UPS ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І . Үздіксіз қоректендіру көзі

1. 1. UPS құрылғысы туралы жалпы түсініктер

1. 2. UPS құрылғысының негізгі сипаттамалары

1. 3. UPS құрылғысының түрлері

ІІ. UPS құрылғысымен жұмыс істеуді меңгерту

2. 1. UPS құрылғысымен жұмыс істеу

2. 2. UPS құрылғысы күтіміне қатысты нұсқаулар

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Адамзаттың жұмыс іс-әрекеттерді жүзеге асыруындағы кез-келген салада заманауи техникалық құрылғылар орын алып, күннен-күнге көптеген өндірістік және ғылыми операцияларды электронды машиналар көмегімен атқарып отырғанына күнделікті өмірде көзіміз жетуде. Осы орайда есептеуіш машиналар жұмысының негізгі принциптерін тереңірек зерттеп, оның басты деген элементтерін айқындап, олардың құрылымын, ерекшеліктерін, жұмыс принциптерін қарастыруды ұйғардық.

Заманауи техника - компьютерге, сандық техникаға қосымша қоректендіру құрылғыларының түрлері пайда болды. Олардың көмегімен есептеуіш техниканың электр желісіндегі кернеуінің тұрақтылығын сақтауға болады. Бүгінгі күні UPS құрылғысымен кез-келген компьютердің қосымша құрылғысына айнала бастады. Олардың түрлері мен мүмкіндіктері әртүрлі, сондықтан оны таңдау үшін біраз сипаттамаларын білу қажет.

Мақсаты:

UPS құрылғысының құрылымын, оның қолданылуын, техникалық маңыздылығын зерттеу;

Міндеттері:

  • UPS құрылғысының түрлері туралы мәлімет жинақтау;
  • UPS құрылғысының негізгі сипаттамаларын анықтау;
  • UPS құрылғысының ерекшеліктерін талдау;
  • UPS құрылғысымен жұмыс істеу принциптерін айқындау;
  • UPS құрылғысы күтіміне қатысты нұсқауларды жинау;
  • « UPS құрылғысы » тақырыбындағы сабақ жоспарының үлгісін көрсету;

Болжамы:

Егер UPS құрылғысының теориялық және практикалық мәні айқындалған болса, онда бұл құрылғыны дербес компьютерге қосымша құрылғы ретінде пайдалану деңгейі арта түсер еді.

Зерттеу объектісі: UPS құрылғысы

Зерттеу әдістері:

Белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда сараптамалық, салыстырмалық, проблемалық, индукциялық, дедукциялық, практикалық, ақпаратты жинақтау және сұрыптау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

Ғылымға пайдасы:

UPS құрылғысының негізгі түрлері, құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері, технологиясы, ақпараттық процестегі орны мен маңызы теориялық тұрғыдан зерттеліп, олармен жұмыс істеуге үйрету әдістемесі жасалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні:

Компьютерді электр энергиясымен үздіксіз қоректендіру көзі болып табылатын құрылғы- UPS-пен жұмыс істеуге үйрету мақсатында осы тақырыпта сабақ жоспары жасақталды.

І. Үздіксіз қоректендіру көзі

1. 1. UPS құрылғысы туралы жалпы түсініктер

Үздіксіз қоректендіру көзі - источник бесперебойного питания (ИБП) - uninterruptible power supply (UPS) .

Қоректендіру блоктары электр желісіндегі үлкен өзгерістерді реттей алмайды. Бұл ішкі компонеттерге өте қауіпті, яғни істен шығуы мүмкін. Сондықтан компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу үшін үздіксіз қоректендіру көздері қолданылады (UPS) . UPS құрылғысының қызметі:

  • Электр желісіндегі кернеу кенеттен жойылған кезде ішкі құрылғылардың энергиясыз қалудан сақтайды. Кей жағдайда кернеудің төмендеуі өте қысқа уақыт аралығында өтеді. Тіпті шам сөніп те үлгермей қалады.
  • Желідегі кернеу мәнінің төмендеуінен сақтайды.
  • Желідегі кернеу мәнінің жоғарлауынан сақтайды.

Компьютер құрылғылары үшін UPS-тың маңызы зор. Микросхемалар, процессор, жад құрылғылары тұрақты кернеумен жұмыс істеуге арналған. Егер кернеудің мәнінде 10 мың рет өзгеріс болса, онда құрылғы істен шығады.

UPS құрылғысының негізгі сипаттамалары:

  • Қуат. UPS құрылғысы шығысында үлкен қуат береді. Ол құрылғының түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жақсы деп есептелінген UPS құрылғылары - 500Вт, 550Вт, 600Вт, 650Вт қуат береді.
  • Жұмыстық уақыт. UPS құрылғылары акмулятор есебінде жұмыс істей алады.

Қоректендіру блогы компьютерді электр энергиясымен толық қауіпсіз қамтамасыз ете алмайды. Яғни электр желісіндегі кернеудің, ток күшінің, қуаттың өзгерістерін толық реттей алмайды. Ал ішкі компоненттер қатаң тұрақты кернеулерменн жұмыс істеуге арналған. Кернеудің 1\100 өзгерісі ішкі құрылғыларға өте зиянды әсер етеді. Құрылғылардың істен шығуын тездетеді. Мұндай келеңсіз мәселені шешу үшін UPS құрылғысына жүгіну керек, яғни үздіксіз қоректендіру көзі.

Үздіксіз қоректендіру көзі батарея және көмекші схемада құралады. Желі жұмыс жасамай қалғанда, белгілі бір қысқа уақыт аралығында компьютерді қоректендіру - оның негізгі міндеті. Ол кідіріс кезінде компьютердің авариялық сөнуі және істелген жұмыстың сақталуын қамтамасыз етеді. Үздіксіз қоректендіру көздері бір-бірінен қуаттылығы және жұмыс істеу ұзақтығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, үздіксіз қоректендіру көздері компьютерді қуаттылықтың төмендеуінен, электрлік желідегі өзгерістерден сақтайды.

Көпшілік электр станциялары желіге жақсы тұрақтанған қуат береді. Бірақ электр станциясынан алшақ орналасқан желідегі қуатты бақылай алмайды. Электрлік қоректендірудің сапасы оның қуатын көптеген тұтынаушылар арасында бөлгеннің салдарынан нашарлайды.

Жарықтың сөнуі. Көптеген тұтынушылар үздіксіз қоректендіру көздерін жарықтың сөнуі кезінде алады, бірақ мұндай олқылық өте сирек кездеседі. Көп жағдайда жарық өте қысқа мерзімге сөнеді, бұл кернеудің төмендеуі деп аталады, бұл жағдайды тұтынушылардың байқамауы да мүмкін. Сапалы қоректендіру көздері компьютерді қоректендіруге берілетін қуаттың қысқа мерзімге тоқтауына қарамастан қоректендіруді үзбейді. Ал сапасы төмен қоректендіру көзі бар компьютерде мұндай үзіліс компьютердің тежелуіне әкеліп соғады. Үздіксіз негіздегі қоректендіру көздері осындай қолайсыздықтардың алдын алу үшін орнатылады.

Үзіліс. Желіде қуаттың азаюы бірнеше секундке немесе бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Кернеудің қысқа мерзім бойына төмендеуі үзіліс деп аталады. Бұл желіге үлкен жүктеме берілгеннен болады. Ұзақ мерзімді үзілістер әдетте электр станцияларындағы кернеудің азаюынан болады. Электр станциясы стандартты 220 В қуатты береді, ал үзіліс кезінде ол 200 В, тіпті 180 В қуат беруі мүмкін. Кернеудің осындай ауытқуы құрылғылардың зақымдануына әкеліп соғуы ықтимал, осы орайда үздіксіз қоректендіру көзі пайдаланылады.

Лақтырыс. Лақтырыс кезінде желіде (20-100%) кернеудің берлуі тұрақты үлестен күрт жоғарылайды. Лақтырыс желіге үлкен жүктеме берілу салдарынан туындап, 1-2 секундқа созылуы мүмкін. Кернеудің бұлай қысқа мерзімге күрт жоғарылауы жиі болып тұрады. Сапалы үздіксіз қоректендіру көзі лақтырыс құбылыстарының теріс салдарынан құрылғыларды сақтайды.

Айқындалу немесе импульстік кедергі - бұл кернеудің өте қысқа мерзімге бірақ күрт жоғарылауы. Оның себептері түрлі болады: найзағайдың желіні зақымдауынан, трансформатордың істен шығуынан болады. Кернеудің максимал мәні 5 В жетуі мүмкін болғанымен мұндай жағдай қысқа мерзімді болып, көп күш түсіре алмайды. Компьютердің қоректендіру көздері жүйені көптеген қуаттың өсуінен сақтайды. Сапалы қоректендіру көзі 500 В кернеуді басып, жұмыстың үзіліссіз атқарылуын қаматамасыз етеді. Тыс жағдайларды тек үздіксіз қоректендіру көзі көмекке келеді.

Электрлік зияндардан алынған зақымданулар жойылмайды, олар жиналып отырады. Компьютер бірнеше ақаулары бола тұра жұмыс жасай береді. Бірақ микросхемалар құрылымында көзге көрінбейтін ақаулар пайда болады. Осындай бірнеше жарқылдар салдарынан пайда болған зақымданулардан кейінгі бір жарқыл жүйенің жұмыс жасауын тоқтатады. Жақсы үздіксіз қоректендіру көзі мұндай олқылықтардың алдын алады.

1. 2. UPS құрылғысының негізгі сипаттамалары

UPS құрылғысының негізгі сипаттамаларын қарастырайық:

  • Максималды жүктеме. UPS түсірілген жүктеме вольт-ампермен өлшенеді, инвертордың мүмкіндігімен анықталады. UPS түрлі қуат мөлшерін өндіре алады: 300 Вт, 350 Вт, 400 Вт, 650 Вт. Егер UPS бірнеше құрылғыларды қосатын болса, онда оның өндіретін қуаты да жоғары болуы керек.
  • Жұмыс жасау мерзімі. UPS жұмыс жасау мерзімі көптеген факторлармен, соның ішінде батареяның жағдайымен, үрімен, оның амперсағат сыйымдылығыме, заряд деңгейімен, қоршаған орта температурасымен инвертор тиімділігімен және күштің қуаттылығымен анықталады.
  • Шығыс сигналдарының формасы. UPS кірісінде айнымалы 220 В кернеуді қабылдайды. Ал шығысында айнымалы бірақ тұрақтандырылған 220 В кернеуді береді. Сондай-ақ, UPS шығысында тұрақты төмендетілген кернеуді де бере алады.
  • Батареяның электр сыйымдылығы. UPS құрамындағы батареялар электр энергиясы өшіп қалған кезде компьютерді энергиямен қамтамасыз етеді. Олардың энергиямен қамтамасыз ету ұзақтықтары әртүрлі болып келеді. Ол батареяның электр сыйымдылығына байланысты. Батареялар компьютерді 10 минуттан бірнеше сағатқа дейін энергиямен қамтамасыз ете алады.
  • Батареяны ауыстыру мүмкіндігі. UPS ең жиі ауыстырылатын бөлшегі - батарея. UPS ұзақ мерзім қолдану нәтижесінде (2-3 жыл) оның батареясы істен шығады. Оны ауыстыру оңай көрінгенмен ол өте күрделі жұмыс. Жақсы UPS батареяны қолданушы өзі ауыстыра алатындай етіп жасалады.
  • Кепілдеме (гарантия) уақыты оның сапасының жақсы көрсеткіші болып табылады. Әдетте UPS екі жылдық кепілдеме беріледі, батареяға байланысты емес. Ал ең арзан бағалы UPS 90 күндік кепілдеме беріледі.
  • Икемдеу мүмкіндігі. Арзан UPS өз параметрлері икемделетін болады. Ол 190 В төмен кернеу берілгенде немесе 250 В жоғары кернеу берілген батареямен қректенуге көшуге қатаң икемделуі мүмкін. Ал жақсы UPS қолданушыға үрейлі дабыл беруге, ескерту жіберу кідірісін жасауға мүмкіндік береді.
  • Жағдайлар индикаторлары. Арзан UPS әдетте тек бір индикатор болады. Ол батареядан қоректенуге көшкенде жанады. Жақсы UPS тағы бірнеше индикаторлар болып, жағдайын толық көрсетеді: батареяның зарядының деңгейін көрсететін және батареяны ауыстыру керек болғанын көрсететін индикатор.
  • Шамадан тыс жүктеуден сақтау. Кез келген UPS қандай да болмасын шамадан тыс жүктемеден сақтанады. Арзан UPS ол ауыстырып-қосқыш арқылы іске асады, ол тек заводта ауыстырылады. Ал жақсы UPS құрылымына автоматты сөндіргіш кіреді, ол қайтадан түймені басу арқылы қосылады.
  • Разеткалар конфигурациясы. UPS шығысында разеткалардың формалары, пішіндері әртүрлі болып келеді. UPS бір-бірінен разеткалар санымен, оларды қолдану ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Арзан UPS разеткалар артқы бөлігінде орналасады және саны аз болады. Ал сапалы UPS қосымша разеткалар болуы мүмкін және олардың орналасуы қоладанушымен өзгертілетін болады.
  • Программалық басқару. Егер қолданушы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істемейтін болса, онда кейбір UPS (ең арзанынан басқалары) компьютерді электр энергиясынан автоматты түрде ажыратады.

1. 3. UPS құрылғысының түрлері

Барлық UPS үш ортақ компоненттер болады:

  • батарея, желінің жұмыс үзілісінде керек,
  • инвертор, батареяның тұрақты кернеуін ауыспалы кернеуге түрлендіреді;
  • зарядты қатар, батареяны зарядтайтын желінің ауыспалы кернеуін тұрақты кернеуге айналдырады.

UPS үш дәрежелі болады:

  • тізбекке қосылатын UPS, мұнда күш инверторға түседі, UPS қызмет атқарғанша зарядты қатар батареяны зарядтап отырады, ал жүйе батарея мен инвертор арқяля қоректендіріледі. Тізбекке қосылатын UPS екі артықшылығы болады. Компьютер әрқашан батареямен үзілуі кезінде UPS ауысу уақыт алмайды және компьютер электр желісімен байланыспағандықтан ол барлық кедергілерден алшақ болады. Бірақ мұндай ЭҚК кемшіліктері де бар: оның бағасы 30%, 100% жоғары болуы мүмкін және жүйе әрдайым батареямен қоректенгендіктен оның жұмыс жасау мерзімі қысқарады, ал UPS батареясы арзан тұрмайды;
  • желімен байланысқан UPS-ның біріншісінен айырмашылығы - күш негізінен желіге түседі. Желімен байланысқан UPS-ның басты белгісі инвертор тұрақты жұмыс жасайды, ал түсірілген күш желі екеуі арасына тең бөлінеді. Қалыпты жағдайда желі 99% кернеу, ал инвертор тек 10% береді. Кернеудің түсуінде инвертор қуаттылығы 10% дейін артуы мүмкін. Тек желінің толық жұмыс жасамауында инвертор 100% күшті өзіне алады. Желімен байланысқан UPS ауысу кезінде ешқандай кідіріс болмайды. Инвертор мен желі күшті өзара бөлісетіндіктен қоректендіру тоқтаға кезде инвертор 100% қуаттылыққа кіріседі. Желімен бацланысқан UPS компьютерді желіден толығымен алшақтатпайды, бірақ таза, тұрақты ауыспалы кернеу береді.
  • автономды UPS. Дербес компьютерге қосылатын UPS көпшілігі автономды. Оның басты белгісі - ауыстырып-қосқыштың болуы және инвертор жұмысындағы үзілістер. Желі жұмысы тоқтағандыкүш желіден тез айырылып, инверторға қосылады, ал ол батареядан қуатты береді. Басқаларға қарағанда автономды UPS арзан тұрады, себебі оның құрылымында арзан бағалы инвертор қолдануға болады. Автономды UPS бірнеше түрі болады:
  • стандартты резервті негіз
  • қоректендіргі резервті негіз
  • феррорезонанстық резервті негіз

Қазіргі кезде компьютер әлемі бұл Мегагерцтен Гигагерцке көбейтудің мақсатында. Бұл, әрине, дұрыс. Бірақ электрлік қоректендіруге де көңіл бөлу керек. Тұтынушы көбіне сапалы корпус алып, сонымен ғана қанағаттанады. Сапалы корпусы бар компьютер әрине жақсы, бірақ кейбір факторларға ең сапалы деген корпустар да төтеп бере алмайды. Мұндай жағдайда UPS қана көмектесе алады.

UPS ұзын сенімділік жібінің бір бөлшегі, ол сапалы қоректендіру блогынан, сенімді винчестерден, ойластырылған салқындату жүйесінен және тағы басқа бөлшектерде тұрады.

Үй компьютерлеріне UPS керек, бірақ міндетті емес. Ал офистік компьютерлер үшін бұл міндетті құрылғы.

UPS оның ішкі құрылымы мен жұмыс жасау түріне байланысты жіктеуге болады:

  • сызықты-интерактивті;
  • онлайн;
  • оффлайн.

Ең жақсысы - сызықты-интерактивті UPS, ол сапалы, бағасы да қымбат емес. Ал оффлайн UPS сапасы төменірек. Ең бағалысы және ең сенімдісі - олай UPS. Оымен ең маңызды аппаратураны қоректендіруге болады.

UPS қолданғанда бірнеше ережелерді сақтау керек. Ең бастысы - түсірілетін күшті анықтау керек, яғни қолданылатын күштің қуаты UPS қуатынан 30% төмен болу керек. Сондай-ақ максималды UPS қуатынан 70-80% артпау керек. UPS «жаттықтырып» тұру керек. Себебі бір жыл бойы күтумен ғана шектелген болса, ол қажет кезде дұрыс жұмыс жасамай қалуы мүмкін. Анда-санда болса да оны батареямен 5-10 минут жұмыс жасатып тұру керек, бұл аккумулятордың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. UPS дұрыс жерде тұруы керек, яғни тұрақты температурада және ылғал емес жерде жылу батареяларынан алшақ тұруы керек. Олардың барлығы UPS жұмыс жасау мерзімін қысқартады және жәндіктер техниканың қас жауы.

UPS кең тараған моделдерін шолып өтейік:

KING PRO-425 АР - бұл әлсіз UPS, көп күшті көтермейді, жұмыс жасау мерзімі де қысқа. Оны төмен қуатты офистік компьютерге қолдануға болады.

SVEN Power Pro 425 - ол, біріншіден, сәл жақсырақ, бірақ кемшіліктері де жоқ емес.

Powerman Back Pro400 Plus - бұл танымал UPS. Оның атына заты сай. Шығыс кернеуі тұрақты, қорғау жүйесі ең жақсының бірі. Кемшілігі: дизайны шамалы, пернесі кездейсоқ басудан қорғанбаған және сигналы сөндірілмейді.

ІІ. UPS құрылғысымен жұмыс істеуді меңгерту

2. 1. UPS құрылғысымен жұмыс істеу

Қоректендіру блогының қызметі желіден келетін электр энергиясын компьютердің жеке блоктарының тұтына алатын формасына түрлендіріп беру болып табылады. Қоректендіру блогы желіден келетін 220В, 50Гц айнымалы кернеуді тұрақты + 5В, + 12В кернеулерге түрлендіреді.

Қоректендіру блогы жүйелік блоктың құрамында орналасады және олардың сипаттамалары әр түрлі болып келеді. Қоректендіру блогының жұмысы ішкі компоненттерге әсер етеді.

Windows-тың жиі тұрып қалуын көптеген қолданушылар Microsoft компаниясының кемшілігі деп біледі, бірақ шын мәнінде бұл жағдайлар қоректендіру блогының қуатының аз мөлшерде болуына байланысты.

Егер сізге сенімді жүйе қажет болса, онда оны сапалы қоректендіру блогымен қамтамасыз ету қажет. Бұл онша сенімді емес жүйелік платаларды, процессорды және жадты тұрақты түрде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, ал арзан қоректендіру блоктары жақсы компаненттердің өзін де жұмысқа жарамсыз жасайды.

Қоректендіру блогының 7 форм-факторы бар. Оның бесеуі IBM конструкциясы үшін, екеуі Intel негізінде жасалған. Қазіргі жүйеде оның үш форм-факторы ғана қолданылады. Форм-факторлардың атауы жүйелік платалардың атауына сәйкес келеді. PC/XT, AT және LPX форм-факторларындағы қоректендіру блоктарын жүйелік платаға қосу үшін 6 контактілік жалғастырушылар қолданылады қазіргі кезде барлық компьютерлерде АТХ форм факторы қолданылады.

Цифрлық схемаларды (жүйелік палат, адаптерлер тақшасы, дискілі ақпарат сақтағыштардың логикалық тақшалары) қоректендіру үшін +5В, ал дискіқозғағыш және басқа да двигательдерді қоректендіру үшін +12В кернеу қолданылады. Бұл кернеулер бір қалыпты болған жағдайда компьютер сенімді жұмыс істейді.

Қоректендіру блогы тек қана қажетті кернеулерді шығарып бермейді, сонымен қатар, кернеудің компьютер қалыпты жұмыс істеуіне сәйкес келетіндігіне де бақылау жасап отырады. Барлық қоректендіру блоктарында сыртқа шығатын кернеуді алдын ала тексеріп отыратын құрал орнатылған. Кернеу нормаға сәйкес болғанда ғана жүйелік платаға Power Good (қалыпты қоректендіру) сигналы жіберіледі. Ол сигнал болмаса компьютер жұмыс істемейді.

Қоректендіру блогына артық жүктеме түскенде немесе ол қызып кеткен кезде шығыс кернеулері нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда компьютерде жұмыс істеуге болмайды. Одан қорғау тәсілін ІВМ фирмасы жасап шығарған. Бұл жағдайда Power Good сигналы компьютерді уақытша қолмен өшіруге мүмкіндік береді. Ауыстырып-қосқыш көмегімен Power Good линиясын ортақ өткізгішпен тұйықтасақ, тактілік сигналдар шығару және процессор жұмысы тоқталады. Өткізгіш ажыратылғанда компьютер сигнал беріп, Power Good-тың қалыпты жұмыс істеуі басталады. Бұл қызметті компьютердің алдыңғы панелінде орналасқан Reset батырмасы атқарады. Қоректендіру блогынан шығатын өткізгіштер арнайы вилкалар арқылы бөлінеді де, ондағы өткізгіштер түрлі-түсті болады.

Дискіқозғағыштарды қоректендіретін вилкалар өткізгіш түстеріне қарай төмендегідей кернеулер шығарады.

№:
Өткізгіштің түсі.: Өткізгіштің түсі.
Кернеуі.: Кернеуі.
№:

1.

2.

3.

4.

Өткізгіштің түсі.:

Сары.

Қара.

Қара.

Қызыл.

Кернеуі.:

+ 12 В.

Ортақ.

Ортақ.

+ 5.

Қазіргі кездегі қоректендіру блогының қуаты 250 Ватқа дейін жетеді. Ол мультимедиалық құрылғыларды да қоректендіруге мүмкіндік береді.

АТХ тақшасы жұмыс істейтін қоректендіру блогының ерекше қасиеті - ол бағдарламалық әдіспен компьютерді өшіруге мүмкіндік береді. АТХ тақшаларындағы қоректендіру ұяшығы стандартты Baby тақшасындағы ұяшығына сәйкес келмейді, сондықтан оларды бір-бірімен ауыстыру мүмкін емес. Қазіргі кездегі қоректендіру блогы 5В және 12В кернеумен қатар 3, 3В кернеу де бере алады.

2. 2. UPS құрылғысы күтіміне қатысты нұсқаулар

Компьютердің ұзақ уақыт жақсы, ақаусыз жұмыс жасауы үшін соған сәйкесті күтім көрсету керек. Қарапайым әдістерді қолдана отырып, оның жұмыстық қабілетін қамтамасыз етуге болады. Олай болмаған жағдайда, әртүрлі ақаулар шыға бастайды.

Адам үшін тағамдар қандай рол атқарса, электротехника өмірінде электр энергиясының ролы сондай қызмет атқарады. Компьютерде кернеуге сезімтал элементтер бар, сондықтан қалыпты электр энергиясы үшін барлық шарттарды жасау қажет. Ол үшін үздіксіз қоректендіру көзі мен розеткалар жиынтығы бар сүзгі қажет. Үздіксіз қоректендіру көздері немесе UPS компьютерді электр энергиясының өзгерісінен сақтандырып қана қоймай, кіріс кернеуін тұрақтандырып отырады. Сондай-ақ, аккумулятордың болуы жарық сөніп қалғанда компьютер дұрыс аяқтауға мүмкіндік береді.

Үздіксіз қоректендіру көзінің қуаты әртүрлі болады: 200-250 Вт-тан бастап ондаған киловатқа дейін. Ортаңғы деңгейдегі компьютерлер үшін 250-400 Вт қуат қажет.

Аккумулятор қорына ерекше көңіл бөлу керек. Оның компьютер, басқа да құрылғылар жұмысын дұрыс аяқтауына қажетті энергия қоры болуы қажет. Жаңа аккумуляторлар компьютер жұмысын 10-15 мин уақытқа дейін қамтамасыз ете алады.

Компьютерді жиі айырып-қоса бермеу керек. Бұл компьютердің қызмет ету уақытын қысқартады. Егер екі сағат уақыттай үзіліс жасайтын болсаңыз, оны қосулы күйінде қалдырған жөн болар.

Құрылғылардың қосылу ретінде естен шығармау керек. Алдымен, үздіксіз қоректендіру көзін, одан кейін, сыртқы құрылғыларды (принтер, сканер, модем және т. б. ), монитор, соңында жүйелік блокты қосу керек. Өшіру реті де кері бағытпен жүреді.

Компьютердің ұзақ қызмет етуіне сыртқы орта шарттарын сақтау да әсер етеді. Енді бұл шарттардың кейбіреулерін қарастырып кетелік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сигналдарды түрлендіру құрылғыларын жобалау
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Желілік топологияға шолу
Желілік операциялық жүйелердің түрлері және жұмыс жасау принциптері
Топология - компьютерлерді жергілікті желіге физикалық қосу тәсілі
Автоматтандырылған объектіні зерттеу
Компьютер құрылымдары
Бағдарламалық қамтаманы жобалау
Үздіксіз қоректендіру көздерінің қуат бойынша классификациясы
Электрондық және өлшеу техникасының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz