Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


І. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру.құқықтық негіздері мен транзитті экономика жағдайындағы өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру.құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Экономиканы нарықтық реттеу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-
құқықтық негіздері мен транзитті экономика жағдайындағы өзекті мәселелер----
----------------------------------- ---------------4

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері-----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
------4
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы---------------------- -----
--6
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-
құқықтық негіздері ----------------------------------- ----------------------
9
1.4 Экономиканы нарықтық реттеу механизмі-------------------------- --------
---15

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
--------17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------18

КІРІСПЕ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі болжау мен
жоспарлау болып табылады, яғни олардың экономиканы басқаруда рөлі
жоғары. 90 – жылдардың басында мамандар Экономиканы жорспарлаудың
керегі жоқ, оның дамуын нарықтың өзі – ақ реттейді - деген қате пікір
айтты. Енді одан 5 – 6 жыл өткеннен кейін халық шаруашылығы саларының
даму барысын стратегиялық жағынан да болжау – жоспарлау керек екендігін
өмір дәлелдеп берді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды.
ҚР Министрлер Кабинеті Президиумының 1993 жылғы 28 желтоқсандағы отырыс
хаттамасында 1994 жылға арналған жоспар жобалары мен 1996-2000 жылдарға
арналған республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуының қажеттілігі атап
өтілді. Онда олардың шешілу барысын реттеу көбінесе қаржы – бюджеттік, ақша
– несие, салық баға, лицензиялық – кедендік, нарықтық және т.б. кеңінен
қолдану арқылы анықталады.
Экономиканы реттеу жөніндегі маңызды жалпы мемлекеттік шаралардың бірі
- өндіргіш күштерді орналастыру мәселесін де қамтитын құрылымдық –
инвестициялық саясатты жүзеге асыру болыып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол
қойылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін
жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы Жарлығына сәйкес жоғарында
аталған функцияны қайта құрылған экономика және сауда министрлігі
атқарады.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сферала-
ры мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.
І. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-
құқықтық негіздері мен транзитті экономика жағдайындағы өзекті мәселелер
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық
процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық
түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды сіздің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер)
өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған
арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді
ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты
қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен
қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізаты (әсіресе
оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай
шет қалатындығы әбден түсінікті.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеу нысанында жүргізіледі:
- Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын
қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап,
пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
- Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан
алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы
араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сферала-
ры мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу — бұл макроэко-номикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет
тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды
талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған
жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің
сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының
жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің
ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және
инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу
мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық
дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау
негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық,
кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік
реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік,
кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі,
кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық
реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:
мысалы, бюджетке — қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),
салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы
инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш.
Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық
салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен
санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі
және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау,
қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары,
кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың
нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл
реттеуіштер ақша (қолма-қол және колма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі,
валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп
мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктегі
ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі,
еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің шекті
деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды
орын берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық
белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен
рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша
қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық
салудағы әдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен
қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады:
валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық
төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді
сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп,
қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың
нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика
мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте,
өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет
етеді.

1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-
құқықтық негіздері
Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде
функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі
функциялары:
1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп,
басқару;
екінші — экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту;
үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты
процесс);
төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция — мемлекеттің негізгі міңдеттерінің бірі халықтың
әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты -
адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас
адамдарға, көп балалы жанүяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты
көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты —
адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың
жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті
мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Қаржы, ақша айналымы
Көлеңкелі экономика анықтамасы
Халықаралық көлік - экспедициялық қызметтің құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау (конституциялық аспект)
Пәндер