Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе
1. Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы АЭА-ды құру мақсаттары мен түрлері
3. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы АЭА-тар рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Алдағы он жылдықта біздің мемлекетіміз әлемнің 50 бәсекеге қабілетті
мемлекеттерінің қатарына енуге, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын
алуға ниетті. Сондықтан да экономиканы әртараптандыру және жаңғырту
негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнімнің бәсекелік түрлерін
шығару мен экспортты ұлғайту үшін жағдайлар жасау мақсатында бірқатар
стратегиялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Осындай жобалардың бірі
– арнайы экономикалық аймақтарды дамыту болып табылады.
Жұмысты жазудағы мақсат – АЭА-тарды құрудың экономикалық мәні мен
мазмұнына теориялық жағынан тоқтала отырып, Қазақстандағы АЭА-дың жедел
дамуына талдау жасап және оның даму деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар
жасау.
Аталған мақсаттарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылады:
- АЭА аймағын игеру және жеделдетіп дамыту;
- Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық
прогрестің қазіргі талаптарына сәйкестендіру;
- Арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің әлемдік
тәжірибесіне талдау жасау;
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I Бөлімде - Арнайы экономикалық аймақтардың мәні мен мазмұны және
олардың құрылу ерекшеліктері қарастырылады.
II Бөлімде - Қазақстан Республикасындағы АЭА-тар қандай мақсатта
құрылады және оның түрлері көрсетілген.
III Бөлімде - Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы АЭА-тар
рөлі, маңызы сипатталған.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Аймақтық мәселелермен
айналысатын отандық ғалымдардың зерттеулері, Қазақстан Республикасы
Президентімен және Үкіметтің Қаулылары.
Сандық мәліметтер Нұрастана , Егемен Қазақстан , Дала мен қала
басылымдары және интернет сайттары: www.railways.kzindex; e.gov;
kz.stslogistsks.net; www.kazakhstankz; kaz.new factory.kz қолданылды.

Арнайы экономикалық аймақ – экономиканың дамуына және капиталды
инвестициялауға жағдай жасайтын, шетел және ұлттық кәсіпкерлерге ерекше
жеңілдетілген шарттар орнатылған, ұлттық-мемлекеттік жердің шектелген
бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар сыртқы сауда, жалпы экономикалық,
әлеуметтік және ғылыми-техникалық міндеттерді шешу үшін жасалады.
Индустриялық инфрақұрылымды одан әрі қалыптастыру арнайы экономикалық
аймақтар мен индустриялық аймақтарды құру мен дамытуды білдіреді. Арнайы
экономикалық аймақтар өңірді жедел дамыту, жаңа технологиялардың бір немесе
бірнеше салаларын дамыту, жоғары тиімді экспортқа бағдарланған өндірістер
құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту,
нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен
шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ
әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылады.
Қазіргі кезеңде арнайы экономикалық аймақтар еліміздегі іскерлік және
инновациялық белсенділікті ынталандырудың негізгі тетігіне айналып отыр.
Арнайы экономикалық аймақтарды жасаудың әлемдік тәжірибесі
көрсеткендей, аймаққа инвестицияларды тартудың тиімді әдісі, сыртқы
экономикалық және аймақ аралық байланыстардың және экономиканың
катализаторы.
Арнайы экономикалық аймақтар жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге
құрылады.
2009 жылдың мамыр айында өткен “ Нұр Отан ” халықтық-демократиялық
партиясныңы кезектен тыс XII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев “ Дағдарыс экономиканы әртараптандыруға баламаның жоқ екенін
нақты көрсетіп берді ” деп атап көрсеткен болатын.
Осыған байланыты еліміз 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап индустриялық-
инновациялық жедел даму бесжылдығына аяқ басатын болады. Елбасы атап
көрсеткендей, бұл әлем мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған
индустрияландыру емес, бүгінгі заманға озық технологияға негізделген
инновациялық индустрияландыру болмақ. Ал еліміздегі индустрияландыру
бесжылдығында арнайы эконмикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарға
жүктелер міндет ауқымы зор болытындығы анық.
АЭА-тар экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету – аумақтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша
сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды
талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтық
проблемалардың ерекшелігі – оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі
мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да,
сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қытысуы талап
етіледі. Осымен байланысты аймақтар экономикасын басқару механизмін
жетілдіруді өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
біріншісі – макродеңгейде аймақтар экономикасын басқару механизмін одан
әрі жетілдіру;
екіншісі – мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін
қалыптастру;
үшіншісі – жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Аймақтар дамуын басқару механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне
кіретіндер:
• ҚР-ның экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-құқықтық кеңістігінің
тұтастығын сақтау;
• аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін қысқарту және
біртіндеп жою;
• аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық

• барлық аймақтарда табиғатты ұтымды пайдалану мен адамдардың өмір
сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;
Аймақтар дамуын басқару жүйесін жетілдіру үшін, ең алдымен,
республикалық, облыстық және жергілікті деңгейлердегі билік органдарының
бірлесіп әрекет ету мәселесін шешу керек. Жүзеге асқан жағдайда орталық пен
аймақтар арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың тиімділігін
айтарлықтай арттыруға ықпалын тигізетін бірқатар шарттар бар.
Бірінші және негізгі шарт – ҚР-ның аймақтары өздерінің табиғи,
экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік әлеуеті жағынан әр түрлі
болғандықтан, орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған көзқарас
қажет.
Екінші шарт – қатынасқа түсуші субъектілердің арасындағы экономикалық
өкілеттіліктерді айқын бөлу, бұл, ең алдымен, орталық пен аймақтардың
бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және әлеуметтік мәселелер
аясындағы құзыреттерін шектеуге қатысты.
Үшінші шарт – аймақтардың экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол
аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеу керек.
ҚР-да аймақтық дамуды басқарудың қаржылық әдістері көбірек қолданысқа
түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы(дотациялар), жаңа компаниялардың
дамыған немесе дағдарысты аймақтарға инвестиция салуын ынталандыру үшін
салықтық жеңілдіктер беру.

Арнайы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және қолдау,
өңiрлердi жедел дамыту және әлеуметтiк проблемаларды шешу, кәсiпкерлiк
қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру, инвестицияларды, технологияларды және
қазiргi заманғы менеджменттi тарту, тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге
қабiлеттi өндiрiстердi құру мақсатында
құрылады.
Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы
дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше
экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі.
Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік
және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.
Қазіргі кезде республикада 5 АЭА бар. Бірінші топқа белсенді түрде
жұмыс істеп тұрған “Астана – жаңа қала ” және “Ақтау-теңіз порты” АЭА
кіреді. Екінші топқа бірте-бірте дамып келе жатқан “Ақпараттық
технологиялар паркі” және “Оңтүстік” АЭА, ал үшінші топқа жаңадан құрылып
жатқан “Бурабай” АЭА жатады.
Жалпы бүгінде “Астана – жаңа қала ”, “Ақтау-теңіз порты”, “Ақпараттық
технологиялар паркі” аумағында 167 жоба іске асырылды. АЭА-ды құруға және
дамытуға салынған жалпы бюджеттік инвестицияның көлемі 410 миллиард теңгеге
тарта қаржыны құрады.
Сондай-ақ, осы үш аймақта және “Оңтүстік” АЭА-да тағы да 127 жоба
жүзеге асырылуда.
“Астана – жаңа қала ”АЭА
Астана – жаңа қала арнайы экономикалық аймақтың аумағы екі қосалқы
аймақтан тұрады: құрылыс және өндіріс. Құрылыс қосалқы аймақ Есілдің сол
жағында орналасқан, 5302,5 га жерді құрайды. Құрылыс қосалқы аймақтың
шеңберінде астананың жаңа әкімшілік орталығы соғылған. Өндірістік қосалқы
аймақ немесе Индустриялық парк қаланың өнеркәсіп ауданында орналасқан, оның
жері 598,4 га құрайды.
Астана – жаңа қала АЭА құрудың басты мақсаты – АЭА аумағын игеру және
жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау,
әкімшілік және әлеуметтік-мәдени маңыздағы бірегей обьектілер құрылысын
салу, жабдықталған тұрғын үйлер салу, сонымен бірге Қазақстан Республикасы
елордасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып
табылады.
Астана – жаңа қала арнайы экономикалық аймақтың құрылуынан басталған
күннен бері 255 объект тіркелген, олардың ішінде: 80 инженерлік-көлік
инфрақұрылымның объектісі, 68 – тұрғын үй, 63 - әлеуметтік-тұрмыстық
объектілер, 30 - әкімшілік үйлер және 14 - өндірістік объектілер. Қазіргі
күнде 140 объекті пайдалануға берілген. 115 объектіде құрылыс жалғасуда.
“Астана – жаңа қала” АЭА аумағында “ Қалалық медициналық кластер ”
бойынша көп салалы стционар, амбулоториялық емханалық кешен, Қан орталығы,
“Спорт кластері” бойынша конькимен жүгіру стадионы, 30 мың орындық “ Астана
стадионы ”, велотрек және “ Ғылыми ағарту кешені ” жұмыс істей бастады.
Астанада медициналық кластер қалыптастыру туралы бастама көтерілгелі
денсаулық сақтау саласында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның
айғағы, бас қалада қос бірдей денсаулық нысаны тұрғындарға есігін айқара
ашты.
Сол сияқты Есілдің сол жағалауында Азия парк ойын-сауық кешені іске
қосылды. Жаңа кешенде супермаркет, бес залды кинотеатр, отбасылық демалыс
орталығы мен 170-ке жуық сан алуан дүкен бар. Мыңнан аса адамды жұмыспен
қамтыған ойын-сауық орталығы 8 миллиард теғгеге тұрғызылған.
Сондай-ақ бұл аумақта отандық және шетелдік компаниялардың өз қаржылары
бойынша бірқатар құрылыс нысандары салынуда. Атап айтқанда, Біріккен Араб
Әмірліктері мен “ Алдар ЕвроАзия ” ЖШС-ның жалпы құны 1,8 миллиард доллар
тұратын “ Абу Даби Плаза Астана ” кешені және Израиль және Lior
Corporation ЖШС-ның жалпы құны 5 миллиард АҚШ доллары тұратын “ Централ
парк ” кешені және басқа ірі құрылыс нысандарын атап айтуға болады. Қазіргі
кезде осы аумақта құрылыс жүргізуге көп инвесторлар тартылып отыр, яғни
қонақ-үй кешенін бизнес орталығымен – Глобал Юнайтед Груп ЖШС, сауда үй
кешенінің құрылысын – Ikea (Швеция) компаниясы. Қазір бұл арнаулы аймақта
60 бас мердігер және 600 қосалқы мердігер ұйымдар жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, 2009 жылдың 3 шілдесінде Астана қаласының индустриялық
аймағының аумағында аса маңызды серпінді жобалардың бірі локомотив
құрастыратын зауыт ашылды. Ендігі кезекте 17-нысан тұр.
“Ақтау-теңіз порты” АЭА
Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймақтың дамуы үш кезеңнен
тұрады. Бірінші кезеңі 2003-2007 жылдарды қамтиды, аумағы – 227,1 га
құрайды, аймақта төрт субъекті жұмыс істеді. Екінші кезең 2008-2012
жылдарды қамтиды, аумағы – 755,2 га құрайды, аймақта 50 жуық кәсіпорындар
жұмыс істеуі мүмкін. Үшінші кезең 2013-2018 жылдар, аумағы – 1018 га жерді
құрайтын болады.
“Ақтау-теңіз порты” арнайы аймағын құрудағы басты мақсат-өңірдегі
экономикалық саланы дамыту және аймақтың табиғи ресурстарын барынша тиімді
пайдалану. Қазіргі кезеңде АЭА-та өз бизнесін бастауға ниет білдірген тағы
5 қаржы салымшысы бар. Ақтау арнайы экономикалық аймағы 2003 жылы өз
жұмысын бастап, Ақтау қаласы теңіз порты жанындағы өндірістік аймаққа
орналасты. Бұл орын осындай аймақ үшін өте ыңғайлы, себебі басқа
мемлекеттермен (Түркменстен, Иран және Әзірбайжан) шекаралас, сондай-ақ
мұнда теңіз сауда порты, көлік желілері және өндірістік орталықтар бар.
Қазіргі Ақтау-теңіз порты АЭА дирекциясы 2007 жылдан бері жұмыс істеп
келеді. Президенттің 2007 жылғы Жарлығымен арнайы аймақ жері біраз
кеңейтіліп, бөлінген жер телімі 2000 га-ға жетіп қалды. Аймақ өз жұмысын
2003 жылы 227 га. Жерден бастаған еді. Арнаулы экономикалық аймақ туралы
заңнамаға сәйкес салымшыларға үлкен жеңілдік қарастырылған. Бұл,
біріншіден, оларға 2028 жылға дейін корпоративтік табыс салығы, жер салығы,
мүлік салығы салынбайды, ал сырттан әкелінетін түрлі керекті бұйымдарға,
қондырғылар мен жабдықтарға мемлекеттік баж салығы да алынбайды. 2003
жылдан бері экономикалық аймақта бірталай инвестициялық жобалар жасалып,
бірқатар өнеркәсіп орындары іске кірісті. Жалпы 2003-2007 жылдар аралығында
Ақтау теңіз порты еркін аймағының қатысушылары 90-миллион АҚШ доллары
көлемінде инвестиция әкелді. Атап айтсақ, олар – теңіз металл құрылымдарын
шығару зауыты (ТОО Кеппел Қазақстан) 44 га-лық жерді алып отыр, ал шыны
талшықтарынан құбырлар өндіру зауыты (ТЩЩ АЗСТ)-12 га-ды иелеген. Мұнай
өндірісінде қолданылатын болат құбырларды шығару зауыты (Ақтау Арселор
Миталл Турболар АҚ (бұрынғы Нефте Газ Труба АҚ)-52 га-лық аумақта
орналасқан. Осы үш зауыт 1400 орын жұмыс орнын ашты. Қазіргі күні аталған
үш зауытта жұмыс істейтіндердің 90%-ы – жергілікті мамандар. Енді РМК
Ақтау Халықаралық теңіз сауда порты туралы айтатын болсақ, ол 90,52 га-
лық алқапты алып жатқан алып кешен. Арнайы аймақтың даму сатысындағы өте
маңызды теңіз тасымал орны. Бұл Ақтау сауда порты қазіргі кезде үлкен 12
айлағы бар терминал, бір уақытта 4 кемеге дейін қызмет көрсете алады.
Бүгінде Ақтау порты арқылы 5 түрлі жүк тасымалданады: мұнай, металл,
бидай, әртүрлі бұйымдар және паром жүктері. Осылайша, әлемдік дағдарысқа
қарамастан 2009 жылды порт табысты аяқтады. Қазіргі сәтте порт Иран, Ресей,
Түркменстан және Әзірбайжан мемлекеттеріне жүк жіберіп, қабылдайды. Одан
әрі Грузия мен Еуропа елдеріне тасымалданады. Соның арқасында 2009 жылы
жоспардағыдан артық 1 млрд. 200 млн. теңге кіріс кірген. Ақтау халықаралық
теңіз сауда портында 700-дей адам еңбек етеді. Порт басшылығы 2010 жылы жүк
тиеу межесін 15 млн. тоннаға жеткізуді жоспарға қойып отыр.
Көлік-логистикалық орталығын және тиімділігі жоғары өндіріс құру әрі
бәсекеге қабілетті жаңа өнімдер шығару мақсатында 2028 жылға дейінгі
мерзімде инвестиция тарту үшін құрылған “Ақтау теңіз порты” АЭА аумағында
қазіргі кезде үш ірі жоспар іс жүзінде асырылды. Соның нәтижесінде теңіз
металл құрылғыларын, талшықты шыны құбырларын және мұнай сорттары
құбырларын шығару жөніндегі зауыттар пайдалануға беріліп, жұмыс істей
бастады. Қазіргі таңда мұнда тағы 10 инвестициялық жоба іс жүзінде
асырылуда.
“Ақтау-теңіз порты” АЭА аумағын кеңейту мақсатында тағы да жаңа төрт
ірі аймақ құру жоспарлануда. Атап айтқанда, экспортқа бейімделген өндіріс
үшін “ Aktau Industries” индустриалдық қаласы, импортты алмастыру өндірісі
үшін Каспий шельфі инфрақұрылымын игеру жөніндегі орталық, көлік
логистикасы және “ Aktau Free Trade ” атты шекаралық аймақтық сауда
орталығы құрылмақ. „Ақтау теңiз порты“ АЭА белсендi даму үстiнде. АЭА
аумағында өнеркәсiптiң өңдеушi секторында 348,3 млн. АҚШ доллары сомасына
жобалар iске асырылған, 1584 жұмыс орны құрылған.
Қазіргі уақытта Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймақта 110
млн. АҚШ доллар инвестициялық қоржынмен үш жоба табысты жүзеге асқан,
Кеппел Қазақстан (Keppel Offshore and Marine сингапурлық компанияның
еншілес кәсіпорны) – теңіз металл құрылымдарды, Арселор Миттал Турболар
Актау (жылдық қуаты 60 мың тонна) – мұнай сортамент құбырларды шығару
бойынша және Ақтау шыны талшық құбырлар зауыты (жылдық қауттылығы 400 мың
м).
Бұл кәсіпорындар мемлекетке жиынтық 5,73 млрд.теңге табыс әкелді.
Берілген зауыттарда 1163 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
“Ақпараттық технологиялар паркі” АЭА
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1116 Жарлығымен Алматы қаласының маңындағы Алатау кентінде
Ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағы құрылды. АЭА
аумағы – 342,9 га-ды құрайды және ҚР аумағының ажырамас бөлігі болып
табылады.
АЭА:
- ақпараттық технологиялар саласын дамыту;
- ҚР экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін
жандандыру;
- жоғары тиімділікті, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге
қабілетті жаңа ақпараттық технологиялар өндірістерін құру, ақпараттық
технологиялар өнімдерінің жаңа түрлерін шығаруды игеру,
инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
АЭА аумағындағы қызметтің негізгі түрлері:
1) бизнес жоспарларды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, құрылыс-
монтаж жұмыстарын, АЭА аумағын көркейту жөніндегі жұмыстарды қамтитын
қазіргі заманғы АЭА инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) ақпараттық технологиялар саласында халықаралық стандарттар бойынша
жоғары білікті сертификаттары бар мамандар даярлау және қайта даярлау;
3) GPS (global position system), GPNS (global position navigation
system) және басқалары негізінде ұтқыр жүйелер саласындағы жаңа
технологиялар; ақпаратты сақтау, өңдеу және беру деңгейіндегі ақпараттық
қауіпсіздік; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен деректер беру
желілері; элементтік база;
5) жасанды иммундық және нейтрондық жүйелердің негізінде жаңа
ақпараттық технологиялар құру;
6) ақпараттық технологиялар саласындағы маркетингтік зерттеулер;
7) ақпараттық технологиялар саласында жобалар жасау мен енгізу бойынша
ғылыми-зерттеу және тәзірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
8) электр және радио элементтерін, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейне
қабылдауға, жазуға және бейнелеуге арналған аппаратуралар шығару; тұрмыстық
электр құралдарын шығару болып табылады.
JURONG Consultants Pte Ltd компаниясы ақпараттық технологиялар
паркі арнайы экономикалық аймағын дамытудың тұжырымдамасы мен мастер-
жоспарын әзірледі.
Тұжырымдамада зерттеу, өндірістік, институционалдық, тұрғын үй,
коммерциялық кешендерді, Өзара іс-қимыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz