Мемлекеттің азаматтық-құқық қатынастардың құқықтық жағдайының ерекшелігі


Мемлекеттің азаматтық-құқық қатынастардың құқықтық жағдайының ерекшелігі
Кіріспе
Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің, әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болса сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сатып алу-сату мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағына бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен айыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алғаның қайтарып беруге міндетті және тағы сондай сияқты.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік - аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
1 тарау. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері
- Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін бару үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1 - бабының 1- тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынасар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субьектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын” атай келе, “азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады” десе, осы баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субьектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
1. Азаматтық заңдарда 1994 - жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1- бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда “Нормативтік құқықтық актілер туралы”1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
2. Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 - бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқықтық нормалары бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншік тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншік мәселелері Конституцияның 26 - бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтырдың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатыныстарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 - 18 баптарында жатыр.
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24- тараудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны болып табылады.
Азаматтық құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына арыласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан немесе сан жағынан бір кемшілігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқықтық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру-осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрәнің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Адамдар тарихтың объективті зандарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшандатады немесе баяулата алады.
- Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
1. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері : жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұны құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсеге оның объектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .
2. Осыған орай, құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте «құқық» сөзі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін «Азаматтық құқық» «құқық нормалары» дегенде қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі «құқық» дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын «құқықтың объективті мағынасындағы құқық» деп немесе «объективті құқық» деп атайды.
Біз күнделікті өмірде «Менің меншік құқығым бар», «Сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ», «Оның зейнетақы алуға құқығы бар» тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кездесетін «құқық» сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақты адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда «құқық» туралы субъективтік мағанасында немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептеледі. Құқық қатынастарының элементі ретінде айтқанымызда, біз субъективтік құқық туралы да айтамыз. Бұл «құқық» деген сөзге беретін екінші мағына.
Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісіне сатып алушы үйді алуға құқылы да, оны беруге міндетті.
3. Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық, қатынастарын тудырмайды.
Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бөлінуі т. т заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сатып алу-сату, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртіптейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында немесе сондай-ақ заңды тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сатып алу-сату туралы АК-тің баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сатып алу-сату мәмілесіне кірісуі керек.
Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің, қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды (АК-тің 7-бабы, 8-тармағы) . Адамның елеуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері - осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың, әрекеттері де заңдылық факті болып табылады (АК-тің 7-бабы, 7-тармағы) . Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айрылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады. Алайда, құқық, тәртіптері тұлғалардың жүріс-тұрыстарының бәріне бірдей заң әрекеттері деп маңыз бермейді, біздің әрекеттеріміздің көбі құқық үшін бейтарап әрекеттер, бұл әрекеттер заңдылық қатынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақаласын ойланып отырғанда, кәдімгі жағдайдағы оның қызметтері құқық шеңберінен тыс жатады.
Заңда, заңдылық салдары бар деп табылатын әрекеттердің мазмұны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде - істелген іс немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан (өзін-өзі ұстап қалған) түрде - әрекетсіздік түрінде, үн қатпай қалғандық түрінде кездеседі.
Заңды және заңсыз әрекеттер (құқыққа сыйымды және құқыққа сыйымсыз әрекеттер) . Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 4-шы тарауы) .
Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс, тағы сондай сияқты.
Кейбір әрекеттер құқық тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана, яғги заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мәселен, АК-тің 917 -бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру (деликт) болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқа тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндетті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Зиян келтірушінің жауаптылық мөлшері.
“Жауапкершілік” термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.
“Әлеуметттік жауапкершілік” түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілік тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түрін юридистикалық жауапкершілік түсігіне ұқсастыруға тырысады. В. А. Тархованың пікірі бойынша: “өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы -юридистикалық жауапкершілік”, -дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәрбиелік мағынасынан айырады.
Қоғамдық өмірде “рухани жауапкершілік” категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түріаен ерешеленеді.
Әдебиеттерде және заңдылықтарда “экономикалық жауапкершілік” түсінігі жиі кездеседі. Бұл ретте байқағанымыздай, “Экономикалық жауапкершілік” түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол “Мүліктік жауапкершілік” түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске өту, осындай түсінікті құқыққа сыйымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпалымен эконмикалық әдістердің заңмен бекітілуі “экономикалық жауапкершілікті” құқық бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде “экоеомикалық жаупкершілік” түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік -құқықтық шара туралы сөз болып, ал азаматтық құқықтың жауапкершілік түсінігі қарастырылмайды.
Алайда, нарықтық экономика жағдайында “экономикалық жауапкершілік” түсініг мағынасын жоғалтады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.
Юридистикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі; екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады; үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын санкция заңымен блегіленуі керек.
Юридистикалық жауапкершлік құқық бұзушыға қолданатын мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер ететін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші шара ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық құқықта ерекшеліктері бар . Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші азаматтық құқықтың пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz