Жер мониторингі мәліметтерін қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1.Жер мониторингі туралы жалпы түсінік 4
2.Жер мониторингі мәліметтерін қолдану 11
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ

Табиғат ресурстары – халықтың ұлттық байлығы болып табылады, әлеуметтік-
экономикалық дамуының тұрақты табиғи негізі, соңына келгенде адамның өзінің
тіршілік ету мүмкіндігі.
Біздің елімізде маңызды табиғи байлықтардың бірі – жер ресурстары болып
табылады. Жер – биосфераның ең маңызды элементтерінің бірі ретінде, бірінші
кезекте қоғамның өмір сүруінің материалдық жағдайы болып табылады. Сонымен
қатар, басқада табиғи ресурстармен (су, атмосфералық ауа, орман) қосылып,
қоршаған ортаны құрайды.
Біздің еліміздегі жер туралы Заңдар жерді адамзат тіршілігінің негізгі
және аса маңызды халықтың дәулеті ретінде жариялап, топырақ құнарлығын
кемітпей жылдан-жылға арттыруды талап етеді.
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді болдырмау мен оның зардаптарын
жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
Жұмыстың мақсаты – жер мониторингі мәліметтерінің қолдану аясы мен
маңыздылығын жан-жақты меңгеру.
Міндеттері:
-жер мониторингінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
-жердің жай-күйіне қарай бақылау жұмыстарымен танысу;
-жер мониторингі мәліметтерін қолдану салаларын анықтау.
Казіргі заманда мемлекеттік қай іс-шараны алсақ та, жер мониторингі
мәліметтері қолданылмайтын сала жоқ десек те болады. Бұл жұмыста жер
мониторингін Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару Агенттігі
ұйымдастыратындығы, сонымен қатар, жер кадастры жұмыстарын жүргізуде
(тіркеу, есепке алу, бағалау,т.б. жұмыстары), Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар Министрлігінде жер мониторингі мәліметтерін (ғарыштық
зондтау әдістері арқылы алынған мәліметтер, аэроғарыштық түсіріс
материалдарын) қолдану, ауыл шаруашылығында жер мониторингі мәліметтерін
жан-жақты қолдану іс-шаралары туралы толық мәліметтер көрсетіледі.

1. Жер мониторингі туралы жалпы түсінік

Мониторинг – латын тілінде алдын алатын, бақылайтын, алға қарайтын деп
аударылады. Ал ағылшын тілінде бақылау жүргізу, қадағалау деген мағынаны
береді.
Мониторинг келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
-қоршаған табиғи ортаға әсер ететін факторлар мен қоршаған ортаның
күйін бақылау;
-табиғи ортаның нақты күйін бағалау;
-қоршаған ортаның күйін болжау және бағалау.
Мемлекеттік жер мониторингі – жер күйінің өзгеруінің уақытымен анықтау,
осы өзгерісті болжау, бағалау және кері процестерді алдын алу, жою жайында
ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың
мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың,
сонымен қатар, жерге орналастыру адамдарды, қоршаған орта оның ішінде
жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Жер мониторингінің мазмұны мынадай кешенді бақылаулардағы өзгерістерді
сипаттайды:
1. табиғи ландшафттарды, жер пайдаланулармен жер иеленулердің
шекараларын және аудандарын анықтау;
2. кеңейтілген таңдау параметрлері бойынша топырақтардың жағдайын (су
эрозиясы, құрғап кетуі, жайылымдардағы топырақтардың тозуы, су басып
кетуі, батпақтануы, ылғалдануы, тұздануы, егістікті бұталардың басып
кетуі) зерттеу;
3. гумус қорын, қышқылдығын, макро және микроэлементтердің болуын,
пестицидтердің, ауыр металлдардың, химиялық элементтердің,
радиоактивті элементтердің және басқа да токсиндер қалдықтарын
анықтау ;
4. геологиялық орта, бедер, гидрографиялық желі жағдайын зерттеу (жер
беті бедерінің формалары, су балансы, жер асты суларының химиялық
және гидробиологиялық құрамының режимдері, теңіздердің, көлдердің, су
қоймаларының, лимандардың жағалау сызықтары);
5. өндірістік объектілерінің кері әсерлеріне ұшыраған жерлердің жағдайын
қарастыру (мелиоративтік жүйелердің, көліктің, ЖЖМ қоймаларының,
үгілмелі тыңайытқыштар қоймаларының, автокөлік тұрақтарының,
радиоактивті, физиологиялық активті химиялық өндіріс қалдықтарын
жинау орындарының жағдайы).
Жер мониторингінің талаптары:
-Жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен
анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын
алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
-Тиісті органдардың ақпаратпен қамтамасыз ету (жерге орналастыру, жер
кадастры, т.б.);
-Топырақтың ластануын, құнарлығының өзгеруін, басқа үрдістердің
дамуын бақылау;
-Табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруінің,
топырақтың деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионуклейдтердің
жиналу көлемін, топырақтың антропогендің жүктемелерге төзімділік дәрежесін
анықтау;
-Елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жер күйін
бақылау.
-Нысаналы мақсаты мен рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты
жерді пайдалануды үздіксіз бақылау;
-Топырақтағы кері үрдістердің салдарын бақылау (эрозия, тұздану, гумус
мөлшері, рН көрсеткіші);
-Теңіз, су қоймалары, өзен жағалауының өзгеруін бақылау.
Жер санаттары бойынша жер мониторингі 7 түрге бөлінеді:
1.Ауыл шаруашылық бағытындағы жерлер;
2.Елді мекен жері;
3.Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, радиохабар, теледидар, ақпараттану
және ғарыштық қамсыздандыру, энергетика, қорғаныс және өзге мақсаттағы
жерлер;
4.Табиғат қорғау, табиғи қорық, сауықтыру, рекреация және тарихи мәдени
аймақтар;
5.Орман қоры жерлері;
6.Су қоры жерлері;
7.Босалқы жерлер.
Жер мониторингінің құрылымы ҚР-ң аумақ бірлігімен анықталады. Жеке
аумақтық бірлік бойынша жер мониторингінің құрылымы мына деңгейлерден
тұрады (Cурет 1):
• Қазақстан Республикасының жер мониторингі;
• Облыстық жер мониторингі;
• Қала және аудан жерлерінің мониторингі.

Сурет 1. – Жер мониторингінің құрылымы.
Мерзімі және жүргізу уақыты бойынша мониторинг мынадай болады:
Негізгі жер мониторингі бастапқы, яғни мониторингті жүргізуді бастаған
кездегі объектілердің күйін белгілейтін мониторинг түрі;
Жылдам өткізілетін мониторинг үнемі, үздіксіз жүргізіліп, ағымдағы
өзгерістерді белгілейді.
Мерзімді мониторинг белгілі мерзім (5, 10,20 жыл сайын) сайын
жүргізіледі.
Ретроспективті жер мониторингі алдындағы бақылаулардың тарихи талдауын
береді.
Аумақтық қамтуы бойынша жер мониторингі 4-ке бөлінеді (Сурет 2):
1.Глобальды мониторинг – планетамыздағы барлық жердің күйін бағалауға
мүмкіндік береді және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізеді;
2.Ұлттық мониторинг – республика деңгейінде арнайы органдармен жүргізу
мониторингі.
3.Аймақтық мониторинг – физико-географиялық, экологиялық шекаралармен
шектелетін территория немесе ірі аймақтар, процестер мен құбылыстарды
бағалауға мүмкіндік береді.
4.Локальды мониторинг – аймақтық деңгейден төменгі территориялдық
объектіде жүргізіледі.
Жер күйіндегі өзгерістердің сипаты бойынша:
1.Фондық жер мониторингі адам әсерінен тыс қалатын жерлердің, яғни
биосфералық қорықтарда жүргізіледі.
2.Импакты (әсер ету) жер мониторингі антропогенді факторлар әсер ету
жерінде жүргізілген мониторингі.
Бақылауға түсетін процестерге байланысты мониторинг түрлері (Сурет
3):
1.Эволюциялық-мониторинг тарихи даму процестерімен байланысты болады;
2.Циклдық-мониторинг табиғи сипаты бар тәуліктік, маусымдық, жылдық
өзгерістермен байланысты болады;
3.Антропогенді-мониторинг адамның іс әрекетімен байланысты;
4.Төтенше-мониторинг төтенше жаңдайлар, өндірістік авария, экологиялық
және табиғи апаттар мен катастрофалармен байланысты.
Мониторинг объектілерінің көп аспектілігін және әр түрлілігін төмендегі
жағдайлардан ұғынуға болады.
Мониторингті басқару тізбегінің мақсаты: бақылау – бағалау – қадағалау
– басқару. Басқарудың өзі ғылыми жетістіктерді білу, тәжірибелік
әдістемеліктерді жетілдіруге тікелей байланысы, ғылыми теориялық деңгейі
айтарлықтай жоғары болуы керек.
Табиғи құбылыстарды мониторингпен қамту жағдайында белгілі аймақтық
критерийлерге байланысты нақтылы немесе шартты түрде табиғи бір феномендер
шекарасымен белгіленеді.

Cурет 2. – Аумақтық қамту бойынша жер мониторингі.

Социалды-экономикалық құбылыстар, үрдістер, олардың объектілері шекарасы
заңды түрде аймақтық басқару немесе шаруашылық бөліктерге байланысты
анықталады. Бұл социалды-экономикалық феномендер табиғиға қарағанда, басқа
басқару заңдарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасында мониторингтің аймақтық қамту деңгейі
төмендегідей:
- Республикалық;
- Облыс аралық;
- Облыстық;
- Аудан аралық;
- Шаруашылық аралық;
- Шаруашылық ішінаралық;
- Учаскелік.
Адам өз іс-әрекетін жоспарлауда қоршаған орта қалпының жағдайы туралы
күнделікті хабарлар алып отырады. Барлық өркениетті елдерде тұрақты 100 жыл
бойы ауа райы өзгерістерін хабарлап отырады.

Сурет 3. – Бақылауға түсетін процестерге байланысты жер мониторингі

Ең бірінші, 1972 жылы Стокгольм конференциясында қоршаған ортаның
ауқымды мониторинг жүйесін құру мәселесі ұсынылған. Бірақ, өкінішке орай,
әлі күнге дейін оның көлеміне, пішініне, мониторинг объектілеріне,
бақылаушы жүйелер міндеттерінің өзара бөлінуіне байланысты түсінбеушіліктер
нәтижесінде бір ымыраға келе алмай отыр. Ондай жағдай біздің елде де бар,
сондықтан, қоршаған ортаны бақылауға қажет болған жағдайда, әр сала жеке
өзінің локальді мониторинг жүйесін құруы қажет.
Сонымен, қоршаған орта мониторингісі деп үздіксіз белгілі бағдарлама
бойынша орындалатын табиғи ортаны, табиғи қорларды, өсімдік және жануарлар
әлемін бақылауды, сонымен қатар, анторпогендік іс-әрекеттердің әсері
нәтижесінде оларда жүретін құбылыстар мен олардың жағдайын бақылауды
айтады.
Мониторинг жүйелеріне мына төменгі негізгі жұмыстар кіреді:
-бақылау объектілерін анықтау;
-бөлінген бақылау объектілерін тексеру;
-өлшеу жағдайларын жоспарлау;
-бақылау объектілерінің жағдайын бағалау және оның ақпаратты моделін
жіктеу;
-бақылау объектілерінің өзгеру мүмкіншілігін болжау;
-ақпаратты мәліметтерді қолдануды ыңғайлы түрге келтіріп, қолданушыларға
жеткізу.
Кез келген мониторинг жүйесін ұйымдастыру мәселесі өте күрделі, олар көп
салалы жоспарлы мақсаттарды орындауға бағытталған. Мониторинг
ұйымдастырудың күрделігі, алдымен, оның деңгейіне тікелей байланысты.
Қоршаған орта мониторингінің деңгейі әртүрлі болады.
Бірінші, локальді деңгей – бұған жеке аудан, облыстар кіреді.
Екіншісі, регионалды (аймақтық) – жеке аймақтар, округтер кіреді.
Үшіншісі, глобальды (ауқымды) деңгей – бұған барлық жершары кіреді.
Мониторинг деңгейіне сәйкес станция торлары, пунктер, бақылау бекеттері
құрылады. Өзара жаңа технологияға сәйкес қазіргі заман құралдары болады.
Мониторинг жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және ұйымдастыру мәселесінің
шешілуі қаржылануға тікелей байланысты. Сонымен қатар, табиғи қоршаған орта
мониторингінің тиімділігі көпшілік жағдайда, оның теориялық және
әдістемелік негіздерін ғылыми дәлелдеуде, көпшілік факторлардың
критерийлері, антропогенді өзгерістер көрсеткіштерін және биосферада болып
жатқан олқылықтарды бағалауда жатыр.
Қазақстан Республикасында табиғи орта мониторингін ұйымдастыру жұмыстары
1972 жылдан басталады. Мемлекеттік гидрометкомитетінде табиғи ортаның
ластану деңгейін бақылайтын мемлекеттік қызмет құрылды.
Қазіргі қоршаған ортаның және табиғи қорлардың мемлекеттік мониторингі
Қоршаған ортаны қорғау заңына байланысты төмендегі жағдайларды қамтиды:
- Табиғи қорлар және қоршаған орта жағдайын, оларға антропогенді әсер
етуші көздерін (бұл бақылау арнаулы бағдарлама бойынша жүреді)
бақылау;
- Табиғи қорларды, қоршаған орта жағдайын, оларға антропогенді әсер
етуші көздерді бағалау;
- Табиғи қорларды, қоршаған орта жағдайын, оларға антропогенді ісер
етуші көздерді болжау.
Мониторинг жүргізу принциптері:
1.Мәліметтердің бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы.
Маңызы: бірыңғай топтастырғыштарды, бірлік жүйесін, мәліметтер мен
нормативтік-техникалық негіздердің стандартты форматтарын, бірыңғай
мемлекеттік координаталар мен бірліктер жүйесін қолдануда;
2.Әдістер мен технологиялардың бірлігі. Маңызы: мониторингті келісіп
жүргізуі;
3.Мәліметтердің дәлдігі және сенімділігі. Маңызы: мәліметтердің нақты
жағдайларға сәйкес келуі;
4.Мәліметтердің толық болуы;
5.Жер мониторингін үздіксіз жүргізуі. Маңызы: ақпаратты жүйелі түрле
жаңартып отыруы;
6.Көрнектілік принципі. Маңызы: мониторингті жүргізу уақытында түрлі
карталарды, сызбаларды, атластарды, есеп берулерді қолдану;
7.Мәліметтерге қол жетерлігі. Маңызы: мемлекеттік немесе коммерциялық
құпия болатын мәліметтердің басқаларына қол жетімді болуы;
8.Орталықтан басқару. Маңызы: Жер мониторингі мәліметтерін Қазақстан
Республикасы бойынша бірыңғай әдістеме арқылы және ҚР Жер ресурстарын
басқару Агенттігімен жүргізуді қарастырады.
Жер мониторингін жүргізу кезінде ақпаратты алу жолдары:
1.дистанциондық зондтау;
2.Жер бетінде түсірістер мен бақылаулар;
3.Мәліметтер қорын пайдалану.
Жер мониторингін жүргізу үшін ақпаратты жинау түрлі түсірістер,
ізденістер, тексерулер, яғни топорграфиялық-геодезиялық, топырақ,
мелиоративтік жұмыстар, арнайы бақылаулар арқылы жүргізіледі.
Жер мониторингін жүргізу кезінде жер бетін түсіру барысында қолданылатын
негізгі аспаптарға мыналар жатады: тахеометрлер, нивелирлер, теодолиттер,
қазіргі кезде JPS навигаторлар қолданылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік территориалдық жер торабы
қалыптасқан. Ол әртүрлі табиғи аймақтардағы 274 стационарлық және жартылай
стационарлық экологиялық бекеттерді қамтиды. Бақылау облыс, жерді пайдалану
аймағында немесе учаскесінде ексеру, ізденіс, түсіріс немесе накты пункте
стационарлық зерттеулер әдістерімен жүргізіледі.

2. Жер мониторингі мәліметтерін қолдану

Жер мониторингін жүргізу мақсаты – табиғатты қорғау іс-әрекеті және
экологиялық қауіпсіздікті басқаруды ақпаратты қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының барлық жер қоры жер мониторингісінің объектісі
болып табылады.
Жер ресурстарын экологиялық қауіпсіз және тұрақты пайдаланудың құқықтық
негізінің жоқтығы, сонымен қатар басқару органдарының барлық сатыларында
жер қорының күйі туралы мәліметтермен қанағатсыздандырлық қамтамасыз етілуі
жер телімдерінің жоғалымдарына, топырақ эрозиясына, шөлейттенуге, т.б.
әкеліп соғады, оның барлығы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп
төндіреді.
Қоршаған ортаның барлық компоненттерінің ластануы, сонымен қатар,
биосфера күйі жайлы ақпараттың қажеттілігі қоршаған ортадағы ластаушы
заттардың концентрациясын үздіксіз бақылауды, яғни мониторингті, оның
ішінде жер мониторингін талап етеді. Шешім қабылдау үшін жер қорының жай
күйі жайлы дәл және жаңартылып отыратын мәліметтерге талдау жасалынуы
керек, яғни қоршаған ортаны, алдымен оның басты объекті - жерді жүйелік
кешенді бақылау жүргізу керек.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік территориалдық жер торабы
қалыптасқан. Ол әртүрлі табиғи аймақтардағы стационарлық және жартылай
стационарлық экологиялық бекеттерді қамтиды. Бақылау облыс, жерді пайдалану
аймағында немесе учаскесінде тексеру, ізденіс, түсіріс немесе накты
пункте стеционарлық зерттеулер әдістерімен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында жер мониторингі мынадай заңдық құжаттары
негізінде жүзеге асырылады:
• ҚР Жер кодексі,
• ҚР Үкіметінің №956, 19.09.2003ж ҚР жер мониторингін жүргізудің
тәртібін бекіту туралы Қаулысы;
• Қоршаған орта жағдайын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету бойынша шараларды тиімділігін арттыруына байланысты ҚР Үкіметінің
№885 27.06.2001ж Табиғи ресурстардың және қоршаған орта
мониторингінің мемлекеттік бірыңғай жүйесін жүргізу және ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі:
-жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және
қатерлі процестердің салдарын алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
-мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік
бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа
да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету;
-азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Жер күйін бақылау (мерзімді, маусызды, тәулікті), өзгерістердің бағыты
мен интенсивтілігін талдау және алынған көрсеткіштерді нормативтік
көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының жер мониторингін Ауыл шаруашылығы
министрлігінің қаулысымен жер ресурстарын басқару Агенттігі, қоршаған
ортаны қорғау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар
жүргізеді.
Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын басты
мемлекеттік құрылым елдің бүкіл аумағын қамтитын аумақтық органдар мен
басқарудың вертикальдық құрылымы саналатын Қазақстан Республикасының
Агенттігі болып табылады. Агенттік барлық облыстарды, Астана және Алматы
қалаларында аумақтық органдар – Жер ресурстарын басқару комитеттерін
иеленеді. Агенттік – ҚР Үкімет құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы
орган. ҚР Премьер-министрінің ұсынысы бойынша ҚР Президентімен құрылады,
қайта құрылады және таратылады. Агенттік мемлекеттік басқарманың тиісті
саласына (қызмет көрсету саласы), сонымен қатар, заңнамада қарастырылған
құзірет шегінде салааралық үйлестіруді және басқа да арнайы атқарушылық
және рұқсат қызметтеріне басшылық етеді (мысалы, ҚР Төтенше жағдайлар
жөніндегі министрлігі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау агенттігі, ҚР Статистика агентті, т.б.). Агенттік өз қызметін ҚР
Конституциясына, ҚР Заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің Актілеріне,
өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге
асырады.
2001 жылғы Жер туралы заңда (11 бап) 1995жылғы Жер туралы Жарлықтағы
Жер қатынастары мен жерге орналастыру бойынша мемлекеттік комитетінің
ұйымдастырылған уәкілеттіліктерімен салыстырғанда, жер ресурстарын басқару
бойынша орталық уәкілетті органның құзіреттері мен құқықтары кеңейтілген.
Жаңа жер заңнамасындағы Жер ресурстарын басқару агенттігінің
құзіреттері, алғашында дербес орган болып құрылып, кейіннен ҚР Ауыл
шаруашылық министрлігі құрамына енген, бұның алдында болып өткен орган –
Жер қатынастары мен жерге орналастыру бойынша мемлекеттік комитетпен
салыстырғанда едәуір кеңейтілді. Бұдан кейін Агенттік пен оның аумақтық
органдарына жер қорын қорғауға, жер заңнамасының бұзылуын болдырмауға және
жоюға бағытталған едәуір қосымша қызметтер жүктеледі.
ҚР Агенттігінің негізгі міндеттері:
• Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және
картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
• Жер реформасын жүргізу, оны ғылыми, кадрлық және әдістемелік
қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру,
жерге орналастыру, геодезия және картография бойынша шараларды
дайындау және іске асыру;
• Белгіленген тәртіпте жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын
ұйымдастыру және жүргізу;
• ҚР жер ресурстарының жағдайы туралы мәліметтер банкін құру және
жүргізу;
• Белгіленген тәртіпте жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру.
Жердің сапалық мінездемесін құруда топырақ ізденіс мәліметтері негіз
болады және жер бақылау, жер кадастрлық, мониторинг жұмыстары, жерге
орналастыру жобасын дайындауда дайындалады. Республикада 182,3 млн.га
топырақ зерттеу жүргізілді. Оның77,2 млн.га сапалы мәліметтері бар. Қалған
ауданға түзету немесе қайта зерттеу қажет.
Жерді пайдалануды бақылау суретке түсіру, түрлі тексерулер, кейбір
жерлерді тұрақты түрде бақылау арқылы жүргізіледі. Жердің жай күйін бақылау
қайта тексерумен бірге зертханалық мәліметтерді салыстыру арқылы
жүргізіледі. Жердің жай күйін бақылау, талдауларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Жер кадастры құжаттамасы
Босалқы жерлердің мониторингі
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Ауа, жер мониторингі
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Пәндер