Қазақтың қолөнер - мәдениеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қасиетті халқымыздың қол өнер туындыларын жасау, оның құндылығын ұғына
білу әрбір қазақтың мақсаты болуы керек. Сондықтан, сегіз қырлы, бір
сырлы қалыптасуы үшін білім ордаларында жүргізілетін технология пәнінің
алатын орны ерекше.
Мектепте технология пәнін оқыту барысында көп міндеттер іске асырылуы
қажет, олар:
1. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізе білу қабілетін жетілдіру;
2. Тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға
машықтандыру;
3. Сәндік қолданбалы қолөнердің негіздерін жаңа заман талаптарына сай
әсемдей білуге үйреті.
Жоғарыда аталынып өткен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мектеп
оқушылары токарлық станоктың құрылыымен танысып, жұмыс істеудің әдіс-
тәсілдерін меңгеріп, жаңа заман талаптарына сай әсемдеу.
Қазіргі кезеңде тұрмыста көп қолданыла бермейтін ұлттық бұйым
нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек – бесік жасау технологиясын меңгеру,
қол өнер бұйымын жасау және оны қолдан алу, ұлттық туындыларды сақтап,
ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыра отырып, өнердің өшпес қазына екендігіне
көз жеткізу, бала тәрбиесінде тал бесіктің рөлі ерекше болғандығын дәлелдеу
мақсатында төмендегідей міндеттер туындайды.
1. Бала тәрбиесі бесіктен басталып, әдет-ғұрыптардың, ұлттық құндылықтар,
ана мен бала арасындағы мейірімділік қасиеттерінің барлығы бесік
арқылы сіңірілетіндігін ұғындыру.
2. Бесіктің қастерлі, қасиетті бұйым екендігіне көз жеткізу.
3. Бесіктің жасалу технологиясын қазіргі заманға сай жетілдіру.

Қазақтың қолөнер – мәдениеті
Халқымыз ежелгі замандардан бері еңбек етумен қатар уақыт ағымымен
бірге өнерін де ұдайы дамытып отырды. Солардың бірі халқымызыдң қолөнері.
Қолөнер тарихи – экономикалық, аяси – әлеуметтік жағдайларға
байланысты әр заманда әр түрлі сатыда дамып түрленіп отырды.
Ғылымда Андронов мәдениеті (б.з.д. XVIII – X ғ.) деген атпен
белгілі болған андроновтық тайпалардың қолөнершілері (шеберлері) сол кездің
өзінде – ақ әр түрлі қола қарулар пышақ, найза тағы басқа сәндік бұйымдар
мен сазбалшықтан әр т.лі ыдыстар жасп, оларды геометриялық өрнектермен
безендірген.
Қазіргі қазақ жерін мекендеген ертедегі сақ, үйсін, қаңлы тайпалары
қазақ халқын құрайтын негізгі тайпалар болып саналатыны ғылымда
дәлелденген.
Халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына Алдыңғы және Орта Азия,
Шығыс Европа скифтері мен Қиыр Шығыс, Сібір, Алтай халықтарының ықпалы зор
болды.
Ерте кездерден – ақ көршілес мемлекеттермен мдени қарым – қатынас
нығайып, саяхат, сауда жасау арқылы, әр мемлекет бір – бірімен өнердің
озық үлгілерін үйреніп, жетілдіріп отырған.
Ежелгі тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге шейінгі қазақ жерінен
табылған өолөнер үлгілерінің түпнұсқалары мен шынайы шеберлердің қолынан
шыққан өнердің озық үлгілерін бұл күнде музейлерден көріп те жүрміз. Ал,
енді қолөнер дегеніміз не, оның адам өміріндегі қызметі қандай? Қолөнердің
қандай салалары бар деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Қолөнер ғасырлар
бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халыө творчествосының сарқылмас қайнар
көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп,
жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі
өнер. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы,
әдет – ғұрып, салт – санасыфмен астасып қатар өркендейді.
Қолөнер адам баласының әсемдікке, нәзіктікке деген ұмтылысын, сол
бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген
құштарлығын танытады. Ол арқылы біз үлкен рухани – эстетикалық тәлім алып,
өнер әлеміне қанат қағамыз.
Кіп – кішкентай түймеден бастап, толып жатқан үй жиһаздары, ат
әбзелдері, қару – жарақ, мебель, музыка аспаптары, кілем, киім – кешек,
ыдыстар, әсемдік, сәндік бұйымдарының барлығы да халық өнерінің туындылары
болып саналады.
Қолөнер бұйымдарын көркем эстетикалық талғамме, нақышпен келтіріп
өрнектеп, әшекейлеп шығаратын адамдарды қолөнер шеберлері дейміз.
Әр шебердің өзі сүйетін материалы мен сол материалды ұсатып,
әшекейлеп өңдеуде меңгерген өз тәсілі болады.
Қазақ шеберлері көп қолданатынматериалдарға ағаш, металл, тері,
былғары, тарамыс, қайыс, жүн, жіп, ши, қамыс, киіз, мата, тас, бояу, сүйек,
мүйіз т.б. жатады.
Аталған материалдарды өңдеп, әшкейлеп әртүрлі бұйымдар жасау үшін
қолданатын тәсілдер: ою, қашау, құю, шеку, нақыс салу, өрнектеу, бояу,
ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иіру, бедерлеу, тігу, сыру, шабу,
қақтау,ыстау, лажылу, дәнекерлеу, құрсаулау, т.с.с. болып кете береді.
Әртүрлі ою ойып, ою – өрнек үлгілерін жасайтын адамдар оюшы, ағашты
көркемедеп өңдеп, одан түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе
ағаш ұстасы дейді.
Темірден түйін түйіп, әртүрлі өндіріс құралдарын соғатын адам темір
ұстасы, ал түрлі метадар мен тастарды пайдаланып, өте нәзік сәндік
бұйымдарын жасайтын шеберлерді зергер деп атайды.
Осы сияқты істейтін ісінің ыңғайына қарай әр шебер: тігінші, кестеші,
өрімші, бәдізші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы т.б. болып
атала береді. Қазақта Жігітке жеті өнерде аз деген мақал бар. Егер кімде
– кім бірнеше өнерді бірдей жетік меңгерсе, ол адам туралы: Он саусағынан
өнер тамған, бесаспап шебер екен дейді. Мысалы, қазақ шеберлерінің
арасындамкиіз үйдің сүйесін түгел жасап, құрастыратын үй бораушы шеберлер
немесе ат әбзелі ер – тұрмен, саймандарын басынан аяғына шейін өзі жасайтын
бесаспап шеберлер көп болған. (Ат әбзелін түгел жасап шығу үшін ағаш шабу,
тері илеу, өру, алтын, күміспен жұмыс істеу, көркем құйма тағы басқа
тәслдердің тенологиясын жетік меңгеру қажет).
Өнер сүйіп, өнер сыйлап өскен қазақ халқы әр уақытта өнерлі, шебер
адамдарға үлкен ілтипат көрсетіп, құрметтеп келген.
Халық қолөнерінің тарихын біоіп, оның құпия құбылыстарын игеру, халық
қазынасын байыта түсу бүгінгі талапкер жастарға үлкен сын. Ол үшін ұдайы
талаптанып, үзбей тер төгу керек. Сонда ғанан бесаспап шебер болып шығасың.
Халқымыздың қасиеті қолөнері атадан балаға ауыса отырып, өте жақсы
дамыған күрделі өнер. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды
өте үлкен талғаммен жасалған өнер туындылары деп бағалаған жөн. Өйткені
көптеген халыөаралық көрмелер мен байқауларға,өнер фестивальдары мен
форумдарына қолөнер туындалырын қойып, байқағанымыз біздің қолөнеріміз әлем
халықтарының қолөнерімен терезесі тең, тіпті кейбір тұстарда көп елден
шоқтығы биік тұр.
Осы ктап – альбомға халық қолөнерінің киіз үй және оның жасалу
жабдықтары, жүннен жасалатын бұйымдар, ши тоқу, мүйіз бен сүйекті ұсату,
бәдізшілік өнері, қыштан жасалатын көркем бұйымдар т.б. қолөнерінің
салалалры кітап ауқымы көтермейтіндіктен кірмей қалды.
Және бір өкінішті жағдай, қазірбіздер музейлерден көріп тамашалап
жүрген қолөнер туындыларының авторлары белгісіз. Қолөнерін зерттеп-
зерделеу өнертанушы, мәдениеттанушы, этнографтардың ғана үлесі деген ұғым
дұрыс емес. Оған ғалымдар, педагогтар, өнер сүйер азаматтардың барлығы да
араласқаны жөн.
Қазақ халқын жер жүзінің көп халықтарынан ерекше көрсететін қасиеті –
ол мәдениет мен өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Қазір жастар арасында
Европа мәдениетіне еліктеу, солықтау үрдісі басым. Өз халқының тілін,
мәдениетін жете білмеген адам басқа елдің мәдениетімен алысқа бара алмасы –
ақиқат.
Халықтың қолөнері мемлекет тарапынан да қолдау табуы шарт. Оған ел
басқарып отырған азаматтар мен мәдениет саласындағы лауазым иелері мен
мамандар баса назар аударса нұр үстіне нұр!

Ағаш өңдеу және оның түрлері

Шебердің қолында кәсіп болған бұл ағаш
Қашаған жырау

Ағаш – адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған
материалдың бірі болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап
өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор,
маңызды материал.
Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең байтақ
еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз
ақсап жатқан болар еді .
Сондай – ақ қазақ жері де орман – тоғайға өте бай. (Республикамыздың
жалпы орман қоры 22 млн га.)
Бағзы замандардан – ақ адам баласы ағаштың қасиетін жоғары бағалаған.

Дүние жүзінің көптеген халықтары ағашты киелі санап, ағашқа табынған.
Африка елдерінде ағашты қимастан (жықпастан) бұрын ағаштың түбіне пальманың
майын құяды екен.
Соңғы кездерге шейін Тунгустар ағашты кескенде, ағаш ауырсынып
жылайды – мыс деп сеніп келген.
Беларустарда ертеректе шетен ағашын қиған адам өледі, сықырлап тұрған
ағашты қиюға болмайды, себебі онда адамның қиналып тұрған жаны бар, немесе
сондай ағаштан салынған үйдің тұрғындары көкжөтелмен ауырады; безі бар
ағашты қиған адамға жара шығады, өсіп тұрған ағаштың қабығын аршыса мал
қырылады – мыс деген сенім болған.
Поляктар жай соққан ағашты, өзегі бар қаоағайды құрылысқа
пайдаланбайды. Әсіресе қураған бұтағының орны қуыс болып қалған ағаш өлім
шақырады деп қатты қорқады.
Орыс шаруаларында жөке ағашын қиған адам орманда адасып кетеді деген
сенім болған.
Ежелгі Римнің тарихшысы әрі жазушысы Танит байырғы германдықтардың
емен мен қарағай киелі ағаш, оларда бүкіл тіршілік иелерінің жаны
мекендейді деп сенгендігін жазады. (Лес и человек 1979 Ежегодник, изд.
Лесная промышленность).
Сол сияқты қазақта да ағашты бейберекет қиюға тыйым салатын көптеген
ырымдар бар.
Егер науқастың беті бері қарамай қатты қиналып жатса, қиналмай тез
үзіліп кетсін деп үйдің уығын немесе тамның арасын жонатын ырым бар.
Тере берсек ағашты киелі санайтын осы тектес парамельдер барлық дүние
жүзінің халықтарында кездеседі.
Осыдан барып ерте кезден – ақ адамзат санасында экологиялық тепе –
теңдікті сақтауға ұмтылушылық, табиғатты аялау, қорғау сияқты ізгі ниет
болғандығын байқаймыз.
Қарағай
Домбыра қолда қарағай,
Қолға да оны алған соң,
Жүйрік туған ағаңыз,
Арыдан бері тербетер
Шал ақын.
Ағаштардың ішінде ең шешені сөйлегіші қарағай деп санайды музыка
аспабын жасаушы шеберлер.
Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды, немесе басқа ағаштан
шабылған домбыраны қақпағын міндетті түрде қарағайдан алады. Шеберлер сан
жылдаған тәжірибенің нәтижесінде қарағайдын тербелу арқылы дыбыс шығару
(резонанс) қабілеті өте жоғары екендігін дөп басып таба білген. Әдетте
халық шеберлері домбыра жасау үшін ұрғашы қарағайды таңдап алады. Ұрғашы
қарағай - дегеніміз таудың теріскені беткейіне (қапталына) өскен қарағай
діңінің солтүстік жағындағы жартысы. Ұрғашы қарағайда, яғни ағаш дінінің
бағыттағы жартысында бұтақ болмайды, жылдық сақиналарды жиі, әрі шайыры аз
болғандықтан дыбыс шығару қасиеті жоғары болады.
Тұт ағашы
Бір жыл тұт еккен кісі
Жүз жыл гауһар терер
Өзбек нақылы

Тұт еккенің – құт еккенің
Қазақ нақылы
Тұт ағашы негізінен жібек құртын өсіруге пайдаланады. Орта Азияның
шеберлері музыка аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағаш ретінде тұт ағашын өте
жоғары бағалайды. Одан музыка аспаптарының тұтас шайып та, құрап та жасауға
болады. Дыбыс жаңғырту қасиеті өте жоғары болады.

Үйеңкі
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым
Қорқыт
Үйеңкі – қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ – сарғыш түсті
болып келеді. Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әжірлеуге де
болады. Үйеңкі Кавказда, Карпат тауларында, Қазақстанның таулы аймақтарында
көптеп кездеседі. Музыка аспаптарын әзірлеуге өте қолайлы ағаш.
Емен
Өзегінен қара емен,
Ойып алған қобызым
Қорқыт
Балтаға емен де бас иеді.
Халық нақылы
Емен – өте қатты, тығыз берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш –
қоңыр болып келеді. Емен ағашының музыка аспаптарын жасағанда өте абай болу
керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен кептірмесе, өзегін қуалай
шатынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте әдемі болады,
ұстала келе табиғи өрнектері жылтырай береді.

Қайың
Атақты адамзатқа қайың едім,
Жаратса не керекке дайын едім
Жолдекей ақын.
Қайың – сүрегі біркелкі ақ түсті қатты ағаш. Музыка аспатарын
жасауға көбінесе қайыңның түбір безін пайдаланады. Қайыңның безінен
жасалған бұйым әдемілігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды,
ыстық-суыққа төзімді болады.
Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін қолданады.

Терек
Қолғас алса терек, қобыз бақсы болар,
Домбыра істеуге де жақсы болар
Жолдекей ақын
Терек – сүрегі ақ түсті жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп
жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі.
Теректен көбінесе музыка аспаптарын тұтас шабады. Теректі зімпарамен
(наждак) өңдесе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым
жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды.

Тал
Бір тал кессең,
Он тал ек
Өзбек нақылы
Тал – иілгіш, сүрегі ақ түсті жұмсақ ағаш. Кебе келе қатайып кетеді,
кепкен тал өте жеңіл болады. Талды көбінесе домбыраны құрап жасағанда иін
болып кететін жерлеріне қолданады.
Өмірталды домбыраның сыртын әшеукейлеуге пайдаланады. Талды су
кезінде иеді. Сондықтан шеберлер тал шағында бүкпесен, таяқ шағында
иілмес - дейді.
Жеміс ағаштары.
Ағаш жемісімен де.
Желегімен де қымбат
Халық нақылы

Жоғарыда қазақ топырағында көп кездесетін ағаш түрлерімен таныстырып
өттік.
Солармен қатар шеберлер музыка аспаптарын жасау үшін жеміс
ағаштарының барлығын жарамды деп санайды. Олар: алма, алмұрт, жиде, шие,
долана, алхоры, өрік т.б.
Барлық жеміс ағаштарына тән қасиет: қатты, тығыз, жылтыр болып
келеді.
Халқымызда ағаштың әр түрлі қасиеттерін жоғары бағалап, одан тұрмыста
тұтынатын әр түрлі бұйымдар жасап, Әкеден мал қалғанша тал қалсын, Бабын
та та бақ өсір деген нақыл сөздерді бекер айтпаған.
Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін әр ағашқа тән қасиеттерін
жақсы білуі шарт. Олар ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі,
серпімділігі, түсі, дәмі, тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлылығы, дыбыс
өткізгіштігі т.б.
Дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары ағаштарды шеберлер тілімен шешен
ағаштар деп атайды. Шешен ағаштарға жататындар: тянь – шань қарағайы, тұт
ағашы, жеміс ағаштарының барлық түрлері.
Су ағашты бабымен кептіру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол үшін
ағаштың қабығын аршып, егер ағаш дінінің диаметрі 10-15 см жуан болса, онда
құрғақ лапастың астына ағаштың жуан жағын (түп жағын) жоғары қарата тігінен
тұрғызып қойып кептіреді. Көлденең кесіндісіне сыр жағып кесілген жерінен
бір – екі елідей шегіне сым темірмен буып бұрап қойған дұрыс.
Күн көзі ағашқа тура түссе ағаш жарылып, іске жарамсыз болып қалады.
Ертеректе халық шеберлері ылғал ағаштың қабығын аршып өн – бойын тұтас
сиырдың жапасымен сылап, көлеңке жерде кептірген.
Сол сияқты ағаш дайындамаларды құрғақ құм, топырақ, ағаш үгіндісі мен
құрғақ жапыраққа көміп қойып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тоқыма өнерінің мәдени мұрасы
Кілем кестелерімен безендірілген камзол үлгілерінің жинағы
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Решелье техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Ежелгі Отырар қаласы
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Айқас кестесі техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеу
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Пәндер