Дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. 4
Жүгіру мен секіру ойындары 6
Жылдамдық реакциясы 7
Жылдамдық 8
Ептілік 10
Шыдамдылық 10
Эстафеталық ойындар 15
Екі доппен өткізілетін эстафеталық ойын 15
Тактикалық дайындық 16
Ойын техникасының элементтері 17
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Дене тәрбиесінің негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білімді,
өмірлік маңызы бар дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, адамгершілік,
еңбек және эстетикалық тәрбиелердің міндеттеріне сәйкес және тұлғаны
үйлесімді дамыту.
Қазіргі уақытта еліміздегі дене тәрбиесі жүйесінің негізін Республика
тұрғындарының дене даярлығының Президенттік сынамаларды құрайды. Осы
сынамалар бойынша жұмыс істеу оқушылардың дене қабілеттілігін жаң-жақты
дамытуға, оларды дені сау, күшті, төзімді, белсенді азаматтар әрқашанда
Отанын қорғауға даяр етіп тәрбиелеуге көмектеседі.
“Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл
шаралар” туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 қарашадағы №1593
қаулысында көрсетілген талаптарды орындау әрбір азаматтық міндеті.
Қоғамының тарихы даму барысында қалыптасқан бұл қағидалар балалардың
жан-жақты жетілген дене дамуының практикалық негізін қалайды.
Әрбір жасөспірім дене тәрбиесін деңгейін арттыра отырып, жан-жақты
дамыған адам болып қалыптасуы қажет. Жан-жақты дамыған адам дегеніміз -
дені сау, кез келген еңбек түрін істей алуға қабілетті адам. Ондай адамның
дене бітімі сымбатты ақыл-ойы жоғары болады. Жан-жақты дамыған адам болу
үшін жүйелі түрде айналысуды дағдылауға айналдыру керек. Дене тәрбиесінің
ең басты артықшылығы – қимыл-қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді.
Жалпы адам туралы, оның табиғи қабілеттері мен мүмкіндіктері туралы
білімдермен қаруландыруды және үлкен спортқа бастайды. Дене тәрбиесі – бұл,
ең алдымен тән тазалығы. Оны медицинада “гигиена” деп атайды. “Дене
гигиенасы”, “өз денеңді күту” деген сөздер спортпен, денешынықтцру
жаттығуларымен айналысатындығы тән ұғым.
Тұрмыс тіршіліктің қазіргі жағдайы адамдардың дене және спортпен
айналысу – организмді қатайтады, жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Еңбек пен дене шынықтырудағы әр түрлі белсенді жаттығулар адамның
дене және ойлау жүйесін сақтау мен жетілдірудің маңызды себебі болып
табылады.
Біздің мемлекетіміз жасөспірімдердің дені сау білімді болып өсуі үшін
бар мүмкіндіктерді жасауда. Спорт мектептері мен клубтардың жұмыстарын
жандандыруда. Жастарды спорттың олимпиадаға даярлау ісі жақсаруда. Қазіргі
кезде Қазақстан Азия континенті елдеріндегі жарыстарда спорттың кейбір
түрінен алдыңғы орындарға ие болып жүр.
Өз дербестігін алған біздің мемлекетіміздің спортты дамытуда
айтарлықтай табыстарға қол жеткізеді. Қазақстан Олимпиада комитетінің
мүшесі болды. Қазақстан Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Қазақстан
спортшылары ірі халықаралық жарыстарға қатысып, спорттың көптеген
түрлерінен жүлделі орындарға ие болып, әлемдік ірі табыстарға қол жеткізді.
Қазақстанның атлеттері әлемдік спорт тарихына енді, олар: Балуандар
Ә.Айханов, Ж.Шинемиров, басшылар Ә.Нұрмаханов, С.Қолақбаев, Б.
Саттарханов, В. Ибрайымов, шаңғысы В. Смирнов, штангист А. Храпатый,
гимнаст Нелли Ким.
“Дене тәрбиесі” деген сөз “” дене мәдениеті деген ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі және ол табиғаттың өзі секілді өте
күрделі құбылыс. Адам шын мәнісіндегі адам болып шығуы үшін, оның рухани
мәдениетін дамыту керек. Дене тәрбиесі - дене шынықтыру жаттығуларымен
шұғылдануы адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім
алуына септігін тигізді.
Волейбол ойыны еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын
ережесінің жеңілдігі, қажетті құрал жабдықтардың өте күрделі болмауы,
тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етті. Волейболмен барлық жастағы
адамдар айналыса алады.
Волейбол Олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп
келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылдан бері сенімді ойын жолына
көшкен.
Октябрь Жарылқановтың басқаруымен республика командасы КСРО
чемпионаттарында төртінші орын, кейін үшінші оырн алып, 1966 жылы екінші
орынға көтерілді. Алматылықтар Ж. Сауранбаев, В. Кравченко, О. Антронов, Н.
Никитина Смоевалар Озақ құрама командасына еніп, Еуропа, Әлем
біріншіліктерінің чемпионы, ал кейінгі үшеуі 1968 жылғы Мехикода өткен
Олимпиадалық оындардың чемпиондары атанды.
Қазақстан клубтың “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО чемпионы
атанып, 1970-1971 жылдары қатарынан екі рет Еуропа кубогін жеңіп алды. Ал
Қазақстанның әйелдер арасындағы Алматы үй құрылысы комбинатының командасы
кезінде Кеңес одағында алдыңғы орында болды. КСРО чемпионы, екі рет Еуропа
кубогін жеңіп алды.
Қазақ волейболында Октябрь Жарылқановтан кейін Жәнібек Сауранбаевтың
есімі жарқырап көрінеді. Ол Қазақстанда волейболдың дамуында өте зор еңбек
сіңірді, әлемдегі таңдаулы төрешілер қатарына да көтерілді.
Мемлекеттік жаттықшырушы Е. Иманғалиев бастаған республиканың құрама
командасы Жоғары және Бірінші лигаларда тамаша ойындарымен көзге түсті.
Осы жетістіктердің бәрін секе алғанда, Октябрь Жарылқанов есімімен
байланыстырамыз.

Дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары.

Ойын барысында волейболшы қысқа мерзімді қозғалыста немесе кейін сала
күту жағдайында болады. Оның барлық қозғалысы жылдам және дәл, ал күту
жағдайы кез-келген бағытта уақтылы іс-қимыл жасау үшін мүмкіндікті
қамтамасыз ететіндей болу керек. Бұл жағдайдан басқа бір жағдайға еркін
ауысу керек.
Волейбол ойыны ойыншыға қатаң талаптар қояды, өткен мұнда ол доппен
аса күрделі қарым-қатынасқа түседі. Сондай-ақ ойыншы доптың ауада ұшу
мөлшерін, оның өзіне келіп жету жылдамдығын дұрыс бағамдай білуі қажет.
Волейбол командасының құрамында 12 ойыншы болады. 6- негізгі, 6-
қосалқы ойынша. Команданың құрамы 6 адамға толса, ойынды бастай беруге
болады.
Волейбол үлкен зейінділікті талап етеді. Себебі волейболда болжап
болмайтын тосын жағдайлар өте көп. Ойын барысында неше түрлі қимылдар
ептілікті, батылдықты, қимылдар үйлесімін дамытады.
Волейболға қатысты мынадай тапсырмаларды орындау қажет:
Ілеспелі қадам жасау-тұру-допты беру әрекеті
Екі қадам жасау-тұру-допты беру әрекеті
Секіріп қалу-тұру допты беру әрекеті
Жүгіру, секіру, қатты секіру-шабуылдап доп соғу әрекеті
Ілеспелі қадам мен екі қадам жасау арқылы торды байлай орын ауыстыру-
секіру-допқа тосқауыл қою әрекеті.
Спорттық ойындар дене шынықтыру және спорт жаттығулармен бірге
жасөспірімдердің адамгершілік – ерін және қимыл сапаларын жақсартуға көп
көмегін тигізеді. Спорттың ойындары үзіліссіз жүйелі түрде ойнау
төзімділік, ептілік және қимыл-әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын
қалыптастырады. Спорттық ойындардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай
әрқайсысының өзіне тән жаттығулар кешені, ойын тәсілдері мен машықтары
болады. Әрбір спорт ойынына қандай сипатты қимыл-әрекеттер керек екенін
және оларды қалай меңгеру ерекшеліктерін білуі керек.
Адам өмірге келген күннен бастап, үнемі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы
өсіп, жетіледі, ақылы молығып, білімі артады.
Қимыл – қозғалыс ойындары үнемі қимыл-қозғалыста болуды талап ететін
ойындар. Олар дене тәрбиесі сабақтарында және сабақтан тыс кездерде
ойналады. Ойындар дене дайындығының көрсеткішін жақсарту үшін пайдаланады.
Бұдан басқа, ойындар оқушылардың әрқандай спорт түрлерінен жүйелі түрде
айналысуына тікелей қажет болатын денеге тән сапаларды дамытуға
көмектеседі. Мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс ойындары екіге бөлінеді: таза
қимыл-қозғалыс ойындары және спорттың сипаты бар қимыл-қозғалыс ойындары.
Барынша кең тарағаны- таза қимыл-қозғалыс ойындары.

