Микропроцессорлар және үзілулер


М а з м ұ н ы
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер . .
Қосымшалар . . .
15
16
17
КІРІСПЕ
Кез келген есепті шешу алдында бағдарлама жазу үшін программалау тілін таңдау мәселесі тұрады. Программалау тілдерінің әрқайсының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жалпы алғанда, кез келген программалау тілінде түрлі программаны жазуға болады. Мәселе программа жазу қолайлылығы және жазылған бағдарламаның есептеу жылдамдығы мен машинаның жадыда алатын орнында болып табылады.
Жоғарғы деңгейлі тілдерде есептеу жөне мәтіндермен жұмыс істейтін программалар жазу ыңғайлы. Бірақ олар жылдамдығы мен жадыда алатын орны жағынан алғанда онша тиімді болып шықпайды. Осының салдарынан жоғарғы денгейлі программалау тілдерінің бәрінде ассемблерде жазылған программалық жеке бөлшектерін (module) қолдану мүмкіндіктері ескерілген.
Есептеу машинасын керекті бағытта жұмыс істететін -машиналық тіл. Кейбір қолданушы оның бар екенін біле бермейді. Компьютермен жүмыс істеу кезінде қолданушы операциялық жүйелерді, жүйелік және қолданбалы программаларды, программалау жүйелерін және т. б. пайдаланады.
Қазіргі заманғы программалау технологияларын пайдалана отырып, бірде-бір код (соde) қатарын қолданбай-ақ программа жазуға болады. Бәрібір мұндай программа жұмыс істер алдында нақты микропроцессордың (microprocessor) машиналық тілінде компьютердің жадысына жазылып қойылады. Машиналық тіл белгілі бір компьютер сәулетінің (агсhіtecture) барлық егжей-тегжейін сипаттайды. Сондықтан программа есептеу машиналарының әрбір буынына жекеше болып келеді.
Компьютердің барлық мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану үшін машиналық тілдің рәміздік (sumbolic) аналогі (ассемблер тілі) қолданылады.
Ассемблер тілі - машиналық тілдің рәміздік сипаты. Ассемблер немесе жоғарғы деңгейлі тілде жазылған программаны машиналық тілге аудару үшін қолданатын программаға транслятор (translator) деп аталатын бағдарламалар қолданылады. Ассемблер тілінде жазылған программаның трансляторлары Turbo Assembler, Micro Assembler деп аталады. Turbo Assembler трансляторы tasm. exe файлына, ал Micro Assembler трансляторы masm. exe файлына жазылған.
Ассемблер тілінде жазылған бағдарламаларында үзілістер кеңінен қолданылады. Үзіліссіз бағдарламаның орындалуы мүмкін емес.
Курстық жұмыста үзілістер және олардың түрлері жайлы баяндалған және үзілістерге мысалдар келтірілген.
Қысқартылған сөздер:
- ЭЕМ-электрондық есептеу машинасы;
- ДК - дербес компьютер;
- АЛҚ - арифметикалық және логикалық құрылғы
- АЖ - ақпараттық жүйелер;
- МҚ - мәліметтер қоры;
- МҚБЖ - мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- БТ - бағарламалау тілі;
- БҚ - бағдарламалық қамтамасыздандыру;
- БҚҚТ - бағдарламалық қамтамасыздандыру құру технологиясы;
- ЖИ - жасанды интеллект;
- ЖИЖ - жасанды интеллект жүйелері;
- ЖДБТ - жоғарғы бағдарламалау тілі;
- ТДБТ - төменгі бағдарламалау тілі;
- МП - микропроцессор.
1. МИКРОПРОЦЕССОРЛАР
1. 1. Микропроцоссордың келіп шығу тарихы
ДК ұғымын INTEL фирмасы жаратқан МП негізінде құрылған ЭЕМ машиналарын түсінеміз.
Компьютер (computer) ағылшын сөзі болып, оны қазақ тіліне аударсақ есептеуіш құрылғысы деген мағынаны білдері. Есепту құрылғысы 1500 жыл алдын болған. Мысалы, 1642 жылы Блез Паскаль бірғана қосу амалын орындайтын есептеуіш құрылғысын - арифмометрді жаратты. 1673 жылы Блез Паскаль арифмометрі негізінде Гомфрид Вильгельм Лейбниц өзінің арифмометрін құрды. Бұл арифмометр төрт амалды орындады. 1675 жылдам бастап бұл арифмометр түрлі есептеулерде кең көлемде қолданыла бастады.
