Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе

1. ҚР тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі олқылықтар.
2. Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде
өкілеттікті шектеу.

3. Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру.

4. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының
ерекшеліктері.

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

i.

Кіріспе.

Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде де, тергеушінің
қажетті деңгейде дербестігі мен кең өкілеттігі бекітілген және бұл
қажеттілік тергеу сапасын қамтамасыз ету мақсатынан туындаған. Алайда,
тиісті құқық қорғау органдарының қызметкері бөлімше басшысына бағынышты
болғанына байланысты, тергеушінің дербестігі мен оның өкілеттіктері көп
жағдайда қағаз жүзінде қалып, оперативтік (жедел) қызметтердің шешімдері
мен әрекеттерін хаттаушы тұлға деңгейінен жоғары көтеріле алмай отырған
жағдайы бар. Оның басты себебі, қылмысты ашу, статистика есебі, дұрыс
көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жауапкершілік құқық қорғау органының
жергілікті бөлімінің басшысына және оның бірінші орынбасарына жүктелгенінде
болып отыр. Ішкі қызмет жарғысының талаптарымен дербестігі тұсалған және
өндірісіндегі көптеген қылмыстық істен қолы босамайтын тергеушінің тергеу
және іздестіру жұмыстарына басшылық жасап, жедел іздестіру қызметіне
тергеуіндегі іс бойынша тиісті бағыт беру орнына олардың берген ақпаратына
қанағат жасаудан басқа амалы қалмайды. Бұл жағдай тергеу сапасына теріс
ықпал жасайтыны сөзсіз. Тергеуші іс жүргізуде не ғұрлым дербес, тәуелсіз
болса ол істі объективті тергеуіне көп мүмкіншіліктер болушы еді.

Тергеушінің дербестігі көп жағдайда, қылмыстың тез шешілуіне ықпалын
тигізеді. ҚР жоғарыда айтқанымыздай тергеушіге ашылмаған істерді көп
беруден істің тез ашылуы қазыргі кезде қыйынға соғуда. Қандайда бір
тергеушінің үстінен одан лауазымы жоғары, оның бастығы тергеу ісіне
араласуына немесе істі мүлдем басқа тергеушіге тапсыруына заң бойынша
барлық мүмкіндігі бар.

1.
1. ҚР тергеу әрекеттерін жүзеге асыру
кезіндегі олқылықтар.
Тергеуші - Өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді
жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органының
тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы
органдарының тергеушісі. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын
ала тергеу жүргізуге және қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық
тергеу қызметін орындауға құқылы.
Тергеу органдарынан бастап сот сатыларына дейін созылып жатқан
тізбекте қорғаушының сол заң жүзінде берілген өкілеттігін қиындықсыз
атқаратын кездері өте сирек ұшырасатын жайт. Көптеген адвокаттар
қорғауындағы адамдары қамауға алынған алғашқы сәттен бастап-ақ түрлі
кедергілерге тап болады. Қылмыстық қудалау органдарының тергеушілері тергеу
амалдарының бастапқы кезеңдерінен іс жүргізу барысында жіберген
қателіктерін көрсетпеу мақсатында іспен таныстырмаудың түрлі амалдарын
ойластырып, адвокатты жолатпауға тырысады.
Дәлел керек пе, айтайық. Жақында әріптесіміз Әмина Тұрғынованың атына
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Тергеу комитеті ұйымдасқан
қылмыс туралы істерді тергеу басқармасының аға тергеушісі И.А.Авутовтан
мынандай мазмұнда хат келіп түсті. Ол өз хатында адвокатқа тергеу
амалдарына қатысуға міндетті екендігін, алайда, Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 69-бабы 2-бөлігінің талабына сәйкес, жауап беруден бас тартуға
құқығы барлығын айта келіп, ең соңында: ...Вы при возникновений
необходимости, будете доставляться с расположение СК МВД РК для проведения
с Вашим участием следственных действий, – деп дөңайбат көрсетеді.
И.А.Авутовтың қорғаушыға қажет деп тапсақ, күшпен де алдыртамыз деп
ашықтан-ашық жасап отырған қоқан-лоққысының түрі осындай. Тергеуші бір топ
адам болып алаяқтық жасау арқылы Круз жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің есепшотынан Чаулидидің атындағы Никос Сервис
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшотына жалған құжат жасап, 22
миллион теңгені аударып жіберген деген айыппен қамауға алынып отырған
Алматы қаласының тұрғыны Ержан Дүйсембековтің заңды қорғаушысы Әмина
Тұрғыноваға неге мұншалықты жауыға қарайды? Әмина – ұстамды, алған бетінен
қайтпайтын, әділдікті жақтайтын, тергеу амалдары барысында тергеуші
тарапынан жіберілген қателіктерді әшкерелеген қорғаушы. Егер ол өз ісіне
адал болмаса, оның қорғауындағы Е.Дүйсембековтің қамаудағы мерзімін
ұзартпау туралы өтінішін Алматы қаласындағы №2 Бостандық аудандық соты
қанағаттандырмаған болар еді ғой. Біздіңше, тергеуші И.А.Авутов пен
заңсыздыққа жаны төзбейтін Ә.Тұрғынованың арасындағы текетірес осыдан
басталған сияқты. Әйтпесе, тергеушінің қорғаушының үстінен Алматы облыстық
адвокаттар алқасына, одан кейін қадағалау органдарына оның біліктілігі
төмендігін, заңнан хабары жоқтығын, тергеу амалдарын жүргізу барысында
түрлі жанжалды жағдайлар жасап, арандататыны туралы негізсіз деректер
жинап, қала берді, Әділет министрлігінің алдына оны лицензиясынан айыру
жөнінде дабыл қағып, байбалам салатынындай жөні жоқ.
Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері. Ұрлық туралы
істер бойынша оқиға орнын қарау барысында келесі мән-жайларды анықтау
қажет: зат ұрланған объект не болып табылады, оған баратын жолдар мен оны
қоршайтын орта қандай; қылмыскер ұрлық орнына қай жақтан келді және қай
бағытта жоғалып кетті (қылмыскердің келу және кету жолдары зерттеледі);
қылмыскер материалды құндылықтар жаткан жерге қалай барды (қандай
тәсілдерді, қандай техникалық құралдарды пайдаланды); қылмыскер қандай
әрекеттерді және қай жүйеде жасады: ұрлык жасауға неше адам қатысты; ұрлық
орнында қандай қылмыстық істер калды және қылмыскердің үстінде (денесінде,
киімінде, құралдарында, ұрланған заттарда) окиға орнының қандай іздері
қалуы мүмкін; іздерде және басқа да материалды объектілерде, олар бойынша
қылмыскердің жасын, кәсіби дағдыларын, оның түр-әлпетін, ұрлық жасау
тәсілдерінің деңгейін анықтауға болатын белгілердің бар-жоқтығы; ұрлықты
жасағансығанын көрсететін белгілердің бар-жоқтығы,т.б.
Осы мән-жайларды анықтау үшін ұрлық жасалған жайды ғана емес, онымен шектес
бөлмелерді де карау керек болады. Оқиға орнына қосылып жатқан аймақтарды
мәселен, дүкен, қойма, мекемеде қарау тиімді болады, өйткені ол жерде
қылмыскерлер заттарды жоғалтып алуы, тастап кетуі немесе тығып кетуі
мүмкін.
Қылмыскерлер ұрлық, жасауды кездеген орынды бақылаған жерлерді де
зерделеген маңызды, өйткені ол жерде бақылауға кедергі болған сондықтан
алынған немесе сындырылған терезе әйнектерін олардағы қол іздерін, аяқкиім
іздерін, темекі тұкымдарын табуға болады.
Оқиға орнының жағдайына қарап, тергеуші қараудын. ең тиімді тәсілін
тандайды. Егер қылмыскер жайға кедергісіз бұзу арқылы кірсе, қарауды бұзу
орнын және оған жақын жатқан орындарды, бірте-бірте оқиға орнының ортасына
жылжи отырып, зерттеуден бастау керек, яғни қараудың концентрикалық тәсілін
қолдану керек.
Егер оқиға орнының қылмыстық ортасы жайдын, түпкірінде болса, (мәселен,
сейф немесе ішінен киім ұрланған шкаф) қарауды центрлес тәсілмен немесе
қиыстырылған тәсілмен жүргізген тиімді. Әуелі сейфті немесе шкафты, сосын
сыртқы есікті қарап (егер есікте бұзу іздері болмаса да, бөлмеге есікті
тандап алын-ған немесе қолдан жасалған кілтпен не жезбезекті кілтпен ашып
кіруі мүмкін) қарауды қабырға бойымен жалғастырып, бірте-бірте белме
ортасына жақындау керек.
Қылмыс іздерін объектіге кіретін жерлерде (мәселен, домкратпен сығып
ашылған есікте, сындырылған терезеде) және ұрланған заттар сақталған жердін
бетінде іздеген жөн. Есік-терезелерде, оларға тиіп түрған жерлерде қолдың,
аяккиімнің іздері, киім талшыктары, бүзу құралының іздері, еденде — темекі
тұқылдары, қан тамшылары (егер қылмыскер жарақат алса), топырақ, түкірік
жөне адам денесін шығатын баска да сұйықтықтары табылуы мүмкін. Қылмыскер
ұстады деп ойлаған заттардан иіс іздерін алуға болады.
Оқиға орнында бұзу кұралы табылған жағдайда оны мұқият қарап, онда
қылмыскер қолдарының іздерін, иесінің аты-жөнін, табуға болады, оның
мамандығын, кұжаттарын аныктауға болады (мәселен сигнализацияны ағыту үшін
қолданған тістеуіктің саптары пластмассамен немесе резеңкемен оралған
болса, оның иесі электрик немесе телевизор жөндеуші болуы мүмкін).
Дүкендерде, қоймаларда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында оқиға орнын
қарағанда, ұрлықты жасаған белгілеріне назар аудару керек. Оларға келесілер
жатады: құлыптың басқа жерде бұзылғанын; кедергі жайдың ішінде бұзылғанын
және ұрылар жайдың ерекшеліктерімен таныс екенін құндылықтар сақталатын
орындарды білетінін дәлелдейтін іздердін, болуы; жайдағы кедергілер мен
заттардың қажетсіз закымдануы; мән-жайларға сәйкес келмейтін бөлменің
шашылуы, жасырын жерде жатқан аса құнды заттардын жоғалуы, ұрланған
заттардың опырылған жердің келеміне сәйкес келмеуі, т.с.с.
¥рлық туралы істер бойынша жәбірленушілер мен материалды жауапкершілігі бар
тұлғалардан жауап алғанда келесі мән-жайлар анықталады: ұн ұрланды,
ұрланған заггың саны, жеке заттардың белгілері; ұрланған зат қайда болғаны;
ақша ұрланса, қандай купюралар; қашан және кімнен ұрлық туралы білді;
аталған объект күзетілді ме, күзету тәртібі қандай; объект (дүкен, пәтер)
сигнализациямен жабдықталған-жабдықталмағаны, оның дұрыс істеу-істемеуі
объектінің есік терезелері қандай құлыптармен жабылғаны; кімді ұрлық жасады
деп ойлауға болады; жедел тергеу тобы келгенше окиға орнының жағдайы
өзгерген-өзермегені, өзгерілсе қандай мақсатпен, не өзгерілуі, т.б.

2. Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалауды

жүзеге асырған кезде өкілеттікті шектеу.

4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (одан ары - ҚР БП),
аймақтық және арнайы прокуратуралардың функцияларын нақты шектеу, олардың
қызметтерінде қайталаушылықты болдырмау мақсатында тергеу және анықтау
заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мынадай тәртіпте белгіленсін:

1) ҚР БП Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті (одан ары
- Департамент) республика бойынша прокурорлық қадағалаудың ұйымдастырылуы
мен жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындаған; Қазақстан Республикасының
Парламент Палатасы тағайындаған және сайлаған; орталық атқарушы органдар
мен ведомстволарды басқаратын лауазымды тұлғаларға; Парламент
депутаттарына, судьяларға қатысты, сондай-ақ Бас Прокурордың және оның
орынбасарларының тапсырмасымен қадағалау жүргізілетін істер бойынша тікелей
қадағалау жүргізеді;

2) Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі
әскери қызметшілер, әскерге шақыру немесе келісім шарт бойынша қызмет
өтеушілер; әскери жиынды өтеу кезінде әскери міндетті азаматтар; әскери
міндеттерін өтеуге байланысты әскери бөлімдерде, құрамдарда, мекемелерде
немесе осы бөлімдердің, құрамдардың, мекемелердің орналасқан орындарында
азаматтық қызметші адамдар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді
тергейтін қылмыстық ізге түсу органдарының орталық аппараттарының
бөлімшелерінде қадағалауды жүзеге асырады.

Осы ведомстволардың төмен тұрған құрылымдарымен тергелетін қылмыстық
істер бойынша қадағалауды округтардың, гарнизондар мен әскерлердің тиісті
әскери прокурорлары жүзеге асырады.

Қылмыстық ізге түсу органдарының аталған бөлімшелерінде әскери қызметте
тұрмаған адамдар жасаған қылмыстар бойынша қадағалауды аумақтық прокурорлар
жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (одан ары - ҚР ІІМ),
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға
қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (одан ары - ҚР ЭСЖҚКА), Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҚР ҰҚК), Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау агенттігінің (одан ары - ҚР ҚМ
КБК), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай жөніндегі министрлігі
Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің (одан ары - ҚР ТЖМ МӨҚ) және Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (одан
ары - ҚР ӘМ ҚАЖК) орталық аппаратымен, осы тармақтың 1-тармақшасында
көзделген қылмыстық істерден басқа, тергеу жүргізілген кезде қадағалауды
аумақтық қатыстылығы бойынша облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар
жүзеге асырады.

Бас Прокурордың, оның орынбасарларының немесе Департамент бастығының
тапсырмасы бойынша Департаменттің қадағалауына қатысты қылмыстық істер
бойынша тұтқындауды және өзге тергеу әрекеттерін санкциялау, тергеудің және
айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту, сондай-ақ сезікті ретінде
адамды ұстаудың, айып тағудың және өзге іс жүргізушілік шешімдердің
заңдылығына тексеріс жүргізу міндеті облыстық және оларға теңестірілген
прокурорларға жүктелген.

Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар аталған тапсырмалардың
орындалуы туралы, сондай-ақ республикалық қылмыстық ізге түсу органдарының
орталық аппараттарының тергеушілерімен қылмыстық істердің қозғалуы туралы
Департаментке 24 сағат ішінде хабарлайды.

Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар өздеріне қадағалауына
қатысты істер бойынша қылмыстық ізге түсу органдарының орталық аппарат
тергеушілерінің өндірісіндегі қылмыстық істердің тергеу барысы туралы
Департаментке соңғы нақты іс жүргізушілік шешім қабылданғанға дейін ай
сайын 1 күнге ақпарат береді;

4) ҚР ІІМ, ҚР ЭСЖҚКА, ҚР ҰҚК, ҚР ҚМ КБК, ҚР ТЖМ МӨҚ және ҚР ӘМ ҚАЖК
облыстық аппараттары мен оларға теңестірілген департаменттерде қадағалауды
облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар жүзеге асырады.

Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлардың жазбаша тапсырмасы
бойынша облыстық аппараттардың тергеушілері мен анықтаушыларымен тергелетін
қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру міндеті қалалық, аудандық
және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелуі мүмкін, ол туралы
қылмыстық ізге түсу органдарына мәлімет етіледі.

Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылық
фактілері бойынша немесе сыбайлас жемқорлық бойынша соттылығы облыстық
сотқа қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша қадағалау облыстық және
оларға теңестірілген прокурорлардың ерекше құзыретіне жатады және қалалық,
аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға тапсырылуы мүмкін емес.

Тапсырма беру облыстық және оларға теңестірілген прокурорларды қылмыстық
ізге түсу органдарының облыстық және оларға теңестірілген аппараттарындағы
тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жағдайы үшін жауапкершіліктен
босатпайды;

5) қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар ҚР ІІМ, ҚР
ЭСЖҚКА, ҚР ҰҚК, ҚР ҚМ КБК, ҚР ТЖМ МӨҚ қалалық, аудандық және оларға
теңестірілген басқармаларда (бөлімдерде) қадағалауды жүзеге асырады;

6) көлік прокурорлары көлікте жасалған қылмыстарды, сондай-ақ көлік
инфрақұрылымының құрылысын жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыскерлерімен
жасалған қылмыстарды тергейтін қылмыстық ізге түсу органдарының
бөлімшелерінде қадағалауды жүзеге асырады;

7) табиғатты қорғайтын прокурорлар қылмыстық ізге түсу органдарының
мамандандырылған (экологиялық) бөлімшелерінде қадағалауды жүзеге асырады;

8) түзеу мекемелерінде жазаның орындалу заңдылығын қадағалау жөнінде
мамандандырылған прокурорлар ҚР ӘМ ҚАЖК органдарының бөлімшелерінде
қадағалауды жүзеге асырады.

5. Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүргізілетін қылмыстық
ізге түсу органдарының іс жүргізушілік әрекеттерін санкциялау қылмыстық іс
тергелетін жергілікті орны бойынша облыстық және оларға теңестірілген
прокурорлармен, не олардың орынбасарларымен жүзеге асырылады, аталған
әрекеттер жүргізілетін орын бойынша облыстық және оларға теңестірілген
прокурорлар ол туралы 24 сағат ішінде міндетті түрде хабардар болуы тиіс.

6. Облыс (қала) шегінде қылмыстық істі тергеудің аумақтық тергеуге
қатыстылығы облыстық және оларға теңестірілген прокурорлармен, Республика
көлемінде Бас Прокурормен немесе оның орынбасарларымен белгіленеді.
Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар 24 сағат ішінде
Департаментке хабар беріп, қылмыстық істі тергеу үшін мемлекеттің бір
аймағынан басқа аймаққа тапсыруы мүмкін. Дау туған жағдайда немесе адам әр
түрлі аймақтарда қылмыс жасаған болса, қылмыстық істің тергеушілігі
Департаментпен анықталады.

7. Прокурор сол бір ведомствоның төмен тұрған органынан жоғары тұрған
органға қылмыстық істі тапсыру туралы ақпаратты есепке алу құжаттарына қол
қойған кезде қабылданған шешімнің негізділігі жөнінде өз пікірін білдірумен
қатар бұл туралы жоғары тұрған прокурорға 24 сағат ішінде мәлімет береді.

Бір ведомствоның өндірісінен өзге ведомствоның орталық аппаратының
өндірісіне қылмыстық істі тапсыру Департамент арқылы жүргізіледі.

8. Бірнеше прокурорлардың қадағалауына қатысты ҚР ЭСЖҚКА, ҚР ҰҚК және ҚР
ҚМ КБК органдардың бөлімшелерінде тергеу және анықтау заңдылығын
қадағалауды қылмыс жасалған аумақтың прокурорларымен өзара іс-әрекет жасау
арқылы олардың орналасқан орындары бойынша прокурорлар жүзеге асырады.

3. Тергеу және анықтау заңдылығын

қадағалауды ұйымдастыру.

Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру - органға
жасалған не дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпарат түскен кезден бастап
қылмыстық істі сотқа жолдағанға шейін сотқа дейінгі өндірістің барлық
сатысында қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың іс
жүргізушілік әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз ету дегенді
ұйғарады.

Қадағалау қызметін ұйымдастыру аймақтық-нысандық принципі бойынша жүзеге
асырылады.

Қылмыстық ізге түсу органдарында қадағалауды тиімді жүзеге асыру
мақсатында қылмыстық ізге түсу органдарында орналасқан Прокурор
кабинеттерінде прокуратура қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Үлкен қоғамдық жаңғырық туғызатын аса ауыр қылмыстар бойынша, сондай-ақ
апаттар, күйреу, қирау және өзге төтенше жағдайлар болған жергілікті
орындарға қалалық және оларға теңестірілген прокурорлардың өздері барады,
не басқа қылмыстық ізге түсу органдарының қызметкерлерімен бірге баруды
бағынышты қызметкерлерге тапсырады. Көлік прокуратуралары едәуір шалғай
жерде болғанда, мұндай жағдайлар болған орындарға аймақтық прокурорлар
барады. Оқиға болған жерді қарауға не өзге тергеу әрекеттерге прокурордың
қатысқаны жөнінде тиісті хаттамаларда жазылады.

Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар
Департаментке 24 сағат ішінде мына қылмыстар туралы арнайы мәліметтер
жолдайды: конституциялық құрылыстың негізіне және мемлекеттің
қауіпсіздігіне қарсы; ұйымдасқан қылмыстық топпен немесе қылмыстық
қоғамдастықпен жасалған; жалдау бойынша адам өлтіру; шетел азаматтарымен
жасалған және оларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар; терроризм мен
экстремизм фактілері; нәсіпқұмарлық, еңбек және өзге мақсатта пайдалану
үшін адамдарды заңсыз әкету және сату; жауапты мемлекеттік лауазым
атқаратын тұлғалармен, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларымен,
судьялармен жасалған, сондай-ақ барлық төтенше жағдайлар мен үлкен қоғамдық
жаңғырық туғызған қылмыстар туралы.

Қабылданған шешімнің заңдылығын тексеруді бір уақытта бастап, қылмыстық
істерді қозғау туралы ақпараттық есеп құжаттарына кідіріссіз қол қойылады.
Қағидат бойынша, дәлелдерін міндетті түрде мазмұндаумен қатар қаулыны
ұйғарған кезден бастап 10 тәулік ішінде қылмыстық істерді қозғау туралы
заңсыз қаулыларды бұзу жүргізіледі; ҚР ҚІЖК 132-бабының тәртібімен ұстаған
адам болған жағдайда 24 сағат ішінде.

Тиісті материалдарды зерттеу арқылы қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы
мен негізділігіне тексеріс жүргізгенде ҚР ҚІЖК 177-бабында көзделген
себептер мен негіздердің болуына; мерзімнің және іс жүргізушілік тәртіптің
сақталуына; іс бойынша өндірісті жоятын мән-жайларға баға беріледі.

Қылмыстық істер бойынша қадағалау өндірісі басталады, онда ҚР ҚІЖК
талаптарына сай тергеу және анықтау органдары прокурорға жолдайтын іс
жүргізушілік құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қадағалау қызметінің
барысында қабылданған прокурорлық қадағалау актілері мен шешімдерінің
көшірмелері міндетті түрде тіркеледі. Қадағалау өндірісінің толықтылығы
үшін қылмыстық істің тергеу заңдылығын қадағалайтын прокурор жауапты
болады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қабылданған іс жүргізушілік шешімдері
туралы қаулылардың көшірмелері 24 сағат ішінде прокурорға жолдануы туралы
бөлігіндегі талаптардың тергеу және анықтау органдарымен мүлтіксіз сақталуы
қамтамасыз етіледі.

Қылмыстық істі тергеудің толықтылығын, объективтілігі мен жан-жақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында жазбаша нұсқаулар беріледі. Ауыр және аса ауыр
қылмыстар туралы, сондай-ақ прокурорлармен қозғалған қылмыстық істер
бойынша нұсқау беру міндетті түрде.

Орындалу мерзімін белгілеумен қатар нақты тергеу әрекеттерін атап
көрсету қажет болғанда және қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқарту туралы
шешімдерді бұзу кезінде, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарғанда,
сондай-ақ тергеу және анықтау органдарының басшыларына ұйымдастыру-бақылау
және іс жүргізушілік шаралар қабылдау туралы нұсқаулар берілуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау жайлы
Алдын-ала тергеудің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатындағы прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Прокуратура қызметі мен даму тарихы
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Алматы қ. Алмалы аудандық прокуратурасының мемлекеттік мекемесінде өткен өндірістік тәжірибе есебі
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Пәндер