Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы



КІРІСПЕ

І. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қаржы жүйесінің сипаттамасы
1.2. Қаржы жүйесінің құралдары
1.3. Қаржы жүйесінің ұйымдастыру принциптері

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ

2.1. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің даму кезеңдері
2.2. Қазіргі кездегі экономиканы мемлекеттік реттеудің дамуы
2.3. Қазақстан Республикасының реттеу органдары

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қаржы жүйесінің сипаттамасы
1.2. Қаржы жүйесінің құралдары
1.3. Қаржы жүйесінің ұйымдастыру принциптері

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ

2.1. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық
реттеудің даму кезеңдері
2.2. Қазіргі кездегі экономиканы мемлекеттік реттеудің дамуы
2.3. Қазақстан Республикасының реттеу органдары

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
АГЕНТТІГІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бүгінгі
таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың локомативі болуға
қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға,
сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға
бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрі де
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында бейнеленуге
тиіс, -деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы 70 жылдан астам КСРО-ның әкімшілдік -
әміршілдік жүйесінің қол астында болған. Ол тек 1991 жылдың 16-
желтоқсанында өзінің тәуелсіздігін жариялады. Міне, осы кезден бастап
нарықтық экономикаға көшуге бейімделді. Қазіргі таңда Қазақстан ойдағыдай
істеп жатқан нарық экономикасын құрды.
Нарықта Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үшін қаржы ресурстарын
неғұрлым толық және ұтымды пайдалануды қарастыру, оны шешу жолдарын табу.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты
жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін
түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың,
Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын
неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдрын көре білудің
маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер
жүйесінде басты орындардың бірін алатын Қаржы курсында қоғамның
өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік
ғылымдарды құрайтындардың аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым
зерделенеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі – материалистік диалектикғалық-тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен мен
құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді
болжайды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап"
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Зерттеудің мақсаты:
- Экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің
даму кезеңдеріне тоқталу;
- Қазіргі кездегі экономиканы мемлекеттік реттеудің дамуын зерттеу;
- қажының экономикалық рөлін анықтау,
- қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;
- қаржының қажеттігіне, атқаратын қызметіне тоқталу;
- халықаралық қаржы жүйесін қарастыру;
- Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасуына талдау жасау;
- қаржы жүйесін дамытудың бағыттарын ұсыну және т.б.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Қаржының мәнін, оның даму заңдылықтарын,
қаржының экономикалық мәнін, экономиканы мемлекеттік реттеу, қаржы
жүйесінің дамуын қарастыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады

І. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қаржы жүйесінің сипаттамасы

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық
категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға,
кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі
ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады.
"Қаржы" ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі
кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда
болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда
пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап"
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен
ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте
коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық
жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың
әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен құқықты сақтауға,
қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы
құрамына: мемлекеттік болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы
тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры,
әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік
қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен
ведомствоның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) —
компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест,
бірлестіктердің ақшалай қаржысын құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) — меншіктегі және
заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-
мәдени даму мен материалдық ынталантыру қоры, амортизаииялық қор, резервті
және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы —шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция
дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде,
коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік
қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі
экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы
өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

1.2. Қаржы жүйесінің құралдары

Рыноктық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
бөлу, реттеу, ынталандыру, бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа,
әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға
бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің
сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда,
несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде
жүзеге асырады.
Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі
ынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын
жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады;
қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен
қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы
құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты
бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр
түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен
ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

1.3. Қаржы жүйесінің ұйымдастыру принциптері

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектлері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса
керсетеді. Ақша қаржының іс-өрекет етуінің міндетгі шарты болып табылады.
Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты
болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып,
капитал, яғни үдемелі қүн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды.
Сойтіп, ол акщалай қаражаггардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік
қатынастардьщ бір белігі ретіңцегі қаржының пайда болуына жағдайлар
жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізіңде бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдык
өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге
асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде
олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сииаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бүл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының түрлі мақсатты акша қорларының қозгалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде,
қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өдніріс
қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің
көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары
ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп
алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың
мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала
қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша қаражаттары экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар
және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде
пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың —
бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-қимылына тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың
барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының
негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшеліхпен
(салықтар, табыстан (пайдадан) аудары-латын аударымдар, шығыстарды
қаржыландыру, субвенциялар және т.т.), яғни баламасыздықпен сипатталады.
Салалық қаржыларда қорлардағы ақша қаражаттарының ішкішаруашылық мақсатты
оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бүл экономикалық категорияны
ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіңдік
береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-
бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі — қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастары-ның өрісін тежеп
отьфатьш болса, қаржыға тән қор нысаны, міңдетгі сипаты, біржақты
тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория
ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Қаржы — бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда
болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтыгы, мұның нәтижесінде
ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан жеттіліктерін қанагаттандыру үшін
олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоәамдық дамудың қажетті-ліктерінен туындайды. Қаржының басты
арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген
қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына
бақылау жасау.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметгік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамсыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, соңдықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары —
мемлекетгік бюд-жет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы жөне
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін
өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық
құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезенде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен
аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда
үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бүл ресурстар орталықтың,
аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды,
ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатьш
қара-жаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектор қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі
дәрежеде "қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар " деп аталынатындарды —
мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық, сол сияқты
материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен
бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі
абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың,
құқықтық тәртпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың
органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру
және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ
2.1. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық
реттеудің даму кезеңдері

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық
процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық
түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды сіздің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер)
өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған
арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді
ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты
қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен
қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізаты (әсіресе
оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай
шет қалатындығы әбден түсінікті.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеу нысанында жүргізіледі:
Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын
қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап,
пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан
экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын
бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық
сферала-ры мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны
ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының
(ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері
реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу — бұл макроэко-номикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет
тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды
талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған
жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің
сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының
жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы
Корпоративті бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Банк өтімділігі
Инвестициялық пай қорының ережесінде
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
Қазіргі банктік қызметтер нарығын бағалау, қиындықтарын анықтап, даму жолдарын, мүмкіндіктерін көрсету
Пәндер