Арифмометрдің кемшіліктері: есептеу жылдамдығы жай, құрылғының көлемі үлкен және арифмометрде 5-10 адамдар жұмыс істеді. Бұл кемшіліктерді жою, сол заманның талабы болды. Өйткені арифмометрде күрделі есептеулерді жүргізу қиын, уақытты көп алды және арендалық ақшасы қымбат болды. Сондықтан сол кездегі ғалымдар көлемі кіші, есептеу жылдамдығы жоғыры болған есептеуіш құрылғыны құруды мәселесін алдыңғы орынға қойды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында ағлшын математигі Чарьз Бэббидж универсиалды есептеуіш құрылғысын құрмақшы болды. Бұл машинаны аналиктикалық машина деп, ал есептеу жұмыстарын адамның қатысуынсыз орындауы керек болды.
Берілгендер перфокарта көмегімен енгізілді. Бэббидж аналитикалық машинасын соңына дейін жеткізе алмады. Өйткені сол заман техникалық мүмкіндіктерге жауап бермеді. 1943 жылы америкалық Говард Эйкен Бэббидж идеясы негізінде (ХХ ғасыр) электромеханикалық релені IBM фирманың бір өнеркәсібінде жаратты. Электромеханикалық реле негізінде құрылған машинаны 1941 жылы Г. Эйкен Марк -1 деп атады. Г. Эйкеннен алдын осыған ұқсас машинаны неміс инженері Конрад Цузе құрды. Сол уақыттары есептеулерді автоматтандыруға (әскери қажеттілік, баллистика, криптография) қажеттілік өте жоғарғы болды. Эйкен Цузе түріндегі машиналарды құруда бірнеше топ ғалымдар жұмыс істеді.
1943 жылдан бастап Джон Мочли және Прескере Экерт (АҚШ) жетекшілігіндегі мамандар ұқсас машина құрды. Бұл машина электрондық лампада жұмыс істеді. Бұл машинаны ENIAC деп атады. ENIAC машинасы Марк-1 машинасынан мың есе жылдам істеді. ENIAC-тың кемшілігі программаның енгізу үшін бірнеше күндер (сағат) қажет болды. Бұл кемшілікті жою максатында Мочли, Экерт жаңа машинасын құрды. Бұл машинада программаны машина жадында сақтау мүмкін болды. 1945 жылы математик Джон Фон Нейман осы машина жайлы баяндама жариялады. Бұл баяндама бірнеше ғалымдарға жіберілді. Фон Нейман көпшілік ғалымдар ортасында әйгілі болды. Джон фон Нейман универсалды есептеуіш құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін баяндады.
орталық процессор
Сурет 1. Джон фон Нейман принципі
АЛҚ - арифметикалық және логикалық амалдарды орындаушы құрылғы. БҚ - программаның орындалу процестерін ұйымдастыру ОЖ (есте сақтау) программалармен берілгендерді сақтау құрылғысы.
СҚ - Ақпаратты енгізу - шығаруларды құрылғысы. Қазіргі уақыттағы компьютерлердің ерекшелігі АЛҚ мен БҚ-сы бір құрылғы болып біріктірілген-орталық процессор деп атайды.
1. 2. Микропроцессордың түрлері
Микропроцессор - компьютердің негізгі элементі болып есептелінеді. Бұл элемент бар жоғы бірнеше сантиметрлік электрондық схема. Бұл схема барлық есептеулер мен ақпараттарды өңдеу амалдарын орындайды. Микропроцессорлар жүзден астам амалдарды немесе секундына 100 миллион түрлі амалдарды орындау қабілетіне ие.
IBM PC компьютерлерінде Intel фирмасының микропроцессоры және соған сәйкес микропроцессорлар (AMD, Cyzix, IBM және т. б) қолданылады.
Егер компьютерлерде математикалық есептеулер орындау қажет болса, негізгі микропроцессорге математикалық сопроцессор қосылады. Сопроцессор негізінде микропроцессорге нақты сандар мен математикалық амалдар орындалуын қамтамасыз етеді. Микропроцессорлар 80486, Pentium бұл амалдарды сопроцессорсыз орындайды.
