АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Мазмұны:
Кіріспе 3
1. Жер кадастрінің теориялық негіздері 5
1.1 Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан
Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны 5
1.2 Қазақстан Республикасында жер кадастрының міндеттері және
сипаттамасы 11
1.3 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері 13
2. Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері 21
2.1. Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылдың
15 наурызына берілген Заңының мәтіні 21
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының шаруа фермер қожалығының жер
жағдайы және кадастрлық бағалау жолы 27
3.1. Шаруа фермер қожалығы жерінің жағдайы 27
3.1.1. Климаты 27
3.1.2. Топырақ жамылғысы 27
3.2. Шаруа (фермер) қожалығы жерлерін бағалау жолы 31
3.2.1. Кадастрлық бағалау әдістемесі 31
3.2.2. Ержан шаруа қожалығының жерін бағалау 32
Қортынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 37
Кіріспе
Шаруа (фермер) қожалықтары - өзінің жеке меншігіндегі немесе жалға
алынған мүлік пен жер учаскесі негізінде ауыл шаруашылығының өнімдерін
өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын дербес жан ұялық бірлестік.
Алғашқы шаруа қожалықтарын КОКП райкомдарының тапсырмасы бойынша
совхоз директорлары құрды.
Шаруа (фермер) қожалық секторының қалыптасуы едәуір тез жүрді. 2000
жылдан 2011 жылдар аралығындағы 10 жылда шаруа (фермер) қожалықтар саны
2480-нен 122425-ке дейін, яғни 50 есе, ал шаруа (фермер) қожалықтар жері
1,6 млн-нан 30,6 млн. га. дейін, яғни 19 есе өскен.
2011 жылы шаруа (фермер) қожалықтар үлесі ҚР-ның ауыл шаруашылыққа
арналған жер көлемінің 33,7 %, ал 2002 жылы 36,6 %-н құрады.
Қазақстан - ірі мемлекет, оның табиғи және экономикалық жағдайлары
әртүрлі. Сондықтан шаруа қожалықтарының дамуы да әркелкі қалыптасады. Кей
жерлерде олар көптеп шоғырланса, енді бір жерлерде сирек орналасқан, көлем
жағынан да әртүрлі, әртүрлі мамандандырылған, және т.б. Бүкіл Қазақстан 5
географиялық аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік, Батыс және
Шығыс.
Жериеленудің жалпы саны ішінен шаруа (фермер) кожалықтарының үлесі
Қазақстанның барлық аймақтарында басымырақ болып келеді және орта есеппен
алғанда Солтүстік Қазақстанда - 88%, Батыс Қазақстанда - 88%, Орталықта -
92%, Оңтүстікте - 93%, Шығыс Қазақстанда - 95% құрайды. Ал
ауылшаруашылығына арналған жер көлемі мен шаруа (фермер) қожалықтары көлемі
үлестерінің бір-бірінен айырмашылығы көбірек. Бұл көрсеткіш Солтүстік
Қазақстан бойынша - 24%, Батыс Қазақстанда - 27%, Орталықта - 60%, Оңтүстік
Қазақстанда - 14%, Шығыста 54%. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының
орташа көлемі мен Қазақстан аймақтарындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік
емес ауыл шаруашылығының орташа көлемі арасында да айырмашылық көп. Бұл
көрсеткіштердің шамасы: Солтүстік Қазақстанда - 422 және 9680 га, Батыста -
1130 және 20700 га, Орталық Қазақстанда - 1710 және 13000 га, Оңтүстікте -
78 және 6520, ал Шығыста - 451 және 7371 га.
Шаруа (фермер) қожалықтары бір-бірінен жер пайдалану мөлшерімен,
жерлердің құнарлығымен, ауыл шаруашылыққа тигізетін пайдасымен,
мамандандырылуымен, және т.б. мен ерекшеленеді.
Шаруа (фермер) Қожалығы ерікті негізінде құрылады және жер пайдалану құқығы
мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылды деп есептеледі.
Шаруа (фермер )қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл
шаруашылығының тең құқығы өндірістік бірлігі болып табылады
Шаруа (фермер )қожалығы өз қызметінің бағыты, өндірісінің құрлымы мен
көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-
ақ шаруашылық жүгізумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді.
Шауа (фермер )қжалығының мүлік орта бірлескен немесе ортақ үлестік
меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
Шаруа (фермер)қожалығы мүшелерінің меншігінде жер учаскесіндегі екпелер
шаруашылыққа арналған және өге де техника мен жабдықтар және қожалық үшін
оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемісі, өнім
мен табыс шаруа (фермер)қожалығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ
үлестік мүлік болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша
пайдаланылады.
Шаруа (фермер қожалығы) мүшелерінің мүлікті қатынастары азаматтық
және жер туралы заңдардың тиісті нормаларымен реттеледі.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі мен жер пайдалану құқығы заң немесе
өсиетхана бойынша азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен мұрағат алынады.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуді жалғастыратын мұрагерлер мұрағат алынған
мүлікке және жер пайдалану құқығын мұраға алынған кезде мемлекеттік баж
төлеуден босатылады.
1. Жер кадастрінің теориялық негіздері

Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер
туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер
кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс
және арнайы салық объектісіне айналды.
Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке
алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін
жүргізу қажеттілігі туындайды.
"Кадастр" сөзі латынның "capitastrum" деген сөзінен шыққан. Бұл сөз
"салық салынатын заттардың тізімі" деген ұғым береді. Осыған байланысты
әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр)
айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және
т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастрі –
жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық
салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу
және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлердің
басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер – өндіріс құралы
және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастр
әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол
ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол
қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі
қоғам өндірісінің әр түрлі сала қорында бірдей емес. Өңдеуші
өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны (еңбек жасалатын
орын) ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол
ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек қана
өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты
және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең
басты құралы болып табылады.
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен
ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму
барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа,
жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға
ауыстырыла алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол
орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр
орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға
болады.
4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл
шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің
өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен,
құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы
төмендемейді, керісінше – жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы
жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі – ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану
сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрінің мазмұнын, оны жүргізу
әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастріне
келесі әрекеттер тән:
➢ Жерлерді есепке алу;
➢ Жерлерді баяндау;
➢ Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері,
құрамы және сапасы анықталады.
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық
қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және
пайдалылығы анықталады.
Кадастрдің осы аталған әр әрекет – өзінше бір қатар техникалық
тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі
қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық
салу объектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді. Кадастрді
жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әр түрлі
қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл – жерлерді есепке алуға,
басқа жағдайда – жерлерді жаратылыс-тарихи немесе экономикалық баяндауға,
ал үшінші жағдайда – жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да
үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері
болып, жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде
жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елдің әр уақытта
жүргізілген жер кадастрлері бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы,
ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Кадастрдің барлық әрекеттері
бірден және бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі
даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, көптен кейін оларды бағалау
басталды.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана
бастағаннан (егіншілік пайда болғаңда) туындады. Егіншіліктің және мал
шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты (жыртылатын
жер, жайылым), яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі
қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың
қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуына және
қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына
көшуіне әкеліп тіреді.
Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, әр түрлі міндеттіліктерді
орындауға мәжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды.
Сондықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып, қайта
саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары
туралы мәліметтер көрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның
тиісті даму сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің
сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке
меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу
мәліметтердің қажеттілігі туындады.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның
мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт
өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу
құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің
шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезеңдері басыңда негізінен жер көлемдері туралы
мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық
күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алқаптарды
топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастрі мәліметтерін
тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай
олар топтарға (кластарға) бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә.
Олар кәзіргі дәуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және
топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер
кадастрінің болғандығын куәләндіреді.
Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдары
топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мәліметтер Ежелгі Греция, Египет,
Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі Римнің жер кадастрінде жер
учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын
өңдеу тәсілдері туралы мәліметтері баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде
дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың
жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары
туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған.
Батыс Еуропада Франция королі Ұлы Карл (768-814ж.ж.) ағылшын Эдуард I
(1272-1307ж.ж.) кездерінде олардың жерлерінен алынатын табыстарын
баяндайтын жер салықтарын, Фридрих II кезінде Сицилияда (1192-1250 ж.ж.),
сонымен қатар Калабрияда (1327 ж.), Дофине провинциясында жүргізілген жер
кадастрлерін айтуға болады.
Жер кадастрі арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайында
әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық
қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер
иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған.
Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік
аппаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен және басқа да мәселелерді
шешу үшін қаражат көбейтуге мәжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы
қатынастарының жойылуына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің
салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға
мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер
кадастрі қызметі қажет болды.
Капиталистік кұрылыс жағдайында жер кадастр күрделі шара ретінде
арнайы жер-кадастрлік қызметі арқылы жүзеге асырылады. Жер кадастрінің
қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан.
Сондықтан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша
айырылады.
Капиталистік мемлекеттерді жер кадастрімен қатар жерді заңды тіркеу
жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу
болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген.
Оның мәліметтерінің құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып
бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі – пайдаланатын жерлер
бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер
иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы
құжаттармен заңдастырылады. Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды
тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мемлекеттерде жер
кадастрі мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар.
Жер-кадастрлік материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен
қолданады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да қажеттіліктер
үшін (жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақтар
эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау) пайдаланылады. Жер
кадастрінің негізгі міндеті жер иелерінің алатын пайданың бөлігін
мемлекеттің алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала
берді. Бұл капиталист жер қатынастарының мәнімен есептеледі – әр елде және
әр уақытта жүргізілген жер кадастрлік жұмыстарының мазмұны мен
әдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы
мәліметтерді алу тән болған.
Жер кадастрі жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам
дамуының бір сатысында пайда болып, жетіле берді. Ең алдымен зерттеу,
есепке алу, бағалау, алқап түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру
әдістерін, тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану
арқасында жүйелі түрде жер кадастрлік ақпарат дәлдігі жоғарылады,
құжаттардың рәсімі, мазмұны жетілді.
Жер кадастрі арнайы дайындықты, білімді талап ететін
күрделі шараға айналды.
Кеңес кезеңінде Қазақстанда қолданған жер кадастрінің жүйесі КСРО
барлық республикасына ортақ болатын. Бұл жүйеде ең басты мақсат барлық жер
қорының иесі мемлекет мүддесін қорғау болып табылатын. Одақтың ыдырауымен
және республикалардың егемендік алуымен байланысты жер қатынастары да
түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасында басталған жер реформасы жерге
деген меншіктің көп түрлерін енгізуді, жерлердің кейбір санаттарын жеке
меншіктеуге көшуді көздеп отыр. Мұндағы ой, жерді жеке меншікке алған
азаматтар және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық өнімдерін алу және басқа да
мақсаттар үшін олар жерлерді тиімді пайдаланады.
Жер реформасы жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, жетілуде жаңа
заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын алуда. Мысалы, "Меншік
туралың", "Жер реформасы туралы", "Жер кодексі", "Шаруа қожалықтары",
заңдары қабылданып, өзгеріп жатыр. 1995 ж. желтоқсан айында қабылданған заң
күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" жарлығында жер
реформасының бірнеше жылдар тәжірибелері ескеріліп, жер қатынастарына
түбегейлі өзгерістер енгізілген,
Мысалы: жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу;
жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды
мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер
учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының
қалыптасуына құқықтық негіз салынып, жерге жылжымайтын мүлік статусы
берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін
болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке
беру; ипотекалық операциялар және т.б.
Мұндай түбегейлі жер қатынастарының өзгерістері, әрине, Қазақстан
Республикасында мемлекеттік жер кадастрінің жаңа жүйесінің қабылдануын
талап етті. Сондықтан, "Жер туралы" жарлығының 113, 114-баптарында жер
кадастрінің негізгі талаптары және жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары
келтірілген. Мемлекеттік жер кадастрі бюджеттік қаржы есебінен Қазақстан
Республикасының бір жүйесі бойынша жер қорларын басқару жөніндегі
мемлекеттік органдармен жүргізіледі. Оны жүргізу тәртібін
Үкімет белгілейді.
"Жер туралы" 113-бабына сәйкесті Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан
Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер
учаскелерінің орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық сипаты,
жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің бағалануы туралы
мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
"Жер туралы" жарлықта жерлерді тиімді пайдалануды, қорғауды
қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік жер
кадастры жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді
үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды, қорғауды мемлекеттік
бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемаларын және жер
ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың бағдарламаларын
әзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен
кәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер
учаскелерін орналасқан жерінде (карталарда) бөлу мен шекараларын
белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге құқық беретін құжаттар жасау;
- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жеке жер
пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру
жобаларын, сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа
да жобалар әзірлеу;
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау,
топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық, топырақтық,
геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың
жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру, жерлерді
пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де
функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің
жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді
анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау
мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік
құрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Заңдарының тиісінше
атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді
ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге
саяды.

сипаттамасы
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер
қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет.
Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу,
бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын,
болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу
керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын (соның ішінде,
әсіресе, жердің маңызы зор) есепке алу қажеттілігін есептейді.
Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану – халық шаруашылық маңызды
мәселе. Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді,
қоғамға керек ауылшаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлығын
сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер
кадастрын толық, қомақта жүргізу керек. Ұйымдастыру-шаруашылық қызметін
атқара отыра, мемлекет жер иесі және аумақтық басымдылық құқығын тұтқасы
ретінде бірыңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастріне ерекше
мемлекеттік мәнділік береді.
Кадастр мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері
мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес,
сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау
мақсатында, сондай-ақ, жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын
қорғауда қолданады. Сондықтан жер кадастры мәліметтерінің экономикалықпен
қатар, құқықтық та маңызы зор.
Кадастрлік мәліметтердің көп мәні жерлерді мемлекеттік және қоғамдық
қажеттіліктер үшін бөліп беруде аз емес. Халық шаруашылық, қоғамдық
мүдделер жағынан қарағанда осы мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл
шаруашылығында пайдалануға жарамсыз немесе аз жарамды, сондай-ақ
пайдалануға, иеленуге берілмеген жерлерден бөліп берген жөн. Сондықтан, осы
мәселелерді шешуде жер қорын пайдалану, үлестіру, оның нақтылы жай-күйі,
сондай-ақ ауыл шаруашылық алқаптардың өнімділігі туралы мәліметтердің
керектігі туындайды. Сөйтіп, бұл мәліметтер жерді бөліп берудің ең қолайлы
жолын негіздеу үшін қажет.
Мемлекет жерді кәсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға
пайдалануға, иеленуге беретіндіктен кадастрлік мәліметтер жерлердің
нысаналы, ұтымды пайдаланылуын, қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды
жүзеге асыру үшін керек.
Өндірістің дамуымен оның төңірегіне табиғи қордың шоғырлану үлесі
өсе береді де, сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық,
биологиялық процестердің өзара байланысы күшейе түседі. Өндіріс тек қана
материалдық игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта
экологиялық тепе-теңдігін сақтау тиіс. Осыған байланысты табиғат қорларын,
соның ішінде жер қорларын қорғау ең бір маңызды халық шаруашылық мәселе,
сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын
арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп
тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру
шаралары болып табылады. Бұл меселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының
сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.
Жекелеп салық салу мәселесі де жеке табиғи-экономикалық аймақтар бойынша
жердің сапасын есепке алу, бағалау керектігін талап етеді. Кадастрлік
мәліметтер жерлердің жай-күйін жақсарту, оларды пайдалану бойынша шараларды
жоспарлау үшін де керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру
бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына
қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық
шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластанудың, батпақтанудың
және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу
кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер
алқаптарының сапалық жай-күйін Жан-жақты зерттеу және есепке алуға
негізделеді.
Мысалы, алқаптардың бір түрінен екіншісіне аудару керектігін негіздеу
үшін олардың нақты жай-күйін білу қажет, сондай-ақ олардың аудандары,
кеңістік орналасуы, бедері, топырақтары, геоботаникалық құрамы, шаруашылық
пайдалану және т.б. туралы толық мәліметтер болуы қажет. Топырақтардың
құнарлығын төмендетпеу үшін, оларды қорғау мақсатында мемлекет жақсарту
жұмыстарын, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, суару, екпе орман салу,
эрозияға қарсы шараларды толық аумақта жүргізу үшін қаржы-қаражат
іздестіруге міндетті.
Жер кадастрының шаруашылық әрекетті талдау, ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының жерлерін нәтижелі пайдалануында көп маңызы бар.
Осыған байланысты ауыл шаруашылық алқаптардың жай-күйін және көлемдерін
ескеру, олардың өнімділігін салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру
нәтижелігіне қарасты, қажеттік пайда болады. Жер кадастры мәліметтерінің
жер салығын, жалпы төлем алу шығындарын өтеу сомасын белгілеуде маңызы өте
зор.
Сонымен, қазіргі уақытта жер кадастрының міндеттері кәдімгідей кең
және жауапкершілікті. Олар Қазақстан Республикасының жер қорларын ұтымды
және нәтижелі пайдалану мемлекеттің және барлық жер пайдаланушылардың
мүдделіктерін айқындайды. Бұл мемлекеттік жер кадастрының халық
шаруашылықтық маңызға ие екенін айғақтайды.
Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арналуы оның міндеттерін
және мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегінде,
қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкесті
тәртіпте жүргізуін, жеке әр жер учаскесінен бастап, жалпы мемлекеттік
дәрежеде болғанын қажет етеді. Мемлекетке есепке алудың бірыңғай жүйесін
ұйымдастыру мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының міндеті болғандығынан
сол органдар жер кадастрының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді.
Мемлекет жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық
бөліктерін және оны жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер кадастрлік
мәліметтердің, құжаттың мазмұнын, кадастрлық есептің рәсімін, жер
кадастрына жүргізілетін бақылау және кадастрлік жұмыстарды орындауды,
ұйымдастыруды белгілейді.
Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі
еліміздің барлық аймақтарына міндетті Мемлекеттік жер кадастрының объектісі
Казақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады.
Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын
беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс,
қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.
1.3 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
"Жер туралы" заңға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі
құрамдық бөліктерден тұрады – жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу,
топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау және жер учаскелерімен мәміле жасау.
Бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін
пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңда түрде
рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде
белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметгі жер учаскелерін мемлекеттік
тіркеуі өткізеді. Оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке
немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді.
Есепке алуда жер мөлшері, кеңістік орналасуы, сапалық жай күйі
пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр
нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскенің мөлшерлерін жазу негізін
қалайды. Мемлекеттің бос жерлері олардың орындары бойынша жеке орналасқан
жер массивтері ретінде есепке алынады.
Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен
қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Топырақтардың табиғи қасиеттері
бірдей болмайтындықтан, оларды салыстырмалы түрде бағалау қажет болады,
былай айтқанда топырақтарды бонитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу
жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы
ақпарат болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей,
экономикалық жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан жерді өндіріс құралы
ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда болады. Осы бағалаудың
мәліметтері тіркеу – есепке алу және бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді.
Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру
ізділігі осындай. Өз кезегінде, кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты
арналуы, мазмұны, белгілі әдістемелері, тәсілдері бар. Оның әр біреуі
белгілі жағдайда жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде назарды жер
тіркеуге, ал басқа уақытта – жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі
кезеңде оларды топырақтарды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау
мәліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындалатын жұмыс аумағына,
сипатына байланысты жер кадастры екі түрге бөлінеді: негізгі (бірінші),
күнделікті (келесі).
Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан,
облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы
мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы,
жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар,
материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрысталып талданады. Керек болса
толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып,
материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер кадастры
құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының мөлшерлері,
олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы
мағлұматтар алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру, зерттеу, жазу,
бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты.
Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа
қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен
кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады.
Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне, үлестіру, жерлердің сапалық
жай күйі және пайдалануы туралы өзгерістері мәліметтерін анықтап, жер
кадастрлік құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа жер учаскелері туралы
мәліметтерді жазу кіреді.
Жерді өз еркімен басып алу, беру, құнды алқаптарды құнсыз түрге
аудару сияқты әртүрлі заңсыз әрекеттер жер кадстрлік құжаттарға
түсірілмейді, оларды жою жөнінде шаралар қолданады. Сонымен, негізгі және
күнделікті қолданылатын кадастр де жер қоры туралы мәліметтерді жинаумен
шектелмейді, жердің пайдалануын дер кезінде бақылауға, мемлекеттік және
жеке меншікті қорғауға мүмкіндік береді. Осы екі кадастр арасында байланыс
бар. Негізгі кадастр жер толық сипатталған, күнделікті кадастр мәліметтерін
қолданады. Күнделікті кадастр алғашқыны жаңғартып, толықтырып, оның
мәліметтерін кәзіргі заман деңгейінде жүйелі ұстап отырады.
Жер кадастрлік құжат текстік және жоспарлы – картографиялық болып
бөлінеді. Текстік – кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар
түрінде болады. Жоспарлы-картографиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба
бейнелерін көрсетеді – жоспарлар, карталар, картограммалар. Жер кадастрінің
басқа есепке алу түрлерінен айрықшылығы – оның тек жоспарлы-картографиялық
негізде жүргізілуі. Кадастр үшін керек мәліметтер жоспарлы-картографиялық
материалдарда сызба түрінде көрсетілген. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу
автоматтандырылған жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерлерге
енгізіліп сақталады. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар
жасалынған. Картографиялық материалдар да компьютерлерге енгізіліп,
электрондық жоспар-карта түрінде шығарылады.
Кадастрлік құжат негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі құжат
рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын
басқару Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс
жасайды. ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі" туралы
қаулысы бойынша негізгі жер-кадастрлік құжаттарына мыналар жатады:
1) Жер учаскесінің жер-кадастрлік ісі.
2) Ауданның (қаланың) мемлекеттік жер-кадастрлік кітабі.
3) Жер-кадастрлік картасы.
Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде құжаттар жерлердің барлық
санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол
құжаттар ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік
құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-
картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында –жер
учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі
байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлік құжатта
негізгі жер кадастрлік құжатта бар материалдарға қосымшалар және
түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлік құжатты
толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру
және зерттеу, жоспарларды түзеу материалдары, түгендеу, жерді үйлестіру,
орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер кадастрының
кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың және
материалдардың, жұмыстардың түрлері:
Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер
учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі,
құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап
құралдарын, бөлінуі, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа
шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу, және есеп
беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді
бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық
субъектілері бойынша есепкеалуды жүргізу;
Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу,
жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық
геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;
Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік
техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың
барлық түрлерін бағдарламамен қамтасыз ету.
1-кесте-Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Мемлекеттік жер кадастры
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
Жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу (сан және сапалық), жерлерді
бағалау (топырақтарды бонитеттеу, жерлерді экономикалық және құндық
бағалау)
Кәзіргі жер кадастрына оның міндеттерінің күрделігі мен объектісінің
айрықшалығына себептелген көп қызметтігі тән. Сондықтан Қазақстан
Респубикасының мемлекеттік құрамын келесі өзара байланысты байламдарға
бөлуге болады құқықтық, қаржылық, көп қызметтік.
2-кесте-Казақстан Рспубликасының мемлекеттік жер кадастрының кұрамы және
мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры (байламдар)
Құқықтық Қаржылық Көп қызметтік
Құқық белгілеудегі Жерлерді бағалау; Жер учаскесін есепке
құжаттарды рәсімдеу; жербазалық аймақтау; алуды, есеп беруді
учаскелерін тіркеу; сату-сатып алу жүргізу; жерлерді
учаскенің жоспарларын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz