Мектеп журналының электрондык түрі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ПРОГРАМАЛАУ ТІЛДЕРІ ПӘНІ, ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.11 Програмалау тілдері пәні, ерекшелігі
1.2Тексеру жұмысы, оны жүргізу әдістемесі
ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ БІР ЖОЛЫ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫН ҚҰРАСТЫРУ.
2.1Тест редакторы, тест редакторында тест құрастыру жолдары
2.2Тест сұрақтары, олардың жазылу реті
3. МЕКТЕП ЖУРНАЛЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫК ТҮРІ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ РЕТІНДЕ
3.1 Мектеп журналының электрондык түрі
3.2 Бақылау жұмысына даярлық және оны өткізу әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жиырма бірінші ғасырдың  басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен
сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да
ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының
негізгі алғышарты.
1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде
кешенді және нақты жұмыстар атқарылды.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік
технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, енді ақпараттық
технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында жұмыстар
жүргізілуде.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерлерді
оқыту құралы ретінде қолдану болып табылады. Бірақ, көптеген отандық,
ресейлік және шетелдік мамандар компьютерлерді және басқа да техникалық
оқыту құралдарын енгізу, қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін
өз деңгейінде пайдаланбай, эмпирикалық түрде жүргендігін, сол себепті де
оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтиже бермегендігін атап
көрсетті.
Оның себебін олар оқытуды компьютерлендірудің теориялық негіздерінің
жеткілікті мөлшерде жасалмағандығы деп біледі. Ғылыми түрде негізделген
және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдардың болмауынан, оқу-
тәрбиелеу процесінде компьютерлер өз мәнінде пайдаланылмайды.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық
ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың
тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері
жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық,
шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.
Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық
мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке
тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік
білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалімге қазіргі заман
технологияларын игеру мәселесіне көбіреке көңіл бөлуі қажет.
Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған
қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім
берудің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің
нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартында (2002 ж.) көрсетілген.

Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту
нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.
Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ісі математиканы оқытумен
де тығыз байланысты.

1. ПРОГРАМАЛАУ ТІЛДЕРІ ПӘНІ, ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Програмалау тілдері пәні, ерекшелігі

Қазіргі ақпараттандыру заманында жалпы білім беретін мектептердің
алдына оқушыларды компьютерлерді пайдалануға арналған білімдер және
біліктіліктермен қаруландыру мәселесі қойылып отыр. Бұл – компьютерлерді
мектептің негізгі пәндерін оқытуға қолдану мәселелерін зерттеуді талап
етеді. Бүгінгі таңда мектепте компьютер екі түрлі рөл атқарады, біріншісі –
оқып-үйрену объектісі, екіншісі – оқыту құралы. Оқып-үйрену объектісі
ретінде компьютер информатика сабақтарында қарастырылады. Компьютерлерді
қолданудың отандық, ресейлік және шетелдік мектептердегі тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, компьютер оқыту құралы ретінде информатиканы оқытуда
ғана артықшылықпен қолданылады, ал басқа пәндерді оқытуда тек эпизодтық
сипатқа ие болуда. Сондықтан, оқытуды ақпараттандыру мектептегі әрбір пәнді
оқыту әдістемесін өзгертуді ұсынады.
Ақпараттық-қатынастық технологияларды (АҚТ) білім беру процесіне
ендіру мәселелерін қазақстандық ғалымдар Б.Баймұханов, Г.Қ.Нұрғалиева,
С.Е.Чакликова, Е.Ы.Бидайбеков, Д.М.Жүсібалиева, Ж.А.Қараев,
Ш.Х.Құрманалина, Е.А.Набиев, Ж.К.Нұрбекова, С.С.Үсенов, А.І.Тәжіғұлова,
және т.б., ресейлік ғалымдар И.Е.Вострогнутов, Л.Герих, Б.С.Гершунский,
А.П.Ершов,А.А.Кузнецов, В.В.Лукин, Е.С.Полат, И.В.Роберт, И.И.Трубина және
т.б. зерттеген.
Еліміздің ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып-
үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық
құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын
қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін
бағдарламалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары,
электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар [Г.Қ.Нұрғалиева].
Арнайы өңделген компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы
компьютерлік технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы
графиканы, анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және
мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс.
Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының
өзара қатынасындағы дидактикалық және психологиялық талаптар мен
принциптерді ескеру керек. Өзін-өзі оқытуға арналған компьютерлік
бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей
немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық өзара әсердің
болуында. Сондықтан дербес және өзін-өзі оқытуға арналған бағдарламаларды
жасағанда сұхбаттың жалпы құрылымын ғана емес, оның тұжырымдарын,
тапсырмалардың, мәселелердің толықтығы мен дәлдігін, сұхбаттың басқа да
элементтерін өте тиянақты түрде құрастыру керек. Сол сияқты, басқа
техникалық оқыту құралдарына қарағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының
интерактивтілігі, яғни оқушының сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру
мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге, мәліметтерді
беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек.
Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай
оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар
қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың
жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың
ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп
үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.
Өзіміздің зерттеуімізде біз интерактивті тапсырмалардың компьютерлік
бағдарламасын жасау міндетін қойдық. Интерактивтіліктің түрін анықтау
негізінде О.Г.Смолянинованың еңбегіне сүйендік. Ол интерактивтіліктің үш
түрін қарастырады:

1. Реактивті интерактивтілік: оқушылар бағдарлама ұсынған
сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар реті белгілі бір ережеге
сүйеніп, өте қатаң түрде анықталады (оқытудың сызықтық моделі);
2. Іс-әрекетті интерактивтілік: оқушылар бағдарламаның жұмыс
істеуін өздері басқарады. Олар тапсырмаларды ұсынылған ретпен
орындауды не бағдарлама көлемінде өз бетінше іс-әрекет етуді
өздері шешеді (оқытудың сызықтық емес моделі). Сызықтық емес
модель қашықтан оқытуда тиімді болады;
3. Өзара интерактивтілік: оқушы мен бағдарлама бір-біріне
бейімделуге қабілетті (Басқарылатын ашықтық модель). Бұл
модель оқып-үйренушіге кездесетін әртүрлі кедергілерді жеңе
отырып зерттеу жүргізуге, жеке есептерді шешуге мүмкіндік
береді. Бұндай түрдегі бағдарламаларға жаттықтыратын және
практикумдық оқыту бағдарламалары және т.б. мысал бола алады.
Бұл модельдердің үшеуінде де оқушы және бағдарлама тарапынан бақылау
деңгейі әртүрлі. Реактивті деңгейде оқып-үйренушінің іс-әрекеті
бағдарламамен анықталады. Ал іс-әрекеттік, әсіресе, өзара деңгейлерде
басқару және қимыл-әрекет қолданушының өз еркінде.
Курсқа және ақпараттың мазмұнына әсер ету үшін интерактивтіліктің кең
мүмкіндіктері бар екендігі анықталды, олар: экрандағы объектілерді
тінтуірдің көмегімен басқару, айналдыру жолағының көмегімен экранда жылжу,
анықтамалықтың сұхбаттық қызметі, кері байланыс, құрылымдық өзара әрекет,
рефлексивті өзара әрекеттер.
Интерактивті компьютерлік бағдарламаларды жасағанда біз дидактикалық
принциптерді, сонымен қатар түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық
құралдарды жасау проблемаларымен айналысып жүрген көптеген ғалымдардың
[Ш.Х.Құрманалина, А.І.Тәжіғұлова, Ю.А.Винницкийдің т.б] еңбектерінде
қарастырылған принциптерді басшылыққа алдық. Атап айтсақ, олар:
– Қажетті мақсатқа лайықтылық принципі. Жасалатын компьютерлік
бағдарлама оқу процесінің тиімділігін арттыруы тиіс. Нақты оқу
курсында компьютерлік технологияларды әлдеқайда тиімді қолдануға
болатын аймақты анықтауға көп көңіл бөлу керек.
– Модульді пайдалану принципі. Жобалау кезеңінің өзінде
қолданылатын модульдерді анықтап, олардың сыныптық-сабақ
жүйесінде орындалу мүмкіндігін ескеріп компьютерлік
бағдарламалардың модульдігін қамтамасыз ету қажет. Мұғалім
педагогикалық сценарийді құрастыра отырып, оқу модульдарын
тапсырмалармен толтыра алуы керек. Бұндай мүмкіндік ашық
модульдік архитектура негізінде жүйелерді жобалау кезінде пайда
болады.
– Оқу сәйкестігі принципі. Оқытуға арналған компьютерлік
бағдарламаларды жасауда қолданылып жүрген оқулықтар мен оқу
бағдарламалары және оқушыларға қойылатын талаптар деңгейі
ескерілуі керек.
– Ұйымдастырылған эргономикалық принцип. Бұл принцип компьютерлік
бағдарламаларды қолданып өтетін сабақты ұйымдастыруға және жұмыс
барысында алынған нәтижелерді талдауға мұғалімнің аз уақыт
жұмсауы керектігін ұсынады;
– Ашықтық принципі. Қолданушы өзінің әдістемелік тәжірибесіне
байланысты толықтыра және өзгерте алатын ақпараттар,
тапсырмалар, жаттығулар және тест жүйесі болуы керектігін
білдіреді.
Зерттеу барысында аталған принциптермен қатар компьютерлік
бағдарламаларды жасауға қойылатын жалпы талаптар:
– компьютерлік бағдарламалардың мазмұнының жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі;
– компьютерлік бағдарламалардың мазмұны ұлттық дәстүр мен
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп жасалуы және оқушылардың оқу
материалын интерактивті режімде өз бетімен меңгеруіне бағытталған
болуы;
– оқу материалын бергенде ғылыми терминдерді оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес пайдалану және оқу материалының түсінікті, дәл,
әрі толық болуы;
– интерактивтіліктің кері байланыс арқылы жүзеге асуы ескерілуі
қажеттігі анықталды.
Сонымен қатар біз Г.Қ.Нұрғалиеваның, Е.Ы.Бидайбековтың, Б.Бөрібаевтың
және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі компьютерлік оқу құралдарына қойылған
талаптарға сүйендік, олар:
– берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін
жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық
ерекшеліктерін ескере отырып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді
жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы қажет;
– оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының,
сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке
сценарийін жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;
– даярланған бағдарламаның ашықтық деңгейін анықтау, яғни оны
пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу
жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі
болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер
қосу немесе оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т.с.с.
Оқу процесінде қолданылатын ашық интерактивті тапсырмалардың
компьютерлік бағдарламасын жасау – көп еңбекті және компьютерлік технология
аймағындағы қажетті білімді талап ететін ұзақ процесс болғандықтан, біз оны
жасаудың бірнеше кезеңдерін анықтадық (1-сурет).

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, компьютерлік бағдарламаларды
білім беру процесінде пайдалану тиімділігі оның әдістемелік тұрғыдан дұрыс
анықталғандығымен сипатталады деп айтуға болады.
Алдымен ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік
бағдарламаларының эксперименттік пакетін жасауда пайдаланылған өзіміз
құрған автоматтандырылған оқыту жүйесінің (АОЖ) негізгі сипаттамаларын
қарастырайық. АОЖ – бағдарламалауды білмейтін мұғалім оның көмегімен оқыту
курстарын, оларды кейінгі уақытта оқыту процесіне пайдалана алатындай етіп
жасауға арналған құрал. Аталған жүйе сұрақнамалар пакетінен тұрады.
Сұрақнама файлын іске қосқаннан кейін рұқсатсыз өзгертуден қорғау
мақсатында қолданушыдан құпия сөз талап етіледі. Құпия сөзді енгізу туралы
нұсқау мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықта берілген. Егер құпия сөз
дұрыс енгізілсе, Сұрақнама пакеті терезесі ашылады. Сұрақнама пакеті үш
сұрақнама редакторынан тұрады. Әр редактордың өзіндік ерекшелігі бар.
Сұрақнама редакторлары ашық интерактивті тапсырмалар мен ашық тест
сұрақтарын енгізуге арналған компьютерлік бағдарлама.
Редакторларда мұғалім келесі әрекеттерді орындайды: сұрақтың мәтінін,
дұрыс жауапты, жауаптар нұсқаларын және жауапқа деген әрекетті, яғни
көмекті енгізу, дұрыс жауап нөмірін немесе көрсеткішін енгізу (2 а, ә-
суреттер).


2а сурет – 2-режімнің
2 ә сурет – 2-режімнің
Сұрақ бөлімін толтыру
Кеңестер бөлімін толтыру

Информатика оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім
берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі
болып табылады.

Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту
саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді,
оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды,
ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін
қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми
көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын
әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін
шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

1.2 тексеру жұмысы, оны жүргізу әдәстемесі
Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың
ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында
информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру
мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны
дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық
құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық
құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып,
құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың
мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан
бастап үйрету де қарастырылуда.

Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын
бөліп алуға болады:
• ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;
• ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген
оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
• информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты
іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;
• әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің
мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология
мен компьютерлік техниканың ролі;
• оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және
ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
• мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық
технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.
Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:

• ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми әлемдік
бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда
ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның
дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика
мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);
• оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік,
әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);
• оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау
(компьютермен жұмыс жасау пригциптері, ақпаратты беру тәсілдері
және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық
технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету;
түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен
модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде
сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).

Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында
нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен
қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін
мектептерінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың міндеттері ҚР БжҒМ-нің
24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің
Информатика пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-
нің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген) негiзiнде жүзеге
асырылады.

Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында (7-9 сыныптарда)
информатиканы оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 102 сағат, оның
iшiнде:
7 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
8 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
9 сыныпта - аптасына 1сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.
Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі
бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің
жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті
бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген
(2002 ж.) және де онда 11-жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы
бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылдарында
бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе
жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.
Базистiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық
бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда
информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық
бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға
барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда информатикаға
және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау
курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра
алады.

7-9 сыныптарда информатиканы оқытуда 7-сыныпқа арналған Информатика
бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11.03.2003 ж. № 148
бұйрығымен бекітілген); 8-9-сыныптарға арналған Информатика бағдарламасы
- Алматы, 2004 (ҚР БжҒМ-нің 12.05.2004 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген)
пайдаланылатын болады.

1 ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығымен
бекітілген Информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар
қолданылады:

Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық
бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы..

Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытта
информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы.

Бағдарламаға ескерту. Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-
бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: 10-11 сыныптарда
информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа
есептелген.
2009-2010 оқу жылында білім беру ұйымдарына пайдалануға рұқсат
етілген оқулық басылымдарының тізбесі ҚР БжҒМ-нің 03.04.2009 ж. № 160
бұйрығымен бекітілген және оған сәйкес 7-9 сыныптарда келесі оқулықтармен
оқыту жалғасатын болады:
Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті
көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға
бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде
бөлінген 1 сағатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Информатикадағы жаңа технологияны қолдану
Ақпараттық модельдеу
Электрондық кестелер құрылымы
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Оны жобалау кезінде жасалып жатқан ақпараттық білім беру ортасы компоненттерін университеттің білім беру
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Криптографиялық жүйе
Пәндер