Жедел жад - компьютердің екінші негізгі элементі есептелінеді. Микропроцессор жедел жадқа программаларды өңдеу үшін берілгендерді және алынған нәтижелерді жазу үшін қажет. Жедел жад деп аталу себебі, ол жылдам істейді, берілгендерді жазу, оқу кезінде микропроцессорға күтіп қалуы қажет болмайды. Жедел жадта сақталған мәліметтер компьютер сөндірілгенге дейін сақталады.
Микропроцессорлардың сипаттамалары:
МП модел түрі Intel, AMO, Cyzix, IBM.
Тактикалық жиілік МГУ, ГПУ
Бірінші МП 1971 жылы құрылды. Ол 4 разрядты микрокалькуляторда қолданылды.
1971 жылы IBM компаниясы МП 8080 микропроцессор негізінде IBM PC 286 дербес комьютерін құрды. Оның ұяшығы 8 разрядты машиналық сөз болып, ал жедел жады 64 кб тең болды. Микропроцссордың орталық процессоры болды.
1976 жылы Apple комапаниясы өзінің бірінші микропроцссорын құрды. Бұл микропроцессор негізінде Apple дербес копьютері құрылды. Бұл компьютердің жедел жады, енгізу/шығару құрылғылары болды.
1978 жылы IBM компанясы 16 разрядты МП 8086 микропроцессорлы, жедел жады 1 Мб болған IBM PC дербес компьютерді құрды. Компьютерде 16 разрядты шина орнатылды.
1979 жылы Intel фирмасы микропроцессор МП 8088 құрды. Осы микропроцессор негізінде IBM компаниясы 16 разрядты және 8 разрядты шинасы және дисководы болған IBM PC дербес компьютерді құрды.
1983 жылдары МП 80186 қолданылмады, өйткені микропроцессордың жаңа моделі МП 80286 шыққан еді.
1984 жылы IBM компаниясы МП 80286 негізінде IBM PC AT (advanad technology) компьютерін құрды. Компьютер көп есепті режимде жұмыс істеді.
1987 ж i386
32 разрядты көп есепті режимде істеді.
1990 ж i486
1993 ж Pentium 64 разрядты.
1987 жылы IBM фирмасы IBM PC AT дербес компьютеріндегі техникалық кемшіліктерді жойып, IBM PC AT 386 дербес компьютерін, 1990 жылы IBM фирмасы IBM PC AT 486 дербес компьютерін шығарды.
1993 жылы Intel фирмасы 64 разрядты Pentium микропроцессорын құрды. IBM фирмасы Pentium микропроцессоры негізінде IBM PC Pentium дербес компьютерін шығарды.
2. ҮЗІЛІСТЕР
2. 1. DOS үзілістері
Үзіліс дегенде алдын ала дайынған стандартты процедураларға айтамыз. Бұл процедуралар операциялық жүйеге ішкі жазылып қойылады.
Жалпы үзілісті үш топқа бөлінеді:
- Аппараттық үзілістер;
- Бағдарламалық үзілістер;
- Логикалық үзілістер.
Ассемблерде бағдарламалық үзілістер қолданылады.
Ассемблер бағдарламаларында мәліметтерді клавиатурадан енгiзуде немесе дискке сақтауда үзіліс бағдарламалры қажет. Бағдармалық үзілістер екі топқа бөлінеді:
- DOS үзілістері;
2. BIOS үзілістері.
DOS үзілістері жазылу форматы:
Mov AH, <ҮФН>
INT <ҮН>,
мұндағы
AH - 1 байттық AX регистрінің үлкен бөлігі;
INT - Interput ағылышын сөзінің бірінші үш әріптері болып, үзіліс деген сағынаны білдіреді;
<ҮН> - үзіліс нөмірі;
<ҮФН> - үзіліс функциясының нөмірі.
Үзіліс нөмірі 21h болған функцияларды қарастырайық.
- mov ah, 1
int 21h
Клавиатурадан бір символды енгізеді. Енгізілген символ AL регистрінде сақталады.
- mov ah, 2
int 21h
Экранға бір символды шығарады. Шығару DL регстрінен орындалады. Егер шығаратын символ мәні ұлкен болса, DL регистрімен бірге DH регстрі пайдаланылады. Бұл регистрлер бір байттық регистрлер болып, DH регистрі DX регистрінің үлкен, ал DL регистрі DX регистрінің кіші бөліктері болып табылады.
- mov ah, 9
int 21h
Жолдар қатарын DX регистрден экранға шығарады. Шығарылатын жолдар DX регистр былайша жазылуы тиіс:
mov dx, offset <жад>,
мұндағы <жад> - жол жазылған айнымалы аты.
- mov ah, 4ch
int 21h
Бұл функция бағдарламаның жұмысын аяқтайды.
DOS үзілісіне ассемблер бағдарламалық мысалдар Қосымша 1 келтірілген.
Жалпы DOS үзілістер арифметикалық және логикалық есептеулерде, енгізу және шығаруларда, мәліметтерді оқу және сақтауда кеңінен қолданылады.
2. 2. BIOS үзілістері
DOS үзілістерінен ерекше BIOS үзілістері негізінен графикалық режимде жұмыс істеуде қолданылады. Мысалы, терезе салу, бағдарламада мәзірлерді құру, функция графиктерін шығару және т. б.
Экран, клавиатура және графикамен жұмыс істеуде BIOS-тың INT 1ØH үзілісі кеңінен қолданылады. Терезені сызу үшін терезе координаталарын білуіміз тиіс.
- жоғарғы сол бұрыш
80, 79 - жоғарғы оң бұрыш
12 39/40 - экран ортасы
24, 00 - төменгі сол бұрыш
24, 79 - төменгі оң бұрыш
MOV AH, Ø2; 45 позицияға жылжытуға сұраныс
MOV BH, 00; 00 экран
MOV DX, Ø5; Ø5 қатар
MOV DL, 12; 12 бағана
INT 10H
Экранды тазалау
MOV AX, Ø6 Ø Ø ØH ; AH Ø6 (айналдыру)
; AL Ø Ø (толық экран)
MOV BH, Ø7; атрибут
MOV CX, 000; жоғарғы сол позиция
MOV DX, 184 FH ; төменгі оң позиция
MOV AH, Ø9 MOV AH, Ø9
LEA DX, NAM MOV DX, OFFSET NAM
INT 21H INT 21H
CMP C, Ø8H
IB D3 Ø MOV AH, 0AH; файлды шығаруға сұраныс
CMP C, DH MOV DX, NAM; мәтін
IBE D4 Ø INT 21H
MOV AH, 40H; шығаруға сұраныс
MOV BX, 01
MOV CX, 20
LEA DX, NAM
INT 21H
Күрделiрек амалдарды жоғары деңгейлi DOS үзіліс INT 21H орындайды. Мысалы клавиатурадан енгiзуде, енгiзiлген мәліметтерді есептеуi, мәліметтердің ең үлкен немесе ең кіші санын тексеруi талап ете алады. DOS INT 21H үзіліс есептеулердi орындайды, ал BIOS үзілістері басқаруды автоматты алып бередi.
DOS үзілістері нақты әсерге арналған BIOS үзілістерге басқаруды ұзатады және өңдеудi жалғастырады. Содан соң үзiлген программаға басқаруды қайтарады.
BIOS үзілістері жиi кезедесетін енгiзулер немесе қорытындылаулар амалдарын орындауда қолданылады. Үзуістерді өңдеуге және INT командасын келесi программарға шығуға тиісті әсерлердi орындайды:
- стектiң көрсеткішін екіге азайтады және шеткі регистр стек төбесiне шығарады;
- TF флагтық регистрді тазалайды және IF флагтық регистрдің орындалуын қамтамасыз етеді;
- стектiң көрсеткішін екіге азайтады және стекке CS регистрлердi басқарады;
- стектiң көрсеткішін екіге азайтады және командалық көрсеткіштің мәнiн стекке орнатады;
- қажеттi амалдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
- регистрдiң мәнiн стек қалпына келтiредi және командаға үзiлген программаға басқаруды қайтарады.
Бұл процесс автоматты түрде толық орындалады. Тек қана стектiң сегментiн анықтау керек. Регистрлердің үлкен бөліктер мәндерiн дұрыс жазу жеткiлiктi.
BIOS үзілістің INT 10H және DOS үзілістің INT 21H функцияларын клавиатурадан енгiзулер және экранға шығарулардағы үзіліс командаларын қарастырамыз.
Экранды екі өлшемді кеңістік көрінісінде сипаттауға болады. Мысалы, кәдiмгi видеомонитордың 25 жолдары (нөмiрлері 0-24) мен 80 бағаналарын (нөмiрлері 0-79) қарастыайық.
Координаталар (бағана жол) болып енгізіледі.
- шi жоғарғы сол бұрыш
007900 - шi жоғарғы оң бұрыш
1239/400027/28-шi экранның орталығы
24001800-шi төменгi сол бұрыш
2479184F-шi төменгi оң бұрыш
Курсорды қажетті орынға қоюда, командаға BIOS үзілісінің INT 10H нөмірлі фукциясы жазылады. Экранды тазалау мысалын қарастырайық. 5-ншi жол және 12-ншi бағанаға курсорды қойу командасы:
MOV AH, 02 ; курсорды орнатуға сұраныс алу
MOV BHд, 00 ; 0 - экран
MOV DH, 05 ; 05-шi жол
MOV DL, 12 ; 12-шi бағана
INT 10H ; BIOS басқаруды тапсыру
AH регистрiндегi 02 мән BIOS үзілісін INT 10H курсорды орнату амалын орындайтын команданы көрсетедi. Жол және бағананың мәнi DX регистрiнде болуы керек. BH регистрiндегi мән экранның бетін көрсетеді. Сонымен бiрге жол және бағананы қойуда MOV командасын қолдануға болады:
MOV DX, 050CH ; 5-шi жол, 12-шi бағана
Экран тазалау
"Скролинг" сұранысы және командалары экран бетін айналдыруды орындайды. Экран облысын тазалау экранның кез келген позициясыннан басталуытиіс. Жол және бағана үшін бастапқы мән 07 BH регистрiне және 0600H мән AX, DX регистрлерiне жазылады. Экранды тазалау командаларының орындалуы:
MOV AX, 0600H ; (айналдыру ) AH 06
; (барлық эуран ) AL 00
MOV BH, 07 ; (қара/ақ ) дұрыс атрибут
MOV CX, ; Жоғарғы сол позиция
MOV DX, 184FH ; Төменгi оң позиция
INT 10H ; BIOS басқару тапсыру
06 AHның регистрiндегi мән экранды тазалау амалын INT 10H нөмірлі функциямен орындау команданы көрсетедi. Бұл командалар экранды тазалу амалдарын орындайды. Егер мән 184F тең болса, онда тазалау экранның басына қайта өтедi және мәселені кейбiр позицияларда екiншi рет толтырады. Бiр түстi перделер үшiн бұл командалар шақырылмайды, бiрақ кейбiр түрлi түстi мониторлар үшiн маңызды қателiк пайда болуы мүмкін.
BIOS үзілістерінің сервистері
Үзіліс сервистері деп, BIOS немес операциялық жүйе амалдар көрсеткішіне айтамыз.
INT инструкциясын алып болған соң, процессор стекке флагтар регистры мен қайту адресін (CS:IP) жазып қояды. Үзіліс векторлары кестесін
(IVT) үзіліс нөмірін анықтаймыз. Бұл амалдардың орындалуы процессор IRET командасын қабылдағанға дейін жалғасады. Процессор CS:IP адресіне қайтып оралады және барлық өзінің флагтарын бастапқы қалыпқа келтіреді.
Видео режимдер:
Int5 - PrintScreen клавишасы: экрандағы мәліметтерді принтер буферіне жазып қояды;
Int10-00 - Видеорежимді орнатады. Аргументтер: ah=00, al=режим. Режимдер 0-3 - 16 түрлі-түсті мәтін, режимдер 4-6 - 4 түрлі-түсті графика, режим 7 -монохромды мәтін, режимдер 8-18 видеокартаға байланысты, режимдер 19 - 256 түрлі-түсті графика;
Int10-01 - Курсор өлшемін орнатады. Аргументтер: ah=01, ch=бастапқы сызық, cl=соңғы сызық. Курсор бастапқы және соңғы сызықтар арасында болады, әр бір сызық биіктігі 1 пиксел.
Int10-02 - Курсор позициясын орнатады. Аргументтер: ah=02, bh= видеобеттер нөмері, dh=курсор қатары, dl=курсор бағанасы. Бастапқы (негізгі) видеобет = 0
Int10-03 - Курсор орнын және өлшемін есептейді. Аргументтер: ah=03, bh=видеобетнөмірі. Шығу: bh=видеобет нөмірі, ch=бастапқы сызық, cl=соңғы сызық, dh=курсора қатары, dl= курсора бағанасы.
Int10-05 - Активті видео бетті таңдау. Аргументтер: ah=05, al= бет нөмері. Бір ғана мәтіндік режим, үшін, бет нөмірі 0-7.
Int10-06 - Экранды жоғары айналдыру. Аргументтер: ah=06, al=айналатын сызықтар саны, bh= бос сызықтар үшін дисплея аттрибуттар, ch=жоғарғы сол терезе бұрыш үшін жолы, cl=жоғарғы сол терезе бұрышы үшін бағана, dh= төменгі оң терезе бұрышы үшін жол, dl= төменгі оң терезе бұрышы үшін бағана.
Int10-07 - Экранды төменге айналдыру. Аргументтер: ah=07, al=айналатын сызықтар саны, bh= бос сызықтар үшін дисплея аттрибуттар для пустых линий, ch= жоғарғы сол терезе бұрыш үшін жол, cl= жоғарғы сол терезе бұрышы үшін бағана, dh=төменгі оң терезе бұрышы үшін жол, dl= төменгі оң терезе бұрышы үшін бағана.
Int10-09 - Таңба және оның аттрибуттарын жазу. Аргументтер: ah=09, al= таңба ASCII коды, bh=видео бет нөмірі, lb=аттрибуттар байты, cx= экранға шығару үшін таңбалар саны.
Int10-0A - Таңбаны жазу. Аргументтер: ah=0A, al= таңба ASCII коды, bh= видео бет нөмірі, bl=түм, cx= экранға шығару үшін таңбалар саны.
Int10-0C - Нүктені сақтау (1 пиксел) . Аргументтер: ah=0C, al= пиксел мәні, cx=бағана, dx=қатар.
Int10-0D - Нүктені оқу (1 пиксел) . Аргументтер: ah=0D, cx=бағана, dx=қатар. Шығу: al= пиксел мәні, cx=бағана, dx=қатар.
Int10-0E - Арнайы символды шығару. Аргументтер: ah=0E, al= символдың ASCII коды, bh= видео бет нөмірі, bl= символдың түсі. Аранайы таңбалар және Backspace символадры қабылданады, қайту кареткасы(CR) және жолды өткізу (LF) .
Int10-0F - Информация о видеорежиме. Аргументы: ah=0F. Выход: ah=ширина экрана, al=режим отображения, bh=активная видеостраница.
Int10-13 - Жолды жазу. Аргументтер: ah=13, al=видеорежим, bh=видео бет нөмері, bl=жол аттрибуттары, cx=жол ұзындығы, dh=курсор жолы, dl=бағана курсоры, es=сегмент, bp=оффсет. Ескерту: ES:BP=жол адресі.
Жүйелік:
Int11 - Құрылғы статусы. Шығу: ax=статус, биттік құрылым.
Int12 - Жад өлшемі. Шығу: ax=1 кБ жад блоктары.
Int18 - Жүктелу процесс қателігі. Шақыру ROM Basic, егер оқу мүмкін болса.
Int19 - Компьютерді қайта қосу.
Int1B - Control-Break көрсеткіші. Ctrl-Brk клавишасын басумен шақырылады.
Дисктік:
Int13-00 - Дисктік контроллерді тастау. Кіру: ah=00, dl=дисковода нөмірі. Қателерді өңдеу үшін пайдаланылады.
Int13-01 - Иілгіш жиск статусы. Кіріс: ah=01, dl= дисковод нөмірі. Шығу: ah=Байт статусы, биттік структурада пайдаланылады.
Int13-02 - Секторларды оқу. Кіріс: ah=02, al=секторлар саны, es=сегмент, bx=оффсет, ch=жол, cl=сектор, dh=головның нөмірі, dl= дисковод нөмірі. Шығу: код. Ескерту: es:bx=қабылдау буфер адресі.
Ввод/Вывод:
Int21-01 - Эхомен символды енгізу. Кіру: ah=1. Шығу: al=символ.
Int21-02 -Символды шығару. Кіру: ah=2, dl=символ.
Int21-03 - Сыртқы кіру. Кіру: ah=3. Шығу: al=символ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ассемблер тілінің басқа жоғары деңгейлі тілден айырмашылықтары:
- ассемблер тілінің жеткізілуі мен машиналық командалардың арасындағы бірмәнді сәйкестік;
- машиналардағы барлық объектілер мен командаларға қатынау;
- бір тектес компьютерлердегі жұмыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz