексіне тән құқықтық дәстүрлері бар Еуропа елдерінде және
Жапония мен Африканың кейбір елдері сияқты бухгалтерлік есептің Еуропалық
жүйесіне негізделген бухгалтерлік есеп жүйесіне ие елдерде негізгі акцент
заң мен салықтың талаптарға қойылады.
Көптеген елдерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірнеше кәсіби
ұйымдар бар. Мысалы, Ұлыбританияда осындай алты ұйым бар. Көптеген елдерде
аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:
а)сәйкес кәсіби органға мүше болу;
ә)практикалық және теориялық емтихандарды не кәсіби органдар не сәйкес
үкіметтік департамент орнататын сәйкес академиялық және кәсіби біліктілік.
Экономика облысы немесе сәйкес пән бойынша университет дәрежесі жиі талап
етіледі;
б)бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың
жеткілікті тәжірибесі;
в) қажетті және сәйкес мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай да бір
күрделі қылмысқа , әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты
қылмыстарға қатысты болмауы керек.
Компаниялар туралы еуропалық заң директиваларды заң директивалары
Еуропалық одаққа мүше елдер арасында аудит пен бухгалтерлік есепті реттеу
процесін сәйкес үйлесімділікке әкелді. Төртінші директива есеп беру
форматтарын анықтайды, 7-ші консолидация (топтау) мәселелерін , 8-ші
аудиторларға тікелей қатысты мәселелерді қарастырады. Көрсетілген
директивалар мүше елдердің ұлттық заңына алынған минималды талаптарды
сақтайды. Дербес қосымша талаптарды қабылдай алады, бірақ ол директива
қоятын талаптарды азайта алмайды. Сонымен , түрлі мүше елдер талаптары
арасында елеулі ерекшеліктер сақталады.
Аудиторларға қатысты 8-ші директива үкімет аудиторлар қызметін
ережелері жоғарыда аталған а) және в) пунктеріндегі сұрақтарға қатысты
танылатын біліктілік органдарының ( Ұлыбританиядағы бухгалтерлер
ассоциациясы сияқты) көшілігі де танылатын бақылау органдары болып
табылады.
Еуропалық одақ шеңберінде, сонымен бірге одан тыс елдердің көпшілігі өз
елінде аудитор ретінде әрекет ету құқығын алған адамдарға жергілікті тілде
баяндалған жергілікті заң мен салық салу мәселелері бойынша емтихан тапсыру
арқылы қабылдаушы елде аудитор ретінде әрекет етуге рұқсат беретін
ережелерге ие. Көрсетілген ережелер өзара мойындау ережелері ретінде
белгілі және басқалармен қатар Бүкіләлемдік сауда ұйымының бақылау пәні
болып табылады. Оларды қызмет көрсетуді сату бойынша бас келісім ( GATS )
және Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясымен (NAFTA)
қарстырылып, бекітілген. Іс- жүзінде олардың жұмысы күрделі болып табылады,
себебі елдер өзінің меншік біліктілігін қорғау және өз стандарттарының
шетелдік біліктілікпен араласып кетуінен сақтау мүмкіндігін іздейді.

1.2 Аудиттің мәні және түрлері

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру. Ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты- аудиторға қаржылық қорытынды есепті
құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер
бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру
мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан ,
аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз
керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер,
сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану,
жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау , коммерциялық операцияларды ақша
қаражаттары мен инвестицияларды займын жүргізу бойынша сан алуан келісім –
шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар
арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз
аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері- акционерлер, жарнашылар, сонымен қатар
кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және
шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен
көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын
тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие
беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау
үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар
бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық
еептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары,
министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға
қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып
табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субьектілердің (фирмалар,акционерлік қоғамдар)
-салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
-қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
-аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен
бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне , директорлар
кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер
мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы
пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді.
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген
кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ
кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басылымдылықтар болады.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы
есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүрргізудің жаңа обьектісін
құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған
аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа
бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен
дәлелденуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма
қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моральдық
ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз
адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық
жүргізуге , сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы
есептемені құруға мәжбүр енеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті
орындайды:
1. Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған
дәлелдемелерді жинау және бағалау.
2. Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған
стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субьектінің қаржы-
шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің
жүргізілуін , қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай
туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып
табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық
қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу
үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік
қатынастар қажет болады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік
, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз
ету , анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар
кез-келген экономикалық субьект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету
болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті , аса көңіл бөлу мен
кәсіпқойлықты талап етеді. Оған осы кәсіп мәртебесіне ай жоғары ақы төленуі
керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп
санына ұмтылу кезінде аудиторлар фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді
дұрыс таңдау қажет.
Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында маркетингтік
зерттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті болып табылады.

Кесте 1. Аудиттің түрлері

рс Критерийлер Түрлері
1. Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты1-сыртқы
2-ішкі
2. Заң талаптарына қатысты 1.міндетті
2.бастамашылық (ерікті)
3. Аудит обьектілері бойынша 1-банктік аудит
2-сақтандыру
компаниялардың аудиті
3-биржалар,инвестициялық
институттар мен зейнетақы
қорларының аудиті
4-жалпы аудит
5-мемлекеттік аудит
4. Тағайындалуы бойынша 1.қаржылық есеп беру аудиті
2.салықтың аудиті
3.сәйкестік аудиті
4.операциялық аудит
5.арнайы ( экологиялық,
операциялық және т.б.)
5. Жүзеге асырылу мерзімі бойынша 1. Бастапқы
2. Келісілген
6. Тексеру сипаты бойынша - дәлелдеуші
- жүйелі бағытталған
- тәуекелдікке негізделген
аудиті

Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып
табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару
құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда
пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер
есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға
жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін
қажет.
Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар
кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың
тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған
енетіндер:
- активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық
пайдаланатын қпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
- жүйешілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
- ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін
талдау;
- басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау
ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру негізінде сыртқы тәуелсіз
аудиторлар, аудиторлық фирмаларжүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы
ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және
құрылтайшы, меншік иесі,акционер,басшы және басқа лауазымды адамдар
болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста тұрмайтығында және
қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі
аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау
және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамшылық болып бөлінеді.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңының Аудит және оның түрлері деген 4-
бабында аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып
табылады деп көрсетілген.
Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық
қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты
міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің
шешімімен жүргізіледі.

Кесте 2 Міндетті аудиттің критерийлері мен субьектілері

рс Критерийлер Аудит субьектілері
1. Ұжымдық-құқықтық нысан Халықтық акционерлік қоғамдар
2. Экономикалық субьект қызметінің1. Банктер
түрлері 2. Несиелік серіктестіктер
3. Банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын,өз
қызметін бағалы қағаздар
рыногында жүзеге асыратын
ұйымдар
4. Сақтандыру компаниялары, жинақ-
таушы зейнетақы қорлары,зейне-
тақы активтерін басқару жөніндегі
компаниялар,инвестициялық
қорлар
5. Табиғи монополия субьектілері
3. Меншік капиталдың құралу Шетелдер қатысатын кәсіпорындар
көздері

Аудит обьектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының,
биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті,
жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа
аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар
қажет болады.
Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді.
Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы
туралы аудиторлық қорытынды есебін тексеру. Оның сыртқы аудиторлық фирмалар
жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Сәйкестік аудиті - бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен
нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына
арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру. Сәйкестік
аудиті әкімшіліктің басқарудың белгіленген нормаларын орындауының ұйым
жарғысына сәйкестігін тексеру мақсатында ұйым акционерлері мен меншік
иелері тапсырысы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Ұйым ішінде оған қызмет көрсету ретінде жүргізілген қызметті тәуелсіз
бағалау- бақылаудың басқа түрлерінің бірдейлілігі мен тиімділігін тексеру
және бағалау арқылы жүзеге асырылатын бақылау.
Ішкі аудиторлар түрлі жұмыстарды орындау үшін тартылады және төмендегі
сәйкестікті тексереді.
Негізін құраушы процедуралар мен нормативті актілерге сәйкестікті
қадағалау;
Ішкі резервтердің пайдаланылуының тиімділігін: тиімділігі, өнімділігі
және икемділігіне қатысты ұйым шараларын, әдістерін және процедурасын
талду.
Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен
толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.
Арнаулы аудит ( экологиялық, операциялық және басқалар)- субьект
қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдыңдағы белгілі бір норма мен
міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген
ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.
Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен
пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің
жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру.
Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық құрылымын
бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын,
маркетинг пен кез-келген басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти
алады.
Жүзеге асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп
көрсетеді.
Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу.
Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің
ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.
Келісілген (қайталама) аудит- бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға
аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі
бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит
тұтынушымен қатар аудитор үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі
ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен
бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады.
Сипаты бойынша тексерудің төмендегі түрлерін бөліп көрсетеді:
Дәлелдеуші аудит. Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде
аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен
қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті
жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады.
Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы
жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды.
Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік
береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды
жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Тәуекелге негізделген аудит бұл кәсіпорын жұмысы жағдайынан шығады,
негізінен оның жқмысындағы осы тұстарды таңдай отырып тексеру жүргізетін
аудит.
Аудиттің бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда
шоғырландыруға және тәуекелі төмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға
мүмкіндік береді.

1.3 Нарықты қатынастардағы шет елдердегі аудиттің даму жолы

Аудит жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде дамыған елдерде жедел дамыды.
Мысалы, Ұлыбританияда, Франция елдерінде аудит міндетті түрде жүргізілетін
болды. Оның құқылығын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бірінші болып аудит
заңы қабылданды. Ал АҚШ-та аудит қызметі Британия үлгісінде іс жүзінде
қолданыла бастады. 1896 жылы АҚШ-та аудит заңы қабылданды. Қазіргі кезде,
нарықты қатынас жүйесінде дамыған елдерде түгелдей заңдандырылған
инфраструктуралық құрылымы бар қоғамдық аудит институттары бар. Ол елдердің
барлығында ерекше мамандандырылған бухгалтер-аудитор ұжымдары, қоғамдары
бар. Мысалы, Ұлыбритания елінде (1880ж.) мәртебелі бухгалтерлер институты,
АҚШ-та дипломды бухгалтерлер институты (1887ж), Германияда- аудиторлар
институты (1932ж) және аудитор Палатасы, Францияда сол жылы бухгалтер-
сарапшы Палатасы және сенімді бухгалтерлер ұжымы, есеп комиссарлары қоғамы
құрылған.
Дамыған елдерде дербес аудитор қызметі ерекше орын алатын сырттай
бақылау, тексеру болып саналады. Шет елдердегі аудит жұмысының мазмұн-
мағынасын, ұйымдастыру принциптерін, бақылау-тексерудегі қойылатын
талаптарын аудиторларды бекіту, тағы басқа да ерекшеліктерін қарастыратын
болсақ, негізінде олардың арасында бірлестік бірдей талап қоюшылық бар
екені анық. Сол себептен аудит қызметі халықаралық деңгейде даму алып
бірлескен фирма ашу қажеттілігіне алып келді.
Аудит қызметінің жедел даму әсерінен шет елдерде ірі халықаралық ондаған
аудитор фирмалары ашылып, олар барлық Еуропа елдерін қамтитын, аудиторлық
қызмет көрсететін мекемелерге айналды. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық
елдеріне қызметін көрсететін алты аудитор фирмасы бар. Олар қазір дүние
жүзілік үлкен алтылық деп аталады. Олар қазір бухгалтерлік есеп
жұмысынан, аудиторлық тексеруден, әртүрлі түсініктеме беру қызметін
атқаруда дүние жүзіне танымал, беделді аудиторлық мекемелер болып отыр.
Мысалы, Эрнат энд Янг- 179 елде өзінің өкілдік кеңесі арқылы, Прайс
Уотерхауз-110 елде, Артур Андерсон- жүзден аса елде өз өкілдіктері
арқылы аудиторлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
Экологиялық аудит туралы
Өнеркәсіптің табиғат қорғаушылық қызметтің құқықтық реттелуі. ҚР экологиялық аудиттің қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық негіздері
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті
Бухгалтерлiк есеп және оның ақпаратты аудит мәлiметiнiң көзi
Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер
Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстарының талдауы
Сыртқы және ішкі аудит
Пәндер