Айыптау және ақтау үкімі
Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.Үкімді қаулылау кезінде шешілетін
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10
2.Айыптау үкімінің ұғымы мен түрлері және қаулылау
тәртібі ... ... ... ... ..11
3.Ақтау үкімінің мазмұны және оның қаулылану
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
IV.Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .28
І.Кіріспе
Үкім – әділ соттың негізгі жєне маңызды актісі, қылмыстық іс
бойынша әділ соттың алдындағы міндеттерді жүзеге асыру құралы. Үкім
арқылы белгілі бір іс шешіліп ғана қоймайды, сонымен қатар, заңдық
бекітіліп, құқық бұзылушылықты жоюға әрекет жасайды және азаматтарды саналы
құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелейді. Сотпен шығарылатан осы
процессуалдық актіде мемлекеттің көзқарасы іс әрекетке және оны жасаған
тұлғаларға қатынасы сипатталады, сотталушының тұлғасына және қоғамдық
қауіпті іс-әрекетке мемлекеттің атынан қоғамдық саяси, құқықтық және
моральдік баға беріледі.
Сот үкімі- бірінші сот инстанциясының маңызды процессуалдық
шешімі және оны шығару алдындағы процессуалдық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол
әділ сот актісі және оның күшіне заңмен қойылған қасиеттерге толық жауап
бергенде иеленеді.
Белгілі бір іс бойынша шешілген сұрақтар, үкімде жалпы міндеттілік
қасиетіне ие. Ол барлық мемлекеттік және қоғамдық кәсіпорындар, мекемелер
мен ұйымдарға, лауазымда адамдар мен азаматтарға міндетті және барлық
Қазақстан Республикасы территориясы бойынша орындалуы керек. Басқа көптеген
құқықтық қолдану актілерден айырмашылығы үкім өзінің заңдық күшіне
енгеннен кейін жалпы міндеттілік қасиетке ие болады. Сотпен шығарылған
үкім заңдық күшіне, үкімге шағымдану мерзімі өткеннен кейін немесе жоғары
тұрған соттың үкімге берілген шағымды (наразылық) қаралғаннан кейін, ол
күшін жоймай өзгеріссіз қалса енеді. Үкім жалпы міндетті және заңды
күшіне енбейді, егер сотталушыға үкімді тексеру бойынша өндірісті қозғау
құқығы берілмесе. Бұл басқа құқық қолдану актілерінен, прокурор және
тергеуші актілерін қоса және қылмыстық істі қарау кезінде сотпен
шығарылатын басқа тәртіп бойынша шағымдануға немесе наразылық білдіруге
қарамастан дереу орындалып заңдық күшіне енетін көптеген шешімдерден
үкімнің айырмашылығы.
Күшіне енген үкімнің ақиқаттылық презумциясы жеке тұлға лауазымды
тұлғалардың көзқарасына байланыссыз болады. Соңғылары онымен келіспеуі де
мүмкін, бірақ үкімнің заңдық күші сақталады. Үкімге қатысты адамдардың
3
қалай бағалауына байланыссыз, үкім орындала береді.
Үкімнің заңдық күші оның әрекет ету шегін көрсетеді. Сотпен үкімде
бекітілген белгілі бір деректердің дәлелденгендігі, үкімнің дәлелденгендігі
және басқа да процессуалдық актілеріндегі пайымдаулары, соттың
қорытындыларын қоспағанда сотталушының айыпты немесе айыпты емес екендігі,
қылмыстық саралау бойынша жасаған қылмысы үшін айыптау шарасы мен зиянның
орнын толтыруды үкімде тікелей көрсетілген ұйымдар мен тұлғаларға қатысты
сол қылмыстық іс бойынша заңдық күшіне енедi.
Заңдық күшіне енген үкім ерекше қасиетке және преюдициалдық мәнге ие
болады. Үкімнің ерекшелігі дегеніміз белгілі бір тұлғаға қатысты заңдық
күшіне енген айыптау үкімі шығарылса, сол айыптау бойынша сол тұлғаларға
үкім шығаруға жол бермеуді айтамыз. Ерекшелік қасиетке айыптау үкімі сияқты
ақтау үкімі де енеді. Заңдық күшіне енген үкімнің күшін жойғаннан кейін
ғана сол іс бойынша қайта қаралуы мүмкін. Ақтау үкімнің бір ерекшелігі
заңдық күшіне енгеннен кейін бір жыл өткен соң, қайта қарастырылуы мүмкін,
ал, айыптау қайта қарастыруға жатпайды.
Заңдық күшіне енген үкімнің преюдициалдық маңызы дегеніміз сотпен
анықталған іске байланысты деректер бойынша жасалған мұндағы қорытынды, сол
жағдайды азаматтық тәртіпте сот өндірісін жүргізіп жатқан және тағы басқа
құқық қолдану органдарға міндетті болуын айтамыз.
Қылмыстық іс бойынша әділ сот актісінің негізі – үкімнің процессуалдық
маңызын құрайды. Біріншіден, ол барлық процесске қатысушылардың құқықтары
мен заңдық мүдделерін қорғалуын қамтамасыз етіп, тергеу органдарына іс-
әрекетіне және бірінші сот инстанциясына қорытынды береді. Екіншіден, үкім
қылмыстық іс бойынша мәселелерді сотпен шешудің алғашқы қадамы
болғандықтан, сотпен қорғалу институттарының әрі қарай дамуына негіз
болады, яғни әділ сот жүйесі қызмет ете алмайтын соттық қадағалаудың нысаны
орын алады.
4
ІІ.Негізгі бөлім
Үкім сот әділдігінің маңызды актісі болғандықтан түбегейлі заңдылық
және негізділік талаптарына сәйкес болу керек. Үкімнің қаншалықты заңға
сәйкес екеніне, заңдардың дұрыс қолданылуына байланысты, яғни оның қандай
деңгейде заңға сәйкес негізделуіне байланысты, үкімнің қоғамдық әділдігі
мен тиімділігі шешіледі.
Іс сотқа берілгеннен кейін, оған қылмыстық іс бойынша шешім шығару
және сот процессін жүргізу жауапкершілігі жүктеледі. Сот шешімді шығаруда
ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Сот өндірісін сипаттаушы қасиеттері болып,
сот шешімінің нысаны мен мазмұнына және оны жариялау әдісіне қойылатын
ерекше талаптар табылады. Шешімді қабылдауда, ерекше нысанның өзін, яғни
соттың өз шешімін негіздеу міндеттерін көрсету керек.
ҚР-ның ҚІЖК-нің 368–бабына сәйкес үкімге қойылатын негізгі талаптар
көрсетілген, яғни үкімнің заңдылығы мен негізділігі. Осы талаптардың біреуі
бұзылса шықарылған үкім күшін жояды немесе өзгертілуге жатады. Қылмыс
жасаудағы әрбір айыпталушы кінәлілігі, заңмен белгіленген тәртіпте және
соттың заңдық күшіне енген үкімінде бекітілмегенше, кінәсіз саналатындықы
туралы конституциялық ереженің сот үкімінің әділ сотты жүзеге асырудың
маңызды актісі ретіндегі мәнін анықтап, соттарды заңмен үкімге қойылған
талаптарды мүлтіксіз сақтауын міндеттейді.
Сонымен қатар, осы талаптарды тиісті түрде соттың орындамауына
байланысты, үкімді шығару кезінде маңызды қателіктер мен кемшіліктер әлі де
жіберіледі. Осының нәтижесінде заңсыз және негізделмеген үкім шықару
жағдайлары орын алып, жоғарғы тұрған сот инстанцияларымен, олардың күшін
жою немесе өзгертуге әкеп соғады.
Үкімнің заңдылығы дегеніміз-оның материалдық және процессуалдық құқық
нормаларына қатаң түрде сәйкес келуі.Үкімнің материалдық құқыққа сәйкестігі
дегеніміз–материалдық зиянды өтеу, жазалау түрі мен мөлшері, қылмыстық
саралау және т.б. құқықтық жалпы бөлімдердегі нормаларды қолдану
мәселесінің дұрыс шешілуін айтады. Сонымен қатар, тек қылмыстық құқықтық
нормалары ғана емес, сол сияқты іске қатысты азаматтық, еңбектік
5
және басқа да материалдық құқықтардың нормалары дұрыс қолданылуы керек.
Үкім заңсыз болып табылады, егер үкімді қаулылау кезінде, бастапқы соттың
талқылау этаптарында сотпен маңызды қылмыстық процессуалдық заң
бұзушылықтар болғанда және осындай заң бұзушылықтар алдын-ала тергеу
барысында орын алғанда. Үкімде әрқашан процедуралардың өрескел бұзылуы
көрініс табады. Үкім заңды болып табылады, егер ол барлық қылмыстық сот
өндірістері кезінде, процессуалдық заң қатаң түрде сақталып шығарылса. Тек
сәйкесінше құзіретті сотпен, іс бойынша объективті, жан-жақты және толық
мән-жайларды зерттеу ережелерінің барлығын сақтау арқылы шығарылған үкім,
белгілі бір іске маңызы бар, объективті ақиқаттылық көрінісі болуы мүмкін.
Үкімнің заңдылығы оның негізділігімен тығыз байланысты.Үкімнің
негізділігі дегеніміз-үкімде баяндалған сот қорытындысының, сот отырысында
зерттеліп, сотпен сенімді және жеткілікті деп танылған дәлелдер жиынтығымен
расталатын, іс мән-жайларына сәйкес келуін айтамыз. Дәлелдердің
жеткіліктігі сапалық және сандық қасиеттерімен сипатталады және қылмыстық
іс бойынша анықтауға жататын мән-жайлармен арақатынаста болуы керек, яғни
олар жалпыға мәлім мынаны қамтиды:
а) қылмыстық оқиға (қылмыстың жасалған орны, уақыты, тәсілі және т.б.
жағдайлар);
б) сотталушының қылмыс жасауда кінәлілігі және қылмыстық ниеті
в) сотталушының жауапкершілік дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар;
г) қылмыспен келтірілген зиянның мөлшері мен сипаты, сонымен қатар, қылмыс
жасауға әсер еткен жағдай.
Үкімді шықаруда жеткілікті мән-жайларды анықтауқа қажет дәлелдемелердің
жеткілікті жиынтықы дегеніміз–қылмыстық оқиғаның болғаны жайлы,
сотталушының кінәлілігі және дәлелдеу пәннің басқа элементтері туралы дұрыс
қорытынды жасауға судьяларға мүмкіндік беретін жүйелі сапа сипатталуы
керек, сондықтан, олардың ойынша жасалған қорытындыны негіздеуге басқа
дәлеледемелерге қосудың қажеті жоқ.
6
Сондықтан, дәлеледемелердің жеткілікті жиынтықтық анықтамасы–сот талқысы
кезінде іс жүзіндегі деректерді жинаумен зерттеуге қосылып отыр. Ал
судьялардың пікірі бойынша, қылмыстық істі дәлелдеу пәніне кіретін
деректердің бары немесе жоғы туралы шын және жеткілікті дәлелдеудің
қорытындыларын алуы зерттелген дәлелдеме жеткілікті дейді. Дәлелдемелердің
жеткілікті жиынтығы – қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын және сот
отырысында зерттелетін іс жүзіндегі деректер арасындағы мән-жайлардың
болуын анықтайды. Бұл байланыс казуалдық, шартты-мерзімдік, кеңістікті-
уақыттың және т.б. болуы мүмкін және әрқашан объективті болу керек.
Сондықтан, жеткілікті дәлелдемелердің жиынтығының негізін қылмыстық
процессуалдық нысан талаптарына сәйкес қатаң түрде зерттелген және
бекітілген іске қатысты дәлелдемелер қүрайды. Дәлелдемелердің
жеткіліктілігі – бұл қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын мән-жайлардың,
оның объективтік ақиқатының байланысы ғана емес, сонымен қатар, деректердің
бары немесе жоғы туралы қорытынды жасауға бағалы дәлелдемелер жасау
негізінде бақыланылатын байланыс, іске қатысты дәлелдемелердің әрқашан оның
дұрыс шешілуіне маңызы зор. Дәлелдемелердің жеткіліктігі зерттеліп жатқан
заттың дәлелденгендігінде сенімнің қалыптасқанымен және оның іс жүзіндегі
шындыққа сәйкес келуімен анықталады.
Тікелей және жанама дәлелдемелердің жататындығы туралы мәселенің
соңғы шешімін болжамдау арқылы емес, толық үкім шықарғанда
шешіледі.Негізделуге тиісті сот қорытындыларына үкімнің сипатталушы және
қорытынды бөліктеріндегі шешімдер мен пайымдаулар жатады. Соттың
қорытындыларының негізделуінде өзінің белгілі бір ерекшеліктері болуы
мүмкін. Көп жағдайларда, деректер туралы пайымдаулар дәлелдемелерді талдау
нәтижесіне сүйенеді. Дәлелдемелерді бағалаудағы қорытынды шықаруда осындай
негізделген болу керек. Егер дәлелдемелер жеткілікті болып және объективті
шындыққа сәйкес сот қорытынды жасаса, үкімнің негізделгенін және
ақиқаттылығын білдіредi. Ақиқатты үкім әрқашан негізделген болады.
Дәлелдемелердің жеткіліксіз болуы дәлелдеуге жататын
7
деректердегі күмәнді жақдайдың жойылмай орын алуын, соттың негіздеу
позициясын білдіреді. Бұл сотталушының пайдасына қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Егер сот айыптау дәлелденді деп таныса, онда қылмыстық
саралау және жазаны тағайындау немесе одан босату туралы шешім зиянды
сәйкесінше орнына келтіру және т.б. айыптау үкіміндегі мәселелер негізделуі
керек. Анықталған деректерді құқықтық бағалау жөніндегі қорытынды,
қылмыстық құқықтық саралау мен жазалауды қоса, материалдық құқықтық
логикалық-құқықтық талдаумен негізделу керектігі маңызды орын алады. Үкім
негізделмеген болып табылады, егер кез-келген соттың қорытындысы
негізделмесе. Егер кінәсізді соттаса немесе жеткілікті дәлелдемелер
негізінде айыптауды растайтын ақтау үкімі шықарылса, үкім негізделмеген
болып табылады. үкім негізделмеген болады, егер сот маңызды мән-жайларды,
іске маңызы бар дәлелдемелерді зерттемесе немесе анықталған деректерге
қылмыстық құқықтық бөліміндегі жазалау шарасын тағайындауда немесе әрекетті
саралауда сот шешімі қайшы келсе:
1. Шешімнің негізділігі оның заңдылығының көрінісі болып табылады. Заңмен
көрсетілген процессуалдық нысанның бұлжытпай сақталуы іс бойынша дұрыс
шешім қабылдауға және ақиқатты анықтаудың шарты.
2. Үкімнің заңдылығы мен негізділігі ажырақысыз өзара байланысты. Қылмыстық
процессуалдық заң негізделген үкім ғана шықаруды талап ететіндіктен,
негізделмеген үкім заңсыз болып табылады. Үкімде соттың кез-келген
қорытындылардың негізделмеуі қылмыстық құқықтық заңның талаптарының
бұзылуын білдіреді, ал қылмыстық құқықтық нормалардың қолданылуы
негізделмеу жағдайы материалдық қылмыстық заңды қоса бұзады. Сонымен қатар,
егер сот процессуалдық нормаларды өрескел бұзу нәтижесінде заңсыз Үкім
шықарылса ,үкімді негізделген деп тануға жол берілмейді, яғни барлық соттық
зерттеу нәтижелеріне күмән келтіріледі. Үкімнің негізделу түсінігі тағы бір
принципиалдық талапты өзіне қосады және бұл оны қарастыру кезінде ескерілуі
керек: айыптау үкімі болжамдар негізделуге тиісті емес және сот талқылау
барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттың зерттеген
дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана
8
шығарылады ( ҚР ҚІЖК-нің 375-бабының 3-бөлімі ). Айыптаудағы дәлелдеуге
қатысты барлық күмәндар, егер оларды жою мүмкін болмаса, сотталушының
пайдасына пайымдалады.
3. Үкімнің негізділігі - қылмыстық қүқықтың бір функциясы мәжбүрлеу қажет
екендігінде қоғам мүшелеріне логикалық және психологиялық сенімді
қалыптастыруда әсер ететін құрал болып табылады.
Әрбір үкім сотпен дәлелденген болуы керек. Үкімнің дәлелденгендігі – соттың
іс материалдарын қарағаннан кейін, үкімде келтірілген қорытындының
негізділігі. Дәлелденгендік дегеніміз-үкімде келтірілген– дәлелдеудің
логикалық және қүқық ережелеріне сәйкес – үкімнің сипаттамалы – дәлелдеу
және қорытынды бөліктері қамтитын шешімдер мен қорытындыларды пайымдайтын
барлық іс жүзіндегі заңға сәйкес аргументтер.
Дәлелденгендік– үкімнің негізділігі мен заңдылығын білдіреді. Үкімді
дәлелдеусіз, оның заңдылығы мен негізділігін, сонымен қатар, жазаның
әділдігін тексеру мүмкін емес.
Үкімнің әділдігі ҚР ҚІЖК-нің 369-бапқа сәйкес үкімге қойылатын талаптар
ішінде көрсетілмеген. Бірақ бүл талап қылмыстық процесстің теориясында
қалыптасқан.Үкімнің әділдігінің кең және тар мағынада түсінігі бар. Тар
мағынада үкімнің әділдігі соттық жазаны тағайындау әділдігін білдіреді,
яғни тағайындалатын жазалау шарасының қылмыстық ауырлығына және оны жасаған
тұлғаға сәйкес келуі керек. Қылмыстық кодексте көптеген баптардың
санкциялары белгілі бір жазалау тәртiбін, сонымен қатар, заңмен белгіленген
шекте жазалау мөлшерін анықтайды, соттарға таңдау альтернативасын береді.
Осы шекте кез-келген жаза формально заңға сәйкес болса да, сот оның кез-
келгенін емес, ал сол жағдайға әділ жазаны тағайындауға міндетті. Әділ
жазаны тағайындау кезінде, қоғамға үлкен тәрбиелік мәні бар, жасалған
әрекеттің салдарынан келтірілген индивидуалдық қайғы мен зиянды және
әлеуметтік жексұрындық мөлшеріне байланысты тиісті жазалау
дифференциациясы сақталуы керек. Қылмыс жасалған бірдей әрекеттерге барлық
тұлғаларға бірдей жаза тағайындалса үкімді әділ деп айтуға болмайды.
Сонымен қатар, үкімнің әділдігі азаматтық заң және сот алдында теңдік
9
қағидасының сақталуын білдіреді.Үкімнің әділдігі дискриминациямен және жеке
түлғаға берілген басымдылықтарымен сыйыспайды. Сот үкімінің әділдігі
судьяның құзіреттілігі, оның қылмыс саясаты мен мемлекеттегі барлық
қылмыстық юстицияның жүйесі туралы азамат ой-пікір қалыптастыратын, негізгі
белгісі болып табылады. Сонымен, үкімнің барлық талаптары негізгі – оның
заңдылығына негізделеді. Жоғарыда аталған талаптар сақталғанда ғана үкім
үлкен тәрбиелік және қоғамдық - саяси мәнге ие болады.
1.Үкімді қаулылау кезінде шешілетін мәселелер
Қылмыс жасауда кінәлі деп танылған сотталушы қылмыстық жазадан
мынандай жағдайларда босатылады:
1. қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімінің өтіп кетуі;
Егер сот үкім шығару кезінде ескіру мерзімінің өтіп кеткенін анықтаса,
сотталушыға қылмыстық жаза қолдануға тиісті емес. Сот тек өлім жазасы
тағайындалатын қылмысқа, айыпты деп танылған сотталушыға қатысты жаза
қолдана алады. Бірақ, өлім жазасы бұл жағдайда бас бостандығын шектеу
жазасымен ауыстырылады.
2. амнистия актісі, егер бұл жасалған әрекетке жаза қолдануды толық жоққа
шығарса;
3. егер сотта істі қарау кезінде әрекет қоғамдық қауіптілігінен айырылса
немесе оны жасаған тұлға қоғамға қауіпті емес деп танылса.
ҚР ҚК 68-бабына сәйкес қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер
істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет
қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер
ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта
қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе,
сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін;
4. қылмыс есі-дұрыс кезінде жасалып, бірақ істі қарау кезінде тұлғаның
психикасының бұзылығаны белгіленсе.
Сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс.
10
ҚР ҚК жалпы бөліміне сәйкес және ерекше бөлімінің негізіне сай
қарастырылатын мерзім шектерінде жаза тағайындалады.
Сот жазаны тағайындау кезінде жасалған қылмыстық қоғамдық қауіптілік
дәрежесі мен сипатын ескереді.Жазаны өтеуден сот босатады (ол туралы үкімде
көрсетеді) мынандай жағдайларда:
1. амниссия, егер ол белгілі бір жазалау мерзімімен байланысты болса;
Егер амниссия актісін қолдану қылмыс түрімен оны саралауға байланысты емес,
ал жазалау жағдайының мерзіміне байланысты болса және сотталушыға
амниссияны қолдану мерзіміне сәйкес жаза тағайындалса, онда сотталушы
жазадан толық босатылады. Егер амниссия жазаны жеңілдетуді көздесе және
сотталушыға жеңілдетуге жататын жаза тағайындалса, онда Үкімде өтелуге тиіс
тағайындалған жазаның жеңілдетілгендігі амниссия актсіне сәйкес екендігі
көрсетіледі;
2. шартты соттау.
Егер сот айыпталушының тұлғасын және іс жағдайларын ескере келіп түзеу
жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу сияқты тағайындалған жазаны
айыпталушының өтеуі дұрыс еместігін анықтаса, айыпталушыға жазаның шартты
түрі қолданылуы мүмкін. Сот шартты соттаудың дәлелін үкімде көрсетіп,
сотталушыға сынақ мерзімін тағайындайды және үкімді орындауға келтірмей
шешім шығарады, егер сотталушы белгілі бір сынақ мерзімі ішінде осыған
сәйкес немесе ауыр емес қылмыс жасамағанша.
Егер іс бойынша өндіріс процессінде сотталушы ұстап алуға сәйкес қамауда
болса немесе қамауда болу бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалса,
сотталушының қамауда болу уақытын сот жазалау мерзіміне есептейді.
2.Айыптау үкімінің ұғымы мен түрлер
және қаулылау тәртібі
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 374-бабы үкімнің екі түрін
қарастырады: айыптау және ақтау. Айыптау үкімінде барлық туындаған
мәселелерге жауап берілуі керек. Сотталушы қылмыс жасағанында кінәлі деп
танылады немесе ақталады. Бір іс бойынша бірнеше адамды айыптау мәселесі
11
шешіліп жатса да немесе егер бір тұлғаға бірнеше айып тағылса да, іс
бойынша сот тек бір ғана үкім шығарады. Сондықтан да, үкім біреулерге
қатысты тағылған айыпқа байланысты айыптаушы, ал басқалары үшін – ақтаушы
болуы мүмкін, жалғыз құжат болып табылады.
Айыптау үкімі сот талқысы кезінде сотталушының қылмыс жасағандығы
дәлелденген жағдайда шығарылады. Айыптау үкімі болжамдар негізінде
негізделе алмайды (ҚР ҚІЖК 395- бабы 3- бөлігі). Сот айыптау үкімін алғашқы
сұраққа түбегейлі нақты жауап бергенде ғана шығарады. Айыптау үкімі сенімді
дәлелдемелерге негізделуі керек. Сотталушыны ақтайтын жағдайлар жоққа
шығарылмай, тексерілмей және оның кінәлі екендігіне сенімсіздіктер
жойылмай, сот айыптау үкімін шығаруға құқығы жоқ.
Айыптау үкімі жаза туралы мәселенің шешілуіне байланысты бес түрлі болуы
мүмкін:
- сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып;
- адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
- қылмыстық жаза тағайындала және одан босата отырып;
- қылмыстық жаза тағайындалмай;
- қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады.
Сотталушы өтеуге тиіс жазаны тағайындаумен айыптау үкімін шығара отырып,
сот оның түрін, мөлшерін, режимін және мерзімді өтеуді есептеудің басталуын
дәл айқындауы керек.
Сот, егер осы қылмыс үшін адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру
мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ, ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігінде
көзделген жағдайларда айыптау үкімін адамды қылмыстық жауаптылықтан босата
отырып шығарылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 62-бабында белгіленген
алдын-ала қамаудың ережелерін ескере отырып, осы іс бойынша сотталушының
қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау
үкімін жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарылады. Егер оны
шығару кезінде сотталушы қайтыс болса, сот айыптау үкімін жазаны
тағайындамай шығарады.
12
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-
бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот істі тоқтатады немесе
тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімін қылмыстық жазаны өтеуді кейінге
қалдыра отырып шығарады.ҚР ҚІЖК-нің 379-бабына сәйкес үкімнің сипаттамалы-
дәлелді бөлігі келесі элементтерді қамтуға тиіс.
Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігі жасалған қылмыстық орны,
уақыты, оның жасалу тәсілі, кінә нысаны, қылмыстық себептері мен алдарын
белгілейді, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасын
қамтуы қажет. Қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес, айыптаудың түсіндірмесі
беріледі. Әрбір таңылған айыптауға қатысты жеке айыптау қорытындысы
беріледі. Қылмыстық әрекеттің барлық эпизодтары көрініс табуы керек. Егер
бірнеше соталушыға қатысты іс қаралса, онда әрбір қылмысқа қатысушының
әрекеті көрініс табатындай айыптау сипатталады.
Үкімде уақытымен орнын нақтылау әртүрлі болуы мүмкін және
біріншіден, сот пен оларды қалай нақты белгілегеніне, екіншіден, айыптау
сипатымен қолдағы бар дәлелдемелерге байланысты болады.Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінде белгілі бір қылмыс орны туралы
белгіленетін немесе болжамданатын сәйкесінше баптар бар, яғни осы қылмыстың
нақты орнын анықтауға оны саралау байланысты болады. Үкімде қылмыстық
әрекеттің қайда тоқталған орны көрсетілуі керек.Сотпен анықталған қылмыстың
жасалу уақыты нақты көрсетіледі.
Қылмыстың жасалу әдісін көрсетуде – сотталушымен нақты қандай
қылмыстық әрекеттің және қалай жасалғаны туралы белгілі бір қорытынды
жасауға, мүмкіндік беретін заңдық маңызды мән-жайлар немесе оның әрекетті
нақты қай жерде орын алды және қандай талаптар онымен орындалғаны
сипатталуы керек. ҚР Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарының
диспозицияларында әдіс арнайы қылмыс құрамының объективтік жағының қажетті
элементі ретінде немесе саралаушы белгісі ретінде қарастырылады. Ал, басқа
жағдайларда әдіске байланысты жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілік
дәрежесін бағалау өзгеруі мүмкін.
Сот іс мән-жайларын толық, объективті жан-жақты зерттелуін қамтамасыз
13
етуге міндетті. Айыптаумен сәйкес келмейтін дєлелдемелер туралы үкімде
көрсетілуі, айыптау басымдығының орын алғанын білдіреді. Жиі осы себепке
байланысты, жоғары тұрған соттар үкімді өзгертеді немесе күшін жояды. Сот
қорытындыларын негіздеу дәлелдемелердің жай ғана көрініс табуын немесе
дәлелдемелердің қайнар көзінің тізбесін көрсетуді білдірмейді, оларды
талдау керектігін білдіреді. Үкімдегі дәлелдемелерді талдау дегеніміз-
олардың нысанына байланысты болуын, бір-бірімен және айыпталушымен
келісімділігін, дәлелдемелерге қарама-қайшылықтың болмауын көрсетеді, ал
оны жоюға болмайтын қарама-қайшылықтар болғанда бағаның берілуін білдіреді.
Дәлелдемелердің қарама-қайшылығын бағалау критериі, дәлелдемелер жиынтығына
немесе дәлелдемелердің мәніне қатысты болуы мүмкін. Көбінесе
дәлелдемелердің дұрыстығы бағаланады. Үкімді шығару кезінде сот отырысында
қарастырылған, яғни үкімді шығару кезінде шешілетін мәселелер бойынша
соттың қорытындысын растайтын, сонымен қатар, осы қорытындыға қайшы келетін
барлық дәлелдемелер бағалануы керек. Сот заң талаптарына сәйкес үкімдегі
дәлелдемелер неге расталғанын, ал басқалары неге жоққа шығарылғаны жөнінде
көрсетіледі. Бірнеше сотталушыға қатысты іс бойынша немесе бірнеше қылмыс
жасағанына сотталушыны айыптайтын іс бойынша үкімде әрбір сотталушыға және
тағылған айыпқа қатысты дәлелдемелер талдануы тиіс.
Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді билігінің дәлелін талдау және
бағалау, тағылған айыптың әєлелденгені туралы қорытындысын қылмыстық
саралаумен, тағылған айыптың өзгеруімен, қылмыспен келтірілген материалдық
зиянның орнын толтырумен, сонымен қатар, сотталушыға жаза тағайындау
қажеттілігімен аяқталады.
Егер алдын ала тергеу органының таққан айыбы толық сотта расталса,
дәлелдемелер көрініс тапқаннан кейін қылмысты саралау туралы қорытынды
дәлелденеді. Егер тағылған айып өзгертілсе, үкімнің бұл билігінің көрініс
табу тәртібі екі түрлі сипатта болуы мүмкін. Тағылған айыптың өзгеру
жағдайында, сотпен дәлелденді деп танылған қылмысты саралау бойынша
қорытындыға қатыссыз болса, онда алдымен оны заңдық бағалаумен сотталушымен
жасаған
14
қылмысты жасағандығы сотталушының кінәсін негіздеуді логикалық аяқтап,
кейін тағылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz