Өнердегі импрессионизм бағытының кеңістік жүйесі туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Шынайы сұлулық адамның рухани баюына,

болмыс құпияларының сырын білуге және

әдеміліктің мәнін түсінуге мүмкіндік береді»

Мәдениет - қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н. Ә. Назарбаев: « . . . бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген.

Өнер - қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.

Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де қалдырған.

Өнер қалай пайда болды?

Буржуазиялық социологтары мен өнер теоретиктері әдетте өнерді «адам жанының құпия қасиетінен» немесе адамның туысынан бірге болатын «тамашалау сезімінен». Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес.

Кейбір буржуазия теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп түсіндіреді.

Ал өнерді тудырған қоғамдық қажеттіліктер қандай?

Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары - күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды тәрбиелеу.

Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы.

Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады.

Өнер дүниені адамның нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне негізделеді.

Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді

Өнер де жалпыны бейнелендіреді, бірақ оны абстракция формасында емес, жинақталған жеке образ формасында немесе, өнер тілімен айтқанда, типтік образ формасында бейнелендіріледі. Шындықта жалпы типтік образ жеке нәрселерде ғана өмір сүруде, демек, жеке нәрселер арқылы көрінеді. Сондықтан өнердегі типтік образ дегеніміз жинақталған, жалпыланған образ. Бірақ ол жалпыланған типтік образ жеке образ арқылы бейнелендіріп көрсетіледі.

Өнердің шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол көркем образ болып табылады.

Көркем образ дегеніміз ең маңызды, типтік образды жеке образ арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.

Демек, көркемобразды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.

Өнер - қоғамдық сананың идеологиялық формасы. Өнер идеологиямен екі тұрғыдан байланысты. Біріншіден, ол белгілі бір таптың мүддесіне қызмет етіп, оның саяси, моральдық, философиялық, эстетикалық және тағы басқалардың көзқарастарының насихатшысы және, екіншіден, ол адамдардың қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге қызмет етеді.

Өнердің келесі ерекшелігі сол, ол - қоғамдық сананың эстетикалық сезім тудыратын формасы /3/. Суретші, жазушы шындық құбылыстарына тән эстетикалық сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда өмір белгілі бір эстетикалық идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни өнер шындық нәрселері мен құбылыстарын көрікті немесе көріксіз, көңілді немесе көңілсіз, қайғылы немесе күлкілі деген сияқты категориялар формасында бейнелеп, баға береді.

Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәйкес қана емес, «әдемілік заңы бойынша» да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын К. Маркс.

Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстерын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз.

«Өнер» - мәдениеттің айнасы деп бекерде бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері қалыптасады.

Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз. Өнер - адами ақиқат, адамдандырылған «екінші әлем». Өнер, көркем бейне және жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.

Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады. Өнер арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне әсер ететіндігін білдіреді.

Әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамнің еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнердікөп ойшылдар өз ләззаты, өз рахаты өзінде, ешнәрсеге тәуелсіз «мақсатсыз» мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды. Бұл тұста таза өнер мен кәсіп-өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс философы И. Кант таза өнер мен кәсіп-өнерді ажыратып қарастырды да, біріншісін - еркін өнері, екіншісін - табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант бұл жерде еркін өнер деп адамныңөзінің рухани болмысынан шыққан образды шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы талғамына, сұранысына аңғайластырып жасалынады.

Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.

Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.

Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді - сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Осыған орай берілген ғылыми жұмыстың мақсаты: өнердегі импрессионизм бағытының кеңістік жүйесі туралы мәлімет айқындау.

Берілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді алдыға қойдық:

  1. берілген тақырып бойынша әдебиетті зерттеу;
  2. импрессионизм ұғымының пайда болу тарихын білу;

Зерттеу барысында жинақтау, топтастыру, аудару және сәйкестендіру әдістері қолданылды.

  1. ХІХ ғасыр өнерінің дамуы

ХІХ ғ. - бұл классикалық жаратылыс танудың гүлденуі, ғылымдардың біртұтас жүйесінің құрылуы. Жаратылыс танудың өндіріспен байланысы тығыз болды. Өнеркәсіпке жұмыс істейтін бірінші ғылыми зерттеу зертханалары пайда болды. Жаратылыс танудың әр түрлі салаларындағы жаңа ғылыми жаңалықтары өнеркәсіптің жетекші салаларының дамуына әсер етті: металлургия, энергетика, машина жасау, аспап жасау, көлік, химиялық өнеркәсіп.

Қарапайым практикалық тәжірибе өндірістік процестерді теориялық ұғынумен және дәл инженерлік есептеумен толықтырыла түсті. Электрдің табиғатын зерделеу нәтижелері электроэнергияны байланыс жүйелерінде, жұмыс машиналарының жетекті құрылғыларында, әр түрлі кәсіпорындардың көптеген технологиялық процестерінде, үйлер мен көшелерді жарықтандыру үшін қыздыру лампаларын жасауда қолдануды мүмкін етіп, электротехниканың дамуының теориялық негізі болды.

Паровозды, іштен жанғыш қозғалтқышты, телефонды, радионы, киноны және басқа көптеген заттарды ойлап табу ғылым мен техникада төңкеріс жасады, үлкен тарихи мәнге ие болды.

ХІХ ғ. ғылым мен техниканың дамуында болған ұлы өзгерістер Европа континентінің барлық елдері мен халықтарының әдебиеті мен өнерінің дамуына көп үлес қосты.

Капитализмнің қалыптасу дәуірі - европалық көркем мәдениеттің дамуындағы жаңа дәуір. Осы дәуірде классицизм, романтизм, сыни реализм, импрессионизм қалыптасты.

Осы маңызды бағыттардың Европа мәдениетінің дамуындағы мәні мен мазмұнын қарастырайық.

Классицизм (лат. classicus - үлгілі деген сөзінен) XVIII ғ. француз мәдениетінде қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық ағартушылықпен байланысты болды және қоғамның буржуазиалық-революциялық құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және өнегелі идеалдарды бейнелеуге, айқын, үйлесімді бейнелерді жасауға тырысты. Сонымен қатар классицизмге утопизм, идеализация, дерексіздік, академизм белгілері тән болды.

Неміс әдебиетінде классицизм өкілдері - И. В. Гете және И. Ф. Шиллер.

Иоганн Вольфганг Гете (1749-1832 ж. ж. ) - неміс әдебиетінің негізін қалаушы, Петербург Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі өзінің әдеби қызметін бүлікшіліктен («Дауыл және тықсыру» бағытына қатысу), сентиментальды романтизмнен («Жас Вертердің азап шегуі») бастады, веймарлық классицизм кезеңінен өтті және «Фауст» трагедиясында өмір проблемаларын философиялық түсіндіруге тырысты.

Иоганн Фридрих Шиллер (1759-1815 ж. ж. ) - ақын, драматург, «Дон Карлос», «Мария Стюарт» трагедияларының, «Вильгельм Телль» драмасының авторы.

Романтизм (франц. romantisme, орта ғасырлық romant - роман) - Европаның барлық елдерінде және Солтүстік Америкада дамыған идеялық-көркем бағыт. Ғылымның, әдебиет пен өнердің барлық салаларында бейнеленді.

Германияда романтизм XVIII-ХІХғ. ғ. қалыптасты және ХІХғ. бірінші ширегінде жақсы дамыды. Классицизм дәстүрлері күшті болған Францияда романтизмнің қалыптасуы, әсіресе театр өнерінде ұзаққа созылды. Романтизм кең қоғамдық топтардың буржуазиялық революция нәтижелеріне қанағаттанбаудан, ұлттық езгі, саяси реакцияға қарсы шығудан шықты. Романтизм өкілдеріне XVIII ғ. ағартушыларының іліміне көңілдері толмау тән болды. Романтизм тұлғаның утилитаризмі мен біркелкілігіне шексіз еркіндікке талпынуды, жетілуге және жаңаруға құштарлықты, жеке және азаматтық тәуелсіздік пафосын қарсы қойды. Романтикалық қозғалыс өкілдері ұлттық өткен тарихқа (кейде оларды идеалды етіп көрсетті), өз халқының және басқа халықтардың фольклор дәстүріне және мәдениетіне қызығушылық тудырды, әлемнің универсиалды кейпін жасауға тырысты.

Романтизмнің нағыз отаны Германия болды. Неміс романтизмі Жан Поль (1763-1825 ж. ж. ), Генрих фон Клейст (1777-1811 ж. ж. ) тәрізді белгілі жазушыларды тудырды. Эрнст Теодор Амадей Гофман (1776-1822 ж. ж. ) романтизм шыңына шықты. Оның туындыларына драматизм мен сарказм, лирика мен гротеск тән (мысалы, «Албасты эликсирі») . Ол тұрмыстағы шындықты сыни қабылдады («Алтын құмыра» повесі, «Құйтақандай Цехес», «Бүргілер билеушісі» ертегілері) . Гофман - неміс музыкалық эстетикасы мен сынының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы романтикалық опералардың бірі «Ундинаның» авторы. Гофманның поэтикалық бейнелері Р. Шуманды («Крейслериана»), Ж. Оффенбахты («Гофман ертегілері»), П. И. Чайковскийді («Щелкунчик» балеті) шабыттандырды.

ХІХ ғ. бірінші жартысында Германияның ұлы ақыны, өз шығармашылығында романтика мен иронияны үйлестірген Генрих Гейне (1797-1856 ж. ж. ) өмір сүрді.

Англияда Дж. Ноэль Гордон Байронның (1788-1824 ж. ж. ) лирикалық романтизмінің ықпалы зор болды. Оның «Чайльд Гарольдтың қажылығы» поэмасы романтикалық бүлікші, Наполеон кезеңінен кейін көңілі қалған қаһарманды өмірге әкелді. Белсенді гуманизм мен әулиелік болжамдары Байронды сол кездегі Европаның ойшылы етті.

Ағылшын романтизмінің өкілдері - Дж. Китс пен Б. Шелли. Дж. Китс (1795-1821 ж. ж. ) - «Эндимион» патриархалды-утопиялық идилияның авторы, онда пуритандық екі жүзділікке қарсылық көрсетілген. «От», «Психея» одаларында ақын табиғат сұлулығы мен үйлесімін дәріптейді. Ол - «Гиперион» символико-аллегориялық поэмасының авторы.

Перси Бишу Шелли (1792-1822 ж. ж. ) - «Маб ханзадасы» аллегориялық поэмасының авторы, шығармада қазіргі қоғамның әдепсіздігі әшкерленеді. «Исламның көтерілісі» поэмасында Шелли жауыз патшаны зорлықпен орнынан түсіруді ақтайды. «Ченчи» трагедиясында және «Бостандық алған Прометей» лирикалық поэмасында бостандық пен зорлық-зомбылық проблемаларына философиялық түсінік береді. Бірақ осы ақындар дүниеден кетісімен ағылшын романтикалық қозғалысы сөнеді.

Музыкадағы романтикалық бағыт бай және дарынды болды. Бұл неміс композиторы, музыка сыншысы, романтизм эстетикасын суреттеуші Р. Шуман (1810-1856 ж. ж. ) . Ол бағдарламалық фортепьяналық циклдердің («Көбелектер», «Карнавал», «Фантастикалық пьесалар», «Крейслериана»), лирико-драмалық вокальды циклдердің, «Геновена» операсының, «Рай мен Пери» ораториясының және басқа туындылардың авторы.

Француз композиторы мен дирижері Г. Берлиоз (1803-1869 ж. ж. ) романтизм өкілі болды. Оның туындыларына «Фантастикалық симфония», «Траурлық-триумфальды симфония», «Трояндықтар» опера-дилогиясы, Реквием жатады. Романтикалық бағыт неміс композиторы, дирижері, музыкалық жазушысы, опералық өнер реформаторы Р. Вагнердің (1813-1883 ж. ж. ) шығармашылығында да кездеседі. Оның мына опералары белгілі және кең танымал: «Риенци», «Ұшатын голландиялық», «Тангейзер», «Лоэнгрин», «Тристан мен Изольда» және көптеген басқа музыкалық туындылар.

Романтизм идеясы венгр композиторы, пианисті, дирижері Ф. Листтің (1811-1886 ж. ж. ) шығармашылығында суреттелген. Ол «Фауст-симфония» ораториясын, 13 бағдарламалық симфониялық поэма, 19 рапсодия, этюд, вальс, 70 шақты басқа музыкалық туындылар жазған. Романтикалық бағыттың өкілі поляк композиторы және пианисті Ф. Шопен болған (1810-1849 ж. ж. ) . Ол 2 концерт, 3 соната, 4 баллада, скерцо, бірқатар экспромталар, ноктюрндар, этюдтар, әндер жазған. Бұл композиторлар - Европаның ғана емес, әлем мәдениетінің мақтанышы.

Ресейде ХІХ ғ. бірінші жартысында белгілі композитор, орыс классикалық музыкасының бастаушысы, музыкадағы романтизм мен реализмнің негізін қалаушы М. И. Глинка (1804-1857 ж. ж. ) өмір сүрді. Оның «Патша үшін өмір сүру» («Иван Сусанин»), «Руслан және Людмила» опералары, «Комаринская», «Испан увертюралары» симфониялық шығармалары, романстары бүкіл әлемге кең танымал. Атақты орыс композиторы А. С. Даргомыжский (1813-1869 ж. ж. ) - орыс классикалық музыкалық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Русалка», «Тас қонақ», «Эсмеральда» опералары және басқа музыкалық туындылары әлем музыка мәдениетінің қазынасына енді.

Кескіндемеде де романтикалық тенденциялар байқалады. Француз кескіндемесіндегі романтизм бастауы Т. Жерико (1791-1824 ж. ж. ) шығармашылығымен байланысты. Оның басты жұмыстарының бірі - «Медуза салы» полотносы. Романтизмнің керемет құбылысы - Э. Делакруа кескіндемесі (1798-1863 ж. ж. ) . Ол көбінесе Байрон поэзиясының мотивтеріне полотно жазған және бірқатар тарихи композицияларды дүниеге әкелген. 1830 ж. революциялық оқиғалардың қызған кезінде ол бүлікшілік пафостағы, романтизмге тән картина жазады, оны «Халықты бастаушы еркіндік» деп атаған.

Реализм ХІХ ғ. 30-40 ж. ж. көркем әдебиет пен бейнелеу өнеріндегі романтизммен қатар орнайды, бірақ ХІХ ғ. ортасында ол Европа мәдениетіндегі басты бағыт болады.

Әдебиет пен өнердегі реализм - көркем шығармашылыққа тән құралдармен шындықты ақиқат, объективті бейнелеу.

Францияда 30-40-жылдары әлем таныған жазушылар өздерінің ең үздік реалистік туындыларын жазады, олардың қатарында 95-томдық «Адамгершілік комедиясын» жазған О де Бальзак (1799-1850 ж. ж. ), «Париж әйел құдайының соборы», «Тоқсан үшінші жыл», «Шеттетілгендер» романдарының авторы В. Гюго (1802-1885 ж. ж. ), «Бовари ханымы», «Сезімдерді тәрбиелеу», «Саламбо» романдарының авторы Г. Флобер (1821-1880 ж. ж. ) болды. П. Мериме (1803-1870 ж. ж. ) - новелла жазу шебері («Матео Фальконе», «Коломба», «Кармен»), пьесалардың, тарихи хроникалардың авторы («Карл ІХ кезеңінің хроникасы») .

30-40-жылдары реализм Англия әдебиетіндегі жетекші бағыт болды. Ағылшын сыни реализмінің негізін қалаушы Ч. Диккенс (1812-1870 ж. ж. ) болды. Атақты сатирик және юморист реализм шыңы болатын туындылар жазды («Домби мен ұлы», «Ауыр кезеңдер», «Үлкен үміттер») . Оның замандасы У. Теккерей (1811-1863 ж. ж. ) «Мансап құмарлық жәрмеңкесі» романында, «Генри Эсмондтың тарихы» тарихи туындысында, «Көрсеқызарлар кітабы» сатирикалық эсселер жинағында, «Даңқты жазып шығарушылар романдары» пародиялар циклінде буржуазиялық қоғамға тән кемшіліктерді көрнекі түрде көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік мәдениет тарихы
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Модернизм эстетикасы
ХІХ ғ. Европа мәдениеті
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
Өлең мен оның құрылысы
Модернизм дәуірінің өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz