Ғимараттарды салу технологиялары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Қаңқасыз жүйелер . . . 6
Қаңқалы жүйелер . . . 6
Ғимараттардың орнықтылығы . . . 7
Көлемдік жобалау шешімі . . . 16
Сыртқы қабырғаның жылу техникалық есептері . . . 19
Қорытынды . . . 21
Кіріспе
Саулет өнері - бұл барша адамзат тарихы мен өмірдің бір бөлігі, ол есте жок ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді.
Архитектор гректің - «Архитектон» деген сөзінен алынған атау: алғашқы мән мағынасында іс жүзінде - әлдеқандай бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдірген. Гректің жазушылары «архитектон» сөзінің орнына кейде қазіргі құрылысшы - инженер сөзіне жақын «айкодиос» - «үй тұрғызушы» деген сөзді пайдаланады, ал Даль - архитектор деген терминге анықтама бергенде, архитектор «ғылым-құрылысшы», «суретші - құрылысшы» деп атайды.
Архитектура - бұл «пайда, беріктілік және сұлулық» заңымен материалдық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған, өмір сүруге қолайлы орта құру өнері. Ерте дүние адамдарын да қазіргі кезең адамдары сияқты ғимараттардың тұлғалық көлемімен олардың сұлулығы үлкен әсерге бөледі.
Сәулет өнерінің мақсаты - кеңістіктегі ортада адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым - құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырып, іске асыру.
Конструкция (құралма) және сәулеттік - көлемдік бейненің өзара байланысы барша сәулеттік даму кезеңінде өзіндік күрделі проблема болып келеді. Конструкция (таза техниалық құрылыс ретінде) тек нақты функционалдық және эстетикалық мақсаттарға сәйкес (пішіндес) қолданылғанда ғана белгілі бір сәулеттік шығармашылық элемент мағынасын білдіреді. Туындының материалдық кеңістік құрылым көрінісін құрастыруда конструктивті пішін нақты белгілі бір әсерлі әшекейлеумен ерекшеленеді, мұнсыз сәулеттік бейненің болуы ойға сыйымсыз.
Конструктивті пішіннің (форманың) пропорционалды, көлемдік - кеңістік және пластикалық бейнеленуі сәулеттік өнер композициясының ең бір күрделі түрі - құрылыстар мен ғимараттар тектоникасы ерекшеліктерін құрайды.
Туған еліміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына көп болмаса да өзінің сәулет және құрылыс салу өнерін ілем мойындайтындай дәрежеге көтеруге талпынып келеді, бұған еліміздің жаңа ордасы - Астана қаласының ұлттық нақышта басым жобаланған сәулеті мен құрылысы дәлел бола алады. Сәулет және құрылыс бөлімінде маманданып жүрген әрбір жастың болашақта осындай үлкен ғасыр құрылыстарын жобалауға және тұрғызуға өз үлесін білімдарлықпен қосуы қазіргі студенттік кезден басталады деп есептеймін.
Қазіргі заманғы сәулеттік - құрылыстық жоба ғылым мен техника жетістіктері мен отандық және шетелдік озат тәжірибелерді ескере отырып жүргізілуі қажет. Сондай - ақ қаралған жоба - жоғары өнімділіктегі қондырғыларды, өндірістік процестердің механизациялануы және автоматтандырылуы, құрылыстың индустриялы әдісін қолдану, ғимараттар мен имараттардың көлемдік жобалау және конструктивтік шешімдерін жетілдіруді ескеру есебіне бағытталған күрделі қаржыны игеру тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы керек.
- Әртүрлі көлемдерді біріктіру
- Ашық және жабық жазықтардың алмасуы;
Сәулет композициясының бір әдісі - масштаб.
Масштаб - бұл ғимараттардың өлшемдері емес, ол бізге ғимараттардың формасының шамасы жайлы және ортада тұрысын айтады. Аз қабатты ғимараттарда масштаб сызығы былай болады:
- Бірінші, екінші және үшінші қабаттардың жоспарлары М 1:100
- Көлденең қима М 1:100
- Құрылымдық бөлшектері, түйіндері М 1:20
Бұл талаптар негізінен бес топқа бөлінеді:
- Тағайындалу талаптары, яғни кез келген ғимарат өзінің тағайындалу мақсатына толық сәйкес болуға тиісті, яғни адам тұрмысы мен еңбегіне және өндірістік процестерді жүргізуге қажетті пайдалану сапасы болуы;
- Техникалық талаптар, яғни ғимарат берік, қатаң және тұрақты, ұзақ мерзімді болуы керек және адамдар мен құрылғыларды зиянды атмосфералық әсерлерден корғап, өрт-қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыруы керек;
- Сәулет-көркемдік талаптарға сәйкес ғимарат сырт келбеті эстетикалық талапқа сай болуы, яғни адамдардың психологиялық жағдайына жақсы әсер тигізетіндей болуы тиіс. Ол айналадағы құрылыстар мен органикалық байланыста болуы керек.
- Экономикалық талаптар - бұл ғимаратты салу кезіндегі экономикалық мақсатымен аз шығын жұмсай отырып барынша пайдалы аудан алуға ұмтылу.
- Табиғатты қорғау талаптары - бұл өндірістік аудандардағы жобаланатын және қайта құрылатын ғимараттар адамдардың еңбек ету және өмір сүруінің санитарлы-гигиеналық талаптарына жауап беру тиіс. Ауа және су бассейндерін ластамау керек және мүмкіндігі бойынша табиғи ландшафты сақтауы тиіс.
Ғимараттардың төзімділігінің үш түрі бар:
1-дәреже: > 100 жылдан артық
2-дәреже: > 50 жылдан кем емес
3-дәреже: > 20 жылдан кем емес
Ағаштан, металдан, металл-бетоннан, цементтен, плита, блок. Құрылыс материалдары және конструкциялары тұтыну дәрежесі бойынша 3 топқа бөлінеді:
а) жанбайтындар - от немесе жоғары температура әсерінен тұтанбайтындар, бықсымайды және қараймайды;
б) қиын жанатындар - от, жоғары температура әсерінен қиындықпен тұтынады, бықсиды және қараяды, бірақ от кезінен алыстаса бұл процестер тоқтайды;
в) жанатындар - от немесе жоғары температура әсерінен тез тұтынады және бықсып жана бастайды, от көзінен алыстағаннан кейін де бұл процестер жалғаса береді.
Конструкция сонымен қатар отқа төзімділік шегімен де (сағат өлшемінде) сипатталады.
Отқа төзімділік деп - конструкцияның беріктігін немесе орнықтылығын жоғалтқанға және қима бойымен өтпелі жарықшақ пайда болғанға дейінгі немесе конструкциясының от әсеріне қарсы жақ бетінің қызуы 200С-дан асқанға дейінгі от әсерлеріне қарсыласуын айтады. Отқа төзімділік дәрежесі бойынша ғимарат беске бөлінеді. 6-дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынып, сырты сыланған, ал 5-дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынып, сырты сыланбаған ғимараттар жатады. Сол себепті отқа төзімділігі 6 және 5 дәрежелі ғимараттардың қабат саны өртке қарсы талаптарға сай 2 қатардан аспауға тиісті.
Ғимараттардың негізгі өлшемдері:
а) ені (қалындығы) ;
б) ұзындығы (аралығы, қадамы)
в) биіктігі.
ҒКА - ғимараттардың конструктивтік элементтердің біріккен жүйесі болып табылады. Көтергіш конструкциялар беріктік, қатанық және орнықтылық талаптарына сәйкесті болуымен қатар, оларға өртке қарсы және қызмет көрсету мерзімінің ұзақтылығы да керек. Азаматтық ғимараттардың конструктивтік жүйесін ҒҚА-ның тік және көлденең элементтерінің орналасу сипаты анықтайды.
ҒҚА-ның 2 типі болады:
- Көтергіш қабырғалы (қаңқасыз жүйелер) ;
- Көтергіш қаңқалы (қаңқалы жүйелер) .
Қанқасыз жүйелер
- Жүк көтергіш қабырғалары бойлық орналасқан жүйелер;
- Жүк көтергіш қабырғалары көлденең орналасқан жүйелер;
- Жүк көтергіш қабырғалары бойлық және көлденең орналасқан аралас жүйелер.
Қаңқалы жүйелер
- Бойлық ригельді толық қаңқалы;
- Көлденең ригельді толық қаңқалы;
- Ригелі бір жағынан көтерме қабырғаға, екінші жағынан ұстынға сүйенген толық емес қаңқалы;
- Қаңқасы ригельсіз;
- Ригельсіз толық емес қаңқалы.
Қанқасыз ғимараттар - тұрғын, бала-бақша т. б. үйлерде қолданылады.
Қаңқалы - өндірістік ғимараттарда қолданылады.
Ригельді айқас орналасқан қаңқалар - құрылыс сейсмикалық аудандарда қолданылады.
Ригельсіз қаңқа - көп қабатты өндірістік ғимараттарда және азаиаттық ғимараттарда қолданылады.
ҒҚА мақсаты
- Әсер ету уақытының мерзімі бойынша барлық жүктемелер 2 топқа бөлінеді:
а) тұрақты
б) уақытша
- Жүктемелер сипаттамасы бойынша бөлінеді:
а) статикалық
б) динамикалық
- Берілу түрі бойынша:
а) шоғырлаеған, біркелкі;
б) тік бағытталған;
в) көлденең бағытталған.
Ғимараттардың орнықтылығы
Оның әсер етуші құбылыстарға кедергі жасау қабілеті және статикалық, динамикалық тепе-тендігінің сақталуы. Ғимараттардың кеңістіктегі қатандығы. Ғимараттардың геометриялық өзгермейтін пішінінің сақталу қабілеттілігі.
Қоғамдық құрылымның қайта құру ерекшеліктеріне байланысты және қоғамның кейбір жақтарының өмір сүру жағдайының өсуіне байланысты, жеке тұрғын үйдің, баспананың ең көркейген түрі қаланың ішінде күннен - күнге кең тарауда.
Соладың бірі ғимараттар. Олар өзара байланысты конструктиві элементтерден тұратын, жер бетіне салынған құрылыс. Ғимараттар өзінің функционалдық тағайындалуына байланысты екі негізгі топқа бөлінеді:
а) азаматтық ғимарат;
б) өндірістік ғимарат.
Азаматтақ ғимараттардың өзі екі топқа бөлінеді:
а) тұрғын үйлер;
б) қоғамдық ғимараттар.
Тұрғын үйлер құрылысы - адамдардың тұрақты немесе белгілі бір уақытқа өмір сүруіне арналған құрылыс. Тұрғын үй құрылысы бірнеше түрге бөлінеді:
а) пәтелік тұрғын үй;
ә) қонақ үй;
б) жатақхана және тағы басқалар.
Барлық ғимараттар бір-бірінен көлемдік - жобалау өзгешеліктеріне қарамастан санаулы элементтерден тұрады. Ғимараттардың негізгі конструктивтік элементтеріне іргетас, қаңқа қабырға, жабын, таса, жамылғы, баспалдақтар, есіктер, терезелер, т. б. тұрады.
Іргетастар - ғимараттан топыраққа жүктемелерді беруге және үлестіруге арналған ғимараттың төменгі бөлігі түрінде болады.
Қабыралар - бөлмелерді сыртқы кеңістіктен қоршайды (сыртқы қабырғалар) немесе оларды өзге бөлмелерден бөледі (ішкі қабырғалар) . Олардың өзінің салмағынан басқа ғимараттардың өзге бөліктерінен (аражабындар, төбелер, т. б. ) жүктемелер қабылдаса көтеруші қабырғалар, егер де олар ғимараттың барлық қабаттарының қабырғаларының өз салмағынан ғана жүктемені көтерсе, өзін-өзі көтеруші қабырғалар болып табылады.
Аражабындар - ғимаратты қабаттарға бөледі, олар арақабырғалар, құлар-жабдықтар, жиһаздар және адамдар массаларынан жүктемені қабылдайды да, қабырғаларға және тіреулерге береді. Шектес қабаттар арасында орналасқан аражабындар қабатаралықтар, жоғары қабат және шатырасты аралығы - шатырастылық, бірінші қабат және үй асты қабаты немесе еден асты аралығы - үйасты қабатүстілік деп аталады.
Жамылғы - ең жоғарғы су өткізбейтін қабықша .
Ғимарат элементтерін негізгі екі топқа бөлуге болады:
- көтерме конструкциялар: үй жабдындарынан, қар, жел, ғимарат ішіндегі адамдардың салмағынан болатын жүктемелерді қабылдайды;
- қоршаушы конструкциялар: бөлмелерді сыртқы атмосфералық жағдайдан қорғау үшін, сонымен қатар бөлмелерді бір-бірінен бөліп тұру қызметін атқарады. Сондай-ақ көтерме және қоршама конструкциялардың функциясын бір өзі атқаратын біріктірілген конструкциялар да кездеседі.
Ғимараттың беріктігі және орнықтылығы негіздікті дұрыс жабумен және іргетасты дұрыс шешумен тығыз байланысты. Негіздік пен іргетастың жобасы үшін - топырақтың геологиялық құрылымын және тасу қасиеттерін білу керек, сонымен қатар топырақтың қатуының терендігін, топырақ суының сипаты мен тәртібін зерттеп алу керек. Негіздік-іргетастың астында орналасатын, кернеу мен деформацияға ұшырайтын, ғимараттың бар жүктемесін өзіне қабылдайтын бөлік.
Ғимараттарды жасанды және табиғи негізде орнатады. Негіздеу келесі мақсат-талаптарды орындау керек: көтерме қабілеті, топырақ суларына төзімді болу керек, су қатқан кезде ісіндеу керек, су көп кезде топырақ өзінің көтерме қабілетін төмендетеді. Төтенше жағдайлар болмас үшін ҚМжЕ-дегі нормативті қысым 1-6кг/см 2 (0. 1 МПа) 1-2. 5 тереңдікте орнатылған.
Іргетас-құрылыстың негізгі жүк көтергіш арқауы болып табылады және де берік, тұрақты, ұзақ мерзімді, аязға төзімді, топырақты жер асты суларының әрекетіне төзімді, үнемді, индустриалды болуы керек. Іргетастың төменгі жазықтығын-табан дейміз. Табандардың деңгей тереңдігі топырақтың түріне, жер асты суының деңгейіне жердің тоңазу деңгейіне байланысты. Норма бойынша іргетас табанының деңгейі жердің тоңазу деңгейінен 20 см төмен алынады. Қатты іргетасты табиғи тастан немесе шойтасты бетоннан, бетоннан жасайды. Иілгіш іргетасты темірбетоннан жасайды. Конструктивті типтерге байланысты көптеген, бірнеше түрі бар. Соның бірі, яғни менің жұмысымдағы тізбекті құйылған түрі. Ғимараттың қабырғасының астына немесе бөлек тұрған тіреудің астына орналастырылады. Топырақ өзінің түрлеріне, олардың жүктеме әсеріне сәйкес жұмыс атқарады.
Топырақ түйіршіктерден және қуыстардан құралған жердің жоғарғы қалыңдығында жатқан геологиялық жыныс. Ол табиғи және жасанды болып бөлінеді. Ғимараттардың конструкциясында шөгу әсерлері қалыпсыз жағдай тудырмау үшін, іргетас табанынң топырақтағы кернеу және деформация өлшемдері шектеледі. Жалпы топырақ тасты, балшықты, ұсақ құмды, қиыршық тасты, сазды, сынық тасты, жерасты кеуекті болады.
Түйіршіктердің ірілігі 0. 5 мм-ден асса, яғни 50% болса- ірі құмды.
Қабырғалар-ғимараттардың тік конструкциялары.
Қабырғалар ғимаратта әр түрлі функцияларды атқарады. Көтерме қабырғалар белгілі бір орнықтылық пен беріктікке ие болуы керек. Қабырғалар сонымен қатар қоршаушы конструкцияда болғандықтан бөлмеде температура және ылғалдылықтың тұрақтылығын сақтау үшін жылу сақтағыш қасиеті және дыбыс өткізбейтін қасиеті болуы керек. Ғимараттың қолданылуына байланысты қабырғалар арнайы талаптарды: ұзақ мерзімді, отқа төзімділік сияқты талаптарды қанағаттандыруы керек. Қабырғаның құны түгел ғимараттың құнынан 14-18 %-ын құрайтын экономды болуы керек. Қабырғаларды сыртқы және ішкі қабырғаларға бөлуге болады. Сыртқы қабырғаның төменгі жердің үстіндегі бөлігін, яғни қабырғаны ылғалдан және әр түрлі қолйсыз механикалық бұзылудан сақтайтын бөлігін- цоколь деп атайды.
Ол ғимарат негізін құрай отырып, үлкен көлемді орнықтылық береді. Шатырдан ағатын судан және еріген судан қабырғаларды қорғау үшін бойлық профильді шығыңқы бөлігі-карниз орнатылады. Сыртқы қабырғаның парапетпен бітуі мүмкін, парапет сыртқы қабырғаның жалғасы бола алады. Бірақ, ол еңісті жабындарда судың ағысын қиындатады, сондықтан оларды қарапайым және жеңіл металл қоршаулармен алмастырады. Сыртқы қабырғаның ең жоғарғы бөлігі- парапет . Ол желдету шахталарын, трубаларды көрсетпеу үшін қолданылады. Парапет қалыңдығы қабырға қалыңдығынан кіші, кейде бірдей болады. Қабырғалар кейбір құрылыста жүк көтергіш конструкция ролін атқарса, кей жағдайда жүк көтермейді. Жүк көтермейтін қабырғалар қаңқалы ғимараттарда кездесуі мүмкін. Олар кірпіш ретінде орындалады. Қаланған кірпіш жабынның ригеліне немесежабынның кернеулеріне сүйенеді. Ірі аралықты бір қабатты ғимараттарда қорғауыш қабырғалар жүк көтергіш, яғни өз салмағын көтергіш, қаңқалы болады. Олардың өзі жылытылатын және жылытылмайтын болып бөлінеді. Жүк көтергіш қабырғалар қаңқасрыз ғимараттарда қолданылады, және бұл кірпіш, ірі блоктар, табиғи тастардан болады. Көтергіш қабырғалар өз салмағын іргетас аралығына береді, байланыстырғыш арқылы ұстындарға бекітіледі.
Жалпы қабырғалар тік және көлденен элементтерде болады. Көлденең қабырғалар ұстындарға бекітіледі, ал тік қабырғалар алдымен ригельдерге, ригельдер ұстындарға бекітіледі.
Аралық қабырға - ғимараттың есік немесе терезе ойықтарының арасында орналасатын бөлігі.
Маңдайша - аралық немесе арка түрінде келетін конструкциялық элемент. Ол өзінен жоғары жаткан қабырға салмағын қабылдап, оны аралық қабырғаға жберіп отырады.
Пилястр - қабырғаның тік жағынан жуандау келетін көлденең элементтер молынан сүйену үшін ішкі қабырғада қолданады.
Уақ элементтерден тұратын қабырғалар . Мұндай қабырғаларға керамикалық және силикаттық кірпіштер немесе тастар қолданылады. Қаланған кірпіштің өзара байланыстырылуы-тізбекті немесе көпқатарлы және құдық тәріздес болады.
Уак блоктардан салынған қабырғалар . Бұндай қабырғалар орташа қабатты үйлер салуға қолданылады. Оның еңбек өтімділігі уақ элементтерге қарағанда әлдеқайда жоғары, себебі блоктар көлемді болып келеді. Көбінесе 390x190x190, .
Блоктардың материалы табиғи тастар, әктас, ұлутас т. б. болуы мүмкін. Егер де блоктар кірпіш материалынан жасалған болса, олардың қалыңдығы жеңілдетілген қабырға қалыңдығына сәйкес 250, 380, 510, 640мм етіп алады.
Сыртқы қабырға блоктарын әдемі етіп сылайды, ал ішкі жағын сырлайды немесе түсқағазбен қаптайды. Ішкі қабырға блоктары екі жағынан да өңдеуге дайын болуы керек.
Ұсақ элементтерден тұратын қабырғалар. Мұндай қабырғаларға керамикалық және силикаттық кірпіштер немесе тастар қолданылады.
Қаланған кірпіштің өзара байланыстырылуы-тізбекті немесе көп қатарлы, ал кірпіштің қалану түрлері біртұтас, жеңілдетілген, құдық тәріздес болады.
Бөлме арлық қабырғаларға қойылатын талаптар:
А. Беріктік
Ә. үнемділік
Б. дыбыс өткізбеу қабілеті
Г. ылғал, бу, газ өткізбеу қабілеті.
Бөлме аралық қабырғалар - аты айтып тұрғандай бөлмелерді бөліп тұратын тік конструкциялар. Негізінен қабырғалар бөлме аралық қабырғалар және пәтер аралық қабырғалар болып бөлінеді.
Бөлмеаралық қабырғалар әр түрлі құрылыс орнына байланысты әрқалай болады. Жалпы бөлме аралық қабырғалар:ірі панельдерден, кірпіштерден, армокірпіштерден, блоктардан, ағаштардан, бетондардан, гипсобетонды плиталардан, гипсобетонды панельдерден жасалады. Ал бөлме аралық қабырғаларды панельді, қанқалы панельді, қаңқасыз түрлерге бөлінеді.
Тұрғын ғимараттарда ішкі қабырғаның ауданы еден ауданынан екі есе, қабырға ауданынан 2, 5есе көп, бүкіл ғимарат құнының 7-10%құрайды. Тасалар жабынға үлкен күш түсірмеуі үшін ауыр болмауы керек. Олар дыбыс өткізбеуі, өртке төзімді, мүмкіндігінше аз ғана қалындықты құрауы керек, себебі тасаның қалындығын 10мм-ге үлкейтсе, онда пәтердің ауданы 1%-ке кішірейеді.
Санитарлы-гигиеналы, эстетикалық талаптарға сай ішкі қабырға беті жылтыр, тазалауға оңай болуы, саңылау жарықтары болмауы керек. Бөлме аралық, пәтер аралық және сан түйіндерге арналған деп бөлінеді. Пәтер аралық тасалар бөлме аралық тасаларға қарағанда дыбыс өткізбейтін қасиеті жоғары болуы керек. Ас үйдің санитарлық түйіндерінің ішкі қабырғалары ылғалға төзімді болуы керек. Тасаның жасалған материалына байланысты гипсті, гипсбетонды, кірпішті, керамикалық саңылаулы, жеңілбетонды тастардан, ағаштан, ДВП және ДСП - дан бөлінеді.
Кірпішті ішкі қабырғаларды транспортты және көтерме механизмдер болмаған жағдайда, аз ғана жұмысты қажет ететін құрылысқа қолданады. Ішкі қабырғаларды кәдімгі немесе трепельді кірпіштен жоғары ылғалды және өртке төзімді жерлерде қолданады. Тұрақтылық, орнықтылық қасиетін көбейту үшін кірпіштің ширегінде тік және көлбеу етіп арматура салынады. Кемшілігі: еңбек шығыны ұсақ материалдан жасалған ішкі қабырғаларға қарағанда ірі панельді ішкі қабырғалардың шығыны 2. 5 есе аз болады.
Кірпіш тек біртектік емес, жылу техникалық қасиетіне байланысты қаланады. Менің жобам бойынша Алматы қаласында салынатын төрт пәтерлі тұрғын үй қабырғасы кірпіш, осы тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының қалыңдығын анықтау қажет. Ол үшін сыртқы көтергіш қабырғаның жылу техникалық есебін жүргіземіз де, қабырға қалыңдығын сол есептің қорытындысы бойынша анықтаймыз.
Төбе жабындары көтерме және қоршауыш қызметтерін атқарады. Шатыр жабындарының конструкциясында еден қарастырылмайды. Көтерме конструкциялар түрінде байланысты қабат аралық жабындар аралықты, аралықсыз болып бөлінеді. Қолданылатын материал түріне қарай төбе жабындар ағаш, болат, темірбетон және т. б. аралықсыз жасалған болып бөлінеді. Бұл қабырғалардың бойлық немесе көлденең орналасуына қарай жабын тақталарының ғимаратта орналасу реті анықталады. Төбе негізінен әр түрлі әсерлерден қорғау және жанға жәйлі микроклиматты қалыпты жағдайда ұстау, суықтан немесе қатты қызудан қорғауы қажет.
Көлбеулі шатырларға, физикалық және құрылыстық қасиеттеріне байланысты, әр түрлі төбе жабындары материалы қолданылады.
Қалыңдығы 0, 4 - 0, 5 мм болатын қарапайым қаңылтырды төбежабынды темірбетонды стропила болат немесе пістірілген детальмен біріктіріледі. Бірнеше тірекке орналастырылған темір стропилаларды ірілетілген блоктардан құрайды. Құрастырмалы -блокты тақтадан жасалған стропилла стропильдік қалқаннан, фермадан, бойлық стропилалық рамадан тұрады.
Тақтай төсемесіне жабылған төбежабын қағазы бірқабатты және екі қабатты болады. Бір қабаттық қарақағаздық төбежабынды тек уақытша үйлерде қолданады. Екі қабатты қарақағаз төбежабынның төменгі қабаты, дайындықсыз қарақағаз-тірегі, жоғары-ұсақтасты қорғайтын қарақағаздан тұрады. Сонымен қатар бірінші қабатты қарақағаз шегемөн бекітіледі, екінші қабатты мастик арқылы қарақағазға жапсырылады. Төбежабынның сыртқы қарақағазы лакпен боялады.
Едендер уақ элементтерден немесе орама материалдан, сондай - ақ бір тегіс құйылған түрде кездесуі мүмкін. Едендерге қойылатын басты талаптар:
- беріктік;
- аз жылу өткізгіштік, төзімділік;
- ылғалдылығы жоғары бөлмелерде су өткізбеушілігі;
- тұрғын үйлерде гигиеналық талаптарға сай болуы.
Еден конструкциясын құрайтын элементтер:
- Көтергіш жабын;
- Су өткізбейтін қабат;
- Тегістеуші қабат.
Су өткізбейтін қабат бір немесе екі қабат төселген қарақағаз түрінде келеді.
Тегістеуші қабат цементтен жасалған ерітінді (10 - 15 мм) тартпа түрінде берілген. Егер де еден құйылған күйінде қарастырылатын болса, ол еденнің астын ала қалыңдығы 10-15 мм болатын дейін қабат жүргізіледі. Оны көбіне ғимараттардың цокольді қабаттарында жүргізеді. Ал қабат аралық жабындарда бұл айтылған қабат қызметін тақтаның өзі атқарады. Едендерді жабынның үстіне немесе топырақ үстіне орнатады. Ең жоғарғы еден қабаты жамылғы немесе таза еден деп аталады. Ол тікелей пайдаланатын болады. Еден құны бүкіл азаматтық ғимараттың құнының 6-10%- ын құрайды. Кей жағдайда оның құны көтерме жабынның құнына жақын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz