«Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі»



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу ... ... ..4
2. Инвестициялық.құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Құрылыстық сауда.тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4. Инвестициялық.құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекеттің қаржылық рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --
------------------3

1. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу----------4
2. Инвестициялық-құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары-----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-5
3. Құрылыстық сауда-тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары-------
----------------------------------- ----------------------------------- -----
7
4. Инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекеттің қаржылық
рөлі------------------------------- --------------------------11

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- --
-----------15

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- -----------------------
-----16

Кіріспе
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына
жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі
ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын
кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығынын арттыратын
және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет
және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият
әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп
отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге
мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып,
басқа біреулерге сатуы мүмкін.

1. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің құрылымдық саясатын іске асырудың негізін инвестициялық-
құрылыс кешені құрайды. Осы кешеннің қазіргі кездегі дамуын талдап-
зерттейтін болсақ онда төмендегідей заңдылықтардың қалыптасқанын байқаймыз:
- мемлекеттік күрделі қаржы көлемінің, әсіресе, өндірістік сфераға —
төмендеуі;
- инфляцияға және бағаның ырқына жіберілуіне байланысты, жалпы
күрделі қаржы көлемінде ;
- өтелімдік төлемдер үлесінің азаюы;
- құрылыс өндірісінің негізгі қорларын ұдайы өндіріп отыруға қаржы
жетіспеушшігі салдарынан, олардың тозу деңгейінің жоғарылауы;
- экономиканы нарықтық қатынастарға бейімдеу реформалары тыңғылықты
зерттеусіз, асығыс жүргізілуі себебінен қаржыландыру көздерін жоғалтып
алған құрылыс объектілерінде аяқталмаған өндіріс көлемінің өте жоғары
болуы;
- халық шаруашылығының материалдық, ғылыми - техникалық және
технологиялық негіздерін жаңарту үрдісіне шетелдік инвестицияларды тарту
мен ынталандырудың нормативтік-құқықтық негіздерінің тұрақсыз және әлсіз
болуы.

Жоғарыда айтылған тенденцияларды жою үшін мемлекеттің қазіргі
инвестициялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру үрдісіне жаңа
көзқарастар керек. Сөз, біріншіден, инвестициялық қорларды тек қана
экономиканың құрылымдық өзгерістерінің ғана емес, сонымен қатар
республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық
шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыруда болып отыр.

Екіншіден, осы саясатты жүзеге асыру механизмі күрделі қаржы
көздерінің жүйесі сан-салалы, әрі кәсіпорындардың өз қаржыларын пайдалануды
ынталандыру артықшылықпен жүргізілетінін қамтамасыз ете-тіндей болып
құрылғаны дүрыс. Осындай механизм шетелдік технологиялық ннвестицияларды
тартуды ынталандыру үшін де қажет.
Үшіншіден, халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек
жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты
жүзеге асыру керек.
Төртіншіден, басыңқы салалар мен өндірістерді қаржыландыру
республиканың экспортық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату
мақсатында жүргізілуі тиіс.
Жоғарыда көрсетілген шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың орта және
ұзақ мерзімдік кезендерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінее
есккерілуі тиіс. Осы жоспарлардың құрамында, ұлттық, аймақтық басыңқылар
бойынша жасалатын бағдарламалармен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік
инвестициялық бағдарламалар жасалынады.
Осы бағдарламаларды жүзеге асыру — халық шаруашылығының маңызды
салаларының бірі — құрылыс саласының арқасында ғана мүмкін болады. Бұл
саланың индустриалдық негізін құрылыс жұмыстарын кешенді түрде жүргізетін
құрылыс-монтаж ұйымдары құрайды. Қазіргі кезде бұл саланы басқаруда, меншік
тұрлерінің өзгеруіне, нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, нарықтық
инфрақұрылым институттарын құруға, құрылыс өндірісінің көлемінің өсуін
экономикалық ынталандыру тетіктері мен тиісті индикаторлардың енгізілуіне
байланысты түпкілікті өзгерістер жүріп жатыр.

2. Инвестициялық-құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары
Инвестициялық-құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары
басқару-ұйымдастыру сипатындағы шараларды жүзеге асырудан басталады.
Олардың қатарына төмендегідей шаралар жатады:
- құрылыс кешенін қаржыландыруды орталықсыздандыру;
- құрылыс ұйымдарының материалдық-техникалық, қаржылық
мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
- құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер мен оны жүргізуші
мердігерлердің өзара байланыстарына әкімшілік араласу шараларын қолдануды
жою;
- мердігерлік сауда (тендер) жүйесін қалыптастыру;
- құрылыс өндірісін басқаруды орталықсыздандыру арқылы құрылыс
ұйымдарына меншік түрлерін таңдау мен жұмыс түрі бойынша мамандандырылуына
толық еркіндік беру.
Дегенмен, қазіргі кездегі осы саланың дамуын зерттеулер ңәтижесі
көрсеткендей, жүргізіліп отырған монополияны жою, жекешелендіру, саланы
реформалау үрдістері кедергісіз, ауыртпалықсыз жөне жан-жақты болмай отыр.
Әсіресе, теменгі құрылыс ұйымдары Өздерінің материалдық-техникалық базасы,
ұйымдық құрылымы, мамандандырылуы, қаржылық мүмкіндіктері жағынан қатты
ерекшеленеді. Сол себепті, жоғарыда аталған үрдіс осы ерекшеліктерді ескере
отырып жүргізілуі тиіс.
Құрылыс кешенінің дамуын реформалауда мемлекеттің атқаратын рөлі — ол
жоғарыда аталған үрдістердің нормативтік-құқықтық базасын құру. Бұл жұмыс,
негізінен, екі бағытта жүргізіледі:
а) заңдар, жарлықтар, қаулылар мен басқа да құқықтық актілерді
қабылдау. Олар құрылыс өндірісінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын реттейді, ойын тәртібін" бұзған
жағдайда қолданылатын әкімшілік, экономикалық санкцияларды анық-тайды;
ә) экономикалық индикаторлар құрамын, мемлекеттік реттеу механизмдерін
(салық жөне несие мөлшерлемесінің деңгейін, бағаны т.б.) белгшеу.
Сонымен қатар, мемлекет республиканың ішкі құрылыс нарығын қорғау
шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарына шетелдік фирмалармен қатар,
қазақстандық құрылыс-монтаж ұйымдарының (мердігерлердің) міндетті түрде
қатысуымен өткізілетін құрылыс тендерлерін жүйелі түрде ұйымдастыру,
жекелеген құрылыс материалдарын экспорттау-импортау барысында лицензиялық,
кедендік реттеулерді қолдану, республика аумағында құрылыс жұмыстарын
жүргізу жөнінде шетелдік фирмалармен жасалған келісімдердің міндетті шарты
ретінде қазақстандық мамандандырылған жұмысшы кадрларды пайдалануды
белгілеу т.б. шаралар жатады.
3. Құрылыстық сауда-тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары
Құрылыстық сауда-тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары ретінде
төмендегілерді атауға болады.
- мердігерлік конкурс пен сауда-тендердің таңдалынған түрі
инвестордың инвестициялық - құрылыс қызметіне және мүмкіндікгеріне сай
болуы;
- үміткер-мердігерлердің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу
нысандарына, қайда орналасқанына қарамастан, оларға тең құқық беру;
- конкурс барысында ешбір үміткер-мердігерге өзінің монополиялық
мүмкіндіктерін пайдалануына жол бермеу;
- мердігерлік конкурстың міндетті шарттарын орындамағаны үшін
үміткерлердің жауапкершілігін қамтамасыз ету, т.б.
Нарық қатынастарының кеңеюі жағдайында инвестициялық-құрылыс кешенінің
дамуын реттеуде мемлекет тарапынан құрылатын тендерлік және мемлекеттік
сараптау комитеттері де жоғары рөл атқарады. Егер олардың алғашқысы
конкурстар мен мердігерлік тендерлерге қатысушылардың ұсыныстарын дұрыс
бағалауға мүмкіндік беретін барлық факгорларды еекеретін болса, ал
мемлекеттік сараптау жүйесі мемлекет үшін экономикалық, әлеуметтік жөне
экологиялық үтьщцы лық түрғысынан осы үсыныстар жобасының үстінен бақылау
жүргізеді.
Дегенмен, мемлекеттік сараптаудан өтпеген жобалар бойынша құрылыс жүріп
жатқан объектілер саны әлі де кеп. Құрылыс жүріп жатқан объекгілерде
бекітілген жобалық шешімдерді бұзу фактілері де кездеседі.
Осы жағдайлар, орталықта және жергілікті жерлерде (облыстарда)
көсіпорындарға (фирмаларға) жобалау, құрылыс-монтаждау, архитекторлық-
құқықтық бақылау жұмыстарын жүргізуге құқық беретін арнаулы лицен зиялау
қызметін үйымдастыруға қажетгілік туғызды.
Сонымен қатар мемлекет венчурлық бизнестің нормативтік-құқықтық және
ұйымдастыру негіздерін қалыптастырады. Венчурлық бизнестің мақсаты — жаңа
Технологиялар мен венчурлық (төуекелділік) капитал негізінде өнімнің жаңа
түрлерін өндіруді құру мен кіру, негізгі қорларды жеделдетілген телім мен
жабдықтарды (қовдырғыларды) жылдам жаңарту қаншасын жүзеге асыру,
шығарылатын өнімнің жоғары бе келестігінің арқасында қаржылық табыстарға
қол жеткізу болып табылады.

Дегенмен, инвестициялық-құрылыс кешенінде экономиканы мемлекеттік
реттеудің негізгі объектісі реті нде макрокөрсеткіштер саналады. Олардың
қатарың күрделі қаржы көлемі мен құрылымын (ұдайы өңдірістік,
технологиялық, салалық, аумақтық), оларды қалыптастыру көздерінің
параметрлерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін т.б. жатқызуға болады.
Соңғы кездері күрделі қаржы көлемінде өтелімдік төлемдердің үлесі
темендеуде, себебі оны есептеу базасы әлсіз (негізгі қорлардың тозу
деңгейінің жоғарылығы) және де олардың бір бөлігін инфляция "жеп" қойып
отыр. Осыған байланысты, үкімет халық шаруашылығы салаларының негізгі
қорларының қарапайым және ұдайы өндірілуін қаржыландыруды ұлғайту шараларын
іздестіруге мәжбүр болып отыр.
Әрине, бұл істегі ең негізгі бағыт — жеке меншік секторындағы
кәсіпорындардың өз қаржыларының рөлін жоғарылату.
Күрделі қаржы көлемін қалыптастыру көздерінде экономиканың мемлекеттік
және жеке меншік секторларындағы қызмет нәтижесінде және де "үй
шаруашылығынан" тапқан қаржыларының да рөлі жоғарылауы тиіс. Бұл жағдайда,
үкімет үшін өндірістік сфера салаларын бюджеттік қаржыландыруда қатал
саясат ұстауына мүмкіндік туар еді. Егер мемлекет кәсіпкерлер мен жеке
тұлғалардың іскерлік белсенділігін кетері үшін шаралар қолданатын болса,
онда үкімет шешімдері негізінде мемлекеттік күрделі қаржының салалық
құрылымы әлеуметтік салалар пайдасына өзгертіледі деп күтуге болады.
Сондықтан, макродеңгейдегі мемлекеттің реттеушілік рөлі республикалық жөне
жергілікті бюджеттердің шығындарын қай бағытта пайдалануды анықтауда айқын
байқалады. Ал, егер мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымын қарайтын
болсақ, онда соңғы кездері басыңқы салалардың үлесінің жоғарыдағанын
көреміз. Сөз отын-энергетикалық және металлургиялық кешендер салалары
туралы болып отыр.
Күрделі қаржының аймақтық құрылымын талдауда үш нәрсеге көңіл бөлу
қажет — жергілікті бюджеттердің (облыстық, қалалық, аудандық) кірістері мен
маңызының жоғарылауы, әлеуметтік-шаруашылық жағынан артта қалған республика
облыстары мен аудандарын артықшылықпен дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру
және жекелеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы шаруашылық инфрақұрылым саласының ролі
Ауыл шаруашылық өндіріс өнімінің есебі және оны жетілдіру
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының Мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігін бағалау
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі
Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы
Қант қызылшасын өсіру
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Пәндер