Жүгіру мен секіру ойындары

“Қармақ”
Ойыншылар арасынан бір ойын бастаушы сайлайды. Қалғандары шеңбер жасап
тұрады. Бастаушы қолына ұзындығы 2 метрдей арқан алып шеңбердің ортасына
шығады.
Арқанды екі қолмен бір-екі рет жоғары айналдырып барып, алғы еңкейіп,
балалардың аяқ-астынан өткізіп, айналдыра бастайды. Шеңберде тұрған
ойыншылар арқанның орынына қарап, аяқтарына тигізіп алмай, қос аяқтап
секіріп тұрады. Ойын осылай арқан айналдыруды тоқтатпай, жалғаса береді.
“Сан түзе”. Ойыншылар төрт командаға бөлініп, бір-біріне созғанда
қолдары жететіндей қашықтықта тізбектеліп тұрады. әр команданың бірінші
тұрған ойыншысына доп беріледі.
Ойында бастауға белгі берілгеннен кейін, допты тез жоғары көтеріп,
денесін бұрмай, шалқайып, артында тұрған ойыншыға береді. Одан келесі бала
алады. Доп осылай ең соңында тұрған балаға жеткен кезде, ол “Теріс бұрыл!
Сап түзе!”- деп бұйрық береді. Команда теріс бұрылып, сап түзеп, ойынды әрі
қарай жүргізе береді.
“Теңізші”
Ойыншылар ойын алаңының шет-шетінен өздеріне бір метрлік шеңбер сызып
алып, соның ішіне орналасады. Ойын бастаушы ортаға шығын, шеңберді айналып,
“толқындардың” арасымен бұлтарын, оларды аралай жүгіріп жүріп, кез-келген
ойыншыға қолын тигізеді. Оның қолы тиген бала шеңберден шығып, капитанның
белінен, содан кейінгілері бірінің артынан бірі тізбектеле жүгіреді.
Бірнеше баланы соңынан ерткеннен кейін бір мезгілде “Жағаға жеттік!”. Сол
кезде ойыншылар қолдарын жібере салып, бос шеңберге барып тұра қалады.
Шеңбер жетпей қалған бала теңізші болып, ойынды әрі қарай жалғастырады.
“Сыңар аяқ” – Шеңбер жасап отырған екі команда бір-бір ойыншыдан
ортаға шығарады. Олар бір аяғымен қазданып тұрып, екінші аяғын бір қолымен
ұстап, бір аяғымен секіре жүгіріп, екінші қолымен итерісіп, бірін-бірі екі
аяғымен тұрғызуға тырысады.
Кімде-кім қарсыласын екі аяғымен бірінші тұрғызса, сол ойыншы өз
командасына бір ұпай әкеледі.
“Алмасу”- балалар ара қашықтығы 12-16 метр жердегі қарама-қарсы
паралель сызықтың үстінде 2 команда тұрады. Екі жақтағы ойыншылар
кезектесіп, сыңар аяқтап секіріп, қарсыласының орнына одан бұрын барын
тұруға тырысады.
“Түбірден секіру”.
Жерге 10-12 шеңбер (түбір) диаметрі 40, ара қашықтығы 60-70 см.
бірінен соң тізбектеліп сызылады. Ойыншылар бір түбірден екінші түбірге
секіреді, батпаққа түсіп кетпей. Кім дұрыс секіріп шықса,сол жеңеді.
“Паравоз жарысы”.
Ойыншылар 2 немесе одан да көп командаға бөлінеді. Командалар
коллоннаға тұрып, бір-бірінің белінен ұстап, белгіленген межеге қарай
жылжиды. Қай команда бірінші келсе, сол жеңеді.
“Бақшадағы қояндар”
Алаңда бірінің ішіне бірі екі шеңбер сызылады. Ортадағы шеңберде
“күзетші” тұрады. Екі шеңбер арасында “қояндар” біресе бақшаның ішіне
біресе сыртына шығып, секіріп жүреді, оны күзетші ұстап алады. Сөйтіп,
секіріп жүрген “қояндарды” бірінен соң бірін ұстайды.

Жылдамдық реакциясы

“Жапалақ”- Алаңда дөңгелек шеңбер “ұя” сызылады, сол жерде жапалақ
отырады. Жаттықшырушының бұйрығы мен “күн” дегенде ойыншылар “алаңда”
жүгіріп жүреді, ал “түн” дегенде орындарын қозғалмай тұра қалады. “Жапалақ”
ұясынан шығын ойыншылардың қозғалмауын аңдиды. Егер біреуі қозғалса,
жапалақ оны ұясына алып кетеді де бір жолғы ойыннан шығып қалады.
“Дабылды тыңда!”
Ойыншылар колоннада жүріп келе жатады. Жаттықтырушы бір рет ысқырса,
ойыншылар тұра қалу керек, егер 2 рет ысқырса ойыншылар тоқтамай жүре беруі
керек, егер 3 рет ысқырса, ойыншылар жүгіруі керек, егер жаңылса, ойыннан
шығып қалады.
“Топ түзу тұр!”
ойыншылар шеренгада тұрады. Жаттықтырушы бірінен соң бірі команда
береді, “топ” деген сөзді бірде қосып, бірде қоспай айтады. “Топ” деген
сөзді бірде қосын, бірде қоспай айтады. “Топ” деген сөзді қосын айтқанда
ғана команданы орындау керек. Жаңылған ойыншы ойыннан шығады.
“Допты ұр”
Ойыншылар 2 командаға бөлініп, қарама-қарсы тұрады, арасына сызық
сызылады. Бірінші команданың ойыншысы қолындағы допты сызықтың сыртына
шығарып, тез тартын алады, ар қарсыдағы ойыншы қолындағы допты тез қағып
түсіру керек. Қай команда көп доп түсірсе, сол команда жеңеді.

“Шақыру”
2 команда бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бірінші команданың
ойыншылары, алақандарын жайып тұрған қарсыластарының алақанын 3 рет ұрып
қалады, ұтылса сол команда жеңеді.

Жылдамдық

“Допты жылдам жылжыту”
Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. 2 ойыншыға бірін-біріне қарама-қарсы
тұрған 2 ойыншыға волейбол добын береді. Берілген команда бойынша ойыншылар
допты жанында тұрған ойыншыға тез жылжытады.
“Доп ортаға”
2-3 шеңберде ойыншылар тұрады, ортасында 1 ойыншы допты кезекпен кезек
шеңбердегі ойыншыларға лақтырады, ойыншы қағып алып, қайта өзіне лақтырады,
кім жерге түсіріп алса, “сол” команда жеңіледі.
“Берсең отыр”
ойыншылар колоннаға тұрады. Тренер олардан 4 метр қашықтықта допты
лақтырады. Ойыншы оны қағып алып өзіне қайтарады. Кім жылдам жерге допты
түсірмесе сол жеңеді.

“Атқыштар”

Ойыншылар “атқыштар” және “қашқындар” болып екіге бөлінеді. “Атқыштар”
алаңның 2 бүйір жағына орналасады, ал “қашқындар” алаңның ортасынан жүгіріп
өтуі керек. Бірден “қашқындар” жүгіріп, екінші жаққа өтіп бара жатқанда
“атқыштар” оған доппен атады. Егер доп қашқынға тисе, онда “атқыштар”
жеңеді, егер тигізе алмаса онда жеңіледі.

Жылдамдық
“Кім бірінші”
2 команда коллонаға бөлініп тұрады. Белгілі сигнал бойынша әр
команданың ақамы ойыны келесі жаққа жүгіріп барып қайтады да, өз
командасының келесі ойыншысына бір нәрсе береді, ол да солай жүгіріп барын
қайтарады.Қай команда ойыншылары бірінші бітіреді солар жеңеді.
“Қарға және торғайлар”
2 командаға біреуі қарғалар, екіншісі торғайлар болып, алаңның
ортасында бір-біріне арқасын беріп тұрады, жаттықтырушы тұрып, “воро” деп
ұзақ созып тұрады да соңғы не “ны” не “был” десе аталған команда ойыншылары
оны ұстайды. Кім көп ұстаса, сол команда жеңеді.

“Бос орын”
Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір ойыншы жүгіріп келіп біреуді түртіп
кетеді, ол жаңағы ойыншыны шеңберді айнала жүгіріп, қуады, ал қашқан адам
бос орынға тұра қалады. Ойын осы ретте әрі қарай жалғасады.

“Номерді шақыру”
2 команда басынан бастапәрқайсы реттік номер алады. Тұрған командалар
ара қашықтығы 2 м болуы керек.
Жаттықтырушы бір номер атайды. әр командағы сол номерлі ойыншы
коллонадан шығып, белгіленген орынға жүгіріп барып, кері қайтады да өз
орнына тұрады. Кім бірінші келсе, сол өз командасына ұпай әкеледі.

“Күш”
“Шеңберге тарт”
Ойыншылар шеңбердің сыртында, бір-бірінің қолынан қатты ұстап, оңға,
солға жылжиды, сосын жаттықтырушының белгісі бойынша тоқтап қолдарын
жібермей, сызылған шеңбердің ішіне көршісін итеріп кіргізеді.
Бір аяғы шеңберге кірсе, сол ойыншы ойыннан шығады.

“Жаралыларды тасу”
Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Әр команданың үштен бірі “жаралылар”.
Жаттықтырушының командасы бойынша әр команда өз жаралыларын белгілі орынға
тасиды. Қай команда бірінші болып жаралыларын тасып, бітсе, сол команда
жеңеді. Жаралыларды алып жүру кезінде ережені бұзса, 1 ұпай шегеріледі.

“Кім алысқа”
Ойыншылар бірнеше командаға бөлініп, колоннаға тұрады. Колоннада
тұрған ойыншылардың алдын сызып қояды, оны басуға болмайды. Ойыншыларға доп
береді, олар допты, сызықты баспай, лақтыруы керек. Кіс алысқа лақтырады,
сол команда жеңеді.

“Кім күшті”
Екі ойыншы бір-бірінің қолынан ұстап, сол аяқтарының алға қойып,
жаттықтырушының белгісі бойынша бірін-бірі итеріп, орнынан қозғау керек.
Кім бірінші жылжытса, сол жеңеді.

Ептілік

“Өткелден өту”
Ойыншылар бірнеше топқа бөлінеді. Бірнеше метр қашықтықта өзендер
белгіленеді, сол өзендер үстінен гимнастикалық орындықтар тасталады.
Жаттықтырушының белгісі бойынша топ ойыншылары бір-бірінің қолынан ұстап
тұрып, жібермей, өткелден өтеді. Қай команда аяғын еденге түсірмей
өткелден өтсе, сол топ жеңеді.

Шыдамдылық

“Семіргіштер”
Ойыншылар қабырғада сызылған сызықтарды секіріп барып,, қолдарын
тигізу керек. Кім сызылған белгіні алаңымен ұрса, сол ойыннан шығады ал
қалғандары, қолдары жетіп ұрғанша секіре береді.
“Кім шыдамды”
Ойыншылар саны бірдей, бірнеше топқа бөлінеді. әр ойыншы алдында
тұрған ойыншының оң иығына оң қолымен ұстайды, ал сол қолымен алдыңғы
ойыншының бүгіліп тұрған сол аяғынан ұстап, алға қарай жылжиды, егер қай
топ ұстаған қолдарын үзбей секіріп жылжытса, сол топ жеңеді.

“Волейбол торы арқылы кездесу”
Екі команда волейбол торының екі жағында шабуыл сызығының артында бір-
біріне тізбек құрып тұрады. Екі сан бастаушыының қолында да волейбол добы
болады. Жаттықтырушы белгі берісімен сан бастауыштар допты бір-біріне
бағыттап тордан асыра лақтырады да, өздері өз тізбектерінің соңына жүгіріп
кетеді. Ал ұшып келе жатқан допты сапта, екінші тұрған ойыншылардың
істегенін қайталайды. Ойын бастаушылар қайтадан өз орындарына келіп
болғанша жалғасады. Допты жерге түсірмей ойнаған команда жеңген болып
есептеледі.

“Қамалды қорға”
Ойыншылар шеңбер бойлай қолдарын соза ұстасып тұрады. Шеңбердің
ортасына үш гимнастика таяқшасының бастары біріктіріліп, байланған үш аяқты
“қамал”, тұрғызылады. (оның сырты кеңірек етіп айналдыра созылады). Сол
сызықтың ішінде тұрған ойын бастаушы қамалды шеңберде тұрған ойыншылардың
доппен ұрған соққысынан қорғауы керек.

“Жолдасыңды қорға”

Ойыншылар шеңбер бойлай қолдарын соза ұстасып тұрады. Оларда бір доп
болады. Ойын бастаушы деп есептелетін екі ойыншы шеңбердің ортасында
тұрады. Олардың біреуі екіншісіне доп тиюден қорғануы керек.

“Өткел”
Екі команданың ойыншылары алаңның екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп
тұрады. Белгі берілген сәтте ойыншылар бір аяғымен секіре жүгіріп,
қарсыластық “үйіне” бұрынырақ жетуге тырысады. Қарсыластың “үйіне” бірінші
болып тұтасымен жетіп болған, яғни өткелден өтіп болған команда жеңіске
жетеді. Командадағы ең соңынан жеткен ойыншы ойыннан шығарылады. Осыдан
кейін секіре жүгіру кері қарай жасалып, тағы да соңынан келген ойыншы
ойыннан шығарылады.
Өткелден өткен тәсілін өзгертуге де болады: түрегеп тұрып не тізерлеп
отырып, қосақтап секіру арқылы немесе жүгіру арқылы өтіп шығу. Ойын алаңда
ең төзімді екі-үш ойыншы қалғанға дейін созылады. Алаңдағы қалған
ойыншылардың санына қарап-ақ жеңімпаз команданы анықтау қиын емес. Жарысты
жалғастыра отырып, ең жүйрік ойыншыны анықтауға болады.

“Қатарлар тартысы”
Екі команда бір-біріне қарама-қарсы қатар сап түзеп тұрады.екі
қатардың ортасынан бөле сызық жүргізіледі. Белгі берісімен екі команданың
қарама-қарсы тұрған ойыншылары бір-бірінің қолынан ұстап тартып, сызықтан
өз жағына өткізуге тырысады. Өз жағына көп ойыншы тартып шығарған қатар
жеңіске жетеді.

“Шынжырмен жұмыс”

Ойыншылар бастапқы сызыққа үш тізбек жасап сапқа тұрады. Тізбектердің
аралығы 3 метр. Әр тізбек қолдарын соза ұстап, шынжыр жасап тұрады.
Бастапқы сызықтан 50 м қашық жерге 4 жалауша арқылы мәре белгіленеді.
“Дайындалыңдар! Марш!” деген команда берілгенде “шынжырлар” алға қарай
ұмтылады. Шынжырын үзбей мәреге жеткен топ жеңіске жетеді. Шынжырын үзіп
алған топ жеңілген болыр саналады. Ойын әдетте 3-4 ретке дейін- жеңімпаз
топ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық қасиеттерді дамыту әдістері
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Педагогикалық бақылау құралдары мен әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Дене тәрбиесінің құралының түрлері
Киокушинкай каратэ спортшылары үшін дене шынықтырудың маңызы
Таңдалған спорт түрінен техникалық дайындық
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Пәндер