Тоғызқұмалақ ойынының негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1.Тоғызқұмалақ даналығы 3
2. Тоғызқұмалақ тақтасы 7
3. Ойынның ережесі мен ерекшеліктері 8
4. Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты 10
5. Жүрістерді есептеу жолдары 11
6. Тоғызқұмалақ ойынының негіздері 13
7. Тактикалық тәсілдер 17
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе

“Өнерді үйрен де жирен”, “Жігітке жүз өнер де аз” деген халық даналығы
өте дәл айтылған. Ал өнердің өрісі де кең. Бүгінгі таңда қазақ жастары
қандай да бір өнер шыңын таңдап алып соған жол тартамын десе де мүмкіндігі
мол. Әр өнердің өзіндік ерекшелігі, бағалы жағы бар. Тек бірде- бір өнердің
зиянды жағы болған емес.
Спортта өнер. Өнер болғанда бүгінгі қазақ жастарының сүйіп
айналысатын, тіпті, халықаралық жастар қатынасының діңгегі болып отырған
өнер. Қазір бүкіл әлемнің бұла күші, асқан епті, терең ойлы жастары
Олимпиядалық ойындарға, әлемнің, Европа-Азияның біріншіліктерінде, бүкіл
дүниежүзілік универсиадаларда да жолығысып, жарысқа түсіп қана қоймайды,
жастық толғауларды, бейбітшілік, достық проблемаларын ортаға салып, лайықты
жауап айтады. Олар әрбір ірі жарыстардан тек кубоктар мен медальдар ғана
емес, әлем туралы, жастық туралы ойлар арқалап оралады. Міне, бұл өнер
атаулының адамға берер басты байлығы!
Спорттың да өнер ретінде таңдап алар түрі көп. Бір түрі- бұла күштің
толысуына әкелсе, екінші- жылдамдыққа, үшіншісі- табандылыққа бастайды. Ал
төртінші бір спорт түрі жас адамды ойлылыққа, күрделі бір істің көрмеу
жібін тез тез шешуге дағдылындырады, баулиды. Мұндай спорт түрлерінің
қатарына шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ойындар жатады. Бүкіл әлемдік
дәрежеде жарыстар өткізіліп жүрген шахмат, дойбы ойындарын спорт сүйер
қауым жақсы біледі. Ал тоғызқұмалақ ше? Өзінің өмірге келу кезеңі жағынан
жоғарыдағы екі спорт ойындарынан “қартаң” болмаса жас емес. Тоғызқұмалақ
ойыны тек даму жағынан кенжелеп тұр. Оған басты себеп қай бір халықтың өз
ұлттық ойындарына жете мән бермейтіндігінен, жанашырлықпен қолға алмауынан
болып отыр. Болмаса, тоғызқұмалақ пен дойбы ойындарын қатар қойып көрейік.
Күрделігі жағынан да, табыстылығы жағынан да тоғызқұмалақ дойбыдан көш
ілгері тұр. Осы дойбыдан әлемдік жарыстар өткелі қашан? Ал, тоғызқұмалақта
соңғы жылдарда ғана республикалық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп,
көпшіліктің оның ішінде жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының біріне
айналып, оған әр ұлттың өкілдері қатысып, ойнымыз интернационалдық спорт
түріне айналып, күннен-күнге кең байтақ Қазақстанның шартарабына тарап,
жанашыр қауымды қуантып жүр.

1. Тоғызқұмалақ даналығы

Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ тоғызқұмалақ ойынымыздың аты
қалай қойылған? Қашан пайда болған? Қайдан шыққан? Кім ойлап тапқан? Әуелі
қай халықтар ойнаған деген сұрақтарға дәл былай деп айта қояр ғылыми дәлел
мен терең талданып, жете зерттелген мағлұматтарымыз (тың пікірлеріміз) жоқ.
Кейінгі жылдары осы сұрақтарға жауап беру үшін спорт тарихын, соның ішінде
тоғызқұмалақ ойынының тарихын зерттеушілер нақтылы деректер іздестіре
бастады.
Тоғызқұмалақты зерттеушілер нақтылы мағлұматтарды біріншіден, ел
аузында жүрген әнгіме сөздерден яғни ауыз әдебиетінен және салт-
дәстүрімізден іздесе, екіншіден, археологиялық яғни жер қойнының қазба
жұмыстарынан табылған заттар мен этнографикалық дүние бұйымдарға барынша
назар аударып көзбен көріп көңілге тоқуы керек.
Енді ауыз әдебиетіміз және салт-дәстүріміз не дейді.
Тоғызқұмалақ күрделі сөз: тоғыз және құмалақ. Тоғыз - сан. Өзгешелігі
тақтығы. Көбейтілуі немесе бөлінуі үштік. Дегенмен оның өзінен аз сандардан
айырмашылығы бар. Мәселе екі жіп есіледі, үш жіп өріледі, ал тоғыз жіп
тоқылады. Сондықтан соңғысы жұртқа мәлім, кезінде ой өнері мен қол өнері
үшін күрделі сан болып есептелді.
Уақыт есебінде де тоғыз санының орны өзгеше. Он екі жылдық Азия
халықтарына тән мүшелдік жылдардың, яғни жыл есептеудің (тышқан, сиыр,
барыс, қоын, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) тоғызыншысы
мешін жылы.
Бір ғажабы сол- мешін жылдарының бәрі он екіге бөлінеді. Мәселен,
1956, 1968, 1980, 1990,... бәрі 12 санына бөлінеді. Қариялар қазірдің
өзінде де жыл қайырғанда (былайша айтқанда қанша жасқа келгеніңді білгісі
келсе) сол мешін жылына бағдар ұстап отырады. Мәселен, орта жасар кісі,
туған жылым ит десе. Жыл қайырушы адам ішінен. Мешіннен- мешін- төрт мешін
48+ тауық+ ит =50 жаста екенсіз ғой балам дейді.
Үлкен кісілер, әңгіме, өсиет айтқан кезде: “Е, балам білгенің бір
тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз” деп ақыл айтып, түйінді тоқтамға келеді.
Кең байтақ даламызда көп жолдардаң бір-бірімен түйіскен жерін тоғыз
жолдың торабы немесе тоғыз торау деп атаймыз.
Кезінде аты алты алашқа тараған Ықылас Дүкенұлының есімін шартарапқа
жайған күйі: “Тоғыз торау - Кертолғау” деп аталады. Күйге арқау болған
оқиға баяғы Ақ табан- шұбырынды заманымен жалғас жәйт. Бір ашаршылықта ел
тозып, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кетеді. Зарлы заман өзіне тән әні
мен күйін шығарды. Тоғыз торауға қоныстанған халық бұл жолы мұң- зарын
былайша төгеді:
Тоғыз торау, кер толғау,
Бәріңе болды мол толғау
Шұбырынды ақ табан
Алқакөл ұзақ жол болды- ау...
Қысқашалауы “Кертолғау” деп аталатын бұл күйді тыңдаған адамның
“көкірегі көз жасымен көл болып” отырады екен дейді қариялар.
Одан соң “Тоғыз қойдың терісі бір тондық”, “Тоғыз қабат торқадан
тоқтышақтың терісі артық”, “Тоғыз інген боталап”, “Тоғыз бие құлындап”
(т.с.с.) дейміз.

“Ақыл-ойдың нағыз қайнар көзі, тоқсан тараулы тоғызқұмалақ өнері
туралы әр жерде тоғыз оянып, тоқсан толғанып түйген маржан ойларымды
көпшілікке жеткізуді жөн көрдім”- деп жазады өзінің “Тағылымы мол мұра”
(спорт газеті 13.04.99ж.) атты мақаласында Шымкенттік Қадырбек Сапарбаев.
“Тоғыз саны киелі сан. Оның мәні ықылым заманнан көшпенділердің Тұран деген
елі Иранмен қанаттас өмір сүріп, Қытайдың ақ қорғанынан Балқаш түбегіне
дейінгі кең байтақ елге иелік еткен ежелгі көк түріктердің “Көк бөрісінен ”
өрбіген, Шыңғыс хан да қолбасшы батырларына “тоғыс сирақты ақ байрақты”
қолдарына беріп жорыққа аттандырады екен. Түрік халықтарының қыз ұзатып,
келін түсіргенде екі арада жүретін аралас- құралас құдалық жоралғылары
тоғыздық дүниелер арқылы атқарылған. Тұрмысқа шыққан жас келіншек те өз
құрсағында пайда болған нәрестесін тоғыз ай, тоғыз күн сақтайды екен.
Алланың құдіретімен жаратылған адамдар мен көптеген жан-жануарлардың да
бойында өмір сүруге қажетті тоғыз тесігі болады екен. Бұл керемет құбылыста
тоғыз санының қасиетін аша түскендей. Ал, енді біздің Күн жүйесіндегі
кеңістікте бір жазықтықта әртүрлі тоғыз планеталардың айналып жүргені
әлімсақтан белгілі жай.
Кейінгі кезде баспа бетінде жарияланған статьяларда:“Тоғызқұмалақ
ойынын тұңғыш рет орта ғасырда қойшылар ойнап шығарыпты (бір байдың Аманжол
және Жайлаубай атты қойшылары). Олар жерді қазып алып, жүрелеп немесе
молдас құрып отырып ойнай береді екен, ойынның қызығына түсіп кетіп,
қойларын қасқырға қырғызып алады екен .
Бертін келе ойын халық арасына кеңінен тарап, қалың бұқараның мәдени
қажетіне айналыпты. Мұны кейде қойшының “алгебрасы” дейді екен”,- деген
жорамал- топшылаулар айтылғанымен, ол әлі зерттелмеген мәселе.
Мұндай ойды ақын Шона Смаханұлының Социалистік Еңбек Ері атағын екі
рет алған шопан Жазылбек Қуанышбаевқа арналған өлеңінен де аңғарамыз. Ақын:
Мен- көмекші, ол- аға.
Құрметтемей бола ма?!
Кешке қарай отарды
Қайтарып әкеп қонаға.
Жайластырам
Бірде ашық,
Суықта- жабық қораға.
Жатқанда жусап қойымыз,
Қалт еткенде қолымыз,
“Тоғызқұмалақ” ойнаймыз,
Бір ойнасақ қоймаймыз.
Жатқан кезде мал тыныш,
Бұл да бізге сәл тыныс.
Ұтып я ұтылсақ,
Боп қалады бұлқыныс.
Кезек ұтсақ, әрине,
Дей саламыз “ит- жығыс”,-дейді.
Бәлкім солай болған шығар. Жаңадан үйренбек болып жүрген талап
иелеріне бір ескерте кететін нәрсе- бұл тек қойшылар ойыны, шопандар ғана
ойнау керек, атының өзі де “ Тоғызқұмалақ- қойдың құмалағымен ойнау керек
деп тұр ғой” деген теріс пікірлерден аулақ болу керек.
Қызылордалық Иманбаев Е.Ә. (Қ.Р. еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қ.Р.
білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы) өзінің “
Тоғызқұмалақ- II халықаралық сайыс” атты кітапшасының “Әріден әліппеге
дейін” тақырыбында “Тағы бір көңіл аударатын нәрсе. Тоғызқұмалақ ойын
атауы, ол “162” құмалақ па әлде тас па? Бұл жөнінде біз мынадай пікір
білдіргіміз келеді:
Қазақта мынадай мәтел бар. “Баланың еңбегі тілі тас деген сөзге
келгенде қатаяды”, деген. Мұның өзі адамның санасы өзінің тастан (жерден,
топырақтан) жаратылғанын білгенде қатаяды деген мағынаға келеді. Яғни
отаудағы құмалақты тас деу ойынның логикалық құрылымын байытатындай” десе,
“Әліппеден өзімізге дейін” тақырыбында “Ұлы Абай тоғызқұмалақ ойынын аса
құштарлықпен ойнағанын халық біледі. Мен Жидебайға барғанымда бір
ақсақалдан мынадай әңгіме естіп едім. Абай өзі ұтылса: “Тақтай бағып ойын
қуған қу ұтады”, ал өзі ұтса:“Ми ұтады”- деп қасындағыларды күлдіріп
отырады екен. Осы “Ми ұтады”- да үлкен тұжырым бар дейсің. Бүкіл
болмысымыздың патшасы- Ми. Ал ойында Ми ұтса - онда тоғызқұмалақ мидың добы
болғаны да. Сонымен бізбен-сіз ми добын үйреніп, үйретіп, ойнай жүр
екенбіз”-деп, бабалардан мирас болып қалған, әрі нағыз халық ойыны ретінде
сан ғасырлар бой өзінің жұртты баурап алатын қасиетін сақтап қалған
ойынымыздың “атына” тосырқай қарайды. Ал, енді тоғызқұмалақ ойынының
тарихын зерттеу жолының бір саласы археологиялық және этнографиялық зат
бұйымдарға зер салып сүйенетін болсақ. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан
облысында, осыдан 2500 жыл бұрын халық мекендеген жайларға қазба- жұмысын
жүргізгенде, ол жерден әртүрлі тастан жасалған шариктер табылды.
Ғалымдар бұл шариктерге зер салып зерттегеннен кейін, шариктер
тоғызқұмалақ ойынына әдейілеп істелген деп тапты.
1983 жылы Қазақстан баспасынан жарық көрген “Бәйгеден олимпиядаға
шейін” (орыс тілінде шыққан) деген монографиялы кітабында (165 бет) ғалым
Мұратқан Тәнекеев былай дейді:“ Тоғызқұмалақ ойынының даму тарихы өзінше
қызық, бұл туралы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінен оқып жүрміз.
1906 жылы орыс этнографы Н. Пантусов бірінші рет ойынымыздың теориялық
жағына “анализ- талдау” жасап берді. Осы анализге сүйене отырып 1936 жылы
атақты қазақ ғалымы С. Аманжолов бүгінгі жарыстарда ойналып жүрген жеңіл
ойнау (түсінік: бір ойыншының ойын барысында өз жүрісімен “тұздық” алатын
болса, артынша екінші ойыншы өз жүрісімен “тұздық” алуына болады)
тәртібімен таныстырып кетті. Кейбір деректерге сүйенсек тоғызқұмалақ ойыны
осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болып, осы уақытқа дейін ұмытылмай келеді”-деп
ойын тоғарады.
Бәлкім солай болған шығар. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан
халықтың өз ұлттық ойындары болғаны мәлім. Солардың осы біз өмір сүріп
жатқан заманымызға жеткен “оймен ойлау” ойындарының бес түрі бар. Шахмат,
шашка, вейцы, нарды және манкала. Осы ойындардың да әр халыққа тән өз
өзгешеліктері мен ойналатын түрлері де бар. Мәселен Бирманың, Қытайдың,
Жапонияның шахматтары, шашканың орыс халқы ойнайтын және халқаралық
түрлері. Біздің тоғызқұмалақ ойнымызды орыс ғалымы А.Аникеич Африка
халықтарының арасында кең тараған “Манкала” деп аталатын ойынның бір түрі
болуы мүмкін деп жорамалдайды. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып
айта алатындар сирек әрі бұл заңды да.
Ойын тақтасы мен ережесі туралы бірер сөз айтсақ. Шахмат терминдерінің
дені шетелдік. Бірқатары ұлт тілдеріне аударылған: піл, ат, король, пешка.
Ал, тоғызқұмалақ терминдерінің барлығы қазақша. Бұған тақта бетіндегі тоғыз
отаудың атаулары жақсы мысал: арт, тектұрмас, атөтпес, атсыратар, бел,
белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдай- бәрі тоғыз. Оныншы қазаны яғни
ордасы. Қарсылас жақтікі де солай. Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол аяғын
салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түседі. Былайша айтқанда оңына бақыт
ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде оң
жағындағы отауларға салып отырады. Сонымен тақтаның сол жағында тоғыз отау
болады. Екінші жағында да соншалықты. Әр отауға тоғыз құмалақтан салынады.
Ойын бәсекесіне түскендердің, демек 81-ден құмалағы бар.
Ойынның шарты не? Шарт мынау: ойын басталған кезде қазанына 82 немесе
одан да көп құмалақ жинаған адам жеңімпаз атанады. Ал қалай ұтуға болады.
Жүріс кезегін бірінші болып алған адам, өз қалауы бойынша, өз отауларының
біріндегі айтайық тектұрмастан, (екінші отау, солдан оңға қарай санағанда)
тоғыз құмалақты уыстап алып оның біреуін орнына қалдырады да сегізін оң
жағындағы отауларға біртіндеп тастап шығады.
Соңғы құмалақ қарсылас жақтың бірінші отауына, артына барып түседі.
Сөйтіп, ондағы тоғыз құмалақты он (10) яғни жұп етеді де, бұл құмалақтарды
өз қазанына салып алады. Өз кезегінде екінші жақ та осындай жүріп
қарсыласының тектұрмасындағы тоғыз құмалақты ол да алуға тырысады. Әңгіме
әзірше бір ғана жүріс туралы болды. Айтайық, бір жүрісте екі жақта он
құмалақтан жиырмасын алды. Келесі жүрісте қарсы жақ отауларын сонша көп
жаулатып алмау үшін олар өз жүрісімен отауларды “жұп” етіп жауып отыруға
тырысады. Ең болмағанда өз құмалағын аз беруді, қарсыласының құмалағын көп
жеуді ойластырады. Былайша айтқанда қорғанысқа шығады. Дәл осы жерде
тоғызқұмалақты шахмат ойынының құрамдас үш бөлігімен салыстырып кетудің
реті келіп тұр. Шахмат ойынының алғашқы бес- жеті жүрісі дебют яғни
бастамасы деп аталады. Одан кейінгі миттельшпиль (орта шені), соңғысы
эндшпилі (аяқ шені) түрінде болып келеді. Тоғызқұмалақ та сондай. Оның
алғашқысы аршынды, одан кейінгісі орта белді, соңғысы атсырау деп аталады.
Неге бұлай? Мәселен мынада: бастапқы кезде отауларда құмалақ көп болу
себепті аршынды алымдар жасауға болады. Алымдар, берімдер көбейеді. Ойынның
орта шенінде отаулардағы құмалақ, саны әрқилы болып кетеді. Он ойланып,
тоғыз толғануға тура келеді. Ойын соңында құмалақ өте азайып, кейбір
отаулар тіпті бос қалады. “Жаяу қалған” ойыншы міне осында атсырайды.
Шахмат пен дойбыда ферзіге, биге шығу дегеніміз бар. Мұндай артықшылықтан
тоғызқұмалақ та құр алақан емес. Ол “тұздық” кейде “тұздый” деп аталады.
Тұздық қалай алынады? Ойын барысында қарсы жақ отауларының бірінде немесе
екеу үшеуінде екі құмалақтан жатуы мүмкін. Жүріс алған адам сол қос
қүмалақты отауға өзінің соңғы құмалағын жеткізіп түсірсе, онда ол “тұздық”
алғаны. Бұдан былайғы жерде сол отауға түскен құмалақтың бәрі алушының
иелігіне (қазанына) көшеді.
Кейде “тұздый” деуіміздің себебі ойынымыздың ескі заманнан бері келе
жатқандығын байқаймыз. Орхон жазуларының мәліметтері бойынша бұдан 13 ғасыр
бұрын к,қ,ғ әріптері орнына “и” қолданылған екен.
Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән ерекшелігі- бұл нағыз математикалық
есеп ойыны. Олай деуіміздің себебі ойын тәртібін үйреніп алғаннан кейін жас
та, кәрі де қызығып ойнайтын тоғызқұмалақ ойынының барысында тақта
үстіндегі тартыстың сырын (күрделі позицияны есептеу) алдын ала біліп отыру
үшін ойыншыға математикалық төрт амалды жетік біліп, сәт сайын қолданып
отыруға тура келеді.
Демек, “Тоғызқұмалақ”- үлкендерді былай қойғанда, жас жеткіншектерге
спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой- өрісін, сана сезімін дамытуға,
оқу үлгерімін жақсарта түсуге өзіндік септігін тигізеді.

2. Тоғызқұмалақ тақтасы

“Тоғызқұмалақ” ойынының арнаулы тақтасы болады, оны симметрия құрай,
тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадан жасайды. Әр жағында
тоғыз- тоғыздан отаулары (кесіндісі- трапеция сияқты өзекше ұя), бір-
бірден көлденең орналасқан құмалақ жинайтын қазаны бар. Әр жағындағы
отаулары солдан оңға қарай бірден тоғызға дейінгі рет сандары белгіленіп
отаулар мен қазандардың көлбеу беттеріндежазылған.Әрбір ойыншының қазаны
тақтаның өз бөлігінде емес, қарсыласы жағына орналасқан.

“Тоғызқұмалақ” ойынына құмалақтар (фигура) ретінде диаметрі 12
милиметірлік пластмассадан немесе капроннан құйылған шариктер қолданылады.
Ойын тақтасында әр отау екі өзекшеге бөлінгендіктен, құмалақтардың өзі екі
қатар болып жатады да, не тақ (ашық), не жұп (жабық) екені анық көрініп
тұрады.
“Тоғызқұмалақ” тақтасының қағазға түскен суретін- диаграмма дейді.
Номерлері қойылған торлар- отаулар. Олардың орта тұсында екі жақта оңаша
тұрған екі тор- екі ойыншының қазаны. Бұдан былай төменгі қатардағы бірден
тоғызға дейінгі рет сандары қойылған отаулар мен төмендегі тұрған қазанды,
яғни диаграмманың төменгі симметриясын (тең бөлігін) ақ жағының
(бастаушының- жеребе бойынша бірінші жүретін ойыншы), ал диаграмманың
жоғарғы симметриясын қара жағының (қостаушының- бастаушыға жауап жүретін
ойыншы) ойын алаңдары деп түсіну керек.

1-диаграмма
Бұған мысал ретінде мына төмендегі позицияны ұсынамыз:

2-диаграмма
Ортадағы отаулар ішіндегі цифрлар- 6, 8, 4, 2, 8, 15 т.с.с.
отаулардағы жатқан құмалақтар санын, жоғарғы және төменгі жеке тұрған
қазандардағы 42, 40 цифрлары әрбір ойыншының ұтып алған құмалақтар санын
көрсетеді.Ойынның теориялық жағын үйрену кезінде төмендегідей диаграммалар
кездесіп отырады.

3. Ойынның ережесі мен ерекшеліктері

“Тоғызқұмалақ” ойыны басталар кезде құмалақтардың орналасу позициясы
мынадай болады:

3- диаграмма
Ортадағы отаулар ішіндегі “9” цифры әрбір отауда жатқан құмалақтар
санын білдіреді, әрбір ойыншының тоғыз отауында 81- деп құмалағы болады.
Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаулардан бастауға
болады. Ол үшін ойыншы (ақ жағы яғни төменгі жағы) жүріс жасалатын отауда
бір құмалақ қана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі
отаудан бастап, әрбір отауға өз жағының да, қарсыласының да құмалақтары
біткенше бір- бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ
қарсыласының ішінде тақ санды құмалағы бар кез- келген отауына келіп түсіп,
сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса, бұл жүріс табысты болып саналып,
сол отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Түсінікті болу
үшін, 3- диаграмма мен 4- диаграмманы, 5- диаграмма мен 6- диаграмманы
салыстырып қараңыз. Ақ жағы ойынды 7- отаудан бастап жүріп, қара жағының 6-
отауында жатқан құмалақтарды ұтып алған жағдайда мына төмендегі позиция
пайда болады.

4- диаграмма
Ойын барысында қара жағының он екі жүрісінен кейін мынадай позиция (5-
диаграмма) пайда болады делік.

5- диаграмма

Енді жүріс ақ жағынан. Ол 6- отауында жатқан бес құмалақтың төртеуін
қолына алып, жүріс жасайтын болса, соңғы салған құмалағы қара жағының
бірінші отауына барып түседі де ондағы құмалақтар санын жұп жасап, отаудағы
құмалақтарды өз қазанындағы құмалақтарға қосып алады (7- диаграмманы
қараңыз).
“Тоғызқұмалақ” ойынында қарсыластар алма- кезек жүріп отырады. Міне, 5-
диаграммадан кейін жүріс қара жаққа беріледі. Қара жақтың мақсаты да
қарсыласының тақ санды бір отауына өзінің қолындағы соңғы құмалағын
түсіріп, жұп жасап, сол отаудағы құмалақтарды ұтып алу болып табылады. Осы
тәртіппен жүріс алма кезек ауыстырылып отырады. Егер жүріс кезінде
ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез- келген бір отауына түсіп,
сол отаудағы құмалақтар санын тақ жасаса, немесе, өз жағының отауларының
біреуіне тақ- жұбына қарамай қарамай келіп түсіп жатса, жай жүріс жасалды
деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға алынбайды.

6- диаграмма

7- диаграмма
Бірінші мысал. Жүріс қара жақтан болғандықтан (6- диаграмманы
қараңыз), ойыншы өзінің 9- отауында жатқан 3 құмалақты жүріп, ақ жағының 2-
отауын шабуылдай бастаса, 8- диаграммадай позиция пайда болады.
Екінші мысал. Ендігі жүріс кезегі ақ жағынан (7- диаграмма). Ақ жағы 2-
отауындағы жатқан 21 құмалақтан айырылып қаламын ба деген қауыппен,
жүрісін сол отаудан бастап (бұл асығыс, қате жүріс) құмалақтарын таратып
жіберетін болса, тақта үстінде мынадай позиция пайда болады.

8- диаграмма
Мұндай жай жүрістен кейін ойыншының өзінің 1-, 2- және 3- отауларына
екі құмалақтан түскен себебі- жүрілген (2- отау) отаудың ішінде бір
айналымнан көп құмалақтар болғандығы. Айналым дегеніміз- бір отаудан
бастап жүрілген жүріс барысында құмалақтарын солдан оңға қарай барлық 18
отауға қатар түсіп өз орнына қайта келуі. Бір айналымдық құмалақ саны- 19
болады. Ал екі айналымға жету үшін отаудағы құмалақ саны 37 болу керек.
Тоғызқұмалақ ойынының мынандай үш ерекшелігі бар: Бірінші ерекшелік: ойын
барысында, жүріс жасалатын отаудың ішінде бір- ақ құмалақ жатса, ол құмалақ
қолға алынып, келесі оң жағындағы отауға салынады. Ол отау бос қалады.
Екінші ерекшелік. Ол қарсы жақтың позициясынан “тұздық” алу, былайша
айтқанда, дойбы ойынының “биге” шыққан тасы сияқты болу. “Тұздық” алу ойыны
барысында, “тұздық” алған ойыншыға үлкен артықшылық әпереді. Бір ойында
ойыншы бір ғана “тұздық” ала алады. “Тұздық” қалай алынады? Ойын барысында,
қарсы жақтың бір немесе бірнеше отауларының ішінде екіден ғана құмалақ
жатуы мүмкін. Жүріс кезегі келгенде, тиімді отаудан “тұздық” алмақ болып
ұйғарып, сіздің қолыңыздағы ең соңғы құмалағыңыз, сол отауда жатқан екі
құмалақты алғаш рет үшеу жасаса, “тұздық” алынды деп есептеледі. Ол үшін
қазаныңызға салып алуыңызға болады. Мысалы, ақ жағының ішінде 21 құмалағы
бар 2- отауынан бастаған асығыс қате жүрісінен кейін (8- диаграмманы
қараңыз) қара жағының екі отаудан да “тұздық” алу мүмкіндігі бар.
“Тұздық” алынған отаудың ішіне бір зат (белгі) салынып қойылады. Мұнан
былай ойын біткенше, екі жақтың да әрбір жүріс сайын, “тұздыққа” түскен
құмалақтардың барлығы “тұздық” алған ойыншының қазанына салынып отырады.
“Тұздық” кез- келген отаудан алына бермейді. Мұның мына төмендегідей
өзіндік ерекшелігі бар. Біріншісі, “тұздықтарды” қарсыластардың екі жағы да
9- отаудан алуға қақылары жоқ.
Екіншісі, “тұздықтар” екі жақтың аттас номерлері отауларынан да
алынбайды. Мәселен қара жағы қарсыласының 3- отауынан “тұздық” алса, ақ
жағы, қара жағының 3- отауынан “тұздық” алуға қақысы жоқ.
Үшінші ерекшелік. Ойын аяқталуға жақындағанда ойыншылардың біреуінің
отауларында құмалақтар саны азайып, жүрістерінің тарылу кезеңі туады.
Түсінікті болу үшін мына төмендегі 9- диаграмманы қараңыз:

9- диаграмма
Мұндай позициядан кейін ойынның бітуіне санаулы- ақ жүрістер қалады.
Жүріс қара жағынан. Оның не бары үш жүрістен қалған екі құмалағы ақ жағының
отауларына өтіп кетеді де, жүретін жүрісі болмай қалады. Мұндай кезеңді
“Тоғызқұмалақ” тілінде “атсырау” дейді. Қара жағы өзінің отауларында жатқан
барлық 12 құмалақты өз қазанына салып алады. Себебі- қарсыласы “атсырап”
қалады.

4. Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты

“Тоғызқұмалақты” ойнаушылардың алдарына қоятын негізгі мақсаты- кем
дегенде өз қазанына 82 құмалақ жинап, қарсыласын ұтып шығу. Екі жақтың
бірдей ұтуы, не ұтылуы мүмкін емес. Ұтыс бір ойыншыға ойын аяқталғаннан
соң:
а) бір ойыншы өз қазанына 82 құмалақ жинап үлгерсе;
ә)жүріс кезегі келгенде қарсыластың отауларында жүрер құмалақтары
болмай, яғни тоғызқұмалақ тілінде қарсылас ойыншы “атсырап” қалып, екінші
ойыншы отаулардағы қалған құмалақтарды өз қазанына салып алғанда,
құмалақтардың саны 82- ден кем болмаса;
б)уақыт белгілеп (сағатпен) ойнаған жарыстарда қарсылас жақтың
белгіленген жүрістерге берілген уақыты бітіп қалып, екінші ойыншы екі
жақтың барлық отауларында қалған құмалақтарды қазанына салып алғанда,
ондағы құмалақтардың саны 82- ден кем болмаса беріледі.
Ойын аяқталғаннан соң, ойыншылардың қазанындағы құмалақтардың саны 81+
ден болса, ойын “тең ойын” деп бағаланады. “Тоғызқұмалақ” ойынынды “тең
ойын” өте сирек кездеседі.
“Тоғызқұмалақта” “тең ойын” болуының басты шарты- екі жақтың да тақта
бетінде “тұздықтарының” болмауы. Егер екі ойыншыда да, немесе біреуінде
“тұздық” болмайтын болса, “тең ойын” категориясы кездеспейді. Себеп? Мұнан
бұрын жазылған ойынның ережелеріне анықтап қарайтын болсаңыз, қарсыластың
құмалақтарды ұту сәті тек отауда жұп құмалақ жатқанда болады ғой. Олай
болса, жұп сандардан ұтып отырған ойыншының қазанында ешқашан 81 құмалақ
жиналмайды. Міне, “тұздық” алған кезде ғана қазанға түскен құмалақтар
саны тақ болады.
“ Тоғызқұмалақ ” ойынының жарыстарында ойыншылар өз қазанына 82
құмалақ ұтып алғаннан кейін де ойынды тоқтата алмай, аяғына дейін жеткізу
керек. Бұл ойынның қандай есеппен аяқталғанын білу үшін қажет.
“ Тоғызқұмалақ ” ойынын үйренушілерге бір ескерте кететін нәрсе- тақ
санды құмалағы бар отаулар құмалақ тілінде- “ашық”, жұп санды құмалағы бар
отаулар- “жабық” отаулар деп аталады. Әркім өз отауын жабық, ал
қарсыласының отауын ашық етуге тырысуы жөн. “ Тоғызқұмалақта” да ұтқан
ойыншы 1 ұпай алады. Ал ұтылған ойыншы 0 ұпай, егер тең болса 0,5 ұпай
бөліседі.

5. Жүрістерді есептеу жолдары

“Тоғызқұмалақ” ойынын үйрену онша қиын емес. Бірер ойнаған соң- ақ
жүрістерді жаттап қалуға болады. Бірәқ осы сәтте бірнеше заңды сұрақтарға
тап болады. “Қалай тез жүруге болады?”, “Соңғы құмалақ қай отауға (әсіресе
құмалақ саны көп болғанда) барып түсетінін қайдан тез арада қалай есептеуге
болады?” т.с.с. Ойынынның жүрісі құмалақтарды отау- отауға салып отыру
болғандықтан қарт ойыншылар отау мен құмалақты сұқ саусақтарымен санайды да
отырады. Бұл әрі ойынның тездігін тежейді, әрі қателесіп кетуге ұрындырады.
Міне, есептеп жүрудің біз ұсынып отырған жаңа әдісі тақтадағы қандай
күрделі жағдайда да жүрісті жүруге болатынын көрсетіп бере алады. Енді сол
әдістің мәніне назар аударайық.
“Тоғызқұмалақ” ойынының бір ерекшелігі әрі басқа ойындардан
артықшылығы- әр отаудың номері мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол
отаудың шабуыл мүмкіншілігін (күштілігін), яғни соңғы құмалақтың дәл қай
номерлі отауға барып түсетіндігін көрсете алатындығы. Сондықтан ойын
барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың
немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласыңның қай
отауындағы құмалағы сенің ашық отауыңа қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз
тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады.
Ойын барысында, отаудың шабуыл мүмкіншілігін тез арада білу үшін, мына
төмендегі үш түрлі математикалық есептеу жолдарын қолдану қажет. Енді
оларды талдап өтелік.
Бірінші есептеу жолы. Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай
номерлі отауға барып түсетінін анықтау үшін, әрқашанда, сол отаудың ойынды
жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрларының арасына қосу
белгісін қоямыз. Мысалы 3- отауда 17 құмалақ бар. Яғни 3+1+17. Қосындысы-
11.
а) Егер сандардың қосындысы 10, немесе 10- ға жетпейтін болса, онда
қосындыдан 1- ді шегереміз.
ә) Егер сандардың қосындысы 10-нан артық болған жағдайда, қосындыдан
10 санын шегереміз.
Жоғарыда айтқандарымыз түсінікті болу үшін, ойынның мына төмендегідей
бес жүрісінен кейін пайда болған позицияны (14-диаграмма) қарап өтелік.
Ақ жағы: Қара жағы:
1. 79:610 79:610
2. 910-911 911-112
3. 111:212 511:63Х
4. 413:74 52-64
5.213:52 115-6Х
Міне, осы бес жүрістен кейінгі тақта бетін көрсетсек, 10-
диаграммадағыдай позиция пайда болады.
Жүріс кезегі ақ жағынан. Бұл позицияда оның бір ғана күшті жүрісі бар.
Ол жүріс- үшінші отаудағы 15 құмалақты жүру. Сонда ол қарсыласының 8- ші
отауындағы 13 құмалақты ұта алады. Бірақ жарыс тәртібіне сәйкес жедел ойнау
кезінде бұл жүрісті қалай тез табуға болады? Міне, біздің жоғарыда ұсынған
әдісімізді қолдану осы жерде керек. Ол өзінің 3-ші отауында жатқан 13
құмалақтың соңғысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақтағы отау атаулары
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ
Тоғызқұмалақ ойынының жобасын жасау
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Қазақтың ұлттық ойыны
Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мағұлмат
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ
Тоғыз - құмалақ тақтасының кілті
Қазақтың ұлттық спорт түрлері тарихы
Пәндер